Африка Бірлігі Ұйымы



ХХІ ғасырға аяқ басумен бірге адамзат халықаралық қатынастар дамуының жаңа кезеңіне де аяқ басты. Ол халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуі, халықтар достығы мен ғаламданудың дамуы арқылы көрінді. Халықаралық қауымдастық ірі интеграциялық байланыстарға, көп мәселені алдын ала болжап білуге ұмтылып, соған сай түрлі ұйымдардың жұмыс механизмдері нығайды. Ұлттық деңгейден жоғары ұйымдар да жаппай күшею үстінде, ал бұл — алға қарай табысты жылжудың алғышарты.

Ғаламдану заманында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде бірте-бірте ғаламдық мәселелерді шешуге ұйысатын ұйымдардың тәжірибесі мен қызметін зерттеудің маңызы зор. Даму неғұрлым жылдам қарқынмен жүрген сайын халықаралық қауымдастық та құлағын түріп отыруға мәжбүр, өйткені дамумен бір мезгілде қауіп-қатер де бой көтереді. Халықаралық қатынастарды демократияландырудың негізгі алғышарттарының бірі жәрдемдесу принципі екенін есепке алсақ, түрлі қауіп-қатерлер ең алдымен аймақтық ұйымдарға жетеді. Ал Африкалы Одақ (АО), яғни бұрынғы Африкалық Бірлік Одағы бүгінгі таңда Африка құрлығындағы барлық мемлекеттердің басын біріктіріп отырған бірден-бір аймақтық ұйым.
Пайдалынған әдебиеттер тізімі:
Малока Э. К Африканскому ренессансу: Африканский союз и Новое партнерство для развития Африки (НЕПАД). Доклад исполнительного директора Института Африки ЮАР на 9-й конференции африканистов (Москва, май 2002). М., 2002
Кораблев Ю.В., Шубин В.Г. Африканский союз. – В кн.: Страны Африки 2002. М.: Изд-во Института Африки РАН, 2002
Цыганков П.А. Теория международных отношений. М.: «Гардарики», 2002
Cheru F. African Renaissance: Roadmaps to the Challenge of Globalization. London, 2002
Африканская интеграция: социально-политическое измерение. М.: Изд-во Института Африки РАН, 2003
Алимов Ю.И. Движение африканского единства на современном этапе. — Народы Азии и Африки, 1964, № 2.
Алимов Ю.И. Организация Африканского Единства. М., 1969.
Поликанов Д.В. Конфликты в Африке и деятельность международных организаций по их урегулированию. М., 1998.
Проблемы интеграции в Африке. М., 1971.
Фокеев Г.Е. Внешняя политика стран Африки. М., 1968.
Этингер Я.Я. Африканская солидарность и происки неоколониализма. М., 1967,
Этингер Я.Я. Межгосударственные организации стран Азии и Африки. М., 1976.
Этингер Я.Я. Политические проблемы африканского единства. М., 1967
Бюттнер, Теа. История Африки с древнейших времен до 1884 г. М., 1981
История Африки в XIX - начале ХХ вв. М., 1984.
История национально-освободительной борьбы народов Африки в новое время. М., 1976
История национально-освободительной борьбы народов Африки в новейшее время. М., 1978
История Тропической и Южной Африки в 1918-1988 гг. М., 1989.
Колониальное общество Тропической Африки: взаимодействие цивилизаций? М., 1993.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Африка Бірлігі Ұйымы

ХХІ ғасырға аяқ басумен бірге адамзат халықаралық қатынастар
дамуының жаңа кезеңіне де аяқ басты. Ол халықаралық экономикалық, саяси
және мәдени қарым-қатынастардың кеңеюі мен тереңдеуі, халықтар достығы
мен ғаламданудың дамуы арқылы көрінді. Халықаралық қауымдастық ірі
интеграциялық байланыстарға, көп мәселені алдын ала болжап білуге
ұмтылып, соған сай түрлі ұйымдардың жұмыс механизмдері нығайды. Ұлттық
деңгейден жоғары ұйымдар да жаппай күшею үстінде, ал бұл — алға қарай
табысты жылжудың алғышарты.

Ғаламдану заманында халықаралық ұйымдардың, соның ішінде бірте-бірте
ғаламдық мәселелерді шешуге ұйысатын ұйымдардың тәжірибесі мен қызметін
зерттеудің маңызы зор. Даму неғұрлым жылдам қарқынмен жүрген сайын
халықаралық қауымдастық та құлағын түріп отыруға мәжбүр, өйткені
дамумен бір мезгілде қауіп-қатер де бой көтереді. Халықаралық
қатынастарды демократияландырудың негізгі алғышарттарының бірі
жәрдемдесу принципі екенін есепке алсақ, түрлі қауіп-қатерлер ең
алдымен аймақтық ұйымдарға жетеді. Ал Африкалы Одақ (АО), яғни бұрынғы
Африкалық Бірлік Одағы бүгінгі таңда Африка құрлығындағы барлық
мемлекеттердің басын біріктіріп отырған бірден-бір аймақтық ұйым.

Жұмыстың хронологиялық шегі біз қарастырып отырған ұйымның, яғни АБО-
ның қызмет ету уақыты негізінде анықталады. Ал 1963 жылы африкалық
ынтымақтастық және бірлік принципі негізінде құрылған АБО алғаш
құрылған күнінен-ақ Африка мемлекеттерінің отаршылдық езгіден,
тәуелділіктен тұтастай арылуы үшін күресті. Оның жұмысы да соған
негізделді. Ұйым жұмысындағы екінші басым бағыт апартеидтік режимді
және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін түп орнымен жою болды. Ұйым
бұл орайда кереметтей табандылық және батылдық танытып, құрлықтағы
барлық мемлекеттердің тізесін біріктіре алды. Сол арқылы жаңа айтылған
мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың да назарын аудартып, соның арқасында
ойға алған мақсаттарын табысты аяқтады. Қарулы күрес тәсілдері мен
дипломатиялық акцияларды шебер үйлестіру арқылы 1990 жылдардың бас
кезінде құрлықтағы отаршылдықты күл-талқан етті. Қазіргі таңда АО-ның
(АБО-ның қазіргі атауы) Африка құрлығындағы халықаралық қатынастарда
айтарлықтай өзіндік орны бар.

Африкалық Бірлік Одағының пайда болуына көптеген себептер түрткі болған
еді. Ол қандай себептер? Олар: отаршылдық езгіден жалғыз-жарым
құтылудың мүмкін еместігі; халықаралық экономикалық қатынастарда
өзгелермен терезесі тең болуға қол жеткізу қажеттігі; құрлықтағы
елдердің мәдени, тарихи және аумақтық ұқсастықтары. Бұған қоса, Африка
мемлекеттерінің басшыларына әлемдегі жалпы жағдай да әсер еткені
белгілі, ұйымның құрылуының бір себебі де осы. Африканың азат етілуі
тарихи сәт еді, ал ол еуропалық капиталистік шаруашылық аясындағы
интеграциялық бағыттардың қызу дамыған сәтіне және социалистік блоктың
қайта құрылуына сай келді. Яғни, бұл процестерге Африканың да өзінің
жалпықұрлықтық ұйымын құру арқылы араласуы заңдылық.

АБО құрылған сәттен бастап оның қызметі бірқатар мақсаттарды көздеді.
Ол ұйымның жарғысында көрсетілген ең басты міндетті шешуге тиіс болды.
Ал ондай міндеттердің бірі де бірегейі Африка құрлығындағы отаршылдық
атаулыны түп тамырымен жою еді. АБО-ның қызметіне талдау жасағанда
ұйымның ең алдымен Африка құрлығын отаршылдық езгіден азат етуге күш
салғаны, соған жұмыс істегені анық аңғарылады. Жалпы, отаршылдыққа
қарсы күрес идеясының африкалықтарды біріктірудегі маңызы мен рөлі
ерекше.

АБО-да отаршылдыққа қарсы күрес негізгі-негізгі деген үш бағытта жүрді:
АБО колониялардағы ұлтты азат ету бағытындағы қозғалыстарға моральдық
және материалдық көмек көрсетті; өз күшімен және Біріккен Ұлттар
Ұйымына арқа сүйей отырып, отаршылдық және нәсілдік кемсіту етек алған
елдерге саяси-экономикалық қысым жасады; ондайлардың одақтастарына,
яғни АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға және ФРГ-ға қатысты саясаттарын
күшейтті. Жекелеген Африка елдерінің бар күш-жігерін АБО-ға жұмсауы
құрлықтағы отаршылдық жүйені жою процесінің қарқынды жүруіне жол ашқан
халықаралық фактор екенін де жоққа шығаруға болмас. АБО-ның отаршыл
және нәсілдік дискриминацияны кемшілік санамайтын елдерге саяси әрі
экономикалық қысым жасауы да өз жемісін берді.

Қазіргі таңда Африка құрлығындағы негізгі мемлекеттердің барлығы дерлік
АБО-ның Африкалық Одаққа айналу процесіне белсенді түрде араласып
жатыр. Лусакода Жаңа африкандық бастама қабылданғаннан кейін Нигерия
Оңтүстік Африкамен, Алжирмен, Мысырмен және Сенегалмен бірігіп,
құрлықты дамыту жоспарын түзуге кіріскен. Ал Африкалық Бірлік Одағының
Африкалық Одақ болып өзгеруі жай ғана ат ауыстыру ма, әлде оның өзге
астары бар ма, мұны жоспардың орындалу нәтижелері көрсетеді.
Африка бірлігі ұйымы – Африка құрлығындағы үкіметтерді біріктіруші
аймақтық ұйым. Африка бірлігі ұйымының Жарғысы 1963 жылы қабылданды. Ол
адам құқықтарының жалпы декларациясы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының
Жарғысында көрсетілген қағидаларға бағынады. 1981 жылы Африка бірлігі
ұйымы Халықтар мен адам құқының Африкалық хартиясын адам құқықтары
туралы келісім қабылдады. Африка хартиясы 1986 жылы күшіне енді. Осыған
сәйкес кейіннен халықтар мен адам құқықтары жөнінде Африка комиссиясы
құрылды. Ол Африка жарлығының орындалуын бақылады. Африка бірлігі ұйымы
адам құқықтары жөнінде Африкасотын құрды. Бұдан бөлек, 1969 жылы Африка
бірлігі ұйымы Африкадағы босқындар мәселесінің жекелеген баптары
бойынша, Конвенция таратты. Бұл конвенция Босқындар статусы жайлы
Біріккен Ұлттар Ұйымы протоколы мен конвенциясына және де 1990 жылы
баланың әл-ауқаты мен құқықтары жөнінде қабылданған Африка хартиясына
қарағанда анағұрлым босқындар жайында кең анықтама берді.
Африка ұйымдар мен құқықтық актілердің құрылуы: Жаңа Африка одағы
(2003ж Май)
2002 жылдың Шілдесінде Африкалық бірлік Ұйымын Африка Одағы басты.
Африка Одағы Европалық Одақ үлгісін қабылдады. Көбіне экономикалық
интеграция мен әлеуметтік даму, түптеп келгенде, саяси бірлікке
негізделді. Африка Одағы халықтар мен адам құқықтарының Африкалық
хартиясында көрсетілген адам құқықтары жүйесіне негіздеп жұмыс
жүргізді. Бұны Африка бірлігі ұйымы да іске ассырған-ды. Негізгі құжат
бұл одаққа кірген елдердің халықтар мен адам құқығының Африкандық
хартиясына сәйкес адам құқықтарын қорғау мен қадірлеуді мақсат тұтты.
Африка Одағы да аймақтық, халықаралық, үкіметаралық ұйым. Ол Африканың
52 мемлекетінің басын құрап отыр. Африкалық бірлік ұйымын Африкалық
Одақтың басуындағы басты объективті себеп – ол өмір сүрген 1963 пен
2001 жыл аралығында әлемдегі саяси күштер арасында өте үлкен
өзгерістердің белең алғандығы еді. Африка елдері экономикасының дамуы
жаңа механизмдерді қажет етті.
Африка Одағын құру шешімі Африка бірлігі ұйымының 1999 жылы сиртада
(Ливия) өткен Қыркүйектегі төтенше кездесуінде қабылданды. Ол Африка
бірлігі ұйымы шеңберіне қарағанда Африка лидерлерінің бірлікке
ұмтылғандығын көрсетті. Құрлықтың мемлекет басшылары 2000 жылы
Шілдесінде Ломада Африка бірлігі ұйымы саммитінде Африка Одағының
Құрылтайшы актін мақұлдады. Солтұстарда Африка Одағының құрылуы ресми
хабарланды. Африка бірлігі ұйымының Замбия астанасы Лусакедегі (2001
Шілде) 37-Ассамблеясы жаңа ұйымның құқықтық әрі құрылымдық негізін
анықтайтын бірқатар құжаттар қабылдады. Осы кезде актіні 51 Африка
мемлекеті бекітті. Ол Африка бірлігі ұйымынан Африкалық Одаққа өту
кезінде өміршеңдік танытқан Африка бірлігі ұйымының Жарғысын
алмастырды. Африка Одағының алғашқы саммиті 2002 жылы 9-10 шілдесінде
Дурбанда (ОАР) өтті. Африка Одағының төрағасы ретінде Оңтүстік Африка
Республикасының президенті Табо Мбеки сайланды. Қайта құрылған
Жалпыафрикалық ұйымның оперативті экономикалық бағдарламасы ретінде
НЕПАД (Новое партнерство для развития Африки - New Partnership for
Africas Development - Африканы дамыту үшін жаңа әріптестік) аталды.
Африканы дамыту стратегиясының кең масштабты бағдарламасы. Оның жаңа
өмірдегі орны анықталады. 2003 жылы Африка Одағына құрлықтың барлық
елдері мүшелікке енді. Оған Марокко королдігі ғана енбеді. Африка
Одағының штаб-пәтері Аддис-абебада (Эфиопия) орналасқан. Африка
Одағының құрылтайшы актында барлық мүше мемлекеттер бірлік пен ынтымақ,
халықтар арасындағы достық үшін бір кісідіей жұмылады деген. Африка
Одағының негізгі міндеті - әлемдік қауымдастықпен диалог орнату,
егемендікті сақтау, территориалды бүтіндікті, мүше елдердегі,
құрлықтағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау, аймақтық
қақтығыстарды жұмыла шешу.
Африка Одағының Африка Бірлігі ұйымынан ең басты ерекшелігі – жаңа ұйым
негізгі басымдықты экономикалық интеграцияға аударды. Африка Бірлігі
ұйымы болса, жас Африка мемлекеттерінің ұлттық тәуелсіздігі мен
территориалды бүтіндігін сақтау үшін басты міндет ретінде саяси
интеграцияны қойған болатын. Әлемдік тарихта экономикалық мүдделерді
тоғыстыратын интеграция үлгілері болған. Африка проблемаларының
бірқатарын шешу үшін осы жол ыңғайлы көрінді. Одақ қабылдаған шешім
саяси-әкімшілік бірлестікті құрлықтың оңтүстігі мен солтүстігіндегі,
соларға арқа сүйей отырып, интеграцияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы ролі
Африка елдері
МҰНАЙ ЭКСПОРТТАУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМЫ
Ислам конференциясы ұйымы
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
ЭКОВАС негізінде Батыс Африка мемлекеттерінің федерациясын құру
Дүниежүзінің саяси картасы
Ислам конференциясы ұйымының халықаралық құқықтық статусы
Діни басқарма тұсында
Хатшылық және Халықаралық ислам
Пәндер