Қаржылық есептеме



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Қаржылық есептемені құрудың негіздері мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 ҚЕХС форматы және есеп пен есептілікке көшу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Қаржылық есептеменің түрлері мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.1 Қаржылық талдаудың ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Бухгалтерлік балансты талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.3 Қаржылық есептеменің басқа да түрлерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.1 Қаржылық есептеменің аудит жүргізудегі ақпараттық негізі ... ... ... ... ... ... 49
3.2 Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55
3.3 Ұйым мүліктерінің қалыптасу көздерін аудиттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
3.4 Қаржылық есептеме аудитін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
Нарықтық қатынастардың күрделі даму тұсында экономиканы және қаржы саласын тұрақтандыру және сауықтыруға байланысты түбегейлі және өзекті міндеттер шелілуде. Солардың бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Әлемдік қаржы нарықтарындағы және тұтастай алғанда әлемдік экономикадағы 2008 жылдың екінші жартысындағы қолайсыз жағдайлар экономиканы одан әрі дамыту жөнінде ең шешуші шаралар қабылдауды талап етіп отыр.
Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Тоқсаныншы жылдың басынан басталған ХХІ ғасырдың есігін ашқан, өрістеп өсіп келе жатқан нарықтық экономика мен халықаралық қатынастар көптеген жаңа бағыттағы экономикалық концепциялар мен ақпараттар жүйесін қазақстандық ұйымдардың шаруашылық өміріне енгізді.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық субьектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз бақылау жүйесі жақсарып келеді.
Қандай да болмасын жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын экономикалық үрдістің түпкі мақсаты – материалдық өндіріс пен халықтың сұранысы мен ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдер өндіріп, қызметтер көрсету болып табылады. Сапалы дәрежеде өнімдер өндіріп, қызметтер көрсетіп, мұның өзін үлкен бәсекелестік жағдайға келтіру үшін әртүрлі көздерден қаржы жұмсалады және жұмсалған қаржыны тиімді басқару қажеттігі туындайды. Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы қаржылық есеп пен есептілік (есеп беру) жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика ресурстың барлық, яғни материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-әрекеттің күтілетін нәтижесін, яғни табысты¬лығын қамтамасыз етуі тиіс.
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі қаржылық есеп пен есептіліктіктің ұйымдастырылуына жоғары мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес ұлттық есеп стандарттарының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Қаржылық есеп нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше маңызды орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдағы жоспарларлау үшін, сөйтіп, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
2. Абленов Д.О Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит. Алматы [Экономика] 2007ж. Оқу құралы.
3. Альмереков Н.А Шетелдік валюталық қаржылық ағыстар қозғалысы және оның коньюктурасы // Қаз ҰУ – нің хабаршысы.[Экономика] Алматы 2006ж. №5.
4. Өтебаев Б.С Мемлекеттік бюджет және бюдежеттік жүйе. Алматы [Экономика] 2006ж.Оқу құралы.
5. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С [Қаржы] Алматы 2005ж.Оқу құралы.
6. Найманбаев С.М Салықтық құқық [Жеті жарғы] Алматы 2005ж.
7. Сартаев С.С., Найманбаев С.М [Бюджеттік құқық] Алматы 2006ж.
8. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н Әжібаева, Н.А Құдайбергенов, А.Ә Жантаева Қаржылық есеп. Оқу құралы.[Экономика] Алматы 2008ж
9. Ілиясов Қ.Қ, Құлпыбаев С Қаржы. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Алматы 2006ж.
10. Д.Қ Қабдиев, Т.Қ Оралтаев, Ә.Е Ескендіров Экономикалық саясат: лекциялар. [Экономика] Алматы 2007ж.
11. Іскер адамның орысша – қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. Русско – казахский толковый экономический словарь делового человека / жауапты Э. Жакулина. Алматы 2006ж.
12. Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының заңы (қосымша материал).

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

бет

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Қаржылық есептемені құрудың негіздері мен
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... .8
1.2 ҚЕХС форматы және есеп пен есептілікке көшу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.3 Қаржылық есептеменің түрлері мен
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .18

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІ
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...30
2.1 Қаржылық талдаудың ақпарат
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2 Бухгалтерлік балансты
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...35
2.3 Қаржылық есептеменің басқа да түрлерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...43

3 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕНІҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
3.1 Қаржылық есептеменің аудит жүргізудегі ақпараттық
негізі ... ... ... ... ... ... 49
3.2 Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .55
3.3 Ұйым мүліктерінің қалыптасу көздерін
аудиттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
3.4 Қаржылық есептеме аудитін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..77

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .80

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 81

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың күрделі даму тұсында экономиканы және қаржы
саласын тұрақтандыру және сауықтыруға байланысты түбегейлі және өзекті
міндеттер шелілуде. Солардың бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды
басқаруды жетілдіру болып табылады. Әлемдік қаржы нарықтарындағы және
тұтастай алғанда әлемдік экономикадағы 2008 жылдың екінші жартысындағы
қолайсыз жағдайлар экономиканы одан әрі дамыту жөнінде ең шешуші шаралар
қабылдауды талап етіп отыр.
Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал-
тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын
еуропалық құрылым алынды. Тоқсаныншы жылдың басынан басталған ХХІ ғасырдың
есігін ашқан, өрістеп өсіп келе жатқан нарықтық экономика мен халықаралық
қатынастар көптеген жаңа бағыттағы экономикалық концепциялар мен ақпараттар
жүйесін қазақстандық ұйымдардың шаруашылық өміріне енгізді.
Қазақстанда нарықтық қатынастардың енгізілуімен бірге экономикалық
субьектілердің қаржылық қорытынды есебін пайдаланушылардың қажеттіліктерін
ол ақпараттардың дұрыстығын дәлелдеу түрінде қамтамасыз етуші тәуелсіз
бақылау жүйесі жақсарып келеді.
Қандай да болмасын жаңадан құрылып, қалыптаса бастайтын экономикалық
үрдістің түпкі мақсаты – материалдық өндіріс пен халықтың сұранысы мен
ұсынысына жауап берерлік және бәсекелестік тұрғыдағы өнімдер өндіріп,
қызметтер көрсету болып табылады. Сапалы дәрежеде өнімдер өндіріп,
қызметтер көрсетіп, мұның өзін үлкен бәсекелестік жағдайға келтіру үшін
әртүрлі көздерден қаржы жұмсалады және жұмсалған қаржыны тиімді басқару
қажеттігі туындайды. Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау
процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы қаржылық есеп пен есептілік
(есеп беру) жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика ресурстың барлық, яғни материалдық, еңбек және
қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс-
әрекеттің күтілетін нәтижесін, яғни табыстылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің
қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше
көңілі қаржылық есеп пен есептіліктіктің ұйымдастырылуына жоғары мән
беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес ұлттық есеп
стандарттарының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл
еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-
қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Қаржылық есеп нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше маңызды
орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың және олардың құрылымдық
бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен
ағымдағы жоспарларлау үшін, сөйтіп, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын
зерделеу және зерттеу үшін қолданылады.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымдардың күрделі
экономикалық тетігін нық және жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-
ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес.
Сондықтан да, кез-келген ұйымдар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын
алады.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынасқа көшу барысында аймақты,
қатал бақылау-тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі
нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін сол елде –
бәсекелестік қамтамасыз ету үшін шешуші рөл атқарады. Бәсекелестікті
қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның
нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолмен дамытудың тиімділігі іске
асырылады. Сондықтан да қаржылық есептілікті тиімді ұйымдастырмен қатар,
оның аудит және талдау жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен
анықталады. Бұл біріншіден, кәсіпкерлердің өз шаруашылығының
тиянақтылығының қамтамасыз етілуі, екіншіден, өз жұмысына өзі сенімді түрде
басқару жүргізуі, үшіншіден, кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынастарда
сенімді жұмыс істеуі мен өзінің капиталының тиімділігіне сенімді бола
отырып, солардың нәтижесінде тиімді басқару және ұйымдастыру шешімдерін
қабылдау болып саналады.
Қаржылық есептіліктің негізінде ұйымның қаржылық қызметінің даму
жағдайына дер кезінде баға беріп, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз
құбылыстардың алдын алуға, сондай-ақ пайданы неғұрлым жоғарылату үшін ішкі
резервтерді анықтауға толық мүмкіндіктер болады. Ұйымның қаржылық қызметі
туралы есептіліктің ойдағыдай жүзеге асырылуы – алға қойған мақсатқа,
жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге, ұйымның үздіксіз өндірістік
қызметін, қалыпты қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге, соның нәтижесінде
оның төлем қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік беретіні анық.
Сондықтан, қаржылық қорытыды есеп мазмұнын нарықтық қатынасқа түсуші
жақтар толық мәнді түсінуі үшін есеп жүйесінің бұл түрі бірегейлік жағдайда
болуы қажет. Осы мәселелер тұрғысынан алғанда бұл бұл жұмыс ғылыми жағынан
жетілдіруді қажет ететін өзектілігі өте жоғары іздену жұмысы болып
саналатына ешбір күмән жоқ.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмысының мақсаты болып
нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық есептілігінің қаржылық
есептің ұлттық стандарттарға негізделуін зерттеу, оның аудиті мен талдау
жұмыстарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар беру болып саналады.
Осы мақсаттан туындайтын алға мынадай міндеттер қойылып отыр:
- қаржылық есептемені құрудың негіздері мен қағидаларына сипаттама
беру;
- отандық есеп тәжірибесінің халықаралық стандаттарға көшудің негізгі
бағыттарына талдау жүргізу;
- қаржылық есептіліктің элементтеріне аудит жүргізудің маңызын анықтай
отырып, оны жетілдіруге байланысты нақты ұсыныстар беру;
- қаржылық есептемені талдаудың маңызын айқындау.
Зерттеу жұмысының пәні мен объектілері. Ғылыми жұмыстың пәні болып
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есептілік элементттері
саналады. Ал зерттеу объектісі Альянс Банк акционерлік қоғамы.
Іздену жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Ғылыми жұмысты
зерттеу барысында бухгалтерлік есеп принциптері, қаржылық есеп, аудит,
қаржылық талдау саласындағы отандық және шетелдік ғалым-экономистердің,
қаржылық есепті реттеу және реформалау бағыттарына байланысты қабылданған
заңдар мен заң күші бар Жарлықтар, бағдарламалар, нормативтік нұсқау-
ережелер, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары басшылыққа
алынып, зерттеу жүргізілген ұйымның бухгалтерлік есеп мәліметтері
пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық
жұмыста берілген ұсыныстар ұйымдардың қаржылық есептілігін жасауға, оның
аудитін жетілдіруге арналған. Зерттеу нәтижелерін ұйымдардың есеп және
аудит тәжірибесінде, сонымен бірге есеп пен аудит мамандарын дайындайтын
оқу орындарында пайдалануға болады.

1 Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға көшу кезеңіндегі
теориялық аспектілері

1. Қаржылық есептемені құрудың негіздері мен қағидалары

Нарықтық экономика жағдайында ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық
есептілік жөніндегі ақпараттық қызметі ұйымның өз ішінде де, сондай-ақ одан
тыс тұрған қызмет пен өнімді пайдаланушылардың қалың тобы үшін де өте
маңызды болып табылады. Бұл мәселе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын
дәл айқындап, өмірлік маңызды шешімдер қабылдаумен қатар, сыбайлас
жемқорлықпен, кірісті жасыру немесе бұрмалап көрсету секілді келеңсіз
құбылыстармен күресуге және инвестициялар тартуға қолайлы жағдай туғызуда
шешуші рөл ойнайды.
Демек, бүгінгі таңда бухгалтерлік есеп пен аудит жүйесін заман талабына
сай жетілдіру ерекше мәңге ие болып отырғаны уақыт өткен сайын барынша
сезіне түсуде.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан
Республикасы Заңына сәйкес ірі кәсіпкерлік субъектілер мен көпшілік
мүддесіне жұмыс істеуші ұйымдардың барлығы қаржы есептілігін ҚЕХС талаптары
бойынша жүргізуі тиіс. Ал барлық шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері
мұндай талаптардан босатылады. Олар үшін ҚЕХС-тың шағын және орта
кәсіпкерлікке арналған жобасын негізге ала отырып бухгалтерлік есеп
жүргізудің ұлттық стандарттары әзірленген. Дегенмен, шағын және орта
кәсіпкерлікке жататын кәсіпорындар немесе ұйымдарға өз еркімен ҚЕХС-тын
қолдануға болады.
1 Қаржылық есептің ұлттық стандартына сәйкес қаржылық есептілік бұл -
ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы
болып табылады. Жалпы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер
қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы
жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат
беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп
тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.
Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi
туралы ақпарат бередi: активтер; мiндеттемелер; өз капиталы; пайдалар мен
залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар; өз капиталындағы басқа да
өзгерістер; ақшалай қаражаттың қозғалысы.
Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар,
пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын
және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға
көмектеседi. Жоғарыда аталған стандартқа сәйкес қаржылық есептілік
мыналарды қамтиды:
- кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;
- кезең ішіндегі толық табыс жөніндегі есептілік;
- кезең ішіндегі үлес өзгерістері жөніндегі есептілік;
- кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік;
- есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа
да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер;
- кәсіпорын есеп саясатын ретроспективті түрде қолданатын немесе өз
қаржылық есептілігіндегі баптар жөнінде ретроспективті түрде қайта есеп
беретін немесе кәсіпорын өз қаржылық есептілігіндегі баптарды қайта
жіктейтін ең бастапқы салыстырмалы кезеңнің басындағыдай қаржылық жағдай
жөніндегі есептілік.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі
және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер,
ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат
ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын
бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы
органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға
қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін
пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық
салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан
статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау
тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз
құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі
резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа
жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға
қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай
жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай
қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем
қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің
айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның
қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан
капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа
қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы
талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал
барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық
жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда,
тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне
қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің
мүдделерін қорғауға бағытталады.
Қаржылық есептілік мәліметтері мынадай пайдаланушыларға беріледі:
- меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық
құжаттарға сәйкесті органдар;
- кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
- жергілікті қаржы органдарына;
- мемлекеттік статистикалық органдарына.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы – ресурстардың қолда барын, орналастырылуын
және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік.
Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған құралдардың
(яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым)
құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті
қаражаттарының, қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды
қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе көпшілігін
анықтайды. Бұл орайда кәсіпорынның меншікті , несиелік және өзге қарыз
көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылық есеп
беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша
толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді.
Баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу
дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым
өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорының
мынадай пассивтерін :неғұрлым жедел пассивтерді , қысқа мерзімді
пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға
болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес – кәсіпорындардың ортасында
жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі
басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау
кезінде өте маңызды болмақ. Сондықтан әрбір шаруашылық жүрзізуші субъекті
өздерінің қаржылық есептілік жүргізу алдында ҚР бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы заңында көрсетілгендей есеп саясатын жасау
қажет.
Ұйымның есеп саясаты – бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық
есептілікті жасау үшін ұйымның қабылдайтын қағидаттары, негіздері және
ережелері. Нақты талап болмаған кезде ұйым басшысы негізделген жіберулер
мен сапалы мінездемелерге сәйкес ақпараттарды қаржылық есептілікке беруді
қамтамасыз ететін саясатты өндеуі тиіс және ол мыналардан тұрады:
1) Есептеу қағидаты, яғни операциялар мен өзге де оқилардың нәтижелері
олар пайда болған кезде (ақша қаражаттары немесе олардың эквиваленттері
алынған немесе төленген кезде емес) танылады және есеп жазбаларында
көрсетіледі және олар жататын кезеңдердің қаржылық есептілігіне енгізіледі.

2) Қызметтің үздіксіздігі, яғни қаржылық есептілік әдетте үздіксіз және
кескінсіз болашақта операциялар жүргізетіндей жұмыс істейтін жіберулер
негізінде дайындалады. Сөйтіп, ұйымның қызмет ауқымдарын таратуға және
мәнді қысқартуға ниеті де, қажеттілігі де жоқ екені болжануда.
3) Түсініктілігі - есептілікте берілетін ақпараттың негізгі сапасы оның
оңай түсініктілігі болып табылады.
4) Орындылығы, яғни  ақпарат пайдалы болуы үшін шешім қабылдаған кезде
пайдаланушылардың тұтынулары үшін орынды болуы тиіс. Ақпарат
пайдаланушылардың экономикалық шешіміне ықпал еткен кезде, олардың өткен,
осы және болашақтағы оқиғаларды бағалауға немесе қолдауға немесе олардың
өткен бағаларын түзетуге көмектесіп орындылық сапасына ие.
5) Мәнділігі, яғни ақпараттың орындылығына оның сипаты мен мәнділігі
әсер етеді. Ақпарат егер қаржылық есептіліктің негізінде қабылданған
пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне оның қалып қалуы немесе
бұрмалануы ықпал ететін болса мәнді болып есептеледі.
6) Сенімділігі, демек ақпарат мәнді қателер мен бір жақтылықтан ерікті
болған кезде және оны қандай мақсатта елестететіні болмаса оның нені
елестететіні негізінде күтілетіні анық көрсетілетіні сияқты пайдаланушылар
оған сенім арта алатын болса сенімділік сапасына ие болады.
7) Салыстырмалығы, яғни ұқсас операциялар мен басқа да оқиғалардың
қаржылық нәтижелерін өлшеу мен көрсету барлық ұйымдар үшін оның болуы бойы
бірізді және әр түрлі ұйымдар үшін бірізді жүзеге асырылуы тиіс. 

1.2 ҚЕХС форматы және есеп пен есептілікке көшу тәртібі

Әлемдік экономикалық жағдайдағы соңғы он жылдықта болған шапшаң
өзгерістер бухгалтерлік есепке алуға және қаржылық есептілікке арналған
ережелерді жасау кезінде елдердің қолданатын тәсілдерін айтарлықтай
дәрежеде өзгертті. Капитал нарықтары ұлттық шекарадан тыс жерлерде кеңейіп,
ұлттық экономикалардың дамуына байланысты кірігу процесі нығаюда. Капитал
нарықтарының кемелдене дамуы олардың даму үрдісін инвесторлардың жоғары
дәрежеде түсінуін, олардың нығайтылуына, тұрақтылығына және өтімділігіне
сенімділігін талап етеді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының
бірыңғай топтамасын қабылдау кредиттердің құнын және инвесторлар үшін
маңызды емес стандарттар бойынша есептілікті дайындау жөніндегі әкімшілік
шығыстарды қысқарту арқасында ұйымдардың инвестицияларды тарту бойынша
шығыстарын қысқартуға себепші болады.
Капитал рыногының жаһандану бағытына қарай өрістеуіне, сондай-ақ
халықаралық қаржы рыногының дамуына қарай қаржылық есептік бірегейлігі
қамтамасыз етілуі қажет. Мұндай бағыт ұстанған жағдайда еліміздегі
бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық есеп стандарттары талабына сай жаңаша
құруды талап етеді. Егер ұйымдарда жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесі
халықаралық стандарттар талабына сәйкес болмаса, онда халықаралық капитал
рыногын құру мен тиімді объектілерді инвестициялау, қаржыландыру процестері
өз мәнін таппайды. Сондықтан потенциалды инвесторлар қаржылық ақпараттардың
тұнықтылығын талап етеді.
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары әлемдегі аса дамыған және
алдыңғы қатарлы бухгалтерлік есепке алу стандарттары болып табылады деп
есептеледі. Сондықтан да көптеген елдерде, мысалы Австралияда, Германияда,
Ұлыбританияда шетел эмитенттері биржалардағы өздерінің есептілігін осы
елдердің ұлттық стандарттарына емес, халықаралық стандарттарға сәйкес ұсына
алады. Басқа мемлекеттерде, мысалы Канадада, Жапония мен АҚШ-та бұған да
жол беріледі, алайда ХҚЕС бойынша есептілік дайындайтын компаниялар оның
осы елдердің ұлттық стандарттарына сәйкес дайындалатын есептіліктен
айырмашылығының тізімін қосымша ұсынуы тиіс. Кейбір елдерде (мысалы
Чехияда, Балтық елдерінде) есептілікті ХҚЕС бойынша барлық ірі кәсіпорындар
жасауы тиіс. Қазақстанда 2003 жылдан бастап барлық қаржы ұйымдары, 2005
жылдан бастап акционерлік қоғамдар, ал 2006 жылдан бастап өзге де ұйымдар
(мемлекеттік мекемелерден басқа) есептілікті ХҚЕС бойынша дайындауы тиіс.
Қазіргі кездегі бухгалтерлік есепке алу ақпараттық базаны білдіреді,
оның негізінде ұйым қаржылық есептілікті дайындайды. Бухгалтерлік есепте
қалыптастырылатын ақпарат басқарушылық, салықтық статистикалық есептілікті
жасау үшін қолданылады, қажет болған кезде осы ақпараттың негізінде
есептіліктің басқа да түрлері жасалады. Бухгалтерлік есепке алу жүйесі бір-
бірімен өзара байланыста болатын, есепке алу элементтерінің белгілі бір
тұтастығы немесе көптілігі. Мұндай жүйе логикалық кешенді қамтиды, онда
ұйымның, мемлекеттің, сондай-ақ кез келген басқа да сыртқы, сол сияқты ішкі
пайдаланушылардың экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында
қызметтің түпкі нәтижелерін дұрыс өлшеуге бағытталған ақпарат қорытылады.
Есептілікті пайдаланушылардың барлығында қаржылық есептілік жөніндегі
ақпарат нені қамтитынына қатысты белгілі бір үміт-армандары бар. Бұл үміт-
армандар уақыт өте келе дамыды және пайдаланушылар бұрын кездестірген
қаржылық есептіліктің үлгісі мен мазмұнынан туындады. Осы үміт-армандарға
бухгалтерлік есепке алу туралы заңдар, бухгалтерлік есепке алудың
регламенті мен стандарттары әсер етті. Қазақстанда үміт-армандар үлгіге
және кеңес жүйесі кезінде әзірленген қаржылық есептілікке сүйене отырып
дамыды. Шетелдік пайдаланушылардың үміт-армандары Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарының принциптері мен тәжірибесіне сүйене отырып
қалыптасты.
Кез келген әділ (сенімді) пікірден бухгалтерлік есепке алудың белгілі
бір маңызды немесе іргелі принциптеріне немесе тұжырымдамаларына
негізделген пікір орынды тұспалдануы мүмкін. Халықаралық түпмәтінде ең
болмағанда мынадай бес принцип:
- есептеу принципі;
- қызметтің үздіксіздігі;
- ақылға сыйымдылығы;
- дәйектілігі;
- мазмұнның нысаннан басымдығы іргеліге жатқызылуы мүмкін және заңнама
мен бухгалтерлік есепке алу стандарттарында көрсетілуі мүмкін.
Әдеттегі іс-тәжірибе осы принциптерді кез келген елдің бухгалтерлік
есепке алу туралы заңнамасында іске асырудан тұрады. Нақты жағдайларда осы
принциптерді қолдану көбінесе бухгалтерлік есепке алу стандарттары арқылы
жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта халықаралық талаптарға сәйкес жасалған және жұмыс
істейтін жоғары дамыған ақпараттық жүйені білдіретін экономика бірыңғай
есепке алудың жүйесі болып табылады, ол оның әртүрлі аспектілерін
(статистикалық есепке алу, салықтық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу
және т.б.) қамтиды.
Бухгалтерлік есепке алу қойылған міндеттерге сәйкес кейіннен жинау,
жүйеге келтіру және қорыту үшін деректер көзі ретінде ғаламдық есепке алу
жүйесінің бірлігін және функционалдығын қамтамасыз ететін ең маңызды
факторы болып табылады.
Экономикадағы қаржылық есепке алудың ақпараттық функциясы ұйымдар
қызметінің қаржылық нәтижелеріне сүйенеді, олар ұйымның ішіндегі сол сияқты
одан тысқары жердегі ақпарат пайдаланушылардың мүдделі тобына қажет. Жоғары
сапалы есептілік капитал нарығын дамыту үшін де қажет, өйткені оның
негізінде көбінесе экономиканың ондаған жылдарға дейін дамуын айқындайтын
шектеулі ресурстарды бөлу туралы шешімдер қабылданады.
Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты өз жолдауында (бұдан әрі – Жолдау) атап
өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді
де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге
қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы
әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты
мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік
есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару
шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен
қамтамасыз ету болып табылады.
Бухгалтерлік есепке алу және аудит саласын дамыту міндеті Қазақстан
Республикасының экономикасында бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есеп беру
және аудит жүйелерінің өздеріне тән функцияларды одан әрі дәйекті түрде
және ойдағыдай орындау үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз
ету болып табылады деп санаймыз.
Бухгалтерлік есепке алудың өзіне тән міндеттерді тиімді орындауы үшін
қаржылық есепке алу кәсібилік, айқындылық, тәуелсіздік, өзектілік, сияқты
талаптарға жауап беруі, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру принциптеріне және негізгі сапалық сипаттамаларға сай болуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе түсініктілік, орындылық, сенімділік және
салыстырмалылық сияқты ақпараттың тиімділігін айқындайтын сапалық
сипаттамалар халықаралық стандарттарды тікелей пайдаланумен немесе оларды
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп берудің ұлттық жүйесін құрудың
негізі ретінде қолданумен қол жеткізетіндігін көрсетеді. ХҚЕС пен ХАС-ты
қолданудың экономикалық перспективасы капиталды тиімдірек бөлуден, іске
жұмсалатын қаржының әр алуандығынан және оның табыстылығының өсуінен
тұрады, әлемдік нарыққа шығу жеңілдейді, капиталды тартуға жұмсалатын
шығындарды азайту мүмкіндігі туады. Мұның өзі жаңа бизнес құрылымдарды
дамытуға, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыссыздықтың төмендеуіне,
халықаралық нарықтарда қазақстандық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін
арттыруға, тұтастай алғанда елдің экономикалық өсуіне әкеп соғады.
Бухгалтерлік есепке алу саласының өзін-өзі реттейтін элементтерін ретке
келтіру мен жүргізу мақсатында Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп
беру туралы Қазақстан Республикасының Заң жобасы бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп беруді реттеудің қолданыстағы жүйесіне айтарлықтай
өзгерістер енгізеді.
Заң жобасын әзірлеудің басты міндеті Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамасында пайдаланатын бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық
есеп беру мәселелері бойынша негізгі ұғымдарды Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңнамасына сәйкес
келтіру болып табылады.
Алайда, Қазақстандағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін дамытудағы кейбір жетістіктерге қарамастан, мыналардан:
- ХҚЕС-тің кешенділігі мен әдістемелік күрделілігіне байланысты шағын
және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін қолданылмайтындықтан, ХҚЕС-тің осы
санаттарға қолданылу қиындығынан;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеуге, сондай-ақ
бухгалтер мен аудитор мамандықтарын дамытуға кәсіби қоғамдық бірлестіктер
қатысуының жеткіліксіздігінен;
- ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі ақпараттық-әдістемелік материалдардың
(оқулықтардың, кітаптардың) жоқтығынан;
- бухгалтерлер мен аудиторлардың біраз бөлігінің кәсіби дайындығы
деңгейінің төмендігінен, сондай-ақ ХҚЕС бойынша дайындалған ақпаратты
пайдаланудағы дағдының жеткіліксіздігінен;
- кадрларды қайта даярлаудың ретке келтірілген жүйесінің жоқтығынан;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп берудің ХҚЕС белгілеген көптеген принциптеріне және
талаптарына немқұрайды қараудан көрінетін кейбір проблемалар бар.
Сонымен қатар, бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді жүргізу
бөлігінде ақпараттық жүйені автоматтандырудың көкейкестілігін атап өтпеуге
болмайды. Бүгінгі таңда кешендік автоматтандыру жүйесі, яғни ұйым
қызметінің түрлі салалары үшін бірыңғай ақпараттық жүйелері бизнестегі
маңызды аспаптардың біріне айналды. Тәжірибеде көрсеткендей, ақпараттық
жүйелер кең қолданылатын ХҚЕС-қа көшкен ұйымдарда оң өзгерістерге қол
жеткізу әлдеқайта жеңіл. Сондықтан да ХҚЕС-ты ойдағыдай енгізу
бухгалтерлер жұмыстарының жеделдігін арттыруға және уақтылы әрі тиімді
шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін бухгалтерлік есепке алуды жан-жақты
автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту елдің
экономикалық жағдайындағы өзгерістермен тығыз өзара байланыста және
шаруашылық тетіктің даму сипаты мен деңгейіне жауап беруі тиіс.
Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін одан әрі
дамытуды ХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікте
қалыптастырылатын ақпараттың сапасын, ашықтығын және салыстырмалы-лығын
арттыру мақсатында мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асыру қажет:
- бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептіліктің аудитін
ұйымдастырумен және жүргізумен айналысатын мамандарды даярлау және қайта
даярлау;
- шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу
мен қаржылық есеп беруді жүргізу тәртібін оңайлату;
- халықаралық тәжірибенің негізінде бухгалтерлік есепке алу мен
қаржылық есеп беруді реттеу жүйесін өзгерту;
- бухгалтерлік есепке алу мен аудитті дамытудың халықаралық процесіне
қатысу.
Шаруашылық тетіктегі өзгерістермен және нарықтық институттардың нақты
жұмыс істеуімен байланыссыз бухгалтерлік есепке алудағы өзгерістерді
жеделдету экономикадағы қаржылық ақпараттың сапасын төмендетуге, ХҚЕС-тың
беделін түсіруге, сондай-ақ қаржылық тәртіптің әлсіреуіне әкеп соғуы
мүмкін. Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚЕС-қа көшу барлық
ұйымдарға қатысты, бірақ бұл ретте неғұрлым сарабдалдық ұстаным қажет.
Кешенділігіне және әдістемелік күрделілігіне байланысты ХҚЕС іс жүзінде
шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жарамсыз. Бұдан басқа, соңғы
уақытта өзіміз білетін, осы күнге дейін аяқталмаған стандарттардың өздерін
белсенді жетілдіру процесі жүріп жатыр (ХҚЕС-қа тұрақты түрде елеулі
өзгерістер енгізілуде, оған шағын компаниялардың қадағалап отыруына жағдайы
жоқ). Осыған байланысты ХҚЕС-қа сәйкес қаржылық есеп беруді ірі
кәсіпкерлік субъектілері мен көпшілік мүдделі ұйымдар ғана жасағаны орынды.
Қызметі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар көпшілік мүдделі ұйымдар
болып табылады, оларға мыналар жатады:
- қаржылық ұйымдар;
- акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерді қоспағанда);
- жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды
өндіретін ұйымдардан басқа);
- жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар ұйымдар (жедел басқару
құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда).
Мемлекет басы мен ҚР Үкіметі қойған шағын және орта кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі тапсырмаға сәйкес патент немесе біржолғы талон бойынша
жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерді міндетті түрде бухгалтерлік есепке алуды
жүргізудің толығымен босату және қалған кәсіпкерлік субъектілерінің
бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есеп беруді жасаудың түрлі
тәртібін қолдануы мақсатында санаттар бойынша бөлуді белгілеу қажет.
Бухгалтерлік есепке алуды және есептілікті реттеу жүйесін дамыту барлық
мүдделі тараптардың мүддесін ескеретін, шығындардың төмендеуін және
реттеудің тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін модельді құруға
бағытталуы тиіс. Осы модельдің негізі – мемлекеттік билік органдары мен
кәсіби қауымдастықтың (кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен басқа да мүдделі
жұртшылық) қызметтерін саналы түрде үйлестіру.
Қазақстанның бухгалтерлік есепке алу саласының негізгі проблемасы –
білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қалыптасқан салт-дәстүрі, мықты кәсіби
қауымдастығы, мамандандырылған білімді жинақтайтын және тарататын
қалыптасқан жүйесі, көпшілік мақұлдаған сертификаттары бар дамыған
бухгалтерия институтының болмауы.
Қазақстанда кәсіби қауымдастық аталған проблемалардың кейбіреуін шешу
бойынша белгілі бір қадамдар жасауда, бірақ кешенділік, жалпы республикалық
ауқым жетіспейді. Бухгалтерлік қауымдастықтың қазіргі селқостығы кезінде
батыстағы ұқсас жүйенің өздігінен тез дами қоятындығы екіталай. Содықтан
бұл мәселені шешу үшін бүкіл жүйенің өзегі болуға және одан әрі қалыптасқан
құрылымы болуға тиіс кәсіби ұйымдардың рөлін күшейтуге назар аудара отырып,
заңнамалық алғышарттар жасау, бұл процесті жылжыту қажет. Қазақстандағы
бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді қайта ұйымдастыру мынадай
бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс:
- қолданыстағы бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беруді реттеу
жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістер енгізу;
- бухгалтерлік есепке алу жүйесін қайта құру шеңберінде мемлекеттік
органдардың іс-қимылын үйлестіру;
- кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу саласындағы рөлін
арттыру;
- бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелері бойынша
уәкілетті органның кәсіби ұйымдарды және бухгалтерлерді кәсіптік
сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жүйесін енгізу.
Кәсіби қауымдастықтың бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
жүйесін реттеудегі рөлін күшейту үшін консультативтік-кеңес органы
нысанында, ереже негізінде әрекет ететін арнайы органды (Консультативтік
органды) құру ұсынылып отыр. Консультативтік органның құрамы мемлекеттік
органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерін, жеке кәсіпкерліктің,
мемлекеттің қатысуы бар ұйымдардың субъектілерін және ғылым қайраткерлерін
қоса алғанда, кәсіби қауымдастықтың жоғары білікті, бәріне танымал және
беделді өкілдерінен құралуы тиіс.
Компаниялар қызметі жөніндегі және қорытынды есеп жүйесіндегі
ақпараттар тұнық және сенімді, орындалып, мүның барлығы да халықаралық
бухгалтерлік есеп стандарттары талабымен тығыз байланыста болған жағдайда,
қаржы салымшы инвесторлар өздерінің салған капиталының қалай және қандай
тиімділік дәрежесінде жүмсалғандығын біліп, бақылап отырады.
Өз экономикасын нарықтық экономика және базарлы сауда қатынастары
деңгейінде жүргізетін жержүзілік экономикалық қауымдасқа қатысушы барлық
компаниялар мен корпорациялар өздеріне тән бухгалтерлік есебін халықаралық
бухгалтерлік есеп принциптері мен стандарттары талабына сай жүргізіп
келеді.
Бухгалтерлік есеп стандарттары беделі жағынан жоғары деңгейдегі ресми
құжат. Осы құжатты ары қарай жетілдіріп, халықаралық деңгейде қолдану
мәселелеріне бухгалтерлік кәсіп өкілдері, қаржылық қорытынды есеп
жасаушылар мен мұның мәліметтерін пайдаланушы кәсіби мамандар, сондай-ақ
қоғамдық ұйымдар тартылған. Кейінгі жылдары экономикасы дамыған көптеген
елдер назары бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық деңгейде бір ізге салу
мәселелеріне аударылып келеді.
Мұның өзі нарықтық қатынастар өрісіндегі халықаралық экономикалық
одақтардың тұрақты бағытта қызмет атқаруына байланысты қаралған. Алайда әр
елдер өз қалауымен зерделуіне байланысты халықаралық стандарт жүйесін
қабылдаудың жолдарын таңдап алу мүмкіндігі болады. Бухгалтерлік қорытынды
есеп экономикалық ақпараттар қалыптастырудағы бірден-бір сенімді ақпарат
дайындаушы процесс екендігіне байланысты жалпы есеп ережелері мен
әдістерінің қолданылынуы барлық елдерде бірдей мазмұнда қалыптасатындығын
естен шығармау керек.
Әр елдің бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері әр түрлі жағдайда және
әр түрлі мақсатқа сай ұйымдастырылатынына, сонымен қатар есеп ақпараттарын
пайдаланушы топтар мүддесін қанағатттандыруға байланысты ерекшеліктер
болатындығын барлық бухгалтерлер білуі керек. Сондықтан іске асырылатын
мақсаттардың әр түрлі жағдайда орындалуы әр елдерде әр түрлі мазмұнда
қалыптасады. Есеп ақпараттарын пайдаланушылар үшін көптеген белгісіздік
факторлар да болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты есеп ақпараттарын
пайдаланушы жақтар сенімді тұрғыда қанағаттануын қамтамасыз етудің жақсы
бағыты үздіксіз зерделеніп отыруы керек. Бұл үшін ресурстардың тиімді
орналасуы, табыс алу мен бұларды жұмсауға байланысты факторлар, қандай
шығындардың бәсекелестік процеспен байланыста болатындығы, бірлескен
ұтымдылықтың қалыптасуы, т.с.с. сұрақтарға байланысты мәселелер толығымен
шешілуі керек. Сондықтан, біздің пайымдауымызша халықаралық стандарттар
жүйесін еліміздің есеп тәжірибесіне қолданудың көптеген мәселелері әлі де
болса өз шешімін таппай отыр. Сондықтан бухгалтерлік есеп стандарттарын
қолдану мен ретке келтіру жақтарындағы көптеген мәселелер қосымша зерттеуді
қажет етеді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп принциптерін негізге алып жасаған
ақпараттар жүйесі потенциалды пайдаланушылардың жекелеген сұранысын
қанағаттандыруға және ішкі есеп жасаудың біртұтастығын қамтамасыз етуге
бейімделініп қалыптасуы керек.
Халықаралық қаржылық есеп стандарттары қаржылық есептің негізін құраушы
халықаралық деңгейдегі ресми құжаттар мазмұнында қаралған. Әр түрлі
елдердің есеп жүйесіндегі есеп фактілері мен қаржылық ақпараттары
бірегейлік ұқсастықты қамтамасыз ете отырып, сыртқа (эспорт) немесе сырттан
(импортқа) қалыптасуы мүмкін.
Қазақстанның халықаралық стандарттарға бағдарлануы әлемдік тәжірибені
зерттеуге және оны пайдалануға мәжбүрлейді. Континенттер мен елдердің
географиялық жақындығы, тығыз экономикалық байланыстар, шетел
компанияларының Қазақстанның инвестициялық қызметіне белсенді қатысуы
есепке алу жүйесіне, тұтастай алғанда, жаңадан қарауға мәжбүрлейді. Есепке
алу тәжірибесі түрлі елдерде әралуан, бірақ та оның бастауы ортақ және
философиясы ортақ және бұл Қазақстанның есепке алу практикасына оң тәжірибе
енгізу мақсатында бухгалтерлік есепке алудың және аудиттің маңызды
ерекшеліктері мен жаңа бағыттарын зерттеу қажеттілігін растайды.
Халықаралық зерттеу көзқарасы жағынан ХҚЕС және ХАС қолданудың әлемдік
тәжірибесі бухгалтерлерге, аудиторларға және қызметкерлердің басқа
санаттарына қазіргі заман бизнесінің осы немесе өзге операциясын дұрыс
бағалауға және тиісінше оң және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Осылайша, бүгінгі күні қаржы жүйесінде бухгалтерлік есепті реформалау
қаржылық есептілікте жасалған, талданатын ақпараттың шынайылығын,
дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа,
бухгалтерлік есептегі жаңалық экономиканың айқындығына және ашықтығына
жеткізіп, қазірдің өзінде уақыт талабына айналды. Экономиканың ашықтығы
туралы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі немесе басқа статистикалық
қатынастар бойынша сөз етіп қана қоймайды, сол сияқты осы экономиканың
деректері барлығына қаншалықты қолжетімді, оны кімдердің қажетсінетіндері
және осы деректердің сапасының соншалықты жоғары екендігі бойынша да сөз
етеді.
ХҚЕС-на барынша көп жақындау отандық ұйымдар мен кәсіпорындар
халықаралық аренада шетелдік ұйымдармен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді.
Осының бәрі елдің экономикалық гүлденуіне, Қазақстанның тәуелсіз
рейтингінің жоғарылауына және нәтижесінде Қазақстан Республикасы
азаматтарының өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуіне және
әл-ауқатының артуына жағдай жасайды.

1.3 Қаржылық есептеменің түрлері және құрамы

Қаржылық есептің ұлттық стандартына сәйкес қаржылық есептілік – бұл
ұйымдардың есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін
белгілі бір нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан
Республикасының Ұлттық комиссиясының 2006 жылдың 12 қарашасындағы №2
Қаулысына сәйкес барлық ұйымдар меншік формасы мен қызмет түріне қарамастан
қаржылық есептің халықаралық стандаттарына көше бастады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде оның мүлік және қаржы жағдайына
сипаттама беретін жиынтық деректер, сондай-ақ ұйымның шаруашылық қызметінің
соңғы нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың күрделену тұсында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейе түседі. Соған байланысты
шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені
оның көрсеткіштеріне жасалған талдау шаруашылық субъектісінің шын мәніндегі
мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – қолда бар ресурстардың орналасуын,
пайдаланылуын, оның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін
жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Демек, қаржылық есептілік –
кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, салынған салымдардың құнын, меншікті
және қарыз қаражаттарының мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Соның
нәтижесінде ұйымның қаржылық есептілік көрсеткіштері арқылы тиімді басқару
шешімдерін қабылдауға, кәсіпорынның нарықтағы іскерлік белсенділігін
анықтауға маңызы өте зор.
ҚР-ның бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Заңына сәйкес
ұйымның қаржылық есептілігі мына элементтерден тұарды:
- бухгалтерлік баланс;
- пайда және зиян жөніндегі есеп;
- меншікті капитал қозғалысы жөніндегі есеп;
- ақша қозғалысы туралы есеп;
-түсініктеме хаттама.
№ 1 Қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес қаржылық есептілік
ашық, жариялылық және жауапкершілік ұғымдарымен толықтырылады. Халықаралық
қаржылық есеп стандарттарында жариялық ұғымы ақпараттарды жақсы қолдана
білу мен бұларды ұсыну жөніндегі әдіснамалық процеске, сондай-ақ
ақпараттарды дер кезінде жариялау мен тарату арқылы болжау стратегиясы
жөнінде шешім қабылдау үшін қажет деп танылған. Болжау стратегиясы өткен
уақытта мәліметтер мен ақпараттарға негізделген. Өткен уакытта нақтылы
орын алған ақпараттарға сай алдағы кезеңдер үшін стратегиялық болжау
жасалынатындығын білген жөн. Жасалынған стратегиялық болжау жөніндегі
ақпараттар, пайдаланушыларға қажетті уақытта және дер кезінде
ұсынылатындығын да түсіну керек. Егер акпараттар қажеті уакытта және дер
кезінде пайдаланушыларға ары карай және алдағы кезеңдер үшін шешім
қабылдау мақсатында берілмесе, онда ақпараттар мағынасыз болады.
Жауапкершілік деп - қорытынды есеп дайындаушы тұлғалардың
жауапкершілігін айтамыз. Жауапкершілік нарыққа қатысушы жақтардың және
үкімет органдарының сұранысына, жауап беруі керек. Жауапкершілікке түскен
тұлғалар өз әрекеттеріне, орындалған фактілер мазмұнына және осы ұйымда
іске асырылынатын экономикалық саясаттың жақсы қалыптасуына, сондай-ақ
кабылданған шешімдердің нәтижелігіне жауапты болып табылады.
Сыртқы пайдаланушылар сұранысы үшін жасалынатын қаржылық қорsтынды есеп
мәліметтерін алдын-ала ойланған мақсатта бұрмалауға, жалған есеп беруге,
есеп ақпараттарын бормалауға болмайды.
Жариялылық пен жауапкершілік қаржылық есептілік жөніндегі ақпараттарды
өзара байланыстырушы және бекітуші категорияларға жатады. Өз кезегінде
жариялылық категориясы жауапкершілік категориясының деңгейін, ал
жауапкершілік категориясы қаржылық қорытынды есептің ашықтық категориясын
сипаттайды. Өзара байланыстағы ашықтық, жариялылық және жауапкершілік
категориялары жүргізілген есеп ақпараттарының тәртібін анықтауға тікелей
әсер етеді. Айтылған категориялардың барлығы да жоғары дәрежеде шешім
кабылдаудың сапасын және экономикалық тиімділіктің деңгейін арттыруға,
сондай-ақ бұлар инвестициялық саясат жағдайын жақсартуға және қаржылық
тәукекелділікті басқаруға арналған.
Қаржылық қорытынды есеп жекелеген есеп объектілерінің түрлерін,
бұлардың экономикалық мазмұнына қарай ірілендірілген топтарға жинақтаудан
туындайтын ұйымның қаржылық жағдайын сипаттаушы көрсеткіштер жүйесінен
тұрады. Жинақталған есеп объектілері қаржылық қорытынды есептің
элементтерін құрайды.
Ұйымдардың каржылық жағдайын өлшеп бағалаушы негізгі элементтеріне
активтер, меншікті капитал және міндеттемелер жатады.
Ұйымдардың экономикалык тиімділігін сипаттаушы элементтерге таза пайда
немесе шеккен - зиян, ал түскен таза пайданы өлшеу - алынған табыс пен
жұмсалынған шығындарды салыстырып өлшеу арқылы жүргізіледі. Қаржылық
қорытынды есепті дайындау барысында осы жоғарыда айтылған элементтер есеп
ақпараттарын пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдауына ыңғайлы болуы
үшін арнайы үлгідегі бухгалтерлік балансқа сабақтастық жолдармен орналасуы
керек.
Капитал нарығына қатысу үшін компаниялар сенімді және ашық дайындалған
қаржылық қорытынды есеп арқылы өз меншігіндегі активтерін аса сенімді және
әділетті бағалауы керек.
Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге
карай жинақтап көрсетеді. Баланс деп - ұйымдар қызметіндегі активтер,
меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді
экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай
өлшеммен өлшеуді айтады.
Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден
қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы ұйымдардың каржы-
шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі
карастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат
көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп
отыратын болса, онда бұл ұйымның пайдамен жұмыс істегендігін көрсетеді.
Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен
жағдайда түскен пайда - таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа
жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер ұйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде
кайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мүндай активтердін
құны пайда кұрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.
Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып
кетуін немесе үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып,
бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді:
1) кіріспе баланс;
2) аралық баланс;
3) жойылуға байланысты баланс.
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т.б. заңды тұлғалардың жарғысы
тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын және басқа да қаржы
салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық
қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға
қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шенберлі айналысы фазаларына, активті
қаражаттар козғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға
байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жұмысын жүргізу үшін жасалынатын
балансты аралық баланс деп атайды,
Жойылуға байланысты баланс - ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін
тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында
баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы
ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның
жойылғандығынын қорытындысын бағалау үшін жасалынады.
Заңды тұлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс
жасауға міндетті. Егер заңды түлғалар құрамына енген еншілес ұйымдар
құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларының рұқсаты бойынша еншілес
кәсіпорындар да баланс жасауына болады.
Ұйымдар өз қызметін алғашкы кезеңнен бастап жүргізуі үшін бұлардың
бастапқы капиталы болуы керек. Бастапқы капитал ұйым құрушы
құрылтайшылардың қосқан үлестік жарнасынан тұрады. Құрылтайшылардың қосқан
жарнасы - жарғылық капитал деп аталынады. Жарғылық капитал қалыптастыруға
салынған жарналар: материалды және материалды емес қаражаттардан тұрады.
Материалды және материалды емес қаражаттар ақшалай бірлікке
айналдырылып бағаланады және бағаланған сомалар капитал түрінде көрсетіліп,
ұйым жарғысында жарияланады. Жарғылық капитал активтер қалыптастырудың
белгілі бір қаржылық көзін кұрайды. Мұның мөлшері меншікті капитал түрінде
кұрылтайшылық құжатқа жазылып жарияланады.
Басқаша айтқанда меншікті капитал жаңадан құрылған ұйымның өз
құрылтайшыларының алдындағы берешегі болып есептелінеді.
Қандай да болмасын заңды ұйымдар тек қана өз меншігіндегі қалыптасқан
активтер сомасымен шектеліп кана қоймай, бұлар сыртқы көздерден: банктерден
несие, басқалардан қарыз сомалар мен ссуда алуға толық кұқылы. Сырт
көздерден алынған қаражаттарды - қатыстырылған (келтірілген) қаржы көздері
деп атайды. Мұндай келтірілген көздер негізгі екі үлкен топқа: ұзақ және
ағымдағы міндеттемелерге бөлінеді.
Бірінші топта ұйымдар меншігінде бір жылдан артық мерзімде қолданылатын
немесе пайдаланылатын, ал екінші топта бір жыл ішінде өндірілетін және
сатылып алынып, жұмсалатын немесе бір жыл ішінде ақшаға айналатын
міндеттемелер сомасы көрсетіледі.
Әр түрлі көздерден алынған қаржылық қаражаттар екі үлкен топтан
түратын: ұзақ мерзімді және ағымдагы активтерге салынады. Өндірістік
процесте бір жылдан, артық уақыт пайдаланылатын активтерді ұзақ мерзімді,
ал бір жыл ішінде пайдаланылатын және ақшаға айналатын активтерді қысқа
мерзімді активтер деп атайды.
Баланстың жекелеген тараулары мен баптары әртүрлі үлгіде орналасуы
мүмкін. Кейбір шетелдердің есеп тәжірбиесінде баланстың тараулары
активтердің өтеушілік қабілетіне қарай төмендетілген дәрежеде, ал пассивтер
бұларды жабу (міндеттемелер) уақытының жоғарылатылған дәрежесіне қарай
орналысқан. Есеп жүргізудің әлемдік тәжірбиесінде бухгалтерлік баланстың
екі үлгісі: көлденең және тігінен жасалынған үлгі қолданылады. Көлденең
жасалған үлгіде активтер баланстың сол жағында, пассивтер оң жағында
орналысқан. Тігінен жасалған үлгіде баланстың тауарлары мен баптары
белгіленген сабақтастықпен әуелі активтерді сипаттаушы баптарға, бұдан соң
пассивтерді сипаттаушы баптар бойынша орналасқан. АҚШ-та баланстық үлгінің
көлденеңдігі мет тігінендігі, мұны қолданушы тұлғалардың тыңдауында немесе
есеп саясатында көрсетіледі.
Пайда және зиян туралы есеп. Қорытынды есептін бұл түрі калыпты
жағдайда шаруашылык қызметін атқарушы ұйымдардың таза пайдасы немесе шеккен
зиянына қосылатын қосымша кұндық бағалар өзгерісінің есебін жүргізуге
арналған. Сыртқы пайдаланушылар үшін табыстар және шығындар жөніндегі
қорытынды есеп қысқа үлгіде жасалынады.
Пайда және зиян жөніндегі қорытынды есеп сату (есептеу) принципіне сай
жасалынады. Ұйымның ақша қаражатының қозғалысы және осы ұйымнын өтеушілік
қабілетінің мәліметтері корытынды есептін бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Аудитордың мәнділік деңгейін қарастыруы
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Банк баланстарын талдау
Қаржылық есептемені құру
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Қаржылық есеп беруді жасау. Қаржылық есеп берудің аудиті
Қаржылық есептемелер
Банктің қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық аспекттері
Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Пәндер