Атырау облысының қысқаша сипаттамасы



Кіріспе

1. Атырау облысының қысқаша сипаттамасы
2. Атырау қаласының ауасының жағдайы
3. Мұнай және газ өндірудің экологиялық проблемалары
4. Күкірттің ашық күйде сақталуы
5. Тазарту жолдары

Қорытынды
Табиғи ортаның сан мыңдаған жылдар бойы өзі қалыптастырып, жүйелеген тірі және өлі компоненттерінің арасындағы теңестірілген байланыс экологиялық тізбек деп аталады.
Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығындағы мұнай ерте заманнан-ақ белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан майды сүзіп алып, түйенің қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілер пайда болғаны белгілі. И. Лепехин (1768 ж.), Т. И. Речков (1772 ж.), П. С. Таллас (1773 ж.), С. Г. Гмелин (1785 ж.), Г. Гелмерсон (1836 ж.) тағы басқалары Атыраудың географиялық және топографиялық құрлымына, су қорларына, қазба байлықтарына қысқаша геология-лық сипаттама берді. Зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды.
Атырау өңірін алғаш зерттеушілердің бірі – А. А. Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен,» - деп жазады. Біздің осы өлкемізге 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, Доссор кені туралы мынадай пікір айтты: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, шабатын шөбі жоқ халыққа бұл байлықты игеру өте қиынға соғады». Ол кезде бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймады. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келді.
Мұнай ақша болғанымен, оның зияны да біршама көп. Мысалы, саралап көрсетсек, аталмыш зиянды заттардың 7 % мұнай өңдеу, 53% «Теңізшевройл» өндірістік бірлестіктердің үлесіне тиеді, яғни, өнім өндіру көлемі ұлғайған сайын, қоршаған орта, су, топырақ және ауаның ластануы жеделдей түсуде.
Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде пайдалану, өндірістің дамуы табиғи қорлардың азаюына, қосымша қоршаған ортаның ластануы сияқты жаңа проблема ала келді. Өндірістен шығатын заттармен, алдымен топырақ, ауа, су қоймалары ластанады.
Атырау табиғаты адамдар қызметіне экологиялық жағдайда жеңіл сезімтал болып келеді. Бұған облысымызда мұнай өндіру, барлау-бұрғылау кәсіпшіліктерінің жылу жүйелерінен бөлініп шығатын шаң, улы түтін газдардың шамадан тыс бөлінуі және соңғы кезде жүргізілген атом қаруын сынаудың зиянын қоссақ, Атырау табиғатының экологиялық жағдайына тиісті баға беруге болады.
Атырау мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың бүгінгі ерекшелігі – Астрахань Теңіз және болашақта Каспий ойпатындағы жоғарғы күкіртті газды, мұнай-газ орындарын игеру кезінде көшуі. Осыған орай Атыраудың мұнай-газ өнеркәсібі алдында жауапты және күрделі қоршаған табиғи ортаны қорғау бағдарламасын жасау, табиғатты қорғаудың қазіргі іске асырылып отырған әдістері мен түрін жетістіру міндеті тұр.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Табиғи ортаның сан мыңдаған жылдар бойы өзі қалыптастырып, жүйелеген
тірі және өлі компоненттерінің арасындағы теңестірілген байланыс
экологиялық тізбек деп аталады.
Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығындағы мұнай ерте заманнан-ақ
белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде-ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер
бетіне шығып жатқан майды сүзіп алып, түйенің қотырын емдеуге қолданған.
Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін
білген жоқ. XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың алғашқы
жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілер пайда болғаны
белгілі. И. Лепехин (1768 ж.), Т. И. Речков (1772 ж.), П. С. Таллас (1773
ж.), С. Г. Гмелин (1785 ж.), Г. Гелмерсон (1836 ж.) тағы басқалары
Атыраудың географиялық және топографиялық құрлымына, су қорларына, қазба
байлықтарына қысқаша геология-лық сипаттама берді. Зерттеушілердің осы
алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды.
Атырау өңірін алғаш зерттеушілердің бірі – А. А. Северцов. Ол 1860
жылы Горный журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда
Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен, - деп жазады.
Біздің осы өлкемізге 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен
орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, Доссор кені туралы мынадай пікір
айтты: Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы
тапшы, қатынас жолы қиын, шабатын шөбі жоқ халыққа бұл байлықты игеру өте
қиынға соғады. Ол кезде бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймады.
Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келді.
Мұнай ақша болғанымен, оның зияны да біршама көп. Мысалы, саралап
көрсетсек, аталмыш зиянды заттардың 7 % мұнай өңдеу, 53% Теңізшевройл
өндірістік бірлестіктердің үлесіне тиеді, яғни, өнім өндіру көлемі ұлғайған
сайын, қоршаған орта, су, топырақ және ауаның ластануы жеделдей түсуде.
Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде пайдалану, өндірістің
дамуы табиғи қорлардың азаюына, қосымша қоршаған ортаның ластануы сияқты
жаңа проблема ала келді. Өндірістен шығатын заттармен, алдымен топырақ,
ауа, су қоймалары ластанады.
Атырау табиғаты адамдар қызметіне экологиялық жағдайда жеңіл сезімтал
болып келеді. Бұған облысымызда мұнай өндіру, барлау-бұрғылау
кәсіпшіліктерінің жылу жүйелерінен бөлініп шығатын шаң, улы түтін газдардың
шамадан тыс бөлінуі және соңғы кезде жүргізілген атом қаруын сынаудың
зиянын қоссақ, Атырау табиғатының экологиялық жағдайына тиісті баға беруге
болады.
Атырау мұнай-газ өнеркәсібін дамытудың бүгінгі ерекшелігі – Астрахань
Теңіз және болашақта Каспий ойпатындағы жоғарғы күкіртті газды, мұнай-газ
орындарын игеру кезінде көшуі. Осыған орай Атыраудың мұнай-газ өнеркәсібі
алдында жауапты және күрделі қоршаған табиғи ортаны қорғау бағдарламасын
жасау, табиғатты қорғаудың қазіргі іске асырылып отырған әдістері мен түрін
жетістіру міндеті тұр.

1. Атырау облысының қысқаша сипаттамасы

Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орнала-сып,
солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен,
оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен, батысын-да Ресей Федерациясының
Астрахань облысымен, оңтүстік және оңтүстік-шығысында Каспий теңізімен
шектеседі.
Облыс құрамына жеті әкімшілік аудандар (Құрманғазы, Исатай, Ма-
хамбет, Индер, Қызылқоға, Мақат және Жылыой аудандары), екі қала, он бес
жұмысшы поселкесі кіреді.
Атырау облысының жалпы ауданы 118,6 мың км2. Облыста 2001 жылдың
басында 449,1 мың адам тұрды. Бұл Республикамыздың 2,65%-і ғана. Қала
тұрғындарының саны 61,4%-ті құрап, ауыл тұрғындарынан асып түсті. Облыс
халқының орташа орналасу тығыздығы 3,8 адам1км2, соның ішінде ауылдық
жерлерде 1,5 адамнан келіп, Республикадағы орташа тығыздықпен салыстырғанда
1,6 және 1,8 есе кем түседі. Сондықтан Атырау облысы аз қоныстанған ауданға
жатқызылады.

1 кесте

Көрсеткіш атаулары өлшем бірлігіҚазақстан Атырау облысы
Территориясы мың км² 2717,3 118,6
Халық саны мың адам 16963,6 449,1
Қала халқы - 9775,9 275,8
Ауыл халқы - 7181,7 2,8
Орналасу адамкм² 6,24 3,8
тығыздығы
Машина жолы мың км² 86,5 4,9
ұзындығы

Негізгі тұрғылықты жерлер Жайық өзенінің бойында, Каспий теңізінің
жағалауына, Еділ өзенінің сағаларында және Ойыл, Сағыз, Ембі өзендерінің
бойында, мұнай және газ кеніштерінің ауданында орналасқан. Облыстың негізгі
экономикалық саласының 80 %-ін мұнай өндіру және өңдеу, химия және балық
шаруашылығы алады. Облыста 368 өнеркәсіптік кәсіпорындар және
ауылшаруашылығы нысандары бар. Ауылшаруашылығы облыстың халық
шаруашылығының 20 %-ін құрап, республикалық ауылшаруашылығы өнімдерінің
1,3 %-ін қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылығында негізгі бағыт мал өсіру –
74,8 %. Жерді пайдалану өте нашар дамыған. Егістікті егу тек мал азығын
дайындау үшін қолданылады.

2. Атырау қаласының ауасының жағдайы

Қазіргі кездегі мұнайлы астананың және қала маңының ауа бассейнінің
жағдайы өте қиын. Атырау қаласына Теңізден Жаңажол-Атырау, Кеңқияқ –
Атырау мұнай құбырларымен мұнай әкелінеді, соған қоса, жақын арада бізге
Қарашығынақтың мұнайы да келеді. Қалада жаңадан мұнай құю эстакадалары
салынды, полиэтилен трубаларын шығаратын зауыт, теміржолдардағы өңдеу
станциялары, т. б. жұмыс жасайды. Автокөлiк құралдарының саны бірнеше
еселеп өсті. Олардың бәрі де қандай дәрежеде болмасын, табиғи ортаны, ең
алдымен, Атырау қаласындағы атмосфералық бассейнін ластаушы тұрақты көздер
болып табылады. Сөйтсек, қала уақытылы (тәулік бойы) ауадағы ластушы
заттарды біліп, концентрациясын анықтауға және қарсылық көрсетуге, табиғи
ортаның ластануына жол берген кәсіпорындар мен ұйымдардың жауапсыз
басшыларын жауап- кершілікке тартуға қауқарсыз немесе дайын емес болып
шықты.
Атмосфералық ауаның тазалығын бақылайтын қызметтің (гидромет)
техникалық базасы 80-жылдардың деңгейінде қалып қойған. Үш ба- қылау
жүргізу бекеті (АМӨЗ ауданында, Махамбет көшесінің бойында және тұрмыс
үйінің артында) бар. Бақылау күндіз үш мәрте (жексенбіден басқа күндері)
жүргізіледі. Бар болғаны ластаушы заттардың төрт түрі ғана анықталады, ал
шын мәнісінде олардың саны 60-тан асады.

Атырау қаласының ауасындағы зиянды заттар көлемі (мгм³)

2 кесте

Зиянды заттар 1997 1998 1999 2000
SO2 0,0023 0,003 0,0026 0,0022
NO2 0,0308 0,0287 0,0214 0,0192
CO2 1,0833 0,9 0,8833 0,917
H2S 0,001 0,0012 0,0007 0,009
NH3 0,0108 0,01 0,0031 0,003
SO2 (-2) 0,0158 0,0181 0,0187 0,0176

Қазіргі уақытта мүнай сапасы түбірімен өзгерді. 80-жылдары күкірті аз
мұнай өндірілсе, қазір де көптеген улы компоненттері, атап айтқанда,
меркаптан, диоксен, т. б. бар тұзды мұнай өндіріледі.
Қабылданған халықаралық шкала бойынша меркаптан қауіптілігі жөнінен
екінші топқа енетін жоғары токсикалық-химиялық зат болып саналады.
Меркаптан күкірт тотығына қарағанда 5,5 мың есе, күкірт- сутегімен
салыстырғанда 889 есе улылау болып келеді.
Аз-көптігіне қарамастан, тіпті сәл ғана мөлшердегі, бар болғаны төрт
молекула текше метрдің миллиардтан бір бөлігінің өзі қауіпті болып
саналады.
Тіпті сол болмашы ғана концентрациядағы меркаптан булары рефлекторлық
лоқсу мен бас ауруын тудырады. Неғұрлым жоғары концентрацияда орталық жүйке
жүйесіне әсер етіп, анашалық затқа айналады. Меркаптан тері арқылы тез
өтеді, көздің, мұрынның, ауыздың сілекей бездерін тітіркендіреді, кейде
тіпті ақыл-естен айырып, тыныс- тың тоқтап қалуына да жеткізуі мүмкін.
Қала атмосферасындағы меркаптанның концентрациясы қанша-лықты екені,
әрине белгісіз. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, мем- лекеттік органдардың
қолында меркаптанның миллиондық, миллиард- тық үлесінен дейін анықтауға
қабілетті, сенімді құрылғылары жоқ. Екіншіден, меркаптан булары атмосфераға
негізінен түн мезгілінде жібе- ріледі. Ал, ол кезде меркаптан
концентрациясын қолда бар құрылғының көмегімен анықтау қиынға түседі.
Күшті ластанған ауамен бірге адамның ішкі ағзаларына келіп түсіп
жататын улы заттарға адам ағзасының бейімделу шегі түрлі деңгейде болады.
Егер де дәл қазір Атырау қаласының атмосфералық бассейніндегі атмосфералық
ауаның ластануын жедел тоқтатпаса, онда (бәлкім жарты жыл, бәлкім жыл
болар) бір таңда қаланың бірнеше он мыңдаған тұрғыны төсегінен тұра
алмайтын қатерлі сәттің де туындауы ғажап емес.
Қала мен оның айналасының табиғи ортасының ластануы бұдан да гөрі
күшеюі мүмкін. 2005 жылдан бастап, Қарабатандағы газ өңдейтін комплекстің
іске қосылуына байланысты, қала соның зор ықпалында болып, ластануы мүмкін.
Екіншіден, зауыттың іске қосылуына байланысты Теңіздің сыртқа шығаратын
зиянды қалдықтарының көлемі 60 мыңнан (2002ж.) 90-120мыңға дейін көбеюі
мүмкін. Сондықтан да бізге қоршаған ортаның жағдайын қадағалап, бақылап
отыратын ұйым құрып, оның жұмысын күшейту керек.
Атырау қаласының, Теңіз, Қарабатан, Шығыс Қашағанның ауа бассейніндегі
жоғары токсикалық зат – меркаптанның көлемін міндетті түрде қадағалап отыру
керек. Атмосферадағы меркаптан және басқа да улы заттардың құрамын үнемі
қадағалап отырмайынша территорияның ластануының объективті, шынайы жағдайын
білу мүмкін емес.
Бұдан басқа ауаны ластандыруда стационарлық емес көздер – автокөліктер
де қалыспай жатыр. Олардан шығарылатын улы газдар адамдардың тіршілік етіп
жатқан жеріне және олардың қозғалысына өте жақын.
Концерегендік заттармен қоса, автокөліктердің түтіндері мен бірге екі
жүзге жуық ластандырушы заттар шығарылады. Мұның барлығы негізінен,
автокөліктердің нашар техникалық жағдайларына байланысты.
Жыл сайынғы статистикалық есепте жеке автокөлік иелерінің ауаны
қаншалықты ластап жатырғандары ескерілмейді. Ал саны жағынан олар жылына 60-
70 мың тоннаны құрайды.
Қаланың тұрақты түрде ластануы автокөлік құралдарына байла-нысты
десек, жыл сайынғы өткізілетін автокөліктердің техникалық байқауы кезінде
автокөлік иелерінің төлейтін қаржысы (40-50%) қоршаған ортаны қорғау
фондысына түсіп, қаланың жағдайын жақсартуға жұмсалуы керек. Өкінішке орай,
мұндай жұмыс жүргізілмей отыр.
Жыл сайынғы өткізілетін техникалық байқау кезінде автокөлік
құралдарының шығаратын газ-түтіндеріне өте мұқият тексеру жүргі-зілмейді.
Артынан түтінін будақтатын бензинмен жүретін автокөліктер түсініксіз
жағдайлармен (мүмкін нұсқаудың болмауынан немесе сол сияқты т. б.) көлік
инспекторлары оларды тоқтатпайды, бақылауға жібермейді, жүргізушілеріне
ешқандай айып-пұл салынбайды.
Автокөлік май құятын станциялары және көлік тұрақтары қаламыздың
көрікті орындарына айнала бастады, олар тіпті шеткері аймақ түгілі,
қаланың қақ ортасында, үлкен көшелердің бойында бой түзуде. Бензин буымен,
машиналардың түтінімен сол жерде жақын орналасқан үйлердің тұрғындары
тұрақты түрде уланaды, тәулік бойғы шу оларды мазасыздандырады. Сол жердің
топырағы, жер асты сулары ластанады.
Қоршаған ортаға автокөлік құралдарының зиянды әсерін азайту үшін
төмендегідей шаралады жүзеге асыру керек:
• Жасыл толқын автокөлік ағынымен автоматтандырылған автокөлік
жүйелерін қайтадан жабдықтау және кеңейту.
• Қаланың транспорт құралдарын дизель отынына көшіру, шығатын түтінді
зиянсыздандыру.
• Отын ретінде этилендірілмеген бензин пайдалану. 2000 жылы Еуропалық
кеңес елдерінде этиленген бензинді пайдалануға үзілді-кесілді тыйым
салынды.
• Транспорт түтіндерінің токсикологиялық жағдайларын анықтайтын
пунктердің санын көбейту; оларды қажетті құралдармен жабдық- тау.
Қолданылып жүрген бензин (S, N, Pb, т. б.) сапасын қадағалауды барлық
жерде ұйымдастыру.
• Газбен жұмыс жасайтын автокөлік құралдарының санын көбейту.
• Болашақта түтін тазалауға катализаторлы конвенторларды пайда- лану.
Олар тек этилендірілмеген бензин жағатын автокөліктерге ғана
қондырылады.
• Атырау қаласының ауа бассейнінің жағдайын автоматтандырыл- ған, жоғары
тиімділікті, тәулік бойғы қадағалау тәртібін техни- калық жағынан шешу
жөнінде тендер жариялау керек. Бұл шешім адам факторына тәуелді
болмайтындай автоматтандырудың жо- ғарғы дәрежесінде болу керек.
Әрине бұл дегеніңіз өте қымбат, қыруар ақшаны қажет ететін шаруа.
Дегенмен, уақыт өте келе бұл өзін-өзі ақтайды деген ой бар.

3. Мұнай және газ өндірудің экологиялық проблемалары

Мұнай мен газды өндіру және өңдеу кезінде табиғатты қорғау бойынша
маңызды бағыттар болып экологиялық таза үрдістер игеру және қалдықтарды
азайту, мұнай-химиялық кешенде қоршаған ортаның ластануы іздеу-барлау және
газ өндіретін скважиналардан басталады. Скважиналардың құрылысы кезіндегі
негізгі ластану көздері: бұрғылау қондырғыларының дизельдерінің түтіндері,
бұрғылау сұйығының дего- заторлары, ұнтақ тәріздес сусымалы материялдарды
сақтайтын ыдыстар, өндірістік-технологиялық қалдықтары бар қоймалар, сондай-
ақ, цирку- ляциялық жүйелер. Көп жағдайларда бұрғылау қондырғыларында
топырақ пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді.
Бұрғылаудың өнеркәсіптік қалдықтары бұрғылау алаңындағы қойма- ларда
жиналады және оларды кейін арнайы қалдық сақтау орындарына алып кетіп,
орналастыруды талап етеді. Бұл кезде қалдықтардың ластау шамасын
(дәрежесін) бағалау маңызды орын алады. Бұрғылау жұмыстарындағы ең негізгі
және күшті ластағыш – бұрғылау сұйығы. Оны дайындау үшін жиырмаға жақын
химиялық реагенттер қолда- нылады, олардың мүмкін болатын шектік
концентрациясы орнатылға- нынан жоғары.
Кен орындарын пайдаланғанда үлкен жер массивтері бұзылады. Мы- салы,
Қарашығанақ кен орынын игеруде 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман
жері пайданылмақ. Теңіз кен орының ауданы 200 км2. Аэро- логиялық жағдайдың
тұрақсыздығынан зиянды заттардың таралуы кездейсоқ сипатқа ие.
Бақыланбайтын мұнай ластануларымен күрес механикалық және хи- миялық
әдістермен жүргізіледі. Мұнайдың жұқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атырау облысының радиациялық жағдайы
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы
Батыс Қазақстан облысы жайлы
Жайық өзенінің орналасуы
Қатты тұрмыстық қалдықтар
Атырау облысы топырағынан бөлініп алынған көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдерді зерттеу
Геоақпараттық технологияларды қолдану
Кәсіпорынның тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері
Қазақстанның мұнай саласының дамуы
Өндірістік экология
Пәндер