Кәсіпорынның маркетингтік іс әрекетін ұйымдастыру



ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ
1. КӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ІС ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.2 Кәсіпорын қызметінде маркетингтік іс.әрекетті жүзеге асыру маңызы
1.3 Кәсіпорында қызметінде маркетингтік іс.әрекетті ұйымдастыру мен жолға қоюдың әдіс.тәсілдері
II. БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МАРКЕТИНГТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ЕРЕКШЕЛІГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы Республикасындағы маркетингтің қалыптасуының негізі мен даму тенденциясындағы ерекшеліктері
3.2 Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маркетингтің маңызын жоғарлату жолдары
(3) Маркетинг – бұл нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама және біріккен қызмет.
Маркетингтің қызметтік және тұжырымдамалық екі жағы бар:
Қызметтік тұрғыдағы маркетинг – ол кәсіпорынның нарық жағдайына байланысты фирманың маркетингтік қызметі жүйесін ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату. Бұл көзқарас бойынша маркетинг менеджменттің маңызды қызметі ретінде қарастырылады.
Тұжырымдама ретінде - маркетинг қатаң бәсекелестік күрестің, сұраныс ұсыныстан жоғары болуына және тауарлар ассортиментінің жылдам жаңаруына байланысты туындаған. Өндірушілер қатаң бәсекелестік жағдайында өз тауарларына бос тауаша (ниша) іздеу, оларды соған жайғастыру және оны кеңейтумен айналысады. Бәсекелестік жағдайда маркетинг фирма стратегиясы мен тактикасын анықтайтын қазіргі бизнестің философиясы болып табылады. Сондықтан тұжырымдамалық аспектіде маркетингті ұйым бизнес философиясы, идеясы және ойлау бейнесі деп атап көрсетуге болады. Бұл мәні бойынша маркетингтің идеологиялық және саяси жағдайы.
(4) Маркетингтің теориясы мен тәжірибесінде мынадай тұжырымдамалар белгілі:
1 өндірістік;
2 тауарлық;
3 өткізу немесе саудалық;
4 маркетингтік;
5 қоғамдық немесе әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы.
6 өзара әрекеттесу маркетингі

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ТаҚЫРЫП: кӘСІПОРЫННЫҢ МАРКЕТИНГТІК ІС ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1) жҰМЫС МАЗМҰНЫ
2) Маркетинг – бұл нарықты жан-жақты зерттеу негізінде тұтынушылардың
мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен бәсекелестік
қабілеттілігін арттыру арқылы пайда табуға бағытталған тұжырымдама
және біріккен қызмет.
Маркетингтің қызметтік және тұжырымдамалық екі жағы бар:
Қызметтік тұрғыдағы маркетинг – ол кәсіпорынның нарық жағдайына
байланысты фирманың маркетингтік қызметі жүйесін ұйымдастыру және оның
бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату. Бұл көзқарас бойынша маркетинг
менеджменттің маңызды қызметі ретінде қарастырылады.
Тұжырымдама ретінде - маркетинг қатаң бәсекелестік күрестің, сұраныс
ұсыныстан жоғары болуына және тауарлар ассортиментінің жылдам жаңаруына
байланысты туындаған. Өндірушілер қатаң бәсекелестік жағдайында өз
тауарларына бос тауаша (ниша) іздеу, оларды соған жайғастыру және оны
кеңейтумен айналысады. Бәсекелестік жағдайда маркетинг фирма стратегиясы
мен тактикасын анықтайтын қазіргі бизнестің философиясы болып табылады.
Сондықтан тұжырымдамалық аспектіде маркетингті ұйым бизнес философиясы,
идеясы және ойлау бейнесі деп атап көрсетуге болады. Бұл мәні бойынша
маркетингтің идеологиялық және саяси жағдайы.
(4) Маркетингтің теориясы мен тәжірибесінде мынадай тұжырымдамалар
белгілі:
өндірістік;
тауарлық;
өткізу немесе саудалық;
маркетингтік;
қоғамдық немесе әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы.
өзара әрекеттесу маркетингі

1- кесте. Маркетинг тұжырымдамалары

Тұжырымдамалар Қолдану шарттары Мақсаттары
Өндірістік Сұраныс ұсыныстан Өнім өндіру
елеулі түрде артық; тиімділігін
үлкен және тұрақты жоғарылату, бағаларды
нарықтың болуы төмендету
Тауарлық Тұтынушының тауар Тауарды жетілдіру және
сапасына қоятын оның сапасын арттыру
талаптары
Өткізушілік немесе Монополия және тауар Өндірілген тауарды
саудалық тапшы-лығы; өткізу сату, өткізу жоспарын
на-рығының шектілігі орындау
Маркетингтік Тұтынушылардың Бәсекелестермен
мұқтаждықтары мен салыстырғанда тұтынушы
қажетт-іліктерін білу; қажеттіліктерін
мақсатты нарық-тың неғұрлым жақсырақ
болуы; бірік-кен қанағаттандыру
маркетинг жүйесін құру
Қоғамдық Экология мәселелері; Пайда табу; сатып
(әлеуметтік-этикалық әлеу-меттік және алушылардың
маркетинг) этикалық мәселе-лерді қажеттіліктерін
есепке алу қажеттілігі қанағаттандыру; қоғам
мүддесін ескеру
Өзара әрекеттесу Тұрақты сатып алушылар Сатып алушылар мен
маркетингі мен бизнес-серіктердің бизнес-серіктер
болуы арасындағы ұзақ
мерзімді өзара
қатынас-тарды
орнықтыру

Бұл тұжырымдамалар американдық экономиканың дамуының белгілі бір
кезеңдерін, сонымен қатар әлемнің дамыған елдерінде болып жатқан
экономикалық және саяси өзгерістерді сипаттайды. Оларды практикалық іс-
әрекетте қолдануға фирманың мақсаттары, тауар түрлері, бәсекелестік
артықшылықтардың шығу көздері, маркетингтің шоғырлану дәрежесі нарықтағы
бәсекелестік деңгейі сияқты көптеген факторлар әсер етеді.
(5) Маркетингтi қолдану ауқымдары өте кең, оның қағидалары мен әдiстерi
тек өндiрiсте ғана емес, адамзаттың қызметiнiң барлық өрiсiнде, адам
тұлғасына да қатысты пайдаланылады.
Маркетингтiң қолдану аумақтарын жүйелей отырып, оның қолданатын негізгі
салаларына сәйкес: өнеркәсiп, тұтыну, қызмет көрсету және коммерциялық емес
деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Осылардың әрқайсысы сәйкес
нарықтардағы маркетингтiк қызметтi сипаттайды.
Нарықтық экономика жүйелеріндегi маркетингтiң ең дамыған түрiне тұтыну
маркетингі жатады. Ол тұлғалар мен отбасыларынан тұратын түпкі тұтынушылар
және фирмалар арасындағы қызмет өрiсiн қамтиды.
Өнеркәсiптiк маркетингтің объектiсi өндiрiстiк мақсатқа арналған
тауарларды өндiрушi кәсiпорындардың маркетингтiк қызметi болып табылады.
Мысалы, Ұлыбританияда өнеркәсiптiк маркетингтің үлесi 26%-ті құрайды және
ол өсу тенденциясымен сипатталады. Мұндай құрылым мен серпін нарықтық
экономикалы елдерге, оның iшiнде экономикасында тұтынушылық маркетинг түрi
көбірек дамыған Қазақстанға да тән.

1.2 Кәсіпорын қызметінде маркетингтік іс-әрекетті жүзеге асыру маңызы

(6) Маркетингке де жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру мен бақылау сияқты
басқарудың функциялары тән. Олар маркетингтің мынадай өзіндік ерекшелік
функцияларымен толықтырылып, нақтыланып отырады:
Нарықты маркетингтік тұрғыдан зерттеу;
Маркетингті жоспарлау;
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін ұйымдастыру;
Тауарлық саясаттың жүзеге асуы;
Баға саясатының қалыптасуы;
Кәсіпорынның сату саясаты;
Өнімнің жылжуы мен коммуникациясын ұйымдастыру;
Кәсіпорынның маркетингтік қызметін бақылау.
Нарықтық тұрғыдан маркетингтік зерттеу компаниялардың маңызды
бағыттарында жүргізіледі. Оның негізінде стратегиялық және оперативтік
жоспарлар құрылады. Бұл жоспарларда маркетингтің мақсаттары мен фирма
қызметтерінің әлсіз және мықты жақтары, тауар, баға, сату, коммуникациялық
саясаттары және маркетингтің бюджеті анықталады.
(7) Қазіргі жағдайдағы маркетингтің басты мақсаты − адам факторы,
бизнес әлемінде табысты дамып келе жатқан компаниялардың басшылары оны
жандандыру мәселесі − фирма мен маркетингтің мұратына жету үшін керек
маңыздылардың бірі деп санайды [21, 17 б.] (сурет 1).
Сурет 1- Фирманың саясатқа қатысты мақсаттары

1.3 Кәсіпорында қызметінде маркетингтік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жолға
қоюдың әдіс-тәсілдері

(8) Маркетингтің ұйымдастыру қызметі – маркетинг бойынша өздеріне
жџктелген міндеттер мен қызметтерді орындайтын бөлімдер мен бөлімшелердің
жиынтығы. Маркетингті ұйымдастырудың әр тџрлі формалары бар, оларды
таңдауға кәсіпорын мақсаттары, ресурстары болуы, басқарудың қалыптасқан
құрылымы, өндірілген өнімнің, нарықтың және маркетингтік ортаның
ерекшеліктері сияқты факторлар әсер етеді. Маркетингтік қызметті
ұйымдастыру төменде көрсетілген белгілер бойынша құрылады. Маркетингті
ұйымдастырудың негізінен бірнеше түрлері бар:
• Функционалдық құрылым үлгісі
• Тауарлық құрылым үлгісі
• Нарықтық құрылым үлгісі
• Аралас құрылым үлгісі сынды түрлері бар мен соның ішінде
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ, ТАУАРЛЫҚ, МАТРИЦАЛЫҚ ҮЛГІСІ ЖӘНЕ МАТРИЦАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ
ҮЛГІСІН ҚАРАСТЫРЫП ТОҚТАЛАМЫН.
(9) Функционалдық ұйым. Тауарлары мен нарық мөлшері аз кәсіпорындарда
қолданылады. Бұл қағида еңбектің функционалдық бөлінуіне негізделген (2-
сурет).

Сурет 2 - Маркетингті басқарудың функционалдық құрылымы

Басқарылатын процестердің мамандануы, кадрлар құзіретінің нақты түрде
анықталуы, тауар ассортименттерінің аз мөлшерде тұрақты өндірілуі
маркетингті ұйымдастырудың осы формасының тиімділігін анықтайды .
Ұйымның мұндай формасы номенклатурасы шектеулі орта және шағын
кәсіпорындарға тән.
Функционалдық құрылым қағидасы маркетингтік ұйымдастырудың барлық басқа
формалары џшін негіз болып табылады.
Функционалдық ұйымдастырудың мынадай артықшылықтары бар:
- Басқарудың қарапайымдылығы.
- Басқару процестерінің мамандануы мен стандартталуы шешім қабылдау
тиімділігін жоғарылатады.
- Қызметкерлердің кәсіби мамандығының өсуіне әсер етеді.
- Басқару функцияларында қайталану болмайды.
Кәсiпорындағы маркетингтi функционалдық ұйымдастырудың кемшiлiктерi:
- басқару шешiмдерiн үйлестіруде кездесетін қиыншылықтар;
- тауарлар сапасына жеткiлiктi мән берiлмейдi;
- жаңа енгiзулерге жылдам бейiмделмейдi;
- фирманың жалпы мүддесiмен салыстырғандағы эгоизм мен жеке
мүдделердiң болуы.
(10) Маркетингтi тауарлық ұйымдастыру. Маркетингтiк құрылымның бұл
түрiн қолдану өндiрiс пен өткiзудiң арнайы шарттарын талап ететiн өнiм
ассортиментi мен өткiзу көлемi үлкен кәсiпорындар үшiн тиiмдi. Тауарлық
ұйымдастыруда маркетинг бөлiмi тауар немесе тауар топтары бойынша құрылады.
Тауар жөнiндегi менеджер тауардың әр түрi бойынша барлық маркетинг кешенiн
үйлестiрiп, туындаған мәселелердi өз уақытында шешедi. Тауарлық
ұйымдастыру функционалдық ұйымдастыруға қарағанда, үлкен шығындарды талап
етедi. Сондықтан да ұйымдастырудың бұл формасы әр тауардың сату көлемi
жұмыс барысында кездесетiн ұқсастықтардың шығындарын ақтайтын дамыған
елдердегi iрi диверсификацияланған компанияларда таралған. Ұйымдастырудың
мұндай түрiнде барлық тауарларға (мысалы, корпоративтiк стратегия) қатысты
жалпы функциялар басқарудың жоғары эшалондарында жүргізіледі (3-сурет).

Сурет 3- Маркетингтi басқарудың тауарлық құрылымы

Маркетингтiң тауарлық ұйымдастыру формасының артықшылықтары:
- тауар бойынша маркетинг кешенiн оңтайландыру мүмкiндiгi;
- тауар бойынша туындаған мәселелерді лайықты үйлестiріп, шұғыл әсер
етуі;
- сыртқы орта жағдайына жақсы бейiмделуі;
Маркетингтің тауарлық ұйымдастыруының кемшіліктері:
- міндетті іс-қимыл құрылымымен салыстырғанда едәуір қымбат;
- тауар бойынша сарапшы бола тұрып, менеджерлер міндетті қызмет аясын
ескермейдi;
- тауарлық топ қызметкерлерiнiң әрі тiкелей басшыларына да, әрі
функционалдық қызмет басшыларына да екі жақты бағынуы туындаған
мәселелердi жедел шешудi қиындатады.
(11) Маркетингтi матрицалық ұйымдастыру. Кем дегенде екi белгiмен
негiзделедi. Матрицалық құрылымның мысалы ретiнде маркетингтiк бағдарламаны
және функционалды ұйымды немесе менеджмент-жобасы мен өнiм бойынша
басқаруды айтуға болады. Матрицаның әрбiр бөлiгi екi бөлiктен тұрады (4-
сурет).

Сурет 4 – Маркетингті басқарудың матрицалық құрылымы

Маркетингтi матрицалық ұйымдастырудың басты артықшылығы: ақпараттың
шоғырлануы есебiнен қызметтiң өте жақсы үйлестірілуі.
Ал кемшiлiктерiне орындаушы жауапкершiлiгiнiң төмендеуі, құзыретке
байланысты дау-тартыстар, тәртіпсіздіктер жатады.
Кәсiпорынға қажет маркетингтi ұйымдастыру формаларын дұрыс таңдау оның
тиiмдi жұмыс iстеуiнiң алғышарты болып табылады.
Ұйымдық құрылым формасын таңдағанда, кәсiпорын мынадай қағидаларды
ескеруi қажет.
- Құрылым қарапайымдылығы. Күрделi жүйе басқарудың икемдiлiгі пен
жылдамдығын жоғалтуға әкелуi мүмкiн.
- Басқару құрылымының аздығы. Басқару шешiмдерiн шұғыл қабылдауға
мүмкіндік беретіндей аз сатылы болуы қажет.
- Бөлiмшелер арасындағы байланыс жүйелерiнiң тиiмдiлігi.
- Орындалатын қызметтердiң нақтылығы және өзгерiстер кезiнде олардың
орындалуға ыңғайлылығы.

II. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы маркетингтің қалыптасуы мен даму
ерекшелігін талдау
2.1 Қазақстандағы Республикасындағы маркетингтің қалыптасуының негізі мен
даму тенденциясындағы ерекшеліктері
(12) Қазақстанда маркетинг ғылым бағыты, шаруашылық қызмет аумағы және
өндірістік-өткізу қызметін басқару жүйесі ретінде республиканың нарықтық
қатынастарға өтуінен бастап қалыптасты. 1991 жылдан бастап кәсіпорындар мен
ұйымдарда маркетинг бөлімдері ашылды, оған маркетолог мамандардың қызметі
енгізіле бастады. Республика Президенті Н. Назарбаев 1994 жылы Бүгінде
басшылыққа кәсіпорынды ұтымды жұмысқа алып шығатын бағдарламасы бар,
маркетингті және өндірісті жаңғыртып, жетілдіруге қаржы табу жолын білетін
адамдар келуі тиісдеп атап өтті.
Маркетинг бәсекелік күрестің тиімді құралы болып табылады, сондықтан
отандық экономикада ол неғұрлым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміздегі бүгінгі күні қалыптасқан маркетинг теориясы мен практикасын талдай отырып, оның экономикамыздың алға басуында ерекше орын алуы жайлы сөз қозғап, отандық кәсіпорындардың, соның ішінде АЛСИ ЖАҚ-ның маркетингті қолдану процесін зерттеу
Кәсіпорынның маркетингтік іс-әрекеттері
Маркетинг функциялары
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТ
Азық–түлік өндіруші кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекетін талдау
«Ақсай» ХБК ЖШС-нің маркетингтік іс-әрекетін бақылау
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері
Кәсіпорындағы маркетингті басқарудың теориялық аспектілері
Баспа өнімдері саласындағы кәсіпорындағы маркетингтік қызметті ұйымдастырудың теориялық негіздері
КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер