Африка



АФРИКА
Африканың аумағы - 30,3 млн км2, халқының саны 820 млн адам. Дүние жүзінде Африка сияқты отарлық қанау мен құл сатушылықтан осыншама зардап шеккен бірде-бір континент жоқ. XX ғасырдың басына қарай бүкіл Африка отарланған континентке айналды және бұл негізінен оның артта қалғандығын анықтап берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлык жүйе қадам басқан сайын жойыла берді, міне, қазір континентің саяси картасында (аралдардағысымен бірге) 55 ел бар. Бұлардың бәрі де дамушы елдер қатарына жатады. Оңтүстік-Африка Республикасы экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері бойын-ша Африка басқа ірі аймақтардан сдәуір артта қалып отыр, тіпті кейбір елдерінде бұл артта қалушылық біртіндеп тереңдеп барады.

Біз африкаға жалпы сипаттама береміз
1. Аумағы, шекаралары, жағдайы: ішкі үлкен айырмашылықтар. Африканың аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың кмге, батыстан шы-ғысқа қарай 7,5 мың км-ге созылып жатыр. Африкалық елдердің көпшілігі жер көлемі жағынан еуропалық елдердің кез келгенінен үлкен. Мысал Аумағы жағынан Африканың ең үлкен елі — Судан (2,5 мн км2). Ол ен үлкен еуропалық ел — Франциядан 4,5 есе үлкен. Алжир, Заир, Ливия, Ангола, Эфиопия, ОАР елдері көлемі жағынан Франциядан екі-үш есе үлкен.
Африка елдерінің ЭГЖ-сіне баға беру үшін әр түрлі жайттарды пайдалануға болады. Солардың бастыларының бірі - теңізге шығу мүмкіндігінің болу немесе болмауында. Басқа континенттердің бірде-бірінде Африкадағыдай теңізден алыс (кейде 1,5 мың км-ге дейін) көп ел жоқ. Ішкі континентальды елдердін көпшілігі барынша артқа қалғандардың санатына қосылады.
Мемлекеттік кұрылысы жағынан Африка елдерінің бір-бірінен айырмашылығы онша көп емес: тек олардың үшеуі ғана («Косымшалар-

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АФРИКА
Африканың аумағы - 30,3 млн км2, халқының саны 820 млн адам. Дүние
жүзінде Африка сияқты отарлық қанау мен құл сатушылықтан осыншама зардап
шеккен бірде-бір континент жоқ. XX ғасырдың басына қарай бүкіл Африка
отарланған континентке айналды және бұл негізінен оның артта қалғандығын
анықтап берді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отарлык жүйе қадам
басқан сайын жойыла берді, міне, қазір континентің саяси картасында
(аралдардағысымен бірге) 55 ел бар. Бұлардың бәрі де дамушы елдер қатарына
жатады. Оңтүстік-Африка Республикасы экономикалық жағынан дамыған
мемлекеттердің қатарына қосылады.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі көрсеткіштері бойын-ша
Африка басқа ірі аймақтардан сдәуір артта қалып отыр, тіпті кейбір
елдерінде бұл артта қалушылық біртіндеп тереңдеп барады.

Біз африкаға жалпы сипаттама береміз
1. Аумағы, шекаралары, жағдайы: ішкі үлкен айырмашылықтар. Африканың аумағы
солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың кмге, батыстан шы-ғысқа қарай 7,5 мың
км-ге созылып жатыр. Африкалық елдердің көпшілігі жер көлемі жағынан
еуропалық елдердің кез келгенінен үлкен. Мысал Аумағы жағынан Африканың ең
үлкен елі — Судан (2,5 мн км2). Ол ен үлкен еуропалық ел — Франциядан 4,5
есе үлкен. Алжир, Заир, Ливия, Ангола, Эфиопия, ОАР елдері көлемі жағынан
Франциядан екі-үш есе үлкен.
Африка елдерінің ЭГЖ-сіне баға беру үшін әр түрлі жайттарды пайдалануға
болады. Солардың бастыларының бірі - теңізге шығу мүмкіндігінің болу немесе
болмауында. Басқа континенттердің бірде-бірінде Африкадағыдай теңізден алыс
(кейде 1,5 мың км-ге дейін) көп ел жоқ. Ішкі континентальды елдердін
көпшілігі барынша артқа қалғандардың санатына қосылады.
Мемлекеттік кұрылысы жағынан Африка елдерінің бір-бірінен айырмашылығы
онша көп емес: тек олардың үшеуі ғана (Косымшалар-дағы 2-кестені қара)
басқарудың монархиялық, қалғандары республикалық формасын сақтаған.
Африко — аумағы жөніндегі талас-тартыстар мен шекаралық қақтытыстар
кең тараған бірден-бір аймақ.
Бұлар көп жағдайда осы континенттің елдеріне өткен отарлықтан мұраға
қалған шекараларға байланысты туындап жүр. Мұндай қатты қақтығыстар Эфиопия
мен Сомалидің Марокко мен Батыс Сахараның, Чад пен Ливияның және
басқалардың арасынан көрініп келеді. Континенттегі мемлекеттердің бірлігін
нығайту, олардың тұтастығы мен тәуелсіздігін сақтау, отаршылдыққа қарсы
түру үшін Африкалық бірлік ұйымы кұрылған болатын.
2. Табиғи жағдайлары мен ресурстары: Африка елдері дамуының аса маңызды
факторы. Африка әр түрлі пайдалы қазбаларға өте бай. Басқа континенттер
арасында ол марганец, хромит, боксит, алтын, платина, ко-бальт, алмас,
фосфорит кендсрінің ресурстары бойынша бірінші орын алады. Бұл минералдық
шикізаттар жоғары сапалылығымен ерекшеленеді және көбінесе ашық тәсілмен
өндіріледі. Мысал. Африканың пайдалы қазбаларға ең бай елі — ОАР. Оның жер
қойнауында, мұнай, табиғи газ және бокситті қоспағанда, барлық белгілі
қазба байлықтардың жиынтығы түгелімен бар. Әсіресе алтын, платина, алмас
қоры өте көп.
Африкада пайдалы қазбаларға кедей елдер де бар, бұл олардың дамуын
қиындатып келеді. (2-тапсырма.). Африканың жер ресурстары едәуір мол. Оның
әрбір тұрғынына есептегендегі өңделетін жердін үлесі Оңтүстік-Шығыс
Азиядағыға немесе Латин Америкасындағыға қарағанда едәуір көп. Континентте
ауыл шаруашылығы өндірісіне жарамды деп өңделіп жүрген жер қазірше барлық
жердің 15 бөлігіндей. Алайда, Африкада топырақтың эрозияға ұшырау мөлшері
де аса жоғары. Бельгиялық
географ Жан-Поль Гарруа 30-жылдардың өзінде-ақ Африка — өліп бара жатқан
жер деп аталатын кітабында Африкадағы жердің азғыдауы туралы жазды. Одан
бері жағдай едәуір құлдырап кетті.
Африканың агроклиматтық ресурстарың біржақты бағалауға болмайды. Африка -
Жер бетіндегі ең ыстық материк, ендеше ол жылумен толық қамтамасыз етілген.
Бірақ су ресурстары аумақ бойынша соншалықты әр түрлі мөлшерде Қамтылғат.
Бұл ауыл шаруашылығына да, адамдардың бүкіл өміріне де кері әсерін
тигізеді. Су-бұл өмір дейтін қанатты сөз, сірә, бірінші кезекте Африкаға
қатысты болар. Оның суармалы жер белігінде қолдан суарудың мәні зор
(қазірше 3-4%-ы ғана суарылады). Ал, экваторлық белдеуде, керісінше, өмір
мең шаруашылық қызмет үшін басты қиындық ылғалдың шектен тыс молдығынан
туындайды. Африкадағы су электр қуатының 12 бәлігі Конгоның үлесіне тиеді.
Орманның жалпы көлемі бойынша Африка Латын Америкасы мен Ресейден ғана
кейінгі орында. Бірақ оның орташа орман өсу көрсеткіші едәуір төмен. Ағаш
кесудің тым көбеюі ормандардың құрып кету қауіптің төңдіруде. (3-тапсырма.)
3. Халқы: өсу қарқынының турамы мен орналасуының ерекшелігі. Африка бүкіл
дүние жүзінде халқының өте жоғары қарқынмен өсетіндігімен ерекшеленеді.
Бұл едәуір мөлшерде баяғыдан келе жатқан көп балалы болу дәстүрімен
байланысты. Африкада Ақшасы болмау — кедейлік. Ал баласы болмау - екі есе
кедейлік деген сөз жиі айтылады. Оның үстіне континенттегі елдердің
көпшілігінде белсенді демографиялық саясат жүргізілмейді, бала туу
көрсеткіштері мұнда бұрынғы жоғары қалпында қалып келеді. Мысал. Нигерия,
Уганда, Кот-д Ивуар, Сомали және Малиде баланын туылуы 1 мың тұрғынға
бөлгенде 50-ден асып кетеді, яғни бұл Еуропаға қарағанда төрт-бес есе
артық. Африка әлі де өлім деңгейі жоғары аймақ болып келе жатқанына
қарамастан, оның халқы тез өсу үстіңде. Осы себепке орап, Африка
демографиялық өзгерудің әлі де екінші кезеңінде тұр. Бұл бала
жасындағылардың үлесі өте жоғары деңгейде, жұмыссыздық, білім алу,
денсаулық сақтау проблемаларының одан әрі қиындауы әлі де сақталып
отырғандығын білдіреді.

Осыған орай Африкада халықтың сапасы өте төмен: ересектердің жартысынан
көбі сауатсыз, көптеген адамдар СПИД-пен ауырады. Ерлердің орташа жасының
ұзақтығы -64 жас, әйелдердікі — 68 жас.
Көптеген проблема Африка халқының этникалық кұрамына да байланысты: мұнда
алақұлалық өте көл. Этнограф-ғалымдар бұл континентте 300-500 және одан да
көп этностар бар екенін көрсетгі. Олардың кейбіреуі, әсіресе Солтүстік
Африкада ірі ұлттар қалыптасты, бірақ көп сандысы ұлыстар деңгейінде тұр;
рулық-тайпалык құрылыстың қалдықтары да сақталған.
Шетелдік Азия сияқты, Африка көптеген этникалық, дәлірек айтқанда
этносаясаттық қақтытыстар кеңінен тараған аймақ. Мұндай қақтығыстар Судан,
Кения, Конго Демократиялық Республикасы (бұрынғы Заир), Нигерия, Чад,
Ангола, Руанда және Либеринда күннен-күнге өрши түсуде. Олар көп ретте
нағыз геноцидтік сипат алуда.
1-мысал. 80-жылдардың аяғында басталған Либериядағы азамат соғысының
нәтижесінде елдегі 2,7 млн адамның 150 мыны қаза тауып, 500 мыңнан ас-тамы
күнкөріс орнын ауыстырып, 800 мыңдай адам көрші елдерге қашуға мәжбүр
болды. 2-мысал. 1994 жылы халық тығыз орналасқан Руандада тутси мен хуту
тайпаларының арасында қатты қақтығыс туындады. Нәтижесінде 1 млн адам
өліп, ел ішіндегі қашқындар саны 500 мыңнан 2 млн адамға жетті және 2 млн-
дай адам көрші елдерге қашуға мәжбүр болды.
Тұтастай алғанда, барлық қашқындар мен әлемге тарап кеткендердің
шамамен тең жартысы Африкаға тиесілі және оның басым көттшіліп — этникалық
қашқындар. Мұндай амалсыздан жасалған миграция әрқашан да аштық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Африка Бірлігі Ұйымы
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізуі
Оңтүстік Африка Республикасы
Оңтүстік Африка Республикасының жалпы шаруашылығына сипаттама
Африка халықтары жайлы
Африканың табиғаты, елдері мен халықтары
ЭКОВАС негізінде Батыс Африка мемлекеттерінің федерациясын құру
Африка елдері
Пәндер