Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім беру . әлеуметтік институт ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Білім беру . адам дамуының маңызды факторы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім берудің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Білім беру саласының заңнамалық негіздерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Қазақстан Республикасындағы ЖОО.ғы сапа менеджментінің жүйесі ... ... 28

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛДАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Отандық білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.2 Білім берудегі инновациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
3.3 Әл.Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беруді жаңашылдандыру стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67
Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады. Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне, инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға бетбұрыс жасады.
Бүгінгі жаһандану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына көптеген сынақтарды көлденең тартады.
ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды роль атқарады. Әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың (ғалымдардың, мамандардың, жұмысшылардың, менеджерлердің, т.б.) бәсекеге қабілетілігімен анықталады.
Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт" атты Жолдауында ғаламдану жағдайындағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні жан-жақты түсіндіріліп, ел алдында тұрған міндеттер тұжырымдалған болатын. Солардың ішінде білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айрықша назар аударылып, "ұлттық бәсекелестік қабілеттілік" бірінші кезекте ұлттың білімділік деңгейімен айқындалатындығы белгіленді. [1]
Бәсекелестік жоғары білікті мамандардың тікелей белсенді қатысуы арқылы жүзеге асып, жаңару бағытындағы қоғам өз әлеуетін мейлінше жаңа күшпен толықтыруға мүдделі болса, бұл орайда ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-ақ білім бәсекелестігінің міндеті қойылған. Ел білімінің қандай
болашағы, әлбетте, мемлекет таңдаған жолы - "осы заманғы әрі ұтымды технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру" деп көрсетілген болатын.
1. Назарбаев Н.Ә. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, Бәсекеге қабілетті экономика үшін, Бәсекеге қабілетті халық үшін. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана: Елорда, 2004 жыл, 19 наурыз.
2. Мамыров Н.К. Қазақстандағы адам дамуы. – Алматы: Экономика, 2003. –436б
3. Тейхейра П. Рынки в сфере высшего образования: можем ли мы по-прежнему учиться у классиков? // Экономика образования. – 2008.- № 2. 75-87 б.б
4. Дәулиева Ғ.Р. Білім беру саласының экономикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 30 б
5. Сарбасова Т.С., Сарбасова А.Қ., Бимендиева Л.Ә. Білім беру саласының әлеуметтік-экономикалық мәселелері. – Алматы: Қазақ университеті,2007.-56б.
6. Портер М.Е. Конкурентная стратегия: Методика анализа отраслей и конкурентов / Пер с анг. – М.: Альпина Бизнес Букс, 2005.-454с.
7. Даулиева Г.Р. Білім беру бизнестің интеграциясы білім сапасын арттырудың факторы ретінде // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 1(65) 2008
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. – Алматы: ЮРИСТ, 2008.
9. Республика Казахстан. Закон от 1 апреля 1999 года, № 358 – 1 3РК. О бюджетной системе. – Астана.: Ақорда, 1999- 232с.
10. Республика Казахстан. Закон от 27 июля 2007 года, № 319 – III Об образовании // Казахстанская правда от 15 августа 2007 года.
11. Нарибаев К.Н. Проблемы реформирования высшего образования в Казакстане в условиях глобализации / Под. Ред. О. Сабдена. – Алматы: Институт экономики МОН РК, 2007. – 30 б
12. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана: Елорда, 2006.
13. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты. Жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер. ҚР СТ 1157-2002. Астана 2002/
14. КожамкуловТ.А., Мансуров З.А., Дадебаев Ж.Д., Минжаева Г.С. Система менеджмента качества (СМК). –Алматы: Қазақ университеті 2004 г.
15. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030 стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы». –Алматы, 2007 -57б.
16. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында / Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. –Астана, 2005 жылғы 18 ақпан.
17. Дүйсебек Ә. Ұлттық тәрбие тұжырымдамасы / Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан, 2005.
18. Интернет сайты (www.stat.kz)
19. Тайжанова Ж.А. Исследование влияния образования на человеческое развитие в РК. // Диссертация. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 186 б.б
20. Финансы за неделю // Делоой Казакстан. – № 12 от 27 марта 2009 года
21. Қазақстан Республикасы Президентінің “Дағдарыстан - дамуға” атты халыққа Жолдауы.// Жетісу. – 7 наурыз 2009 жыл
22. Тихомиров А.В. Пути реформы организации образования // экономика образования. – 2008.- № 3. 4-10 б.б
23. Бейсенбаев А. А. Тілебаев М.Б. Білім беру мазмұны туралы түсінік/ Педагогика. Дәріс құралы. Алматы: «Нұралы әлем». 2003ж. -368 б.
24. Құсайынов А. Сапалы білім – заман талабы // Егемен Қазақстан 2007жыл. 7 ақпан
25. Интернет сайты (www.google.kz)
26. Багишев З.Я. Приоритеты современного образования и стратегия его развития. М: Педагогика, 2003, №9, с-10-14.
27. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмалары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 2009-2011 жылдарға арналған даму стратегиясы.-Алматы, 2008

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Диплом жұмысы

БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

Орындаған:
4 курс студенті _________________
Сулейманкулова Г.Е.

Ғылыми жетекші:
э.ғ.к., доцент _________________
Даулиева Ғ.Р.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы:
_________________
Абдилова А.Ш.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі, ________________
Төлегенова М.С.
э.ғ.д., профессор (қолы, күні)

Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім беру - әлеуметтік институт
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Білім беру – адам дамуының маңызды факторы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 Ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім
берудің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Білім беру саласының заңнамалық негіздерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 21
2.2 Қазақстан Республикасындағы ЖОО-ғы сапа менеджментінің жүйесі ... ... 28

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҢАШЫЛДАНДЫРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Отандық білім беру жүйесінің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
3.2 Білім берудегі
инновациялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..41
3.3 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің білім беруді
жаңашылдандыру
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 67

КІРІСПЕ

Зертттеу тақырыбының өзектілігі. Білім мемлекеттің интелектуалдық және
рухани ресурстарының сарқылмас бұлағы ретінде адамзат капиталының сапасын
арттыруда басты роль атқаратын белгілі. Мемлекеттердің экономикалық және
әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының
білімділігімен анықталады.
Бүгін еліміздің өзінің даму барысындағы басты ұстанымы – Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлемдегі бәсеке мейлінше
қабілетті озық елу ел елдің қатарына қосылу. Жаһандану жағдайында барлық
индустриалды дамыған елдер білімге, интеллектуалды және білім әлеуетіне,
инновацияларға, озық технологияларға, негізделген экономиканы дамытуға
бетбұрыс жасады.
Бүгінгі жаһандану дәуірі - заман шындығы. Сондықтан Қазақстан
ғаламдану кезеңіне қалай ілесе алады, елдік ұлттық бет-бейнемізді қайтіп
сақтаймыз, ең бастысы біз ғаламдануға не қоса аламыз - осы сұрақтар
төңірегінде ойланып - толғанған абзал. Ал мұны білім мәселесімен
сабақтастыра айтсақ, әлемдік білімнің ғаламдануы Қазақстанның алдына
көптеген сынақтарды көлденең тартады.
ХХІ ғасыр – жаһандық жаңалықтар ғасыры да, өйткені, ол қазіргі кезде
мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ
әлемдік рыноктағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір
сүру сапасы мен деңгейін көтеруде айрықша маңызды роль атқарады. Әлемдегі
елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу
үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция
саласы ретінде елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын
қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың
(ғалымдардың, мамандардың, жұмысшылардың, менеджерлердің, т.б.) бәсекеге
қабілетілігімен анықталады.
Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті
экономика, бәсекеге қабілетті ұлт" атты Жолдауында ғаламдану жағдайындағы
бәсекеге қабілеттіліктің мәні жан-жақты түсіндіріліп, ел алдында тұрған
міндеттер тұжырымдалған болатын. Солардың ішінде білім беру саласындағы
бәсекеге қабілеттілік мәселесіне айрықша назар аударылып, "ұлттық
бәсекелестік қабілеттілік" бірінші кезекте ұлттың білімділік деңгейімен
айқындалатындығы белгіленді. [1]
Бәсекелестік жоғары білікті мамандардың тікелей белсенді қатысуы арқылы
жүзеге асып, жаңару бағытындағы қоғам өз әлеуетін мейлінше жаңа күшпен
толықтыруға мүдделі болса, бұл орайда ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан-
ақ білім бәсекелестігінің міндеті қойылған. Ел білімінің қандай
болашағы, әлбетте, мемлекет таңдаған жолы - "осы заманғы әрі ұтымды
технологиялардың негізінде өзінің ғылыми-техникалық әлеуетін жедел қалпына
келтіру мен дамыту, өндіріс пен инвестицияның өсімін арттыру" деп
көрсетілген болатын.
Ғылыми зерттелу деңгейі. Адам капиталы теориясының бөлігі ретінде
білім беру экономикасын ХХ ғасырда америкалық Т. Щульц, Г. Беккер, П.
Друкер зерттеді. Одан өзге ұлттық білім беру саласын модернизациялау
бағытындағы оқыту мен экономикалық тәрбие мәселелері, отандық экономист-
ғалымдар Я.Ә. Әубәкіровтың, Н.К. Мамыровтың, К.И. Нәрібаевтың, Ө.Қ.
Шеденовтың, М.Д. Есқалиевтің, Т.С. Сарбасованың, С.К. Жұмабаевтің, Ғ.Р.
Дәулиеваның, Л.А. Бимендиеваның және Ж.А. Тайжанованың еңбектерінде
зерттелініп келеді.
Диплом жұмысының мақсатты: Диплом жұмысының мақсаты – білім беру
жүйесінің бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру жолдарын, бағыттарын анықтау және ұсыну.
Диплом жұмысының міндеттері. Алға қойылған мақсатқа сәйкес келесідей
міндеттер орындалады:
- білім берудің теориялық тұрғыда әлеуметтік институт ретінде қарастыру;
- ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы
білім берудің маңыздылығын көрсету;
- білім беру саласының заңнамалық негіздерін талдау;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің білім берудегі инновациялардың дамуын
бағалау;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың даму стратегиясын талдау.
Ғылыми методикалық базаның зерттелуі. Білім беру экономикасы
тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен
оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың
диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық
конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және
соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің
статистикалық деректері, ҚР БҒМ материалдары, бұқаралық ақпарат
құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің
әдіснамалық, теориялық сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу
жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық
талдау әдісі қолданылады.
Зерттеу обьектісі: Білім берудегі ұлттық экономиканың бәсекелестік
артықшылықтарын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасындағы білім берудің дамуы және
оның бәсекелестігін арттырудың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік
мәселелері
Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірнші бөлімінде білім беру мәні ашылып, адам дамуының
маңызды факторы қарастырылып, ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігн
арттыру көрсетілген.
Екінші бөлімде білім берудің сапасын жаңашылдандыру, ЖОО-ғы оқу
үрдісін арттыру мәселелері, сапа менеджмент жүйесінің басты түйін ретінде
негіздеуге талпыныс жасап, осы мәселе ұсынылған. Үшінші бөлімде Әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-нің инновациялық даму стратегиясы талданып, статистикалық
көрсеткіштер көрсетілген.
Елдің экономикалық деңгейі мен оның әлемдегі бәсекелестік ұстанымы
бірінші кезекте оның адамдарының сапасына-адамдық капиталға байланысты
екенін көрсетеді. Сол cебепті білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда
адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: Тегінде
адам баласы адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан
басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер деп өсиет қалдырған.

1 БІЛІМ БЕРУ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім беру - әлеуметтік институт ретінде

Жалпы білімнің жүйесі – қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі
өзгеріп отырады. Ол әр елдің экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып,
үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі. Сансыз көп
теорияларда білім не еңбек тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым
және техникалық прогрестің қозғаушысы ретінде қаралып келді, бірақ барлық
жағдайда да оған қосалқы, көмекші рол берілетін еді. Қоғамға білімді шындап
бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті.
Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту
заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеций білім мен ғылымның қоғам
дамуындағы нағыз құдіретті күші туралы айтты.[2]
Соңғы екі жүзжылдықта классикалық саяси экономиканың көп экономистері
білімнің қоғам дамуындағы орны, білімнің экономикалық аспектілері және оның
әсер етуі жөнінде пікір білдіріп келеді.
Адам Смит білім негізін адам мінез-құлқын қалыптастырушы фактор
ретінде алды. Ол білімді түрлі дарындарды дамытушы, сан алуан мамандықтарды
өмірге әкелуші, сол мамандықтарға сәйкес тауар түрлерінің өсіміне әкеледі
деп санады. Білім қоғамдық капиталдың қайнар көзі ретінде саналып, ал оқу,
үйрену негізінде қорланған білім мен әдет – ұлттық байлық құрамына енеді.
Смит білім саласындағы маңызды орынды мемлекет алдындағы жеке
секторларға беріп, білім сапасын жақсарту тиімді бәсекеде орын алатынын
білдірді. Мемлекеттік оқу орындарының тиімді қызмет көрсетуімен қатар,
жаңалықтар ашу деңгейін де сынға алды. Мемлекеттік және жеке оқу орындарына
деген пікірінде біріншісінің тиімсіз қызмет етуі соңғысының қызметін
қиындататынын ескертті. Дегенмен сол кездің өзінде Смит мемлекеттің білім
өндірісіне анықталған шекте ықпал ету қажеттігін көрсетіп берді. Бұл өз
кезегінде еңбек бөлінісінің экстенсивті дамуындағы теріс әсерлердің
нейтралдануына байланысты. Мемлекет еңбекке қабілетті адамдар арасында оқу
үрдісін жылдамдатуды, яғни қарапайым халық ұйымдастыра алмайтын уақыт пен
қажетті негіздерді қолына алуын атап көрсетті. Мемлекет арқасында бастауыш
мектеп жүйесінің құрылымын құру мен азаматтар арасында білім алу үшін
шығындарды бөлу іске асады. Бұл тек жұмыскерлер тобын біліммен қамтамасыз
етуде айтылған пікірлер. А. Смиттің пікірінше мемлекет мектептерді
ғимараттармен, сондай-ақ оқытушыларды жалақымен қамтамасыз етуге ықпал
етсе, ата-аналар оқу орнының ағымдық шығындары мен олардың да оқытушылар
еңбегіне ақы төлеуге қатысу мәселесін көтерді. Осылайша А.Смит шығындарды
бөлуді білім беруден пайда көретін екі жаққа да тиімді жол деп осыны
ұсынады. А. Смит білім беру жүйесіне сырттан келетін қосымша қаржы көздерін
(қайырымдылық секілді) қарастырмаған. Жалпыға бірдей бастауыш білім идеясын
көтермесе де, қосалқы бастауыш біліммен жаппай қарулану қажеттігін айтады.
Өз ісін бастамашыларға, болмаса ұйымдарға жұмыс іздеп келушілердің
дағдылары мен білімін тексеру жүйесін ұйымдастыруды ұсынады.
Джон Стюарт Милль білімді ұлттық, жекелік, әлеуметтік, моральдік,
саяси және экономикалық дамудың маңызды факторы деп қарастырады. Білім
алудан келетін пайда экономикалық терминдерде қолданылатын болғандықтан,
білім үшін шығын капитал салумен теңестіріледі. Сол кездің өзінде білімнен
келетін пайданың өндіруден артық, сол өндірудің көзі болатындығын
түсіндіреді. “Жұмыскерлер меңгерген білім, бұл табиғи монополия” деп
көрсетеді. Негізінде неғұрлым оқыған, білімді барынша меңгерген
жұмыскерлердің жоғары жалақылы жұмыс орындарына жол табатыны жатыр. Осымен
байланысты қоғамның барлық топтарына білім алуға тиімді жол ашу қажеттігін
маңызды деп көрсетеді. Көрсетілген мәселенің шешімін білімнің
қанағаттанарлық сапасы мен көлемінен іздеді. Іс-әрекетінің сапасы
мемлекеттің қатысуымен бақылауда болатын көп емес ірі оқу орындарын құруды
ұсынған Милль А.Смит секілді мемлекеттік оқу орындарының іс-әрекетіне қарсы
болды. Дегенмен, мемлекеттік және жеке оқу орындарына мемлекеттік
бақылаудың болуын талап етті. Бұл бақылау жеке тұлғаның еркіндігіне нұқсан
келтіретін іргелі қағидаға қарсы келгенімен, білім жүйесі рыноктық
механизмдер арқылы реттеле алмайтынын, яғни тұтынушы білім беру
қызметтеріне төлем қабілетсіздігін, сондай-ақ ол қызметті бағалауға
жеткілікті мүмкіндіктердің болмауымен түсіндіреді. Сондай-ақ ол “білімсіз
адам білім беру үрдісін бағалай алмайтындығын” атап көрсетті. Осымен
байланысты Дж.С. Милль мемлекеттің білім жүйесіне әсерін нақтылап береді.
Бірақ Дж.С. Милль білім беру қызметін тек мемлекеттің көрсетуіне қарсы
болып, сол қызметтің тек бастапқы сатылары ғана емес, неғұрлым тереңдеген
сайын тегін көрсетілуі тиіс, ал тегін бастауыш білім қызметін мемлекет тек
аз қамтылған азаматтарға көрсетуі тиіс деген пікір айтады.
Жалпы автор білім беру жүйесін мемлекеттің қолдауы туралы
политэкономия классиктерінің пікірін, білім беру жүйесін толықтай
мемлекеттендіру туралы ұсыныс секілді түсінуге жатпайтынын айтады.
1832 жылдан бастап бастауыш мектептерді қолдау мақсатында мемлекеттен
бөлінетін жыл сайынғы субсидияны енгізу экономисттер арасында тегін білім
беру жүйесін құру секілді ойлар туғызды. Сол уақытта Дж.С. Миллдің білім
беру жүйесіне жеке секторларды енгізу және сол салада бәсекелестікті дамыту
туралы ашық пікір білдірді. Оқытушылардың еңбегін бағалау, олардың іс-
әрекеттерінің нәтижесіне байланысты болуын және бұл сонымен қатар
мемлекеттік оқу орындарында қызмет еттіндерден тыс қалмауы тиіс екенін
айтты.
Альфред Маршалл – ХІХғ аяғы - ХХ ғ.І жарты жылдығындағы танымал
экономисттердің бірі - білім экономикасына байланысты коптеген пікірлердің
иесі. Білімнің жеке тұлға үшін маңызын қарастыра отырып, қоғамда жалпы
білім беру ісін дамытуға зор көмегін тигізді.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында техникалық білімге көп көңіл
бөлінгеніне қарамастан, А.Маршалл білім беруді шектен тыс мамандандыруға
қарсы болды. Себеп жұмыс берушілердің уақыт ағымына байланысты өзгерістерге
бейімделу мүмкіндіктерінің төмендігінде еді. Ал қоғамдық білімнің маңызы
жеке тұлғаның интелектуалдық мүмкіндіктерін шыңдап қана қоймай, жұмыс
күшінің әлеуметтенуіне, жағымды мінез-құлқының қалыптасуына көмектесетінін
айтты.
“Сауда және өндіріс” атты еңбегінде белгілі өндіріс ошақтарының
экономикалық үрдісіндегі білімнің орны туралы айтады. Индустрияланудың жаңа
талаптары жалпы моралдік, интелектуалдық біліктіліктерді, күрделі өндіргіш
іс-әрекеттерді дамытуға бағытталған, ал тек элиталы қоғамда өмір сүру
маңызын жойғанын айтады.
Жұмыс күшін даярлауға, оларға арнайы білім беруді қоса алғанда,
кететін шығынды тікелей өндірістік инвестициялаумен байланыстырмаса да,
білім беру үрдісін қаржыландыруды сол салаға салынған ұзақ мерзімді
инвестиция деп санады. А. Маршалл білімге деген қызығушылық түрлі құштар
түрткілерден бастау алады, ол жерде ешқандай экономикалық мақсат алғашында
көрінбейтіндігін айтады.
Классикалық политэкономияның интелектуалдық дәстүрін жаңартып,
рыноктық тақырыпта білім экономикасын талқылаған америкалық экономист
Милтон Фридман болды. Ол білім беру жүйесіне мемлекеттің қатысуын шектеу
қажеттігін дәлелдеуге ұмтылды. Ол ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басындағы білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлінің басыңқылығы білімді нақты
ұлттандыруға әкелетінін айтты. АҚШ-та, өзінің “Капитализм және еркіндік”
атты еңбегінде білім беру жүйесіндегі мемлекет рөлі жалпы құндылықтарды
жандандыратын құрал және жалпыға міндетті білімді дамыту үшін азаматтық
құқықты іске асырушы ретінде көрінуі тиіс деп жазды. Сөз жеке тұлғаның
өнімділігін жоғарлатуға байланысты арнайы білім беру жайында болса, онда
мемлекет рөлінің қажетсіздігі байқалады. Егер жеке тұлға осындай арнайы
білім негізінде әл-әуқатын жақсартса, ол осы жолда негізгі шығынды көтеруі
тиіс.[3]
АҚШ-тағы мемлекет рөлінің мектеп деңгейіндегі әсерінен жоғары
білімдегі ықпалы төмен болғандықтан, Фридман студенттерге ваучерлік
көмекпен қаржылық қолдау көрсетуді ұсынады. Ваучерлік жүйе оқу орындарының
арасында бәсекелестікті арттырады, мемлекеттен бөлінген қаржыны неғұрлым
тиімді пайдалануға әкеледі делінген. Бұл негіздер соңғы екі онжылдықта
рыноктық бәсекеге және жоғары білімнің заңдастырылуына үлес қосып жүрген
саясаткерлер мен оқымыстылардың зерттеу нысаны болып келеді.
Осындай салыстырмалы ой пікірлер нәтижесінде экономикалық
қатынастардағы білім ролін экономикалық теорияның екі маңызды бағыты А.
Смит (классикалық экономикалық теория) пен К. Маркс (өндіріс шығындарының
теориясы) арқылы нақтыланды.
Карл Маркс берілген салада экономикалық қатынастарды бағалаудың
тиімділігін жұмысшылардың біліміне шығынды өндірістік сипаттан бөлек
қарастыра отырып, жұмысшылардың екі ірі тобын бөліп көрсетті: оқыған
(күрделі квалификациялық еңбекке жарамды) және оқымаған (қарапайым,
квалификацияланбаған).
Соңында өндіріс шығындарының маркстік теориясы білімдегі экономикалық
қатынасқа байланысты екі теориялық бағыттың негізі болды: білімді
капитализмнің эволюциялық даму этапындағы мәселелермен теңестіре бағалаған
кейнсиандық және жоспарлы топтық-ұйымдық теория концепциясын дамыту
мақсатындағы кеңес экономикалық теориясы.
Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғы шарттары классикалық саяси
экономиядан, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында
қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек ХХ ғасырда
ғана рәсімделді. Адам капиталының теориясы өзінің қазіргі заманғы қалпында
алғаш рет “чикаголық мектептің” өкілдері, америкардық екі ғалым Т. Шульц
пен Г. Беккердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды.
Т. Шульц 1960-1961жж. “Білім капиталын жасау” және “Адам
капиталына инвестициялар” мақалаларын жасады, мақалаларда жаңа теорияның
негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Т. Щульцтің айтуынша, “егер білім
өндіріске әсер етсе, мұның өзі экономика үшін өте маңызды, демек ол капитал
формасы”, ал білім капиталдың бір формасы болса, оны біз адам капиталы деп
айтамыз, өйткені, бұл форма адамның ажырамас бөлігіне айналады, оның
капитал болып табылатын себебі, ол – болашақ табыстар немесе болашақ
қанағаттардың немесе қоса алғанда екеуінің де көзі.
Келесі американдық экономист, адам капиталы теориясының классигі Г.
Беккер бұл ұғымды кең мағынада қарастырады. Оның пікірінше “адам капиталы
адамға инвестиция жұмсау, оның ішінде өндірістегі дайындық, денсаулық
сақтауға жұмсалған қаржы, миграция және баға мен табыс туралы ақпарат
іздестіру арқылы қалыптасады”. Г. Беккер 1964 жылы “Адам капиталы:
теориялық және эмпирикалық талдау” іргелі еңбегін шығарды.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы
теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және әлеуметтік
ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друкердің қатысуы өз септігін тигізді.
Оның “Білім революциясы” мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс
туғызды. Автор осы мақаласында былай жазды: “Білім - бүгінгі таңдағы жеке
дара нақты капитал. Халық білімін дамыту – капитал жасаудың ең маңызды
құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы
білімдерді пайдалану – байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды
көрсеткіші”.
Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білім экономикалық тұрғыда
тек жұмыс күшін құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде
ғана қарастырылып келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің жалпы
экономикалық қайтарымы туралы мәселені қойды. Теорияның авторлары білім мен
экономикалық өсудің байланыстылығын белгілейтін математикалық есептеулердің
бірқатар әдістемелерін әзірледі.
Адам капиталы теориясының құндылығын озық елдердің үкіметтері тез
арада мойындады.
Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік
экономикасында проблемалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйеге өту
кезінде қорланған адам капиталы құнсызданатыны анықталды. Бұл жалақының, ал
одан кеңірек тұрғыда адамдар мәртебесінің білімге байланыстылығын бұзады.
Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік
(баланссыздық) кеңес қоғамында да орын алды. Мұнда ол еңбек рыногының
жоқтығымен, көбіне “қоймаға” жұмыс істейтін кәсіпорындардағы қоғамға керек
емес қыруар жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ жұмысшы табын
идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумен байланысты болды.[2]
Адам капиталы теориясына тән білімнің экономикаға ықпалын өлшеу және
математикалық сипаттау әрекеттері әр елдердегі білімділік деңгейін
формалистік бағалауға апарып соқтырды. Өлшеулер шегінің сыртында
американдық мектептер түлектерінің арасында кең тараған функционалды
сауатсыздық, бұрынғы КСРО жоғары оқу орындарында шын оқу емес, ал “дипломға
кезекке тұру” және қазіргі Қазақстандағы көптеген жеке оқу орындарының
кадрлар даярлаудың орнына дипломмен нақты сауда жасауы сияқты құбылыстар
болды.
Экономикалық тәсілдер жиынтығында білім сапасын өлшеудің тиімді
тәсілдері осы уақыттқа дейін табылған жоқ.
Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторларының мәні: осы
теория даму логикасы мен постиндустриалық өркениеттің іргелі әлеуметтік
мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық
мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам
және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы
контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.
Жаңа үрдістер мен талаптарға адам дамуы тұжытымдамасының контексіндегі
білімге арналған тәсіл жауап қайтарды.
Эдвин Дж.Долан адам капиталын “формальды оқу, білім беру немесе іс-
тәжірибе арқылы келген ақыл-ой қабілеттері түріндегі капитал ” ретінде
түсінеді.
Білім беру мәселесі, оның тиімділдігі сияқты бірқатар мәселелер
кеңестік экономика ғылымында да терең зерделеніп, салмақты теориялық –
методологиялық база қалыптасты. Ол зерттеулерді шартты түрде екі бағытқа
біріктіреміз: бірінші бағыттағы еңбектер негізінен білім берудің
экономикалық тиімділігін оның ұлттық табыс және еңбек өнімділігінің
өсуіндегі үлесін анықтау арқылы есептеуге бағытталса, екінші бағыттағы
еңбектерде осы саланың халық шаруашылығы құрылымындағы инвестициялық салаға
айналуы, материалды емес қорланудың концептуалды мәселелері, “білім
қорының” біліктілікке әсер ету сипаты, еңбектің күрделену мәселелері саяси
экономиялық аспектіде негізделеді.
Р. Солоудың, Э. Дениссонның үлгілерінен бастау алатын экономикалық
өсудің қазіргі заманғы үлгілерінде ( Барро, Мэнкью-Ромер-Уэйл, Левин-
Ренелт, т.с.с. ) білім беру макро-экономикалық өсудің аса маңызды факторы
ретінде танылып, жинақ, инвестиция, халықтың өсуі сияқты елеулі факторларды
кейінге ығыстырып отыр. Білім беру саласындағы іс-әрекет технологиялық
өркендеуді қамтамасыз етеді, өйткені білімге жұмсалған шығындар адам
капиталын қалыптастыру, жетілдіру және жинақтау арқылы экономиканың жаңа
идеяларды өндіру қабілетін, оның ғылым сіңіргіш өндірістердегі салыстырмалы
артықшылықтарын арттырады. Бұл жағдайды, біз, қазіргі экономикалық даму
алгоритмі ретінде бағалаймыз.
Ресейлік экономика ғылымындағы адам капиталының алғашқы
анықтамаларының бірі М. Критскийдің еңбегінде берілген. Ол “ адам
капиталының негізінде экономикалық тұлғаның қоғамдық прогресс және
интелектуалды іс-әрекетінің жаңа күші ретіндегі қозғалысы жатыр”, – деп
есептейді.
Отандық экономистерден академик Я.Ә. Әубәкіровтің, Ө.Қ. Шеденовтың,
М.Д. Есқалиевтің, К.Н. Нәрібаевтің, С.К. Жұмамбаевтың, Т.С. Сарбасованың,
ғылыми жетекшім Ғ.Р. Дәулиеваның көзқарастарына тоқталған жөн.
Академик Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын әр түрлі ғылымдардың барлық
жетістіктерін, білімді, дағдыны, жинақталған тәжірибиені және олардың
әлеуметтік-экономикалық прогресте қолданылуын біріктіретін кең масштабты
ұғым ретінде түсінеді. Оның пікірінше, адам капиталы білім беру және ғылым
салаларына, денсаулық сақтауға, білікті мамандарды ұдайы өндіруге мақсатты
бағытталған инвестициялар нәтижесінде қалыптасады және ұлғаяды. Академик
Я.Ә.Әубәкіров адам капиталын қоғамдық еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз
ететін шешуші күш ретінде қарастырады.
Ал профессор Ө.Қ. Шеденов пен М.Д. Есқалиевтар “Жастарға экономикалық
тәрбие беру” атты еңбектерінде “экономикалық жағынан білімді болу –
еліміздің материалдық, еңбек және табиғи ресурстарын ұқыпты жұмсау, жұмыс
уақытын тиімді де жемісті пайдалану, өнімді арттырып, оның сапасын барған
сайын жақсарту, өнім өндіруге кететін шығынды азайту. Қоғамдық өндірістің
тиімділігі олардың экономикалық жағынан қаншалық сауатты болуына тікелей
тәуелді” екенін атап көрсетті.
Келесі авторлар адам капиталын “индивиттердің өзінің оқуына, білім
алуына және басқа да өнімділікті арттыратын іс-әрекет түрлеріне уақытты
инвестициялау арқылы қалыптасатын іскерлік пен дағдылар” ретінде анықтайды.
Профессор С.К. Жұмабаевтің пікірінше, “білім, дағды, іскерлік және
жинақталған тәжірибе адам капиталын құрайды” және “жалдамалы жұмысшы
кәсіпкерлік іс-әрекетке өзінің адамдық капиталын қосады”.
Профессор Т.С. Сарбасованың пікірінше, “білім әлеуеті – бұл жұмыс күші
мен жинақталған білім, дағды және тәжірибе. Адамдардың дағдысы және
қабілеттілігі қор, яғни жинақ бола алатынын білуіміз қажет” деп
көрсетті.[5]
Ғ.Р.Дәулиева “адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және
жетілдіруші рухани өндірістің маңызды салаларының бірі – білім беру саласы
” екендігін өз еңбектерінде атап көрсетті.[4]

1.2 Білім беру – адам дамуының маңызды факторы ретінде

Білімнің адам дамуындағы айқындаушы рөлін тану адам капиталының
теориясына негізделеді, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының
пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды құрамдас бөлігі болып
табылады және ол тұтастық қалпында ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында қалыптасты.
[2]
Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті
элементтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық
дәрежесіне көтеру болып табылады. Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен
мағынасын анықтайтын өзекті мәліметтерінің бірі мемлекет, қоғам және тұлға
үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады.
Адам дамуының аса маңызды факторы ретінде білім экономикалық, саяси,
әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас жиынтығын шешуге
айқындаушы немесе біршама елеулі ықпал көрсетуге лайықты. Ондай
проблемаларға мыналар жатады: әр елдегі халықтың қазіргі заманғы өркениет
деңгейі мен тұрмыс сапасына қол жеткізу, кедейшілікті бағындыру мүмкіндігі,
тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыздандыру, әлеуметтік теңсіздіктің
деңгейін төмендету, гендерлік және этникалық теңсіздіктен арылу,
қылмыстықты азайту, АИВЖИТС ауруының таралуына қарсы күрес жүргізу, саяси
және ұлысаралық жанжалдардан арылу және сақтандыру, орнықты дамуды
қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның құрылымдарын күшейту, адам құқықтарын
сақтау және тиімді іске асыру, тұлғаның өз мүмкіндіктерін толық және жан-
жақты іске асыруы үшін жағдайлар жасау қажет. Сондай-ақ, білімді аса
маңызды адам капиталы ретінде қарай отырып, адам дамуының тұжырымдамасы
білімнің кең ауқымды және көп қырлы әлеуметтік қызметтерін бекітіп, оған
осы заманғы социумның іргелі проблемаларын шешуде басты рөл атқаратынын
айта кеткен жөн.
Қазіргі уақытқа қарай қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім жүйесі
жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда
мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері
экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек.
Экономикалық және саяси өзгерістер экономиканың терең дағдарысымен, саяси
қатынастардың тарихи баламасыздығымен, өндірістің құрылымымен және
нәтижелерімен озық елдерден едәуір артта қалуымен, халықтың тұрмыс
деңгейімен және сапасымен, мемлекеттік басқарудың тиімділігімен сабақтас
болды.
Білім беру жүйесіне тікелей және жанама түрде бүкіл қоғамның қатысы
бар. Білім жүйесін өзгерту қоғамның және жеке тұлғаның көзқарасын, ой-
санасын, психолгиясын, мүдделерін, қарым-қатынасын кешенді түрде өзгерту
арқылы жүзеге асырылады. Осындай кең ауқымды, күрделі реформаны жасау мол
қаржылық, кадрлық ресурстарға қосымша реформа бағыттары мен мазмұнын
әдіснамалық негіздеуді, жан-жақты байыпты даярлық жасауды, ғылыми-теориялық
зерттеулер мен практикалық сынақтар өткізуді, білім жүйесінің басшыларының,
мұғалімдердің, оқушылардың, жалпы қоғамның арасында психологиялық даярлық,
бейімдеу, ынталандыру жұмыстарын өткізуді қажет етеді. Сондықтан да жаңа
білім моделін ғылыми-зерттеу зертханаларында ғана әзірлемей, озат
мектептердің тәжірибелерін саралау, жаңашыл педагог-мамандарды, ата-
аналарды, қоғам қайраткерлерін, білім саласынақатысы бар барлық мекемелер
мен ұйымдарды кеңінен қатыстыру, олардың қызметтерін өзара үйлестіру арқылы
жасауға тиіспіз. Осындай аса маңызды да ауқымды жұмыстарды кешенді және
іргелі түрде жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің басшылығымен Қазақ Білім академиясының жанында тұрақты және
кешенді жұмыс істейтін. Ғылыми-қоғамдық үйлестіру кеңесінің құрылғаны
барынша тиімді болар еді.
Сонымен, адам капиталы адамның сапалық және сандық көрсеткіштерімен
анықталатын, табиғи болмысы мен әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі,
білігі, дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы
индивидтің өзінің уақыты мен материалдық мүмкіншіліктеріне және де
мемлекет тарапынан жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам
капиталының бұл қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын
көтеруге, екінші жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталады.
Американдық жоғары білім беру жүйесінің ерекшелігі: жоғары оқу
орындарының едәуір еркіндігі және автономиялылығы. Ал мұндай менталитет
Қазақстан сияқты дәстүрлі қоғамда қалай көрініс табады? Білім беруде
әлемдік стандарттың ұлттық санаға ықпалы қалай болады? Мәселен, ұлттық
патриотизмге, ұлттық этикалық санаға, жеке тұлғаның өзіне өзінің тең келу
мәселесіне, ұлттық мифтік санаға, ұлттық идентификация мәселесіне ықпалы
қандай болмақ дейтін әртүрлі сұрақтар туындайды.
Болонь Декларациясы, әлемдік бірыңғай білім беру кеңістігін
қалыптастыру үрдісі бүгінгі глобализация феноменінің құрамдас бөлігі, оның
іске асырылу формасы десек болады. осы тұрғыдан алғанда, жоғарыда
көрсетілгендей, білім берудегі бұл инновацияның түбірлі мәні мен сипатын
әмбебап нарықтық-экономикалық рационализм, ал ол тікелей өндіріс
қажеттілігі мен пайда іздеу мүддесімен байланысты болатынын мемлекет
жасырмайды. Осының өзін методологиялық тұрғыдан пайымдайтын болсақ,
кредиттік жүйенің идеологиялық мәндік болмысын білдірмек.
Неоклассик-экономист А.Маршаллдың пікірінше табиғат қайтарымы төмендеу
тенденциясында болса, адам осы қайтарымды арттыру тенденциясына ие. Білім
біз үшін өндірістің ең қуатты қозғаушысы, табиғатты бағындырып, оның
күштерін қажеттілігімізді қанағаттандыруға, пайдалануға мүмкіндік береді.
Адамның сапалық параметрлерін қалыптастырушы және жетілдіруші рухани
өндірістің маңызды салаларының бірі-білім беру саласы. Білім беру бір
жағынан, тұтас ұлттың интеллектуалды потенциалының дамуы және тереңдеуінің
факторы болса, екінші жағынан-адам мүмкіндіктерінің барынша жүзеге асуының
іргелі алғышарты. Білім беру экономикалық өсудің маңызды факторы,
әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетудің және жұмыссыздыққа қарсы құрал ретінде
қарастырыла басталды. Әсіресе білімі және біліктілігі жоғары адам
прогрессивті қоғамдық өзгерістердің көзі және қуатты қозғаушы күші
ретіндегі өзекті мәселеге айналды.
Білім беру қоғамның әлеуметтік кәсіптік құрылымын қалыптасырушы,
мәдениетті ұдайы өндіруші, жинақталған әлеуметтік тәжірибені, адамгершілік,
мораль қағидаларын жалғастырушы, индивидтердің әлеументтендірілуін
қамтамасыз етуші институт болып табылады. Сондай-ақ, білім беру
индивидтердің, қоғамның интеллектуалды және әлеуметтік-психологиялық
потенциялын қалыптастырады; жанама түрде, білім беру индивидтің дене және
психофизиолгиялық жағдайына әсер етеді; адам капиталының моральдық тозуының
орнын толтырады, адам капиталы потенциалының жойылуының алдын алады.
(жұмыссыздар, зейнеткерлер), ұлттық қауыпсіздікті және қоғамда
демократияның сақталуын, оның күшеюін қамтамасыз етеді.
Адам капиталының анықтаушы элементі-білім беру экономикалық өсудің,
әлеуметтік тұрақтылықтың және өркениеттіліктің факторы; оның қалыптасуы
елеулі экономикалық ресурстарды қажет етеді. Оның үстіне, білім беруді
өндіруде рынок шарасызығының орын алуы да мемлекеттің білім беру қызметі
рыногындағы мінез-құлқын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттің білім беру
қызметіне сұранысты осы қызметтің адам құқықтарының бірі екендігімен
анықталады.
Адам капиталы теориясы шектеулілігінің басты факторының мәні былай,
осы теория даму логикасы мен постиндустриялық өркениеттің іргелі әлеуметтік
мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық
мәселелері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам
және адам үшін өзіндік құндылығы, адам құқықтарының қамтамасыздығы
контексіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.
Адам капиталы адамның сапалық және сандық көрсеткіштерімен анықталатын,
табиғи болмысы мен әлеуметтік мәні бар зор қабілеті, білімі, білігі,
дағдысы. Бұл әлеуметтік құндылығы жоғары сипаттардың қалыптасуы индивидтің
өзінің уақыты мен маериалдық мүмкіншіліктеріне және де мемлекет тарапынан
жұмсалатын тікелей және жаңа шығындарға байланысты. Адам капиталының бұл
қасиеттері біріншіден, субъектінің әлеуметтік статусын көтеруге, екінші
жағынан еңбектің тиімділігін арттыруға, жалпы қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуына бағытталады. Сондықтан да,адам капиталына инвестиция
салу оның әлеументтендіру тәжірбиесіне терең өзгерістер енгізіп жалпы адам
капиталының жиынтық қорының мазмұнына, құрамына, қалыптасуына оң әсер
етеді.адам капиталын қалыптастырудың қоғамдық сипаты басымырақ, бұған
қоғамды әлеуметтік ұйымдастыру деңгейі әсер етеді. Адам капиталын ұдайы
өндіру тұрғындарды, жалпы халықтың сандық және сапалық мәнінің дамып,
қоғамның рухани және материалдық жүйесіне жинақталуымен байланысты. Адам
капиталын қалыптастырудың және ұдайы өндірудің ішкі және сыртқы
факторларына мыналарды жатқызуға болады.

Сыртқы факторлар:
• Білім, ғылым, тәрбие, ақпарат, денсаулық, тұрмыстық қызмет
көрсету, әлеуметтік институттарының дамуы. Олардың даму
деңгейінің көтерілуіне инвестициялар жұмсау, адам
капиталының сандық, сапалық көрсеткіштерінің қалыптасып
жатқан құрылымдарының өзгеруіне терең әсер етеді.
• Адам капиталын құрушылардың өмір сүру әрекетінің сыртқы
ортасына еңбек ету жағдайы, үй-тұрмысы, өмірлік тұрағының
инфрақұрылымы жатады. Бұл саланы жетілдіру, инвестиция құю,
аймақтардың, әр түрлі ұйымдардың әлеуметтік саласын дамытып,
жалпы қоғамдық инфрақұрылымының дұрыс бағытта өзгеруіне
әкеледі.
Адам капиталына ұдайы өндірудің ішкі алғы шарттарына адамның
жанұясының материалдық жетістігі, оның жеке байланыстары, мәдени деңгейі
жатады. Егер де қоғам жанұяны қолдап, оның өзіндік саясатының іске асуына
инвестициялар салса, ол осы жанұяның материалдық байлығын өсіріп қана
қоймай, білімді, дәстүрді, біліктілікті, құндылық бағыттарын, жалпы
әлеуметтік тәжірбиені ұрпаққа қалдыру үрдісін жетілдіруге де жағдай
жасайды. Индивид әлеуметтік тұлға ретінде тек жанұяда ғана
қалыптасатындықтан, қоғамның рухани игіліктерін-білімді, мамандық статусын,
қызметін дұрыс пайдалануды, тұрмыстық-тұтыну мәдениетін игеруде жанұяның
орны ерекше.
Егер жекелеген өлшемдерді алатын болсақ, Қазақстан халықтың
тапқырлық деңгейі (яғни, технологиялық идеялардың дамуы), ғылыми-зерттеу
базасының, дәл ғылымдағы білімнің сапасы бойынша, сондай-ақ базалық
инфрақұрылымның жаман емес жағдайына қатысты айтарлықтай жоғары бағаланады.
Алайда біздің еліміз бұл артықшылықтарды нақтылы капиталдандыру
мүмкіндігін қамтамасыз ететін факторлар бойынша төмен бағаланады.ал мұнда
ақыл-ойдың сыртқа кетуінің жоғары деңгейі де, жаңа технологиялар мен
қызметтерді лицензиялаудың күрделі ресімдері де, интеллектуалдық меншік
құқықтарын қорғаудың төменгі деңгейі де, білім беру мен ғылыми-зерттеу және
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды инвестициялау жөніндегі аз әулет те
бар.
Міне, содан келеді де, мысалы, ересек халықтың сауаттылық деңгейі
бойынша біз әлемдегі алғашқы 3 пайыздың қатарындамыз, ал әл-ауқат деңгейі
бойынша соңғы 40 пайыз елдердің қатарындамыз. Инженерлер мен ғалымдардың
саны бойынша біз тізімнің үштен бірінің алғашқысындамыз, ал жоғары
технологияларға келетін экспорттың үлесі жөнінен-артта қалушылар
қатарындамыз. Сәйкесінше, білім беру экономикасы ұлттық бәсекелестік
қалыптастырудағы маңызды мәселе болып табылады.

3. Ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастырудағы білім
берудің маңыздылығы

Ұлттық жағдайындағы соңғы он жылдықта ұлттық экономиканың әлемдік
деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігі мәселесі одан әрі күшейе түсуде.
Шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға деген қажеттіліктің артуы,
халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, жаһанды бәсеке қысымының үдеуі
жағдайында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі ең алдымен оның
технологиялық бәсекеге, басқаша айтқанда жаңа білімді жедел өндіру, ендіру
және бейімдеуге қабілеттілігімен анықталады.
Қазіргі әлемдік экономикада технологиялық инновациялар шын мәнінде
жетекші өндіргіш күшке, экономикалық өсу қарқындарын және мемлекеттің
салыстырмалы экономикалық қуатттылығын анықтаушы негізгі бәсекелестік
құралға айналды.
БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму Ұйымының 2002 жылғы баяндамасына дамыған
және дамушы елдер арасындағы өнеркәсіптік және бәсеке қабілеттілік
деңгейлерінің тұрақты ұлғаймалы алшақтығы, оның тудыратын қауіптері
қарастырылып, экономикалық либерализм және жаһандану өздігінше бұл мәселені
шеше алмайтыны айтылады. Аталған мәселенің өткірлігін жеңілдету үшін БҰҰ
сарапшылары дамушы елдерге бәсеке қабілеттіліктің жоғары жолымен дамуды,
яғни әлемдегі жаңашыл білім мен технологияларды жедел меңгеру, өзіндік
ҒЗТКЖ және инновациялық өндірісті дамыту арқылы бәсекелестік артықшылыққа
және экономикалық өсуге жетуді ұсынады. Мұндай перспективалы стратегия кең
тараған бәсекеге қабілеттіліктің төменгі жолына, яғни дамушы елдердің
әлемдік рынокқа арзан еңбектік және табиғи ресурстарды беру арқылы шетелдік
инвестицияларды тарту арқылы шығуына қарама қарсы қойылады.
Белгілі американдық экономист М. Портердің пікірінше, дамушы елдер
өз дамуында бәсеке тәсілдермен ерекшеленетін үш сатыдан өтетін. Өндіріс
факторларымен жүргізілетін экономикада бәсекелестік артықшылық негізінен
өндіріс шығындары элементтерінің құнына тәуелді. Инвестициялармен
жүргізілетін экономикада бәсеке ең алдымен өндірістің техникалық
тиімділігін арттыруға негізделеді. Инновациялармен жүргізілетін
экономикада тұтынушылар үшін неғұрлым жаңа, жоғары құндылықтарды, яғни
тұтынушылар анағұрлым жоғары ақыны төлеуге дайын жаңа өнімдер мен
қызметтерді жасау маңызды. Инновациялық өнімнің бағасын төмендету міндетті
емес, оны бәсекелес кәсіпорынның шығындарымен пара пар ұстауға болады.
Дамушы елдердің көпшілігі алғашқы екі сатыда қалып отыр, бәсекеде тек
төменгі жолмен ғана ұтымға жете алады. Қазақстанның да экспортты өнімдері
қазірге дейін әледік рынокта негізінен төмен шығындарымен ғана ұтады.
Әлемдік экономикалық форумның сарапшылары алғаш рет елдердің бәсеке
қабілеттіліктеріне талдау жүргізіледі. Зерттелген 117 мемлекеттердің
қатарына алғаш рет Қазақстан қамтылып, аталған көрсеткіш бойынша Қазақстан
Республикасы ТМД-ның барлық мемлекеттерінен озық 61-ші орында болды (Ресей-
74 орында). Елдің бәсекеге қабілеттілік потенциалын анықтауда негізгі үш
фактор қарастырылды: технологиялық бәсеке қабілеттілік, макроэкономикалық
орта, қоғамдық институттар. Басқалармен салыстырғанда, технологиялық бәсеке
қабілеттілік деңгейі қазіргі уақытта ұлттық экономиканың неғұрлым әлсіздеу
тұсы болғандықтан оның өзектілігі артуда.
Осы ретте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық инновациялық
жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаты белгіленіп,
2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының басты мақсаты
шикізаттық бағыттан сервистік-технологиялық экономикаға көшу ретінде
айқындалады. Қазақстанның дәстүрлі шикізат өндірісін есептемегенде,кемінде
тоғыз салалық сегментте бәсекеге қабілетті екендігі әлемдік деңгейдегі
сарапшылар жүргізген жұмыстар нәтижесінде анықталып, құрылыс материалдарын
өндіруші, туристік, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі үшін құралдар өндіруші
сала, металлургия салаларын кластерлік үлгіде дамыту бағыттары
белгіленеді.
Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің Давос индексіне сәйкес Қазақстан
бәсекеқабілеттілік факторларының үш тобы бойынша (макроэкономикалық
көрсеткіш бойынша – 10-шы; нарықтың тиімділігі көрсеткіші бойынша – 44-ші;
жоғары білімнің сапасы бойынша – 51-ші орын) әлемнің озық елдерінің
қатарына енген. Алайда қалған алты топ бойынша біздің ел әжептәуір артта.
Айталық, технологиялық даму деңгейі бойынша Қазақстан 66-шы,
инфрақұрылымның дамуы бойынша – 68-ші, инновация саласында – 70-ші,
бизнесті жетілдіру бойынша – 72-ші, мемлекеттік институттардың дамуы
бойынша – 75-ші, денсаулық сақтау және бастауыш білім беру бойынша 86-шы
орында.
Басқалармен салыстырғанда, технологиялық бәсекеге қабілеттілік
деңгейі қазіргі уақытта ұлттық экономиканың неғұрлым әлсіздеу тұсы
болғандықтан оның өзектілігі артуда. Осы ретте, ҚР Үкіметінің ұлттық
инновациялық жүйені қалыптастыруға бағытталған жаңа экономикалық саясаты
белгіленіп, 2003-2015 ж.ж. индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының
басты мақсаты шикізаттық бағыттан сервистік – технологиялық экономикаға
көшу ретінде айқындалды. Қазақстанның дәстүрлі шикізат өндірісін
есептемегенде, кемінде тоғыз салалық сегментте бәсекеге қабілетті екендігі
әлемдік деңгейдегі сарапшылар жүргізген жұмыстар нәтижесінде анықталып,
құрылыс материалдарын өндіруші, туристік, жеңіл өнеркәсіп, жиhаз өндірісі,
тамақ өнеркәсібі, инвестициялық банк қызметтері, жүк тасымалдау,тау-кен
өндірісі үшін құралдар өндіруші сала, металлургия салаларын кластерлік
үлгіде дамыту бағыттары белгіленді.
Стратегияның шеңберінде Қазақстанда технопарктер жасақталып, іске
қосылуда. Мысалы, Ақпараттық технологиялар паркі (Alatau IT Sity)
арнайы экономикалық аймағында сұйық кристаллды және плазмалық телевизорлар
мен мониторлар өндірісі жолға қойылмақ, атап өтерлік ерекшелігі – бұл жаңа
өндіріс тетіктерді жинауға ғана бағытталмайды, керісінше арнайы
зертханасы және өндірістік аудандарында қажетті бөлшектері өндіріледі,
шетелден тек матрица ғана әкелінбек. Alatau IT Sity технопаркін құруда
Microsoft, Hewlett Packard, Samsung, Cisco Sistems сияқты басқа да әлемде
әйгілі компаниялармен келіссөздер жасалынған.
Тағы да төрт технопарк Өскемен, Шымкент, Петропавл және Астанада
құрылады. ШҚО-дағы технопарк тау-кен металлургиясы, жаңа металдар
өндірісіне, СҚО-дағы – машина жасау және ауыл шаруашылығы өндірісін қайта
өңдеуге маманданса, ОҚО-дағы технопарк мұнай өңдеуші және металлургиялық
өнеркәсіппен, ал Астанадағы парк аграрлық сектор, құрылыс және тамақ
өнеркәсібімен айналысады.
Қазір Қазақстанда үш пилотты аумақтық технопарктер қызмет етеді:
Оралдағы ЖШС Алгоритм паркі (мұнай өндіруші салалар үшін машина жасау,
металл өңдеу), Қарағанды облысындағы ЖШС UniScien Tech паркі (тау-кен
металлургиясы, химия, экология) және Алматы аумақтық технопаркі ЖШС
(құрылыс, жаңа материалдар, энергетика).
Алайда, осындай технопарктерді құруда ұлттық экономика үшін
технологиялық тәуелділіктен гөрі экономикалық тұрғыда тиімдірек
технологиялық өзара тәуелділікті қалыптастыруға ұмтылу қажет. Себебі, ТҰК
кең қолданатын экономикалық бәсекелестіктің қазіргі стратегиясы -
халықаралық өндірістік тізбекті жасау. Демек, қазіргі әлемдік рыноктағы
қалыптасқан бәсекелестік жағдай аса бай елдер және барлық басқа елдер
арасындағы ғылым мен технология деңгейіндегі үлкен алшақтықтың үдемелі
сипатымен қауіпті.
БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму Ұйымының 2002 жылғы баяндамасына дамыған
және дамушы елдер арасындағы өнеркәсіптік және бәсекеге қабілеттілік
деңгейлерінің тұрақты ұлғаймалы алшақтығы, оның тудыратын қауіптері
қарастырылып, экономикалық либерализм және жаhандану өздігінше бұл мәселені
шеше алмайтыны айтылады. Аталған мәселенің өткірлігін жеңілдету үшін БҰҰ
сарапшылары дамушы елдерге бәсекеге қабілеттіліктің жоғары жолымен
дамуды, яғни әлемдегі жаңашыл білім мен технологияларды жедел меңгеру,
өзіндік ҒЗТКЖ және инновациялық өндірісті дамыту арқылы бәсекелестік
артықшылыққа және экономикалық өсуге жетуді ұсынады. Мұндай перспективалы
стратегия кең тараған бәсекеге қабілеттіліктің төменгі жолына, яғни
дамушы елдердің әлемдік рынокка арзан еңбектік және табиғи ресурстарды беру
арқылы шетелдік инвестицияларды тарту арқылы шығуына қарама қарсы
қойылады.[6]
Белгілі американдық экономист М. Портердің пікірінше, дамушы елдер өз
дамуында бәсеке тәсілдерімен ерекшеленетін үш сатыдан өтеді. Өндіріс
факторларымен жүргізілетін экономикада бәсекелестік артықшылық негізінен
өндіріс шығындары элементтерінің құнына тәуелді. Инвестициялармен
жүргізілетін экономикада бәсеке ең алдымен өндірістің техникалық
тиімділігін арттыруға негізделеді. Инновациялармен жүргізілетін
экономикада тұтынушылар үшін неғұрлым жаңа, жоғары құндылықтарды, яғни
тұтынушылар анағұрлым жоғары ақыны төлеуге дайын жаңа өнімдер мен
қызметтерді жасау маңызды. Инновациялық өнімнің бағасын төмендету міндетті
емес, оны бәсекелес кәсіпорынның шығындарымен пара пар ұстауға болады.
Дамушы елдердің көпшілігі алғашқы екі сатыда қалып отыр, бәсекеде тек
төменгі жолмен ғана ұтымға жете алады. Қазақстанның да экспортты өнімдері
қазірге дейін әлемдік рынокта негізінен төмен шығындарымен ғана ұтады.
Демек, қазіргі әлемдік рыноктағы қалыптасқан бәсекелестік жағдай аса
бай елдер және барлық басқа елдер арасындағы ғылым мен технология
деңгейіндегі үлкен алшақтықтың үдемелі сипатымен қауіпті. Себебі, бұл
алшақтық интеллектуалды және қаржылық ресурстардың дамушы елдерден
қашуындағы себептердің бірі.
Қорыта айтқанда, біздің республикамызда өткізіліп жатқан нарыққа көшу
сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы туралы мәселеге жаңадан қарауға
мәжбүр етеді. Егер бүгінгі емес, ол ертең бесекелестік нарығының дамуы
өнімнің сапалық даму серпінін және деңгейін арттыруда еріксіз көндіретін
болады.
Бәсеке нарығында рынокқа кіріс ашық болғандықтан кезең ұзақтығының
мәні зор болып табылады. Сондықтан, фирмалардың бәсеке рыногындағы іс-
әрекет зерттеу үшін оларды қысқа және ұзақ мерзімде жеке-жеке
қарастырылады.
Бәсекеге қабілеттілік ғылым ретінде танылған, оның негізін қалаушы
ғалым, Қазақстанда болған Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер
қазіргі заманғы елдерді үш топқа бөліп қарайды. Бірінші топ өндірісте арзан
жұмыс қолын пайдаланатын, өз елінің қазба байлықтарын аяусыз пайдаланатын
елдер. Бұл топқа жан басына шаққандағы ІЖӨ 3000 долларға дейінгі елдер
жатады. Екінші топтағы елдерге экономиканы тиімді жүргізуді үйренген,
тиімді материал және энергия үнемділігі бар, жұмсалған қаржының қайтарымы
жақсы елдер кіреді. Бұл елдерге жан басына шаққандағы ІЖӨ 9000 долларға
дейін болатын елдер кіреді. Үшінші топ – инновациялық экономика елдері,
оларда бүкіл экономика білімге, жаңашылдыққа негізделген. Олардағы жан
басына шаққандағы ІЖӨ 17 мың доллар немесе одан да көбірек. Майкл Портер
біздің елді алдыңғы екі топтың ортасында тұрған ел деп санайды. Бізде
табиғи ресурстар тез сатылып жатыр және жұмыс күші арзан, бірақ сонымен
бірге бізде тиімді экономика құруға ұмтылыс бар. Еңбек өнімділігіне,
энергосыйымдылықты азайту мен жаңа технологияларға көңіл бөліне бастады.
болады: бізге жетілу үшін әлі көп еңбектену керек. Егер біз қазірден бастап
алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарында жүрмесек, онда өмір сапасының жоғарғы
стандарттарына ұмтыла алмаймыз да артта қалып қоямыз.
Дегенмен, біздің еліміз бәсекеге қабілетті болып жетілу үшін жүйелі түрде
еңбектеніп келе жатқанын атап өтуге тиіспіз. Қазір біздің экономика тоқырау
мерзімінен өтті, тұрақтылық мерзімі жүріп жатыр. 1999 жылдан бастап ел
экономикасында тұрақты даму үрдістері орнығып келеді. Бізде білім беру,
денсаулық сақтау, индустриалдық-инновациялық бағдарламалар жасалды.
Дамыған елдерде инновациялық технологияның үлесіне ІЖӨ-нің 70
пайыздайы келетін болса, бізде бұл көрсеткіш әлі 0,8 пайыз ғана. Сарапшылар
бұл көрсеткіш 2015 жылға қарай 1,7 пайызды құрайды деп болжайды. Бұл өте
төмен көрсеткіш. Өндіріске жаңа идеяларды енгізетін ғылыми-зерттеу мен
конструкторлық істерге бірінші кезекте қолдау жасау керек. Бізде қазір
ғылымды дамытуға ішкі жалпы өнімнің 0,23 пайызы жұмсалуда, озық шет елдерде
бұл көрсеткіш 4 пайыздан кем емес, демек бізден 17 еседен астам көп. Кейбір
критерийлерді жеке алып қарасақ, Қазақстанда халықтың технологиялық
идеяларды дамыту саласы, ғылыми-зерттеу базасы, нақты ғылымдардағы білім,
базалық инфрақұрылымның жағдайы жоғары саналады. Бірақ бұл істе де бәрі
ойдағыдай емес, “озық ойлардың” сыртқа кетіп жатқаны, жаңа технологиялар
мен қызметтерді лицензиялау ережелерінің күрделілігі, санаткерлік меншіктің
нашар қорғалуы, білім мен ғылыми-зерттеу ісіне, тәжірибелік-конструкторлық
жұмысқа салынатын инвестицияның төмендігі байқалады.
Профессор Портердің айтуынша, бәсекеге қабілеттілік факторлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігі
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
ҚР сыртқы экономикалық байланыстардың жағдайы және даму болашағы
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы адам капиталының рөлі
Пәндер