Абылай және оның заманы



1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
• «Абылай және оның заманы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
• «Абылай туралы өлең.толғаулар» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
• «Бұқар поэзиясындағы Абылай хан» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
• «Абылай дәуірі . қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры»
4. Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Абылай (Әбілмансұр) – Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып, байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан азат еткен, алып қайраткер – Қытай, Ресей патшалығымен мемлеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, айбынды да ардақты хан, кемеңгер көсем.
Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қойылған.
Кезінде орыс тарихшылары, зерттеушілері Абылайдың хандық қызметіне, саясаттағы беделіне, қолбасшылық рөліне байланысты ойларын айтса да, оны кеңестік идеология көп ауқытқа дейін тарих тасасында қалдырды. 1940-1980 жылдарда А. Баймұрзин, Н.Г. Аполлова, В.Я. Басин, Б.П. Гуревич, С.Е. Толыбаев сияқты тарихшылар еңбегінде Абылай «халықты тоңаушы», «екі жүзді», «жауыз, қанішер», «қайшылықты, жалтақ саясат иесі», «басқыншы», «зорлық-зомбылықшы», «орыс мемлекетіне қарсы шығушы» болып айыпталды. 1952, 1962, 1977, 1983 жылдары жарияланған Қазақ ССР тарихы Абылайдың билігі, саясаты жайлы теріс түсінік қалыптастырды. Дегенмен, Абылайдың хандық мемлекетіне, қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметіне нақты баға берілген А.И. Левшин жазбалары – тарихи шындықты жан-жақты ашатын, құнды еңбек. Ол: «Абылай – тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғдыханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен биік еді», дейді.
Абылай туралы шындық сәулесі өшпеген тұстағы ауызекі әңгіме-аңыздар, тарихи жырлар негізінде дүниеге келген Ш. Уәлихановтың «Абылай хан» зертеу мақаласының орны бөлек.
1. Ануар Тарах «Алаштың айбын-ардағы – Абылай хан» Алматы «Қазақстан» 2003.
2. М. Жолдасбекұлы «Елтұтқа» Астана 2001.
3. «Жүз тұңғыш» I-том Алматы «Жалын» 2005.
4. Ж. Қасымбаев «Абылай хан» Алматы 2004.
5. «Тарихи тұлғалар» II-том Алматы 1998.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .3
2. Негізгі бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...4
• Абылай және оның
заманы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
• Абылай туралы өлең-
толғаулар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .11
• Бұқар поэзиясындағы Абылай
хан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .15
• Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры
4. Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..16

Кіріспе

Абылай (Әбілмансұр) – Қазақ ордасын бір тудың астына топтастырып,
байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан азат еткен, алып қайраткер – Қытай,
Ресей патшалығымен мемлеге келіп, ел тәуелсіздігін сақтаған, айбынды да
ардақты хан, кемеңгер көсем.
Абылай хан 1711 жылы туып, 1781 жылы қайтыс болған. Сүйегі
Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қойылған.
Кезінде орыс тарихшылары, зерттеушілері Абылайдың хандық қызметіне,
саясаттағы беделіне, қолбасшылық рөліне байланысты ойларын айтса да, оны
кеңестік идеология көп ауқытқа дейін тарих тасасында қалдырды. 1940-1980
жылдарда А. Баймұрзин, Н.Г. Аполлова, В.Я. Басин, Б.П. Гуревич, С.Е.
Толыбаев сияқты тарихшылар еңбегінде Абылай халықты тоңаушы, екі
жүзді, жауыз, қанішер, қайшылықты, жалтақ саясат иесі, басқыншы,
зорлық-зомбылықшы, орыс мемлекетіне қарсы шығушы болып айыпталды. 1952,
1962, 1977, 1983 жылдары жарияланған Қазақ ССР тарихы Абылайдың билігі,
саясаты жайлы теріс түсінік қалыптастырды. Дегенмен, Абылайдың хандық
мемлекетіне, қайраткерлік, қолбасшылық, дипломатиялық қызметіне нақты баға
берілген А.И. Левшин жазбалары – тарихи шындықты жан-жақты ашатын, құнды
еңбек. Ол: Абылай – тәжірибесі, ақыл-айласы жағынан болсын, қол астындағы
халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен,
Қытайдың боғдыханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз
тұсындағылардың бәрінен биік еді, дейді.
Абылай туралы шындық сәулесі өшпеген тұстағы ауызекі әңгіме-аңыздар, тарихи
жырлар негізінде дүниеге келген Ш. Уәлихановтың Абылай хан зертеу
мақаласының орны бөлек. 1861 жылы жарық көрген бұл еңбек негізінде орыс
энциклопедиялық сөздіктері мен күнтізбелерінде Абылай жөнінде мәліметтер,
бағалар берілді. Тарихшы Қ. Халидұлының 1910 жылы қазанда басылған Тауарих
һамсасында Абылай ханның заманы, жоңғарлармен соғысы жайындағы ой мол. Ол
Қазақ елінің соңғы хандарының ең атақтасы – Абылай хан. Абылай хан
қабілеттілігі арқасында... үш жүздің ханы аталды деген тұжырымды пікір
түйеді.

Абылай және оның заманы

Тарихымызға Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама болып енген ұзақ жылғы
қазақ-жоңғар шапқыншылығының шындығын терең ашатын Қожаберген жыраудың
әйгілі Елім-ай толғауындағы:

Қор болды бірлігі жоқ біздің қазақ,
Басынып ата жауым етті мазақ.
Көршілес екі жұрттан дәу мылтық ап,
Көрсетті шапқыншылар елге азап, -

деп күйзеліп те, күйініп те жырлағанындай, абылай ел билігіне келерге дейін
кезең қазақ үшін сорлы, торла заман, қан майдан, маңдайынан бағы
тайған, қазақтан сасық қалмақ озған, олардың көршілес екі елден мылтық,
яғни, зеңбірек алып (Қытай мен Ресей) есірген, әулиедей болған заман
болған.
Халықтың үштен екісі қырылып, Еділ, Жайық, Арқаға қазақ ауып, Шу,
Талас, Сыр, Қаратау жауда қалды деп жырау айтқандай, еліміздің тоз-тозы
шығып, берекесі кетіп, іргесі сөгілген, қысталаң, қиын, сұрапыл заман тарих
тілімен айтқанда, шапқыншы қалмақ пен ұлт-азаттық қозғалысының шешуші
кезеңін тудырды.
Төле би толғауындағы көкірек қаққан хандардың лауазымға таласып,
елді быт-шыт қылғаны, ағайынның алауыздығынан көлденең көк аттының елді
жаулап алғаны, аз дұшпаннан жеңіліп қабырғасын қайыстырған кезеңде ыдырап
жатқан қазақтың басын қосып, береке бітім іздеген ел билеушісін уақыт
талап етті.
Халық басына төнген қасірет ел тағдырын таразыға салды. Шашырап,
сансырап тозған, бірлігі бүлініп, тағдыры қыл тұзақ ұшына ілініп тұрған
кезеңде үш жүздің басын қосып, Қазақ ордасын нығайтып, жоңғарларға қарсы
жойқын ұрыстарда қол бастап, байтақ жерді азат еткен, даңқты қолбасшы,
көреген саясатшы айбынды ханымыз Абылай еді. ...Сол аласапыран дәуірде
қалың елдің қайрақтай жан қала ма деген Қазығұрттай үміті жалғыз ғана
Абылай басында қалған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін ту
көтеріп, бір араға жиған Абылай болатын... Қазақтың жат елге бағынбай өз
елдігін сақтап қалып, іргесін бөлек салуы – Абылай заманынан бері қарай XIX
ғасырдың ортасынан ауғанға дейін жаңа саясат бет алды деген М. Әуезов сөзі
сол заманның азап, сорынан, халқын құрып кету қаупінен құтқарып қалған
даланың дана көсемі, ел тірегі Абылай болғанын паш етеді.
Ш. Уәлиханов өз зерттеуінде: Әсіресе, 1723 жыл сұмдық сипатымен
қазақтардың есінде өшпестей болып қалды. Қайда барса да қанқұйлы жоңғарлар
қыр соңынан қалмаған қазақтар үріккен киік үйіріндей дүркіреп, жол-жөнекей
дүние-мүлкін, бала-шағасын, кемпір-шалын, арық-тұрық малын, үй мүлкәмәнін
шашып, түстікке барып қойып кетті... Міне, осындай екұдай, үрейлі, қанды,
қасапты кезеңде ел назары Абылай сұлтанға ауады. өйткені ол жорықтардың
бәріне алғаш қатардағы жауынгер боп қатысты, сонын өзінде қисапсыз ерлік
көрсетіп, айрықша амал-айласымен көзге түскен еді. Өнегелі ақыл-кеңесі,
сұңғыла зердесі арқасында да ол бірден-ақ көреген, кемеңгер дегер атқа ие
болды деп, Абылайды заманы шыңдаған, тағдырдың түрлі сынағынан өткен, жеке
басының ерсен ерлігімен, қолбасшылық ерекше қабілеттілгімен, алғырлығымен,
көрегендігімен, парасаттылығымен ерте бастан ел назарына іліккен тұлға деп
даралайды.
Абылайдың билік басына келуі кездейсоқ жағдай емес. Күрделі де
күрмеулі, қиын түйінді, шиеліністі тарихи жағдай оның хандық тізгінді
ұстауына ықпал етті. Елдің үміті, асыл арманы, тәңірден тілеген тілегі –
басқа түскен зұлмат соғыстан құтылу, бейбіт, баянды тірлікке қол жеткізу
болатын. Тағдырдың тәлкегімен әлеуметтік таптың төменгі сатысына іліккен
Абылай хан болғанда тек Шыңғыс әулетінің өкілі болғандықтан ғана емес,
майдан алаңына дабыл салып шапқан қас батыр, ерен қолбасшы, ел бастар көсем
санатында хан болып сайланды.
Үш жүздің келешегін ойлайтын, соңынан ер азаматы түгел.еретін,
дұшпанның бақытын байлайтын, көрші елмен татуласып, тіл табысатын, өзі
шешен, сардар, данышпан көсем көптен сайлануы тиіс болатын. Абылайға дейін
болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ халқының арман еткені: біріншіден,
өз алдына ерікті ел болып, өзін-өзі меңгеруі; екіншіден, атақонысына
жайғасып, бейбіт еңбек етіп, шаруашылығын шалқыту; үшіншіден, бірауыздан
ынтымақ болып, Отанын, елдігін қорғау еді. Абылай өзінің ақылдығы арқасында
халықтың осы арманын, мұң-тілегін жақсы ұқты. Аштықпен қазақ көп қырылған
Ақтабан – шұбырынды азабынан елді құтқарған Абылай екені де ақиқат.
Алайда Абылай заманында шырмытылып, түйінделген елдік мәселелер аз емес
еді. Ел тағдырына төнген қасірет – жоңғарлардың басқыншылық соғысын тойтару
ғана емес, көрші ірі мемлекеттер – Ресей мен Қытайдың отарлап, бодандыққа
мойын ұсындыру саясатынан амалдап, айла-ақылмен құтылып, дербес ел ретінде
тарих сахынасында Қазақ ордасының күш-қуатын таныту еді. Абылайдың
1730-31 жылдары алғаш ұрыстарға араласып, қалмақтың азулы да айбынды
батыры Шарыш сияқты қолбасыларын жекпе-жекте жеңіп, жойқын ұрыстың тізгінін
қолына батыл алып, ел ішіндегі берекелі бірлік орнатып, мықты әскери
дайындық, ақылды да айлалы саясатқа сүйенуі өз жемісін бергені мәлім.
1718 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін билікке таласып, ыдырап, тұтастығы
бұзылған Қазақ ордасының қуатын қайта қалпына келтіру міндетін қолына алған
Абылай әрбір жағдайды байыппен, сабырмен, ақылмен асықпай шешті.
Кенесарының атасы Абылай хан ерекше даңқы шыққан адам болды... Шиеленіскен
халықаралық жағдайда Абылай бытыраңқы қазақ жерлерін өз қол астына
біріктіруге тырысты. Қазақстанды басып алуға тырысқан көршілері Ресей,
Қытай, Жоңғар мүдделерінің қарама-қайшылығын дұрыс пайдалана отырып, Абылай
іс жүзінде елдің тәуелсіздігін сақтап қала алды. Әсіресе жоңғарлармен ұзақ
жылғы азаттық күресі – халықтың ерлігі мен жігерін, төзімі мен табандылығын
шындады. Хиуа, Бұқар қол ұшын бермей, ұйғыр, шүршіт, қоқан, түрікпен, сарт,
башқұрттардың сырт айналғанында, қуатты да мықты Жоңғар хандығымен қазақ
халқы ғана қырғын соғысқа қарсы тұрғаны мәлім. Сол кезде, деп жазады жапон
тарихшысы, ғалымы Зокота, - жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы
болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық
көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал ұзақ жыл бойы жоңғарлармен
тірескен тек қазақтар ғана болды.
Шын мәнінде жоңғарлардың жойқын күшін тоқтатып, оларды әбден
титықтатып, ақыр соңында тас-талқан етіп тізе бүктіруге дейін табанды күрес
жүргізген Абылай бастаған қазақ қолының жеңісі – оның шебер де шешімді
дұрыс тактикасы ішкі-сыртқы саясатта ұстанған ұтымды стартегиясымен
байланысты. Мемлекеттің тәуелсіздігін сақтайтын, басқыншылардың қол
сұғуынан қорғайтын қуатты күш - әскер... Абылайдың кемеңгер қолбасылық
қасиеті – жауынгерлік қабілеті бар әскери күш жинап, оларды басқаратын
тапқыр әскер басшыларын өз төңірегіне жинауы.
...Ел билеу ісінде қазақ хандығының ежелгі заң жарғыларын қалпына
келтірген Абылай әскери істе де өткенді қайта келтірді, деп М. Мағауин
Абылайдың Шыңғыс хан заманынан бергі соғыс әдістерін жетік меңгерген аса
дарынды қолбасшы екендігін әйгілейді. Абылайдың Шаңды шабуыл, Жайлау
жорық, Қап қағылған соғыс атты әдістері болған.
1745 жылдары Қалдан Серен қаза тауып, Ойрат ханының тағына басталған
таласты Қалдан Сереннің ұлы Цеван Доржидан кейін хан тағына отырған Лама
Доржы мен жоңғар хандығының негізін қалаушылардың ұрпағы Батыр хунтайшы
Давацимен (орыс деректерінде Девачи, Ловачи, қазақтар Лабашы деп атап
кеткен) арадағы қиян-кескі шайқасты Абылай өз мақсатына ұтымды пайдаланды.
Үш жүздің ақсақалдарының бас қосқан жиынында Давацидің алдағы уақытта
тигізер пайдасын ойлап, қалмақ жұртын билеп, қаһарына мінер күн туса, ол
басқа жаудан гөрі біз үшін қатерлірек болар деген Абылай сөзі көп ұзамай
шындыққа ұласады. 1753 жылдың 12 қаңтарында қалмақ ханы Лама Доржидің
ордасын күйретіп, өзін өлтірген Даваци мен Әмірсана арасында хандықтың
жартысын бөлісіп алу жөнінде талас басталып, Даваци қазақтармен одақ болу
мақсатымен көмек сұрағанда, Абылай әліптің артын бағады. Бұл кезде Әмірсана
Цинь патшалығынан көмек сұрап, Жоңғария хандығына қол жеткізбек болғанда
айлалы Қытай патшалығы оны тұтқындауды ойлайды. 1755 жылы көтеріліс
шығарып, қытай әскерін талқандап, көрші елдерден, ең бастысы Абылайдан
көмек сұраған кезде, ол одақтас ретінде қолдайды. Абылай, сірә, қазақ
елімен шекарадағы Маньчжур иелігінен гөрі тағында Абылайдың өз әміріне
көнбіс билеуші отырған Ойратсияқты одақтас мемлекеттің болуын көбірек
қалаған болуы керек. Қалай болғанда да, Абылай дәл осы бір шешімге тәуекел
жасаған кезде, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғағаны мәлім. Сөйтіп Лама
Доржының 1752 жылы Төле биді кеңесуге шақыруы, бірақ дана бидің оның
ұрпақтарымен келіспей, бұл жағдайды Абылайға баяндауы, яғни Абылайдың
жоңғар халықтарының мақсат-мүддесі неге бағытталғанын аңғарып, батыл
әрекетке келуі де, осылайша соғыс пен бітім, басқа халықтармен сауда және
дипломатиялық қарым-қатынас мәселелері көп талқысынан өтіп шешіліп жатқан.
Жоңғарияны тарихта теңдесі жоқ жылдамдықпен оп-оңай жаулап алған император
Цянь-Лунның жеңімпаз армиясының жоңғар жеріне келуі Абылайдың саясатына
үлкен ықпал еткен. Абылай хан қалмақпен соғысып жатқан кезде Шығыстан
Жүңгө әскерлері келіп, жоңғар хандығын , Құлжа қаласын алып, жоңғарды түгел
бойсындырады. Осы қырғындауларды көрген қалмақ, торғауыт елі Жүңгөнің
қорғауына кірмей батысқа қарай қашты. Жол бойы қазақтан шабынды көріп, жем
болумен бірге Абылайдың атағы көтерілуіне себеп болды, - дейді Қ. Халидұлы
ұзақ жылдарға созылған жоңғар шапқыншылығының ақтық кезеңі жайлы.
Абылайдың Қытай мемлекетімен ұстанған саясаты, келісімдері мен
елшіліктері алмасуы жөнінде бірқатар тарихи құжаттар, тіпті өзінің хаттары
сақталған. Құжаттарда Цянь-Лун әскерімен болған кейбір соғыс деректері бар.
Қытай жазбалары тіпті өз әскерлерінің ұрыс қимылдарының нәтижесін беріп
отырған. Қалай десек те, Қытай боғдыханы мен Абылайдың ұстанған саясатының
дұрыстығына ешкім шек келтірмеген. Жоңғария мен Кіші Бұқар аймағын оп-оңай
өзіне қаратуы қытайлықтардың жауынгерлік рухын көтеріп, басқыншылық
құштарлығын арттыра түсті. Зайыры, император Цянь-Лун хань және тань
әулеттерінің заманын қайта қайталағысы келгенге ұқсайды дейді Цинь
патшалығының қазақ даласына ауыз сала бастағаны жайлы Ш. Уәлиханов. Әрине,
Абылай күшті қаруланған және жеткілікті дайындалған, орасан күші бар Қытай
әскерімен батыл соғысқаны да белгілі. Әйтсе де, саны жағынан өзінен
әлденеше есе басым, мықты қаруланған әрі ұзақ әзірленген қытай әскерімен әр
қақтығыс оңайға түспегені белгілі. Кей кезде шегіне жүріп ұрыс жүргізуге
мәжбүр болған.
1756 жылдың мамырында Қытай боғдыханы Цянь-Лун Әмірсананы ұстап,
тұтқындау жайлы сесті талап қойып, хат жіберген. Егер ұстап бермесе үлкен
армиясын шығарып, толық жойып жіберетіндігін де мәлімдеген. Әрине, досқа
адал, сертіне сенімді Абылай боғдыханның бұл сесінен қаймықпай, Әмірсананы
ұстап берген жоқ. Бірақ жеңімпаздық рухпен қуаттанған Қытай әскерлері қазақ
жеріне аяқ басқаны мәлім. Және де Абылай қолынан лайықты тойтарыс алғаны
Шүршітқырған атты жер атының қойылуынан да аңғарылады. Қалай дегенде де
Қытай патшалығы Абылайды жоңғар сияқты қуатты күшпен басып алып,
бағындыруды деттегені де айқын.
Абылай сырттай одаққа кіретін сияқты көрінгенімен шын мәнінде
үкіметімен байланысын үзбей, барған сайын онымен жақындаса түсті дейді Ш.
Уәлиханов. Алайда бұл көрегенділікпен іске асырылған саясат еді. Ол сол бір
кезең үшін ғана емес, болашақ үшін жасалған маңызды қадам екендігі айқын.
Сыртқы жаудан қорғану үшін Абылай Цинь империясы үкіметімен алғаш
бітім, ал соңынан бейбітшілік келісімін жасады. Абылайдың бұл бітім-
келісімі ойлы да парасатты шешімдерден туындаған. Абылайдың 1757 жылы 7
маусымдағы Цинь патшалығымен Аякөз бітіміне, қазан айында Пекинге елшілер
жіберіп, Тәуелсіз сыйластық туралы келісімге қол жеткізгені – үлкен
жетістік. Аякөз маңында Лайсу – Мамырсуда болған, кейіннен қазақ, қалмақ
Қандыжап бітімі деп аталған сол тарихи оқиға Абылайдың зор ықылас
артқанын тарихшы Қ. Халидұлы нақты дәлелдейді. Абылай ешқашан өз халқын
бодандыққа байламаған... Сол кездегі дипломатия тіліне көшірсек, Цинь
империясы мен қазақ халқының арасында ағалы-інілі қатынас орнайды, ал бұл
кезде бодандық жүйе әке мен баланың арасындағы қатынас, дейді М. Мағауин.
Мұны қытай деректері арқылы растай түсеміз. Чин патшасы Гау-Зунның орда
естелігінде: Сендер әлі де болса, бұрынғы қалыптарында тұра беріндер. Алым-
салықты беру-бермеу өз еріктерінде десе, енді бірде Іле, Тарбағатай
өңірінде жоңғардан босаған байырғы мекендеріне қоныс аудара бастаған
қазақтарды қудалап, қысым көрсете бастаған өз әскери басшыларына береген
жарлықта: Сендер бірнеше жылдан бері шеткерілеп келіп, мал бағып
жүрсіндер... Генерал-амбыларымыз жарлық шығарып, сендердің қарауыл ішіндегі
иен жерлерге келіп, мал бағуларына рұқсат етті. Өйткені сендер бізге
бағынышты болған сырт елсіндер. Тегі ес жиып, бейбіт тіршілік көрулерін
керек... делінген. Міне, осы жарлықтардың өзінде-ақ атамекеніне
қоныстанған қазақтарға оң қабақпен қарауы – Абылайдың батыл да баянды
саясатының жемісі. Және бұл жерде сырт елсіндер деп айқындап отыруы да
Абылайдың Цинь патшалығымен тең дәрежеде қарым-қатынас жасағанын
дәлелдейді. Егер бодан ел болса байырғы жеріне қоныстануына рұқсат берместе
еді. Ең бастысы, сондағы Қазақтың ханы Абылай. Ол бұрыннан хан болып
келген екен оның хандығы қабылдансын деген жарлықтың өзі Абылайды қазақтың
ханы деп танығанымен бірге, оның саясатымен санасқандығын білдіреді.
Абылай Қытаймен сауда қатынасына ерекше көңіл бөлді. Сол мақсатта
Сайрамкөл жағасында Іле цзянцунымен (генерал-губернаторымен) кездесіп,
онымен сауда шартын жасасқан. Қытай жазба деректеріне сүйенсек, 1757 жылы
Абылай ханмен жасасқан келісім бойынша Абылайдың, Әбілпейіздің,
Қабанбайдың, Қожабергеннің, Дәулетбайдың сауда тоғанақтары Үрімшіге үзбей
келіп, ат, түйе, қой, өгіз өткізіп, оған өздеріне қажетті мақпал, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Айбынды қазақ ханы - Абылай
Айбынды қазақ ханы - Абылай жайлы
Айбынды қазақ ханы Абылай, ұлы ханның өмірі
Айбынды қазақ ханы – Абылай туралы ақпарат
М.Ж. Көпеев және қазақ тарихы
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
Қазақ түбі үлгілеріндегі Отан тарихы туралы деректер
Абылай және оның заманы туралы
ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай және қазақ әдебиеті
Пәндер