Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлі



ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін мұнай, қару-жарақ, анаша саудасы, ірі ойынханалар үлкен пайда алып келетін бизнестің түрлері болып есептелді. Бұл бизнес түрлерінің бағыты мен табиғаты өте ауыр, әрі соңында адамдардың физикалық, психологиялық, моральды құлдырауына алып келеді.
Алайда 50-ші жылдардан соң үлкен пайда алып келетін адами-зияткерлік құндылықтырға бағытталған жаңа бизнестің түрі пайда болып, тиісінше ҒТП-ң дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Бүгінгі таңда бұл бизнес - венчурлық қаржыландыру атымен танымал. Ол ғылыми сыйымды әрі жоғары технологияларға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікке тікелей инвестиция салуымен ерекшеленеді. «Венчур» сөзі бір жағынан кәсіпорын, екінші жағынан тәуекел деген мағынаны білдіреді. Венчурлық бизнес дегеніміз – пайда табу мақсатында біреуі қаражатымен, екіншісі идеясымен инновациялық ғылыми сыйымды өнім шығаруға бағытталған үлкен тәуекелге баратын кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы.
Венчурлық қаржыландыру акцияға қаражат салумен, биржалық ойынмен байланысты болады.
Қаражат акциялары әлі қаржы нарығына шығарылмаған кәсіпорынға салынады.
Венчурлық капитал шағын жоғарытехнологиялық кәсіпорынға салынады.
Венчурлық капитал жаңа компанияларға орта және ұзақ мерзімге беріледі, әрі өмірлік цикл аяқталғанға дейін венчурлық капиталистің қалауымен қаражат қайта алынбайды.
Венчурлық қаржыландыру үлкен табыс алып келіп тұрған компанияға емес, потенциялды даму мүмкіндігі бар жас компанияларға беріледі.
Венчурлық капитал дәстүрлі емес, жаңа компанияларды қолдауға жұмсалады. Бұл бір жағынан тәуекелді арттырса, бір жағынан үлкен пайда алып келеді.
Венчурлық капиталист, 5-7 жылдан кейін өзінің қаражатын компаниядан қалай алатынын анықтап алуы тиіс.
Қаржыландырудың жетістігі компанияның акциясының құнының өсуімен анықталады.
Кәсіпорын 3-5 жылдан соң қор нарығына акциясын сатуына болады. Әдетте, венчурлық капиталистер алғашында салған капиталын 5-10 есеге өсіруін қалайды. Әрі олар сол мақсаттарына жетеді. Мысалы, Ресейде біраз ғалымдар мықты имунитет қалыптастырушы Тимоген дәрілік препоратын ойлап тапқан үшін аз ғана мыңдаған доллар жұмсалған. Бұған бірден бірнеше ел қызығушылық танытты. Тіпті соңында таурды шығаруға рұқсат берілетін лицензиясының өзін АҚШ бірнеше миллион долларға сатып алды.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономика кафедрасы

СӨЖ

Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің
экономикадағы рөлі

Орындаған: Дукенов Ж.М.
Тексерген: Саржанқызы А.
Тобы: 403

Алматы- 2010ж.

Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің
экономикадағы рөлі

ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін мұнай, қару-жарақ, анаша саудасы, ірі
ойынханалар үлкен пайда алып келетін бизнестің түрлері болып есептелді. Бұл
бизнес түрлерінің бағыты мен табиғаты өте ауыр, әрі соңында адамдардың
физикалық, психологиялық, моральды құлдырауына алып келеді.
Алайда 50-ші жылдардан соң үлкен пайда алып келетін адами-зияткерлік
құндылықтырға бағытталған жаңа бизнестің түрі пайда болып, тиісінше ҒТП-ң
дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Бүгінгі таңда бұл бизнес - венчурлық
қаржыландыру атымен танымал. Ол ғылыми сыйымды әрі жоғары технологияларға
негізделген шағын және орта кәсіпкерлікке тікелей инвестиция салуымен
ерекшеленеді. Венчур сөзі бір жағынан кәсіпорын, екінші жағынан тәуекел
деген мағынаны білдіреді. Венчурлық бизнес дегеніміз – пайда табу
мақсатында біреуі қаражатымен, екіншісі идеясымен инновациялық ғылыми
сыйымды өнім шығаруға бағытталған үлкен тәуекелге баратын кәсіпкерлердің
бірлескен жұмысы.
Венчурлық қаржыландыру акцияға қаражат салумен, биржалық ойынмен
байланысты болады.
Қаражат акциялары әлі қаржы нарығына шығарылмаған кәсіпорынға
салынады.
Венчурлық капитал шағын жоғарытехнологиялық кәсіпорынға салынады.
Венчурлық капитал жаңа компанияларға орта және ұзақ мерзімге беріледі,
әрі өмірлік цикл аяқталғанға дейін венчурлық капиталистің қалауымен қаражат
қайта алынбайды.
Венчурлық қаржыландыру үлкен табыс алып келіп тұрған компанияға емес,
потенциялды даму мүмкіндігі бар жас компанияларға беріледі.
Венчурлық капитал дәстүрлі емес, жаңа компанияларды қолдауға
жұмсалады. Бұл бір жағынан тәуекелді арттырса, бір жағынан үлкен пайда алып
келеді.
Венчурлық капиталист, 5-7 жылдан кейін өзінің қаражатын компаниядан
қалай алатынын анықтап алуы тиіс.
Қаржыландырудың жетістігі компанияның акциясының құнының өсуімен
анықталады.
Кәсіпорын 3-5 жылдан соң қор нарығына акциясын сатуына болады. Әдетте,
венчурлық капиталистер алғашында салған капиталын 5-10 есеге өсіруін
қалайды. Әрі олар сол мақсаттарына жетеді. Мысалы, Ресейде біраз ғалымдар
мықты имунитет қалыптастырушы Тимоген дәрілік препоратын ойлап тапқан үшін
аз ғана мыңдаған доллар жұмсалған. Бұған бірден бірнеше ел қызығушылық
танытты. Тіпті соңында таурды шығаруға рұқсат берілетін лицензиясының өзін
АҚШ бірнеше миллион долларға сатып алды. Сонымен қатар 1975-1979 жылдары
танымал емес шағын жоғарытехнологиялық Apple Computer атты американ
компаниясы біраз инвесторлардан 7 миллион доллар алған еді. 1980 жылы 12
желтоқсанда жоғары сұраныспен компьютер шығарып сататын кәсіпорын, өзінің
акциясын қор нарығына шығарғанда, бұл құнды қағаздардың бағасы бірақ күнде
шарықтап кеткені соншалық 1,7 миллиард долларға көтерілген. Кәсіпорынның
негізін қалаушы 25 жастағы Стивен Джобс 24 сағаттың ішінде акция пакеті 4
миллиард долларды құрайтын миллиардер болып шыға келді.
Бұдан біз мынадай тұжырымға келеміз венчурлық бизнес бұл жаңа
идеялармен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Венчурлық
қаржыландырудың тағы бір ерекшелігі ол модамен бірге жүреді. Мысалы, 80-ші
жылдары сидиромдарға қатты қызығушылық пайда болған еді, дәл сол кезде
венчурлық капиталистер соған қаражатты көп бөлді. Кейін бұл сәннен кете
бастады, тиісінше қаржыландыру да азайды. Ұялы телефондар пайда болғанда
тура сондай көрініс байқалған (қазір ұялы телефондар шығаратын
кәсіпорындарға қиындық туды, тауар нарығы толы, сұраныс азайды, ал мұндай
кәсіпорындардың саны жетерлік). Уақыт өтумен дербес компьютерге деген
сұраныстың азаятыны сөзсіз. Сонымен бірге бұл салаға да венчурлық
қаржыландыруда қысқарады. Себебі венчурлық қаржыландыруды өмір бойы
қызықтыратын саланың болуы мүмкін емес. Тек венчурлық капиталистер
өздерінің активтерін ұлғайтуға мәңгі ұмтылуы мүмкін.
Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік
несиеден қандай айырмашылығы болуы мүмкін:
1. Инвестор өз қаржысын акцияға салады.
2. Инвестор жаңа кәсіпорынға көмектеседі (кеңес береді, тәжірибесімен
бөліседі, таныстар табады).
3. Тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді.
4. Банктер тәуекелі жоғары әрі ұзақ мерзімге қаржы беруден сақтанады.
5. Венчурлық капитал беруші акционері ретінде сәтсіздіктерді де,
жауапкершілікті өзінің мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен
инвестор әріптес ретінде жұмыс істейді.
Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, онда ол
компаниямен бірге бес тәуекелі жоғары деңгейлерді өткенше жаңа, қайта жаңа
қаржы көзерін іздейді. Бес даму деңгейінен кез келген жоғары технологиялы
компания өтеді:
1. Компанияның пайда болуы.
2. Алғашқы маңызды инвестициялық венчурлық капиталды тарту.
3. Ғылыми сыйымды өнім шығарған дейінгі компанияның дамуы.
4. Компанияның жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып
келуі мен акцияларының қорбиржасында сатылуы пайдалы болғанынша.
5. Компанияның қор нарығында(немесе арнайы биржаларда) акцияларының
сатылуы және көп мөлшерде пайда алып келуі.
Әр деңгейде қаржыландыру тәуекелі әртүрлі. Ең алғашында кез келген
жоғары технологиялы компанияның негізін бір техник немесе ғалым қалайды.
Бұл кезде инновациялық идеядан басқа ештеңе жоқ. Не бұл адамның өзінің
бизнесі жоқ, не венчурлық компанияны басқару тәжірибесі жоқ, не бизнес
жоспары жоқ, өнімі үшін арнайы нарық жоқ, не өнімге деген сұраныс та жоқ,
ең маңыздысы өнімнің өзі жоқ, тек қана идея ғана. Әрине бұл деңгейде тәекел
өте жоғары болатыны сөзсіз. Осындай уақытта тек венчурлық капиталистер ғана
бұндай тәуекелге бара алады. Бұндай батыл адамдар болмағанда жоғары
технологиялы компаниялар тіпті болмаушы еді. Жақсылыққа орай, қайтпас
қайсар мінезді, өзіне деген сенімі мол, дәл венчурлық бизнесқа керекті
қабілеттері бар,белгілі бір категориялы іскер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Венчурлық кәсіпкерлік
Қазақстан экономикасын дамытуға қажетті экономикалық ортаны қалыптастыру
Венчурлық капитал компаниялары
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Инновациялық қызметті реттеу
Венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Шағын кәсіпкерлікке қатысатын субъектілер
Шағын бизнесті демеу шаралары
Пәндер