Таным – шындықтың бейнеленуі



1. Материалистік диалектика — таным теориясы әрі әдісі
2. Танымның субъектісі мен объектісі
3. Практика . танымның негізі және мақсаты
4. Танымның диалектикалық жолы. Сезімдік таным мен логикалық таным және олардың формалары.
5. Танымдағы сезімдік пен рационалдықтың диалектикалық бірлігі
6. Ақиқат деген не? Оның түрлері қандай?
7. Ақиқаттың өлшеуіші (критерийі)
8. Ғылыми танымның формалары мен әдіс.тәсілдері
1. Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қаңдай, білмеуден бІлімге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критерийі (өлшеуіші) не — бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді танып теориясы немесе гносеология қарастырады.
Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Б.Спиноза, ГЛейбниц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвеций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлесін қосты.
Таным проблемалары марксистік философияның басты мәселелерінің бірінен саналады. Материалистік диалектика табиғи және әлеуметтік шындықты танып білуге болатынына күмәнданушы немесе оны теріске шығарушы философиялық Ілімдердің қисынсыздығын ашып көрсетеді. Бұл ілімдерді, жалпы алғанда, философиялық (гносеологиялық) скептицизм (күмәнданушылық) деп атауға болады — олар ертеде көбінше осылай аталған еді, ал XIX ғасырдан бері агностицизм деп аталатын болды.
Скептицизмнің идеяларын айтушы ертедегі грек философтары Пиррон, Энесидем, Секст Эмпирик және басқалар әрбір талқыланатын теориялық мәселе бойынша бірін-бірі өзара теріске шығаратын қарама-карсы пікірлер айтылатынын бетке ұстай отырып, ақиқатқа жету мүмкін емес деген қорытыңдыға келді. Ертедегі скептиктер сезімдік қабылдау да, логикалық ережелер де заттарды танып білуге мүмкіндік бере алмайды, сондықтан білімнің бәрі бар болғаны сенім ғана деп дәлелдеді.
Жаңа дәуірде бірқатар философтар ертедегі скептиктердің дәлелдемелерін қайта жаңғыртып дамытты. Солардың ішінен ең алдымен ағылшын философы Д.Юмды және неміс философы И.Кантты атап көрсеткен жөн, өйткені олар агностицизмнің негізін салушылар деп есептеледі.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
План

Таным – шындықтың бейнеленуі
1. Материалистік диалектика — таным теориясы әрі әдісі
2. Танымның субъектісі мен объектісі
3. Практика – танымның негізі және мақсаты
4. Танымның диалектикалық жолы. Сезімдік таным мен логикалық таным және
олардың формалары.
5. Танымдағы сезімдік пен рационалдықтың диалектикалық бірлігі
6. Ақиқат деген не? Оның түрлері қандай?
7. Ақиқаттың өлшеуіші (критерийі)
8. Ғылыми танымның формалары мен әдіс-тәсілдері

1. Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қаңдай, білмеуден
бІлімге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат
деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критерийі (өлшеуіші)
не — бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді танып
теориясы немесе гносеология қарастырады.
Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды.
Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі
грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен
бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декарт, Дж.Локк, Б.Спиноза,
ГЛейбниц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвеций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен
және көптеген басқа философтар өз үлесін қосты.
Таным проблемалары марксистік философияның басты мәселелерінің бірінен
саналады. Материалистік диалектика табиғи және әлеуметтік шындықты танып
білуге болатынына күмәнданушы немесе оны теріске шығарушы философиялық
Ілімдердің қисынсыздығын ашып көрсетеді. Бұл ілімдерді, жалпы алғанда,
философиялық (гносеологиялық) скептицизм (күмәнданушылық) деп атауға болады
— олар ертеде көбінше осылай аталған еді, ал XIX ғасырдан бері агностицизм
деп аталатын болды.
Скептицизмнің идеяларын айтушы ертедегі грек философтары Пиррон,
Энесидем, Секст Эмпирик және басқалар әрбір талқыланатын теориялық мәселе
бойынша бірін-бірі өзара теріске шығаратын қарама-карсы пікірлер
айтылатынын бетке ұстай отырып, ақиқатқа жету мүмкін емес деген қорытыңдыға
келді. Ертедегі скептиктер сезімдік қабылдау да, логикалық ережелер де
заттарды танып білуге мүмкіндік бере алмайды, сондықтан білімнің бәрі бар
болғаны сенім ғана деп дәлелдеді.
Жаңа дәуірде бірқатар философтар ертедегі скептиктердің дәлелдемелерін
қайта жаңғыртып дамытты. Солардың ішінен ең алдымен ағылшын философы Д.Юмды
және неміс философы И.Кантты атап көрсеткен жөн, өйткені олар
агностицизмнің негізін салушылар деп есептеледі. Әрбір білім шын мәніне
келгеңде білместік болып табылады, деді Юм, өйткені адам өз тәжірибесінен
әрі аса алмайды. Кантшылдық — агностицизмнің келесі бір түрі. И.Кант таным
процесінің жеке формаларына: сезімге, ойдың ұғым, пікір формаларына, ақыл-
парасатқа егжей-тегжейлі талдау жасады. Бұл талдау гносеологияға қосылған
үлес болды. Бірақ оның барлық танымдық-теориялық пайымдауларының бағыты мен
жалпы қорытындылары дұрыс емес. Кант танып процесінің күрделі де қайшылықты
сипатын байқады, бірақ оны шындық дүнйе заттарынан бөліп тастады. Заттардың
"... өзі қандай екендігі туралы біз ештеңе білмейміз, — деп жазды ол, —
біз олардың тек құбылысын ғана, яғни біздің сезімімізге әсер ете отырып,
бізде тудыратын елестерін ғана білеміз".
XIX және XX ғасырлардың философиясында агностицизм жойылып кеткен жоқ.
Оны жақтаған буржуазиялық философиялардың түрлі бағыттары, ең алдымен
позитивизм мен оның махизм сияқты бір түрі және оған жақын прагматизм Кант
пен Юмның идеяларын қайта жаңғырта отырып, ол екеуінің көзқарастарының
қоспасын ең жаңа жетістік деп ұсынды, сөйтіп агностицизмді негіздеуге
әрекет жасады.
Жоғарыда айтылғаннан идеалистердің барлығы агностик болады екен деген
жаңсақ қорытынды жасауға болмайды. Мысалы, Декарт, Лейбниц, Гегель және
басқалар агностик болған жоқ. Гегель, Ф.Энгельс атап көрсеткендей,
"идеалистік" тұрғыдан қаншлықты мүмкін болса, соншалықты "дәрежеде"
агностицизмге тойтарыс берді. Бірақ идеалист агностицизмді дәйекті түрде
сынай алмайды; оған жеңіл-желпі қарап, соның салдрынан таным теориясының
бірқатар түбегейлі мәселелерін шешуде оның өзі агностицизмге ұрынады.
Екінші жағынан алғанда, агностиктердің бәрі бірдей идеализмнің табанды да
дәйекті жақтаушысы бола бермейді. Көп жағдайда ол материализм мен
идеализмнің арасындағы күресте ымырашылдық позиция ұстауға тырысады.
Танымдық-теориялық концепция ретінде агностицизм адамның түйсіктері мен
қабылдауларының және ұғымдарының мазмұнын объективтік шындықтан бөліп
тастай отырып, философияның негізгі мәселесінің екінші жағын шешуде
субъективтік идеализм болып табылады.
Агностицизмнің диалектика мен метафизикаға қатынасы да қайшылықты.
Агностицизм адамзат танымының диалектикалық табиғатын өз мүддесіне
пайдаланады, яғни субъективтік тұрғыдан түсіндіреді. Шындығында, танымның
ілгері жылжуы үшін белгілі бір дәрежеде скепсис, күмәндану қажет. Осы
тұрғыдан алғанда, ертедегі антик дүниесінен бастап-ақ философиялық
скептицизмде кейбір диалектикалық кезеңдер болып келді. Скептиктер білімнің
ақиқатқа қарай жылжу процесінің бай мазмұндылығын, күрделілігі мен
қайшылықтылығын жиі-жиі байқады. Бірақ агностицизм білімнің өзгергіштігін,
салыстырмалылығын дәріптейтіндіктен, скепсис теріс сипатқа ие болады.
Агностиктер білімнің, салыстырмалылығын, оның қайшылықтылығын анықтаумен
шектеледі де, олардан объективтік дүниенің заңдарына қарай аттап баспайды.
Субъективтік диалектиканы (білімнің қозғалысын) объективтік диалектикадан
(материяның қозғалысынан) бөліп тастау — агностицизмнің негізгі
гносеологиялық көзі міне осында.
Агностицизм пайда болғаннан бастап-ақ сыналып келеді. Агностицизмнің
қарсыластары олардың ілімінің қайшылықтылығын, түпті қағидаларының
қисынсыздығын ашып көрсетті, бірақ бұрын агностицизмді сынауда бұрмаланған
философиялық түсініктердің жалғандығын ашып көрсететін нақты дәлелдерден
гөрі көбінесе өткір тілділік басым болды. Білім жайындағы агностикалық
түсініктер таным процесінің күрделілігі мен қайшылықты сипатын, білімнің
ақиқаттығының критерийін анықтау қиындығының көрінісі (салдары) ретінде
туады.
Бірақ агностицизмнің әлеуметтік мазмұны да бар - ол қоғамдағы белгілі
бір әлеуметтік топтардың мүддесін, олардың дүниеге көзқарасын да
бейнелендіреді. Сондықтан агностицизмді жеңу (жою) күрделі танымдық-
теориялық проблемаларды шешумен бірге, оның әлеуметтік түп-тамырларын ашуды
және құртуды да талап етеді. Мұны шешу ескі, жай пайымдаушы материализмнің
де, идеалистік диалектиканың да қолынан келмейді. Агностицизмді марксизмнің
таным теориясы болып табылатын материалистік диалектиканың негізінде ғана
жеңуге болады.
Диалектикалық-материалистік таным теориясының негіздерін В.И.Ленин
"Материализм және эмпириокритицизм" деген еңбегінде мынадай қағидаларда
тұжырымдап берді:
1) Біздің санамызға тәуелсіз, біздің түйсігімізге тәуелсіз, бізден тыс
заттар бар...
2) Құбылыс пен өзіндік заттың арасында ешқандай принциптік айырма жоқ,
болуы да мүмкін емес. Тек біз танып білтен зат пен біз әлі танып білмеген
заттың арасында ғана айырма бар...
3) Ғылымның басқа тарауларының бәріндегідей, дүниетану теориясында да
диалекгакалық жолмен пайымдау керек, яғни біздің дүниетануымызды даяр
тұрған және өзгермейтін нәрсе деп ойламау керек, қайта білмеушіліктен білім
қалай туатынын, толық емес, айқын емес білімнің қалайынша толығырақ,
айқынырақ білімге айналатынын тексеру керек.
Марксизм гносеологияға, оның бүкіл кейпін түбірінен өзгерткен, екі
жаңалық енгізді: 1) материалистік диалектаканы таным саласына қолданды; 2)
таным теориясына білімнің ақиқаттығының негізі және критерийі (өлшемі)
ретінде практиканы ендірді, сөйтіп сыртқы дүниенің де, адамзат ойлауының да
ең жалпы қозғалыс заңдары жайындағы ғылым — материалистік диалектиканың
объективтік дүние заңдары мен ойлаудың заңдарын бір-бірінен бөлек қарамай,
бірлікте қарауын, тепе-тең қарауын қамтамасыз етті. Бұл "...екітүрлі заңды
алсақ, — деп жазды Ф.Энгельс, — олар ішкі мәні жағынан ұқсас та, өздерінің
көрінісі жағынан өзгеше келеді, өйткені адамның басы бұл заңдарды саналы
түрде қолдана алады, ал табиғатта — бұл кезге дейін көбінесе адамзат
тарихында да — бұлар өздерінің жолын санасыз түрде тауып отырды".
Сонымен, білім мен оның қозғалыс заңдары (субъективтік диалектика)
ойлаушы баста объективтік шындықтың және оның заңдылықтарының бейнеленуі
болып табылады. Біздің біліміміздің мазмұны жағынан одан тыс өмір сүретін
объектілермен және процестермен сәйкес келуі таным процесінде жүзеге асады.
Оның шарты — табиғат құбылыстары мен процестерін игеруге бағытталған
адамның материалдық практикалық қызметі.
Қорыта айтқанда, марксистік философияның тууы таным теориясында шын
мәніндегі революциялық төңкеріс болды, өйткені К.Маркс пен Ф.Энгельс
материалистік диалектиканы танып процесіне қолдана отырып, сонымен бірге
адамзатты дүниетанудың бірден-бір ғылыми әдісімен қаруландырды.
2. Білім адамның басында әуел бастан болмайды; ол оны өз өмірінің
барысында, практикалық іс-әрекетінің нәтижесінде игереді. Адамның жаңа
білімдерді игеру процесі таным деп аталады.
Танымның мәнін, заңдылықтарын түсіну үшін оның субъектісі кім екенін,
яғни оны іске асыратын кім екенін анықтау қажет. Мұның қиын еместігі,
танымның субъектісі адам екені өзінен-өзі түсінікті. Бірақ, біріншіден,
философия тарихы заттардың мәнін адамның танып білуі мүмкін емес деп
санайтын ойшылдарды біледі. Екіншіден, қазіргі уақытта таным процесі және
оның теориялық ойлау сияқты формасы адамға ғана тән емес, олар сондай-ақ
адам жасаған электрондық-есептеу машинасы сияқты техникалық қондырғыларға
да тән деген пікір тарап жүр. Үшіншіден, адам — танымның субъектісі деп жай
айта салу жеткіліксіз, оны таным субъектісіне айналдыратын не екенін
анықтау қажет, ал бұл үшін адамның қоғамдық мәнін білу керек.
Кезінде Л.Фейербах танымның субъектісі сана деп түсіндірген идеалистік
көзқарасты сынай отырып, сана адамға тән рухани құбылыс екенін дұрыс атап
көрсетті. Адам, Фейербахтың түсінігінше, кеңістік пен уақытта өмір сүретін,
табиғатпен екі арадағы байланысының арқасында дүниені танып білуге
қабілетті тәні бар жан. Фейербах өзінің таным жайындағы түсінігінде табиғи
мәні бар нақты адам жайында айтып отырған сияқты. Алайда, дейді Маркс пен
Энгельс, "... Фейербах шындықта өмір сүретін әрекетшіл адамдарға ешқашан
жете алмайды, "адам" деген абстракциадан өте алмай, тек сезім саласындағы
шын, тәні бар, дара адамды мойындаумен ғана шектеледі...".
Адам өзінің нақты, шын мәніне қалайша ие болады? Адамға табиғи тіршілік
қасиеттері, оның ішіңде сезімділік қасиет те тән, бірақ ол өзінің екінші,
әлеуметтік табиғатын — мәдениетін, цивилизацияны өзі жасайды, еңбектің
арқасында өзін-өзі жасайды, табиғат нәрселерін жай ғана иемденбестен,
оларды өзінің қажеттеріне сәйкес өзгертеді. Адам мұны қоғамдық тіршілік
иесі болғаңдықтан, өзі сияқты басқалармен белтілі бір қатынастар орната
отырып қана жасай алады. "...Адам, — деп жазды К.Маркс, — дүниеден тыс бір
жерді паналайтын абстрактілі тіршілік иесі емес. Адам дегеніміз — адам
дүниесі, мемлекет, қоғам". Қоғамнан тыс адам жоқ, олай болса, қоғамсыз
танымның субъектісі жоқ.
Осыған орай, оқырманда мынадай заңды сұрақ тууы мүмкін: соңда Пифагор,
Аристотель, Ньютон, Эйнштейн сияқты көрнекті тұлғаларсыз және басқа сан
мыңдаған қатардағы адамдарсыз қоғам, бүкіл адамзат дүниені бірден танып
біле ала ма? Әрине, ақыл-ойы бар, өндіре алатын, жеке басының ерекшеліктері
мен қабілеттілігі бар дара адамдарсыз қоғам өмір сүре алмайды. Бірақ ол
дара адамдар өзара белгілі бір қоғамдық қатынастар орната отырып,
әлеуметтік құрылыстың сол сатысында қол жеткен өндірістік құрал-жабдықтарды
қолдану арқылы ғана танымның субъектісі бола алады.
Сөйтіп, таным процесі адамның дүниені тануының тарихи қалыптасқан
қабілеттерінің құрылысына, танымның даму дәрежесіне байланысты, ал бұл
соңғы сол кездегі қоғамдық жағдайлармен тәуелділік байланыста. Мысалы,
И.Ньютон қаншалықты данышпан болса да, бірақ өз кезінде ол относительдік
теорияны жасай алмас еді. Объективтік идеализм сананың, ақыл-ойдың сол
тұста қоғамда өмір сүріп жатқан жеке-дара адамдарға тәуелсіз екенін айта
келіп, танымның бұл ерекшелігін бұрмалап, теріс түсіндірді: адамдардың іс-
әрекетінің сана формаларында жинақталған нәтижесін бөліп алып, оны өзінің
ғана логикасы бойынша әрекет ететін дербес мән, субстанция түрінде
көрсетті. Сондықтан ойлау процесі өзінің шын иесі — адамнан ғана қол үзген
жоқ, сондай-ақ объектіден де, яғни субъектіден тыс тұрған нәрселер мен
құбылыстардан да қол үзді.
Таным үшін субъект қана қажет емес, сондай-ақ объект те қажет, өйткені
субъект (адам) онымен өзара әрекетке түседі. Танымның субъектісі — адамның
өзі туралы оның танымы мен практикасының объекті не екеніне қарай пікір
айтуға болады. Мысалы, Демокрит пен Аристотельдің тұсында ғана емес, сондай-
ақ Галилей мен Ньютонның кезіңде де электрон объективтік шындық ретінде
өмір сүрді, бірақ ол адамның дүниетану қызметінің аумағына енбеді, өйткені
адам ол кезде электронды өзінің ақыл-ойы мен іс-әрекетінің объекті ретінде
ашуға қабілетсіз еді. Тек қоғамның даму дәрежесін білгеннен соң ғана
табиғаттың қай нәрсесі адамдардың дүниетануының объекті болатыны жолында
қорытынды жасауға болады. Мысалы, қазіргі қоғамдық практиканың деңгейінің
жоғарылығы сонша, адамның практикалық іс-әрекетінің объектіне біртіңдеп
біздің Жерді қоршаған ғарыш кеңістігін және Күн системасының басқа
планеталарын іс жүзінде игеру еніп келе жатыр. Адам белгілі бір шамада
"адамданған" табиғатта өмір сүріп келеді. Ол өз болмысының орбитасына
барған сайын табиғаттың жаңа құбылыстарын қосып алып, оларды өзінің
практикалық іс-әрекетінің обьектіне айналдырды.
Адамзат дүниесі осылайша кеңейе және тереңдей түсуде. Л.Фейербахтың
шындықты түсінуін сынай келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс былай деп жазды: "Ол
өзін қоршаған сезімдік дүние ғасырлар бойы дәл сол күйінде берілген,
әрдайым өзіне-өзі тең зат емес екенін, керісінше, ол өнеркәсіп пен қоғамдық
жағдайдың жемісі екенін байқамайды... Барлық дерлік басқа жеміс ағаштары
сияқты, шие ағашы да біздің жақта сауданың арқасында бірнеше ғасырлар бұрын
ғана пайда болғаны белгілі, сөйтіп ол белгілі бір қоғамның белгілі бір
уақыттағы сол әрекеті арқасыңда ғана Фейербахтың "сезімдік қабылдауына"
айналды".
Сөйтіп, таным объектінің көпшілік бөлігі табиғаттың адамзат өзгерткен
құбылыстары болып табылады. Танымның бұл объектілері айтарлықтай дәрежеде
адамның практикалық іс-әрекетіне тәуелді. Осы практикалық іс-әрекеттің
нәтижесінде мәдениет жасалады, ал мәдениеттің негізгі бір элементі танымның
нәтижесі — білім.
3. Табиғат нәрселері мен қоғамдық-әлеуметтік құрылыстардың адамға әсер
етуі — танымның оң бірінші шарты, алайда таным процесінің негізі — адамның
объективтік шындыққа тигізетін әрекеті. Таным процесі адамның өз әрекеті
арқылы объективтік заттар мен құбылыстарды өзгертуінің арқасында дамиды,
сонымен бірге ол заттар мен құбылыстар адамға кері әсерін тигізеді. Танымды
субъекті мен объектінің практикадағы осындай өзара әрекеттесуінің нәтижесі
арқылы түсіндіру жолымен ғана адам танымының мәнін дұрыс ұтуға болады.
Адамзат пен табиғат — сапасы түрліше екі материлдық система. Адам — әрі
әлеуметтік, әрі заттық тіршілік иесі — заттық құрал-саймандар әдісімен
әрекет етеді. Оның санасы мен еркінің болуы әлгі айтқан қарым-қатынасқа
шешуші әсерін тигізеді. Адам өзінің барлық құрал-саймандарымен, табиғи және
жасанды құрал-саймандарымен, әрекет ете отырып, табиғат заттары мен
құбылыстарын өзгертеді, ал олармен бірге өзін де өзгертеді. Адамдардың
табиғи және әлеуметтік объектілерді мақсатқа сай өзгертуге бағытталған бұл
іс-әрекеті практика деп аталады.
Әрине, практика ұғымын материалдық өндіріспен ғана шектеуге болмайды.
Қоғамдық - материалдық өндіріс — адамдардың практикалық қызметінің ең
басты, ең негізгі түрі. Практиканың негізгі түрлеріне қоғамдық-материалдық
өндіріспен қатар халықтың әлеуметтік-қоғамдық іс-әрекеттері (қоғам өмірінің
саяси-әлеуметтік және рухани салаларындағы іс-әрекеттер), жаратылыстану-
ғылыми және әлеуметтік эксперименттер т.б. жатады.
Практикаға, ең кең мағынада алғанда, адам қызметінің заттық-материалдық
формаларының бүкіл жиынтығы енеді — ол қоғамдық болмыстың барлық жақтарын,
яғни бүкіл қоғам өмірін қамтиды: тап күресі, өнер мен ғылымның дамуы сияқты
барлық әлеуметтік құбылыстарды қамтитын қоғамдық болмыс процесінде бүкіл
материалдық және рухани мәдениет жасалады. Адамнан басқа жан-жануарлар
табиғатта бар нәрселер мен заттарды "тұтынумен" ғана шектелсе, адам — әр
тарапты дамыған жан иесі ретінде табиғатта жоқ нәрселерді жасайды, оларды
ұдайы пайда болып, дамып отыратын өз мақсат-мүдделеріне сәйкес жасайды. Ал
бұл сияқты іс-әрекеттер санасыз мүмкін емес.
Қоғамдық практика таным теориясымен диалектикалық бірлікте іске асады,
Ол бірлік практиканың таным теориясына қатысты үш түрлі функциясынан айқын
көрінеді. Практика, біріншіден, танымның негізі, білімнің қайнар көзі болып
табылады. Ол теориялық тұрғыдан талдап, жалпылау үшін қажетті факті
материалдарын береді, сөйтіп топырақ ағашты қалай қоректеңдірсе, ол да
танымды нақты материалдармен "қоректендіріп", теорияның шындықтан қол
үзбеуіне көмектеседі. Екіншіден, практика білімдердің іске асуының тәсілі
болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ол — танымның мақсаты болады. Ғылыми
білімдер өмірде іске асса ғана олардың практикалық мәні, маңызы болады.
Танымның түпкі мақсаты таза теориялық білім алу емес, ең алдымен қоғамның
материалдық және рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін шындықты қайта құру,
табиғат күштерін қоғамға қызмет жасату болып табылады. Практика, үшіншіден,
танымның нәтижесінде алған білімнің ақиқаттығын анықтаушы өлшеуіш —
критерий рөлін орындайды. Практикада әбден тексеріліп, анықталған білім
ғана объективтік ақиқат деп мойыңдалады.
Демек, практика — танымның барлық сатыларында білімнің қалыптасуы мен
дамуының негізгі, қайнар көзі, таным процесі нәтижесінің ақиқаттығының
критерийі және заттың адамға керекті нәрсемен байланысының анықтаушысы.
Адамның іс-әрекеттерінің барлық формалары, оның ішінде заттар мен
құбылыстарды танып білуге бағытталған әрекеттері де еңбектің, өндірістің
негізінде жүзеге асады. Бастапқыда таным процесі материалдық өндірістен
бөлінбестен, еңбек процесімен тікелей бірлікте болды. Кейіннен,
цивилизацияның даму процесінде, заттар өндірісінен идеялар өндірісі бөлініп
шықты, таным процесі адамның айтарлықтай дербес рухани қызметіне айналды;
осының негізінде кейіннен теория мен практиканы қарама-қарсы қою шықты. Ол
қарама-қарсылықтың арасында туған қайшылық өз шешімін диалектикалық-
материалистік таным теориясынан тапты.
Теориялық қызмет пен практиканың қарым-қатынасына талдау жасай келе,
матералистік диалектика теорияның практикаға тәуелділігін және сонымен
бірге теорияның салыстырмалы дербестігін анықтап берді. Гносеология үшін
мұның екеуі де маңызды. Танымның практикаға тәуелділігі бізге танымның
қоғамдық-тарихи табиғатын түсіңдіріп береді. Танымның барлық жақтары,
формалары қоғаммен тығыз байланысты және сол арқылы анықталады. Танымның
субъектісі — қоғамдық жан иесі адам, ал объекті — адам танып білуге немесе
практикалық-материалдық қызметіңде пайдаланатын табиғат нәрселеріне
әлеуметтік құбылыстар.
4. Әрбір дұрыс ойлаушы адам дүниедегі заттар мен құбылыстарды тану,
білу әрдайым сезім мүшелерімен қабылдаудан, тікелей сезуден, нақты
нәрселерді бақылаудан басталатынына күмән келтірмейді. Өзімізге таныс емес
қайсы бір нәрсені танып білу үшін біз алдымен оны көреміз, оның қасиет,
белгілерін анықтаймыз т.т. Осылайша танысудың нәтижесінде жиналған
тәжірибелік нақты материал ол нәрсе жайында белгілі бір ойқорытынды жасап,
пікірге келуімізге негіз болады. Кез келген ой-пікір нақты заттар мен
құбылыстарды тікелей немесе жанама жолмен қабылдаудың нәтижесінде алынған
мәліметтердің негізінде ғана жүзеге асады, яғни дүниені танып білу сезімдік
қабылдаудан басталады.
Сезім мүшелерінің көмегінсіз біз ештеңе біле алмайтынымызды әрбір адам
басының тәжірибесінен сезуге тисіті. Тіпті адамзаттың бұрынғы ұрпақтарынан
қалған білімдерді де біз сезім мүшелерінің көмегімен танып білеміз:
көзімізбен жазуды оқимыз, құлағымызбен естиміз т.т., ал бұл білімдердің
өзін алғашында ол кездегі адамдар да сезім мүшелерінің көмегімен жинақтаған
ғой. Барлық сезім мүшелерінен айырылған адам айналадағы дүниені қабылдау
мүмкіндігінен, олай болса, дүниетану мүмкіндігінен жұрдай болар еді,
өйткені сезім мүшелерінен басқа адамда шындық дүниеден хабар алатын мүше
жоқ. Сезім мүшелері сыртқы дүниеге ашылған терезе немесе канал деп теңдеуге
де болады, өйткені сыртқы дүниеден келген орасан мол әсерлер солар арқылы
келеді.
Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі
формаларына түйсік, қабылдау және елестету процестері жатады.
Түйсік дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін объективтік
дүниенің заттары мен нәрселерінің жеке қасиеттері мен сапаларының
бейнеленуі.
Шындық дүниедегі қандай нәрсені алмайық, оның толып жатқан түрлі
жақтары мен қасиеттері, сапасы мен белгілері бар. Мысалға бір түйір қантты
алсақ, ол ақ түсті, қатты, тәтті, белгілі бір формасы, көлемі және салмағы
бар. Осы сияқты басқа нәрселердің де өзіндік өзгеше қасиет, белгілері бар —
олардың әрқайсысының сезім мүшелеріне тигізетін әсерлері түрліше, ал бұл
түйсіктердің көп түрлілігін тудырады: көру түйсігі, есіту, иіс, дәм
түйсіктері, тері түйсігі — бұлар түйсіктің ең негізгі бес түрі. Организмнің
ішкі мүшелерінде болып жататын процестерді түйсіну — органикалық түйсікке
жатады және т.т. Таным теориясында біз негізінен көпшілікке жақсы таныс
түйсіктердің жоғарыда келтірілген бес түрін қарастырамыз.
Түйсік нәрселердің, құбылыстардың жеке қасиеттерінің аса қарапайым
сезімдік бейнесі болып табылады. Ол қарапайым бейнеленуді жүзеге асыратын
адам организмінде тиісті физиологиялық аппарат бар — ол сезім мүшелерінен,
сырттан келетін тітіркенуді мидың тиісті бөліміне жеткізетін нерв
талшықтарынан және ол тітіркенулерді тиісті түйсікке айналдыратын мидың
учаскесінен тұрады. Белгілі бір дыбыстан адамның құлағында туған тітіркену
дыбыс түйсігіне айналады.
Түйсікті жеке сапа, қасиеттің бейнеленуі (мысалы, қызыл не көк түсті
түйсіну) мағынасында түсіндіре отырып, В.И.Ленин түйсік ұғымын кең мағынада
да, "объективтік дүниенің субъективтік бейнесі" ретінде де қолданды.
Кең мағынада алғанда түйсік бүкіл объективтік дүниені тұтас қамтиды да,
түйсіктің субъектісі бұл жерде бүкіл адамзат, бүкіл адамзаттың танымы мен
практикасының нәтижесі болады. Түйсіктің мұндай аса кең ұғымы шын мәнінде
сана ұғымымен тепе-тең қарастырылатынын аңғару қиын емес. Кең мағынада
алынған түйсік ұғымы барлық адамдардың практикалық қызметі процесінде іске
асатын шындықты бейнелендіру жұмысы мағынасында алынады.
Объективтік өмір сүретін нәрселерді бейнелендіруші түйсіктер адам
басындағы механикалық таңба емес, идеалдық бейне болып табылады. Бұл бейне
субъективтік, өйткені ол сыртқы дүниеге қатысты емес, адамға және бүкіл
адамзатқа (субъектіге) қатысты бейне. Бұл — түйсіктің сипатына адам
психологиясының ерекше заңдылықтары, түйсіндіруші адамның жеке басының
ерекшеліктері және, ең бастысы, ол адам өмір сүретін әлеуметтік жағдайлар,
қоғамдық орта әсер етеді деген сөз. Осыған орай бір тітіркендіргшітің
әсерін түрлі адамдар түрліше қабылдайды.
Сезімдік бейнелендірудің күрделірек формасы қабылдау деп аталады. Егер
түйсік жеке сапа, қасиеттердің бейнесі болса, ал қабылдау нәрсенің бір
тұтас бейнесі болып табылады, яғни нәрседе, затта қанша сапалық белгі,
қасиет болса, олардың бәрі сол нәрсенің біртұтас бейнесін құрады. Мысалы,
белгілі бір өсімдікке бақылау жүргізіп, көру мүшесі арқылы оның түсін,
формасын, бойын, көлемін түйсіңдіреміз, қолдың көмегімен бұтағын, жапырағын
ұстап көреміз, иіс сезу мүшесі:— мұрынның көмегімен ұнамды, ұнамсыз иісін
сеземіз т.б. Алайда бұл түйсіктердің бәрі бірінен бірі бөлек қабылданбай,
бір өсімдіктің біртұтас бейнесі түрінде қабылданады.
Қабылдау әрине түйсіктердің негізінде туады. Бірақ ол түйсіктердің жай
механикалық қосындысы емес, Ол нәрседе объективтік түрде бар сапа,
қасиеттерді,белгілерді қамтитын, яғни соларға сәйкес түйсіктерді табиғи
біріктіретін біртұтас сезімдік бейне болып табылады.

Сезімдік танымның үшінші формасы елестету деп аталады.
Елестету дегеніміз бұрын қабылданған заттар мен нәрселердің көрнекі
бейнесін сезім мүшелері арқылы қайта жаңғырту процесі. Елустетудің
физиологиялық шарты — бұрын қабылданған нәрселердің бейнесінің ізі
сақталып, қажетті кезінде қайта жаңғыруы. Таным процесінің үздіксіздігін
және сабақтастығын қамтамасыз ететін бұл функциясы ес, есте сақтау деп
аталады. Есте сақтаусыз тану мүмкін емес.
Елестету бұрын қабылданғанды сол күйіңде нақты бейнесін дәл қайта
жаңғырту түрінде болуы мүмкін. Мұнда жалпылау процесі жоқ, соңдықтан
елестету танымның сезімдік формасына жатады. Заттар мен құбылыстардың ішкі
мәнін, заңдылығын елестету мүмкін емес. Бұл жөнінде В.ИЛениннің, мынадай
сөздерін келтірген орынды. Секундына 300000 километрлік жылдамдықты
елестету мүмкін емес, ал ол жөнінде ойлауға болады, ұғынуға болады. 300000
километрлік жарық жылдамдығын былай қойғанда, секундына бір километрлік
әскери мылтықтың оғының жылдамдығын да елестету қиын емес пе!
Елестету нәрселердің көрнекі бейнесіне байланысты, ал ойлау, ұғым
абстрактілі бейнеге байланысты. Алайда елестетуде жалпылаудың элементтері
бар. Мәселен, Алматының бейнесі нақты көрнекі бейне, ал "қаланың"
бейнесінде жалпылау бар, өйткені адам Алматыдан басқа да толып жатқан
қалаларды көрген, сондықтан ол солардың белгілі бір орташа бейнесін
елестетеді.
Осы тұрғыдан алғанда, елестету сезімдік таным мен логикалық
(рационалдық) танымның түйіскен жерінде тұр десе де болады, Өйткені ол, бір
жағынан, нәрсеге тән нақты, көрнекі бейне, екінші жағынан қарағанда, ол
нақты шындықты түйсіну, қабылдау сияқты тікелей, көрнекі бейнесінен алшақ
тұр.
Нақты, көрнекі бейне ретінде елестету жоғары дамыған жануарларға да
тән. Мысалы, иттің миында иесінің көрнекі бейнесі, ізі қалмаған болса, онда
ол өз иесін танымас еді Сол сияқты жоғары сатыдағы басқа жануарларда да
елестету процесі бар, бірақ оларда ой, сана жоқ.
Адамның санасында бейнеленген образдар бұрын қабылданғанды қайта
жаңғыртумен ғана шектелмейді. Адам бейнелерді творчестволықпен біріктіре
отырып, шындықта объектісі жоқ жаңа бейнелер жасай алады. Адамның
елестетуінің бұл жоғарғы формасы творчестволық қиял деп аталады.
Объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстарға тән заңдылықтарды,
нәрселердің ішкі мәнін сезімдік танымның көмегімен ашу мүмкін емес, ал адам
құбылыстардың сырт көрінісін танып білумен қанағаттанбай, шындық дүниенің
ішкі мәніне үңілуге, табиғаттың, қоғамның және рухани өмірдің даму
заңдылықтарын танып білуге талпынады. Бұл біріншіден. Екіншіден, адам танып
білетін құбылыстар мен нәрселердің болмашы бөлігін ғана сезім мүшелерінің
көмегімен танып біле алады, өйткені бәрін танып білуге сезім мүшелерінің
күші жетпейтін нәрселер мен құбылыстар сансыз көп. Көптеген нәрселер мен
құбылыстар кеңістік пен уақыт жағынан өте алыста жатыр. Оның үстіне,
көптеген құбылыстардың сырт көрінісі мен ішкі мәні мүлдем сәйкес келмейді
және т.т. Бұлардың бәрін адам ғылыми-абстракциядлық, теориялық ойлаудың
көмегімен танып біледі.
Сезімдік танымнан абстракциялық ойлауға өтудың жолы қаңдай? Түйсік,
қабылдау, елестету процестерінен ұғым, пікір, ойқорытынды сияқты ойлау
формалары қалай шығады? — деген мәселе-сұрақтарды қалай түсіндіруге болады?
Бұларда диалектикалық таным теориясы төмендегідей түсіндіреді.
Ойлау сезімдік қабылдаудың мәліметтерін талдап, "тәртіпке" келтіреді,
яғни сезімдік қабылдау бере алмайтын жаңа білім береді. Бұл сезімдік
танымнан абстракциялық ойлауға өту диалектикалық секіріс болып табылады.
Оның шындықта объективтік негізі бар — таным объектісі ішкіден және
сыртқыдан, құбылыстан және мәннен, жекеден және жалпылықтан тұрады. Сыртқы,
құбылыс және жеке тікелей сезіну арқылы бейнеленсе, ал ішкі, мән және
жалпылық ойлауда және ойлау арқылы бейнеленеді, Осы секірістің нәтижесіңде
ұсыну деп аталатын процесс іске асады. Мысалы, сезім мүшелерімен біз электр
лампочкасын, ондағы электр жарығын көреміз, ал электр тогі деген белгілі
бір жылдамдықпен қозғалатын электрондардың ағыны екенін көре алмаймыз. Сол
сияқты, сезім мүшелерімен жарықтың орасан зор жылдамдығын, атом ішіндегі
элементарлық бөлшектердің қозғалысын және осы сияқты орасан көп күрделі
табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді тікелей қабылдау мүмкін емес. Ұғыну
деген заттар мен нәрселердің мәнді қасиеттері мен жақтарын ашуды білдіреді.
Олай болса, сезімдік танымнан абстракциялық ойлауға көшу шындықтан дерексіз
бірдеңеге өту емес, нақты сезімдік маттриалдан терең мазмұнды ойлауға кешу
деген сөз.
Ойлау дегеніміз заттар мен құбылыстардың мәнді қасиеттері мен қатынас-
байланыстарын мақсатқа сай абстрактіні, жанама және жалпылау формасында
бейнелендіру процесі. Ойлаудың мақсатқа сай болатын себебі сол, ол белгілі
бір практикалық немесе теориялық мәселені қою және шешу арқылы ақиқатка
жетуге талпынады. Бұл талпыныста ол нәрсенің сырт құбылысынан ішкі мәніне,
формасын танып білуден ішкі мазмұнына, жекеше белгілерінен жалпы қасиетке
қарай жүреді.
Ойлау процесі аса күрделі жанама жолмен жүреді. Ойлаудың бұл жанамалық
сипатының объективтік негізі бар — ол шындық дүниедегі жанама байланыстар
мен қатынастар. Мысалы, себеп-салдар байланысы салдарына қарай себебі
жайында қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Күнделікті практикалық ойлау
да, ғылыми-теориялық ойлау да, сондай-ақ көркем өнер де алуан түрлі жанама
ойқорытындылар жасау арқылы жүзеге асады.
Ойлау сондай-ақ, адамның сапа жағынан алуан түрлі таным формаларымен
жанама байланыста. Олар — сезімдік әсер, символдық бейнелер, тіл
құбылыстары т.т. Тіл және сондай-ақ басқа таңба-белгілер системасы (жасанды
тілдер), — математикалық таңбалар сияқты абстрактілі бейнелер де, "өнер
тілі" сияқты нақты көркем бейнелер де — ойлау құралы екені белгілі. Бұл
системалардың элементтері ойлаудың абстракциялау және жалпылау сияқты
логикалық операцияларын қамтамасыз етеді.
Жалпылаусыз ойлау, дүниені танып білу мүмкін емес. Жалпылау деп белгілі
топқа, класқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәңді қасиеттері мен
белгілерін сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолдануды айтады.
Сөйтіп, бұл логикалық әдіс бойынша ой жекеден жалпыға, жалпылығы кемдеу
ұғымнан жалпылығы кеңдеу ұғымға көшу іске асады. Жалпылау әдісінің
негізіңде ғана жалпы ұғымдар, пікірлер, ойқорытындылар түзіледі.
Ойлаудың жалпылау қызметі өзінен бұрын алдын ала абстракциялау
қызметінің іске асуын талап етеді. Нәрселердің мәнді белгі, қасиетгерін
ойша бөліп алып, мәнсіз белгілері мен жақтарына көңіл аудармауды
абстракциялау деп айтады
(латынша аbst" асtіо — көңіл аудармау деген сөзден алынған термин).
Мәнді белгілерін, қасиеттерін бөліп алудың негізінде нәрселер топқа, класқа
біріктіріледі, ал бұл ойлаудың жалпылау қызметінің негізін құрады.
Сонымен, адамның ойлауы сезімдік қабылдауға сүйене отырып, объективтік
шындықты бейнелендірудің және рухани тұрғыдан өңдеудің жоғарғы формасы
болып табылады. Оның мәні заттар мен құбылыстардың мәнді, заңды
байланыстары мен қатынастарын субъектінің саналы, жанама, абстрактілі және
жалпылама түрде бейнелендіруінде. Ойлаудың тууының, дамуының және жүзеге
асуының негізгі формалары — ұғым, пікір және ойқорытынды.
Ұғым дегеніміз ойлаудың заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді және
қажетті қасиеттері мен белгілерін бейнелендіретін формасы. Ойлаудың қандай
түрі болмасын, күнделікті тұрмыстық па, әлде ғылыми-теориялық па, формальды-
логикалық па, әлде диалектикалық-логикалық па, ол әрдайым ұғымның
көмегімен, ұғым арқылы іске асады.
Ұғым — мазмұны жағынан объективтік, логикалық формасы жағынан
субъективтік. Мысалы, "ағаш", "адам", "үй" т.б. сондай ұғымдар. Ұғымдар
жалпы, ұқсас белгілерді ғана бейнелендірмейді, сонымен бірге айырмашылық
белгілерін де бейнелендіреді. Мысалы, "адам" деген ұғым барлық адамдарға
тән ұқсастық белгілерімен қатар, басқа жан-жануарлардан айырмашылық
белгілерінде бейнелендіреді.
Күнделікті тұрмыстық ұғымдар және ғылыми ұғымдар бар. Тұрмыстық ұғымдар
нәрселердің көбінесе сыртқы ұқсас белгілерін бейнелендірсе, ғылыми ұғымдар
терең жатқан, жалпы, мәнді және заңды қасиеттерді бейнелендіреді.
Абстракциялау және жалпылау әдістерінің көмегімен адам барған сайын көлемі
кемдеу ұғымнан көлемі кеңдеу ұғымға көше отырып, шегіне жеткен ең жалпы
ұғымдарды құрады — ондай ұғымдар категориялар деп аталады. Категориялық
ұғымдар дүниені танып білудің тарихи нәтижесі, қорытындысы десе де болады.
Ойлаудың екінші формасы — пікір. Пікірді ойлаудың екінші формасы деп
отырғанымыздың себебі— ол ұғымдардың логикалық байланысына құрылады, ал
ұғымдардың байланысы — шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың
байланысының бейнесі. Пікір дегеніміз ұғымдардың байланысының көмегімен
бірдеңе жайында не қостайтын не терістейтін ойдың формасы. Егер ұғымның
тілдік формасы сөз және сөздер тіркесі болса, пікірдің тілдік формасы
грамматикалық сөйлем (оның логикалық құрылысы. Белгілі бір пікірге келу
үшін адам ойқорытындысын жасауы тиіс. Екі немесе одан да көп пікірлерден
(алғышарттардан) қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың
логикалық тәсілін ойқорытынды деп айтады. Мысалы, "Егер адам ауырып қалса,
онда ол жұмысқа келе алмайды; Сәрсен ауырып қалыпты, десек, ол жұмысқа келе
алмайды". Қорытынды алғышарттардан қажетті түрде туып отыр, өйткені бұл
ойқорытындының объектісі болып табылатын шындық дүниеде себеп пен салдар
қажетті байланыста — себептен қажетті түрде салдар туады. Бұл мысалдан
көретініміз — ойдың байланысы шындық дүниенің заттары мен құбылыстарының
арасындағы объективтік байланыстың идеялық бейнесі.
Адам ойының диалектикалық жолына сәйкес ойқорытындының негізгі екі
формасын қарастырамыз. Оның бірі — индукциялық ойқорытынды, екіншісі
дедукциялық ойқорытынды; бір сөзбен, олар индукция және дедукция деп
аталады. Бұлар да танымның сезімдік және рационалдық (логикалық)
формаларының диалектикалық жолын көрсетеді.
Индукция ойлаудың жеке фактілерден немесе жалпылығы кем пікірлерден
жалпы қорытынды шығарудың логакалық тәсілі, ал дедукция, бұған керісінше,
жалпы алғышарттан жекеше немесе жалпылығы кем қорытынды шығарудың логикалық
тәсілі.
Танымдық тұрғыдан алғанда (бүкіл адамзаттың танымының тарихи дамуы
тұрғысынан да), индукция алғашқылық, өйткені жалпыны білу үшін алдымен
жекені білу қажет, яғни жекеше алғышарттардан жалпы қорытыңды шығару керек.
Мысалы, барлық материалдардың электр өткізгіштігін білу үшін мыстың,
темірдің т.б. электр өткізгіштің білу керек.
Индукцияның екі түрі бар — толық және толымсыз индукция. Бұл екеуі де
ақиқаттығы ықтимал ғана қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таным және ғылым философиясы
Түйсік және қабылдауға жалпы сипаттама
Психика туралы жалпы үғым
Химия тілі
Таным мен сананың өзара байланысы
Дүниені танып-білудің мәні
Психология жане онын міндеттері
Терминдерді когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Интеллект және оның функциялары
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Пәндер