Академик Ө.А.Байқоңыров



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ТАРАУ.Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы ... .4
А) Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыровтың еңбектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Б) Ө. А. Байқоңыровтың зерттеулері ... ... ... ... ...10
II ТАРАУ. Профессор Ө. А. Байқоңыровтың ұстаздық жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Өмірхан Аймағанбетұлы Қарсақбай заводы жанындағы завод фабрика мектебін бітіріп, алғашқы еңбек жолын металлург-жұмысшы мамандығынан бастады.Ол оқу кезінде комбинаттың бас геологы, болашақ Қаз ССР Ғылым акдемиясының президенті, акдемик Қаныш Сатбаев, сол кезде Қарсақбай заводының бас инженері болған А. П. Иванов, тағы басқа білікті мамандардан дәріс алады.
Байқоңыров ірі кең басқармасының бастығы, комбинаттың бас инженері қызметіне дейін көтеріліп, 18 жылдан астам уақыт тікелей кең өңдірумен айналысады.
КСРО мемлекеттік комитетінің авторлық куәлігін алған бұрғылау ісі озық отыратын жоғарғы өнімді жаңа кең қазу жүйесін ұсынып, өндіріске енгізген инженер — Ө. А. Байқоңыров болатын.
1. Исеналиев А. "Ө. А. Байқоңыровтың өмірбаяны" Алматы 1991 ж.
2. Аманжолов К. Р. "Академик Ө. А. Байқоңыров" Алматы 1987 ж.
3. Салықов К. "Ө. А. Байқоңыровтың ғылыми еңбектері" Алматы 1979 ж.
4. Мельников В. А. "Тау – кең геофизикасының негіздері" Москва 1968 ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...3

I ТАРАУ.Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы ... .4
А) Өмірхан Аймағанбетұлы Байқоңыровтың
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .8
Б) Ө. А. Байқоңыровтың зерттеулері ... ... ... ... ...10
II ТАРАУ. Профессор Ө. А. Байқоңыровтың ұстаздық
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 18

КІРІСПЕ

Өмірхан Аймағанбетұлы Қарсақбай заводы жанындағы завод фабрика
мектебін бітіріп, алғашқы еңбек жолын металлург-жұмысшы мамандығынан
бастады.Ол оқу кезінде комбинаттың бас геологы, болашақ Қаз ССР Ғылым
акдемиясының президенті, акдемик Қаныш Сатбаев, сол кезде Қарсақбай
заводының бас инженері болған А. П. Иванов, тағы басқа білікті мамандардан
дәріс алады.
Байқоңыров ірі кең басқармасының бастығы, комбинаттың бас инженері
қызметіне дейін көтеріліп, 18 жылдан астам уақыт тікелей кең өңдірумен
айналысады.
КСРО мемлекеттік комитетінің авторлық куәлігін алған бұрғылау ісі
озық отыратын жоғарғы өнімді жаңа кең қазу жүйесін ұсынып, өндіріске
енгізген инженер — Ө. А. Байқоңыров болатын.

Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы
Өмірхан Аймағамбетұлы 1912 жылы қыркүйектің 12-де Қарағанды
обылысының бұрынғы Жезді ауданы Ұлытау кеншарында дүниеге келген. Оның
әкесі Қарсақбай, Шымкент заводтарында металлург - жұмысшы болып істеген.
Бәлкім, академик Ө.А.Байқоңыров бойыңдағы табандылық пен қайсарлық, кенші
кәсібіне деген құрмет, сондай-ақ, болашақта оның азаматтық және ғалымдық
тұлғасын қалыптастырған қасиеттер де сол кезінде дарыған болар. Өмірхан
Аймағамбетұлы Қарсақбай заводы жанындағы завод-фабрика мектебін (ФЗО)
бітіріп, алғашқы еңбек жолын металлург-жұмысшы мамандығынан бастайды. Ол
оқу кезінде комбинаттың бас геологы, болашақ ҚазССР Ғылым академиясының
президенті, академик Қаныш Сәтбаев сол кезде Қарсақбай заводының бас
инженері болған А. П. Иванов, т.б. білікті мамандардан дәріс алады.
1935 жылы Ө. А. Байқоңыров Қазақтың кен-металлургия институтына оқуға
түседі. Студент кезінде-ақ ол институттың қоғамдық жұмысына белсене
араласады. 1940 жылы институтты бітірісімен Жезқазғанга жолдама алады. Ол
инженерлік ісін ауысым бастығынан бастаған жас маман Байқоңыров ірі кең
басқармасының бастығы, Комбинаттың бас инженері кызметіне дейін көтеріліп,
18 жылдан астам уақыт тікелей кең өндірісімен айналысады.
Өмірхан Аймағамбетұлы өңдірісте тек өз міндетін қалтқысыз орындаушы
маман болып қалмай, өңдірістің жаңашыл, өнертапқыш білікті инженері болып
танылғанын ерекше айта кету кереқ.
- 1941 жылы соғыстың ауыр кезеңі еді. Ел өнеркәсібі мысқа тым зәру болатын.
Сол себепті Ө. Байқоңыровтың тәжірибесінің жетімсіздігіне, жастығына
қарамай Қазан төнкерісі қарсаңында ұңғылап өтіп, бітірмей тастап кеткен №13
шахтаны қалпына келтіру тапсырылады. Уақыт ақпан бекітпесін толық істен
шығарып, шахта үсті ғимараттарын да жарамсыз күйге келтірген-ді. Мұның
бәрін қалпына келтіру керек еді. Бірақ жас маман бір жылға жеткізбей
шахтаны толық қалпына келтірумен тынбай, соғыс кәсіпорнына қажет мыңдаған
тонна мыс ағызған кен де бере бастап еді. Осы шахтада Ө. Байқоңыровтың
басшылығымен ұңғылардың жаңа әдісі сынақтан өткізіледі.
Бұдан соң ол ұзақ уақыт сол кезде Жезқазғандағы ең ірі "31-32" шахта
басқармасын және "31-32" - "Йетро" шахта басқармасы бірлестігін басқарады,
Жезқазған кен-металлургия комбинатының бас инжінері міндетін атқарады.
Сол жылдары Ө. А. Байқоңыровта қазбаны шапшаң өту ісін ұйымдастыру
тәрізді онсыз да қарбалас ісі көп кезеңнің жауапты шақтары жиі болыл
тұратын. Мұны қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұстафиннің "Жезқазған"
очерктер жинағындағы мына сөздерден: "...Өмірханның бірнеше шахталарды
басқаратындығын,
жерастында өткізетіндігін әңгіме барысында бірден аңғардым. Ол әр саладан
хабары бар білімді адам екен. Әңгіме барысында оның өндіріс технологиясын
жете білуімен коса бүгінгі қазақ әдебиетінен де мол мағлұматты екендігін де
аңғардым..."- анық көруге болады.
Инженер Ө. А. Байқоңыровтың ізденісі нәтиже бере бастайды. Мәселен,
жүргізген шараларының нәтижесінде "31-32" шахта басқармасы бір жылдан қейін
қен қазудан жоспарды асыра орындап, КСРО Министрлер Кеңесшің ауыспалы Қызыл
туын жеңіп алады.
Осы кезде Ө. А. Байқоңыров КСРО Мемтехника және кеніш мақүдцағап кең-
діңгекті қазу жүйесінің тиімділігі жоғары нұсқасын ұсынады. Мұны өндіріске
енгізгенде бұрғышылардың еңбек өнімділігін 1,78 есе өсіруге, ал 1т кеңнің
өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік алады. Сол жылдары Ө. А. Байқоңыров
өндірісте үлкен экономикалық тиімділігімен ерекшеленген 10-нан астам кең
қазу жүйелерінід прогрессивті жаңа нұсқаларын сынау жұмысын ұйымдастырады
(Ө. Байқоңыровтың 1952ж. №2 Торный журналындағы" мақаласына қарап), бүгінгі
тазартыс және даярлау, сондай-ақ шахта құрылысы жұмыстарын
механикаландыруға негіз болған жабдықтардың бастапқы түрлерін өндіріске
енгізеді. Осылайша Ө. А. Байқоңыров басқаратын осы шахта жүмыстары 1941-
1945 жыддардағы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерекше маңыз алып еді.
Металға бай кеңтіректерден кең алуды да бастаған (Ө. А. Байқоңыровтың 1948ж
№5 "Горный журналындағы" және Г. Подконың 22 маусым 1947 жыл №122
"Казахстанская правда" газетіндегі мақалаларына қараңыз), жаңа кең
учаскесін уақытылы даярлап іске қосу мақсатымен қазбаны шапшаң өтуді де
ұйымдастырған (1948 жыл №7 "Механизация тяжелых и трудоемких работ"
журналыддағы Ө. А. Байқоңыров мақаласына қараңыз), КСРО Мемлекеттік
комитетінің авторлық куәлігін алған, бұрғылау ісі озық отыратын жоғары
өнімді жаңа кең қазу жүйесін ұсынып, өндіріске енгізген инженер - Ө. А.
Байқоңыров болатын. Аталмыш жүйе - кеңшілердің еңбек өнімділігін арттыруға,
кең өнімдерінің өзіңдік қүнын айтарлықтай кемітуге мүмкіндік береді. Кең
тастарын тиеуге үш даңғыралы сырма қалдырғыларын өндіріске енгізу де, қейін
өңдірісте қолдау тауып кеткен өзі жүретін кең машиналарының алғашқы үлгісін
№31 шахтада өткізілген сынағына да Ө. А. Байқоңыров басшылық еткен болатын.
Өндірістің бүге-шегесіне дейін білетін, әрі ғылымға деген құштарлығы
талабына лайық, әркімде бола бермейтін қабілет иесі Өмірхан Аймағамбетүлы
Байқоңыров 1951 жылы өндірістен кол үзбей жүріп, кенші-ғалым академиқ А. С.
Поповтың жетекшілігімен техника ғылымдарыныд кандидаты ғылыми дәрежесін
табысты қорғап шығады.
1952-1962 жылдары Қазақтың кеңң-металлургия институтының қазіргі Қ.
И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті директоры болып
істейді. Академик Ө. А. Байқоңыровтың нағыз ұйымдастырушы талантының
көрініс тапқан жері осы кезең десе болғандай. Ол институттың материалдық
-техникалық базасын қайта құрып дамытуға,
ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және институт факультеттерін жаңа
мамандықтармен кеңейтіп, дамытуға зор еңбек сіңірді.
1959 жылы "Рудалы кендерді қазу" кафедрасы бойынша Қазақтың кең-
металлургия және Москваның кен институттарының ұсынысымен Ө. А.
Байқоңыровқа профессор ғылыми атағы берілді.
Осы ретте академик Қ И. Сәтбаев ұсыным-пікірінде былай деп атап өтті: "Ө.
А. Байқоңыровты 25 жыддай білетін болғандықтан мен оған профессор ғылыми
атағын беру туралы ҚазКМИ Ғылыми кеңесінің шешімін толык Қолдаймын және Ө.
А. Байқоңыровты бұл атаққа толық лайық деп білемін". Шынында да Ө. А.
Байқоңыров ҚазКМИ институты директорлық қызметіне кіріскенше, 18 жыл бойы
Жезқазған кең-металлургия комбинатында еңбек етіп, білікті инженер, өндіріс
жаңашылы ретінде танылған-ды. Ө. А. Байқоңыров өндірісте жүргенде-ақ Қазақ
ССР Ғылым Академиясы Кең ісі институтының Жезқазғанда жүргізген ғылыми-
зерттеулеріне белсене қатынасқан-ды.Мәселен, 1946-1952 жыддары ол өз
жұмысына қосымша, Жезқазган кеңіштері жағдайында жаңа кең қазу жүйелерін
жасау және оны сынақтан өткізуде КазССР Ғылым Академиясының эксперименттік
жұмыстарын басқарып, бұл жүмысында да ғылыми талдау ісін меңгерген,
өндірістің өзекті мәселесін дер кезінде қойып, оларды дұрыс шешу жолдарын
табуда өзіне талап қоя білетін маман, әрі іздемпаз зерттеушілік қабілетін
танытады.
1962 жылы профессор Ө. А. Байқоңыров ҚазССР ҒА-ның толық мүшелігіне,
сол жылы Академияның сессиясында Академик хатшылығына коса сайланады. Бұл
туралы КСРО академии Л. Д. Шевяков былай деп жазған-ды: "Ө. А,
Байқоңыровтың ғылымдағы, өнеркәсіптегі және оның ұйымдастырушылық
қызметіндегі сіңірген еңбегін ,ескере келіп бұл өте орынды жоғарылату деп
санаймын". Академик Н. В. Мельников: "профессор Ө. А. Байқоңыров мұндай
жоғары атаққа өте лайықты, оны жоғарылатуға толық негіз бар, - деп атай
келіп - шын мәнінде де профессор Ө. А. Байқоңыров кең ісі ғылымын, әсіресе,
бұрғы аттыру жүмыстары мен рудалы кенді қазу жүйелерін дамытуға үлкен үлес
қосты. Жиырма жыдан бері профессор Ө. А. Байқоңыровтың жариялаған теориялық
қағидалары оны кең ісі саласындағы ерен ғалым қатарында танытты", - деп
баға берді.
Ө. А. Байқоңыров тау-кен факультетінің жетекші кафедраларының бірі -
"Кең қазу технологиясы және кешенді механикаландыру кафедрасын басқарды.
Қысқы мерзімде Ө. А. Байкоңыров аталмыш кафедра жағынан -жерасты кең қазу
жүйесі, кең қазу процестерін модельдеу, кең жүмыстарын механикаландыру,
кеніштегі сейсмикалық құбылыстарды басқару тәрізді зертханалар кешенін
ұйымдастырды. Осы зертханаларда аспиранттар, инженерлер және оқытушылар
күрделі теориялық мәселелерді шешетін болды.
1969 жылы академик Ө. А. Байқоңыровтың докторлық диссертациясы ретінде
берілген "Жерасты кең орнын қазуды жіктеу және қазу әдістерін талдау"
монографиясы жарияланды.
Ө. А. Байқоңыров республиканың қоғамдық өміріне өзіндік үлес қосқан
азамат.Ол 1951-1954 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің және Алматы қалалық
Кеңесінін депутаты болып сайланды. Казақ ССР ҒА Президумының және
республиканың Жоғары және орта арнаулы Білім министрлігінің Коллегия
мүшесі, Қазақ ССР "Білім" қоғамының Президиум мүшесі, Қазақ ССР ҒА-ның Әлем
және Жер жайлы республикалық ғылыми-техникалық қоғамы Президумының мүшесі,
Қазақ ССР ЖжАО БМ-нің ғылыми-әдістемелік кеңесі кен секциясының төрағасы,
Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакция мүшесі, КСРО мен Одақ
республикаларының жер қойнауы туралы Негізгі Заң жобаларын даярлау
комиссиясының мүшесі, В. И. Ленин атындағы Казақ политехникалық институты
мен Қазақ ССР ГА-ның Кең ісі институты ғылыми Кеңестерінің мүшесі, т.б.

Ө. А. Байқоңыровтың еңбектері

Академик Ө. А. Байқоныровтың сіңірген еңбектері үкімет кітапаттарымен
аталып өтті. Атап айтқанда ол Ленин орденімен (1961ж), "1941-1945
жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы "Ерлік еңбегі үшін. В. И. Лениннің туғанына
100 жыл толу құрметіне", "ҚазССР-нің 50 жылдығы" медальдары жәнс ҚазССР
Жоғары Кеңесінің грамоталарымен, бірінші дәрежелі "Шахтер даңқы", "КСРО
Наркомцветінің социалистік жарыс озаты" белгілерімен марапаттады. Халық
шаруашылығында қол жеткізген жетістіктері үшін 1970 жылы ҚазССР халық
шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ХШЖК) бірінші дәрежелі дипломы және
алтын медалімен марапатталды.
1971 жылдың қарашасыңда оған Қазақ ССР- ның жоғары мектебіне еңбек
сіңірген қызметкер құрметті атағы берілді.
Өмірхан Аймағамбетұлы өз ұлтының болашағы үшін жан аянбай қызмет еткен, сол
үшін халқының сүйікті ұлы атанған азамат. Бұл туралы ақын К. Салықов былай
деп жырға қосады:
Асыл аға,
Астананың төрінде,
Бара жатыр,
Ғылымның тың өріңде.
Жезқазғанның забойында жүргендей,
Жалыны көп
Күлімдеген өңінде.
Бір қиындық,
Бір куаныш өмірде,
Дақ салмастан көңілте
Жайраң қағып қуанышпен келеді
Сол бірбеткей Ақ ниетті жөніңде.

Академик Ө. А. Байқоңыровтың ғылыми жолы
Академик Ө. А. Байқоңыровтың негізгі ғылыми еңбектері қатты пайдалы
казбаларын жерасты қазу проблемасына, кең қазу тәсілдерінің бірыңғай
жіктеуінің жасау мен оны тандау әдіснамасына тау жыныстарының физико-
механикалық қасиеттері мен тау қысымын зерделеуге, кең қазудың технологиясы
мен кешенді механикаландыруда, дамытуға жерасты жағдайыңда толассыз ағынды
технологияны қолдану мәселелеріне арналган.
Болашақ академиктін ғылыми жолы Жезқазғаңда - өндірісте жүрген кезінде-ақ
басталған еді. Ол өндірістен қол үзбей жүріп 1951 жылы кандидаттық
диссертация қорғайды.
1954 жылы шахта басқарып жүрген кезде жазылған Жезқазған-ның көлбеу
жатқан калың кең шоғырларын қазу үшін озық терең бұрғылау мен кұрастырылған
табан-төбекер пешті алумен қазудың камералы -дінгекті қазу жүйесі - деп
аталатын еңбегі өңдіріс басшысының ғылыми қабілетін анықтап берді. Бұл Ө.
А. Байқоңыровтың көзімен талдау және өндірістік мол тәжірибесі негізінде
ұсынылған ашық забой жүйесінің жаңа нұсқасы болатын.
Аталмыш кең қазу жүйесінің нұсқасы 1940-1950 жылдары Жезқазғанның N31
шахтасында эксперименттік сынаудан откізілді. Сөйтіп, бұл кең қазу жүйесі
КСРО Мемтехшжа байқауынан өтіп, N11697 авторлық куәлік алады және Жезқазған
мыс комбинаты Басқармасы мен Казақ ССР ҒА-сының Кең ісі институты
ұсынысымен жоғары өңімді жерасты кең қазу жүйесін іздестіру және оны
өндіріске енгізу тақырыбы бойынша одақтық конкурсқа жіберіледі.
Академик Ө. А. Байқоңыров ұстанған ғылым жолының атап өтер ерекшелігі
- үнемі жаңалық іздеу, соны идеяны іске асыруға ұмтылыс жөне шешетін
проблемаларды теориялық тереңнен қарастыру.Ол 300-ден астам ғылыми еңбектер
мен өнертапқыш ұсыныстардың авторы болып табылады. Өнебойы ізденісте
жүретін ол, кең қазуды механикаландыру және технологиясы бойынша әрқашан
жас зерттеушілерді қолдайды және прогрессивті бағытқа бастаушы ұстаз болып
қалады.1969 жылы Ө. А. Байқоңыровтың "Жерасты кең орнын қазуды жіктеу жөне
қазу әдістерін таңдау" монографиясы жарық көрді. Бұл автордың көп жылдық
шығармашылық ізденісі және аса мол өндірістік тәжірибесі нәтижеоінде
туындаған іргелі еңбек еді.
КСРО ҒА-ның академигі М. И. Агошков пен Казақ ССР ҒА-ның академигі А. С.
Поповтың КСРО Жоғары және АО БМ-нің Жоғары Аттестациялық Комиссиясына осы
монографиясы үшін Ө. А. Байқоңыровқа техника ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беруге ұсыныс жасауының негізі де оның тау-кең ғылымындағы
дүниежүзілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Ө. А. Байқоңыровтың өмір жолы
Ө.А.Байқоныровтың өмір жолы
Жезқазған қаласы
БАЙҚОҢЫРОВ Өмірхан Аймағамбетұлы
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВ – ҒЫЛЫМИ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Ұлытау. Жезқазған. Қараганды облысы. Балқаш көлі және қаласы
Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттері
ҚазҰТУ - мақтаныштары
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Пәндер