Жылқыны азықтандырудың негізгі көрсеткіштері



Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетіле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті – қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда.
Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады [1] .
Мақсаты:Бұл курстық жұмыстың мақсаты азықтандырудың негізгі көрсеткіштері туралы ұғымды білу,азықтандыру мөлшері мен мәзірі,азықтандырудың түрлері және т.б.Азықтарды тиімді пайдалану арқылы,олардың денсаулығы және тұқым беру қабілеттілігін сақтай отырып,жоғары өнім алу.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән маңызы да өзгереді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан жетіле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті-дәмді тағам. Осы қасиеттерін былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдалануы да оның маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізеді. Бұл салада өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын жасауға кеңінен пайдаланылады. Халықаралық көрмелерде де жылқвға деген талап-тілек артып отыр.
Еліміздің ерте кезден ақ Жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға бейімделген ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайлымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайлымдарға малдың басқа түріне қарағанда үірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардың алынатын өнімінің молаюы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдіруіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленнеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда.
Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта өркендейтін болады [1] .
Мақсаты:Бұл курстық жұмыстың мақсаты азықтандырудың негізгі көрсеткіштері туралы ұғымды білу,азықтандыру мөлшері мен мәзірі,азықтандырудың түрлері және т.б.Азықтарды тиімді пайдалану арқылы,олардың денсаулығы және тұқым беру қабілеттілігін сақтай отырып,жоғары өнім алу.
Міндеті:
* Азықтандырудың түрлерімен танысу;
* Мәзірлерді игеру;
* Азықтандыруды ұйымдастыруды және азықты беру тәсілдерін игеру;
* Азықтың қоректілігін және тиімділігін сынау;

I Әдебиетке шолу

0.1 Жылқының ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктері

Жылқының басқа малдан айырмашылығы - бұлшық еттерінің жұмыстары болып табылады. Ол қасиеті ас қорыту мен зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды-углеводты әрбір 3 сағат жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды.
Жылқылардың қарны бір камералы,күйіс қайыратын малдармен салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы ағзасына қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Қоректік заттардың қалған бөлігі ( 30 % -ға жуығы) басқа қажеттілікпен меншікті қозғалысының қажеттіне шығындалады. Жылқының тілі жақсы дамыған,сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара малдардың қарнына қарағанда жылқының қарны 7-8 есе кіші,ішектері қысқа. Жемді ,концентратты жақсы қорытады.
Жылқы азықты баппен өте ұқыпты,мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15-20 г. сабан ,топан,жемдерден (сұлы,арпа,кебек т.б.) шырынды азықтардан (сәбіз,қызылша,картоп,шөптер т.б.) жұта алады.
Жылқыға берілетін рацион құрамында құрғақ заттың 16%-ы клетчатканың үлесіне тиеді,егер клетчатка 16%-дан артық болса ,онда рациондағы алмасу энергиясы төмендейді.Жылқыда термен бірге көп мөлшерде тұз біртіндеп бөлінеді (хлорлы натрий - ас тұзы).Осындай кезде суытпаса организмінде қан плазмасының осмотикалық шоғырлануы көбейіп,жұмыс кезінде каппиляр қан тамырларының қозғалысын қиындатады да,жүректің бұлшық еттеріне күш түсіреді.

1.2 Жылқы азықтандыру мен сүрлеу нормасы, жемшөп режимі,техникасы

Жылқы - қарапайым қарынды мал. Жылқыны азықтандыру жеке қасиетіне,жаттығуына ,қозғалыс жылдамдығына, жұмыстың ұйымдастырылу тәсіліне,азық алмасуына ,жұмыс кезіндегі дем алуына байланысты. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының сыйымдылығы небәрі 14-16 литр көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бәрін дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өңдеуден өткізетін мес қарыны болмағандықтан, жылқы жемшөпті ауыз қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азықтануға ұзағырақ уақыт жұмсайды.
Жұтылған азық қарынға сүйір бұрыштанып жалғасқан өңеш арқылы өтеді. Егерде қарынға енген азық қоректік заттарының жедел түрде ашуынан (брожение) көп көлемде ішек газдары пайда болса, олар қарын аумағын керіп жанай қосылған өңеш тесігін бекітеді де, өңеш арқылы кері ауыз қуысына кекіріліп шығуына жол бермейді. Кекіре алмаған жылқы қарны кернеп, қатты түйнеуінен (колики) ол тіпті өліп кетуі мүмкін. Жылқының желінетін жемшөп пен суарылар судың тазалығы мен сапасына аса сезімталдық, талғампаздықпен қарайтыны осындай морфи-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Эволюция бойында дамыған иіс сезгіштігінің арқасында жылқы бүлінген сапасыз жемшөпті жемейтін лайланып,ластанған суды ішпейтін текті жануар.
Қарын сөлі ферменттерінің әсерімен қорытыла бастаған азық қоректік заттары жылқы ішегінің күшті дамыған, химусының реакциясы сәл сілтілі айналмалы ( ободочная ) тоқ және аумақты ( сыйымдылығы 20-70 л)соқыр ішіндегі микробиологиялық өңдеуден өтеді.Соның нәтижесінде химус микробтық аминқышқылдары және витаминдерімен байытылады. Жылқы ішегі күйісті малдыкінен 2 - 2,5 есе қысқалығынан одан жылдамырақ өтетін химус қоректік заттары қысқа мерзімде қорытылып үлгеруі керек. Сондықтан атқаратын жұмысы ауырлап , азықтануға уақыты қысқарған сайын жылқы азығының энергиялық қуаттылығы арттырылып, желінген азық құрғақ затындағы жеңіл ыдырап, жылдам сіңірілетін қоректік заттардың шоғырлануы жоғарылай түсуі керек.
Жылқыға берілетін азықтар:жүгері(дәні,сүрлемі),қант қызылшасы, азықты бұршақ,арпа,сұлы ,пішен,жазғытұры бидай сабаны.Мініс жылқылары 100 кг салмаққа 12-15 км жылдамдықпен қозғалтын болса,әрбір шақырым жолға 0,0267 азықтық өлшем қажет етеді.Егер жай жүріспен қозғалытын болса,онда0,02 азықтық өлшем қажет етеді.Қондылығ нашар жылқы болатын болса,3-4 азықтық өлшемді,150г-ға дейін сіңрімді белоктық затты көбейтеді.
Жылқы 100 кг тірілей салмағына көп жылдық дәнді дақылдардан және аралса дала шөптерінен 2,4 кг беде -1,4-1,5 кг ,әр түрлі шөптерден 3-3,4 кг ,дәнді ,жусан ,сораңнан -3,2 кг қажет етеді.
Азықтандырудың бір күндік шегі - мөлшері сұлы,арпа,қара бидай,бидайдың қалдықтары -4 кг ,жүгері -7 кг,тары бұршақ ,кебек- 3 кг,күнжара -2 кг және шрот -2 кг.
Жылқыны күніне 4 рет азықтандырады:бірінші ірі азықты жеп таусықаннан кейін концентрат беріледі.
Қыс кезінде жылқыны 2-3 рет ,ал жазда 3-4 рет суарады.Қыс кезінде берілетін су 6 С0 - тан төмен болмауы тиіс.
Табиғит пен климатқа байланысты азықтандырудың 3 негізгі түрі бар.Бірінші түрі:пішен,жем,шырынды азықтар (сүрлем,картоп).Екінші түрі:пішен,сабан,жем және шырынды азықтарды(сүрлем,қант қызылшасы) пайдалану.Үшінші түрі:азықтандыруда жайылымды пайдалану,пішен мен жемді араластыра пайдалану.
Жылқы астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенің онша жаратпайды. Жылқының сүйікті азығы - сұлы дәні. Оны жылқыға шектемей жегенінше беруге болады. Басқа дәндерден жүгері мен арпаныжақсы жейді. Оларды бұршақ тұқымдастар пішенімен араластырып берген дұрыс. Ал ауыз қуысында нашар шайналып, қарында бөртіп, ұлғайып, ішті кептіру қаупін тудыратын қара бидай дәнін тек ұнтақтап, туралған сабанмен араластырып жегізуге болады. Жылқының ас қорытыуына бидай кебегі көмектеседі. 4-5л жылы суға ерітілген 1,5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен мен сабан кесіндісін бүркіп, жылқының ас қорытуының бұзылуынан туындайтын өлі тиюін (колики лошадей) тоқтату үшін жегізеді.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқаратын аттардың азықтандыруын атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырады. Сауылатын немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және салмақ қосуына жоғарлатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық қара жұмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен мерзіміне байланысты қоректендіреледі. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың энергиясы алдымен өз денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға жұмсалады.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін қатаң сақтау керек. Терлеген атты алдымен терін басқызып, суытып барып суарады. Уақытты ұтымды пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріптерін бастырғаннан кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі жемшөтің қалған бөлігін салып қояды [2] .

1.2 Көлік атын азықтандыру

Жылқылар негізінен шаруашылықта арбаға жегу,жер жырту,ерттеп міну,жүк арту сияқты дала жұмыстарын атқарады.Жылқы үшін қалыпты жұмыс тәртібі 8-10 сағат,дем алуына 2-3 сағат бөлінеді.Жұмыс жылқысының бір күндік жұмысы мына формуламен анықталады:
R=P*V*T
P-тарту күші;
V-қозғалыс жылдамдығы;
Т-уақыт (жұмысының ұзақтығы).
Жүк таситын жылқылардың әр 100кгметр атқарған механикалық жұмысына байланысты 100 кг тірі салмағына немесе 100 кгметр жұмысына әр мөлшерде азық өлшемі қажет.
Толық нормамен жүктегенде (жүк тарту үшін) жұмыс аттарының тірілей салмағының 12-16 пайызына тең,ал әр 100 кгкм жұмысқа 0,43 азық өлшемі жұмсалады.
50 % нормамен жүктегенде (жүк тарту үшін )жұмыс жылқыларының тірілей салмағының 6-8%-на тең ,әр 100 кгкм жұмысына 0,55 азық өлшемі жұмсалады.
25 % есебімен жүктегенде (жүк тарту үшін) аттардың тірілей салмағының 3-4 %-на тең ,әр 100 кгкм жұмысына 0,9 азық өлшемі жұмсалады,яғни жүгі азайған сайын (жүк тарту үшін) әр 100 кг км атқарған механикалық жұмысына азық өлшемі көбірек қажет болады.Салт мініп сағатына 12 км шапшаңдықпен жүргенде әрбір 100 кг тірілей салмағына және өткен 1 км жолына (100 кгкм) 0,03 азық өлшемі ,ал бос жүргенде -0,02 азық өлшемі қажет.
Жұмыс аттарына арналған нормалардың бірі О.Кельнер ұсынған норма (жеңіл ,орта, ауыр жұмыс атқаруына қарай бөлінеді).Жұмыс аттары күнделікті әр түрлі жұмысқа пайдаланылатындықтан ,олардың жұмысын килограмм-күш-метр өлшемімен өлшейді.
Жұмыс аттарына беретін ірі азықтардың мөлшері олардың жұмысының ауырлығына байланысты ,шамамен оларға әр 100 кг тірілей салмағына 1-3 кг ірі азық беріледі.
Шетел ғалымдары ауыр жұмысқа қолданылатын жұмыс жылқыларының әр 100 кг тірілей салмағына 0,6 кг-ға дейін ірі азықты азайтып ,оның есесіне жемді азықтарды көбейткенді мақұл көреді.Ірі азықтардың ішінде жылқының өте жақсы жейтіні шалғын пішені,сұлыбас,бидайық.Шамамен тәулігіне ат басына 3-4 кг - ға дейін қара бидай беруге болады.Жұмыс жылқыларының рационында өте сирек кездесетін азықтар - өнеркәсіп қалдықтарын (кептірілген жом,барда,жарма) әсіресе кептірілген жомды 3-кг-нан артық беруге болмайды.тәулігіне әрбір басқа 0,8-1,5 кг көлемінде сірне береді.
Жұмыс жылқысының ауыр жұмысына:жер жырту,жүк тасымалдау жұмысы, тамыр жемістілерді ,орман ағаштарын тасымалдау жатады.Орташа жұмысына:көкөніс қатарлары аралықтарын өңдеу,орақ тарту.Жеңіл жұмысына:көң тасу ,су тасу т.б.жатады.
Жұмыс аттарының рационында әрбір 100 кг тірілей салмағына шаққанда жұмыстан бос уақытта 1,5-2 кг астық тұқымдастар пішенін,жеңіл жұмыстарға қолданғанда осының үстіне 0,3-0,7 кг жем қосылады.Орташа жұмыстарғам қолданғанда 1,5-2,5 кг пішен ,0,75 кг жем ,ауыр жұмыстарға қолданылатын аттарға 1,5-2,25 кг жем беріледі.
Сұлыны тістері жақсы аттарға бүтін күйінде беруге болады.Ал жанышталған сұлы берсе 6-10 %-ға дейін үнемді болады.Кебекті тәулігіне аз мөлшерде беретін болса құрғақтай,ал көп болса,ылғалдап не болмаса ботқа жасап береді.
Шаруашылықтағы жұмыс аттары- күніне 6-8 рет азықтандырады.Әр азықтандырғанда оларға 2-3 рет түрлі азық берген жөн,осындай тәртіппен азықтандырылған ат организмінде углевод алмасуы жақсарып ,жұмысына қажетті энргияның бөлінуіне байланысты басқа қоректі заттарды көп керек етпейді.Ал жұмыс кезінде күніне 3-4 рет азықтандырылғанда азық құрамындағы энергия жетіспей,ат организіміндегі тотығу процесіне денелерінің майлары көп мөлшерде қатысып,арықтап қалады.Жұмыс аттарын жұмысқа пайдаланардан кемінде бір сағат бұрын азықтандырған жөн.Жұмыстан келген аттарға әуелі пішен салып ,1,5-2 сағаттан кейін суарып,содан кейін жем береді.Танықпағана аттарды суаруға болмайды.
Әдетте жұмыс аттарына ірі азықтарды таңертең,жұмыс басталардан кемінде екі сағат бұрын кешке жұмыстан кейін береді.Түс кезінде дәнді азықтарды аздаған пішен турамасымен араластырып берген жөн.Жазғы уақытта жұмыс аттары 50 % -ға дейін қажетті қорек заттарын жайылым шөбімен қамтамасыз етеді,қалған 15-30 % -ын құнды жем, 30-40 %-ын ірі азықпен толтырады.
Жұмыс аттарының төзімді болып, атқаратын жұмысын қарқынды өндipyi үшін азықтандыруын тірілей салмағы мен жұмыс қарқынына тәуелі өзгерген нормаға сәйкестендіреді (1-кесте).
Келтірілген нормалар жұмысқа әбден үйренген, орта қоңды аттарға есептелген. Егер дұрыс пайдаланылмай, уақытылы азықтандырылмай ат арықтаса, бұл азықтандыру нормасы қосымша әр 1 а.ө.-де 90-100 г қорытылатын протеин бар 3-4 а.ө. ұлғайтылады. Жұмыс аттарының осы азықтандыру нормасында келтірілген қоректік заттарға мұқтаждығын атқаратын жұмыс ерекшелігін ескере отырып құрастырылған рацион азықтарымен қамтамасыз етеді. Атқартын жұмысы ауырлаған сайын рацион қуаттылығы мен құнарлылығы жоғарылатылады. Жылдамдықты қажет ететін, үнемі қимыл үстіндегі жұмыс аттарын тым тойындырмай, жеңіл қорытылатын аумағы шағым рационмен жиірек азықтандырып тұрған дұрыс.

1- кесте Көлік атын азықтандыру нормасы

Тірілей салмағы Кг.
Азық өлшемі
Қорытылатын протеин,г.
Кальций,г
Фосфор ,г.
Каротин,мг
Ас
Тұзы,
Г.
Жеңіл жұмыста
400
7,5
720
35
35
95
24
500
9,0
600
40
40
115
32
Орташа ауыр жұмыста
400
10,8
1210
50
50
135
32
500
13,0
1040
60
60
160
40
Ауыр жұмыста
400
13,7
1100
60
60
170
36
500
16,4
1310
75
75
200
45
Жұмыстан бос кезде
400
4,8
380
20
20
70
24
500
5,7
460
25
25
85
32

Жұмыс атының 100 кг тірілей салмағына шаққанда - 3-4 кг пішен мен сабан, 4-6 кг пішендеме, тамыртүйнектер не сапалы сүрлем, жұмыс ауырлығына сәйкес 1,5-2 кг құнарлы жем береді. Күніне 6ip басқа 10-12 кг картоп, 8-12 кг сәбіз, 10-15 кг сүрлем жеткізуге болады. Тәулігіне үш рет азықтандырылатын жұмыс аттарына алғашқы азықтандырғанда ipi жемшөп пен шырынды азықтың 6ip-6ip бөлігін жегізіп, жемнің 6ip бөлігін 6epeді де жұмыс атқартып, үзілісте шырынды азықтан кейін жемдеп, жұмыстан кейін ipi жемшөп салып қояды. Оларды тек терін басып, суытылғаннан кейін ғана, жем берер алдында суаруға болатындығын естен шығармайды. Суытылмаған жылқы суарылса колики деп аталатын өте қауіпті ауруларына (тышқан) шалдығады, ал жем жей салып суарғанда қарын сөлі сіңіп, бөктірілмеген жем түйіршіктepi бірден ішекке шайылып, жақсы қорытылмайды. Жұмыс аты тәулігіне - 20-25 л, ал ыстық күндері және ауыр жұмыста қатты терлегенде - 50- 60 л су iшедi [3] .

1.3.1 Тұқымдық айғырды азықтандыру

Тұқымдық айғырды жыл бойында орташа қондылықта болатындай деңгейде азықтандырып, үйірге түсерге дайындау және үйірге түскен кезеңінде,қолдан ұрықтандырғанда - ұрық алынатын кезеңде - азықтандыру деңгейі мен құнарлылығын күшейтіп, заводтық қоңдылыққа (кондицияға) жеткізеді. Желісті және салт мінic тұқымдары айғырларының азықтандыру нормасы 2-кестеде келтірілген.

2- кесте Тұқымдық айғырды азықтандыру нормасы
Тірілей салмағы
Кг
Азық өлшемі
Қорытылатын протеи,г
Кальций,г
Фосфор,г
Каротин,мг
Ас тұзы,г
Шағылыстыру қарсаңында және шағылыстыру кезінде
500
10,0
1300
60
50
350
30
550
11,0
1430
65
55
380
35
600
12,0
1560
70
60
420
46
Басқа кезде
500
8,0
40
50
30
120
30
550
8,7
45
55
35
130
35
600
9,6
50
60
40
145
40

Айғырды үйірге 3салғанда олардың рационына қаймағы алынған,алынбаған сүт,жаңа сойылған малдың қанын,қаннан жасалған ұнды қосқан пайдалы.
Азықтық сәбізді айғырларға күніне 2,6 кг-ға дейін,бидайдың кебегін 1,5-2 кг-ға дейін беруге болады.Қаймағы алынбаған және алынған сүтті күніне 5-10 кг-ға дейін ,жұмыртқаны қатты қабығымен 5-10 талдан аптасына (2-3 рет сұлы немесе кебек қоспасын қосып) азықтандыру қолайлы болады.Рационды әрбір 3-4 аптада өзгерту қажет.Күнжараны айғырларға бір күнге кішкене бөлшектелінілген түрінде бергенде 500-800 г-нан аспауы қажет.20-25 % беде немесе жоңышқадан дайындалған пішен берген де тиімді.Айғырларды күніне 3-4 рет азықтандырады .Сұлы және тағы басқа жемдерді екі мезгіл беру қажет.Таңертең және кешкіліктен су ішкен соң.Биеге қосылғаннан кейін жақсы жайылымдағы айғырларды күніне 4-6 кг жеммен және 12-16 кг пішенмен азықтандыру жеткілікті болады.
Тұқымдық айғырды семіртпеу үшін рациондағы жемді азайтып, жеңіл- желпі жұмысқа пайдаланып отыруға болады. Шағылысқа қатыспай жүрген айғырға азықты жұмысқа жегілген жылқыға тиісті норма бойынша береді. Шағылыстыру кезеңіне ұрық сапасын жетілдіріп үлгеру үшін шағылыстыру басталардан 2 ай бұрын айғырдың азықтандыру деңгейін күшейтіп, құнарлылығын арттырады. Дайындық кезеңіндегі әp6ip айғырдың күйі, қоңы, міңезі, яғни шағылысуға құштарлығын белгілейтін жыныстық потенциясын, ұрығының сапасын үнемі бақылап отырады.
Айғырларды ұстайтын алаңы жарық, еркін қозғалып жүретіндей кең болуға тиic. Айғыр денесін тазалап, күтіп бағу, берілетін азықтың жоғары сапалы және құнарлы болуын үнемі бақылайды. Айғыр потенциясына күн көзіндегі серуен мен жеңіл қорытылатын витаминді көк шалғын шөбі оң ықпал ететінің ecкepiп жаз айларында шағылысқа түсетін желіс және мінic тұқымды айғыр басына тәулігіне 20-25 кг көк балауса жегізіп, қыста 10-12 кг жақсы сакталған, яғни каротинді жасыл бұршақ-астық тұқымдастар пішенің, қантты энергия көзі ретінде - 5-6 кг қызылша мен сәбіз береді. Құнарлы жемнен айғыр потенциясына ықпал ететін - сұлы дәні. Бірақ ұрық сапасын жақсарту үшін сұлыны бидай кебегi, арпа мен жүгері жармасы, күнжара мен шроттармен араластырып берген қосынды жақсартады. Айғырдың жыныстық қабілеттілін арттыру үшін шағылыс- тыру кезеңінде рационына сүт, шикі жұмыртқа қосады. Тұқымдық айғыр рационындағы азық құрамын әр 3-4 жеті сайын өзгерткен жөн. Дұрыс, құнарлы азықтандырумен қатар айғырдың жыныстық қабілеті мен қабілеттілігіне бағып-күту тәртібi мен лайықты пайдалану режимі де белгілі дәрежеде ықпал ететінің ескеру керек.

1.4 Биелерді (бойдақ,буаз,суалған,құлынды бие,баурында құлыны бар биелерді) азықтандыру

Биелер буаздығының бірінші күнінен бастап толық бағалы дұрыс азықтандыруға қойылуы тиіс.Буаз биелерді азықтандыру мен күту құлынның құрсақта өсуі мен жетілуіне елеулі әсер етеді.Буаз биенің әр 100 кг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқыны азықтандыру нормалары
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқы. Спорт жылқысын жайылымда күтіп бағу гигиенасы
Айғырды азықтандыру
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Мал қораның сызба өлшемі
«жұмыс аттарын азықтандыру»
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Құлынды азықтандыру
Жылқы гигиенасы
Пәндер