Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі ... ... ... ... ... .5
1.1 Мемлекеттік кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

ІІ Мемлекет кірістерін қалыптастыру мен жұмсау механизмі ... ... ... ..14
2.1 Салықтар . мемлекет кірістерінің негізгі қайнар көзі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Мемлекеттің кірістерін қалыптастырудағы бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде қаржы жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі мемлекеттік қаржы тарту механизмі негізінде тартылған қаржылар, шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған мемлекеттің кірістері болып табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен бюджет жүйесі зор рол атқарады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан қаржы-несие жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Қандай да болмасын мемлекет өзінің дербестігін сақтау үшін және өзіінң қызметтерін атқаруы үшін оған ең біріншіден қаржы тарту мен оны пайдалану мәселесі туындайды. осы аталған мемлекеттік қаржылардың негізгі көзін мемлекеттің кірістері құрайды.
Мемлекеттің кірістері бұл мемлекетке түсетін салықтар мен алымдар, халық табысының бір бөлігі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысы бөлініске ұшырайды, оның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түсіп отырады, сыртқы экономикалық қатынастардан түсетін қаржылар, мемлекет меншігін жеке меншікке беру барысындағы түсетін түсімдер, әр түрлі мақсатта берілген гранттар мен еліміз экономикасы қаржылық көмек көрсетулерден түскен қаржылар жатады. Осы мемлекеттік кірістерді тиімді қалыптастыру мен пайдалану бүгінгі нарықтық қатынастары дамыған қоғамда маңызды мәселелердің бірі болып табылады және осы тақырыпты жазудың өзектілігі болып табылады.
Осылайша қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын «Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны» деп алдық.
Жұмысты орындау барысында келесі міндеттер қарастырылады:
- Экономикалық категория ретінде мемлекеттік кірістер ұғымының мәніне, экономикалық маңызына тоқталу;
- Мемлекеттік кірістерінің құрамы мен құрылымын талдау және қалыптастыру мәселелерін анықтау;
- Мемлекет кірістерінің сыныптамасын жан-жақты талдау;
- Мемлекет кірістерін қалыптастыру мен пайдалану барысын, ондағы салықтар мен бюджеттік механизмдердің маңыздылығына тоқталу болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
2. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995. -192с.
3. Худяков А.И., Наурызбаева Н.Е. Налог: понятие, элементы, установление, виды. Алматы: - ТОО Баспа, 1998 – 160с.
4. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
5. Ермекбаева Б.Ж. Жалпы мемлекеттiк салықтар. Алматы, Экономика, - 1997 ж.-158 бет.
6. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
7. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
8. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
9. А.Исаева «Мемлекеттің дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері» // Қаржы-Қаражат, 2005, №6, 22-25 стр.
10. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
11. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г.
12. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
13. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
14. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.–527с.
15. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2000. – 154 бет.
16. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г. №5

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі
... ... ... ... ... .5
1.1 Мемлекеттік кірістерінің экономикалық мазмұны мен мәні
... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ Мемлекет кірістерін қалыптастыру мен жұмсау механизмі ... ... ... ..14
2.1 Салықтар – мемлекет кірістерінің негізгі қайнар көзі
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Мемлекеттің кірістерін қалыптастырудағы бюджет пен бюджеттен тыс
қорлардың маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 20

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..27

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет
болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы
реттеуде қаржы жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және
дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база
керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика
жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі мемлекеттік қаржы тарту механизмі
негізінде тартылған қаржылар, шаруашылық субъектілерден және халықтардан
жиналған мемлекеттің кірістері болып табылады.

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен бюджет
жүйесі зор рол атқарады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан
қаржы-несие жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.

Қандай да болмасын мемлекет өзінің дербестігін сақтау үшін және
өзіінң қызметтерін атқаруы үшін оған ең біріншіден қаржы тарту мен оны
пайдалану мәселесі туындайды. осы аталған мемлекеттік қаржылардың негізгі
көзін мемлекеттің кірістері құрайды.
Мемлекеттің кірістері бұл мемлекетке түсетін салықтар мен алымдар,
халық табысының бір бөлігі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысы
бөлініске ұшырайды, оның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түсіп отырады,
сыртқы экономикалық қатынастардан түсетін қаржылар, мемлекет меншігін жеке
меншікке беру барысындағы түсетін түсімдер, әр түрлі мақсатта берілген
гранттар мен еліміз экономикасы қаржылық көмек көрсетулерден түскен
қаржылар жатады. Осы мемлекеттік кірістерді тиімді қалыптастыру мен
пайдалану бүгінгі нарықтық қатынастары дамыған қоғамда маңызды мәселелердің
бірі болып табылады және осы тақырыпты жазудың өзектілігі болып табылады.
Осылайша қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын Мемлекеттік
кірістердің экономикалық мазмұны деп алдық.
Жұмысты орындау барысында келесі міндеттер қарастырылады:
- Экономикалық категория ретінде мемлекеттік кірістер ұғымының мәніне,
экономикалық маңызына тоқталу;
- Мемлекеттік кірістерінің құрамы мен құрылымын талдау және қалыптастыру
мәселелерін анықтау;
- Мемлекет кірістерінің сыныптамасын жан-жақты талдау;
- Мемлекет кірістерін қалыптастыру мен пайдалану барысын, ондағы
салықтар мен бюджеттік механизмдердің маңыздылығына тоқталу болып
табылады.

І Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі

1. Мемлекеттік кірістерінің экономикалық мазмұны мен
мәні

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы
ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне
пайдалану.Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері
ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің ,жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары
жасалынады.Бастапқы табыстарбөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды,мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды.Бұл процестердің нәтижесінде
ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы
халықтың табысының бір бөлігі алынады;кәсіпорындардың табысы (пайдасы)
бөлініске ұшырайды – оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі
кәсіпорындарда қалады және ішкішаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік
емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтердің төлеу арқылы қайта
бөлінеді.Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындардың(мысалы,халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.т)
табыстарын құрайды.Сөйтіп,табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық
жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекетің қаржы ресурстары
орталықтандырылған

кірістер қатарына,мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары
орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы
экономикалық қызметтен алынатын кірістер,халық төлемдер есебінен
қалыптасады.

Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары
мен қорланымдарынан құралады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды
бюджеттің кірістері алады,оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық
және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге
орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтавмасыз
етуге,өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға
мүмкіндік тудырады.Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің
орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
жатады.
Табыстар ұғымының материалдық – заттық жағы мемлекетте, шаруашылық
жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының
анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру
мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және функцияларымен байланысты
болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және
шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының
үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігінің және
қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі
болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет
кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады.Мемлекет кірістерінің бір
бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағатандыру үшін мемлекеттің
салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың
және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады.Табыстардың белгілі
бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және
т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы),
қосылған құнға салынатын салық,, акциздер, кеден табыстары ретіндегі
табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй
қорынан, жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан,
мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін
қаражаттар);
3) мемлекеттік мемекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден
алынатын табыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды
тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұйымдарды
талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (
мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінім
алыным);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы
шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитынарнаулы қаражаттары.
Мемлекеттің кірістері мен Мемлекеттің қаржы ресурстары ұғымдарын
ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары – уақыттың бір мезетіндегі
мемлекеттің, кәсіпорындар немесе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша
қорларының жиынтығы.
Қаржы ресурстары ұғымы мазмұны жағынан мемлекеттің кірістерінің
ұғымынан кең.Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына
кірістерге жатпайды, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін
қаражаттар кіреді.Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына
келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы,
қуыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен
шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген,
мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап етілмеген (көліктегі талап
етілмеген жүк, талап етілмеген депозиттік сома, таратылмаған пошталық
жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер.Бұл ақша қаражаттары (сондай-ақ
мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни
қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып
табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер,
өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін
түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін)
болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар-қарыз
қаражаттары.Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың
қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік
кәсіпорындардың тұрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі
ішкішаруашылық ресурстар да мемле-кеттің кірістері болып саналмайды.Сөйтіп,
мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа
көздер есебінен құралады.
Мемлект кірістерінің көзі ұлттық табыс болып саналады, ал қаржы
ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу және қайта бөлу
кезінде жұмылдырылады.
Мемлекеттің кірістері және мемлекеттік бюджеттің кірістері
ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда
қатынастардың негұрлым кең топтары туралы әңгіме болып, өйткені мемлекеттің
кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік бюджеттің
кірістерінен басқа мемлекеттіккәсіпорындардың, ұйымдардың, бірлестіктердің
таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлар, салық түсімдер және т.т. қамтылады, ал мемлекеттік бюджеттің
кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне
қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді.Нарықтық
экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері
салықтар (ооның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып
табылады.Түрлі тарихи кезеңдегі бұл әдістерінің ара-салмағы әр түрлі болады
және қаржы саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық
және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа
көптеген факторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады. Олар
нарықтық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының
негізгі қасиетерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты категория
болып табылады.Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны қаржылық өзара
байланыстардың бүкіл жүйесінде басымарық болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық
құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі
көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекет
кірістерін, тиісінше, бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешішу
көзі болып табылады.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып
табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі
күрделі шығындарды, әсіресе экономиканы мемлекеттік секторындағы
қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы
жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық
дағдарыс кезіндегі қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар
мемлекеттік қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті
бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып
отыр. Соңғы жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың
үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен
қолданылуда. Сонымен қатар қаржы рыногінің қарыздарын жабу үшін де
пайдалануға мүмкіндік береді. Кәсіапорындарды модернизациялауға, олардың
материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталатын күрделі
жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы
қосымша қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне
тек қағаз- ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып
табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп
отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы
рыногінде жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.
Қағаз ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер олар шаруашылық
айналымның қажеттілігіне байланысты болмай, бюджет тапшылығын жабу
қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процестердің
күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері
әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.
Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері
мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды.
Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі
жарналар, ерікті түсімдер және т.б. әдістер кеңінен пайдаланылады. Бұл
әдістер мемлекеттік кәсіпорындарда қолданылады.

1.2 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы

Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын,
құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет
кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық рәсімдеуге қарай мемлекеттің
кірістері мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардын табыстарынан;
2) Жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;
3) Халықтың салық төлемдерінен;
4) Кооперативтік және ұжымдық кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
5) Қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен.
Жасалу сферасына байланысты мемлекеттің кірістері: материалдық
өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер, өндірістік емес сферада жасалған
кірістер болып жіктеледі.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттің кірістері:
- салықтық;
- салыққа жатпайтын болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және
жекешелендіруден түсетін қаржылар, ақшалай-заттай лотереялардан
түсетін қаржылар және т.б.)
Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысандарының ауысуы
болуы мүмкін.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған болып жіктеледі. Орталықтандырылған тәртіппен
мемлекеттік бюджеттің, зейнетақы қорының, бюджеттен тыс қорлардың
ресурстары жатады. Орталықтандырылмаған әдіспен материалдық өндіріс сферасы
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің тұтыну қорлары, амортизациялық
аударымдардың қорлары, қаржы резервтері мен валюта қорлары, шаруашылық
органдардың басқа да қорлары қалыптасады. Әрі таза табыстың бір бөлігі
есебінен жасалатын орталықтандырылмаған қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық
өнімнің екінші элементінің – жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісінің көзі
болып табылады.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары
қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан
ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге,
ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын
жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы
ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және
меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс құнының жеке құрамды бөлігі
үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да
мемлекеттің кірістері мен қаржы ресурстарын жүйесін қалыптастырады. Олардың
арасында негізге орынды мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, қосылған
құнға салынатын салық, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін
табыстар, әлеуметтік қасиеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын
аударымдар түріндегі қоғамның таза табысы алады. Бұған сонымен қатар ауыл
шаруашылығы өнімінің бағасындағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі
шаруашылық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарынының сальдосы да жатады.
Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік процестерге түрліше қатыса отырып,
меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жасалынады. Егер қосылған
құнға салынатын салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей
мемлекет қарамағына берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы
әлеуметтік мұқтаждықтарға аударылатын аударымдар тек ішінара ғана беріледі.

Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі
шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып табылады. Онда
кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғұрлым толық
бейнеленеді. Сондықтан таза табыс өндіріс тиімділігінің маңызды құндық
көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Таза табыс өсуінің басты факторы мыналар болып табылады.
- еңбек өнімділігін арттыру (өнім өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз
ететінжәне өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін);
- өнім өндіруге жұмсалатын матриал және ақша ресурстарын үнемдеу;
- негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін
арттыру;
- табиғи өндіріс жағдайлары.
Практикада кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты, бағаны
жөнсіз көтеруі есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын тұтынушыларының
табыстылығын азайтуға әкеліп соғады.

ІІ Мемлекет кірістерін қалыптастыру мен жұмсау механизмі

2.1 Салықтар – мемлекет кірістерінің негізгі қайнар көзі

Мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі – салық
жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және
шаруашылық қызме тетуші субъектілерге салынатын тура және жанама
салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi
салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден көре аламыз.
Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде
елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге
болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған
сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың
экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар,
одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша
өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет.

Кесте1 - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кiрiсiндегi салықтық
түсiмдер

2003 2004 2005 2006 2007
Мемлекеттiк бюджет 279,4 304,1 393,0 587,0 746,9
кiрiсi (млрд. теңге)
Оның iшiнде салықтық 204,1 215,6 330,3 524,1 670,0
түсiмдер
Салық түсiмердiң 73,0 70,9 84,0 89,3 90,2
мемлекеттiң
бюджетiндегi үлесi

Осыған орай қазіргі кездегі салық салу жүйесіндегі заңнамаларға сәйкес
салықтар фискалдық, реттеу, бақылау, бөлу сияқты негізгі функцияларды
атқаратындығын еске түсіре кеткен дұрыс. Фискалды функцияның мақсаты
жалпыға ортақ немес мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қаржы
құралдарын бюджетке жұмылдыру болса, ал қалған функциялар осы аталған
функциядан бастау алады. Яғни, салықтардың реттеу қызметі мемлекеттің салық
механизмі арқылы белгілі бір қаржы-экономикалық (ынталандыру, шектеу, ұдайы
өндірістік) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. Бақылау функциясы
табыстар көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржы ресурстарына деген
қажеттілігін салыстыру арқылы салық сомасын бағалау мақсатында кәсіпорындар
мен халықтың қаржы – шаруашылық қызметтерінің нәтижесін қадағалауға
бағытталады. Әлеуметтік немесе бөлу функциясы халықтың түрлі әлеуметтік
топтарының арасында әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау мақсатында табыстың бір
бөлігін бір әлеуметтік топтан алып, әдетте әлеуметтік аз қамтылған
тұрғындар категориясы деп аталатын екінші топтарға қарай беру арқылы
қоғадық табысты қайта бөлуге бағытталған.
Салық Кодексіндегі 9 салық түрінің екеуі, яғни қосылған құнға салық
пен акциздер жанама салық түрлеріне жатады.
Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
- әлеуметтiк салық;
- жер салығы;
- көлiк құралдары салығы;
- мүлiк салығы.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы.

Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып
табылады. Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық
категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:

• Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық
табысының қалыптасуындағықаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн көрсетедi.

• Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының
белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық
қатынастарын көрсетедi.
Салықтар жалпы шығу тегi мемлекеттердiң пайда болуымен қатар өмiр
сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Мемлекет кірістерінің экономикалық мәні
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қызметтері
Мемлекеттік кірістер мен түсімдерге талдау жасау
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәні мен маңызы
Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасының салық салу жүйесінің даму жағдайы
Жергілікті бюджетті жоспарлауды ұйымдастыру
Жергілікті салықтардың рөлі және жетілдіру жолдары
Пәндер