Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны



Мазмұны

Кіріспе: Мемлекеттің ұғымы мен белгілері.

1. Мемлекеттің механизмі.
2. Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің принциптері.
3. Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.
4. Мемлекеттік механизмнің буындарының сипаттамасы.
а) Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және өкілді органдары.
б) Атқару органдары.
в) Сот органдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері.

МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылған адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай – ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік – саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) Қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым – қатынасын реттеп, олардың бірлескен іс – қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) Оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық – күш құралдары бар;
в) Тапсырманың орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік – мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгілі соғыоған белгілерге егежей – тегежейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасын тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1. Ашитов Б.З. «ҚР құқық негіздері». Алматы: 2003ж.
2. Баянов Е. «ҚР-ның мемлекеті мен құқығының негіздері». Алматы: 2003ж.
3. Баққұлов С.Д. «Құқық негіздері». Алматы: 2004ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе: Мемлекеттің ұғымы мен белгілері.
1. Мемлекеттің механизмі.
2. Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және қызметінің
принциптері.
3. Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.
4. Мемлекеттік механизмнің буындарының сипаттамасы.
а) Мемлекеттік биліктің заң шығарушы және өкілді органдары.
б) Атқару органдары.
в) Сот органдары.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері.

МЕМЛЕКЕТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ. Мемлекет – басқару функциясын
орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз
ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылған
адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше
белгілері мен қажетіне, сондай – ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік – саяси, рухани,
ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды
мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына
белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән
функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым
ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар
мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгелігімен көзге
түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және
мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін
тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның
біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше қабатты қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды
кезеңдеріне тән саяси ұйым:
1) Қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың,
топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік
субъектілердің қарым – қатынасын реттеп, олардың
бірлескен іс – қимылына жағдай жасау жүктелген;
2) Оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты
органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық –
күш құралдары бар;
3) Тапсырманың орындалуын қоғамдық өмірдің барлық
субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік –
мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір
белгілі соғыоған белгілерге егежей – тегежейлі тоқталып, оның мазмұнды
және мәнді сипаттамасын тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін
көрсету қажет.

1. Мемлекеттің механизмі.

Мемлекеттің механизмі ұғымы. Мемлекеттің көп қырлы қызметі өзінің
сипаты мен табиғаты, тікелей бағвты мен қалыптасу бағыттары,
функциялары мен өкілеттері, жұмыс нысандары мен әдістерімен
ерекшеленетін әр түрлі мемлекеттік құрылымдар жүйесі арқылы жүзеге
асырылады. Оларды комплексті пайдалану мемлекет мұқтажын
қанағаттандыруға, олардың алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді.
Жоғарыда айтылған мемлекеттік құрылымдардың барлығын
бірнеше түрге бөлуге болады. Олардың ішінде мемлекеттік механизмнің
маңызды буынын құрайтын мемлекет органдарының шоқтығы бөлек. Оның
басқа бір буыны болып биліктің айрықша ұйымдастырушылық және
ұйымдастыру – мәжбүрлеу құралдары (армия, полиция, түрме, барлау, және
котрабарлау) табылады. Мемлекеттік құрылымның үшінші бір түріне
келетін болсақ, (бұл жерде мемлекеттік шаруашылық, әлеуметтік – мәдени
және басқа ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар айтылып отыр), ол
мемлекеттің механизміне тікелей кірмейді, тек жанап қана өтеді.
Мемлекет механизміне орасан зор роль берілген. Ол іс
жүзінде мемлекеттік билігі жүзеге асыруға міндетті. Барлық биліктік
жетекшілік, басқарушылық, бақылаушылық, ұйымдастырушылық және
реттеушілік қызмет – мемлекет механизмінің шексіз құқығы. Мемлекеттің
саясаты, оның стратегиялық бағыты, тактикалық міндеті мемлекеттің
механизмімен жасалып, сонымен түзетіліп, жүзеге асырылады.
Мемлекет механизмі дегеніміз, мемлекет алдында тұрған
міндеттерді шешу үшін, оның функцияларын іс жүзіне асыру үшін құралған
мемлекеттің барлықө органдарының, сондай – ақ биліктің
ұйымдастырушылық және ұйымдастыру – мәжбүрлеу құралдарының жүйесі.
Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика
жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылады. Әрине,
бұл түсініктердің ара қатынастары туралы мәселе туады. Мазмұны жағынан
бір бірімен өте жақын және көп жағдайда бір біріне сәйкес келгенімен,
алайда олардың айырмашылықтары да бар. Ол айырмашылық мынада:
мемлекеттік аппарат мемлекет механизмінің мемлекеттік қызмет
принциптеріне негізделген буындарын ғана қамтиды. Сондықтан да
мемлекеттік аппаратқа, мысалы жергілікті өеілді органдар, қызметші
болып табылмайтын, депутаттық қызметі үшін мемлекеттен ақы алатын
депутаттар кірмейді. Сөйте тұрып, жергілікті өкілді органдар, күмән
жоқ, мемлекет механизмінің бір бөлігі болып табылады.

2. Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың және
қызметінің принциптері.

Мемлекет механизмінің ерекшеліктері, оны ұйымдастырудың
және қызметінің принциптері. Мемлекет механизмінің маңызды ерекшелігі,
оның барлық буындарының ішкі бірлігінің болуы. Бір организмнің
(мемлекеттің ) бір бөлігі болып отырып, олар бір біріне қарсы қарсы
келмеулері керек. Керісінше, олар күш біріктіріп, адамдардың түрлі
саладағы тіршілік нысаны қамтып, қоғамды біртұтас басқаруды қамтамасыз
етулері керек. Олардың тарапынан алауыздық, мемлекет саясатын
жүргізуге қайшы келетін әрекеттер жасау орынсыз болмақ.
Мемлекет механизмінің ішкі бірлігі туралы ережені талдап,
түсіндіре келіп, биліктің салыстырмалы түрде үш дербес әрі тәуелсіз
тармақтарының (заң шығару, атқару, сот) бар екендігін ескере кеткен
артық болмайды. Олар бір бірінен оқшауланған, әр түрлі нақтылы
міндеттерге акцент жасайды, және түрлі істерме айналыса отырып, тек
өздеріне ғана тән қызмет нысанын пайдаланады. Бұл факт билікті бөлу
теориясында негізделген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен
қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен принциптерін әлемнің
көптеген елдері конститутциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір
органда немесе –бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін
айтып, оны мемлекет механизмінің үш тармағының арасында аргументтерін
келтіре отырып, билікті бөлу теориясы: 1) олардың тежемелік әрі тепе
теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс – қимыл жасауының
қажеттілігін; 2) бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен
алмастыруына жол бермеуді; 3) билік құрылымдарының өзіндік балансын
белгілеуді бекітеді.
Мемлекет механизмінің ұйымдастыру мен қызметінде белгілі
бір принциптер бар, солардың арқасында ол нақтылы өзгешілікке,
тұтастыққа, дербес рәсімделуге және тәмамдалуына ие болады. Олардың
қатарына мына төмендегілерді жатқызуға болады:
• Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалардың конститутцияны, заңдар мен басқа да
нормативтік құқықтық актілерді мүлтіксіз орындауы
басты талабы болып табылатын заңдылық принципі;
• Мемлекеттік тәртіп пен төменгі тұрған органдар
бастама көрсеткенде және оны қолдаған кезде тәртіпті
сақтауға мүмкіндік беретін барлық мемлекеттік
органдар ме лауазымды тұлғалардың иерархиялық
принципі және олардың өзара қарым – қатынасы;
• Мәнісі мемлекеттік мәселелерді дер кезінде көтеріп
және оны шеше білуге келіп тірелетін, толғағы жеткен
қоғамдық дамудың қажеттіліктерін анықтау және оларды
мемлекеттік – құқықтық нысандарда тұлғалап
білдіретін жедел басшылықтың, меңгерудің және
бақылаудың принципі;
• Мемлекет қайраткерлерінің берілген өкілеттіліктер
шеңберінде нақтылы жағдайының ерекшіліктерін ескере
отырып дұрыс шешім қабылдай білуінен тұратын
кәсіпқойлық пен құзіреттілік принципі;
• Жариялылық принципін жүзеге асырудың нәтижесінде
мемлекет механихмі демократиялық сипат алып,
жұртшылыққа ашық та түсінікті бола алатындығы;
• Мемлекеттің өзінің негізгі әлеуметтік міндеті болып
табылатын халыққа қызмет ету шараларында халықтың
мүддесін ескеру принципі;

3. Мемлекеттің органы және оның мемлекет механизміндегі орны.

Мемлекеттің органы мемлекет механизмінің алғашқы
клеткаларының бірі болып табылады. Мұндай органдарының жиынтығы
мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекттік органның өзіне
тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлкеттің
құрылымдық компоненті екендігін негізге алу қажет. Согдықтан
мемлекеттің жалпы сипаты мемлекеттік органдардың сипатына өзінің
белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас
нәрсенің бір бөлігі ретінде мемлекеттік органда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет механизміндегі президент пен үкіметтің өзара әрекеттесуі
Мемлекет механизмы
Мемлекет механизмі жайлы
Мемлекет – басқару функциясы
Мемлекет механизмінің түсінігі
Мемлекет ұғымы
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2001 жылғы
Шетелдегі мемлекет басшысының түсінігі мен мемлекет механизміндегі орны
Пәндер