Алматы қаласы жайлы



І. Географиялық орны.
ІІ. Алматы қаласының тарихы.
1. Алматы қаласының даму кезеңдері.
2.Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер
3.Зерттеу процесі бұрынғының ескерткіші.
4. Алматыдағы ежелгі ағаш өмірі жайлы дерек.
5. Тарих объективпен жазылады.
6. Алматы . алмалы жер.
ІІІ. Мәдениеті.
1.Алматының тарихи орталықтарына саяхат.
2. Цирктық ойын . сауық көрсету тарихынан.
3. Алматы хайуанаттар бағының тарихынан.
4. Алматы почтасына . 145 жыл.
5. Алматы қаласының мәдениет ұйымдары мен ұжымдарының тізімі.
6. «5 қазан . Алматы қаласының күні».
ІV. Алматы қаласының демографиясы.
V.Өнеркәсібі.
Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы қаласымен бір параллельде Гагры және Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Алматы қаласы.

І. Географиялық орны.

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань
тауының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы қаласымен бір параллельде Гагры және
Владивосток қалалары орналасқан.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне
қарамастан күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса,
көшелері солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі.
Қаланың оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу
шатқалында, тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының
шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар
бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының
елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-
жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен
парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты.
Қала 170 шаршы километр аумақты алып жатыр. Үлкен және кіші Алматы
өзендерінің бойына орналасқан. Тау өзендері мен көлдері қаланы сумен
қамтамасыз етеді.

ІІ. Алматы қаласының тарихы.

1. Алматы қаласының даму кезеңдері.

Б.з.д. 10 - 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер
өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел - ерте кездегі
Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан
жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ. - б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен
үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен
қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін сақ патшаларының
қорғандары. Солардың ішінде ең танымалдары Есік қорғанынан табылған Алтын
адам, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық көркемдік қоласы -
шамдар, құрбандық шалатын орны, қазан. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы
аумағы Қазақстан жерінде құрылған ертедегі мемлекеттердң орталығы болды.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр
кезеңі. Бұл қала мәдениетінің даму, отырықшылдыққа көшу, жер өңдеу мен
қолөнердәң даму, Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу
кезеңі. Қазба жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдары
табылған.
10-14 ғасырларда Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек
жолы бойындағы сауда байланысына ілінді. Алматы сауда, қолөнер жіне
ауылшаруашылық орталығының біріне айналды. Бұған дәлел - осы жерде табылған
13 ғасырдың 2 күміс дирхейі. Бұл дирхейде алғаш рет қала аты аталынады -
Алматы.
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының ыдырауына байланысты қала өмірі
деградацияға ұшырады. Бұл кезең Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихына әсер
еткен саяси үрдістерге толы болды. Мұнда маңызды этносаяси процестер,
Жетісу мәдениетінің қалыптасуы жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда
қазақ мемлекеттігінің құрылуы басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығы мен өз
тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ батырларының оқиғасына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай
тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы
қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті..
4 ақпан 1854 жыл. Қаланың жаңа тарихы Іле Алатауының баурайында Ресей
империясының әскери қамалы Верный қаланған кезеңінен басталады.
1854 жылдың күзінде Верный қамалының құрылысы аяқталды. Верный дұрыс
салынбаған, бір жағы кіші Алматы өзенінің бойында орналасқан ағаштан
қаланған бесбұрышты құрады. Кейіннен ағаш кірпіш тастарына ауыстырылды.
1 шілде 1855ж. Верный қаласына казактардың бірінші тобы көшіп келді.
1856ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал жанынан салынған
Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың көбеюіне орай Кіші
Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды. Бұл жерге татар
қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың мамырында қоныс
аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына инженер Л.
Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған әскери-инженер
Ц. Гумницкий болды.
1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы өзгертіліп, Алматинск
қаласы аталды. Бірақ сол жылы Дала комиссиясының баяндамасы бойынша бұл
атау өзгертіліп Верный қаласы болып өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол
кездегі реформаларға байланысты болды. Верный Вернинск уезі мен Жетісу
ауданының орталығына айналды. Жетісу ауданының бірінші губернаторы Г.А.
Калпаковский болды.
Бірінші қала жоспарының авторы Н. Криштановский болды. Оның жоспары
бойынша қала өлшемдері өзгертілді. Оңтүстігіне қарай Алматы өзенінің маңайы
2 км.; батысына қарай 3 км. Шөп, жылқы және көк базарлары 4 парктер
салынды. Жаңа қалаға берілген аумақ төртке бөлінді. Үй құрылысы үшке
бөлінді. Бірінші мен екіншілері 2 қабатты қала ішіндегі үйлер болды. Ал
соңғылары қала сыртындағы үйлер. Құрылыс үшін жер учаскелері сатылды.
Негізгі әкімшілік мекемелер қала паркінің жанынан салынды (қазіргі 28-
гвардейшы-панфиловшылар паркі).
Бірінші қала архитекторы Г.Н. Серебряников болды (1839-1883).
1887ж. 28 мамырда Верный қаласында күшті жер сілкінісі болды. Таңғы
сағат төртте болған жер сілкінісі бүкіл қаланы қиратты. Әсіресе үлкен
кірпіштен қаланған үйлер қирады.
1887 ж. 1маусымда Жетісу ауданының губернаторының бұйрығымен кірпіштен
қаланған үйлердің орнына ағаштан үйлер қалана бастады.
Жер сілкінісі зардаптарын анықтау үшін және ол қайталанған жағдайда
жасалатын шаралар жүргізу үшін профессор И.В. Мушкетов басқарған комиссия
құрылды. Жер сілкінісінен кейін үйлер бір қабатты және ағаштан немесе
саманнан жасалынды. Қаланы қалпына келтіруде үлкен үлес қосқан инженер-
архитектор А. П. Зенков болды. Ол бірінші болып жер сілкінісіне қарсы
құрылыстың принциптерінің жоспарын жасады.
1910 ж. жер сілкінісі осы жоспардың дұрыстығын нақтылады. Осы кезеңдегі
қаланы көгертуге үлес қосқан ағайынды Эдуард және Отто Баумдар.
1909 ж. Россия Полное географическое описание нашего Отечества атты
жинағында Верный қаласы былай суреттелді: Верныйда Жетісу ауданының барлық
мекемелері және түркістан мен ташкент епископтар орындары бар. Қала
халқының саны 37000 адам (26 мыңы орыстар, қалғаны тараншы, доңған, сарт,
татар, қырғыз өкілдері), мұнда 2100 тұрғын үй, 9 шіркеу, 4 мешіт, 18 оқу
орны, кішігірім аудандық музей, 313 жұмысшы істейтін 66 зауыт пен фабрика
бар. Қала кірісі 119515 сом, шығын 119113 сомды құрайды.
Қаланың екінші және соңғы архитекторы Поль Гурдэ (1846-1914), қала
елтаңбасының авторы.
1917 жылғы көтеріліс қала көркін өзгерткен жоқ. Ескі мекемелерде жаңа
атаулар пайда болды.
1917ж. наурызында әскери губернатор, қала басшысы, әскери басшы орнынан
алынды. Уақытша үкімет өз комиссарларын Шкапский мен Тынышпаевты
тағайындады.
1918ж. 2 наурызында қалада кеңестік билік орнатылды. Аудандық атқарушы
комитет сайланды. Оның басшысы П.М. Виноградов болды.
1921ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный
қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата
деп аталынды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық комитет бұйрық
шығарды: Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу
әкімшілік орталығының атауы Алма-Ата,ға өзгертілді.
1926ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір
теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін
тигізді.
1927ж. 2 наурызында ҚазАССР -ң ОСК -і астананы Қызыл-Ордадан Алматыға
көшіруге шешім қабылдады. ІV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезі бұл шешімді
мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші
поезында 1929 ж. мамырыда басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында соңғы балдақ соғылды. Бұл
екі ірі экономикалық аудандарды, яғни Сібір мен Қазақстанды қосты. 1
мамырда Түркісіб жолы ашылды. Алматыға Мәскеуден бірінші поезд келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен
әуе арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің,
тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1929 ж. күзінде қала халқы 100 мың адамға жетті. 1926 жылы қала халқы
45 мың адамды құраған.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жж. арналған қала
құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. қаржы
бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық
шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Тұрғын үй және мектеп құрылысы, сонымен қатар денсаулық сақтау
мекемелер құрылысына бірінші болып беріле бастады.
Алматының Қазақстанның астанасы болуына байланысты 1936 жылы қаланың
архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты
мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша
қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту
негізделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала аумағы үлкен өзгерістерге
ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және
материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді, 26
мың көшірілегендерді қабылдау үшін жер босатылды. Алматы қаласына майдан
шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу орны, орта кәсіптік
білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми зерттеу институттары, 20-дан аса
мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев, Мәскеу киностудиялары
Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбектері үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік
марапатқа ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда үш
атқыштар дивизиясы (олардың танымалы 28-гвардиялық панфиловшылар
дивизиясы), екі атқыштар бригадасы жіне үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық
шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарымен негізделді. Жоспар бойынша қала
аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты
үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғану қолға алынды.
Ленгипрогром жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға
дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер
енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр
мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада
300 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне
қарсы көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы
қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр
түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар,
солардың қатарында Ленин атындағы Сарай, Қазақстан қонақ үйі, медеу
спорттық кешені т.б. құрылыс орындары салынды. Қалада демалыс орындарын
құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап
метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы
жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық
таза, қауіпсіздік, әлеуметтік жағдайға қолайлы орта құру. Негізгі
архитектуралық-құрылыстық мақсат Алматының бау-бақша қаласы атын сақтау
мен дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс орындарын
дамыту, жол көлігін нығайту, метрополитен енгізу.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң
қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және
өндірістік орталық болады.

2.Верный қаласының тарихынан алынған кейбір цифрлар мен деректер

1854 жылдың көктемінде кейіннен Верный болып өзгертілген Іле
бекінісінің құрылысы басталған еді. Бекініс төңірегінде орналасқан казак
станицаларында алғашқы өндіріс орындары жандана бастады. 1857 жылы Татар
слабодкасына жақынырақ жерлерде сумен қосылған диірмен іске қосылса, ал бір
жылдан соң Жетісуда кейіннен ірі кәсіпкер болатын көпес Кузнецов сыра
зауытын ашты.
1867 жылдың 11 сәуірінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына
енген, кейіннен Жетісу облысының саяси және әкімшілік орталығына айналатын
бекініс Верный қаласы болып өзгертілді.
Мұрағат құжаттары дәлел болатын деректерге сүйенсек 1879 жылы қалада
3825 құрылыс орындары салынбақшы болатын, соның ішінде 1613-і күйдірілмеген
кірпіштен тұрғызылды. Верныйда үйлер мен ғимараттарды тек тастан немесе
кірпіштен тұрғызуға рұхсат етілді. Алайда қала маңындағы ормандарды қиу
бұрынғысынан да көбейіп кетуінен қала басшылары бақылаусыз ормандарды қиуға
және ағаш үйлерді тұрғызуға тыйым салуға мәжбүр болды. Тау шатқалдарындағы
орман сілемдерін күзету үшін әскери қарауылдар қойылды.
Кардон шатқалында басты кардон-қарауылы орнықты, Бутаковка,
Лебединское, Каменское, Комиссаровское Ремизовское команда жүзбасшыларына
арналып қазыналық құрылыстар тұрғызу үшін Бутаковкада орманды өңдеу
жүргізілді, шатқалдар жауыңгер-қарауылшылардың фамилияларымен аталып бұл
атаулар осы кезге дейін сақталынып қалған.
1871 жылдың 17 қарашасында Верныйда ірі кәсіпкерлер мен көпестерден
сайланған жергілікті басқару органдары – қалалық дума және басшылық қызмет
ете бастады.
Дума және басшылық сауданың дамуына – базар сауда орындарының салыну
құрылысына көбірек мән берді, бірақ оларда қаланы көркейтуге, білім және
деңсаулықсақтауды дамытуға қаражат жетпеді.
1887 жылдың 28 мамырында қала стихиялы апатқа ұшырады. Күші жоғары жел
сілкінісінен кірпіштен және тастан тұрғызылған ғимараттар бұзылды, ағаштан
салынған құрылыстар қирап қалды. Верныйда жер сілкінісінен кейін тастан үй
салуға тыйым салынды, өйткені апат кезінде өмірге қауіп туғызады деп
есептелінді.
1907 жылға қарай 2138 құрылыс салынды, оның ішінде 8-і ғана тастан, ал
2130-ы ағаштан тұрғызылды.
Салынған құрылыстардың біреуі Гостинодворская алаңының ортасында
(қазіргі көшелерде Пушкин, Мақатаев, Зенков, Жібек жолы қиылыстарында
орналасқан) – жер сілкінісінен қаза болғандарға ескерткіш орнатылды.
Қазіргі уақытта бұл ауданда Орталық сауда орны орналасқан.
Гостинодворская алаңын көпес Пугасов, Шевагин, Харин, Малышев, Михайлов
және басқалардың зәулім үйлері қоршап тұрды.
Үлкен казармалық алаң қазіргі Қабанбай батыр, Абылай хан, Бөгенбай
батыр және Панфилов көшелерінің қиылысында орналасқан. Алаңның ортасында
әскери собор тұрды. Штабная көшесінің төменгі жағынан (қазіргі – Гоголь)
казармалар созылып жатты.
Әскери бөлімдер қаланың орталығында орныққан еді. Шіркеулер әр-қайсысы
өз алаңында: Троицк шіркеуі (Қабанбай батыр, Ш Уәлиханов, Пушкин
көшелерінің аралығында), Покровский (Амангелді саябағында), Негізгі собор
Пушкин бағында, Никольск шіркеуі Үлкен Алматы станциясының аумағында
орналасқан. Тағы бір кішігірім шіркеу архиерей үйінің алаңында (қазіргі
Зенков және Қазыбек би көшелерінің қиылысында) болды. Бұл ғимарат қазіргі
кезге дейін сақталынбаған.
1913 жылы Верныйда 55 жату орны бар бір ғана аурухана болды. Мұнда 10
дәрігер, 10 фельдшер және 3 тіс дәрігері жұмыс істеді. Қалада ымырт түскен
сайын көшелер қараңғылай түсетін. Көшелерді жарықтандыру мәселесі көп
жылдар бойы қалалық думада талқыланатын. 1915 жылы ұзақ талқылаулардан
кейін дума мынандай шешімге келді: Көшені жарықтандыруға қаражат
бөлінбесін, себебі қаланың азаматтары кешке үйде отырулары тиіс.

3.Зерттеу процесі бұрынғының ескерткіші.

Қазіргі Алматы қаласының және шектес орналасқан аудандар
территориясынан археологтармен табылған ежелгі ескерткіштер, қолайлы табиғи
климаттық жерлерді бұрыннан көшпелі және жартылай отырықшы тайпалар
мекендегенін тарихи құжаттар да куәландырады. Ерекше атап айтатын көне
ескерткіштеріне (б.э.б. VI-III) сактардың қорғаны жатады. Үлкен және Кіші
Алматы, Есентай, Ақсай өзендерінің жағалауларында орналасқан олардың ең
ірісінің биіктігі 20 метрден, ал диаметрі 100 метрден асады.
Қазіргі кезде көптеген қорғандар жаңа тұрғын құрылыстарының астында
қалып отыр. Қаланың солтүстік-батыс бөлігінде, кейбіреулері ғана
сақталынған.
Қорғандар біртұтас архитектуралық құрылыстан тұрады: жер асты
камераларынан, тас қабырғалардан, жер асты жолдарынан және мүсінделген
конус пішініндегі үйіндіден. Оның жоғарғы қабаты тасты, ортаңғысы ұсақ тас
пен топырақпен араласқан, ал төменгі қабаты ірі тастардан тұрады. Үйіндінің
астында тянь-шань бөренелерінен камера мен коридорлар немесе бұл – қайтыс
болғандардың мәйітін, кейбір кездері аттарымен бірге сақтайтын орын.
Камералардың оңтүстік және батыс бөлігінде ыдыс-аяқтары, солтүстігінде –
қайтыс болған адамдардың мәйіті (денесі) орналасқан. Көптеген табылған
қабырлар ерте кезде-ақ тоналған. Алматы территориясында қазба жұмыстары
барысында қатардағы қабырлардың ішінен кездойсақ табылған қазынада сак
қолөнершілерінің бұйымдары: темір пышақтар, қанжарлар, садақтың үшбұрышты
қола ұштары, саздан жасалған ыдыстар, қола қазандар, майшамдар, орақтар,
бидай үккіштер кездеседі.
Сактардың басты айналысатын ісі көшпелі өмір түріне байланысты мал
шаруашылығы болды. Бірақ та ағаш қабырларының конструкциясы бойынша
қыстаған жерлерінде олар мықты баспаналар салғанын айтуға болады. Сактар
енді ғана отырықшылыққа көшкенде, үйсіндер жерді өңдеумен айналысты. Ежелгі
үйсіндер археологиялық қазбалар бойынша (орақтар, бидай үккіштер т.б.)
жерді өңдеуді жақсы білген. Алматының Горный гигант совхозының оңтүстік
шетінде үйсіндердің ерте жер өңдеу қоныстарының қалдықтары табылды.
Қоныстарды зертеу кезінде археологтар саздан және өзен құмымен араласып
жасалған кувшин мен кеселер тапты. Аэропорт ауданында жүргізілген қазба
жұмыстары кезінде ежелгі керамика заттары табылды. Олар б.э. бірінші
ғасырына жатады деп болжалуда.
Аймақтың келесі тарихи кезеңі феодализм эпохасы, Жетісу Батыс Түрік,
Түрген және Карлук қағанаты, Қарахан мемлекеттеріне кезектеп кіріп отырды.
Осы мемлекеттік құрылымда үлкен рольді үйсіндер, түргендер, карлуктар,
шығала, ягма атқарып, кейінірек қазақ халқының құрамына кірген.
Карлуктар кезінде Іле Алатау бөктеріндегі өзен жазықтықтарында
отырықшылық жерді өңдеу қоныстары мен қалалар пайда бола бастады.
Біріншілері қыстақ орындарында құрылса, екіншілері көшпелі ақсүйектердің
орындары ретінде дамыды. Көбінде караван жолдарының қиылыстарында, ыңғайлы
жерлерде орналасты. Ақырындап олардың қастарында қолөнершілер, көпестер
орналасып, ставка әкімшілік орталығы болып қана қоймай, сонымен бірге
қолөнер мен сауданың концентрация орны болып, қалаға айналды.
Алматының орнында VIII-X ғ.ғ. бірнеше үлкен емес қоныстар болды. Оның
бірі Алмату деп аталды (Алматы). XX ғ. 20 жылдары олардың іздерін көруге
болатын. Ірі қоныстар Ботаника бағы мен Горный гигант совхоздарының
территориясында болды. XI-XII ғ.ғ. олар кіші-гірім қалаларға айналды.
Жетісу тарихының түріктік кезеңі Ұлы Жібек жолымен байланысты, осы жер
арқылы өтетін жол аймақты Жерорта теңізімен, Қытаймен байланыстырды. Осы
дәуірде Алматы маңызды байланыстырушы орталық болды, Орта Азиядан, Кастек
өткелі арқылы Жоңғар қақпасына – Қытайға дейін. Жетісудан табылған
шетелдік заттар Персиямен, Индиямен және Қытаймен кең тараған сауданы
куәландырады. Алматы атауы сол кездегі бірнеше дереккөздерінде кездеседі.
XIX ғ. аяғында Верный қаласының бас архитекторы Поль Гурдэ орта ғасыр
қаласының көптеген үлкен қалдықтарын көрген болатын, ғалымның болжауы
бойынша қазіргі әскери институтының орнында орналасқан. Дәл осы
территорияда XIII ғ. 1271-1272 ж.ж. шығарылған бірнеше монета табылған,
оларда арабша Алматы деген жазу бар.
1272 жылғы Алматы монетасы – бұл бүкіл қазақстандық көлеміндегі
құбылыс. Қазақстандық ғалымдар археологияляқ қабаттарды кезек-кезегімен,
қабат-қабатымен тауып жатыр, бұл алысқа апаратын және терең жүргізетін
зерттеу процесінің бастамасы.

4. Алматыдағы ежелгі ағаш өмірі жайлы дерек.

Бұл құжат Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатында жеке қорда
сақталынған. Оның авторы Алматы және республика өмірімен соғыстан бұрынғы
жылдарда да тікелей байланыстылығы тығыз. Григорий Васильевич Нечитайло
Түркісібтің салынуына қатысқан, Алматы қалалық атқару комитетінің Кеңес
төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланған.
Өмірінің 25 жылын Қазақстан ғылым Академиясына арнап еңбек етті.
Республиканың атақты адамдарымен Қ.И. Сатпаевпен, М.О. Әуезовпен,
Ж.Жабаевпен, кездесуіне тағдыр жолдары себепші болды. Оның монографиялары
және кітаптары заң жоғары оқу орындарының бағдарламасына енгізілді. 2006
жылдың 28 ақпанында Григорий Васильевич Нечитайло 100 жасқа толар еді.
... 1942 жылы қала халқын жанармаймен қамтамасыз ету тапшылығынан
қаланың бақтары мен саябақтарында ағаштар оталып, өртелген еді. Бұрынғы
атқару комитетінің қалалық Кеңес төраға орынбасарының қала сыртынан
ағаштарды қиюмен айналысатын он бригада құру жөніндегі үкімі жайына қалды.
Нәтижесінде генерал-губернатор Колпаковскидің кезінде отырғызылған ағаштар
оталып кетті. Лауазымды тұлғалар ағаш кесумен айналысуда соншалықты қызу
жүргізілуі халықтық комиссариат Кеңесінің бірінші орынбасары А.П.
Заговельевтің қолымен бекітілген өкім бойынша, маған Грушевая көшесіндегі
(қазіргі Зверьев көшесі) емен ағашын қиюды қадағалауды жүктеді. Үкімде:
Емен ағашы жауынгерлердің шинелін дайындау үшін майданға қажет деп
көрсетілді. Мен бұл емен ағашын бірнеше рет көргенмін. Мамандардың айтуынша
оның жасы үш жүз жылдан астам. Жетісу аймағында ол теңдессіз ағаш түрі
болып саналатын. Еменді қиюдан сақтау өз міндетім деп шештім. Комбинат
қызметкерлері маған майданға шинелдерді жеткізу барысы тоқтап қалғаның алға
тартып, пракурормен қорқытқан кездерде әр-түрлі себептер ойлап табатынмын.
Менің арнайы жасалынған әрекеттерім екі-ақ күнге созылды. Үшінші күні
арнайы бөлімше арқылы (аса құпиялы) Заговельевтен хат алдым. Хатта былай
жазылған еді: егер мен 24 сағаттың ішінде еменнің қиылуын қамтамасыз
етпесем, соғыс уақытының заңымен сотталамын.
Өз басыма қандай қауіп төніп тұрғаның түсіндім. Не істеу керек? Мен
тікелей халықтық комитеттің Кеңес төрағасы Н.Д. Ондасыновқа мені түсініп,
бұл мәселенің шешілуіне көмегін берер деген үмітпен бардым, өйткені Нұртас
Дандыбайұлының жасыл орманға деген көзқарасы ерекше болатын. Қандай өкім
шығарылғаны туралы және бұл ерекше емен ағашы жөнінде айтып бердім. Біз
алып ағашты көруге бірге барған едік. Нұртас Дандыбайұлы Заговельевпен
сөйлесіп жауабын өзім айтам деді. Нәтижесінде шұға комбинатына басқа емен
ағашын қию жөнінде шешім қабылданды. Ал бұл әсем ағаш қала халқын күні
бүгінге дейін қуантады.

5. Тарих объективпен жазылады.

Бүгінгі таңда балаларға арналған басылымдар саны ұлттық
журналистикамызда жаңадан қадам басып, гүлденіп келеді. Дегенмен де,
балалар тақырыбы арнайы дайындықты, балаларға тән шынайылықты талап
етеді.Қым-қуыт қайнаған тіршілік қазанынан жүрекке жол табар, әрі терең ой
салар әсерлі мезеттерді дәл тауып, дөп басып бейнелеу де аса шеберлікті,
кәсіби біліктілікті қажет ететін шаруа.
Міне, осылайша тұғыры биік тәуелсіз мемлекетіміздің жас ұрпағын
тәрбиелеуде, ширек ғасырлық өмірін арнап, аянбай тер төгіп келе жатқан
фототілшілердің бірі – Олег Александрович Ионов.
Олег Ионов - кәсіби шеберлігінің арқасында қаламыздың қайнаған өмірін
фотобейнеге түсіріп, Алматы қаласының Мемлекеттік Мұрағатының ұлттық қорын
толықтырушы, және Мемлекеттік Мұрағаттың қор иегері болып табылады. Ал,
Қазақстанның Орталық Мұрағатында оның әкесі фототілші Александр Ионовтың
жеке фотосурет қоры сақталған. Орыстілді балалар басылымы Дружные ребята,
қазақ тілді Ұлан газеттерінің бетінде Олег Ионовтың фотобейнелері өзіне
тән ерекше қолтаңбасымен орын алады.
Қаламыздың қай жерінде болмасын балаларға қатысты қандай шара
ұйымдастырылса, Олег Александрович әрдайым тынымсыз сондай іс –шаралардан
табылады. Оның түсірген фотосуреттерінен терең іздемпаздықтың, табанды
еңбекқорлықтың, шексіз қиялдың жемісін көруге болады.
Олег Ионов – табиғатынан бала жан, жан-жақты әрі өз қызметін бағалайтын
адам. Оның балалар газетінде 25 жыл бойы тынбастан еңбек етуі өз
мамандығына жіті берілгендігінің бірден-бір дәлелі. Негізгі мамандығы –
физик, кезінде физика пәнінен мектепте сабақ та берген. 1963 жылы Әл-Фараби
атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің физика факультетін аяқтап,
Ұлттық ғылым академиясының Химия институтына кіші ғылыми қызметкер болып
орналасады. Дегенмен сүйікті шаруасы фотоға түсіруден қол үзбейді. Себебі
ол генетикалық тұрғыдағы фотосуретші. Сонау 1898 жылы Олег Александровичтің
атасы Нестр Ионов алғаш фотокамера алып Верный қаласының тұрпатын
фотобейнеге түсірумен шұғылданған. Ал, атасының немере бауыры Михаил
Ефремович Ионов - Жетісу өңірінің губернаторы болған. Олегтің әкесі
Александр Ионов болса, жас Алматы қаласының фотожинақтаушысы болған, ол
Жетісу аймағының өмірі жайлы фотобейнелермен бүкілодақтық және
республикалық баспаларды қамтамасыз еткен. Сонымен қатар Олег Ионов он
жасында қазақ халқының танымал жыршысы, суырып салма айтыскер ақыны Жамбыл
Жабаевпен де кездескен. Кездесу жайлы естеліктер Қазақстан тарихы
оқулығына енген. Бұл деректі фототілші Олег Александрович өз аузымен
жеткізді. Яғни Олег Ионов генетикалық дәрежедегі фототілші, әрі бірден –
бір тарихи тұлға болғандықтан, оның Алматы қаласының Орталық Мемлекеттік
мұрағатында аудиовизуалды және фотоқұжаттамасын пайдалану бөлімінде жеке
шығармашылық фотоқұжаттары жинақталып, сақталуда.
Олег Ионов – Алматы қаласындағы алғашқы Медеу фотоклубының құрылуынан
бері фотоклубта белсенді қызмет атқарып келеді.Сондай-ақ, Ионовтың
фотосуреттері Правда, Вокруг света, Советская женщина газеттері және
Фото атты чех журналының беттерінде жарық көрген. Ионов халықаралық
фотокөрмелердің тұрақты қатысушысы, түрлі дәрежедегі марапаттарға да ие
болып келеді.Ол Германияда өткен Социалистік фотошеберлік, көрмесінен
дипломға, Спорт – бейбітшілік елшісі халықаралық фотокөрмесінің қола
медаліне ие болады.
1998 жылы өткен Ақ- қара фотобейнелер халықаралық көрмесінің бас
жүлдегері, 2005 жылы Алматыда өткен Қуаныш пен шуақ елі көрмесінің бас
жүлдесі, Менің сүйікті қалам – Алматы көрмесінің дипломына иегер болды.
Бұл фотосуреттер жинағы Алматы қаласының тұрпатын сипаттайтын ерекше мәні
бар бірден –бір мол мұра.
2005 жылдың наурыз айында Олег Александрович кәсіби шығармашылығының 25
жылдығына орай Өмір иірімдері атты фотокөрмесін өткізді. Аталмыш көрменің
ерекшелігі – фототілшінің өмірдің жан – жақты көрінісін түрлі қырынан
көрсетіп, шексіз әсемдігін фото тілі арқылы жеткізуі. Түрлі иірімдерге толы
фотосуреттер өскелең ұрпаққа ой салардай, ерекше мәні бар әсерлі бейнелер.
Ионов өмірдің ауыр мезеттерінен гөрі қызғылықты сәттеріне тіл бітіріп,
оларды көркейте біледі. Алматы қаласының Мемлекеттік Мұрағатының фото және
аудиовизуалды құжаттамасын пайдалану бөлімінің бейнеқорында Олег Ионовтың
Өмір иірімдері атты фотокөрмесінен жазылған бейнеүнхат сақтаулы.
Бұл күні жасы жетпістің белесінен асса да, сүйікті шаруасына берік
фототілші Ионов әлі де еңбек жолында, ендеше оған өз ісінде мол
шығармашылық табыс тілейміз!

6. Алматы – алмалы жер.

Біздің қаламыз өзінің негізі қалануынан бері Алматы аталуы тегін емес,
яғни алмалы жер. Бау-бақша технигі С. Иванов өзінің 1916 ж. жазған Алматы
мақаласында Алматы-қырғыз сөзі және орыс тіліне аударғанда алмалы жер
деген мағынаны білдіреді. Бұл атаумен Верный қаласы аумағын атаған,
өйткені жергілікті жерлер жабайы алманың таралуымен өзгешеленді. Мұнда кең
көлемді жасанды бақшалар жинақталғандай. Көпшілік оңтүстік астана –
Алматыны (орысша транскрипциясында) апортпен байланыстырады.
Алайда біздің қаламыздың атына апорт емес, жабайы алма негіз болғанын
айта кетуіміз қажет. Белгілі Жетісулық өлкетанушы И.Л. Брызгаловтың,
академик Н.И. Вавиловтың 1928 ж. Алматыға келіп, және кіші Алматы өзенінің
бойында өскен алмаларды көріп, басқа еш жерде мұншама мол жабайы алмалардың
түрлерін көрмегенің және мүмкін бұл жер шынымен нағыз мәдени алманың отаны
шығар деп айтқанына куә болған. Кең таралған Жетісу тауларының асуларыда
жабайы алманың, алмұрт, шие, өріктің тамыр жайуы мәдени жемістердің өсіп-
өнуіне, алыс жолға алып жүруге шыдамды, қоймаларда сақтауға болатын түрлері
өсірілді. Сонымен қатар ресей нарығына да шыққан өндірістік түрлері атап
айтқанда пармен золотой, кандиль синап, бельфлер желтый, кальвиль красный,
ранеты Ландсберга, Обердика, орлеанский және тағы басқалары. Алайда біздің
бақшаларымыздың мақтанышы және көркі апорт болып қала бермек.
Ол Жетісудың эмблемасы болды. Оны патша-алма, алмалардың әкесі деп әділ
айтылған. Апорт әлемдік жеміс шаруашылығында бір ғана оңжылдықта белгілі
болған жоқ. Оның Қазақстанның оңтүстік Шығысында пайда болуының қызықты
тарихы бар. 1865 жылы жер аударылып келген Егор Васильевич Редько Воронеж
губерниясы Острогожский уезінен Верный қаласына апорттың бірнеше түрін алып
келді. Бұл апорттың түрі жергілікті жердің алмасынан айырмашылығы жоқ еді,
тек өзінің көлемі жағынан, дәмі мен түсін өзгертіп бұл жерге бейімделіп
кетті. 1914 жылы бау-бақшалық аға инспектор С. Перковский былай деген еді:
Жергілікті жердің басшылықтарымен жемістердің түрлерін аклиматизациялаумен
айналысты. Верный қаласымен оның аумағында табиғаттың берген қолайлы
жағдайы апорт пен алмұрттың керемет түрлері осы Верный бақшаларының
негізгілері еді. Воронеждық шаруа Редько өз отанынан апорттың бірнеше
түрлерін алып келді. Бұл алмалар оның бақшасында өсіп, кейіннен генерал
Колпаковскийдің бұйрығымен Редьковский алмасы деп өзгертілген (бірақ бұл
атау сақталынбады). Ол Верный қаласының атағын шығарған еді.
XX ғасыр басында Верный шаруашылығы тек Сібірде ғана емес Ресейдің
орталық бөлігінде де белгілі бола бастады. Ал ең алғаш астаналық саудада
апорт жемісі келгенен бастап-ақ бірінші орынға шықты.
1900 жылдың өзінде Алматының апорт алмасы Париждегі әлемдік көрмеге
шығарылды және де мамандардан жоғарғы баға алды. 1909 ж. Жетісу
губерниясының бақшалары 3770 шаршы мекенді алып жатты оның ішінде Верный
уезіне 2817 шаршы жер тиесілі еді. Бақшаларда алмалардың өзіндік мәдениеті
қалыптасып, ал алма түрлерінен апорт сұрыпталды. Верный басшылықтары
апорттың сұрыпталуына көп көңіл бөлді. Верный бақшалары училищесі аудандық
бөлікке бөлінумен айналысса, кейіңірек жеке жеміс питомнигін Верныйда Н.Т.
Моисеев ашқан болатын.
1908 ж. Германияда Мангейм жеміс жидек көрмесінде Верный бақша
училищесімен шығарып үлкен қошеметке ие болды. Өзінің сыртқы түрімен,
ерекше дәмінің болуы, жолда алып жүруге қолайлы болуы Жетісу өңірінде
алдынғы қатардан көрінді. Оны Сібір жеріне 700 ден астам шақырым жерлерге
және оңтүстік темір жолдар арқылы станцияларға, пошта арқылы жіберіп,
кейбірі батыс Қытайға дейін тасып отырған.
Жетісулық бақшаларды марапаттау мақсатында Верный қаласында көрмелер
ұйымдастырылды. Осылай 1902 ж. Жетісу облысына барлық уездерден экспонаттар
әкелінді. Бір ғана алманың өзінен 39 түрі қойылды. Осындай көрмелердің
бірінде 1905 ж. Алманың 64 түрі шығарылды. Мұнда да ең керемет деп апорт
тандалып, жоғары марапатқа ие болды. Генерал П.И. Краснов өзінің 1910 ж.
Кинематограф очеркінде бұл алма жөнінде былай суреттеген: Ресейде бейне
бір жиналған тастай үйілген, ірі кесектей, баланың басындай көлемде еді, 2
фунт салмағы бар. Олар бүкіл аумақты өзінің жағымды исімен таныттырған.
Оның бағасы 8 жүздік тиын еді. Мұнда Верныйлық алмұрттар да Калифорниялық
алмұрттардан кем түспейтін еді.
Бүгінгі күнде апорттардың сапасы ғана емес, сондай-ақ тіпті қалада алма
бақтары азайып барады. Өлкетанушы В.Проскуриннің айтқанындай бақшалы-қала,
60-шы жылдары жасыл желекке оранған қала еді. Алайда мамандардың айтуынша
өткен бақшалы-қаламыздың орнын қайта қалпына келтіруге болатының айтады
және де болашақта Алматы алмалы жер болатына сенімдіміз.

ІІІ. Мәдениеті.

1.Алматының тарихи орталықтарына саяхат.

Әр қаланың адамды өзіне тартып тұратын жерлері болады. Ол – тарихи
орталық. 1878 жылы Жетісу өңірінде болған ірі ботаник–ғалым, профессор
А.Э.Регель былай деп жазды: Верный қаласы дұрыс салынған, еуропалық
типтегі үйлердің алдында көптеп алма, шабдалы ағаштары отырғызылған...
Ескі үйлердің көпшілігі, әсіресе, қаланың тарихи орталығында, бүгінгі
күнге дейін сақталған. Солардың бірі – ХХI ғасырдың соңындағы ағаштан
салынған құрылыстың озық үлгісі – Верный қалалық училищесінің ғимараты.
Ғимарат қалалық Думаның тапсырысымен, әскери инженер Андрей Павлович
Зенковтың жобасы бойынша салынды. 1912 жылы училище жоғары бастауыш училище
болып өзгертілді. Мұнда 1895-1896 жылдары М.В.Фрунзе оқыған. 1920 жылдың
маусым айында Д.Фурмановтың ұсынысымен ғимаратта Верный қаласының алғашқы
еңбек мектебі ашылды.
Көпес Шахворостовтың жекежайы өзінің безендірілуімен таң қалдырады.
1890 жылы А.П.Зенковтың жобасымен салынған және стильді классика мен ерте
модерннің элементтерін біріктірген жекежай сәулет өнерінің бірден –бір
ғимараты болып есептеледі.
Жібек жолы көшесі №39 үйдегі, 1911 жылы А.П. Зенковтың жобасымен көпес
Ғабдуалиевтің дүкеніне арнап салынған үй қазіргі заманғы ғимараттарының
арасынан қуыршақтай болып көз тартады.
Верный мектебі ағаш модернінің үлгісі болған бұл үй Жетысу облысының
ірі сауда орталықтарының бірі болды.
Өткен ғасырдың басында бұл көше өзінің дукендерімен даңқы шығып, Сауда
көшесі деп аталған. Жергілікті газетте Ғабдуалиев өзінің сауда үйін
Ғабдуалиев және балалары, Париж сәні әйелдердің әшекейі деп
жарнамалайтын. Саудасы дөңгеленіп тұрған көпестің тапсырысымен А.П.Зенков
оның балаларының біріне де үй жобасын жасаған. Төлебаев көшесіндегі 26 үйде
бүгінгі күнге дейін модерн элементтері бар ескі ғимараттың үлгісі сақталып
қалған.
Абдуллиндер көшесіндегі нөмірі 31үйде болған Бреусовтың жекежайы бой
көтерген. Өткен ғасырдың басында салынған, сәулетшісі белгісіз. Өкінішке
орай үйдің қалпы сақталмаған. Ғимараттың тарихы Дмитрий Фурмановтың
өмірімен байланысты. Азамат Соғысы жылдарында мұнда Түркістан атқыштар
дивизиясының 3-ші саяси бөлімі орналасқан. Осы жерде алғашқы орыс-қазақ
әліппесі мен анықтамалар баспаға дайындалды. Жазушының зайыбы Анна
Фурманова осы ғимаратта гарнизон театрын ұйымдастырды.
Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысындағы үй өзінің
қатаңдығымен таң қалдырады.
Ол 1898 жылғы бас жоспар бойынша оқу орнына бөлінген шаршыда орналасып,
1907 жылы Верный ерлер гимназиясының пансионы салынған. А.П. Зенковтың
қатысуымен жасалған жобаның авторы инженер П.В. Гурдэ. Пансионда ауылдық
жерлерден келген гимназия оқушылары тәрбиеленді. 1919 жылы ғимаратқа Верный
қаласының тұңғыш комсомол ұйымы, кейінірек Жетісу губерниялық көпшілік
кітпханасы орналасты. Бұл қатаң модерн ерекшеліктері мен келбетін сақтап
қалған қаладағы азғана ғимарттардың бірі.
Зенковтың ғажайып үйлерінің бірі – офицерлердің жиналыс үйі. 1908 жылы
салынған. Жоба авторы А.П.Зенков. Алғашқы арналып салынғаны: офицерлердің
жиналыс үйі. 1913 жылы – Жетісу өңірінің тұңғыш ауылшаруашылық және
өнеркәсіп көрмесінің көрме павильоны. 1918 жылы-пошта-телеграф кеңсесі.
Одан кейін Красная звезда кинотеатры. Верный қаласы қоғамдық
құрылыстарының ағаштан жасалған сәулет өнерінің үлгісі болып табылады.
Юрий Домбровский өзінің Көне тарих сақтаушысы романында Кафедральды
собор мен осы біртума туындыны жаратушы Андрей Зенков туралы былай деп
жазды: ... Алматы қаласын Зенковтың құрылысынсыз көз алдыңа елестету
мүмкін емес. Оның ғимараттарында әсерлі сәнділік, шын мәніндегі шаттық пен
сауықшылдық бар. Ол Пушкин саябағында (28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы
саябақ) орналасқан. Құрылысы 1904-1907 жылдар аралығындағы жүргізілді.
Тапсырыс беруші христиан діни басқармасы. 1904 жылы 26 қыркүйекте
салтанатты жағдайда алғашқы кірпіші қаланды. 1906 жылы 14 қыркүйекте
қоңыраулар ілінді. Сылақ және жапсырма жұмыстарын Санкт-Петербургтің
З.Т.Ковальский фабрикасының жұмысшылары атқарды. Икона бекітілген
қабырғадағы сәндік жұмыстарды суретші Н.Хлудов пен киевтік шебер А.Чурашко
орындаған.
А.Зенков туындылрына тәжім етуші жазушы Юрий Домбровский сабор туралы
таңданысын былайша білдіреді: ... биік, көпкүмбезді, өрнекті, әшекейлі
ернеулері және темір шатырлы, қоңыраулы, баспалдақтары мен галереялардың
біртұтас жүйелерінен тұратын собордың бірде-біреуінің құрылыс нысандары
Верный қаласындағы болған орасан жер сілкіну кезінде құлаған жоқ. Ағаш
құрылысы табиғат апатына шыдады. Ал алып собордың өзінде тіпті әйнектері де
сынған жоқ.
Собордың алғашқы келбетін қалпына келтіру бойынша жаңғырту жұмыстары
сәулетші А.Итеновтың жобасы бойынша 1973 жылдан 1976 жылға дейін
жүргізілді. Ал 1995-2002 жылдар аралығында сәулетші Т.Туренкулов,
суретшілер Ю.Супис пен В.Лукиннің жобасы бойынша қалпына келтіру жұмыстары
қайталанды.
Осы қатарда, 1975 жылы фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 30
жылдық құрметіне, мәңгі алаумен бірге, қайталанбас қатаңдығымен,
айбындылығымен ерекшелінетін Даңқ монументі орнатылған.
Мүсіншілер А.В. Артимович, В.В. Андрющенко, Р.А. Сейдалин, В.В. Ким Ұлы
Отан Соғысының бір көрінісі, Дубосекова разъезіндегі шайқасты мәңгі есте
қалдырды. Оның сырт жағында Армия үйі. Собор мен монументтің сеңгірі,
офицерлер үйінің жеңіл граниті мен қуыршақтай Музыкалық аспаптар Мұражайы –
қайталанбас ансамблді құрап тұр.

2. Цирктық ойын - сауық көрсету тарихынан.

Қазақ цирк өнерінің даму тарихы ғасырлар тереңінде жатыр. Біздің
аталарымыз қай ғасырда бүркітті аңшылыққа үйреткені жөнінде дәл айту қиынға
соғады. Қазақтардың ат үстіндегі ойындары цирк қойылымдарындай көрініс
берерлік. Аты аңызға айналған қазақтың әйгілі балуаны Қажы Мұқан (Мұқан
Мұнайтпасов) революциялық төнкеріс алдындағы цирктық өнерді
театрландырылған көрініске айналуына себепші болғандардың бірі еді.
Шындығында ол ең алғашқы кәсіпқой қазақ цирк әртісі. Ол жөнінде сол
кездерде аңыздар ел аузында айтылып жүрді: Берлинде жуан темірлерден
шыбықтай иіріп галстук байлаған болатын, ал Парижде түйемен манежге шығып
көтеріліп, оны арқасына арта салып шығып кеткен. Оның күштілігі адам
сенгісіз еді.
Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында өздігінен пайда бола бастаған цирктық
ұйымдар құрыла бастады. Солардың ішінде Шымкенттік, Ақмолалық халықтық
цирктері болды. Бірақ олардың бәрі кәсіпқой емес еді. 1965 жылдың күзінде
кәсіпқой цирк ұйымын құру жөнінде шешім қабылданды.
Бұл жөнінде Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Қалдық Хамитұлы
Бегенов былай деп өз ойын білдірген еді: Ол жылдары мен акробатикадан
спорт шебері және Қазақстандық Мемлекеттік денешынықтыру институтының
екінші курсында оқып жүрген едім. Пән сабағы басталар алдында мені ректорға
шақырды. Кірсем кабинетте отырғандар жәй адамдар емес. Кейіннен білсем
олардың арасында еңбек сіңірген өнер қайраткері, республикалық эстрадалық-
цирк өнері студиясының жетекшісі Георгий Васильевич Перкун (ол кезде ол
белгілі аты шыққан цирк көріністеріндегі қоюшы-режиссерлердің бірі еді)
белгілі цирк акробатикасының маманы Владимир Алексеевич Ревякин, сонымен
қатар атпен жүргізілетін көріністер мамандары Георгий Токаев және Алексей
Соколовтар еді. Маған анықтап қарап алғаннан кейін эстрадалық-цирк
студиясында оқуымды жалғастыруды ұсынды. Бұл ұсыныс мен үшін төбеме жай
түскендей болды. Спортты қалдырғым келмеді. Ал бұл жерде цирк. Көп ойланып
мен ұсынысты қабылдамадым. Үш күннен кейін біздің жатақханамызға Волга
келіп тоқтады. Шақырып алып мені Алма-Аты қонақ үйіне жеткізіп салды.
Мұндай жерде мен ешқашан болған емеспін. Георгий Васильевич Перкун мені
тосып алып, ресторанға түскі ас ішуге шақырды. Астын барлық түрінен дәм
татқаннан кейін маған қарап жымиып, Сізді ертен Красина 78-де күтеміз
деді. Келесі күні мен эстрадалық цирк өнерінің студиясына келдім.
Гүльжихан Ғалиқызы Ғалиева мені туған ұлындай қарсы алды. Сол күні бізді
Республикалық Мәдениет министрі Ильяс Омарұлы Омаров қабылдады. Бәрі
ертегідей болған еді. Қабылдау жылы, мейірімділікпен өткендіктен әлі күнге
дейін есімде қалды. Цирк өнері жөнінде және ұлттық қазақ коллективін құру
жөнінде сөз болып, бұл біздің Республикамыз үшін маңызды екеніне тоқталды.
Міне осылай эстрадалық-цирк өнері студиясының есігі маған айқара ашылды.
1967 жылы бірінші оқу түлектері бітіріп шықты. Алғашқы оқу бітірушілер
арасында көзбайлаушы (иллюзионист) Сұлтанғали Шүкүров және Сара Қабиғожина,
эквилибрист Марат Құшмағамбетов, акробатшы Светлана Самущенко, сізге тағзым
ететін малайыңыз және тағы басқалары. Әрине біз студияны тәмәмдағаннан
кейін тәжрибесіз едік. Мұндай аздаған уақыттың ішінде цирк әртістерін
дайындау онай емес болатын. Мәскеудегі цирк училищесінде оқуға бес жыл
бөлінген. Сондықтан бізді кем дегенде үш жылдың ішінде дайындап шығу керек
болды.
Уақыт өте келе студияның спорттық залы бізге тарлық келтірді.
Республикада өзіндік цирк ғимараты жоқ болды. Одақтық мемлекеттік цирк
басшылары қазақстандық әртістерді Саратов циркінде дайындықтан өткізіп
жалғастыруды ұсынды. Бұл бағдарламаның көркемдік жетекшісі болып
Ленинградттық мәдениет институтының түлегі Қанат Саудабаев сайланды.
Саратов біз үшін туған қаламыздай болып кетті.
Бірінші бағдарламаның бірінші қоюшысы РСФСР еңбек сіңірген өнер
қайраткері Г. Перкун және РСФСР ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихы
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Өндірістік практика есебі ЖШС «Райс – Стар» туристік фирмасы
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Дарын и К ЖШС-нің 2009-жылы атқарған қызметі және экономикалық жағдайы
Баспасөз қызметінің құралдары
Шығыс елдері ойшылдары тарихы жайында орта ғасырлық мағұлматтар
Отырарда жүргізген жұмыстары нәтижесінде
Қала мәдениеті тарихын оқыту
Пәндер