Түркі дәуірі



1 Кіріспе бөлімі 3
2 Негізгі бөлім
а оғыздар 5
ә наймандар 7
б қыпшақтар 11
3 қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер 14
Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңт-нде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, Солт., Батыс, Шығыс және Орт. Қазақстанда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Олар б.з. 5 ғ-на дейiн өмiр сүрiп, көп елмен қарым-қатынас жасады. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал ш-мен, кен қазумен шұғылданып, Жетiсу төңiрегi мен Шу, Талас, Сырдария, т.б. өлкелерде отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Қ-дың шығу тегiне ежелгi жергiлiктi сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Ұзақ заманғы бұл этн. процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда толық қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этн. саяси негiзi “он тайпа” (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өз-нiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Оның орнына Түргеш қағандығы (704 — 756), одан кейiн Қарлұқ қағандығы (756 — 940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн ш. дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлұқтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орт. Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ-дың аяғы мен 11 ғ-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төм. бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Орал, Ембi, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал — Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этн. топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында печенегтер (бесенелер) мекендедi.
1. Байпақов Қ.М., көмеков Б.Е. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.» Алматы «Рауан» баспасы
2. Бабаева Д «Қазақстан тарихы» кітабы

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Тексерген _____________________

Орындаған ____________________

ЖОСПАРЫ

1 Кіріспе бөлімі 3
2 Негізгі бөлім
а оғыздар 5
ә наймандар 7
б қыпшақтар 11
3 қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер 14

Кіріспе

Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi.
Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас
дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары
Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары,
Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне
жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып
келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе
аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны
50 шақты) зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит (тұрақтар мен
қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар
аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол
тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз
байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ.
Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы
тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта
Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып,
олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең
iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап
Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен
Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына
бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген
скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир
мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр
сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани
мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының
мәдениетi бастау алады. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-
ларда) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңт-нде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң
бойында, Жетiсуда, Солт., Батыс, Шығыс және Орт. Қазақстанда ежелгi сақ
тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда
бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта,
мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар,
сарматтар. Олар б.з. 5 ғ-на дейiн өмiр сүрiп, көп елмен қарым-қатынас
жасады. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Бұл
мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал ш-мен, кен
қазумен шұғылданып, Жетiсу төңiрегi мен Шу, Талас, Сырдария, т.б. өлкелерде
отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен
айналысты. Қ-дың шығу тегiне ежелгi жергiлiктi сақтардан кейiн ерекше негiз
болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Ұзақ заманғы бұл этн. процесс
б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда толық қалыптасып
үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк
қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ),
дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк
қағандығының этн. саяси негiзi “он тайпа” (он оқ будун) болды, олар Қаратау
баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады.
Шу өз-нiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы
нушебилер мекендедi. Оның орнына Түргеш қағандығы (704 — 756), одан кейiн
Қарлұқ қағандығы (756 — 940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк
еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн ш. дамыды,
қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында
қарлұқтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орт. Қазақстан мен
Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ-дың аяғы мен 11 ғ-
дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төм. бойына
дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз,
Орал, Ембi, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау
баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына
Сырдария алқабы мен Арал — Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор
тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этн. топтары және сонымен бiрге
Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай
секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың
батысында Едiл мен Жайық арасында печенегтер (бесенелер) мекендедi. Кейiн
оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса
да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi.
9 — 11 ғ-лар басында өмiр сүрген Қимақ қағандығының аумағы Солт., Шығ.,
Орт. Қазақстанды алып жатты. Бұл федерацияға алғашқы жетi тайпа: эймур,
имек, татар, байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кiредi. Қимақтарға
(кимектерге) қарасты аумақта қыпшақ бiрлестiгiмен қоса 11 — 12 ғ-ларда
жекелеген топтары қыпшақтардың рулық-тайпалық құрамына кiрген кумандар да
айтылады. Олар 9 — 10 ғ-лардағы жазбаша деректер мәлiметтерi бойынша Бат.
Қазақстан аумағын мекендеген және қимақ (кимек), қыпшақ, куман тайпаларының
үш құрамды бiрлестiгiнiң батыс тармағы болған. 10 ғ-дың орта шенiнде Қашқар
және Жетiсу жерiнде түркi тектес қуатты Қарахан әулетi (942 — 1210) билеген
күштi мемлекет құрылды. Кешiкпей Қарахан ұрпағының хандары Әмудария мен
Сырдария аралығындағы ол кезде әлсiрей бастаған самани әулетi билеген
мемлекеттi бағындырып алды. Мұның өзi Орта Азия мен Қазақстан халықтарының
экономикасы мен мәдениетiне зор әсерiн тигiзiп, Жетiсу, Шығ. Түркiстан және
Орта Азия халықтары мен тайпаларының арасындағы өзара байланысты күшейттi.
Найман, керейiт, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Орт. Азияның
шығысында — Қазақстанмен шектесiп жатқан Моңғолия аумағында пайда болса да,
олардың қ. тарихына тiкелей қатысы бар. Моңғолдар талқандағаннан кейiн
найман мен керейiт топтары, жалайырлар қалыптасып жатқан көптеген түркi
халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына бiртiндеп
сiңiсе бердi. Наймандар моңғол кезеңiнде Сырдарияға дейiн жетiп, қазақ
халқының қалыптасуына ықпал еткен. Керейiттер Едiл бойына дейiн барып,
кейiнiректе өзбек пен қырғыз құрамына, ал шағын тобы Қ-дың құрамына кiрдi.
Қазақстанның солт. және солт.-шығыс аудандарында көшпелi мал ш-мен
айналысқан қыпшақтар өмiр сүрдi. Қыпшақтар 11 ғ-да кең байтақ қазақ даласы
мен Оңт. орыс даласына үстемдiк еттi де, 12 ғ-да Днепр өз-не дейiн жайлап
жатты. Қыпшақтар, негiзiнен, қазақ халқының құрамына енсе, олардың кейбiр
топтары кейiнiрек өзбек, қарақалпақ, башқұрт және қырғыз халықтарының да
құрамына қосылды. 12 ғ-дың 2-жартысында Жетiсу мен Оңт. Қазақстан
өлкесiндегi үстемдiк еткен қидандар (1128 — 1213) да қазақ халқының
құрамында өзiндiк iз қалдырды. Бұлар жергiлiктi түркi тектес халықтармен
араласып, Қ-дың және кейбiр Орт. Азия халықтарының да этн. құрамына бiршама
әсерiн тигiздi. 11 — 12 ғ-ларда Қазақстанның далалы аудандарын мекендеген
түркi тайпаларының өзара бiрiгiп, отырықшылық жағдайда егiншiлiгi дамыған
аудандармен экон.-мәдени қарым-қатынас жасауының жақсаруы қазақ халқының
қалыптасу барысындағы елеулi кезең болды

Оғыздар

Оғыздарға түрікмендер (Түрікменстан), трухмендер, терекмелер (Ирак
түркілері), азерилер (Иран азербайжандары), азербайжандар (Азербайжан),
және селжұқтар, османлылар (тарихи халықтар), түріктер (Түркия), гагауздер
(елі қазіргі Молдавияда) сонымен бірге қазіргі кавказ бен қырымдағы түркі
халықтары (қарашай, балқар, құмық, қырым татарлары) ҚЫПШАҚТАРМЕН аралық топ
ретінде жатады. Оғыздардың қазір үш тәуелсіз ірі мемлекеті бар:
Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия. Үшеуінің де туында ай таңбасы бар екен.
Ендеше осы ай таңбаның өзі олардың Ұлы атасы Оғыз қағаннан таралғандығын да
әйгілеп тұрғандай.
Оғыз қаған деген кім? Ол - Оғыздардың аңызға айналып кеткен арғы атасы.
Алғаш рет Оғыз мемлекетін құрған кісі. Ертедегі скиф тайпаларының грекше
айтылуы Ишкуза (Ашкуз) Мен көне заман тарихшысы Геродот еңбектеріндегі
скифтердің атасы болып есептелетін "Таргитай" деген адам осы Оғыз қаған
болар деп ойлаймын. Скифтер - Қара теңізден Алтайға дейінгі аймақты аймақты
мекен еткен негізінен түркі-иран тілдес көшпенді тайпалар. Оғыздардың ата
мекені - қазіргі Амудариядан Шығысқа қарайғы жерлер. Оғыз халықтарының бәрі
қазір еуропалық нәсілдегі (монголоид белгілері аз) халықтар. Оғыз
халықтарың 5 мың жылдық тарихы бар. Кейін олар скифтер мемлекеттерінің,
одан хун империясының, одан соң Батыс Түрік қағанатының құрамына енді. Көк
Түріктердің (Білге қаған құрған империя) Оғыз тайпаларын қалай бағындырғаны
жөнінде көне тас жазбаларла нақтылы жазылады. Осы кезеңнен бастап, олардан
ығысып, біртіндеп батысқа қарай жылжи бастайды. Қазіргі Түркия жеріне
қарай. Ал Орталық Азиядағы Оғыз мемлекеті қайта бөлініп, 9-11 ғасырларда
қыпшақтар мемлекеті орнағанша Орталық Азияда іргелі мемлекет болып тұрды.
Осы кезеңде (9-11) қазіргі жоғарыда аталған Оғыз халықтары тілі жағынан
бөлініп, (түрікмен, түрік, азербайжан) негізінен қалыптасып болады.
Оларды арабтар ғуз-дар деп атаған. Оғыз сөзі ус, ғұз деп аталады да "өзен,
су" деген мағына береді (Мысалы: Ая+гөз-алақан+өзен, су-мағынасы: кішкене
өзен). Қазіргі Азербайжандар - оғыз тайпалары мен ирандықтардың араласуынан
шыққан түркі тілдес халық болса, түріктер оғыздар мен кавказ халықтары және
гректердің араласуынан шыққан түркі тілдес халық. Ол жерлерге түркі
халықтары Осы Орталық Азиядағы ата мекенінен барған. Ал өз мекенінде қалып
қойған Түрікмендер - Оғыздар мен Үндіиран (арий) тайпаларының тоғысқан
тұсынан қалыптасқан түркі тілдес халық. Тілдік деректері мен тарихи
қалыптасуы, салт-дәстүрі мен дүниетанымы жағынан Оғыздар Түркі халықтарың
ішіндегі ҚАРЛҰҚТАРҒА (Өзбек, Ұйғыр) жақын.
9-11 ғасырларда құрылған Оғыз мемлекетінің қазіргі мұрагерлері Түрікмендер.
Ал түріктер мен әзірбайжандар ол кезде қазіргі қоныстарына - Кавказ бен
Кіші Азияға жетіп тұрақтаған болатын. Оғыздардың мемлекеті Қазіргі Каспий
мен Аралдың Солтүстік-Шығысын алып жатты. Кейін қыпшақтар оларды біртіндеп
оңтүстікке ығыстырады. Соның ішінде қазіргі қазақ халқының кіші жүзінің
негізін құраған тайпалар олардың орнына келіп орналастын (Жайық, Маңқыстау,
Қарақалпақстан, Сыр бойы). Оғыз жырларында олардың дұшпандары ретінде
қыпшақтар көп аталатыны сондықтан. Осы тайталас кешегі Түрікмендер мен
адайлардың арасында да жалғасқан еді. Түрікмендер нәтижесінде қазіргі
аймағынан (Қарақұм, Амудария) табылды, Азербайжандар Батыс Кавказда,
Солтүстік Иранда қалыптасты, Түріктер Кіші Азияға барып, әйгілі Осман
империясын құрады. Одан кейінгі тарих белгілі.
Оғыздардың тарихы көне скифтердің (сақтардың), массагеттер, печенегтер,
ирандықтар, парсылар, кавказ елдері және көне мемлекеттер Шумер, Ассирия,
Хет, Элам, мен Үнді халықтарының тарихымен ұштасып жатады. Енді оғыздар
туралы сөз соңында осы халықтан шыққан әлемге әйгілі тұлғалардың аттарын
атай кетуді жөн көрдім. Көбін қамтып атап шығу мүмкін болмағандықтан тек он
шақты адаммен шектегім келіп отыр. Оғыз халқының ұлы перзенттері:
1. Афрасиаб, Оғыз қаған, Таргитай, Алп Тоңға - оғыз халқының
қалыптастырған, дәуірлеткен аты аңызға айналған хандары. 2. Ишпакай -
скифтердің (ішқұздардың) әгілі ханы - б.з.б. 7 ғасырда Ассирияға шабуыл
жасап ежелгі дүниенің іргесінен өз патшалығын құрған. Бұл патшаның оғызша
атын "Бақай" десе де болады ("Іш" сөзі өзі де басшы дегенді білдіреді. Ал
ішқұздар - "царственные скифы" деп аударылған). 3. Томирис - скифтердің
аңызға айналған (массагет тайпасы) әйел ханшайымы - б.з.б. 6 ғасырда
Ахеменид империясының негізін салушы парсы Кир ІІ патшаның солтүстікке
жорығын тоқтатқан. (кейде "Тұмарқыз" деп балама береді). Бұл патшайымның
Оғызша атын "Тамыр" (Томир) десе де болады. Себебі "-ис" Геродот қосып
отырған грек тілінің жұрнағы қосымшасы. Ал Еуропа елдеріне бұл есім кейін
(Грузин дастанына байланысты) Тамара патша (царица Тамара) ретінде жетті
(Tomiris жоғарыда Тамыр патшайымның сыртқы келбеті туралы сұраған еді. Мен
оны қазіргі түрікмен, әзірбайжан, түрік қыздарынан көп айырмасы болмаған
деп ойлаймын). Бұлардың бәрі де қазір еуропаоид нәсілге жататын халықтар).
4. Ширак (Сирақ, Шырақ) - сақ тайпасының жауынгері - 5 ғасырда Парсы
Патшасы Дарийдің қоластындағы көшпенді тайпалардың азаттығы үшін күресуші
сақ жауынгері - жолбастаушы болған ол Дарий патшаның әскерлерін қалың
құмның арасына бұрып алып кетіп қырғынға ұшыратқан. 5. Спитомен - скиф
(массагет) тайпаларының көсемі - б.з.б. 4 ғасырда Александр Македонскийдің
Орталық Азияға жорығына қарсы күрескен - zhad96-ның жоғарыдағы дастанында
аталғандай "-мен" қосымшасын алып тастағанда Ыспатай (Сыпатай) түрінде
дыбысталуына талас болмас деп ойлаймын. 6. Короглы (Көроғлы) - оғыз
жұртының аңыз бен жырға айналған батыры - Оның есімі еуропаға Геракл
түрінде жетті (Жалпы "Гера" және "гора" және "көр", "кор" сөздері "жер"
дегенді білдіреді). 7. Қорқыт (Коркуд) - оғыздардың ұлы ойшылы, киелі өнер
иесі (қобызшы) (Бұл атаудағы "Кор" сөзі де жоғарыдағыдай). "Қорқұт" түрінде
дыбысталады 8. Низами (1141-1209) - азербайжан халқының ұлы ақыны. 9.
Тогрулбек (1038—63) - Селжұқтар империясының негізін қалаушы, сұлтан. 10.
Осман Ертогрул (1288—1326) - осман империсының негізін қалаушы сұлтан.

Найман

Найман - қазақ халқының құрамындағы байырғы тайпа,көне жұрттардың бірі.
Найман туралы деректер оны әуелде Хинганнан Қарпатқа дейін созылып жатқан
Ұлы Даланың Ертіс пен Орхон өзендері аралығында ежелден көшіп жүрген
тайпалар қатарында таниды. Ол – сонау жыл санауымызға дейінгі екінші
ғасырлардан бастап дәуірлеп, Орта Азиядан Сары өзенге дейінгі байтақ
аймақты жайлаған Хунну (ғұн) ұлысының, біздің жыл санауымыздың бастапқы
ғасырларында қытай жазбаларында теле деген атпен әйгеленген байырғы киіз
туырлықты қандас тайпалар қауымдастығының кесек бір сынығы. Әбілғазы
жазуынша: Наймандар – көне жұрттардың бірі, малы мен басы көп өскен
халық. Бұл ел VI-VII ғасырлардағы айбынды Түрік қағанаты заманында дүниеге
келген ата жазуымызда Моңғолиядағы қазақ ғалымы әрі қайраткері
Қ.Сартқожаұлының дәлелдеуінше, Байырқу, сегіз оғұз тайпасы түрінде
көрініс береді. Бірсыпыра ғалымдардың дәлелдеуінше, оғұз сөзінің көне
Түрк тіліндегі бір мағынасы тайпа дегенге келеді. ( оқ - тайпа, з -
жиынтық сан есім). Ал найман моңғолша сегіз деген сөз. Сегіз оғұз жұртын
әуелі найман аймақ ( сегіз тайпа) деп Х ғасырда моңғол тілдес қидандар
атай бастаған екен. Кейіннен моңғол империясының дүниеге келіп дәуірлеуі,
бұл сөздің негізгі атау орнында қолданыла бастауына одан әрі жағдай жасаған
еді. Зерттеушілер бұл тайпа Х ғасырдан найман деп атала бастаса да, ХІІІ
ғасырға дейінгі бұрынғы сегіз аты да қосарлана байқалып келгенін де
ортаға тартады. Кезінде Жапон теңізінен Шығыс Түркістанға дейінгі байтақ
өңірді қоластына бағындырып, наймандарға да біраз уақыт билік жүргізген
Лияу әулетінің (Ұлы Қидан мемлекеті тарихы туралы жазылған жылнамаларда (Х
ғасыр) наймандар батысында (Ертістен ары) қанлы, қыпшақ, шығысында (Орхон,
Тола және Оңғын өзенлерінің алқабы) керей, меркіт, теріскейінде
(Селеңгеннің салалары) қырғыз, оңтүстігінде ұйғыр, таңғұттармен шекаралас,
қоңсылас болғаны айтылады.
Рәшид-ә-диннің Жылнамалар жинағы мен Моңғолдың құпия шежіресінің
көрсетуінше, Арғұн өзенінің Хайлар деп аталатын саласы мен Халқын гол өзені
алқабында қоңыраттар мекендеді. Екінші мыңжылдықтың бас кезінде осы
қоңыраттардан батысқа қарай Керей, Меркіт жеріне дейінгі аралықта (Онон,
Керуленөзендерінің алқабы) хунну, дунхулардың бір сынығы болып табылатын
түрк-моңғол жұрттары да қанатын жайып өсіп жатты. Ол тайпаларға өздерімен
іргелес, кейіннен моңғол тілі деп ен тағылған тілде сөйлейтін Қидан (осы
сөзден қытай атауы шыққан) мемлекетінің үстемдігі мен ықпал-әсері тым
етене байқалатын. Түрк тайпаларының қақ ортасында жатқан осы жұрттардың
соңыра моңғол тілді атанып кетуінің де бір себебі – түп-тегі Ішкі
Моңғолиядан шыққан сол қидандардың жегі құрттай дендеп кеткен жойқын
ассимиляйиясына тығыз қатысы бар болуы да ғажап емес. (Мұндай мысалды
алыстан іздеудің қажеті де жоқ. Орыс тілі шыңдап ене бастаған жарты ғасыр
ішінде, қазақтың жартысына жуығының орыс тілді болып шыға келгені көз
алдымызда ғой). ХІІ ғасырдың басында Ұлы Қидан (Лияу( мемлекеті ыдырап,
қидандардың біраз бөлігі Жетісу мен Орта Азияға өтіп, Қарақытай мемлекетін
құрғаны белгілі (1140-1213). Олар кейінірек жергілікті халықтарға сіңісіп
кетті. Ал сол ғасырдың соңына таман Онон, Керулен алқабын жайлаған
тайпалардың арасынан Темүжин сынды жас көсем бастаған қият тайпасы лау етіп
көтнріліп, тарыдай шашыраған моңғолдың басын қосып, аз уақытта-ақ
маңындағы елді ұйыстыра алған моңғол мемлекетіне айналды. Моңғолиялық қазақ
ғалымы И.Қабышұлы Темүжинге Шыңғыс (Жеңіс, Жеңгіз) деген есімді еншілеген
сол кездегі керейлердің ханы Торы (Торғыл( екенін айтады. (Торыны оған
қытайлар берген Уаң яки, бір елдің әміршісі лауазымы бойынша Уаң хан деп
те атайды. Өзі үлкен бір елдің билеушісі, әрі әкесі Есукейдің андасы
болғаннан кейін Торы бұл есімді жақсы тілек, жарым ырыс қылып айтса
айтқан шығар. Алайда Шыңғыс хан шапқан сайын төске өрлеп, маңайындағы Татар
(тата, тетан) мен Қоңыратты қоластына бағындырып алғаннан кейін, Керей
елінің өзіне ауыз салды. Әкесіндей болған Торыны (Уаң ханды) туған жерінен
безіндіріп, ақыры ол найман қарауылдарының қолынан кездейсоқ қаза тапты. Ал
ауқатты Найман мемлекетінің Шыңғыс ханмен шайқастары тарихи жылнамаларда
жан-жақты жазылып қалған бір хикая.
Темүжиннің әкесі Есүкей батырдың тұсында Найманелін Инанығ Білгі қаған
билеген еді. Инанығ - сенімді, білгі - білгір, кемеңгер деген сөз. Сол
Инанығ білгінің заманында наймандар Қидан мемлекетінің (қарақытайлардың)
қармағынан құтылып, бостандығын алады. Ол өлгеннен кейін Найман ұлысы екі
баласы байбұқа (қосалқы аты – Тай, Таян. Қидандар оған Дауаң) үлкен
әмірші (деген атақ берген, сол сөз келе-келе Таянға айналған) мен
бүйректің таласына түседі. Ақыры ағайынды екеу арасындағы араздық ұлысты
екіге бөліп тынады. Тай хан үлкені болғандықтан, әкесінің орнында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы
Н.А.Баскаков классификациясы.В.В.Радлов және түркология
Ғүн дәуірі
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы
Түркі және монғол тілдеріне ортақ лексика
Түркі халықтары әдебиеті
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Пәндер