«Ана тілі» газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы бітіру жұмысы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


І ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН ... ... ... ...


ІІ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІНІҢ «АНА ТІЛІ» ГАЗЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ...
Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті. Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді - әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес, тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау 20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз – рунаға көшейік десе, төртіншілері «басты қатырмай, артық проблема туындатпай кирилше жаза берейік» дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры «Ана тілі» газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім.
1. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. – Алматы, Мектеп, 1981.
2. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1964.
3. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2000.
4. Қазақстан тарихы, очерктер. – Алматы, Дәуір, 1994.
5. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. – Алматы, Білім, 2004.
6. Шоқай М. Таңдамалы, I том, – Алматы, Қайнар. – 1998.
7. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы, Жалын – 1991.
8. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-1995жж.). – Алматы, Рауан. – 1996.
9. Богданов Б., Вяземский Б. Журналист анықтамалағы. – Алматы, Мектеп. – 1978.
10. Кенжебаев Б., Қожакеев Т. Қазақ совет баспасөзі тарихынан. – Алматы. – 1962.
11. Қазақ журналистикасының тарихы. Бағдарлама. – Алматы, Рауан. – 1996.
12. Ыдырысов Т. Баспасөз – өмір айнасы. – Алматы, Қазақстан. – 1977.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
АНА ТІЛІ ГАЗЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ ЖАЗЫЛУЫ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН ... ... ... ...

ІІ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІНІҢ АНА ТІЛІ ГАЗЕТІНДЕГІ КӨРІНІСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын
даналар сөзі, бабалар өсиетінің бір бөлшегі ауызша жетіп отырса, көп бөлігі
тасқа таңбаланып, ақ қағаздың бетіне маржандай тізіліп бүгінгі күнге жетті.
Тіпті кейбірін оқи алмай отырған отырған жайымыз бар. Оның себебі қазақтың
тарих көшінде түйесін ауыстырған жолаушыдай әліпбиінің бірнеше мәрте
өзгеріске ұшырауы болып табылады. Айдауына жүретін, ыңғайына көнетін жайлы
түйесін тартып алып өзгесіне мінгізсе, жолаушының астындағы түйесімен
алысып жүріп көштен қалып қоятыны секілді қазақ та ой сандығындағы талай
маржандарды төгіп, шашып алып, көшке әрең ілесіп келді. Әдейі сүріндіру де
болды. Бас аяғы айналдырған 5-6 жылдың ішінде әліпбиін 4 мәрте өзгертуді -
әдейі сүріндіру демеген де қалай атауға болады? Өйткені әліпби ауыстырудың
соңы сауатсыздыққа әкеліп соғатыны айтпаса да түсінікті. Сол себептен де
әліпби - белгілі бір топтың немесе мамандардың ғана талқылар нысаны емес,
тұтыс бір ұлттың тағдыры, болашағы. Ахмет Байтұрсынов айтқан халықтың
құлағы, көзі һәм тілі баспасөз бұл үлкен мәселеден де шет қалған жоқ. Сонау
20-ғасырдың басынан бері журналист жан айқайының себепшісі болып келе
жатқан әліпби мәселесі бүгін де өз шешімін тапқан жоқ. Қайта өршіген үстіне
өрши түсуде. Бірі латынға, бірі төте жазуға, үшіншілері көне жазуымыз –
рунаға көшейік десе, төртіншілері басты қатырмай, артық проблема
туындатпай кирилше жаза берейік дейді. Құдды бір, аққу, шортан һәм шаян
дерсің. Ал ортада көкпарға түскен серкедей халық бар. Ғалымдар ұсынып
отырған харіптердің қайсысы қазаққа тиімді? Бұл сұрақтың жауабы әлі
табылған жоқ. Баспасөз бетінде де жан-жақты талқылаулар, пікір-таластар
көп. Солардың бірі, қазақ тілінің де, ұлтының да жанашыры Ана тілі
газетінде материалдар оқырман назарына молынан ұсынылуда. Сондықтан да бір
ұлтты тағдырына, бір халықтың болашағына әсер етер, менің бітіру жұмысыма
арқау болып отырған тақырыпты ең өзекті мәселе дер едім.
Бітіру жұмысының мақсаты. Бітіру жұмысымның мақсаты – Ана тілі
ұлттық басылымында жарық көріп отырған ғалымдардың, журналистердің
материалдарын, ел ағаларының пікірлерін талдай, саралай отырып, жүйелеу, өз
деңгейімде баға беру. Сонау 20-ғасыр басында Ахмет Байтұрсынов бастаған
топтың әліпбиге қатысты айтқан ой-пікірлеріне бүгінгі, 21-ғасыр ұрпағының
көзімен қарау, оны бүгінгі күнмен салыстыра талдау, менің бітіру жұмысыма
артылған міндет. Ол міндетті абыроймен орындаған, орындамағаныма ғылыми
еңбекті оқу барысында баға беретін боласыздар.
Бітіру жұмысының нысаны. Бітіру жұмысы Ана тілі ұлттық басылымының
материалдары негізінде, әсіресе әліпби ауыстыру мәселесі көтерілген кезден,
яғни 2006-2008 жылдардағы жарық көрген мақалаларға сүйене отырып жазылып
шықты. Бар салмақ та ондағы материалдар мен авторларға түсті.
Бітіру жұмысының ғылыми-әдістемелік негізі. Бітіру жұмысы жоғарыда
атап өткен газет материалдары мен белгілі тіл мамандары, тарихшылардың
еңбектеріндегі деректерге сүйене отырып жазылды.
Бітіру жұмысының жаңалығы. Баспасөз материалдарын жинақтап, саралап,
талдап, оған баға беру арқылы Америка ашып немесе жаңадан шайтан арба
ойлап таба аламын деп ойламаймын. Бірақ бір ғана Ана тілінде жарық көрген
әліпби мәселесін талқылаған материалдардың басын біріктіріп, олардың
идеялық, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктеріне тоқталсам, өзге басылымдармен
салыстыра отырып талдасам, журналистика саласын зерттеуге қосқан азғантай
ғана үлесім деп білемін.
Тәжірибелік құндылығы. Журналистика өзінше бір ғылым ретінде
мойындалмаса да, оның жүріп өткен жолы, бүгіні мен болашағы бар.
Журналистика факультетінде студенттерге әліпби мәселесінде журналистиканың
тарихынан, оның жанрларлық ерекшеліктері мен пішіндерінен дәріс оқи отырып,
қазіргі таңдағы жарық көріп жатқан материалдарға, мақалаларға талдау,
сараптау жасай алуға үлгі бола алса, оның өзі үлкен дүние. Өйткені
күнделікті баспасөз беттерінде қазақ халқының тарихы қатталып жатыр. Оған
бағаны бүгін берсек, болашақ бағаны бізге берері хақ.
Зерттеу әдісі. Ана тілі газетіндегі қазақ әліпбиінің жазылуы деген
тақырыпты ашу барысында талдау, саралау, салыстыру әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім,
екі тараудан, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Жалпы көлемі ,,,,,,бет.
Бітіру жұмысының мазмұны. Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың
өзектілігі, мақсат-міндеттері айқындалса, негізгі бөлімнің бірінші
тарауында әліпби мәселесінің өткені мен бүгінгі жағдайын тоқталса, екінші
тарауда дәл осы тақырыпты халық назарына ұсынуда Ана тілі газетінің
ұстанған бағыттары мен материалдардың берілу пішіні қандай, қай авторлар
көбірек қалам тербеді деген сұрақтарға жауап ізделінеді.

І-тарау

ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

Қазақтың әліпби ауыстыруы қажет пе деген мәселе көтерілгенде
алғышқылардың бірі болып үн қосқан, ғалымдар мен журналистердің пікірін
оқырман назарына ұсынған басылым Ана тілі газеті болатын. LATIN: бір
адым алға ма әлде екі адым кейін бе? деген айдармен Сабыржан Шүкірұлының,
Бейбіт Жәлелұлының, Мекемтас Мырзахметовтің, Дастан Елдесовтың
материалдарымен қоса, Бегулләһ Ә. ибн Алдамжар әд-Дөйти, Ғаббас Қабышұлы,
Эрнест Төреханов секілді азаматтардың да пікірлері беріліп отырды.
Мәселен, Бағамдар болсақ, Елбасы Үкіметтен бастап тиісті
министрліктер мен салалардың, әкімдіктердің мемлекеттік тіл мәртебесін
қамтамасыз етуде байсалдылықпен батыл жұмыстар жүргізілулеріне жол ашып
беріп отыр. Ал енді осы сөзден кейінгі аңсар мен бағдар қалай дегенге келер
болсақ, көңілді қынжылыс кернейді. Тіл мәселесімен айналысатын тиісті
орындар мен шашбаукөтергіш кейбір зиялы дегендер Елбасы сөзін шұғыл түрде
ұлт әліпбиін латын таңбасына көшіруге берілген Жарлық деп қана ұғынып
отырған сыңайлы. Олардың ақпарат жүзіндегі сөздері тек осы латын таңбасына
көшетін уақыттың жеткендігі қазақ тілінің бүкіл күрделі істері осымен өз
өзінен шешіле салатын сыңайлы 1 деген журналист Сабыржан Шүкірұлының
пікірімен келіспеу қиын. Өйткені шынында да Президент аузынан латын
әліпбиіне көшсек қалай болар екен деген сөздің шығуы сол-ақ еді, не талдау
жоқ, не саралау жоқ біраз атқамінгендер латын харпіне көшу қажет, бұл
күттірмес шаруа деп, оның артықшылықтарын жұртшылыққа дәлелдей бастады.
Латын харпіне көшсек, қазақ тілінің айналасындағы барлық түйінді мәселелер
өздігінен шешілетіндей қабылдағандар да болды. Бірақ бұндай пікірлерге
Бегуллаһ Ә. Ибн Алдамжар әд-Дөйти секілді азаматтардың пікірлері қайшы
келді. Ол кісі былай деп ой өрбітеді, Мәселен, мен араб әрпімен еркін
жазатын Сәбит, Ғабит, Әбділдалардың кириллицаға келгенде, аяғына жем түскен
аттай кібіртіктеп сала беретінін көрген кісімін. Мұндай жағдай бүгіндері
шетелдерден келіп жатқан қазақтардың бастарында да бар. Міне, осыны
ескерсек, Қадырданды Елбасымыздың: ...біз бұл жерде асығыстыққа бой
алдырмай, оның плюстері мен минустарын зерделеуіміз керек, – деген сөзі
өте орынды. 2 Ал, Алматы қалалық Қазақ тілі қоғамының төрағасы Эрнест
Төреханов болса, Әліпбиді ауыстырсақ, ел есін жиған кезде мемлекет өзінің
алдына қойған бірінші кезектегі межелерінен аман-есен өткен соң, біржолата,
яғни қазақ халқымен ғасырдан ғасырға ұласар төл әліпбиімізді неге
енгізбеске? 3 деген ұсыныс-сауал тастайды. Орынды делік. Бірақ қазақпен
ғасырдан ғасырға бірге жүрер төл әліпбиі қайсы болмақ? Бүгінде төрт бірдей
нұсқаны ұсынып отырғандар бар. Олар: бірінші Латын харпіне көшейік
дегендер, екінші төте жазуды ұсынушылар, үшінші көне түркі жазуы рунаны
жақтаушылар және төртінші аш құлақтан тиыш құлақ, кирилмен жаза берейік
деушілер. Бір қызығы қазақ осы әліпбидің төртеуінде де жазып көрді. Енді
сол өткен тарихтан сабақ ала отырып, болашақ үшін маңызды шешім қабылдайтын
уақыт жетті.
Бірнеше ғасырлар бойы әліпби мәселесінің пікір-талас объектісіне
айналып отырғандығына төмендегі материалдар дәлел бола алады. Әл-Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы,
ұстазымыз Мәрия Майлықұтованың Түркістан газетінде жарық көрген Алаш
арыстарының латын әліпбиі жайлы пікірталасы материаланда Тарих беттеріне
үңілсек жазу, әліпби мәселесі ауық-ауық пікірталас тудыррып отырған күрделі
мәселенің бірі болып саналады. Қазақ даласына ислам дінімен бірге енген
араб жазуы он ғасырдан астам қолданыс тапты. Қазақ жерін отарлап алған
Ресей патшалығы түркі халықтарын рухани біріктіріп отырған араб жазуының
орнына орыс жазуын енгізуді көздеді. Миссионер ғалымдар араб таңбаларының
қазақ тілінің дыбыстық жүйесін нақпа-нақ бейнелеудегі олқылықтарын көлденең
тартып кириллицаға көшіруге әрекеттенді. XIX ғасыр басындағы қазақ
оқығандары сан ғасырлар бойы пайдалынп келген араб таңбаларының
кемшіліктерін жоюға тырысты. Олар өз ойларын Түркістан уәлаяты, Дала
уәлаяты, Айқап, Қазақ сынды басылымдарда ортаға салды 4
Дала уәлаятының газетін шығарушылардың бірі Д. Сұлтанғазин аталған
басылымның 1899 жылғы 22,23 сандарында басылған мақаласында қазақ тіліне
орыс әрпін пайдалану керек пе, әлде араб жазуын жетілдіріп қолдана беру
қажет пе деген мәселені талқылайды. Автор қазақ халқы басқа түркі халықтары
сияқты араб таңбаларын пайдаланып келгенін, оны оны тастап басқа әліпбиді
аламыз дейтіндерге қосылмайтынын айта келіп: Себебі қазақ білмейтін бір
бөтен әліпби шығарғанша, бұрынғысын түзеткені жақсы, – дейді. Қазаққа орыс
әріптерін енгізуді ұсынатын миссионер ғалым Н. Ильминскийге қатысты
көзқарасын былай аңғартады: Бір білімді адам Ильминский деген қазақ
сөздерін орыс әріптерімен жазса керек, орыс әріптеріне бірақ өзгертсе керек
дейді. Бұл кісінің сөзі де онша келісімді емес. Себебі бұл Ильминский орыс
әліпбиіне көп латын әріптерін қосады және орыстың өз әріптерін бір түрлі
қылып өзгертіп, орыс әліпбиін тым қиын қылып жібереді. Д. Сұлтанғазин
қазақ сөзін жазуға өзгеріссіз алса, орыс, латын таңбаларының да сәйкес келе
бермейтінін, жаңа алфавитқабылдағаннан гөрі қазақтардың не заманнан бері
ғадет алып үйренген араб әліппесін қазақ тіліне лайықтап бірақ өзгерту
туралы ұсыныс жасайды. Осы мазмұндас пікірді 1912 жылы Қазақ газетінде
басылған А. Байтұрсынұлының Бастауыш мектеп деген мақаласынан да
аңғарамыз: ...қазақты орысқа аударамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отырған.
Сол школдар арқылы қазақ тілін жоғалтып, орыс тіліне түсіреміз дейді, қазақ
тұтынып отырған араб қарпін тастатып, орыс қарпін алдырамыз дейді. Сол үшін
балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқысада орыс
қарпімен оқысын дейді. Өкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі де бір
тілде, бір дінде, бір жазуда болу, ал халыққа керегі – өз діні, тілі,
жазуының сақталуы, 5 – деп қазақтың дініне, тіліне, жазуына төніп келе
жатқан қатерді ескертеді.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейіннен де әліпби мәселесі күн тәртібінен
түспегенін сол тұстағы баспасөз материалдарынан көруге болады. Ал, КСРО
құрамына енген түркі халықтарын араб таңбаларынан латынға көшіру мәселесі
көтерілген тұста қазақ зиялыларының арасында қызу пікірталас туындады.
1923-1929 жылдары қазақ баспасөзі арабшылдар мен латыншылдар
пікірталасына кеңінен орын берді. Еңбекші қазақ, Ақ жол, Сарыарқа,
Жаңа мектеп, Жаршы сынды басылымдарда Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек
Аймауытұлы, Міржақып Дулатұлы, Елдес Омаров, Нәзір Төреқұлов, Әбдірахман
Байділдин секілді арыстарымыздың аталған мәселеге қатысты жарияланымдары
жарық көрді. Белгілі қоғам қайраткері, журналист Әбдірахман Байділдин
Еңбекші қазақ газетіндегі Біздің жобамыз атты мақаласында Мәскеуде
қызметте және оқуда жүрген қазақ жастарының латыншылдар ұйымын ашқанын айта
келіп, күн тәртібінде бұл мәселенің қойылу себебін былай түсіндіреді: Елді
сауаттандыру керек. Бұл игі істі тездетуге араб әрпі жарамсыз, тез хат
танытып, тез жаздыруға қолайсыз. Оның баспа ісіне де кедергілері көп. Саны
24-28, ал басуға, жазуға келгенде 100-ден асады. Шым-шытырық нүктелер көп,
жазу оңнан солға қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай оқылады, пән
белгілеріне жарарлық таңбалар жоқ. 6
Ахмет Байтұрсынұлы Ақ жол газетіндегі Баспа қаріптерін түзету
туралы тақырыпты мақаласында Әзірбайжан жобасы латын хәрпін алу болса, ол
тіпті алынбайтын жобаға ғой. Халыққа хат таныта алмай жүргенде, хат
білгендерімізден айырылып қалуымыз мүмкін, деген пікір білдіреді. 7
Мәскеуде, Ташкенттте латыншылдар ұымдары құрылды. 1924 жылы маусым
айында Орынборда өткен Қазақ-қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде осы
мәселе кең көлемде талқыланды. Съезде баяндама жасаған Ахмет Байтұрсынов
түрік жұртының тоқсан пайызы араб таңбаларын пайдаланып келеді,
әрқайсысының хат мәдениеті бар, бір әріпті тастап екінші әріпті ала қою
оңай жұмыс емес, мұндай қаржы мен қайратқазақ түгіл, түріктің қай жұртында
борлса да жоқ дегенді айтады. Ғалым сол тұстағы қазаққа латын әліпбиіне
көшуден гөрі, қазақ тіліне ыңғайлы жасалған өз әліпбиінің (төте жазудың)
тиімді екенін жан-жақты ғылыми негізде дәлелдеуге тырысады. Аталған жиында
латын әліпбиіне көшуді ұсынып Нәзір Төреқұлов сөйлеген сөзінде Біз латын
әрпін қазаққа күшпен алдырғалы отырғанымыз жоқ. Латын әрпі үйрену жазуға
тым пайдалы, жеңіл. Түрік әрпінің біреуі төрт түрплі, латындікі бір ғана
түрлі деп араб таңбалаына қарағанда латын әліпбиінің баспа ісіне, бала
оқытуға жеңілдігін дәлелдеуге тырысады. Осы съездегі қызу тартыс жайлы
қаламгер Ерғали Алдоңғаров Еңбекші қазақ газетінде былай деп жазды:
Ахметті жақтап талай шешендер түрлі дәлелдер келтіріп, мысалыға қаріп
белгілерін, сан белгілерін, қаріпті жию, теру жеңілдігін айтты. Латын
қарпін қолдануға әлі ерте, орыс халқы алмағанда біз неге аламыз, қаріпке
қызығып – мәдениетімізден айырыламыз деген түрде қарсылық білдірді.
Қаламгер Ерғали Алдоңғаров Еңбекші қазақтың жауапты хатшысы бола
жүріпі, халыққа мәселенің мән-жайын түсіндіруді өзіне борыш санаса керек.
Өнердің басы – әліпби деген мақаласында Заман талабы, өркениетке жету
жолы – латын таңбаларына көшу болып отыр. Партия жолынан таймай, бірті-
бірте осы әріпке көшкеніміз жөн, керітартпалыққа салынбалық, – деп басу
айтады. 8
Әліпби мәселесі жөнінде 1926 жылы наурыз айында Баку қаласында Түрік
білімпаздарының сиезі болды. Аталмыш жиынға Қазақстаннан Ахмет
Байтұрсынұлы, Біләл Сүлейұлы, Елдес Омарұлы, Әзиз Байсейітұлы барды. Съезге
түрік нәсілді ұлттардың көбінің өкілдерімен қоса Бартолбд, Олденбург,
Крымский, Менсел сынды батыс халықтарының профессорлары да қатысты. Съезде
қосымша баяндама жасаған Әлімжан Шарапұлы ...емле түзеу жүзінде түрік
жұртының алдағысы қазақ. Қазаққа латынға көшіп көп қаражат шығын шығарудың
қажеті жоқ. Латын қарпінің қазіргі қарпімізден артықшылығы шамалы дегенді
айтады. Ахмет Байтұрсынұлы да азғантай күшімізді мектеп үйлерін салу мен
оқулықтарға жұмсаумыз керек. Қаріп мәселесіне мұқтаждық туып отырған жоқ
дегеннен танбады.
Майлықұтова М. Түркістан газетінде жарық көрген Алаш арыстарының
латын әліпбиі жайлы пікірталасы деген материалында қазақ зиялылары
арасындағы әліпби мәселесі айналасындағы даулары, пікір-таластары осымен
біте қойған жоқ дей келе, 1927 жылы Қызылордада шыққан Әліппе айтысы деп
аталатын жинаққа арабшылардың да, латыншылардың да пікірлері толық
енгізілді. Ахмет Байтұрсынұлының араб әліпбиін жақтаған баяндамасы, Телжан
Шонанұлының латын таңбаларын жақтап сөйлеген сөзін, сондай-ақ, Елдес
Омарұлының, Әлімқан Ермекұлының, Мұстапа Бұралқыұлы, Абдулла Байтасұлы
сынды қаламгерлердің де пікірлерін ұсынғандығын айтады.
1928-1929 жылдары латын-қазақ әліпбиінің жасаушыларының бірі Халел
Досмұхамедұлы болды. Х. Досмұхамедұлы қазақ халқы қолданып отырған араб
таңбаларын тастап, латын қаріптерін алуға қарсы болғандығын мынадай
пікірлерінен аңғартады: ...Нәзір (Төреқұлов) айтқандай, менің латын әрпін
алуға қарсы екенім рас. Бірақ латынға қарсы екенімді біле тұра маған латын
әріптерінің жобасын жазып беруге тапсырған соң, сол жобаны жасағаным да
рас.
Латын қарпіне көшуге байланысты пікір-талас 7-8 жылға созылды. Қазақ
зиялыларының көпшілігінің қарсылығына қарамастан қазақ елі 1929 жылы 24
қаңтарда Қазақстан Орталық кеңес комитеті IV сессиясының қаулысымен латын
қарпіне көшірілді. Жаңа әліпті мерзімді басылымдар арқылы насихаттау
бағытында Орталық Жаңа Әліпби Комитетінің 1929 жылы Жаршы журналын
шығарды. 1935 жылы жаңа қаріпті насихаттау мақсатында Төте оқу газеті
жарық көрді. Аталған басылым 1939 жылдың наурыз айынан 1941 жылдың сәуіріне
дейін сауатты болуға көмекші деген атпен шығып келді. 1941 жылы Жаңа
жазу деп өзгерді.9
Араб әріптеріне негізделіп жасалған және заман талабын ескере отырып
жетілдірілген қазақ жазуы Қазақстан өміріндегі ірі мәдени құбылыс болғанына
қарамастан, 20-жылдардың соңына таман қазақ әліпбиі латыншаға көшіріле
басталды. Ахмет Байтұрсыновтың атақты “Араб әліппесін жақтаған
баяндамасы”, міне, осы кезеңге арналып еді. Әліпби ауыстырудың арғы сырын
жақсы сезген Ахаң: “латын әрпін алу деген тіршілік мұқтаж қылғаннан
ділгерлік қысып туғызып отырған мәселе емес”; “араб әрпінен жасап алған
әліпбиімізге жер жүзінде әліпби баласы жетпейді”; “түрік жұртының 90 %-ы
баяғыдан араб әрпін пайдаланып келеді”; “хат мәдениеті бар халыққа бір
әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес” деді.
Бірақ 1928 жылғы желтоқсанда қабылданған “Латын әліпбиі негізінде жаңа
қазақ әліпбиін енгізу туралы” деп аталатын қаулыға орай 1929 жылдан бастап
қазақ әліпбиі латын әрпіне күштеп көшірілді. Айқайы көп тапшыл қоғам араб
әрпін ескінің көзі деп түсініп, жаңа қауымды жаңа әріппен жарылқап
тастауды ұйғарды. Мұның алды-арты ескерілген жоқ. Бұған дейін араб әрпімен
жазылған ғылыми-әдеби еңбектер айналымнан шығып қалды, оқу құралдары мен
әдістемелік туындылар қоғамдық құрылыстан шеттетілді. Сөйтіп, арабша
қаріптің қадірі кетті.
Онсыз да Қазақстанның ерекшелігі ескерілмей жүргізілген жаппай
ұжымдастыру мен ашаршылықтан, тәркілеу мен бей-берекеттіктен сиреп қалған
сауатсыз халықтың қалған бөлігі латын әрпіне еріксіз бас қойды. Оларға қара
таныту міндетін сол кезде отызыншы жылдардың бас кезіндегі ойраннан аман
қалған қазақ зиялылары қолға алды.
Мысалы, көрнекті жазушы Бейімбет Майлин осы кезеңде латын әрпін
үйренушілер үшін “Шала сауаттылар үшін оқу кітабы” (1929) деген еңбегін
жазды. Ол 80 мың дана таралыммен бір жылда екі рет басылып шықты. Бұдан
кейін шала сауаттыларға арнап “Күш” (1930) атты тарихи-танымдық оқулық
шығарды. Ал Бейімбеттің “Жаңаша оқы, жаз!” (1931) кітабы — әліппе
үлгісінде жарық көрді. Абдолла Асылбеков екеуі “1929-шы жылдың шаруа
календары”, Ілияс Жансүгіров, Әбдірахман Мұстафин үшеуі “1930 жылдың шаруа
календары” деген кітаптар құрастырды.
1933 жылы Бейімбет Майлиннің Ғабит Мүсіреповпен бірге жазған “Сауат
үшін” деген кітабы жарық көрді. Аталмыш еңбек 1935 жылы “Букварь для
ликбезников” деген атпен орыс тілінде де жарық көрді. Сонымен бірге ол
жазылуға тиісті жаңа оқулықтың негізін қалады. Бұл — Бейімбет Майлин, Ғабит
Мүсірепов, Әміржан Ситдықов үшеуі жазған “Сауаттандырғыш” деп аталған
сауатсыздар әліппесі еді. Осы оқулық үш жылда (1934-1936) 475 мың дана
таралыммен шығып тарады.10
Сондай-ақ латын әліпбиіне бет бұрған Қазақстанда сол кезде Жаңа әліп
кіндік комитеті құрылып, оның үні ретінде “Жаршы” журналы жарық көрді. 1929
жылдан бастап мерзімдік басылымдардың кейбір мақалалары, жекелеген беттері
ішінара латын қарпімен шығарылды. Газеттерде латын әліпбиі жиі беріліп
тұрды. Сауат ашып жатқан адамдардың оқуына ыңғайлы шағын хабарларға көбірек
орын берілді.
Филология ғылымдарының докторы Серікқали БАЙМЕНШЕ, мұның бәрі бір
әліпбиден екіншісіне ауысқан кезеңдегі қиындықты жеңілдетуге қызмет етті.
Тұтас бір ұрпақтың жаңа әліппен сауат ашуының бастауында тұрған жоғарыда
аталған оқулықтардың құрылымы, сауат ашуға үйрету тәсілдері, үйренген
әріпті тиянақтау үшін қосымша материалдар беру әдісі, сондай-ақ осы кезге
тән басқа да ұйымдастыру іс-шаралары қазір мүлде қажетсіз деуге болмайды.
Зерделеп көрсе, кәдеге жарауы кәдік. Әліпби әзірлеу барысында һәм соған
сай оқулық түзбекке ниеттенгенде, алдымен өзімізде болған осындай үлгілер
ескерілгені абзал дей келе, сайып келгенде, 1929 жылғы латыншаға көшу –
халықтың өз таңдауы емес еді деп тоқтам жасайды.
1940 жылғы 10 қарашадан бастап, қазақ жазуы латын әрпінен орыс
графикасына негізделіп, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан жаңа
әліпбиге көшті. Латыншаға көшуге қарағанда, кириллицаға көшу Қазақстанда
айтыс-тартыссыз жеңіл жүрген сияқты. Оның себебі белгілі болатын. Ұлттың
әліпби хақында өзіндік пікір айтып, қарсылық білдіреді-ау деген үлкен тобын
отыз жетінің ойраны жайпап өткен. Соғыс қаупі төніп келе жатты. Осының
бәрі жаңа әліпбидің ың-шыңсыз өмірге енуін тездетті. Біраз уақыт жеке хат-
хабарларда екі әліп қатар жүріп отырды. Сөйтіп, қазақтың кириллица
негізінде түзілген, 42 әріптен тұратын, орыс тілінде кездеспейтін 9
ерекшелікті дыбысы бар жаңа жазуы пайда болды.
Әліпби мәселесіне қатысты қосымша мына деректі айта кетуге болады.
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының “Ұйғыр жазбасын латын алфавитінен
орыс графикасы негізінде жасалған жаңа ұйғыр алфавитіне көшіру туралы” 1947
жылғы 4 ақпандағы қаулысында: “Ұйғыр колхозшыларының, жұмысшыларының және
интеллигенциясының ұйғыр жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы
негізінде жасалған жаңа ұйғыр алфавитіне көшіру туралы тілегі
қанағаттандырылсын” дей келіп, жаңа ұйғыр әліпбиі Қазақ ССР Министрлер
Советі ұсынған 41 әріптен, соның ішінде орыс алфавитінен өзгертілмей
алынған 33 әріптен және ұйғыр тілінің ерекше дыбыстарын белгілеу үшін
алынған қосымша 8 әріптен құралатындығы айтылған. Бұл сол кездегі кеңес
еліндегі ұлттардың бәріне ортақ, орыс әрпіне негіздеп әліпби жасаудың тағы
бір мысалы еді. 11
Қазақстанда жаңа латын әліпбиіне көшу мәселесі көп уақыттан бері
айтылып та, жазылып та келеді. Кейбір басылымдарда жекелеген авторлар
болашақ әліпбидің үлгілерін де жариялаған. Сондай-ақ қазіргі күндері
“ҚазАқпарат” агенттігінің өз хабарларын шетелдердегі қазақтар үшін
Интернет сайтында латын әрпімен жариялап келе жатқаны да мәлім.
Бұл біздің қоғамның әліпби өзгертуге, соның ішінде латын әрпін
таңдауға қай тұрғыда болса да әзір екенін білдірсе керек. Қазіргі
латыншаға көшу мәселесін бірқатар адамдар баяғы латын әліпбиіне қайта оралу
деп жүр. Шартты түрде оралу болғанымен, нақты алғанда бұл жолғы әріп
ауыстырудың баяғы латыншалаудан айырмашылығы бар екенінде талас жоқ.
Өйткені, қазақ тілінің қазіргі сөздік құрамы мен негізгі сөздік қоры
байып жетілді, дамып өзгерді. Сондықтан бұрынғы қазақшаланған латын
әріптерімен қазақ сөзінің бүгінгі жеткен биігін, емлелік өресін,
грамматикалық құрылымын бейнелеу оңай емес. Алайда бұл бұрынғы латынша
бейнеленген қазақ әріптерін мүлде жоққа шығару дегенді білдірмесе керек.
Болашақ әліпбиде көне латыншаның бүгінгі жазу ережесіне үйлесетін, үйренуді
қиындатпайтын, тұтас ұрпақ сауатын ашып, көзқарақты болған кириллицадан
көпшілікті қашықтатпайтын әріптері іріктеп пайдаланылатыны сөзсіз.
Мәселен, ескі латынша әліпбиде қазіргі “қ”, “ғ”, “г” әріптерінің кіші түрі
өзара ұқсас келеді (q,g), ал “к” әрпі кириллицадағыдай “к” болып жазылады.
“К” мен “қ”-ның ағайындас екенін ескеретін болсақ, келешекте мұндай қатаң
дауыссыз дыбыстардың ұқсас таңбалануы ұмытылмауы керек. Және қазіргі
ақпараттық кеңістікте танылмай отырған, орыс тілінде жоқ ерекшелікті тоғыз
қазақы әріптің тағдыры да дұрыс шешілгені жөн.
Бұрын бүгінгі “ү” – “y” болып, “ұ” – “и” болып, “у” – “v” (кіші
әріптері) болып таңбаланды. Жіңішке-жуан дауысты дыбыстар – “ү” мен “ұ”
тамырлас тұрғандықтан, алдағы уақытта бұл жәйт те жадымызда болуы шарт.
Оның үстіне, тәжірибе көрсеткендей, қазақ тілін үйренушілер тарапынан көп
жағдайда осы “ү”, “ұ” және “у” әріптерінің қолданылуын дұрыс айыра алмау
көбірек қиындық тудырып жүргені байқалады.
Әліпби түзгенде ең алдымен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі
рөлін, қазақ тілін басқа ұлттардың да оқып жүргендігін, оқып-үйренетіндігін
ұдайы ескеріп отыру қажеттілігі осыдан шығады.
Емлелік орайда да ойланатын түйткілдер бар. Айталық, бұрын “тарату” деген
сөз “таратұу” (taratuv), “санасу” деген сөз “санасұу” (sanasuv),
“ұйымдастыру” деген сөз (ujьmdastьruv), “партия” деген сөз “партыйа”
(partьja), “комитеті” деген сөз “kәmіjtetі” болып жазылған. Егер бұрынғы
латыншаның ыңғайына кетсек, осылай жазуымыз керек. Бірақ бұл бүгінгі
шындықтан шегіну, қазақ тілінің кириллицамен көгерген грамматикалық биігін
төмендету болар еді. Өскелең ел жазу мәдениетінің мұндай жолын таңдай
алмаса керек.
Сол сияқты көне түркі (руникалық) әліпбиін, арабшаға негізделген
әліпбиді ұсынушылар да ең алдымен қазақ тілінің қоғамдағы қазіргі және
келешектегі рөлін көз алдына елестете білгені жөн. Бұл әліптерді екінің
бірі біле бермейді, олар ғылыми ортаға ғана таныс. Бұларды алатын болсақ,
нағыз қиындық сонда туады.
Ал латын әріптері мектеп көрген кез келген ұлттың өкіліне жылы ұшырайды.
Математика мен философиядағы, филология мен медицинадағы, тіпті кез келген
ғылым саласындағы орыс тілі арқылы енген жүздеген-мыңдаған терминдердің түп-
төркіні латын тілінен шыққаны да қазақтың жаңа әліпбиіндегі әріптерді
өгейсітпейді, қайта жұртшылықты өзіне тарта түседі. Өйткені, латын
әріптеріне негізделетін болашақ жаңа әліпбидің ең басты мұраты – ұлттық
оқшаулану емес, халықтық бірлік. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттардың
өкілдерін мемлекет құрып отырған ұлттың тіліндегі мемлекеттік тіл
төңірегіне топтастыру. Президентіміздің “Қазақстанның болашағы – қазақ
тілінде” деген ұлы идеясының нақты жүзеге асатын сәті де осы кезең.
Қазақ тілінің кейбір жанашырлары тарапынан латыншаға көшу мемлекеттік
тілді меңгеруді кідіртеді деген пікірлер естіліп қалуда. Орыс тілді
баспасөздің бірқатар жарияланымдарынан қазақ әліпбиін жаңаша әліпке
ауыстырудың бірыңғай қолдау тауып отырмағанын байқаймыз. Біздіңше, мұның
бәрі тәуелсіз еліміздің жаңа әліпбиге көшу арқылы алға қойып отырған түпкі
мақсатын, мемлекеттік мәртебедегі қазақ тілінің келешек келбетін дұрыс
бағамдай алмаудан туып жатқан сияқты.
Шындап келгенде, латын әрпіне негізделетін болашақ әліпби — қазақтың
өз әліпбиі. Бұған бұрынғыдай партиялық-идеологиялық өктемдік жүргізуге,
қоғамдық пікір тудырған сияқты болып, науқаншылдыққа айналдыруға ешқандай
ішкі-сыртқы күштердің құқығы жоқ. ХХ ғасырдың бас кезінде өзінің араб
әрпіне негізделген әліпбиін жасап алып, пайдаланып келген, осы әліпбимен
ұрпағы өсіп-жетілген қазаққа кезінде латиница мен кириллицаның күштеп
таңылғаны, соның салдарынан ұрпақтардың байланысы үзіліп қалғаны жасырын
емес. Бір ғасырдың ішінде үш түрлі жазылған сан түрлі құжаттан, бай
әдебиеттен, т.б. жазба ескерткіштерінен сол ғасырдың өз ұрпағы мүлде
бейхабар қалды. 1940 жылдан арғы тарихқа бару үшін екі әліпбиді білуге тура
келеді.
Енді дербес, тәуелсіз ел болған соң, Қазақстан неге өзінің төл жазу
мәдениетін жасамауы керек? Қазақ қазақ болғалы әліпби тағдырын өркениетті
тұрғыда шешу бірінші рет сол халықтың өзіне бұйырып тұрған осындай сәтте
сөзден гөрі нақты істер, жаңа әліпбиімізді қайтсек мінсіз етіп сапалы
жасаймыз деген келісті ұсыныс-пікірлер үстемдік құруы керек деп ойлаймыз.
Бұл - ең алдымен қолына қалам ұстап, қазақша жазып жүрген азаматтарға
сын.
Сондықтан бізге ХХІ ғасырдың күллі тынысын бойына сіңірген, жаһандану
талабын ескеретін, он бес жылдық тәуелсіз тарихы бар жаңа тұрпатты
Қазақстанның бүгіні мен болашағын толық бейнелей алатын жаңаша, өзіміздің
төл әліпбиіміз қажет. Сол себепті отандастар санасында баяғы латыншаға
оралу идеясынан гөрі, тәуелсіз елдің өзі толғатып тудырған еркін жазуы
елестеуі керек һәм болашақ жаңа әліпбиге де сол биіктен, сол деңгейден
қарап, өткенге жалтақтамай жаңаша келіп, жаңаша жасауымыз қажет. Төл
әліпбиіміз тертені теппейтіндей, елде орныққан ұлтаралық татулық пен
халықтық ынтымаққа салқынын тигізбейтіндей, мемлекеттік тілді үйренушілерді
үркітпейтіндей болуға тиіс. Демек, латын әрпімен жаңа әліпби түзу, оны
қолданысқа енгізу – оңай іс емес екендігі осыдан сезіледі. Президенттің
мамандарға бұл мәселені жарты жыл ішінде байыпты зерттеп, нақты ұсыныс
жасауға тапсырма бергені де сондықтан болса керек.
Біздіңше, латын әріптерін игеру қазақтар үшін де, басқалар үшін де
елеулі қиындық тудырмайды. Толық көшу кемі 10-15 жылды қамтитыны сөзсіз.
Алғашқы қадам мектептің бірінші сыныбынан басталуы мүмкін. Қазақша сауатты
адам жылдам үйреніп алатынына дау жоқ. Сондай-ақ Қазақстан кириллицадан дәл
бүгін қол үзгелі жатқан жоқ. Екі әріп ұзақ уақыт қатар жүретін болған соң,
1940 жылдан бергі ешбір құжат ескерусіз қалмайды, ұрпақтар байланысы да
үзілмейді.
Латын әліпбиіне көшу мемлекеттік тілдің дамуымен де тығыз байланысты
жүргізілетін іс деп ойлаймыз. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзін
талқылауға байланысты өткізілген Парламент Сенаты Аппараты мемлекеттік
қызметшілерінің кеңесінде баяндама жасағанда әріптестерімізге мынадай
ойымызды білдіріп едік: “Латынша әліпбиге көшкен кезде әр адамның қазақ
тілін жақсы білуі керек болады. Егер қазақша білмесе, ол қалай латынша
оқиды, жазады, бір сөзбен айтқанда жұмыс істей алады? Сондықтан әзірге
мүмкіндік бар кезде, мемлекет жан-жақты қолдап отырғанда, тегін курстар
жұмыс істеп тұрғанда мемлекеттік тілді дәстүрлі кириллицамен шын мәнінде
оқып үйреніп алу керек. Ертең кеш болуы, не қиын болуы мүмкін. Мұндай
қиындықты бірде бір отандасыма тілемес едім”.
Кім біледі, бәлкім Қазақстаннан соң Ресей де әліпбиін латыншаға
бейімдей бастар, Еуразиялық кеңістік тұтастай осы жолды қалауы мүмкін.
Латыншаға негізделетін жаңа әліпбидің жаһандану дәуіріндегі болашағы нақты
көзге көрініп тұрғанда, бұл болжамдардың ешқайсысын да жоққа шығара
алмайтынымыз анық.
Түйіндей айтқанда, Қазақстанда жаңа әліпбидің сапары басталды. Әліпби
жайына өте-мөте маңыз берген ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов бұл істі “Салақ
қарауға болмайтын салмақты мәселе” деп бағалаған.
Бұл филология ғылымдарының докторы Серікқали Байменше ағамыздың
пікірі. Сонау ХІХ ғасырдың басындағы әліпби мәселесіне қатысты ғалымдар мен
зиялылар пікір-таласы қайта жанданды. Қазаққа әліпби ауыстыру қажет пе,
қажет емес пе? Қажет болса, қай әліпби қазақтың жамбасына оңтайда келеді
деген сансыз сұрақтарға жауап ізделіне бастады? Әр ғалымның, қоғам
қайраткерінің, журналистердің айтар пікірлері де, ойлары да алуан түрлі.
Әркім өзінше дәлелдейді.
Баспасөз беттерінде ортақ мәселеге үн қосып жүрген азаматтарымыздың
бірі Төреғали Тәшенов былай деген пікір білдіреді.
1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиін қолданған Қазақстанда
қайтадан латын жазуына көшу мәселесі алғаш 1993 жылы көтерілді. Оған сол
жылы Анкара қаласында өткен түркі халықтарының латын жазуына көшу
мәселесіне арналған тіл мамандарының мәслихаты түрткі болған еді. Осы
жиында мамандар түркі халықтарына ортақ 34 әріптен тұратын латын әліпбиін
жасап, қабылдаған. Міне, содан бергі 14 жылда елімізде әліпби өзгертуге
қатысты қоғамдық талқылау тыйылған емес. Бұл екі арада Әзірбайжан,
Түрікменстан, Өзбекстан, Қырым татарлары мен гагауыздар латын жазуына
біржола көшіп алды. Татарстан да қазір дайындық үстінде. Әзірге әліптің
артын бағып отырған – Қазақстан мен Қырғызстан.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған тілдің үштұғырлығы мәдени
жобасынан бөлек, еліміздің болашақта латын әліпбиіне көшетіні түбегейлі
анықталғандай. Елбасы кириллицамен бірге латын жазуын қатар қолдануды қолға
алу керектігі жөніндегі өз пікірін нықтап айтты. Қазақ тілін орыс тілінің
ықпалынан алып шығып, келесі сатыға көтерудің жалғыз жолы осы – латыншаға
көшу дейді латын әліпбиін бір-ауыздан жақтаушылар. Ендеше, бұған не
кедергі? Кедергі сол – латын жазуына көшуде ортақ шешімге келе алмай, зиялы
жұртшылық пікірі екіге, үшке, тіпті төртке жарылып отыр. Баз біреулеріміз
латынға көшу көп қаржыны талап етеді. Оның үстіне кириллицамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Телжан Шонанұлының сын мақалалары
Латын графикасына негізделген қазақ жазуының әліпбиі мен емле ережесі
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
Қазақстанда латын әліпбиінің енгізілу алғышарттары
Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының тарихы
АРАБ ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНАН АЛАТЫН ОРНЫ
Жазудың шығу тарихы
«Түркістан» газетіндегі мәдени мәселелердің көрінісі
Латын әліпбиінің ағылшын тілін оқуға тигізетін үлесі
Пәндер