Iскерлiк туризмнiң қалыптасуы



КIРIСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1.1 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң орны. . . . . . . . . . . . 7
1.2 Iскерлiк туризм түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
1.3 Iскерлiк турларды ұйымдастыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19

2 IСКЕРЛIК ТУРИЗМ . ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ НАРЫҒЫНЫҢ БАСТЫ СЕГМЕНТI РЕТIНДЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25
2.1 Қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы. . . . . . . . . . . . . . 25
2.2 Iскерлiк саяхатшылардың жiктелуi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26
2.3 Саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру. . . . . 27

3 БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ IСКЕРЛIК ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРI МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37
3.1 Батыс Қазақстанның облысының iскерлiк туризмнiң мәнi. . . . . . .37
3.2 Атырау облысының iскерлiк туризмiнiң қазiргi жағдайы. . . . . . . . 41
3.3 Маңғыстау облысының iскерлiк туризмiнiң даму песпективалары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 44
3.4 Экономика . достықтың сенімді де берік негізі. . . . . . . . . . . . . . . . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 55
Туризм халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi салаларының бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы әлемдiк сауда қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң жалпы шығыны әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi.
Iскерлiк туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ “iскерлiк туризм” түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу; ал үшiншi бiреулер - “iскерлiк туризм” деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн - өте өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да iскерлiк туризм мәселелерi бар.
1. Александрова А. Ю. Международный туризм.- М.,2001.-29б
2. Аверьянов Е. К. Реклама туристских маршрутов и услуг. - М.,1987.- 71б
3. Биржаков М. Б. Введение в туризм. - М.:СПб.,2001
4. Волошин Н. И. Международный туризм. Правовые акты. - М., 2000
5. Волков А. А. Гостиничный и туристский бизнес.
6. География инновационной сферы мирового хозяйства. - М.,2000
7. Гуляев В. Г. Организация туристской деятельности. Оқулық. - М., 1996
8. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика. - Алматы, 2000. – 136б
9. Cоколова М. В. История туризма. – М., 1998
10. Иоронкова Л. П. История туризма.
11. Пасечный П. С. Туризм для всех. - М.,1986.- 92б
12. Папирян Г. А. Международные экокономические отношения: Экономика туризма. - М., 2000
13. Сенин В. С. Организация международного туризма. Оқулық. -М., 2002
14. Романов А. А. География туризма. Оқулық. М.,1998
15. Статистикалық жинақ. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының туризмi. ҚР статистика бойынша агенттiгi. -Алматы, 2008
16. Чудновский А. Д. Гостиничный и туристский бизнес. - МОқулық.
17. Х. Монтанер Монтехано.Струкрура туристического рынка. Оқулық (испан тiлiнен аударған Войтович М. В.). – Смоленск, 2004. – 102б
18. Янкевич В. С., Безрукова Н. Л. Маркетинг в гостиничной индустрии и туризме. Российский и международный опыт . - М., 2000. – 165б
19. Қазақ Совет Энциклопедиясы, 6-том. - Алматы. 2000
20. D.Beel. Frequent Travelers Speak Out, Lodging Hospitality. – 2003, February
21. J. Moulsdale. What do women business travelers want? HSMAI Marketing Review. - 2005, winter
22. U.S. Travel Data Survey of Business Travelers; Lodging. - 2001, December
23. S.Bard. Spesial Report women travelers sold on safely, Hotel & Motel Management. - 2000, august 20.- 188б
24. Trends in the Hotel Industry,USA Edition, PFK Consulting. – London, 2005. – 125б
25. Қазақстан Республикасының туризм даму концепциясы. Туризм және спорт Министiрлiгi коллегияларының материалдары

Мақалалар мен мерзімді емес басылымдар тізімі:

26. Газета “Travel Trade Gazette”. – М. Қыркүйек, 2003.-24б.
27. Газета для путешественников.- Мәскеу., 2002
28. Маңғыстау облыстық қоғамдық газеті. [№154. 4 қазан 2008 жыл] Іскерлік байланыстар
29. Жукова М. А. Индустрия туризма. Менеджмент организации.
30. Журналдар: “Business Travel & Expense Mene Management Report”, ”American Express Europe Ltd”. – Нью-йорк, 2006

Нормативтік-құқықтық актілер:

31. Мәскеу үкiметiнiң үкiмi: Комплексная программа развития туризма в Москве за период до 2010 года. - М., 2000
32. ҚР-сының туристтiк iс-әрекет туралы заңы. 212–2. - Астана, 13.06.2001
33. 2009 жылға арналған ҚР-сы Президентiнiң Халыққа жолдауынан.

Интернет-сілтемелер:
34. www.businesstour.ru/biznes-turizm/php – Бизнес-туризм – лекарство от кризисов.- 2003
35. www.rbta.ru – Iскерлiк Туризм Ассоциациясы. Конференция. - М ., 2002
36. www.travelgazette.ru/pressconf/deltur.htm Деловой туризм – феномен 20-го века.
37. www.narod.ru/geogr –Халықаралық туризм. Туризм географиясы.
38. www.rambler/WEBSERdesign/ru – Мәскеу-бизнес-саяхаттарға арналған ең қымбат қалалардың iшiндегi тiзiмде үшiншi орында.
39. www.mosoblpress.ru – Газетi: Серхуповские Вести. - 31.05.2001
40. www.ratanews.ru/news/news 11.03.2003. - Ресей iскерлiк туризм глобусында. Конференциялар.
41. www.travelgazette.ru/pressconf/deltur.htm Деловой туризм – феномен 20-го века.
42. www.yandmarkup?cluster – Туризм географиясы.
43. www/utsmow.ru/business/.- Iскерлiк туризм.
44. www.turist_ru – Ресейдегi бизнес-туризм – мүмкiншiлiктерi мен перспективалары(08.08.2003).
45. www.rambler.ru – Пиллигрим-94: бизнес-туризм, iскерлiк саяхаттар.
46. www.google.kz

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

1. IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI
ЖАҒДАЙЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .5
1. Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң орны. . . . . . . .
. . . . 7
2. Iскерлiк туризм түрлерi. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 11
3. Iскерлiк турларды ұйымдастыру. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 19

2 IСКЕРЛIК ТУРИЗМ – ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ НАРЫҒЫНЫҢ БАСТЫ СЕГМЕНТI РЕТIНДЕ. . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . 25
2 Қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы. . . . . . . . . . .
. . . 25
2. Iскерлiк саяхатшылардың жiктелуi. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 26
3. Саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру. . . . . 27

3 БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ IСКЕРЛIК ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРI МЕН
ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .37
1. Батыс Қазақстанның облысының iскерлiк туризмнiң мәнi. . . . . .
.37
2. Атырау облысының iскерлiк туризмiнiң қазiргi жағдайы. . . . . . .
. 41
3. Маңғыстау облысының iскерлiк туризмiнiң даму песпективалары. . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 44
4. Экономика - достықтың сенімді де берік негізі. . . . . . . . . . .
. . . . . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . 53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 55

КIРIСПЕ

Туризм халық шаруашылығының қарқынды дамып келе жатқан және ең кiрiстi
салаларының бiрi. Үшiншi мыңжылдықтың басында халықаралық Үлесiне жалпы
әлемдiк сауда қызметтерiнiң 30-35% тиедi. Iшкi және халықаралық туризмнiң
жалпы шығыны әлемдiк жалпы ұлттық өнiмнiң 12% құрайды.
Туризм мәдени құндылықтың дамуы мен қозғалуына әсер етедi, әртүрлi
елдер мен халықтар арасындағы қатынастарды бiрiктiредi. Үкiмет, қоғамдық
ұйымдар және коммерциялық құрылымдарды қоршаған ортаны жақсарту мен
қорғауға белсендi қатысуға итермелейдi.
Қазақстандағы туризм жағдайы бұрынғы жеткен туристтiк қызметтер
көлемiнiң жылдам түсуi, материалдық базаның қысқаруы мен халықтық туристтiк
қызметтерге қажеттiлiктерiнiң сәйкес келмеуi кризистiк бағаға әкеледi.
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм
алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған
байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған
әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi.
Iскерлiк туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес
болып танылған. АҚШ-та жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның
iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ “iскерлiк туризм” түсiнiгi жоқ.
Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар
пайдалыны жайлымен бiрiктiру,яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа
жерлерде демалу; ал үшiншi бiреулер - “iскерлiк туризм” деген жоқ, өйткенi,
анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы
түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және
экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан
бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты
саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227
млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристтiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк
туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi
жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және
тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау
жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен
жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте
маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн - өте
өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да
iскерлiк туризм мәселелерi бар.
Туризмнің іскерлік түрін дамытуда еліміздің батыс аймағы қарастырылып
отыр. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндттер анықталады:
- халықаралық туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризм орнын;
- бұл саланы қалыптасуы мен iскерлiк туризм түрлерiн;
- қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы қарастыру;
- іскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
- Батыс Қазақстандағы іскерлік туризм дамуының мәселері мен
перспективалары қарастырылады.
Берілге жұмыста тек қана Қазақстан емес сонымен қатар әлемдiк iскерлiк
туризм келешегi мен мәселелерiн анықтауға тырысамыз. Сонымен қатар
Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне, қызмет көрсетулердің
халықаралық саудасы мен мемлекет экономикасының кіріс секторы шеңберінде
халықаралық кәсіпкерлік пен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласы
ретінде бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға жәрдем ететін осы
Батыс Қазақстанның орталықтары (Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал қалалары)
ықпалы зор екенін көрсетмін.
Жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін туризм
саласындағы шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері, статистика
агентігінің мәліметтері, түрлі әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар, газет-
журналдар, халықаралық сайттар мен басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.

1 IСКЕРЛIК ТУРИЗМНIҢ КАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ

“Busines Travel” (“Iскерлiк туризм”) - тiптi халықаралық өлшеммен
қарағанда жаңа түсiнiк. Iскерлiк туризмнiң ең қанат жайып дамуы өткен
ғасырдың 80 жылдарынан басталды. Iскерлiк ңатынастардың жылдам қарқынмен
өсуi бiрнеше себептерге байланысты. Олар iскерлiк, ғылыми, мәдени аусымдар
интенсификациясымен байланысты әлемдiк экономиканың өзектiленуi, орта класс
үлесiнiң көбеюi есебiнен, халықтың әлеуметтiк құрамының өзгеруi. [5]
Батыста iскерлiк сапарларды ұйымдастыру мәдениетi 10 жылдық бойында
қалыптасты. Осы уақыт iшiнде iскерлiк туризм сферасында әлемде
ассоциациялар пайда болып, қалыптаса бастады. Жоғарыда айтылғандай –
ғылыми, бiлiм мекемелерi, баспа мекемелерi, әдiстемелiк оқулықтар,
маманданған секторлар мен категориялар базасында тұрақты ұйымдасқан құрылым
қалыптасты. Басты мән беретiн жәйт Батыста iскерлiк туризмнiң дамуына
мемлекет тарапынан қолдау көрсетiлген.
Iскерлiк туризм кездесу индустриясы (Meeting Industry)- ұқсас
түсiнiктер. Негiзiнен ол ағылшын тiлiнiі “MICE” аббревиатурасынан құрылған
бiрнеше сөздiң бастапқы әрпiнен тұрады. Бұл сөздер iскерлiк туризм
индустриясында кең қолданысқа ие. [6]
Аббревиатураны жiктесек:
M – “meeting”- кездесулер
I – “incentives”- интенсивтi iс-шаралар
C – “conventions”- конференциялар
E – “exhibitions”- көрмелер
Өкiнiшке орай, бiзде әлi iскерлiк туризм нарығында қалыптасатын
маманданған тұлғалар, негiзгi ұйымдар туралы ұсыныстар мен түсiнiктер
шатасқан, олардың мақсаттары, функциялары, өкiлеттiлiктерi шектелмеген,
анық жiктелуi жоқ. Әлi күнге дейiн қабылданған стандарттар мен халықаралық
тәжiрибе көзiмен аталмыш саланың негiзгi параметрлерiн сипаттайтын анық,
түсiнiктi тiркелген сөздiк жоқ. Әрине, бұның барлығы маманданған компания
жұмысын қиындатады, iскерлiк саяхат немесе шара ұйымдастыру мәселесiн
тудырады, халықаралық және ұлттық құрылымдармен қатынасты күрделендiредi.
Iскерлiк ресей бизнесмендерi Ресей үшiн iскерлiк туризмнiң өзектiлiгi
мен келешегiн есепке ала отырып 2000 жылы қаңтарда Iскерлiк Туризм
Ассоциациясын құрды. Ассоциация Ресейдегi, ТМД елдерiн және шетел iскерлiк
туризм нарығында жалпы мақсаттарды өткiзу үшiн, мүдделердiң жалпылама
негiзiнде бiрiккен тәуелсiз ұйымы. [7] Әлемде Ассоциация нұсқа сипатында.
Жұмыс кооперация мақсатында құрылады. Iскерлiк Туризм Ассоциациясының
миссиясы – iскерлiк туризмнiң қазiргi инфрақұрылымын дамытуға iс-әрекет
етуде қызметтер тұтынушылар мен тасымалдаушыларға ортақ ақпараттық кеңiстiк
құру; iскерлiк туризмнiң әлемдiк концепциясын дамыту және қозғау;
ағартушылық-бiлiм жұмыс атқару жолдарын қарау. Ассоциация өз жұмысында
позитивтi тәжiрибе мен халықаралық бизнес-бiрлестiктер салалар рөлiне
сүйенедi.
Iскерлiк туризм инфрақұрылымында орталық орынды қонақ үйлер мен бизнес-
орталықтар алады, сондықтан бiз оларға көп көңiл бөлемiз.
Тәжiрибелi және болашақты болжайтын басқарушылар, қонақ үй бизнесiнде
iскерлiк саяхатшылар “күнделiктi туристерге” қарағанда басқадай жағдайды
қажет ететiнiн түсiнедi. Бүгiнгi күнi бiз жиi “Интеллектуалдық мекеме”
туралы естимiз, интеллектуалды қала, үй т.б. Дәл осындай концепцияның өтуi
Қазақстанның ақпараттық әлемге жедел өтуiне мүмкiндiк бередi. Жалпы
Қазақстан Ресей және басқа да ТМД елдерiнде құрылу өзектiлiгi, сонымен
қатар, бизнес үшiн қолайлы осы елдердiң iрi қалалары “The best cities for
business” зерттеу нәтижесiнде көрсеткендей бизнес жүргiзу үшiн өте қолайлы
болып отыр. Бұны “Anderson” аудиторлық компаниясы мен “Fortune” журналының
бiрiгуiмен 2000 жылы жарық көрдi. [8] Зерттеулер қорытындыснда Мәскеу және
Санкт-Петербург iскерлiк инфрақұрылым сапасы бойынша алғашқы орындарда
болса, Алматы мен Астана туралы мүлдем айтылмаған.
Тағы бiр зерттеу “Runzheimer Internatonal” компаниясымен жүргiзiлген.
Бұл жолы “Бизнес-саяхаттар үшiн ең јымбат әлем-қалары” (1 кесте).

1 кесте
Бизнес-саяхаттар үшiн ең қымбат әлем қалалары [34]

Лондон $498
Женева $410
Мәскеу $407
Нью-Йорк $401
Амстердам $393
Сан-Хуан(Пуэрто-Рико) $388
Токио $374
Бостон $358
Сантьяго(Чили) $351
Дели $350
Гамбург $177
Страсбург $175
Сан-Хосе(Коста-Рика) $174
Куала-Лумпур $165
Монреаль $164
Ванкувер $159
Оттава $158
Окланд $154
Аделаида $154
Йоханнесбург $140

Зерттеу әлемнiң 200 қаласында жүргiзiлген. Қымбаттылығы үш күндiк
бизнес-класс мейрамханада тамақтану және бiр орынды бизнес-класс қонақ
үйiнде орналасу құны қосындысымен анықталды.
Мұнда әлемдегi ең қымбат қалалардың жиырмасы келтiрiлген, және бiз
көрiп отырғандай тiзiмде – қалалар әлемнiң әр бұрышынан алынған. Бiрақ
көшбасшы “Үштiкке” Еуропа қалалары, соның қатарына – Мәскеуде кiредi. Ең
“арзан” қалалар тiзiм бойынша Йоханнесбург, Аделаида және Окланд болып
келедi.

1.1 Қазiргi туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризмнiң алатын орны

Бүгiнгi күнi туризм – бизнес саласындағы ең табысты көзi болып
табылады. Туризм көрсеткiш мысалымен тек қана өнеркәсiп, ауыл шаруашылық
ғана емес қызметтер нарығына көптеген миллиардтап табыс әкелетiн сала
екендiгiн көрсетiп отыр. Туризмнен түскен салықтан көптеген елдер бюджетi
құралып, туризм рөлi әлемдiк экономикада жылдан- жылға өсуде.
Туризм барлық шаруашылық салаларымен және адамдар жасайтын iс -
әрекеттердiң түрлерiмен байланысты, себебi олардың дифференциациясы мен
дискреттiлiгi адамдарда орын ауыстыру мен тануды тудырады.
Кейiнгi он бес жылда туризм саласы қалыптасып, қызмет көрсету бойынша
әлемдегi ең үлкен сфера атағын алды. Бiрақ мемлекет экономикасына туризмнiң
дұрыс әсер етуi егер туризм елде барлық жағынан дамып, экономика қызметтерi
ел экономикасын жоғары болмаса ғана дамиды. [1]
Соңғы елу жылдың iшiнде туристтiк индустрияға кең ауқымдағы мәселелер
қолайсыз жағдай туғызды. Олар – табиғи қауiптер, күрделi әлеуметтiк
шиеленiстер, соғыстар, экономикалық кризистер мен терроризм. Туризм
индустриясы икемге келiп, қиындықтарды жеңiп, бiраз тәжiрибе жинап қалды.
Туризм басқа салаларда болмайтын кризистердi жеңiп шығатын
экстраординарлық мүмкiндiгi бар. Туризм сферасының кеңеюiмен оның
көрсеткiштерi бiраз өзгерiстерге ұшырады.
Кейiнгi он жылдықта болған келудiң максималды өсу темпi 2005 жылы
болды. Бұл әлемдегi экономикалық және саяси тұрақтылыққа. Халықаралық
келушiлердiң жалпы көлемi жекелеген мақсаттағы сапарлар үлесiнiң өсуiмен
байқалады. Мәселен, 2000 жылы 3%-дан 2008 жылы 32.86%-ға көтерiлген.
Жекелеген мақсаттармен сапар шегу, яғни iскерлiк туристтер үлесiнiң артуы,
басқа топтардың қысқаруына әкелiп соғады. 2000 жылдан 2008 жылы iскерлiк
сапарлар нәтижесiнде Қазақстанға келушi шетел азаматтарының көлемi 2000
жылы 43% болса, 2004 жылы 13.12% қысқарды. Басқа жағынан, көрсетiлген
жекелеген мақсаттардағы келудiң жоғарғы үлесi виза құжаттары мәселелерiмен
байланысты. [25]
Қазақстанда сонымен қатар шетелдiк азаматтарының келуi мен Қазақстан
азаматтары шығу санының көбеюi байқалады (1 сурет).

1 сурет. Қазақстанға келген шетел азаматтары мен шетелге шығушы
Қазақстан азаматтары [15]

Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi бұл резидент
және резидент еместердi сапар мақсатына қарай бөлдi. [15] Бұл кесте бойынша
қызмет бабымен барушы адамдар саны жекелеген сапарлардан асатынын байқаймыз
(2 кесте).

2 кесте

Сапар мақсатына байланысты 2008 жылғы резидент және резидент еместер
саны [15]

Ел атауы Шетелге шығушы ҚР-ғы ҚР-на келушi резидент
резиденттер саны еместер саны
Барлығы,адам(соның 2274702 3677921
iшiнде)
Қызмет сапары 344406 397599
Туризм 121807 47461
Жекелеген 1596272 2138369
Транзит 7304 845929

Жиырмасыншы ғасырдың екiншi жартысы келешектегi даму мен iшкi
экономикалық қатынастардың араласуымен танылды. Әлемдiк экономиканың өсушi
қажеттiлiктерi халақаралық келiссөздердiң өсуiне әкеледi.
Маманданған, ұйымдасқан жұмыс қызметтер тұтынушы мен жеткiзушi лерге
де тиiмдi,өйткенi сақтау мен iскерлiк туризмге қызмет көрсету сапасының
көтерiлуiнде iскерлiк сапарға бөлiнген қаражаттан 70% үнемдеп қалады.
Iскерлiк туризм қазiргi туризм жiктелуiнде басты орында тұр. Бұл
туризм түрi туризм типiне және осы категориядағы туризм турiне жатады.
Соның iшiнде бұл категория: рекреациялық, экскурсиялық (мәдени), арнайы
түрлерге бөлiнедi. Дәл арнайы туризм түрiне iскерлiк туризм түрi жатады
(коммерциялық-iскерлiк, конгресстiк, т.б.). [25]
Қазiргi бизнесте белсендi ақпарат алмасу, жаңа технологияны игеру,
халықаралық конгресстерге, семинар, көрмелерге қатысусыз мүмкiн емес. Бұның
барлығы iскерлiк туризм сферасына кiредi. Осы туризм саласы көмегiмен
экономикаға жаңа ойлар келедi, жаңа нарықты жаулап алады (27 ақпан-1 наурыз
аралығында Халықаралық Сауда Орталығында “Iскерлiк туризм 2001. Iскерлiк
стиль” көрмесi өттi).
Iскерлiк туризм отандық ұлттық экономика дамуына үлкен үлес қосады,
халықаралық инвестициялық капитал және әлемдiк экономика бiрiгуiне енуiне
әрекет етедi. Өкiнiштiсi, бұл iскерлiк туризм рөлi Қазақстанда мемлекеттiк
деңгейде жетiлiп болған жоқ. Маркетингтiк зерттеулер мен болжау
көрсеткендей, кез-келген экономикалық кризис және төмендеулер кезiнде бұл
туризм түрi аз күйзелiске ұшырайды, тiптi керiсiнше өзiнiң көлемiн
көбейтедi. Болашақ он жылда iскерлiк туризм өсу темпi жеткiлiктi жоғары
деңгейде қалады және 2020 жылы:
Iскерлiк халықаралық сапарлар саны 3 есе 564 млн-нан жылына 1,6 млрд-
қа дейiн өседi;
Iскерлiк туризмнен түскен табыс 5 есеге 399 млрд. $-дан 2 трлн. $-ға
өседi. [4]
Мұндай табыстар динамикасының өсуi iскерлiк туризмде әлемдiк нарықта
жергiлiктi нарық тұрақсыздығы мен ерекшелiктерге байланысты Қазақстан,
Ресейге қолданылмаған, бiрақ Қазақстан үшiн жақын уақытта бұл бизнес
сферасы ең табыстылардың бiрi болып қалмақшы. Бүгiнгi күнi Қазақстандағы
iскерлiк туризм нарқы қалыптасу мен даму стадиясында. Бiрақ, ТМД елдерiнде
iскерлiк туризм дегенiмiз – iскерлiк сапарлар мен шараларға қызмет көрсету.
Сондықтан, бiзде әзiрше толығымен жетiлмеген, көбi iскерлiк туризмдi
жекелеген сала қылып бөлмейдi.
Сонда да iскерлiк туризм халықаралық туризмдегi басты салалардың бiрi.
Әлемде iскерлiк туризм терең әлеуметтiк-экономикалық және саяси құбылысқа
айналды. Жоғарыда айтылғандай. Бұл “ең басты” өзiндiк, жоғары рентабельдi,
динамикалық әлемдiк экономика саласы, қонақ үй нарығының негiзгi және
келешегi бар сегментi, туризмнiң өзiндiк секторы болып табылады. Батыс
компаниялары бұл туризм түрiн – баяғыдан бизнес – туризм деп атауда.
Шығу конференция, семинар, тренингтер – жақсыны пайдалымен қосу
мүмкiндiгi. Бұл бизнес – шешiм қабылдау, персоналды оқытуды жүргiзу,
iскерлiк байланыстарды орнату әдiстерi емес, сонымен бiрге команданың
корпоративтi рухын күшейту, коллектив мүшелерi арасындағы бейресми
қатынастарды ойластыру. Ресейлiк және Қазақстандық бизнесмендер де батыстық
әріптестеріне қарап, iскерлiк туризм мүмкiндiктерi туралы ойластыруда.
Бiрнеше туристiк фирмалар жаңа нарықты игеру, сауда келiсiмдерiне
отыру мақсатыме топтық бизнесмендер сапарларын ұйымдастыруға мамандана
бастады. Соған қарамастан, турфирмалар сирек белсендi бизнесмендерге
көмектеседi: олар – сол немесе басқа нарықтағы жағдайда болу, сауда
партнерлерi мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер жинау, iскерлiк кездсулердi
ұйымдастыру, т.б. [31]
Iскерлiк сапарлары нарығын анализдеу белгiлi бiр елдер немесе елдер
тобымен экономикалық қатынастар жағдайымен байланысты. Iскерлiк сапарлар
жекелеген ең жоғарғы класс пен қымбат апартаментте орналастыру және күнi
бойы көлiкпен қамтамасыз ету сұранысын туғызады.
Iскерлiк кездесулердiң ең атақтысы – бiрiншi класстағы бiр орындық
орналасу сұранысы. Iскерлiк саяхатшылар экономикалық тұрғыдан пайдалары
бар, өйткенi, оларда маусымдық факторлары болмайды. Тiптi тристiк маусым
биiктеу шегiнде олардың көлемi азаюы мүмкiн. Басты тағы бiр, бизнесмендер
сапарлары қосымша – жарнама, орындарды броньдау мен тәртiбi туралы ақпарат
шығындарын қажет етедi.
Бiздiң елiмiзде кiру iскерлiк туризмi инфрақұрылымының құрылуына аз
жұмыстар жасалған. Бұл жағынан, Ресей бiзден алда, Мәскеуде және облыс
орталықтарында көптеген бизнес – қонақ үйлер, бизнес орталықтар салынуда;
конгресс – бюролар; көрме ұйымдары құрылуда; конгресс, форум, т.б. iс –
шаралары күнтiзбесi кеңеюде.
Осы ақпаратқа сүйене отырып, қазақстандыј iскер адамдарға олардан үлгi
алу керек. Бұл тек қана үлкен табыс емес, ел экономикасын жаңа деңгейге
көтередi. Әлемдiк iскерлiк туризм дамуына саяси жағдайда көп әсерiн
тигiзбейдi. Ресейлiк Iскерлiк Туризм Ассоциациясының вице – президентi Юрий
Сарапкиннiң айтуынша, тiптi, әлемдiк туриндустрия кризисi болған 11
қыркүйектегi жағдай бұл туризм секторына көп әсерiн тигiзген жоқ.
Туризмнің дамуына саяси имидждің де ықпалы зор. Қазір еліміз көптеген
халықаралық беделді ұйымдардың бас қосатын жеріне айналған. Мәселен,
елімізде өткізілетін Азиядағы ынтымақтастық және өзара сенім шаралары
жөніндегі кеңестің саммиттері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиындары,
Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезі, Еуразиялық медиа-
Қазақстанды дүниежүзіне паш етеді. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін
насихаттау мақсатында еліміз халықаралық туристік биржалар мен көрмелерге
қатысуда. Мәселен былтыр Берлинде өткен ITB 2007 әлемдік көрмесіндегі
қазақстандық экспозицияның табысын ерекше атап өтуге болады. Біздің брэнд
Азия, Австралия және Мұхит елдері арасындағы үздік атанды,- Спорт және
туризм министрі Темірхан Досмұхамбетов. Қазақстан экспозициясы Шанхайда
өткен WTF 2007 жәрмеңкесінде де бірінші орын алды. Ақпан айында Қазақстан
Мадридте өткен әлемдегі ең ірі FITUR халықаралық туристік көрмеге қатысты.
Биыл Қазақстан ірі 9 халықаралық көрмеге қатыспақ. 2001 жылдан бері еліміз
Берлин, Мәскеу, Лондон, Мадрид қалаларында, сондай-ақ, Кореяның Сеул
қаласында өткен “КОТFА” көрмесі мен Жапонияның астанасы Токио қаласында
өткен “SАТА” атты халықаралық көрмелерден тыс қалған жоқ. Еліміздің
туристік мүмкіндіктерін шетелге насихаттау барысында жыл сайын Алматының
төрінде КІТF, ал Елордада Астана - Leasure атты халықаралық көрме мен
Шығыс Қазақстан облысында Белуха халықаралық туристік фестивалі өткізіліп
тұрады. KITF жәрмеңкесінің деңгейі артып келеді. Бұған 2007 жылы 33 елден
450 компанияның қатысқаны дәлел. Бүгінде әлемнің жетекші ақпарат
алпауыттары ВВС, СNN, Euro News телеарналарында Қазақстанның көрікті
табиғаты, халқы, мәдениеті туралы бейнероликтер көрсетілуде. Бұл туристік
мүмкіндіктерімізді насихаттайтын тиімді жол. Біздің кең байтақ еліміз әлем
елдері бойынша көлемі жағынан 9-орында тұрақтап тұр. Соған қарамастан
былтыр Қазақстан туризм саласында 68- орыннан 71-ге төмендеп кетті. Сырттан
келетін туристердің саны 2006 жылғы көрсеткішпен қалып келеді. Басты себебі-
ұйымдастырушылық кедергілер. Мамандардың дерегіне сүйенсек, дүниежүзі
бойынша жалпы туризмнің 60 пайызын іскерлік туризм құрайды екен.
Қазақстанның әлемдік геосаясаттағы салмағы елдегі туризмнің осы бір саласын
дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Яғни, еліміз біздің елден өзіне
экономикалық серіктес іздеп келуші компаниялар арқылы да ақша табуына
болады. Іскерлік туризмнің әлем бойынша жылдық айналымы 700 млрд. доллар.
Еуропа мен Америка сияқты дамыған елдер әріптес іздеген бизнесмендердің
есебінен - ақ қомақты қаржы тауып отыр.

1.2 Iскерлiк туризмнiң түрлерi

Iскерлiк туризм көп салалы. Жоғарыда айтылғандай, мамандар “бизнес -
туризм” түсiнiгi орнына жиi “MICE” терминiн қолданады, өйткенi бұл
аббревиатураны құрайтын сөздер – бұл iскерлiк туризм түрлерi немесе бизнес
– туризм құрылымы (“Horwath Axe Consultants” мәлiметi бойынша):
1) Жеклеген iскерлiк сапарлар, олар бүгiнгi күнi iскерлiк туризм
құрылымының 70,8% құрайды;
2) Конференция, семинарлар – 12,6%;
3) Көрмелер – 10,3%;
4) Конгресстiк туризм – 3,3%;
5) Инсентив – туризм – 2%.
Бiрақ ТМД – да экперттердiң ойынша, басқаша. Iскерлiк сапар әйгiлiгi
өте жоғары, мәселен, таза интенсив үлесi 2% тең. Егер әлемдiк тура ағымда
бизнес – туристер үлесi 25-30% құраса, ТМД – 20% аз.Сол уақытта басқа
жағынан iрi қалалар– Мәскеу, Санкт-Петербург, Алматы кiру ағымы
бизнесмендердiң 60%-ға жақындады. [10]
Конференция, семинарлар – бұл шараларға қатысу алдын-ала жоспарланады.
Бұл шараға компаниядан адам жiберiлуi мүмкiн немесе функциялық тұлға немесе
бақылаушы т.б. Ал көрмелерге қатысу керiсiнше, алдын – ала ойластырылмаған
таныс емес адамдар болады. [11]

Атырауға мұнай көрмесіне сапардың бағдарласының үлгiсi

ұзақтығы: Құны: Топ:
6 күн(5 түн) 100 евродан(3* қонақ үй) 20 адамнан
200 евродан(4* қонақ үй) басталады
1-күнi
Атырауға келу. Гидпен трансфер әуежайдан қонақ үйге. Қалаланың негiзгi
көрiктi жерлерiне шолу жасау. Трансфер және қонақ үйге орналастыру.
2-күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
3-күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
4 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Көрмеге қатысу (күнi бойы), екi жаққа автобусты
трансфер.
5 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Бос күн. Қосымша экскурсиялар, ассистентпен
бiрге шоппинг, т.б..
6 күнi
Қонақ үйдегi таңғы ас. Шығарып салушымен әуежайға трансфер.

Құнына кiретiндер:
- Қазақстан визасын дайындау үшiн шақыру қағазын алу;
- Қонақ үйде екi орынды номерде таңғы асымен ,швед столы 5 түн (3% қонақ
үйде бiр орынды номер – 225 евро, 4% - 450 еро үстiне ақша төлейдi);
- Көлiк қызметi;
- Атырау қаласы бойынша шолу экскурсиясы (3 сағат);
- Көрмеге кiретiн билет;
- Құнына кiрмейтiндер;
- Халықаралық әуе айналымы;
- Виза және сақтандыруды дайындау үшiн шығындар;
- Қосымша тамақтану (қонақ үйдегi таңғы астан басқасы).
Қосымша қызметтер:
- Жарты күнге аудармашы (4 сағат) 75 евро, бiр күнге 500 евро топқа;
- Қарсы алушы мен шығарып салушы қызметтерi 20 евро сағатына;
- Кешкi ас бiр күнге бiр адамға – 10 евро;

Конгресстiк туризм.
Конгресстiк қызмет көрсету – туристтiк қызмет көрсету түрлерiнiң
арнайы түрi. Конгресстiк туризм әлемдегi тиiмдi туризм түрi, өйткенi
туризмнiң басқа салалары, мәселен, демалыс және ойын-сауық мақсатындағы
туризм түрiне қарағанда көп табыс бередi.
Сонымен қатар, конгресстiк туризм басқа саяхат түрлерiне қарағанда екi
үлкен ерекшелiгi бар:
- конгресстiк туризм – материалдық базаны маусымаралыө немесе маусым емес
уақытта қолдануға мүмкiндiк бередi;
- конгреске қатысушылар үшiн орынды броньдау шара өткiзiлер алдында ғана
жүзеге асады.
Осы сияқты конгресс және басқада шаралар тиесiлi материалдық
базалардан басқа демалыс, ойын-сауық, спортпен айналысу мүмкiндiгi болатын
орындарда ұйымдастырылады.
Экперттiң бағалауы бойынша ТМД-дағы конгресстiк және интенсив-
туризмнiң болашағы үлкен. Оның себептерi бар:
1.Мәскеу, Санкт-Петербург, Ресейдiң басқа қалалары және ТМД-да басқа
шетел мамандарын қызықтыратын кәсiпорындар бар;
2.Бiздiң мәдениетiмiз, көне ескерткiштер, мұражайларға әлем бойынша
қызығушылық артуда;
3.Кейiнгi жылдары ТМД-да көптеген бiрiншi классты қонақ үйлер салынды,
қайта жөедеуден өттi.
Оларда әрине, барлық қажеттi құрал-жабдықтармен конгресс-орталықтар
қамтылған. Сондықтан Ресей және Қазақстан – конгресстiк және интенсив-
туризм үшiн лайықты орын.
Айта кететiн жайт – конгресстiк туризм екi адамзат қажеттiлiктерiнiң
қосылысқан жерiнде түр: ақпарат алуда және ойын-сауықта, соның iшiнде –
саяхаттау. Компьютер және байланыс құралдарының көмегiмен қарым-қатынас
“тiрi” байланысты айырбастай алмайды. Конгресстiк туризмнен түскен 30 %
жоғары табыс экскурсиялық бағдарламалар мен банкеттердi ұйымдастыруды
қамтамасыз етедi. Форумға қатысудағы әртүрлi ынталандырулар мен олардың
өзгеру тенденциялары болжамы (3 кесте).

3 кесте

Форумға қатысуды ынталандыру [43]

Ынталандыру 2010 жылға болжам
Ақпаратқа қажеттiлiк 34,8
Маманданған келiссөздер 23,9
Халықаралық келiссөздер 13,8
Оқуға деген қажеттiлiк 406
Туризм 10,1
Талқыланған мәселеге қызығушылық 7,3
Достық келiссөздер 5,5
100

Тек жоғарыда келтiрiлген ынталандырулар сол немесе басқа форумге
қатысуды шешуге әсер етедi. Делегаттардың төрттен үшi орындарын таңдаудан
басталады. Форум өткiзу орны анықталған соң әртүрлi факторлар есепке
алынады: тез ену (әуежайдың жақындығы), қонақ үй сервисi, бағалар деңгейi,
медициналық қызмет көрсету, конференц залдардың болуы, тамақтану,
жергiлiктi көрiктi жерлер, қалалық көлiк, ойын-сауық, жаңа танысу
мүмкiндiктерiн ойластыру, кеден процедуралары.
Барлық осы сұрақтардың шешiмiн табуға форум ұйымдастырушы компанияға
үлкен көмек көрсететiн – турисстiк агенство. Агенство бөлшек бағдарламаны
өңдейдi, ұйымдастырушылар үшiн танысу турын жасайды. Кез-келген iскерлiк
сапар түрiн ұйымдастыру – бұл мамандармен тапсырушыға ұсынылған шешiм.
Кездесу индустриясы тез қарқынмен дами бастағанда, 1963 жылы
халықаралық конгресстер мен жиылыстар ассоциациясы құрылды. Оның штаб-
квартирасы Амстердамда. Қазiр ассоциация әлемнiң 80 елiн қамтиды – оның
iшiнде Қазақстан жоқ. Бүгiнгi күнi әлемде белгiлi бiр жиiлiкте жылына
немесе одан жиi ұзақтығы 2-3 күннен 6-күнге дейiнгi 10 мыңнан астам
форумдар өтедi. Онда 10-50 мың және адам көп қатысады. Ассоциация осындай
кездесулердiң 80% бақылауға алады.
Кейiнгi онжылыдықта конгресстiк белсендiлiктiң ең жоғарғы шегi 2004-
2005 жылға келедi, ол жылдары жалпы 6466 кездесу жүргiзiлген.
Мәскеудегi конгресстiк туризм. Бұдан 7-10 жыл бұрын туристтiк
мақсаттар Мәскеуге сапар үшiн себеп болса, қазiр көптеген шетел қонақтары
бизнес-туристтер ретiнде келедi, соған байланысты ассоциациясының “қонақ
үйi, туристтiк және ресторан бизнесi университетi ақпараттық-аналитикалық
бөлiм бастығы Марина Смирнованың ойынша, астаналық қонақ үйi ұсынысы
ерекшелiктерi анықталады. Сапар мақсаттары бойынша орналастыру қызметiне
сұраныс сегменттеуi болса, онда Мәскеуде конгресстiк туризмдi құрайтын
барлық конференция, семинар, көрмелердi өткiзу қызығушылығы артуда. Осы
уақытқа дейiн бұл сегмент сату көлемiнiң 5%-ын ғана құраса, сол уақытта
әлемнiң басқа қаларында бұл сан 30%-ға жетедi, соған қарап нарықтағы қонақ
үй қызметтерiн дамытуға болады. Марина Смирнованың айтуынша бiрнеше қонақ
үйлер конгресс бизнеспен белгiлi бiр үмiт алады, көбiнесе күз-қыс
уақытында. Бұл үмiт толығымен ақталды: Мәскеу үкiметi iшкi экономикалық
байланыстар бойынша Комитетi мәлiметтерiнде өткен жылы Мәскеуде 150 әртүрлi
конгресстiк – көрмелiк шаралар жүргiзiлген, ол 1998 жылға қарағанда 2,5 есе
көп. Келген қонақтардың жалпы саны – 50 мың адам, оның iшiнде 80% астамы
шетел азаматтары. Орташа шарада 100-500 адам қатысушылар қонақ үйдiң
жартысын алады. Егер оған мейрамхана, конференц-залдарды қосқанда, бұл
туризм түрiнiң орналастыру құралдары үшiн тартымдылығын көруге болады.
Смирнова ханымның есебiнше, Мәскеудегi конгресс туризм дамуына кедергi
жасаушы негiзгi фактор халықтық талаптарға сай жеткiлiктi сыйымдылықтағы
көрмелiк кешендердiң жоқтығы. ”Қонақ үй алаңы” көрмелiк шараны өткiзу үшiн
дүкендердiң орналасуы және подсобка мекемелерiне арналған 27500 м квадрат
ғана алаңды ұсынады. Қызыл Преснедегi кешен iрi шаралар жүргiзуге мүмкiндiк
бередi, бiрақ ой инфрақұрылымның дамумен қайта жөндеуiн талап етедi.
Сонымен бiрге, басқа Еуропа қалаларынан Мәскеу мүмкiндiктерi конгресстiк
өткiзу мүмкiндiгi сыйымдылық бойынша өзгешеленедi.
Инсентив – туризм (ағылшын incentive – стимул, мадақ) - халықтық
туризм нарығында iскерлiк туризм түрi ретiнде қызмет атқарғанына көп болған
жоқ, бiрақ көптеген компаниялар ынталандыру әдiсi мен ґжым ынтымағына
жеткен. Бұл бiрiккен туристтiк саяхат және компания офисiндегi корпоративтi
кеш, ұжымдық демалыс немесе қала сыртындағы пикник болуы мүмкiн. [17]
Инсентив турлар – компания басшылығының қызметкерлерге алғыс айту,
тұрақты клиенттерге жақсы орындаған жұмысы мен тереңдеген бiрлестiк үшiн ең
тиiмдi әдiстердiң бiрi. Корпоративтi конференция, оқуға шығушы,
семинарлар, тренингтер белсендi демалыспен қосылысында нық топ рухын
қалыптастырады, персоналды белсендi жұмысқа ынталандырады және өздерiнiң
мiндеттерiн орындаудың жолын табу. Үлкен ұсыныстар ассотиментiн қолдана
отырып, турфирма немесе консалтингтiк компаниялар әрбiр ұйым үшiн саланың,
кадр және басқа ерекшелiктердi есепке ала отырып, жекелеген бағдарлама
құрайды. Бұл шара тиiмдiлiгiн жоғарылатады. Өндiрiстi жоғарылыту үшiн,
қызметкерлер қызығушылығын ояту үшiн, ұжымды бiрiктiру үшiн инсентив –
бағдарламалар жасалады.
Қалай инсентив – бағдарлама құруға және одан максимум пайда табуға
болады?
Бiрiншi жағдай. Адамды жұмыс iстетуден басқа күрделi мәселе жоқ. Тiптi
үлкен ақшаға да.
Кез-келген деңгейдегi басшы бұның қиындығын түсiнедi. Он жылғы еркiн
нарықта отандық топ – менеджерлер жұмыс шыңы нақты мәселелердi шешуге
жабайы капитализм құралдарын қолданды: онда жұмыстан шығарды, жұмысқа
қабылдады; төлемақыны көтердi, түсiрдi; премия төледi немесе төлемедi;
ұрысты және мадақтады. Кейде осылар көмектестi, бiрақ көп уақытқа емес. Бұл
он жылдық тырысу нәтижесi: айдан анық тiптi еркiн экономика елiнде де
адамды жұмысқа өзiнiң ерiгiнсiз жұмыс iстету мүмкiн емес.
Екiншi жағдай: адамды сатып алуға мәжбүрлеу. Тоталитарлық дифицит
елiнен бiз тауар мен қызметтер артықтығы елiне өттiк. Блат бойынша
тауарлардан, прилавкалардан – қатаң конкуренцияға. Бүгiнгi күнi кейбiр бай
тұтынушы үшiн көршi дүкенде (салон немесе складта) де сол арзан және тiптi
жақсыны ұсынатынын бiлмейдi де. Бұл жағдайға, аз емес сәттi компаниялар
тәжiрибесiн көруге болады. Алайда, бизнесте әмбебап кеңестер болмайды,
олардың жеңiсiн бақылауға болады.Адамды жұмысқа және сатып алуға мәжбүр ете
алмайсың, бiрақ адамды шығармашылық еңбекпен алуға нақты ынталандыруға
болады.
Сәттi ендегi кәсiпкерлердiң бiрi, “Планета фитнес” спорттық–сауықтыру
клубтарының Президентi Ирина Краг-Тимгрен ойынша: “Құлды қызметкердi
төлемақымен ұстай алмайсың: әрқашан оданда көп төлейтiн басқа бiреу
табылады. Сондықтан мен әрбiр қызметкер үшiн ынталандыру жүйесiн құруға
тырысамын. Менiң тәжiрибем бойынша, мен сенетiн көптеген қызметкер үшiн
олардың кәсiбилiгi мен азаматтық өсуiне инвистиция құнды. [31]
Сондықтан бiз топ менеджменттi ојимыз, тренинг жүргiземiз, ұсыныс пен
инициативаға ерекше көңiл бөлу. Ынталандыру клиент қалтасы үшiн кiлт және
интеллект және коллега инициативасы үшiн де кiлт. Ең күрделiсi – осы
ынталандыруды құруды үйрену. ”Инсентив - турлар” – бүгiнгi күнгi
қызметкерлер мен клиенттердi мадақтау түрiнiң кең қолданысқа иесi.
Ынталандыру туризмi – бұл сапарларда коммерциялық компаниялар өздерiнiң
қызметкерлерiн жұмыстағы жоғары көрсеткiшi мен үлесi үшiн мадақтауды және
келешектегi өндiрiстiк еңбекке стимулдайды. Бұл қызметтердi ынталандырушы
және компаниядағы клиенттердiң сенiмiн қолдайтын әрекет құралы”.
Исентив-тур тапсырыс мотивi анық – ол қызметкерлер өндiрiс еңбегiн
стимулдеу және турсапар көмегiмен сату көлемiнiң көбейюi. Әрине стимул
ретiнде ақшалай премия, құнды сыйлықтар бола алады. Бiрақ тәжiрибе
көрсеткендей ақшалай премия ақша құртылмай жатып ұмытылса, құнды
сыйлықтарда бiр уақыттан соң естен шығады. Әрбiр ерекше турсаяхат өмiр бойы
есте қалады және жақсы жұмыс үшiн ең күштi мотиватор болуы мүмкiн.
Сондықтан, инсентив-туризмдi жақын жерде пансионаттағы корпоративтi iшумен
айрбастауға болмайды. Инсентив-туризм басталады егер сiз сөздiң ұжымыңыз
және бағынушылар сөздiң қазiргi және потенциалды коллегаларыңыз сол сезiм,
ақпарат, эмоция ала бастаса ғана исентив-туризм болады, яғни бұларды сатып
алуға, тiптi басқа жағдайда алуға мүмкiн емес. [32]
Сапалы инсентив-бағдарламалар:
Ең “жақсы” қонақ үйлерден басталады және олар ерекшелену керек. Әрине,
бұлар қарапайым 5* қонақ үй болуы мүмкiн, бiрақ, инсентив-бағдарламада адам
өзi ойламағандай, мәселен, палатка немесе батырлар бекiнiсiнде тұру
ұсынады.
Негiзгi көлiк 5* автобус-кондиционер, ТВ, дәретхана, стюардессамен
болса, мұнда бәрiне дайын болу керек. Өйкенi, туристтi әуежайда велосипедшi
тосып тұру мүмкiн. Ол сiздi орта жолға дейiн апарады, әрi қарай каретада
баруыңызда ғажап емес .
Инсентив-бағдарламаларды ұйымдастырушылар өздерiнiң туристерiнiң
саяхаттарында әрқашан қатысады, олардың рөлi таң қалдыру, кейде олардың
қалауы бойынша. Мәселен, туристтi пионер горнасымен таңғы бесте оятса,
күннiң атуымен құттықтау үшiн бұл абсолюттi кәдiмгi жағдай болады.
Бұндай-бағдарлама ұсақ – түйегiне дейiн ойластырылу керек, өйткенi кез-
келген нәрсе ұжым көңiл-күйiне керi де әсер беруi мүмкiн. Алайда, сәттi iс-
қимыл бұл жағдайда жоғары бағаланады. Мысалы, сәттi петербург
компанияларының бiрiнiң 80 қызметкерiн сағаттық ұшудан кейiн Бангкок қонақ
үйiне келедi, ендi оларды шығыс көрiктi жерлерiмен таныстыруға тұрғызу
мүмкiн емес болды. Сонда оларға тайлық массаж ұсынылған. Бұл керемет әсер
еткендiгi сондай алдындағы шаршауды бәрi ұмытып, түнгi ойын-сауыққа
қызығушылық туындады.
Қарапайым ұжымдыј турсапар тек керемет жағдай сюрприз, фантазия,
экзотика қосылғанда ғана инсентив-бағдарламаға айналады. Өмiр бойына есте
қалған ғана оқиға адам санасында басқалардан гөрi қарайды.
Инсентив-бағдарлама – бұл талантты режиссердiң тек бiр қарату және
белгiлi бiр компанияға арнайы қойылған спектаклi. Тек осы жағдайда инсентив-
бағдарлама келешектегi компания өз iс-әрекетiнiң мотивтерiне айналады.
Алайда, бадминтон ойыны мен шашлык – бұл бiреу, ал Амазонкадағы рафтинг –
бұл тiптi басқа. Корпоративтi демалыс түрлерiнiң iшiнде - экстремалды
туризм ерекше орын алады. Банджи-джампинг, рафтинг, т.б. жатығулар
адреналин деңгейiн көтередi, ұжым қоғамда өзiнiң плюсi мен минусы бар.
Көптеген басқарушылар бағынушылар үшiн экзотикалық елдерге сапарлар
тапсырыс етедi. Қызметкерлерде бiрге таныс емес жерлерге барады.
Психологтердiң бағалауы бойынша бұл компания идеологиясы үшiн маңыздылықты
күшейтедi. [13]
Кенеттен ұжымдағы рөл ауысымы болуы мүмкiн, өйткенi, экстремалды
демалыс ұжымдағылардың бiр-бiрiн басқа жағынан- штат кестесiнен, контракт
жағдайы мен субординация ережесiнен бөлек бiледi. Беделдi және қатал басшы
тропикалық ормандарда адасып кетсе, ал компьютер шамалы табиғаттың әдемi
жерлерiнде серуендеп жүру мүмкiн. Бұл сапарларда фильмдер түсiрiлiп, кейiн
компания сайты Интернетiне енгiзiледi. Қызғанушылық ең күштi сезiмдердiң
бiрi болғандықтан, жұмысшылар келесi саяхат шараларына бару үшiн үстеме
күшпен жұмыс жасай бастайды. Йеледе МВА алған проект-менеджер бiрнеше
халықаралық корпорацияларда жұмыс iстеген ол жеткiлiктi бағалы. Сондықтан,
турфирмалар әрқашан клиенттер жасын (топ-менеджерлер – 40 жасқа жуық ер
адамдар), топта қанша ер және әйел адам екендiгi анық, бiрнеше вариантпен
базалық бағдарлама дайындалады.
Сапар кезiнде ерекше мәселе, садақпен ату, аңшылық немесе әуе шарында
таңғы ас т.б. шараларды ұсынуға болады. Коста-Рика 5-6 км джунглиде ыңғайлы
джип емес, оның орнына үлкен екi алып ағаш арасында жiптенаспалы жолмен
жүрiп өту. [45]
ОАР топты Столовая тауына әкелген, одан барлық Кейптаун, тiптi жақсы
ауа райында Антарктиканы көруге болады. Одан кейiн демалған топ-
менеджерлерге жартасты баурайымен байланған жiппен төмен түсудi ұсынды,
яғни спецназ немесе альпинисттер сияқты. Ешкiм өлген жоқ, керiсiнше,
барлығына қатты ұнады. Бразилияда нағыз карнавал ұйымдастыруға болады:
Мұнда инсентив-топтар көрушiлер емес, қатысушылар болады: өйткенi самбо
биiн жыныс, жас және дене бiтiмiне қарамастан бәрi билеп алады. Алайда, бұл
ән-би карнавалына рұқсат алу барлығы бiрдей мүмкiн емес: бұны нағыз сапалы
инсентив-бағдарламалар ұйымдастырушылары ғана кiре алады.
Жапонияда қызметкерлер барлық корпоративтiк шараларға қатысуға және
бас иуге мiндеттi. Бұған Еуропа менеджментi қарапайым көзқараспен қарайды.
Бұл сапарлар аяғындағы ең маңыздысы, қатысушылар керемет жерге барып
қызықты адамдармен танысқандарына сенiмдi болу керек. Бiрақ бұл
жеткiлiксiз.
Инсентив-бағдарламалар олардың қатысушылары өздерiн көрсету үшiн
қызмет еттi. Сондықтан, барлық сапалы инсентив бағдарламалар әртүрлi
жарыстардан тұрады. Ең қарапайымы: спорттың пляж түрi бойынша –
олимпиадалық ойындар, экзотикалық – Тайландта петербург топ-менеджерлерi
пiлмен канатты тартудан жарысқан.
Инсентив-бағдарламалар ұйымдастырушылары да, тапсырыс берушiлерде
бұндай сапарларға басты орынды сапардан алған әсерлердi құрайтын детальдар
екенiн түсiну керек. Мәселен, топқа сөзсiз үлкен қарсы алу плакаты
әуежайдағы және онақтағы жақсы әсер қалдырады. Немесе салтанатты кешкi аста
десертке компания атауы бар үлкен торт әкеледi, бүндай эпизодтан кейiн бүл
ұзаққа есте қалады.
Инсентив-бағдарламалар эффективтiлiгiн бiрнеше ай бойында бағалауға
болады. Ерекше жалпы фонында ”Siemens” немiс компаниясының жаңа ұялы
телефондар модельдерiн презентациясы көрсетiлiмi болды.
Бұл инсентив-проект кинотүсiрiлiм стилiнде орындалады: оның
қатысушыларын жасанды Шығыс экзотикалық тұрғыда жүргiзiлген дәстурлi араб
киiмдерiн киiп, шөлдi қазуға қатысып, базар алаңына бар саудагерлерiн
кейпiн киедi. Ойын кезiнде ”Siemens” маркалы ұялы телефондарын кiрiстiрiп,
олардың жұмысымен таныстыру болды.
Сәттi сапар қызметкерлердi үлкен жiгермен қойылған мақсатқа жетуiне
әкеледi. Сонымен бiрге, көптеген батыс компанияларында бұндай сапарларға
сұраныс үлкен, сондықтан қызметкерлер, тiптi сапар құнының жартысын төлеуге
дейiн барады. [41]
Ресей туроператор фирмалары корпоративтi туризммен көбiсi әлi
айналыспайды.
Халықаралық туристiк бизнесте incentive destination – түсiнiгi бар.
Бұл – корпоративтi демалыс үшiн iрi компаниялардың таңдаған қалалар тiзiмi.
Бұл қалалар есебiн SITE халықаралық ассоциациясы жүргiзедi, олар дәл осы
инсентив-индустрия дамуына бағытталған. Ассоциация бiрнеше параметрлер
бойынша жоғары және орташа звено менеджерлерi демалысы үшiн демалыс орнын
анықтайды: жақсы көлiк қатынасы, саяси тұрақтылық, халықаралқ санитарлық
нормаларға сай, дамыған қонақ үйлер жүйесi, көрiктiлiктер әртүрлiлiгi –
яғни кез-келген бизнес семинарлар бағдарламасында әрқашан опера мен
экскурсияға баруға көңiл бөлiнедi. Бұндай орындар шоғыры нүктесi Еуропа,
Оңтүстiк-Шығыс Азия және Киыр Шығысты қамтиды. Ресей қалаларынан тек Санкт-
Петербург ғана кiредi.
Әрi халықаралық компаниялар ресей нарығына келгенде өздерiмен бiрге
халықаралық стандарт және офистiң iшкi жұмысы құрылымы талаптарын ала
келедi. Инсентив-туризм үлкен және тұрақты компанияларда тәжiрибеден өтедi,
олар нарықта ұзақ жыл жұмыс iстеп келе жатқан компаниялар. Ақырындап, Ресей
мен Қазақстанда да бұл туризмнiң түрi өркендеп келедi.
Ерекше атаққа ие:
Демалыспен экскурсиялық бағдарламалар (мәселен, Венада 4 күн+7 күн
Тироля тау шаңғы курортында демалыс);
- Семинар+демалыс(Чехия,Австрия,Герма ния,Франция);
Семинар+кәсiпорын аралау(демалыс бағдарламасымен);
- Шетелде емдiк;
Оқу туралы;
Стандартты конференция пакетi:
Әуе айналымы;
Қонақ үйде орналастыру;
бағдарлама бойынша тамақтану;
бағдарлама бойынша көлiк;
конференц-залды жалға алу;
- кофе-брейктер;
- конференц-залға арналған құрал жабдықтар;
- тiлмаш қызметтерi;
- кешкi шаралар;
- экскурсиялық бағдарлама;
- сақтандыру;
- виза қызметтерi.
Қосымша қызметтер:
- қарсы алулар мен шығарып салушылар;
- басқа қалалардан келушiлердi орналастыру;
- әуежайда VIP-қызметтер;
- iскерлiк кездесулердi ұйымдастыру;
- қосымша конференц-залдарды жалға алу;
- жарнамалық компанияны өткiзуге көмектесу;
- жайлы демалыс.

1.3 Iскерлiк туризмдi ұйымдастыру

Iскерлiк туризмдi ұйымдастыру Қазақстанда, оның iшiнде Батыс Қазақстан
облыстарында және Алматыда бiраз фирмалар айналысады, өйткенi, iскерлiк
туризм – болашағы бар бiра оңай емес. Жақын болашақта және толық көлемде
бұнымен жүздеген турфималар айналысады. Басқа туризм түрлерiнен
айырмашылығы – бизнес-саяхат ұйымдастыруда жалпы бiрдей стандартта пакет
болмайды. Оның негiзiнде – көп уақыт, күнi, байланыс талап ететiн iскерлiк
бағдарлама. Әуекомпания, қонақ үй, басқа да iскерлiк турларды ұйымдастыруын
кәсiпорындармен байланыс құру керек. [24]
Төменде туристiк фирмалар ұсынған толық қызметтер кешенi келтiрiлген:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іскерлік туризм туралы
Іскерлік туризмнің сыныптамасы
Iскерлiк туризм
Іскерлік туризм жайлы
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Астананың туристік имиджін дамыту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Туризмді дамытудың теориялық - әдіснамалық негіздері
Туризм менеджментінің тиімділігі
Пәндер