Тарихи-мекендік аңыздар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3


І ТАРАУ. Тарихи.мекендік аңыздар ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

ІІ ТАРАУ. Тарихи тұлғаларға қатысты аңыздар ... ... ... .. 23

ІІІ ТАРАУ. Тарихи.діни ағартушылық аңыздар ... ... ... ... 47



ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Халықтың танымдық ой-өрісін кеңейтетін, ұлттық рухымызды жанитын, тәрбиелік маңызы зор ел әдебиетіндегі рухани қазынамыздың қайнар бұлағы – тарихи аңыздарды жинақтап, зерттеу, оны ғылыми айналымға (процеске) түсіріп, келешек өскелең ұрпаққа табыстау-бүгінгі күннің талабынан туындап отырған қажеттілік.
Қазақ фольклортану ғылымында халық прозасының бір саласы болып табылатын тарихи аңыздар басқа жанрлармен салыстырып қарағанда аз зерттелген. Осы уақытқа дейін бұл жанр көбіне ертегілердің құрамында қарастырылып келген. Жалпы аңыз десек, біздің көз алдымызға елестейтіндері Қорқыт пен Асанқайғы, Жиренше мен Алдаркөсе, Қожанасыр сияқтылар. Бұлардың өзі де еміс-еміс, һәм болған-мыс.
Біздің тарихи жадымызды табуға, танымымызды өсіріп, өткенімізді тануға мұндай тарихи ел аңыздарының қызметі зор. Көрнекті ғалым Ш. Уалихановтың сөзімен айтсақ: «Тек халық аңыздары мен дастандар ғана бұл кезге дейін зерттелмей келген, бәлки оған мәліметтердің тапшылығы мен осы заманғы көшпелілердің көпке мәлім еместігі және солардың тағылық жағдайы да себеп болған шығар. Бір-бірімен байланысы жоқ әрі дүдәмалдау тарихи баяндарды анықтауда аңыздардың, қосымша мәлімет есебінде, ерекше үлкен маңызы бар екені күмәнсіз» [1.223 бет]. Тарихи аңыздардың осы уақытқа дейін зерттелмей келуінің де себебі осында жатқан болар. Еліміздің өткенін білуді қаламайтын кешегі келмеске кеткен кеңестік идеологияның тұсында бұл салада қазақ аңыздары һәм аймақтық тарихи аңыздарды зерттеу мүмкін емес болатын. Яғни аңыздардың танымдық мәні мен тәрбиелік маңызы жете қарастырылмады. Кеңестік дәуірде ескі мұраларды жаппай жинау, атап айтқанда тарихи, батырлық, ғашықтық, жыр-дастандар мен мақал-мәтелдерді, ертегілерді жазып алу жұмысы қолға алынғанымен, тарихи, діни аңыздарға тосырқай қараушылық орын алынғандықтан, бұл жанрлардың ауызша таралған үлгілері елеусіз қалдырылды. Аңыздық прозаның көңілден таса, ойдан жырақ қалуының бұдан басқа да себептері бар.
1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-басылым. –Алматы: “Жазушы”, 1985 ж., 560 б.
2. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –Алматы: “Ғылым”, 1984 ж., 272 б.
3. Әуезов М. Уақыт және әдебиет. –Алматы, 1962 ж.
4. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр-аңыздар. –Алматы: “Жазушы”, 1985 ж.
Бердібаев Р. Қазақ эпосы. –Алматы: “Жазушы”, 1982 ж.
Тұрсынов Е. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. –Алматы: “Ғылым”, 1979 ж.
5. Пангерев А. Жер-су атауларының поэтикасы /көмекші оқу құралы/. –Ақтөбе, 1996 ж. 114 б. Әдебиет және топонимика /оқу құралы/. –Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АқМУ-нің Редакциялық баспа бөлімі. 2003 ж.
6. “Алтын Орда” газеті, 08.06.2001 ж.
7. Ілиясова Р. Қазына. –Алматы: “Зерде”, 2001 ж., 312 б.
8. Жекеев Н. Ұрпағым мұны білсін деп... Ақтөбе, 1995 ж., 130 б.
9. Тоқмырзаұлы Қ. Әулие Әжібай би және дала данышпандары. –Ақтөбе, 1998 ж., 197 б.
10. “Актюбинский вестник” газеті, 10.08.2001 ж. №96.
11. Қойлыбаев Ә. Бабамнан қалған байтағым. –Ақтөбе, 2003 ж., 192 б.
12. Есенберлин І. Алтын Орда /тарихи трилогия/. 2,3-кітап. –Алматы: “Жазушы”, 1983 ж. 480 б.
13. Ескерткіш – ел тарихы. –Ақтөбе, 1992 ж., 140 б.
14. Пангереев А. Әдебиет және топонимика. –Ақтөбе, 2003 ж., 118 б.
15. Пангереев А. Жер-су атауларының поэтикасы. –Ақтөбе, 1996 ж.
16. “Ақтөбе”. Энциклопедия. –Ақтөбе, 2001 ж. 748 б.
17. ҚКЭ. –Алматы, 1974 ж.
18. “Ақтөбе” газеті, 10.08.2000 ж.
19. Бисенбеков К. Әлімнің бір баласы – Қарамашақ (Төртқара), “Толқын” газеті баспасы, 2003 ж., 123 б.
20. “Ақтөбе” газеті, 08.01.2004 ж.
21. «Ана тілі» газеті, 27-маусым 1991 ж.
22. Асанов Ж. “С. Мұқанов – айтыс өнері хақында”. Мақала: // “Ақтөбе университеті хабаршысы” 2001 ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ТЕЗИС

Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ фольклортану ғылымында халық прозасының бір саласы болып
табылатын тарихи аңыздар басқа жанрлармен салыстырып қарағанда аз
зерттелген һәм күні кешеге дейін бұл жанр көбіне ертегілердің құрамында
қарастырылып келген. Осы орайда халықтың танымдық ой-өрісін кеңейтетін
ұлттық рухымызды жанитын, тәрбиелік маңызы зор ел әдебиетіндегі рухани
қазынамыздың қайнар бұлағы – тарихи аңыздарды жинақтап зерттеу, оны ғылыми
айналымға (процеске) түсіріп, келешек өскелең ұрпаққа табыстау – бүгінгі
күннің талабынан туындап отырған қажеттілік.

Зерттеу жайы:
Жалпы алғанда, қазақ аңыздарына алғаш рет назар аударған Ш.Уәлиханов
пен Г.Потанин еді. Әйткенмен де ел аңыздары дербес жанр ретінде М.Әуезов
пен М.Ғабдуллиннің еңбектерінде ғана қарастырыла бастаған. Бұл салада бұдан
өзге де фольклортанушы ғалымдар болды. Оларға Ә.Марғұлан, Р.Бердібай,
С.Қасқабасов, Е.Тұрсыновтардың есімдерін атауға болады. Аты аталған
ғалымдардың еңбектерінде ғылыми орталықтардың қолжазба қорларында сақталған
қазақ аңыздары теориялық жағынан жан-жақты ара-жігі ажыратылып зерттелуі
оның (аңыздың) фольклортану ғылымында маңызын одан әрі арттыра түсті. Осы
ретте Ақтөбе өңірінің аймақтық топонимикасын зерттеген А.Пангереевтің
еңбегін атап өтуге болады. Ғалым аймақтық топонимиканы зерттеу барысында ел
аузындағы тарихи аңыздарға талдау жасаған. Бұдан өзге аймақтық тарихи
аңыздарды зерттеген ешкім болмады.

Зерттеудің мақсаты мен құрылымы:
Осы жағдайларды ескере отырып, орын алған олқылықтарды толтыру
мақсатында біздер бүгін дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Ақтөбе өңіріндегі
тарихи аңыздар деп атадық. Мақсатымыз Ақтөбе өңіріндегі аймақтық аңыздарды
ел аузынан һәм мерзімді баспасөз беттерінен жинақтап, бір жүйеге түсіріп
зерттеу. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында Ақтөбе өңіріндегі тарихи
аңыздарды мынадай үш топқа шартты түрде бөліп қарастыруды жөн санадық.
Олар:
1. Тарихи-мекендік аңыздар.
2. Тарихи тұлғаларға қатысты аңыздар.
3. Тарихи-діни ағартушылық аңыздар.

Ж О С П А Р :

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3

І ТАРАУ. Тарихи-мекендік аңыздар ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

ІІ ТАРАУ. Тарихи тұлғаларға қатысты аңыздар ... ... ... .. 23

ІІІ ТАРАУ. Тарихи-діни ағартушылық аңыздар ... ... ... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..

Кіріспе

Халықтың танымдық ой-өрісін кеңейтетін, ұлттық рухымызды жанитын,
тәрбиелік маңызы зор ел әдебиетіндегі рухани қазынамыздың қайнар бұлағы –
тарихи аңыздарды жинақтап, зерттеу, оны ғылыми айналымға (процеске)
түсіріп, келешек өскелең ұрпаққа табыстау-бүгінгі күннің талабынан туындап
отырған қажеттілік.
Қазақ фольклортану ғылымында халық прозасының бір саласы болып
табылатын тарихи аңыздар басқа жанрлармен салыстырып қарағанда аз
зерттелген. Осы уақытқа дейін бұл жанр көбіне ертегілердің құрамында
қарастырылып келген. Жалпы аңыз десек, біздің көз алдымызға елестейтіндері
Қорқыт пен Асанқайғы, Жиренше мен Алдаркөсе, Қожанасыр сияқтылар. Бұлардың
өзі де еміс-еміс, һәм болған-мыс.
Біздің тарихи жадымызды табуға, танымымызды өсіріп, өткенімізді
тануға мұндай тарихи ел аңыздарының қызметі зор. Көрнекті ғалым Ш.
Уалихановтың сөзімен айтсақ: Тек халық аңыздары мен дастандар ғана бұл
кезге дейін зерттелмей келген, бәлки оған мәліметтердің тапшылығы мен осы
заманғы көшпелілердің көпке мәлім еместігі және солардың тағылық жағдайы да
себеп болған шығар. Бір-бірімен байланысы жоқ әрі дүдәмалдау тарихи
баяндарды анықтауда аңыздардың, қосымша мәлімет есебінде, ерекше үлкен
маңызы бар екені күмәнсіз [1.223 бет]. Тарихи аңыздардың осы уақытқа дейін
зерттелмей келуінің де себебі осында жатқан болар. Еліміздің өткенін білуді
қаламайтын кешегі келмеске кеткен кеңестік идеологияның тұсында бұл салада
қазақ аңыздары һәм аймақтық тарихи аңыздарды зерттеу мүмкін емес болатын.
Яғни аңыздардың танымдық мәні мен тәрбиелік маңызы жете қарастырылмады.
Кеңестік дәуірде ескі мұраларды жаппай жинау, атап айтқанда тарихи,
батырлық, ғашықтық, жыр-дастандар мен мақал-мәтелдерді, ертегілерді жазып
алу жұмысы қолға алынғанымен, тарихи, діни аңыздарға тосырқай қараушылық
орын алынғандықтан, бұл жанрлардың ауызша таралған үлгілері елеусіз
қалдырылды. Аңыздық прозаның көңілден таса, ойдан жырақ қалуының бұдан
басқа да себептері бар. Олар: біріншіден-жалпы қазақ фольклорының ғылыми
мақсатпен жүйелі түрде өте кеш жиналуы; екіншіден – жинаушылардың ғылыми
дайындығының аздығы және уақыт талабына байланысты көбінесе көркем
фольклордың ғана жазып алынуы; үшіншіден – қазақ ауыз әдебиетін жаппай
жинауға кіріскен кезде (яғни 30-40 жылдарда) ел арасында көркем фольклордан
басқа шығармалар сирек айтылып, ұмытыла бастауы; төртіншіден – көркем
фольклордан тыс мұраға тұрпайы, социологиялық көзқарас тұрғысынан қарап,
жинаушылар да, зерттеушілер де ертегіге жатпайтын прозалық фольклорға
айтарлықтай көңіл бөлмеуі, оның ғылыми маңызын жете түсінбеуі...[2.51.]
Жалпы алғанда қазақ аңыздарына алғаш рет назар аударған ғалымдар Ш.
Уәлиханов пен Г. Потанин еді. Әйткенмен де, ел аңыздары дербес жанр ретінде
М. Әуезовтың еңбектерінде ғана қарастырыла бастаған. Ол аңызға: тарихта
болған адамдар жайында айтылған халық шығарған көркем әңгіме [3.55] деген
анықтама берді. Фольклортанушы М. Ғабдуллин де осы пікірді қуаттай отырып,
аңызды “аңыз әңгіме” деп атады да, оның жанрлық ерекшеліктерін айқындай
түсті. Алайда, аңыздар түптеп келгенде ғалым С. Қасқабасовтың еңбегінде
ғана теориялық жағынан толық зерттеліп, талданған. Ол оның “Қазақтың халық
прозасы” атты еңбегінде жүзеге асты. Бұл еңбекте қазақ аңыздарының
теориялық жағынан жан-жақты ара-жігі ажыратылып зерттелуі оның фольклортану
ғылымында маңызын одан әрі арттыра түсті. Бұл сала да бұдан өзге де
фольклортанушы ғалымдар болды. Оларға Ә. Марғұлан, Р. Бердібай, Е.
Тұрсыновтардың еңбектерін атауға болады. [4]. Аты аталған ғалымдардың
еңбектерінде ғылыми орталықтардың қолжазба қорларында сақталған аңыздар
жанрлық сипаттарына қарай жіктеле бастады. Бірақ, аңыздардың жалпы
ерекшелігі ғылыми тұрғыдан сөз болғанымен, бұл жанрларды жекелеген аймақтар
бойынша зерттеу әлі де болса толық мәнінде қолға алынбаған. Осы жерде
Ақтөбе өңірінің аймақтық топонимикасын зерттеген А.Ш. Пангереевтің еңбегін
атауға болады [5]. Ғалым аймақтық топонимиканы зерттеу барысында ел
аузындағы тарихи аңыздарға талдау жасаған. Бірақ бұл еңбекте тарихи
аңыздарды тікелей зерттеу мақсат етілмеген. Тек топонимикалық жер
атауларының табиғатын ашу мақсатында ғана қарастырып өткен.
Осы жағдайларды ескере отырып, орын алған олқылықтарды толтыру
мақсатында біздер бүгін дипломдық жұмысымыздың тақырыбын Ақтөбе
өңіріндегі тарихи аңыздар деп атадық. Мақсатымыз Ақтөбе өңіріндегі
аймақтық аңыздарды ел аузынан һәм мерзімді баспасөз беттерінен жинақтап,
бір жүйеге түсіріп зерттеу. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында Ақтөбе
өңіріндегі тарихи аңыздарды мынадай үш топқа шартты түрде бөліп қарастыруды
жөн санадық. Олар:
1. Тарихи-мекендік аңыздар.
2. Тарихи тұлғаларға қатысты аңыздар.
3. Тарихи-діни ағартушылық аңыздар.
Бұл топтастырулар шартты түрде ғана. Аңыздар өзінің маңыздылығына
қарай бұл шартты топтастыруда қатаң тәртіп сақтамайды. Оған себеп
аңыздардың барлығына бірдей ортақ желі тарихи оқиғалы боп келуін де.
Басқаша айтқанда, аңыз тек тарихи ғана болады. Әдетте, фольклортану
ғылымында аңызды тарихтық және мекендік деп екіге бөледі. Алайда, біздің
ойымызша, бұл жіктеуде тек тарихтық қана принцип бар және бұлай жіктеу аңыз
жанрының ерекшелігін ескере бермейді. Топоникалық деп бөліп жүрген
аңыздарда да тарихи негіздер, фактілер болады. Ал, тарихтық деп жүрген
аңыздарда да топонимикалық мотив кездеседі. Аңыз жанрындағы шығарманың өзі
емес, ондағы сарын ғана топонимикалық сипатта болуы мүмкін. [2.125].

]

I. Тарихи-мекендік аңыздар.

Республиканың басқа аймақтарымен салыстырып қарағанда, Ақтөбе өңірінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл өңірдің жағрапиялық картасы – арғысы Асан
қайғы, Қазтуған, бергісі Мұрат, Қашаған, Шернияз және Махамбеттей ел
қамын ойлап, Жерұйық іздеген бабалардың арнау толғауларында толығымен
кестеленген. Оның үстіне ел аузында сақталған тарихи аңыздар кәрі
тарихтың куәсіндей құпия сырларды танып білуге септеседі.
Бұндай тарихи аңыздарға бай жерлер Ақтөбе өңірінде де көптеп саналады.
Мәселен, бұл аймаққа Шалқар, Ырғыз, Қарабұтақ, Ойыл, Қиыл, Қобда, Елек,
Жем бойының кең алқапты тарихи өлкелерін жатқызуға болады. Бұл тарихи
мекендердің әрқайсысының өзі айтылмаған сыр, тұнған шежіре. Сонау Ғұннан
бастап, беріректегі Шыңғысхан, Асқақ Темір, жоңғар қалмақтарының сұрапыл
соғыстары осы өңірлерді тітіренткен көрінеді. Одан бермен уақыттағы қазақ
батырларының орыс басқыншылары (отарлаушылары) мен шайқастары да осы
жерлерді шарпыған. Сол бір оқиғалардың куәсіндей Жем, Жайық, Елек, Ор,
Ырғыз өзендерінің бойында үйілген. дәу-дәу обалар, сынтастар, ескі
қорымдар жиі кездеседі. Олардың ішінде Дешті Қыпшақ пен Ноғайлының көне
тарихы да сайрап жатыр. Бұл өңір – Асанқайғы мен Қобыландыға қоныс болған
мекен. Сыртқы жаулармен арыстанша айқасқан Әбілқайыр, Бөкенбай, Жанқожа,
Байқазақ, Есеттердің батырлық шайқастарына куә болған өлке, ежелгі қазақ
тарихының кіндік өлкесі.
Орта ғасырлық шежіренің мәліметтеріне сүйенсек, Батуханның тұсындағы
XII-ғасырда Алтын Орданың он екі ұлысы Еділдің сол жағалауын, соңғы екі
ұлысы Жайық өзенінің бірі сол, екіншісі оң жағалауын иеленген. Кейін
Алтын Ордадан бөлінген Ноғай Ордасы иеленген жердің шеңбері Еділ мен
Жайық арасынан шығып, Каспий өңірінің үлкен аймағын қамтыған... 6.
Қазіргі Ақтөбе жері, Жем, Сағыз, Қобда, Елек, Ырғыз өзендерінің бойы осы
кезде Ноғай Ордасына ұзақ уақыт құтты мекен болған. Яғни, осы жерлерде
Ноғайлы жұрты қоныс тепкен. Бұл жөнінде халық арасында да алуан түрлі
аңыздар көп тараған. Солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек. Соның бірі
Қобда аймағындағы тарихи мекен Абат Байтақ кесенесі туралы. Бұл ғимарат
Қобда ауданының Талдысай елді-мекенінің Бесқопа дейтін кең жазығында
орналасқан.
Осы Абат-Байтақ Мавзолейіне байланысты аңыздар ел ішінде көп-ақ.
Батырлар туралы жырлар мен қиссаларда Абат-Асанқайғының баласы, би,
мырза, шешен, дана көсем, оған қоса ол Қырымның қырық батырының бас
батыры және сол батырлар бірлігін нық ұстаған көсем болған. Оны мына
жырданда көруге болады:
Ноғайлының қорғаны,
Асан ата деген соң,
Ер Абат бастап келген соң,

Қырымнан келген қырық батыр

Бұл Абатқа ерген соң.
Аңыз бойынша Абат халқымен тұтас көшіп, жауға алдырмай, жоқтық
көрсетпей ел қамымен Еділ бойынан осы біздің жерге дейін көшіп, қоныс
етіп жүрген екен. Ал, көрші патшалықтар Абаттың соншалық құрметін көре
алмай, қолға түскен бірлі-жарым тұтқыннан, не қонақтық ретпен араласқан
кісілерден еліңнің батыры, данасы, мергені, мырзасы, кең пейілдісі кім
дегенде, бәрі де тек Абат деп жауап беретін болған. Көре алмаған көршілер
талай рет жансыздар жіберіп, неше түрлі әрекеттер жасаса да, Абат қабағын
еш шытпаған, ақ пейілімен қабылдап отырған. Дархан, мейірман Абат –
байтақ, кең, шексіз деген теңеуге ие болған. Аңыз бойынша елдің
жағдайымен Қобда-Елек бойын жайлауға көшкен кезінде Абат кенет қайтыс
болады. Қайғылы хабар халқына тез тарайды. Оның үстіне Абат елінде туған
нәресте көшке еруге келгенше алыс жерге қоныс аудармау салты бар екен.
Сол мерзімді ұстану ма, әлде батыр ұнатқан қоныстан елді көшіргісі
келмеген бе, ел ақсақалдары ақылдаса келіп аяулы көсемге арнап мавзолей
(кесене) салуға жар салады. Онда қанша түтін болса сонша кірпіш басылсын
деп, көш тізбегіне талдан жонып жіберіп, кірпіші осындай болсын деп сәлем
айтылады. Байтақ ел болып кесенені тұрғызады, біткен кезде қараса, ұшар
басында қаланбай қалған кетік қалады. Аңыз бойынша, әрбір түтін бір
кірпіштен ғана дайындаған. Бұл жерде Абаттай батыр қанша кең пейілді адам
болса да, халықтың ішінен оны да жақтырмаған адамдар болған деген ұғым аз
ғана кірпіштің жетпеуі арқылы беріліп тұр деседі. [7.268]
Бұл аңыздың астарында бір ақиқаттың бары аңғарылады. Яғни, өзінің
заманында Асанқайғы да, оның баласы Абат та артына байтақ елді ерткен
беделді көсем адам болғандығы. Әдетте, қазақ халқында жәй, қарапайым адамға
алып ғимарат (мола, там) тұрғызу үрдісі болмаған. Осыны ескерер болсақ, бұл
екеуінің де тегін адам еместігін байқауға болады. Осыған ұқсас тағы да бір
аңызды келтіре кеткен жөн. Онда ескі аңыз бойынша Асан Қайғы қоныс іздеп,
талай жерді аралаған. Оның артынан шыққан баласы Абат мінген желмая нар
түйе алып қашып, соны тоқтату үшін халық алдынан арқан керіпті. Сонда Абат
астындағы көлігінен құлап өліпті деседі. Сол кезде Қобданың бойын жайлаған
халықтың ханы бұйрық беріп, үй сайын қызылқұс кірпішті биенің сүтіне илеп,
отқа күйдіртіп әкелдіріп, анау байтақтың арғы жағындағы шығысындағы үлкен
моланы салдырған екен. Халық үлкендігіне орай “Байтақ” деп атап кеткен
[8.6]. Бұл аңыздан біздің байқауымызша Байтақ сөзі жердің атауы сияқты.
Яғни, қырымның қырық батырының бас батыры атанған ер Абаттың бұл жерге
моласы тұрғызылмастан бұрын да бұл жер “Байтақ жер” деп аталған. Әрине бұл
әзірше болжам. Бұл жөнінде әркім әртүрлі айтып жүр. Қайткен күнде де
аңыздың астарында бір шындықтың бары ақиқат.
Жәнібек пен Керейдің уақытындағы оқиғалар ортасындағы бірегей тұлға –
Асан қайғы қазақтың маңдайына сыйған дала данышпаны. Басқаны қойғанда,
Батыс Қазақстан өлкесі, Сыр бойы, Каспий маңы, Еділдің өн бойы Асан
Қайғының атамекені десек артық болмас. Асан Қайғы ұзақ жасаған, XIV-XV-
ғасырларда өмір сүрген. Қазіргі ғалымдардың Абат-Байтақ ғимаратын сол
кезеңге болжауы дұрыс сияқты. Не десекте Асан ата мен оның баласы Абат
батырға келіп тірелетін бұл қорымның құпиясы тереңде жатса керек.
Осы тұлғаларға қатысты тағы да бір аңыз Ырғыз өлкесіндегі тарихи
мекен Сұңқарқияға байланысты айтылады. Бұл аңыздың негізінде екі-үш нұсқасы
бар. Бірақ, оқиға желісі мен мотивтері бір. Ел аузында әр жерде әр қалай
айтылады. Соның бір нұсқасын келтіре кеткен жөн сияқты: “Бір кезеңде Асан
қайғы жасы ұлғайған шағы болса керек, қалмақтың Шаршы ханының қол асты –
Нұра тауының төңірегін мекендепті” – дейді көнекөз қариялардың аңызында:
“Асанқайғы бабамыз бір сапарында сол ханға мейман болыпты. Көңілі тасу хан
Асанқайғыдан: “қазағыңның батыры кім, мергені кім, әйелін қызғанбайтын кең
пейілдісі кім?” – деп сұраса, бәріне бірдей Абат деген жауап алыпты. Хан:
Бәрі бір кісі ме? – десе, Асанқайғы: “Бір өзі мың қалмаққа татыса, бір
кісі болмай қайтеді – дейді. Мына сөзге өшіккен хан Абаттың аяқ-қолын
байлап, алдыма әкеліңдер! – деп, қырық батырын аттандырады. Бірақ, олар
Абатты құла дүзде жалғыз кездестіріп, амал-айла жасаса да жеңе алмапты.
Ханға оралған олардың сөзі: “ондай батыр әлемде жоқ, тақсыр!” болыпты.
Ашулы хан Абаттың әйел қызғанбайтын кең-пейілділік қасиетін сынамақшы
болып, бір батырын жіберсе, Абат оны әйелінің қасына оңаша тастап, өзі аңға
кетіп қалыпты. Аңнан оралса, қалмақ батыры әлі кете қоймапты. Сонда Абат:
Ханыңа сәлем айт, мені мазақ ете бермесін, - деп, сабырлы сөз айтып,
қалмақ батырын құрметтеп еліне шығарып салыпты. Абаттың бұл қасиетіне
түсіне алмаған қалмақ ханы мына оқиғадан соң оны еліне қонаққа шақырады.
Сонда қалмақ еліне бес жүз жігітімен барған Абат ханға айбатты көрініпті.
Абатты мұқату үшін әлде де сынамақшы болған қалмақ ханы, оны құла
дүзге алып шығып: Осынау биікте бір сұңқар бар, садағыңның оғы жетсе, соны
қанатынан атып, өлтірмей жерге түсір, - деп бұйырыпты. Содан бастап, Абат
атып, құс тірі құлаған сол биікті ел Сұңқар атапты. Тауы шағылған хан
Абаттан: қазағым енді саған 3 сауалым бар, батырлықты, әйел қызғанбауды,
мергендікті қайдан үйрендің, жауап бер, - депті. Сонда Абат көзінен от
шашып, жау елдің ханы алдында мәртебесін биік ұстап, былайша түсіндіріпті:
“тақсыр, бір жорық үстінде кеуегінде жатқан қоянның үстінен шығып қырық
жігітіме оны шаншып өлтіріңдер деп әмір бердім. Бірақ батырлардың найзалары
жер қауып, қоян құтылып кетеді. Ажал жетпегенге адамның амалы жоқ екен.
Батырлықты сол қояннан үйрендім,” – депті. Тақсыр, енді бірде сапар үстінде
елсізде отырған жалғыз үйге кездестім. Үйге енсем, өзі жас, әрі сұлу әйел
отыр екен. Жөн сұрасам бай ауылдың жұртында қалған қарашасының үйі болып
шықты. Ері ел көшірісіп кетіпті. Сол түні әйел екеуміз таңды көз ілмей
атырдық. Сөзім таусылған соң, ынтық көңілім батырлығым мен ерлігімді
айтқызды. Сонда әйел: Құрбым, батырлығың байы бар әйелдің етегінің астына
жүрмейді, атқан оғың шолақ сайының аңына тимейді, - дейді. Хан тақсыр,
ақылыңызға салсаңыз, әр әйел өз нәпсісін өзі тыймаса, хандығыңды тастап,
оны сіз күтіп отырасыз ба? Әйел қызғанбауды сол ақылды бұрымнан үйрендім.
Мергендікті жүрегім үйретті. Садақты адамға да, аңға да қасқая тұрып
тартсаңыз мерген боласыз,” – депті. Абаттың жауабына риза болған хан:не
сұрайсың, тілегіңді айт деп сұрағанда, Абат еліне азық болар, малына өріс
болар, “Шаттың” бойын мекендеуге рұқсат сұрапты. Сонда әкесі Асанқайғы
баласына:
Әй, ер Абат, ер Абат,
Сөзімді тыңда, сен Абат.
Тілегіңді айт десе,
Шаттың бойын сұрашы...
...Сұрашы балам, сол жерді,
Берсе егер сол жерді.
Шыңғырлаудан кетерміз,
Шатқа таман жетерміз.
Ноғайды ертіп барып біз,
Атын бөлек етерміз, - дейді.
Абат хан алдыда әке тілегін сұрап алып, елге келіп, қуанып, хабарлап,
көшуге кіріседі:
Жемге сонда қоныпты,
Асан менен Абаттың
Айналасымен аш-арық
Қалпына келіп тоғайып
Сонда бай ел болыпты.
Сорлысы байға теңеліп,
Тұрақтап Жемге қоныпты.
Алдында Шат болса да,
Асан қайғы қонған соң,
Оның аты Жем болыпты.
Пайдасы оның көп болып,
Талай ноғай қоныпты. [7.273]
Еділ мен Жайық бойынан шығып Арал, Каспий алқабына түгел таралған
Асанқайғының өзінің атына байланысты және оның Жерұйық іздеу кезінде жер,
суға беріп кеткен бағасы, болжам сөздері халық арасында еш уақыт ұмытылған
емес. Асанқайғы біздің өлкемізді аралап қана қоймай, көп жылдар бойы өмір
сүрген және оған байланысты айтылып жүрген аңыздар баршылық. Халық
арасындағы әңгімелерге негіз болатын және бұлжытпайтын дерекке ертеден келе
жатқан жер, су, елді-мекен аттарын ең құнды тарих хаттары деуге болады.
Асанқайғы баласы Абат бастаған Ноғай жұрты жайлауының бір шеті Ырғыз,
Торғай өзеңдерінің жағалаулары Нұра, Ырғыз, жеріндегі Сұңқарқия,
Қосбүйрек тауларының атымен байланысты. Еділ, Жайық пен Ойыл, Оймауыт,
Ырғыз, т.б. жерлер туралы берілген асыл сөздер бір төбе.
Осы аталған өңірлердің ішінде Ырғыз даласына қатысты Асанқайғының
мынадай бір айтқан сөзі бар көрінеді. Ырғыз өзеніне құятын Ұлы Талдық, Бала
Талдық, Қияқты, Қарабұтақ, Үймола, Шідер, Өтеш, Шот, Жоса, Ащы, Бақсайыс
сияқты шағын өзен салалары бар екен. Бұл өзендердің барлығы да бастауын
Күнбатыс жақтан алып, күншығысқа қарай ағып келіп, Ырғыз өзеніне қосылады
да Ырғыз өзенінің өзі барып Құрдымға құяды екен. Ал, Құрдымның өзі аты
айтып тұрғандай қанша өзен суы құйса да орны толмайтын не арнасынан асып
кетпейтін көл көрінеді. Ол әлі күнге дейін бар. Сол Ырғыз өзенінің бір
Саласы боп табылатын Шот-Жосаның бойында Асанқайғы желмаясымен келіпті-мыс.
Халқының ыстық ықыласына бөленіп жер бедерін байқаған Асанқайғы бабамыз
қонған күннің ертеңіне аттанғалы тұрып былай депті дейді:

Ырғыз өзенінің – суы теріс аққан,
Халқы өсек баққан.
Сырттан келген ағайынға
Майдай жаққан.
Бұл оның тек сол жерге ғана емес, бүкіл қазақ жұртына берген әділ
бағасы болатын. Өйткені, қазақ халқының әлі күнге дейін бірін-бірі іштен
шалып, сырттан келгендерге басымызды шұлғитынымыз өтірік емес. Бұл өңірдің
(Ақтөбе облысы) тұтастай Ноғайлы жұртына (Ноғай –қазақ елінің бір атауы –
С.Т.) мекен болғандығы жөнінде тағы да бір аңызға көз жүгіртсек. Аңыз
Ноғайлы хандығы тұсында болған қорым туралы айтылады. Онда көнекөз
қариялардың айтуы бойынша Қарасай-Қази жырындағы Қарасай батырдың сүйегі
жатқан көрінеді. Аңыз бойынша, қазіргі Ақтөбе қаласының ескі бөлігі маңы,
яғни телемұнара орныққан қыратқа отарлаушы елдің жендеттері көз тігіп, сол
маңға бекініс тұрғызу мақсатында алғашқы құрылыстарын жүргізе бастаған.
Алайда, көне бейіттерді қопарып, орнына тұрғызылған үйдің қабырғалары бір
орнында тұрмапты. Салғаны салғандай бірінен соң бірі құлай беріпті. Істің
мән-жайын түсінбеген жендеттер бір шоқынған қазақтан Арамнан әруақ қашады
деген сөзді естіп, сол жерге шошқаның қанын шашыпты. Сол кезде түн ортасы
ауа төбедегі қорым жақ әлдеқалай таң ағарып келе жатқандай сәуле шашып,
бейіттерден үрейлі үндер шығады. Қосылып үн салып, сыңсып жылағандай
аянышты беймаза дауыс есі дұрыс жанның бәрін аяғынан тік тұрғызады. Таң
атуға жақындап, қараңғылық сейіле бастағанда қорымның үстіне бір бөлек бұлт
төніп келіп, найзағай ойнаған мезетте өлі әруақтардың мекенінен бір топ
аққу қиқулай көтеріледі де, түстікке қарай бағыт ала ұшып кетеді. Содан
бермен қарата орыстардың салған үйлері құлаудан құтылыпты дейді. [9.192]
Осы орайда, қырат басындағы (осы күнгі телемұнара тұрған жер) қорымға
байланысты Актюбинский вестник газетінің 2001 жылғы 10-тамызында шыққан
мақалада мынадай мәліметтер келтірілген: “В мае 1869 года на вершине холма,
где по преданию был похоронен потомок могущественного Мамая батыр Карасай,
было создано военное укрепление Актобе” 10. Мақала авторы Жарқынбек
Назарбаев бұл деректерді Орынборға барған бір сапарында сол жақтың өлкетану
музейі мен архивінен алғандығын айтады. Демек, бұл айтылған аңыздың да
астарында бір шындықтың бары аңғарылады.
Аты әлемге әйгілі Ақсақ темірді білмейтін адам сірә, кемде-кем шығар.
Енді бір аңыз Ырғыз даласын басып өткен Азияның жолбарысы атанған Ақсақ
Темір туралы айтылады. Тарихтан белгілі – Ақсақ Темір әуелі өзінен пана
сұрап келіп, әскер алып, Орыс ханмен екі мәрте соғысқаннан кейін, АлтынОрда
тағына отырған соң астамсып, Моғолстанды шапқан Тоқтамыстың қолының соңынан
120-мың әскерімен жорыққа шыққан ғой. Сонау Сауран жақтан суыт жорытқан
Темір қосынының Ырғыз жеріне келгенде азығы бітіп, аттары болдырады.
Әскерін аштан қырып алу қаупі туған кезде сайыпқыран Әмір кісінің есіне
кіріп, қолынан келместей іс жасайды. Ақсақ Темірдің жылнамашысы һәм уәзірі
Әли Иезди мұны көзімен көріп қағазға түсіріп кеткен. Оның айтуынша,
Ырғыздың құяр жері Құрдымнан Ақтастыға дейінгі ұзыны 70-80 шақырым, ені 50
шақырым жерді тізбектеле жүрген қалың қол қоршайды да, бәрі бір мезетте
ортаға қарай қозғалып даланың күллі аңын қамайды. “Аң қырғыны”, Иездидің
айтуынша, екі-үш күнге созылғанда, әскер мыңдаған киік пен қарақұйрық,
құлан мен бұланды, таутайлақ пен тарпаңды қолға түсіріп, даланы қан
сасытқан. Сөйтіп, аң етінен айға жетерлік азық дайындап алған”. [11.12]
Біз бұл туралы мәліметті жазушы І. Есенберлиннің тарихи роман-
трилогиясынан да кездестіреміз. Бірақ, ондағы бір ерекшелік жердің атауын
“АнаҚаркүюн” деп атаған. Көне атау кітаптың 340-шы бетінде берілген.
Парақтың төменгі жағына осы күнгі Басқұдық деген жер деп түсінік берген.
[12. 340]. Осылайша, бұл өлкеде Қаһарлы Ақсақ Темірдің де жер қайысқан қолы
өткендігін көреміз. Сол аң қырғыны болған жерді кейін халық Қандысор деп
атап кеткен. Бұл аймақ бүгінгі таңда қазіргі Әйтеке би ауданына қарасты
елді-мекеннің бірі боп табылады.
Осындай тарихи оқиғалы жерлердің бірі Кілемжайған туралы айтылады.
Аңыз бойынша, бұл жерде Кенесары ханның ордасы тігілген жер көрінеді.
Айтушылар Қарабұтақтан 45-шақырымдай жердегі Кілемжайғанды ол кезде
ат түзетін Кенесарының қалың қосындарының аттары су ішкенде лайланбайтын,
айналасы шалғынды, көк майсалы шалқар көл еді - дейді.
Кенесары өз ордасын тігуге Ырғыз бойында, өзге жерді таңдамай, сол
кезде ең қолайлы жұрт саналған Кілемжайғанға тоқтаған. Қазір көл суы
азайып, тартылып, тұзды сорға айналған. Осы алқапты, жайлауды, көлді
“Кілемжайған” деп неге атаған, кілем кімге жайылған деген сауалдың жауабы
да әрқилы. Кейбіреулер Кенесары ханға арнап Төртқара елі жайған десе,
көнекөз қариялар, оның басқаша тарихы барын айтып өзгеше әңгіме шертеді:
“Кенесары ханның кіші әйелінің жазығы қандай болғанын кім біліпті, бірде
қаһарына мінген хан сорлы әйелдің бұрымын кесіп тастайды. Бұл әйел Жанқожа
батырдың қарындасы екен деседі. Бұл суық хабар суыт Жанқожаға жетеді.
Жанқожа Кіші жүздің атақты биі, батыры, Қоқан хандығына, Ресей
басқыншыларына қарсы күрес жүргізген, ешкімге елін басындырмаған әйгілі
тұлға. Әлгіндей суық хабарды есіткен Жанқожа қатты ашуланады. Ол заманда
әйелдің бұрымын кесіп тастау қатал, масқаралы жаза, әрі, күллі тайпаның
сүйегіне түскен таңба санаған. - Бұл төренің неден құтырғаны, егер кінәлі
болса, бұрымын кеспей, басын кесіп алса біз құн сұраймыз ба? бұрым кесу –
бізеге, қалың елге салған таңбасы деп қатты қаһарланып, қасына бірсыпыра
батырларын ертіп, атқа қонады.
Қасында атақты батырларын ерткен Жанқожа батыр келе жатыр дегенді
естіп Жанқожаның қаһарынан сескеніп хан ордасына таяу жердегі қарауыл
төбесінен ордаға дейін кілем жайып, Жанқожа батырды Кенесары ханның өзі тік
тұрып қарсы алады. Жанқожаның қылышы қынабынан суырулы екен дейді. Айтылған
сөз айтылып, қантөгіс болмай, екі жақ бітімге келіпті. Құрмет көріп, ат тон
айыбын алған Жанқожаны мезгілдік жерге дейін шығарып салады. Жанқожаны
шығарып салып келген соң Кенесары інісі Наурызбайдан: Батыр қылышын
қынабына салды ма?” деп сұрапты Жоқ қынабына салмай кетті дейді інісі.
Кенесары: Маған деген ашу-ызасы әлі қайтпаған екен ғой – депті. Сөйтіп
кілем Кенесары ханға емес, Жанқожа батырдың құрметіне жайылған. Кілемжайған
деген жер аты тарихта осындай себеппен келген [11. 72 б].
Сірә, Кенесары ханның түптеп келгенде қазақ жерінде қолдау таппай,
жат жерге кетуіне себеп болған да осындай бір келеңсіз істерінен болар.
Бірақ, Кенесары ақылсыз хан да болмаған. Оны осы аңыз желісінен аңғаруға
болады.
Сондай-ақ, Ырғыз өңірі халқымыздың сан ғасырлы тарихының ізі боларлық
түрлі ескерткіштерге бай. Шетырғыздың ұлы Ырғызға қиылысқан жеріне шөге
қалған, үлкен егіз төбе сонау Керегешың, Қабанқұлақ, Жаманшың, Темірастау
шыңдарының жүйесімен жалғасқан үлкен төбе – Қаражал созыла түсіп, батысқа
бет алып, тұйықталып шөге қалған табиғат сыйларының бірі.
Бұл төбені ел Мәні әулие десе, төбе басында қаз-қатар жақпар
тастардан қаланған қорымды Мәні әулие қорымы деп атайды. Мәні әулие қорымы
туралы ел ішінде аңыз қанша ұрпақ өзгерсе де толастамай айтылып келеді.
Аңыз десек те негізі барын көп адам біле бермейді.
Аңыз бойынша ертеде қазақ елін қалмақтар шауып, мал-мүлікпен бірге
сол елдің басшысының сұлу әйелін олжалап, бір батырына қосыпты. Сол әйелден
дүниеге қыз бала келіп, жасы он жетіге толғанда анасы дүние салады.
Елін, жұртын бір көруді арман еткен анасы көз жұмар да қызына қалай
да қазақ еліне қосылуын өтінеді. Жолын өзі айтып береді. Бізбен бірге жеті
жасар бір ер баланы ала келіп, қол-аяғын кісендеп, қозы бақтырып қойған,
сол бала ер жетті, түр-тұлғасы батырға ұқсайды, балаға жағдайды түсіндіріп,
қалғанын өзің келістіріп елге қашыңдар, ең соңғы да, ең қымбат өтінішім
осы, - деп көз жұмады.
Қыз ана аманатын орындауға бел байлап, жігітке сөз салады. Жігіт
менің одан асқан арманым жоқ, бірақ, қол қысқа, - деп мұнаяды. Сонымен, қыз
бір күндері қару-жарақ, ат жағдайын ұйымдастырып, екеуі ел қайда деп
қашады.
Қыз бен жігіттің астарына мінген сәйгүліктерге ешкім жете алмай,
әкесінің аты ғана жететінін сезген қыз жігітке әкемді өзім тоқтатам, сен
артыңа қарамай кете бер, - дейді. Жігіт шыдай алмай артына қараса, қыз
әкесіне садағын кезеп тұр екен. Бір қате іс болар деп жігіт қыздың жанына
қайтып келіп, “әкеңді атпа”, - деп қолқа салады.
Айтқанын тыңдамай кейін қайтып келген жігітке қатты налыған қыз,
бекер келді атпай-ақ өзім тоқтатып едім, енді не болғанын көрерсің, дейді.
Жақындап келген әкесі қолын теріс жайып Көзін көргенді қолың
ұстамасын деп бата беріп қайтып кетеді.
Қуғыншыдан құтылған екеуі біраз демалу үшін осы төбенің етегінде
жағасы тал мен ну қамысқа толы жайқын суға салқындау үшін екеуі екі жерге
кетеді. Бір уақытта шар еткен қыз даусы естіледі, жігіт тез келсе, жылан
оралған қыз талықсып жатыр екен. Сонда қыз қалмақтың қарғысы жаман деген
рас еді, әкемнің қарғысы орындалды, енді мен саған жоқпын, осы жерге мені
жерле, ешқашан менің атымды атаушы болма, осы өтінішімді орында, – деп көз
жұмады.
Жігіт қыздың өтінішін орындап, осы жерге жерлейді. Одан сұраған
кісіге мәні бар ғой деп жауап беріпті. Содан бірден-бірге “Мәні төбе”
атанған дейді. Аңыздың соңында сол жігіт батыр Жәнібек екен, көп жыл тама
Есетпен үзеңгілес болыпты, қартайған шағында Есетті іздеп келіп, осы бір
мұңын баяндай отырып сол қыздың аты Ақбілек еді, маған неге атама дегенін
түсінбедім де атамай келдім, енді көпке бармаспын, елге жете алмасам саған
аманат деп үш күннен кейін дүние салыпты, дейді. [13.34].
Осы мәндес аңыздың түрлері өте көп-ақ. Соның бірі Балғасын әулиенің
күмбезіне қатысты айтылады. Ол аңыз былайша өрбиді:
Ертеректе бір қыз алып қашқан жігіт күндіз қуғыншылардың көзіне
түспеу үшін осы күмбезге келіп тығылады. Әрі-беріден кейін екі жас
нәпсілерін тия алмай шариғатқа келіп жатқандарында үстеріне кірпіш құлап,
екеуі де өліп қалады. Қазақ әдетте, зират маңынан өтіп бара жатқанда
бұрылып барып аттан түсіп құран оқиды ғой. Сондай бір жолаушы Құран оқып
болғаннан кейін тамның ішін қараған да өліп жатқан екі жасты көреді. Атына
мініп былай шыға бере: Әй, Балғасын-ай, ұратын кісіңді білмей ұрған
екенсің дегенінде бір кірпіші оғанда жауырынан келіп дүрс ете соғыпты
дейді. Осындағы Балғасын әулие Ноғайлы елінің батыры екен дегенде әңгіме
бар көрінеді [13.40.].
...Бұндай оқиғалардың іздері Ақтөбе өңірінің басқа да аймақтарында
кездеседі. Олар “Қалмаққырған”, Шүршітқырған, Оймауыт, “Боралай”,
“Қаскелең”, “Тоғалай”, т.б. топонимикалық атаулар түрінде белгіленген.
Әсіресе қазақ, қалмақ қақтығыстарының ескерткіші секілденіп жер
бетінде көптеген тарихи елді-мекен, жер-су атаулары күні бүгінге дейін
сақталып келеді. Ондай атауларға ерекше мән беретін халқымыз олардың шығу
тарихы, мән-мағынасы жөнінде сан қилы әңгіме туғызған.
Мәселен, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында тұратын көзі қарақты
ақсақалдар мынадай маңызды оқиғаны сырғып шертеді.
1742 жылы, жазда Есет батырдың ауылы қазіргі Ойыл ауданының
Саралжын деп аталатын елді мекеннің маңында құнарлы жайлауда отырғанда
Әбілқайыр хан Есет батырды қалмаққа қарсы соғыс мәселесін шешу үшін Орда
кеңесіне шақырады. Бұл кезде Есеттің ағасы Қарабас, оның баласы Кенжалы
және Есеттің баласы Ақжол атақты Әжібай бидің аулында қонақта екен. Олардың
жоқ екенін білген қалмақтар ауылдың барлық жылқыларын қуып кетеді. Ауылда
қалған Есеттің қызы Ботагөз еркекше киініп, ауыл адамдарын бастап, қалмақты
қуады. Бұндай тегеурінді күтпеген қалмақтар қаша ұрыс салып, әйел адам
екенін білмей Ботагөзді садақпен атып өлтіреді. Қиыл өзеніне құятын сағаны
(қыз өлген жерді) ел содан бері “Ботагөз” деп атайды.
Қонақта жүрген Қарабас елін жау шапқанын естіп, өзіне ерген бір топ
адаммен Алтықарасу деп аталатын жерде қалмақтарды қуып жетеді. Осы соғыста
Ойылға құятын өзеннің бойында Қарабас өледі. Сол себепті өзен Қарабас деп
аталады. Қалғандары қалмақты ығыстырып, соғыса береді.
Бұдан жиырма бес шақырым жердегі Ойылға құятын өзеннің бойында
Кенжалы батыр мерт болуы себепті сол жердегі өзен аңғары Кенжалы аталады.
Ақжол бастаған топ көп ұзамай осы өңірдегі елден, қазіргі Темір ауданының
Қайынды ауылы тұсында қырғынға ұшыраған Есет ауылының кегін қайтару үшін
екі-үш күннің ішінде үлкен қол жинайды. Батырлардың шұбап келіп, жиналған
жерін, яғни сол маңдағы өзенді кейіннен Келбатыр деп атаған. Яғни Келіп
жатыр деген сөз эллипсистік жолмен қысқарып Келбатыр формасына түскен.
Қазіргі Шұбарқұдықтан отыз шақырым, кейіннен Қалмаққырған аталып кеткен
жерде қатты соғыс болып, қалмақтарды бірін қалдырмай қырады. Қалмақ ханы
Хонтәжі бас сауғалап қашқанда Ожырай Байымбет пен Есеттің баласы Ақжол қуып
жетіп, Хонтәжіні қанжармен жарып өлтіреді. Осы жер содан бері Хонжар
(Хонтәжі жарылған) болып аталады. [14.19]
Қазақ қыздарының осындай ерлік істерін баян қылатын, бір жағы жер-су
атауларына байланысты сюжет желілері бір-біріне ұқсас келеді. Мәселен,
Ойылға көршілес Байғанин ауданында Ботакөз сынды қимыл көрсеткен Ақбота
қыздың ерлігі аңызға айналған. Бұл аңыз бойынша оқиға былай сабақталады:
Бірде мамыр айы туа Сәңкібай жылдағы әдеті бойынша Әбілқайыр ханға сәлем
беріп, амандасып қайтуға жиналған ел жақсыларымен бірге сый-сияпат алып,
Ырғыз даласына қарай аттанады. Ол кезде хан қыста Түркістанда қыстап, ал
жазда ежелгі жайлауына келеді екен. Кіші жүздің ішінде: Тама Есет батыр,
Табын Бөкенбай, кете Әжібай би, беріш Есболай сияқты адамдары бастаған
қазақтардың ер-азаматтары Ырғыз даласына қарай ағылғанда, ежелден аңдысып
келе жатқан, бірде жеңіп, бірде жеңілумен, итжығысып өмір кешкен қалмақтар
да жансыздары арқылы, бас көтерер ерлер жолаушылап кеткен кезінде қазақ
ауылдарынан кек алмақшы болады.
Ол тұста Жемнің төменгі ағысы мен Жайықтың Атырауға құяр тұсы әлі де
қалмақтар қолында еді. Қалмақтар 1780 жылдары бас көтерместей болып
жеңілгенге дейін жыл сайын қазақ еліне тосыннан шабуыл жасап, күн көрсетпей
қойғаны тарихи шындық жағдай.
Сонымен, осындай ұрымтал кезеңді көптен күткен қалмақтар Сәңкібай
аулына келеді. Бұл Жемнің құйылысын мекен еткен қалмақтар еді. Сәңкібайдың
Ақбота атты қызы ауылда қалған малшы-жалшы, тума-туыс, ағайын жігіттерді
іріктеп алып, өзі еркекше киініп жауға қарсы шабады.
Әбілқайыр ханға бір жылға есебін беріп оралған Сәңкібай ауылына тиген
жаудың жеңілгенін, бірақ Ақботасының жазым болғанын жолшыбай естиді. Көшіп
келе жатқан ауылын осы күнгі Ақбота-Сәңкібай дөңінен қарсы алады. Сонда
Сәңкібай: “Денесін адам мен мал аяғынан аулақ сонау тау, құм басына
қойыңдар”, – дейді.
Өмірден қыршын кеткен батыр қыздың мәңгілік мекені сол күннен бастап
Ақбота атанған. Мүмкін, құлыптасындағы жазуға қарап, ел Ақбота-Сәңкібайдың
қызы деудің орнына ауызша оңай, орамды етіп, бірден-ақ Ақбота-Сәңкібай
деген болар [14.21].
Ел аузындағы тағы бір деректе қыз жерленген бұл биік шоқының Ақбота
аталуын басқаша өрбітетін сияқты. Мәселен, ел аузындағы жүрген мына өлеңнің
мазмұнына үңілсек:
“Көз тұңдырған қас сұлу байдың қызы,
Ақбота талайлар арман еткен.
Білмейді тағдыр қалай айдағанын,
Биіктен құлап ұшып, дәмі біткен.
Жерленген соң сол шоқының дәл үстіне,
Ел оны қыз атымен атап кеткен” – дейді.
Біздің өлең жолдарынан көріп отырғанымыздай Ақбота қыздың жауға
шаппағанын, жәй шоқыдан байқаусызда шалыс басып мерт болғанын, содан кейін
барып, бұл шоқының Ақбота атанғандығы байқалып отыр. Бәлкім, аңыз
мотивтерінің ауысып жүретін заңдылығына сәйкес, бұл қызға да Ботакөз
батырдың ерлігі телінген болар. Сондай-ақ, біздің бұл аңыздаулардан
байқағанымыз Сәңкібайдың батыр емес, тек қана бай болғандығы аңғарылады.
Мүмкін, байдың аты Сәңкі болуы да ғажап емес қой.
Ал, оның батыр атануы, кешегі тәуелсіздік алған уақыттағы дүрбелеңмен
тұспа-тұс келіп, қаланың бір көшесінің атын беруі кездейсоқтық деп ұғуымыз
қажет. Бай адамның қашанда қадірлі болатындығы, оған батыр атағын әперген
шығар.
Сәңкібайдың қыдырды үш көргендігі туралы да ел арасында аңыздар
кездеседі. Енді соларға баяндау ретімен тоқталып көрсек: “Бірде Назарұлы
Сәңкібай батыр жорықтан аты болдырып келе жатып айдалаға түсіп, ат
шалдырып, өзі ерін жастанып қалғып кеткен екен дейді. Бір мезетте біреу
дыбыстағандай болғасын көзін ашса, қасында есек мінген ақ шұнақ шал
тұрғанын көреді. – Ассалау-мағалейкум, Ата! – деп сәлем берген Сәңкібайдың
сәлемін алған шал: – Балам-ай, таяғым жерге түсіп кетті. Әперші, - дейді.
Сәңкібай жалма-жан ұшып түргеліп, шалдың таяғын әперіп, ізет етіп, бас
иеді. Болдырып қалған жалғыз аттың қорлығы өткен батырдың жүзі сынық екенін
аңдаған шал: – Балам, бар бол! –деп таяғын ала бере кідіріп: “Шырағым,
бірдемеге қатты қамығулысың ғой. Неге күйзелдің?”– деп сұрапты. – Атеке-ай,
өмірде кедейлік жаман екен. Жауға да, дауға да мінерім жалғыз ат. Мойнында
өкпе-бауыр жалы жоқ. Тұрысы анау. Далада болдырып қалғасын, ер-тоқым
жастанып, жаяу қалып қор болғаныма ызаланып, налып отырмын ғой... - дейді. –
Е-е, олай болса, Алла кең ғой. Берейін десе, жасаған иемде байлық жетеді. –
Қолыңды жай, бата берейін! – депті. Сәңкібай сөзге келместен қолын жаяды.
Батасын қайырған шал енді бір сәтте есегін желдіртіп, сағымға араласып
ғайып болады. Өң мен түстей болған бұл оқиғаның не екеніне түсінбеген
Сәңкібай аңтарылып қалса да, әрі-беріден соң есін жинап, атына мінеді. Сол
көрініс есінен кетпей қойған батыр әлгі оқиғаны Әжібай биге айтқан болу
керек: – Саған жолыққан Қыдыр екен. Енді мандайына шаң тимейді. Байығанда –
жылқыңның санына өзің жетпейсің! – депті Әжібай [9.36].
Ол дәуірде қазақтың мақтаны да, қазынасы да жылқы малы болғаны
белгілі. Сәңкібайдың жылқысының көптігі сондай, малдың алды сәскеде суға
құласа, соңы суатқа бесінде жетеді екен дейді. Көнекөз қариялардың айтуына
қарағанда, Сәңкібайдың жылқысы өзеннен су ішкенде, кейбір тайыз жерлердің
суы тартылып, балықтар қайырлап қалатын көрінеді деген де әңгімелер бар.
Бұрынғы Алтай кеңшарының түстік шығысында, Жем, Сағыз өзендерінің
аралығында жалпақ адыр бар. Сол адырдың орта деңгейінде ені он бес,
ұзындығы жиырма-жиырма бес шақырым айтақыр жер жатыр. Өткен ғасырларда ол
ат жүзіп өтерлік суы мол, екі шеті сағыммен тілдескен айдын көл болыпты.
Сәңкібайдың жылқысы негізінен осы көлді жайласа керек.
Өзінің ырысына көз суаруға ықыласы ауғанда Сәңкібай көлді жайлап,
жусап жатқан жылқысына барып, аралап көреді екен. Бірде көлдің құрағына
жабылып, шұрқырап жатқан жылқысына көз салып тұрғанда, байдың, бидің қасына
ақ есек мінген ақ шұнақ шал ентелей тоқтап: “Әй, Сәңкібай, енді арманың бар
ма? Кедеймін” - деп еңірегенде етегің жасқа толушы еді, енді көңілің толды
ма?” – деп тіл қатыпты дейді. Көлде жусап тұрған жылқы судың терең жеріне
бармаған шығар, сол тұсын ойыстау көрген бай: Әне бір жері сәл кемістеу
емес пе екен?” – десе керек, аңшұнақ шал кекетіп: “Түу, көзің шыққыр,
тоймайды екен!” – деп, бір уыс құмды шашып жіберіп, жөнеле беріпті дейді.
Сондағы Ақшұнақ шал қыдыр болып келіпті-мыс. Көзі сол бойда соқыр
болып ауылына әрең жеткен Сәңкібай қанша емшілерге қаралса да, дауасы
табылмапты, сол күйі қари болып қалыпты. Осылайша, Сәңкібай өмірінің соңғы
шағында тақыр кедей болыпты. Сөйткен, Сәңкібай өзінің азды-көпті ғұмырында
кеңторғай мезгілді де көрген, кедейліктің де қасіретін тартқан.
Біздің бұл аңыздан аңғарғанымыз адам баласының тойымсыздығының ақыр
соңы не нәрсеге әкеліп соқтырғандығы болып отыр.
Көнекөз ақсақалдардың айтуына қарағанда, жау ел шетіне жеткенін
хабарлау үшін Сәңкібай әулетінің орныққан жазығы құмның басына от жағып,
түтін салса, оны сағыздың Нарқызыл аталатын биік құмында тұрған кісінің
көзі шалып, әрі қарай түтін белгі салады екен. Содан айналасы бір бие сауын
мезгілде бұл жерден 80-90 шақырым жердегі Қарауылкелді, онан әрі Ойыл
бойындағы Қарауылтөбе жау шапты деген суыт хабар алады екен.
Сондай-ақ, Жем-Сағыз даласында Күлдірдің ойы деген жерде, Сәңкібай
бидің Күлдір атты сұлу, ең кіші, ерке тоқалы болса керек. Атағы жоқ ойпатқа
өз атағын қалдырған Күлдір бір жайлаған жеріне таба басқан деген атақ
бергізген дегенде аңыз бар-ды. Өзі сұлу, өзі жас болса, ондай жанға көзі
түспейтін жігіт бола ма? Күлдір сұлудың ойнап-күлгенін біліп қалған бай
“қызғанышты жерін” табамен қарығанын ел есінде қалдыру үшін бұл қонысты
Таба басқан атаған жағдай жұрт есінде тарихи шежіре жазып кеткендей.
Ат аунаған жерде түк қалады демекші, өмір сүрген әрбір тарихи
кезең, тарихта болған әрбір этникалық топ жер бетіне топоним түрінде өзінің
белгісін қалдырып отырады.
“Кейбір тұтас этнос, оның тілі жоғалып кетуі мүмкін, ал олардың
белгісі ретінде топонимдер жер бетінде сақталып қалады. Бұндай топонимдер
өткен тарихты жаңа бір қырынан ашып сөйлетуге әбден қуатты” [15.6].
Осындай аталуы күңгірт тартқан, этимологиялық төркіні белгісіз,
зерттелуін күтіп тұрған топонимдер ізі қазақ даласында толып жатыр. Сол
қазақ даласының батыс аймағы, соның ішінде Ақтөбе өңірі тұтасымен ежелден
қазақ халқының жылап айырылысқан бауыры Ноғайлы елінің құтты мекені
болғандығын – тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қармақшы өңіріндегі аңыз әңгімелер
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Аңыз-әпсаналардың жанрлық ерекшеліктері
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Сейіт Қасқабаев - фольклортанушы ғалым
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Ескендірмен Асанқайғы жайлы әңгімелер
Қосарланған зат есімдер
Пәндер