Экология және судың ластануы



1. Кіріспе
2. Ішкі су қоймалардың ластану көздері
3. Ағынды суларды тазарту әдістері
4. Қорытынды
Су - маңызды табиғи ресурс. Ол тіршілік негізін құрайтын зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен өндірістегі маңызы зор. Ал оның адам, жануар және өсімдіктердің тіршілігіндегі ролі жалпыға мәлім. Көптеген тірі ағзалар үшін су мекен ету ортасы болып табылады.
Қалалардың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының қарқынды түрде дамуы, егістік алқаптар ауданының артуы, халықтың мәдени-тұрмыстық жағдайының жақсаруы және басқа да көптеген факторлар сумен қамтамасыз ету мәселесін қиындата түсуде.
Суға деген қажеттілік өте зор жэне жыл сайын арта түсуде. Жер шарын сумен қамтамасыз етудің жылдық шығымы 3300-3500 км3 құрайды. Соның ішінде 70% ауыл шаруашылығында қолданылады.
Суды көп пайдаланатын өндірістер: химия жэне целлюлоза-қағаз жасау өнеркәсібі, қара және түсті металлургия. Энергетиканьщ дамуы да суды пайдаланудың күрт артуына әкеледі. Су, әсіресе, мал шаруашылығы саласына, халықтың тұрмыстық қажеттілігіне өте көп шығындалады. Шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке жұмсалған судың көп бөлігі қайтадан өзендер мен тұщы су қоймаларына келеді.
Бүгінгі таңда тұщы су тапшылығы дүниежүзілік проблема болып отыр. Суға деген өндіріс және ауыл шаруашылығы қажеттілігінің артуы барлық елдердің, дүние жүзінің ғалымдарын бұл мәселені шешудің алуан түрлі әдістерін қарастыруға мәжбүр етуде.
Қазіргі уақытта су ресурстарын тиімді пайдаланудың мынадай бағыттары анықталды: тұщы су ресурстарын молайту жэне толық пайдалану, тұщы суды аз пайдаланатын жэне су қоймаларды ластамайтын жаңа технологаялық процестерді табу.

Экология және судың ластануы

Жоспар
1. Кіріспе
2. Ішкі су қоймалардың ластану көздері
3. Ағынды суларды тазарту әдістері
4. Қорытынды

1. Кіріспе

Су - маңызды табиғи ресурс. Ол тіршілік негізін құрайтын зат алмасу
процестерінде маңызды роль атқарады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы мен
өндірістегі маңызы зор. Ал оның адам, жануар және өсімдіктердің
тіршілігіндегі ролі жалпыға мәлім. Көптеген тірі ағзалар үшін су мекен ету
ортасы болып табылады.
Қалалардың, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының қарқынды түрде дамуы,
егістік алқаптар ауданының артуы, халықтың мәдени-тұрмыстық жағдайының
жақсаруы және басқа да көптеген факторлар сумен қамтамасыз ету мәселесін
қиындата түсуде.
Суға деген қажеттілік өте зор жэне жыл сайын арта түсуде. Жер шарын
сумен қамтамасыз етудің жылдық шығымы 3300-3500 км3 құрайды. Соның ішінде
70% ауыл шаруашылығында қолданылады.
Суды көп пайдаланатын өндірістер: химия жэне целлюлоза-қағаз жасау
өнеркәсібі, қара және түсті металлургия. Энергетиканьщ дамуы да суды
пайдаланудың күрт артуына әкеледі. Су, әсіресе, мал шаруашылығы саласына,
халықтың тұрмыстық қажеттілігіне өте көп шығындалады. Шаруашылық-тұрмыстық
қажеттілікке жұмсалған судың көп бөлігі қайтадан өзендер мен тұщы су
қоймаларына келеді.
Бүгінгі таңда тұщы су тапшылығы дүниежүзілік проблема болып отыр.
Суға деген өндіріс және ауыл шаруашылығы қажеттілігінің артуы барлық
елдердің, дүние жүзінің ғалымдарын бұл мәселені шешудің алуан түрлі
әдістерін қарастыруға мәжбүр етуде.
Қазіргі уақытта су ресурстарын тиімді пайдаланудың мынадай бағыттары
анықталды: тұщы су ресурстарын молайту жэне толық пайдалану, тұщы суды аз
пайдаланатын жэне су қоймаларды ластамайтын жаңа технологаялық процестерді
табу.

2. Ішкі су қоймалардың ластану көздері

Су ресурстарының ластануы деп суқоймаларға сүйық, қатты және газ
тәрізді заттардың түсуінен судың физикалық, химиялық және биологиялық
қасиеттерінің өзгеруін айтады, яғни бүл суқоймаларды пайдаланатын халык
шаруашылығьша, адамдардың денсаулығына және өміріне кауіп төндіруі.
Жер беті мен жер асты суларының ластануын мынадай типтерге бөлуге
болады:
механикалық - қүрамында механикалық қоспалардың артуы, негізінен беттік
ластану түріне тән;
химиялық - су құрамында улы және улы емес әсері бар органикалық және
бейорганикалық заттардың болуы;
бактериялық және биологиялық - су құрамында алуан түрлі патогенді
микроорганизмдердің, саңырауқүлақтардың және ұсақ балдырлардың болуы;
радиоактивті - жер беті және жер асты суларында радиоактивті заттардың
кездесуі;
жылулық — суқоймаларға жылу және атом электр станцияларынан шығатын жылы
сулардың қосылуы.
Суқоймалардың негізгі ластау көздері: өндірістік және тұрмыстық
кәсіпорындардан, ірі мал шаруашылық кешендерінен шығатын толық
тазартылмаған ағынды сулар, рудалық қазбаларды өңдеу кезіндегі өндіріс
қалдықтары, шахталар мен кен орындарынан шығатын сулар, орман материалдарын
өңдеу жэне балқыту кезінде шығатын сулар, су және теміржол көліктерінен
шығатын сулар, зығырды бірінші реттік өңдеу қалдықтары, пестицидтер және
т.б. болып табылады. Ластаушы заттардың табиғи суқоймаларға түсуі судың
сапалық қасиеттерінің: физикалық (түсінің, дәмінің жэне т.б. өзгеруі),
химиялық қүрамының (су бетінде қалқып жүретін зиянды заттардың пайда болуы
жэне олардың су түбінде шөгуі) өзгеруіне әкеліп соғады.
Өндірістен шығатын ағынды сулар негізінен өндіріс қалдықтарымен
ластанған. Олардың сандық жэне сапалық құрамы алуан түрлі және қай салаға
жататын кәсіпорыннан шығатынына, оның технологиялық процестеріне
байланысты; оларды негізінен екі топқа бөледі: бейорганикалық, соның ішінде
улы қоспалары да бар және құрамында у бар ағынды сулар.
Бірінші топқа құрамында қышқыл, сілті, ауыр металл иондары және
басқалары бар сода, сулфатты, азотты зауыттардан, қорғасын, мырыш, никель
және т.б. кен байыту фабрикаларынан шығатын ағынды сулар жатады. Бүл топқа
жататын ағынды суларда негізінен судың физикалық қасиеттері өзгереді.
Екінші топқа жататын ағынды суларды мұнай өңдейтін, мұнай химиялық
зауыттары, органикалық синтез, коксохимиялық кәсіпорындар және басқалар
бөледі. Ағынды сулардың құрамында әр түрлі мұнай өнімдері, аммиак,
альдегидтер, шайырлар, фенолдар және басқа да зиянды заттар болады. Бүл
топқа жататын ағынды сулардың зиянды әсері негізінен су құрамындағы
оттегінің азаюынан биохимиялық қажеттіліктің артуын, соның әсерінен судың
органолептикалық көрсеткіштершің төмендеуін тудыратын тотығу процестеріне
байланысты.
Қазіргі таңда ішкі су қоймаларды, өзендер мен теңіздерді,
Дүниежүзілік мүхитты негізгі ластаушылар мұнай және мұнай өнімдері болып
табылады. Олар су қоймаларда әр түрлі ластау түрлерін: су бетінде қалқып
түратын еріген немесе эмульсияланған жүқа қабат, су түбіне түнған ауыр
фракциялар жэне т.б. түзеді. Соның әсерінен судың иісі, дәмі, түсі, беттік
керілуі, тұтқырлығы өзгереді, оттегі мөлшері азаяды, зиянды органикалық
заттар пайда болады, су улы қасиетке ие болады және тірі ағзалар мен адам
өміріне қауіп төндіреді. Мыс, 12 г мұнай 1 тонна суды пайдалануға жарамсыз
етеді.
Өндіріс суларындағы зиянды ластаушылардың бірі фенол болып табылады.
Ол мүнай химиялық кәсіпорындарынан шығатын ағынды сулар қүрамында
кездеседі. Соның әсерінен су қойманың биологиялық процестері, олардың
өздігінен тазару процесі күрт төмендейді, суда карболға тән иіс пайда
болады.
Су қоймалардағы ағзалардың тіршілігіне целлюлоза-қағаз өндірісінен
шығатын ағынды сулардың зияны өте қауіпті. Ағаш қалдықтарының тотығуы көп
мөлшерде оттегін сіңіретіндіктен уылдырықтар, шабақтар, тіпті ересек
балықтар жаппай қырылады. Талшықтар және басқа ерімейтін заттар суды
ластайды және оның физико-химиялық қасиеттерін нашарлатады. Балықтарға жэне
олардың қорегі болып табылатын-омыртқасыздарға балқымалар қолайсыз эсер
етеді. Шіріген ағаш қалдықтары мен қабығынан суға әр түрлі илік заттар
бөлінеді. Шайыр мен экстрактивті өнімдер ыдырағанда көп мөлшерде оттегін
сіңіретіндіктен балықтардың, әсіресе шабақтары мен уылдырықтарының
қырылуына әкеп соғады. Сонымен қатар мүндай балқымалар өзендерді өте күшті
ластайды, ал жағар май көбінесе су түбіне толық шөгіп балықтарды уылдырық
шашатын және қоректенетін орындарынан айырады.
Атом электр станцияларынан шығатын радиоактивті қалдықтар өзендерді
ластайды. Радиоактивті қалдықтар планктондық микроорганизмдер мен
балықтарға жинақталып қоректену тІзбегі арқылы басқа жануарларға өтеді.
Суда тіршілік ететін планктондық ағзалардың радиоактивтілігі олар тіршілік
ететін ортасынан мыңдаған есе артық болатындығы дәлелденген.
Радиоактивтілігі жоғары (1 л және одан көп мөлшерде 100 кюри болатын)
ағынды сулар жер асты ақпайтын бассейндері мен арнайы резервуарларға
жинақталуы қажет.
Халықтың үдайы өсуі, ескі қалалардың үлкеюі және жаңа қалалардың
пайда болуы ішкі су қоймаларға қосылатын тұрмыстық ағынды сулардың мөлшерін
арттырды. Бұл ағынды сулар өзендер мен көлдердің ауру тудыратын
бакиериялармен және гельминттермен ластану көзі бола бастады. Ал түрмыста
кең қолданылатын синтетикалык жуғыш заттар одан да көп дәрежеде ластайды.
Олар өндірісте жэне ауыл шаруашылығында да кеңінен қолданылады. Ағынды
сулармен өзен-көлдерге келетін олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Судың жылулық ластануы
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Экология ( лекциялар )
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы
Қазақстанның экологиялық мәселелері туралы ақпарат
Судың химиялық ластануы, мұнайдың суға әсері
Су, орман мониторингі
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Пәндер