Дүниежүзілік валюта жүйесі туралы мәлімет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.тарау. Дүниежүзілік валюта жүйесінің экономикалық мазмұны
1.1. Халықаралық валюта қатынастары және валюта жүйесі ... ... ... ... ... ..5
1.2. Дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Дүниежүзілік валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі ... ... ... ... ... ..13


2.тарау. Қазақстан Республикасы валюталық жүйесіне экономикалық талдау
2.1. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің түсінігі
мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюта бағамын реттеу
мәселелері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3. Қазақстан Республикасының валюта нарығының ұйымдасуы және
оған талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25


3.тарау. Дүниежүзілік қаржы жағдайы мен Қазақстандағы қаржы
жағдайының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Өткен ғасырдың 90-жылдары Еуразия кеңістігінің бірқатар елдері үшін диалектикалық қозғалыс, саяси-экономикалық жаңғыру жылдары болды. Бұл жылдар дүниежүзілік шаруашылықтың нығая түсіп интернационалдануына, жаһандану процестерінің күшеюіне, сондай-ақ ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды арналарының пайда болуын жеделдетті.
Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес өкіметі тұсында валюта-кредиттік және қаржылық қатынастардың субъектісі болған жоқ, ол кезең қажетті алғышарттар жасалып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған еді.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму банкіне, Еуропалық қаржылық-несиелік ұйымдарға мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары капиталдар қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономикамен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде қарастырылады.
Қазақстанға шетелдік капитал ағымының тасқынды келуі үшін оған қолайлы инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бірқатар заңдарды, нормативтік құқықтық келісімдерді айқындап, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық жобалар жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен мүмкіндігінше тіл табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктер мен преференциялардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру кезек күттірмейтін шаралар жиынтығы болып табылады.
Халықаралық валюта қатынастары рыноктық шаруашылық сферасының құрамдас және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық құқықтық аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-амалдарын оқып үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған мақсатым мен міндеттерім мыналар:
• дүниежүзілік валюталық жүйенің түсінігін анықтап, оның пайда болуының себептерін талдау;
• дүниежүзілік валюталық жүйенің негізгі элементтерін анықтау;
• дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясын зерттеу және оның әр кезеңдегі ерекшеліктерін қарастыру;
1. С.Б. Мақыш. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 248 бет.
2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000 – 328 бет.
3. Байгісиев М. Халықаралық валюталық қатынастар және валюталық құқық. – Алматы, 2004.
4. Экономикалық теория: Оқу құралы / Я.Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев. – Алматы: Қазақ университеті, 1999 – Б. 201-203.
5. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, кредит, банктер. Сейітқасымов Ғ.С., Омарбекова А.Ғ., Сейітқасымова А.Ғ. және т.б. Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006. – 480 бет.
6. Курс экономической теории: учебник – 5-ое дополненное и переработанное издание / под общей ред. Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. – Киров: «АЕА», 2004 г. – с.731-738.
7. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория: Оқу құралы – Астана, 2002. – Б. 393-395.
8. www.kase.kz: «Курсы валют» мақаласы
9. www.worldbank.org.
10. www.nationalbank.kz
11. www.google.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Экономика және бизнес факультеті

Қаржы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Дүниежүзілік валюта жүйесі

Орындаған: Карамурзаева М.О.

Тобы: Ф07К1

Қабылдаған: Манабаева И.

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1-тарау. Дүниежүзілік валюта жүйесінің экономикалық мазмұны
1.1. Халықаралық валюта қатынастары және валюта жүйесі ... ... ... ... ... ..5
1.2. Дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Дүниежүзілік валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі ... ... ... ... ... ..13

2-тарау. Қазақстан Республикасы валюталық жүйесіне экономикалық талдау
2.1. Қазақстан Республикасының валюталық жүйесінің түсінігі
мен белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Қазақстан Республикасындағы валюта бағамын реттеу
мәселелері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...20
2.3. Қазақстан Республикасының валюта нарығының ұйымдасуы және
оған талдау жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

3-тарау. Дүниежүзілік қаржы жағдайы мен Қазақстандағы қаржы
жағдайының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .33

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 8

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Кіріспе

Өткен ғасырдың 90-жылдары Еуразия кеңістігінің бірқатар елдері үшін
диалектикалық қозғалыс, саяси-экономикалық жаңғыру жылдары болды. Бұл
жылдар дүниежүзілік шаруашылықтың нығая түсіп интернационалдануына,
жаһандану процестерінің күшеюіне, сондай-ақ ұлттық экономикалардың мейлінше
ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды арналарының пайда болуын
жеделдетті.
Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес өкіметі тұсында валюта-кредиттік
және қаржылық қатынастардың субъектісі болған жоқ, ол кезең қажетті
алғышарттар жасалып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған еді.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына (ХВҚ),
Халықаралық Қайта Құру және Даму банкіне, Еуропалық қаржылық-несиелік
ұйымдарға мүше болып кіруі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық
деңгейде орнықтыруға көмектесті.
Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін
объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын
халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға
капитал келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.
Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары капиталдар
қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл
процестен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік
экономикамен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде
қарастырылады.
Қазақстанға шетелдік капитал ағымының тасқынды келуі үшін оған
қолайлы инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында
бірқатар заңдарды, нормативтік құқықтық келісімдерді айқындап, шетелдік
инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық
жобалар жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен мүмкіндігінше тіл
табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктер мен преференциялардың икемді
жүйесін қалыптастырып, орнықтыру кезек күттірмейтін шаралар жиынтығы болып
табылады.
Халықаралық валюта қатынастары рыноктық шаруашылық сферасының
құрамдас және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық
құқықтық аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-
амалдарын оқып үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған мақсатым мен міндеттерім мыналар:
• дүниежүзілік валюталық жүйенің түсінігін анықтап, оның пайда болуының
себептерін талдау;
• дүниежүзілік валюталық жүйенің негізгі элементтерін анықтау;
• дүниежүзілік валюталық жүйенің эволюциясын зерттеу және оның әр
кезеңдегі ерекшеліктерін қарастыру;
• Қазақстан Республикасындағы валюталық жүйенің қалыптасуы мен қазіргі
жағдайды қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы III тараудан тұрады. Алғашқы тарауында
халықаралық валюта қатынастарының түсінігі, жүйесі, ұйымдық құқықтық
механизмі, дерек көздері қарастырылады.
Екінші тарауда Қазақстан республикасындағы валюта жүйесін
реттеудің құқықтық негіздері мен осы жүйені анықтайтын белгілер валюта
операцияларын жүзеге асырудың ерекшеліктері мен принциптері талданып
көрсетілген.
Соңғы тарауда Қазақстан Республикасының қаржы жағдайы мен әлемдік
қаржы жағдайының қазіргі жағдайына талдау жасалады.
Әлемдік қаржы жүйесінің бір бөлігі болып табылатын Қазақстан үшін
ұлттық валюталық жүйенің дүниежүзілік стандартқа сай болуы міндетті.
Қазіргі таңда ғаламдық валюта қатынастарының даму қарқыны өте жоғары.
Курстық жұмыстың өзектілігі еліміздің әлемдік рынокта алдыңғы қатарлы елдер
санатына қосылуы үшін ішкі экономикалық өсумен қатар халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып, соның ішінде өзекті саласы халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамуы еліміз үшін маңызды. Өйткені біздің
экономикамызда теңгеміз еркін айналысқа шыққандықтан, әлемдегі валюта
өзгерістері бізге де әсер етеді.
Жұмысымда атақты ғалымдар Б.Көшенова, С.Мақыштың еңбектерін
қолдандым. Ұлттық және әлемдік қаржы ұйымдарының сайттарынан статистикалық
дерек көздерін арқау етіп, оларға талдау жүргіздім.

1-тарау. Дүниежүзілік валюта жүйесінің экономикалық мазмұны

1. Валюталық жүйенің мәні және оның түрлері

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернациоландыру және әлемдік еңбек бөлінісін
интенсивтендіру халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс
күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда
туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне
осылардың бәрі әлемдік сауда- саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті.
Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы,
тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
2
Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы
валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және
ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы
және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық
вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп
айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік
тәсілінің құруымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар
жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды
жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті
қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның
ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен
коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе
байланысуы валюталық байланыстардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орны
ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысын процесінде ұлттық нарықтан әлемдік нарыққа
қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір
бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық
есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың
барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациолануы жағдайында ұдайы өндірістің
сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника
деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта
түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің
арасында тікелей дәнекері байланыстың болатыны көрсетеді. Халықаралық
валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс
процесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде
халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие бола бастады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық
келісімшарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу
формасы.
Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:
• Ұлттық валюталық жүйе
• Дүниежүзілік валюталық жүйе
• Аймақтық немесе мемлекетаралық валюталық жүйе 1,205-206
Соның ішінде дүниежүзілік валюталық жүйе дегеніміз – бұл халықаралық
несие-қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз
ететін халықаралық келісімшарттар мен мемлекетаралық құқықтық нормалар
кешенін қамтиды. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-
саттық процестерін жеңілдетіп, саудаға қатысушы фирмалардың іс-
әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық
экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік
туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер
жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық
(протекционистік) әрекеттерді түп-тамырымен құруға әрекет жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептеу қатынастарын сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі
айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюта жүйесі деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін – әлемдік ақша бірліктері.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің қызмет ету сипаты тұрақтылығы
дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымдық қағидаларының сәйкес келуі дәрежесіне
және алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне байланысты болып келеді.2
Дүниежүзілік валюталық жүйенің құрамдас бөліктері:
• халықаралық төлем құралдары (ұлттық валюта, алтын, СДР, евро);
• валюта курсын қолдау және орнату механизмі;
• валютаны конверсиялау шарты;
• халықаралық нарық тәртібі;
• валюта қатынасын реттейтін мемлекеттік қаржы мекемелерінің беделін
анықтау;
• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру; 7
Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ұлттық
валюта ақша бірлігі құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда
пайдаланылатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептеулерде
әдетте шетелдік валюта басқа елдердің ақша бірлігі пайдаланылады.
Дүниежүзілік ақша деп халықаралық, экономикалық, саяси қатынастарға
қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің
формалары ұлттық ақшалар түрін өткен – алтын ақшалардың несиелік ақшаларға
дейінгі жолды қайталайды. Нәтижесінде ХХ ғ. валюта жүйесі бір немесе
бірнеше ұлттық валютаға негізделеді (мысалы, экю, ал 1999 жылдан бастап
евро).
Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына
резервтік валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік
қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам
рөлін атқарады. Сондай-ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің
валюталары бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция үшін
қолданылатын құрал болып табылады. Қазіргі кезде резервтік валюта ретінде
АҚШ-тың доллары, Еуроодақтың еуросы пайдаланылып отыр. Резервтік валюта
мәртебесін алудың объективті алғышарттары болып елдің дүниежүзілік
өндірістегі, тауарлар мен капиталдар экспортындағы, алтын валюта
резервтеріндегі жетекші позициясы несиелік банктік мекемелердің дамыған
жүйесі, қарыз капиталдарының ұйымдастырылған және сыйымдылығы жоғары рыногы
басқа елдердің сұранысын қамтамасыз ететіндей еркін валюталық операциялар
жүргізу мүмкіндігі мен валютаның еркін айырбасы мүмкіндіктері
қарастырылады.
Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетел валютасына айырбасталу
дәрежесі. Еркін айырбасталатын, валюталық шектеулері сақталған жартылай
айырбасталатын және айырбасталмайтын валюталар бар екендігі белгілі.
Валюта жүйесінің тағы бір элементіне валюталық паритет, яғни заңнама
арқылы рәсімделетін екі валюта арақатынасы жатады.
Валюта бағамы режимі де валюта жүйесінің элементі болып табылады.
Белгіленген, бір шеңберде тербелетін және рыноктық сұраныс пен ұсыныстан
тәуелді қалықтайтын валюталық бағамдар түрлері белгілі. Валюталық
шектеулердің бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесінің элементеріне жатады.
Валюталық құндылықтармен операцияларды шектеуде Халықаралық валюта қоры
арқылы мемлекетаралық реттеу объектісі болып саналады. Ал халықаралық
кредиттік қаражаттар айналымына келетін болсақ, оларды пайданлану ережелері
үйлестірілген халықаралық нормалар аясында жүзеге асады. Олардың ішінде
Женевада қабылданған вексельдер және чектер туралы конвенция бар.
Халықаралық есептеулерді бір ізге салу құжаттық аккредитивтер мен
инкассолар үшін үйлестірілген ережелерге сәйкес ұлттық және дүниежүзілік
валюта деңгейінде жүзеге асырылады.
Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесін тағы да бір
элементі болып саналады және оның осы халықаралық шектеулерді қажетті төлем
қаражаттарымен қамтамасыз ету қызметін атқарады. Халықаралық валюта
өтімділігі дегеніміз – жекелеген немесе бір топ елдердің кредитор алдындағы
тиісіті халықаралық міндеттемелерін кредиторға қолайлы төлем қаражаттарымен
дер кезінде атқару қабілеттілігі. Дүниежүзілік шаруашылық тұрғысынан
халықаралық валюта өтімділігі дүниежүзілік қаржыландыру және кредиттеу
көздерінің жиынтығы болып табылады. Ұлттық экокномика тұрғысында
халықаралық валюта өтімділігі төлем қабілеті көрсеткіші ретінде
пайдаланылады. 3,8-9

2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің эволюциясы

Валюталық жүйелердің даму заңдылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне
байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму
кезеңдерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе
қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес
келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің
құлдырауы басталады.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық
қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алады.
Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып және
оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйемен ауысуына
тура келді.
Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезеңде жүргізіледі:
I кезең – жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғышарттардың
түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс
сақталады.
II кезең – жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып,
біртіндеп іске қосылады.
III кезең – толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай эволюциялары белгілі:
1. Париждің валюталық жүйесі (1867 ж.)
2. Генуэз валюталық жүйесі (1922 ж.)
3. Бреттон-вудс валюталық жүйесі (1944 ж.)
4. Ямайск валюталық жүйесі (1976-1978 ж.)
5. Еуропалық валюталық жүйе (1979 ж.)
Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе стихиялы түрде XIX ғасырда
өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монета стандарты формасында, яғни
алтын монометаллизмі негізінде қалыптасты. Ол заңды түрде мемлекетаралық
келісімшартпен 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді және осы
конференцияда алтын әлемдік ақшалардың бір ғана формасы ретінде танылды,
яғни алтын ақшаның барлық қызметін бірдей атқарды.
Париж валюталық жүйесі мынадай құрылымдық қағидаларға негізделеді:
- оның негізі алтын монета стандарты болып табылады;
- әр валютаның өзіндік алтынға шаққандағы құрамы
белгіленеді.(Ұлыбритания – 1816 ж., АҚШ – 1837 ж., Германия – 1875
ж., Франция – 1878 ж., Ресей – 1895 ж., белгіледі.). Алтын құрамына
сәйкес валюталардың алтындық паритеті бекітілді. Валюталар алтынға
еркін айырбасталды. Алтын дүниежүзілік ақша ретінде пайдаланылды;
- нарықтық сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, валюталардың еркін
өзгермелі бағамдарының режимі қалыптасты.
Алтын монета стандартының тиімді қызмет ету уақыты бірінші
дүниежүзілік соғысқа дейін ғана болды. Кейіннен оның құлдырауына төлем
балансындағы тапшылық одан сайын әсер етіп, алтын монета стандарты өз құнын
жоғалтты. Сөйтіп, ол ақша және валюта жүйесі ретінде қызметтін толық
тоқтатты.
Бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесіндегі дағарыстан кейін алтынға
және жетекші валюталарға негізделген алтын девизстандарты бекітілді.
Халықаралық есеп айырысуларға арналған шетел валютасындағы төлем
құралдарын девиздер деп атады. Екінші дүниежүзілік валюталық жүйеге заңды
түрде мемлекетаралық келісімшартпен 1922 ж. Генуэз халықаралық экономикалық
конференциясында қол жеткізілді.
Генуэз валюталық жүйесі мынадай қағидаларда қызмет етті:
- оның негізі болып алтын және девиздер, яғни шетел валюталары саналды.
Бұл кезеңде 30 елдің ақша жүйесі алтын-девиздік стандартқа
негізделеді. Ұлттық несиелік ақшалар халықаралық төлем және резервтік
құрал ретінде қолданылды. Бірақ та соғыс аралығында резервтік валюта
ретінде ешбір валютаға мәртебе берілмесе де, фунт стерлинг пен АҚШ
доллары бұл аумақта жетекші қызметте жүрді;
- алтын валюталардың құрамы сақталды;
- еркін валюталық бағам режимі қайта қалпына келтірілді;
- валюталық реттеу, валюталық саясат халықаралық конференциялар,
мәжілістер формасында жүзеге асырылды.
1922-28 жылдарға дейінгі валюталық тұрақтылық сақталды. Сондай-ақ бұл
жүйенің де тұрақсыздығына мыналар себеп болған:
- алтын монеталық стандарт орнына, ақша және валюта жүйесінде, алтын
монометаллизмінің қысқарған формалары енгізілуі;
- валюталарды тұрақтандырудың бірнеше жылға созылуы;
- валюталардың тұрақтандыру әдісі, олардың кейбір елдерде девальвация
түрінде жүрсе, кей елдерде ревальвация түрінде жүргізіліп, кейбір
валюталардың (фунт стерлинг сияқты) соғысқа дейінгі алтындық құрамы
қайта қалпына келтірілді;
- Валюталардың тұрақтылығы шетел несиелерінің көмегімен жүзеге асырылды;
Бұл валюталық тұрақтылық та 30-жылдардағы дүниежүзілік дағдарыстың
әсерінен құлдырады. 1929-36 жж. дүниежүзілік валюталық дағдарыстың басты
ерекшеліктері мынадай:
- Циклдік сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзілік экономикалық және ақша-
несие дағдарысымен байланысты болды;
- Құрылымдық сипат: дүниежүзілік валюталық жүйенің алтын-девиздік
стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
- Ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзіне дейін болуы;
30-жылдардағы дағдарыс нәижесінде Генуэз валюталық жүйесі өзінің
қатысты икемділігі мен тұрақтылығын жоғалтып алды. Сөйтіп барлық елдің
валюталары тұрақсыздыққа ұшырады. Одан кейін жалғасқан екінші дүниежүзілік
соғыс Генуэз валюталық жүйесінің дағдарысын тереңдете түсіп, соғыс
жылдарында 1943 ж. жаңа дүниежүзілік үшінші валюталық жүйенің жобасы
жасалды.
БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы (АҚШ) 1944ж. болған валюталық қаржылық
конференциясыда дүниежүзілік сауданы ұйымдастырудың, валюталық, несиелік
және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелері бекітіліп, үшінші
дүниежүзілік валюталық жүйе дүниеге келді. Конференцияда қабылданған
Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) жарғысы Бреттон-Вудск валюталық жүйенің
мынадай қағидаларын анықтады:
• Алтынға және екі резервтік валютаға – АҚШ доллары және фунт стерлингке
негізделген алтын-девиз стандарты енгізілді.
• Бреттон-Вудск келісімі дүниежүзілік валюталық жүйенің негізі ретінде
алтында пайдаланудың төрт формасын қарастырды:
a) Валюталардың алтын құрамы сақталып, оларды ХВҚ-да тіркеу енгізілді;
b) Алтын халықаралық төлем және резервтік құрал қызметінде қала берді;
c) АҚШ өзінің валюталық-экономикалық потенциалының және алтын қорының
өсуімен байланысты долларды алтынға теңестіріліп, оған басты резервтік
валюта мәртебесі талап етілді;
d) Осы мақсатта АҚШ қазынашылығы долларды шетелдің орталық банктерінің
алтындарына ауыстыра бастады, ол кезде АҚШ долларының алтындық құрамы 1
троиск унциясына 31,1035г = 35 долларға тең болатын.
• Валюталардың бағамдық шекті қатынасы мен олардың алмастырылуы долларға
бейнеленген валюталық құрамы негізінде жүзеге асырылды.
• Бірінші рет тарихта халықаралық валюта-несиелік ұйымдар: Халықаралық
Валюта Қоры, Дүниежүзілік қайта құру және Даму банкі (ДКДБ) құрылды.
60-жылдардың аяғынан бастап, Бреттон-Вудс валюталық жүйесі дағдарысқа
ұшырады. Бұл жүйенің құлдырау себептері мынадай:
- Экономикалық тұрақсыздығы және қайшылықтар;
- Инфляцияның ұлғаюы, әлемдік бағаларға және фирмалардың бәсекелестік
қабілетіне кері әсер етті;
- Төлем балансының тұрақсыздығы, яғни кейбір елдердің балансында тапшылық
болды (АҚШ, Ұлыбритания);
- Бреттон-Вудс жүйесінің қағидаларының әлемдегі өзгерістерге сәйкес
келмеуі;
- Евродоллар нарығының активизациялануы. Қаншалықты АҚШ өзінің төлем
балансының тапшылығын өз валютасымен жапқанымен де, оның долларының бір
бөлігі Еуропа елдерінде евродоллар нарығының дамуын қолдау мақсатында
шетелдік банктерде орналастырылған (80%-ға жуығы немесе 750 млрд.
доллар);
1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ-ға мүше елдердің Кингстондағы (Ямайка)
келісімі ХВҚ-дың жарғысына өзгерістер енгізе отырып, төртінші валюталық
жүйенің мынадай қағидаларын бекітті:
- Алтын-девиз стандарты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты
енгізілді, сөйтіп, жаңа халықаралық валюталық есптесу бірлігін енгізу
туралы 1967 жылы қол қойылған болатын;
- Алтынды демонезациялау заңды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы,
алтындық құрамы алынып тасталып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды.
Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын құн өлшемі қызметін
атқармайтын болды;
- Елдерге кез келген валюталық бағам режимін таңдауға құқық берілді;
- ХВҚ Бреттон-Вудс жүйесінен сақталған мемлекетаралық валюталық реттеуді
күшейтуге шақырды;
СДР – дің қызмет етуінің мынадай басты мәселесі болды:
1) эмиссиялау және бөлу; 2) қамтамасыз ету; 3) бағамды анықтау
әдісі; 4)
СДР-дің пайдалану ауқымы;
1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0,888671 г. алтынға тең болды, яғни оны
қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржнынының орташа бағамы
негізінде анықталды (16 елдің). Валюталар қоржынындағы басты валюталардың
құнсыздануы, әсіресе доллардың құнсыздануы, доллардың тұрақсыздығына
сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана халықаралық
төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.
Доллар бағамының төмендеуі мынадай факторларға байланысты болды:
• АҚШ экономикасы өсуінің баяулауы;
• Доллар бағамының, оның сатып алу қабілетімен салыстырғанда 15-30%-ға
жоғарылауы;
• АҚШ-тың төлем балансының тапшылығы мен мемлекеттік бюджет тапшылығының
өсуі;
• Инфляцияның ұлғаюы;
• АҚШ-тың ішкі және сыртқы қарыздарының өсуі;
Сонымен, Ямайка валюталық реформасында валюталық тұрақтылықты
қамтамасыз ете алмады.
Ямайка валюталық жүйесінің тұрақыздығына жауап ретінде Еуропалық
қоғамдастық елдері өздерінің халықаралық (аумақтық) валюталық жүйесін
құрды.
Еуропалық валюталық жүйе экономикалық интеграциялану процесін
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграционалдану процесінің даму
себептеріне: шаруашылықтың интернализациялануы, өндірістің қарсылас
орталықтардың дүниежүзілік нарықтардағы өзара қарсы күресі және валюталық
тұрақсыздық жатады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл Батыс Еуропа
елдерінің біршама дамыған аумақтық интеграцоиналдық тобын білдіреді, ол
1957 ж. наурызда алты елдің: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды,
Люксембург, Рим елдерінің арасында жасалған келісімшартында қабылданып,
1958 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет етті.
1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді.
Ал 1981 жылы Грецияда, 1986 жылы Португалия мен Испания қосылған.
ЕҚ-ның мақсаты:
1) Шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық және саяси
одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;
2) Батыс Еуропа орталығының, АҚШ, Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы
монополияларымен күресуде позицияларын нығайту;
3) Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің
әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау;
Батыс Еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:
Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса,
бүгінгі уақытта 15-16 мемлекетке дейін жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және
Орталық Еуропа елдері (ЕҚ-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония
жатады) қосылады деп күтілуде.
Екіншіден, ЕҚ-ның институтционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
Еуропалық Кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет
басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).
Министрлер Кеңесі – заң шағарушы орган.
ЕҚ комиссиясы (ЕҚК) – атқарушы орган,
Еуропалық парламент – кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және
Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚ бюджетін бекітеді.
ЕҚ соты – құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы.
Әлеуметтік және экономикалық комитет – кәсіпкерлер, кәсіподақтар
өкілдерінен құралған кеңес беруші орган.
Үшіншіден, интеграциялық процестің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың
бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.
Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция
болып табылады. Оған валюталық саясаттың шоғырлану процесі, валюталық
реттеу, мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру
жатады.
Ямайка валюталық жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық жүйе
қағидалары мынадай:
ЕВЖ, ЭКЮ – еуропалық валюталық бірлікке негізделеді (1999 ж. дейін).
ЭКЮ-дің шартты құны ЕҚ-ның 12 елдерінің валюталары негізінде валюталардың
қоржынының әдісі бойынша анықталады.
ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша
төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты
есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.1,211-218

3. Халықаралық валюта жүйесін ұйымдастыру механизмі

БҰҰ жүйесінің ұйымдары, аумақтық даму банктері. Халықаралық есеп
айырысу банкі.
Қазіргі халықаралық валюта-кредиттік қатынастардың дамыған
институционалдық құрылымы бар. Бұл құрылымның құрамдас бір бөлігі
халықаралық валюта-қаржылық және кредиттік ұйымдар болып табылады. Олар
өздерінің қызмет сипатымен де, орналасқан географиялық аумағымен де
ерекшеленеді. Олардың бір бөлігі тек қана валюта-қаржылық немесе кредиттік
мәселелермен шұғылданса, бір қатары дәл осы мәселелерді кеңейтілген
контексте қарастырылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде халықаралық валюта қоры және Бүкіл
дүниежүзілік банк тобы әрекет етеді. Формалды көзқарасқа сәйкес олар БҰҰ-
ның мамандандырылған мекемелері болып есептелгенімен өздерінің іс-қимылы
мен әрекеттерінде толық дербестікке қол жеткізген.
Валюта кредиттік қатынастар халықаралық сауда қатынастарымен тығыз
байланыста екендігін ескерсек, онда БҰҰ-ның сауда және даму
Конференциясының (ЮНКТАД– United Nation Conference Trade and Development,
1964 жылы құрылған, 3-4 жылда бір рет шақырылады) валюта-кредиттік
проблемаларды талқылауға қатысуы табиғи. Дегенмен, ЮНКТАД-тың мысалы,
Халықаралық валюта қоры сияқты нақты шешімдер қабылдайтын функциялары жоқ.
80-жылдары Солтүстік пен Оңтүстік елдері арасындағы қайшылықтардың күшеюіне
байланысты ЮНКТАД қызметі өзіне халықаралық қоғамдастықтың назарын аударып,
жіті бақылауға алынды. Кейінірек ол бүкіләлемдік өзара тәуелділік
мәселелерімен шұғылдана бастады. Мысалы, ЮНКТАД қазір тауарлар мен қызмет
көрсетулердің халықаралық айырбасын кешенді түрде қарастырумен қатар
капиталдардың, технологиялардың, валюталы және қаржылық ресуртардың
дүниежүзілік қозғалысы мәселелерін зерттеуге ауысты. Бұл ұйымның
жетістіктерінің бірі ретінде дамушы елдердің сыртқы берешектерін реттеу
жолдары мен әдістеріне арналған идеяларының өміршеңдігін атауға болады. БҰҰ
шеңберіндегі үйлестіруші орган ролі соңғы онжылдықта ЮНКТАД ұйымының
беделін арттырды және аталған проблемелар төңірегіндегі оның өкілеттілігі
БҰҰ-ның Бас ассамблеясының шешешімімен бекітілді.
Халықаралық валюта-кредиттік қатынастардың институционалық
құрылымдары арасында халықаралық және аумақтық даму банктері елеулі орын
алады.
Манила (Филиппин) қаласында орналасқан Азиялық даму банкіне 55
мемлекет мүше. Бұл банк ұзақ мерзімді кредиттерді жүзеге асыру бағытында
қызмет атқаратын көпжақты мекеме. Азия даму банкінің қызметінде
инфрақұрылым салаларын қаржыландыру мәселелері басымдықтарды пайдаланып
отыр. Мұның өзі Азия-Тынық мұхиты аумағы мемлекеттерінің инфрақұрылымды
қаржыландыруға қажеттіктерінің өсе түскенін көрсетеді.
Азия даму банкі 1973 жылы құрылған Азия даму қорын да басқарады.
Аталған қор Азияның ең кедейленген елдеріне 40 жылдық мерзімге дейін
процентсіз несиелер беруді мақсат тұтқан. Бұл қордан қарыз алушылар
қатарына Непал, Бангладеш және басқа да бірқатар Үндіқытай елдері бар.
1966 жылдан бастап Африка континентінде Африка даму банкі жұмыс
істейді (штаб-пәтері Кот-д ивуар мемлекетінің астанасы Абиджан қаласында
орналасқан). Банктің мүшелері қатарында африкалық және африкалық емес 25
мемлекет бар. Африка даму банкі қарыз несиені тек қана африкалық елдерге
береді. Сондай-ақ, ол эксперттік қызмет көрсетулер мен кадрлар даярлауда да
жәрдемдеседі. Банк африкалық даму қорымен тығыз байланысты, қор өз
кезегінде несиелерді жеңілдікті жағдайларды ұсынады.
Америкааралық даму банкі (МаБР, штаб-пәтері Вашингтонда орналасқан)
өз операцияларына 1960 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірісті. Банк өзіне мүше
елдердің экономикалық дамуын жеделдету мақсатында кредиттер немесе
кепілдіктер беруді қарастырады. Бұл банктен қаражат алушылар санатында
мемлекеттік ұйымдармен қатар жекеменшік кәсіпорындар да бола алады. Банк
ресурстары өз қаражаттарынан, ең алдымен жарғылық капиталдан және банктің
капитал рыногынан жинаған қарыз қаражаттарынан құралып тұрады. Банктің
мүшелігінде АҚШ, латынамерикандық елдер және кейбір азиялық және еуропалық
елдер бар. Банктің әрбір мүшесі 135 дауыс және банк капиталындағы үлесінің
әрбір акциясына плюс бір дауысқа иелік етеді. Ең көп дауыс АҚШ-тың
еншісінде.
Ислам даму банкісінің (ИБР, штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда
қаласында орналасқан, Ислам конференциясы ұйымының шешімі бойынша құрылып,
1975-жылдың қазан айында кірісті). Мақсаты мүше елдердің экономикалық
дамуына және де мұсылман қауымдастығы мен басқа да мемлекеттердің
өркендеуіне жәрдемдесу.
Банктің жарғылық капиталы 2028 млн.исламдық динарды құрайды. Аталған
банктің есептеу бірлігі болып саналатын ислам динары халықаралық валюталық
қордың 1 С.Д.Р.-ны тең (1 С.Д.Р. =1,34464 АҚШ долларына тең) келеді.СДР
(special drinking right – S.D.R.) – займ (қарыз) алудың арнаулы құқығының
мақсаты оның негізгі резервтік авуар (төлем қаражаты) жасап, басқа
резервтік валюталардың рөлін төмендету. СДР бірлігі шартты. Ол МВФ-ке мүше
елдер үшін бөлінген квота негізінде есептеліп МВФ-тың арнайы шотында
сақталады.
Халықаралық валюталық-кредиттік қатынастардың институционалдық
құрылымына Халықаралық есептеу банкі (Б.М.Р.) ерекше орын алады. Бұл банк
1930 жылы құрылған. Штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан.
Аталған банкке батыс-еуропалық елдердің дәстүрлі ықпалы күшті болғанымен,
БМР іс жүзінде халықаралық валюталық-кредиттік ұйым болып табылады. Банк
негізінен екі функция атқарады:
1) мемлекеттердің Орталық банктерінің ынтымақтастығын күшейтуге
жәрдемдесу және халықаралық қаржылық операцияларды жүргізу үшін қолайлы
жағдайлар қалыптасуы;
2) халықаралық есептеулерді жүзеге асыру барысында сенімді тұлға
немесе агент рөлін атқару;
Халықаралық есептеу банкінің ақша бірлігі болып алтын құрамында
0,29032258 г таза алтын бар франк қызмет етеді.
Халықаралық Валюта Қоры (МВФ)
Халықарылық валюта қоры (international Monetary Fund, IMF, штаб
пәтері Вашингтонда орналасқан) ең маңызды халықаралық валюта-қаржылық ұйым
болып табылады. Өзінің анықтамасына сай, ол кооперативті үкіметаралық
валюталық қаржылық ұйым. 1944 жылы Бреттон-Вудс конференциясы шешімімен
құрылып, өз қызметін 1947 жылы бастаған. Қор дүниежүзілік валюта жүйесінің
қызметі нәтижелерімен шұғылданады. Мақсаты – халықаралық валюталық
ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың кеңеюіне, мүше елдердің
ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем балансы мәселелерін қысқа
мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.
Қазақстан МВФ-ке 1992 жылы мүше болып кірді. Аталған қаржылық ұйымға
мүше болу мақсатында Қазақстанда 1992 жылдың маусымында Қазақстан
Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму
банкіні, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоциациясына,
Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы
арнайы заң қабылданды.
СДР бірлігінің құны оның корзинасын құрайтын бес негізгі валюталардың
доллармен есептегендегі рыноктық құнының қосындысынан тұрады. Корзинаның
құрамы әрбір бес жылда қайта құрылады.
Валюталық корзина дегеніміз – бір валютаның орташа бағамын басқа
валюталардың белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі.

Корзина құрамының көрсеткіштері (процент есебімен)

АҚШ доллары 39(40)
Неміс маркасы 21(21)
Жапон иенасы 18(17)
Француз франкі 11(11)
Фунт стерлингов 11(11)

*Дерек көзі: www.worldbank.org

МВФ-тың негізгі басқару органдарына басқарушылар Кеңесі, Атқарушы
Кеңес (Директорат), басқарушы кеңестің уақытша комитеті және даму жөніндегі
комитет жатады. МВФ-тың ең жоғары органы басқарушылар Кеңесі ( ол ережеге
сай жылына бір рет шақырылады). Әрбір ел өз ішінен тұрақты бір басқарушының
бір орынбасарын тағайындайды (ол, әдетте қаржы министрі немесе орталық
банктің басшысы).
Атқарушы кеңес (24 мүшеден тұрады және тұрақты түрде жұмыс істейді)
қордың ағымдағы қызметін басқарады. Шешімдер МВФ-тың қызметкерлері талдап
жасаған материалдар мен құжаттар негізінде қабылданады. Басқарушылар кеңесі
беруі де мүмкін. Атқарушы кеңестегі ең жоғары мансап: басқарушы – директор.
Басқарушы Кеңестің Уақытша комитетінде Қордағы басқарушылар, министрлер
мүшелікке болады және олар кеңесші орган болып есептеледі, әдетте жылына
екі рет жиналады. Олардың құзырындағы мәселелерге дүниежүізілік валюта
жүйесінің проблемалары жөніндегі баяндамаларды басқарушылар кеңесіне ұсыну,
сондай-ақ зер салып, қадағалауды талап ететін, валюта жүйесіне кенеттен
қауіп төндіруі мүмкін қатерлер жөнінде, сондай-ақ Келісімнің баптарын
өзгерту туралы ұсыныстар жасау жатады.
Даму жөніндегі комитет (24 мүшесі бар) әдетте қаржы министрлерінен
тұрады. Ол МБРР мен МВФ-тың басқарушы кеңестеріне баяндамалар мен ұсыныстар
дайындайды.
Халықаралық қайта құру және даму банкі
Аталған банк өзінің қызметін 1946 жылы бастаған. Ол ең ірі
мемлекетаралық инвестициялық институт болып есептеледі. Халықаралық Даму
ассоциациясы (МАР, 1960 жылы құрылған) МБРР-дың филиалы.
МАР-дан бөлек МБРР-дың тағы екі филиалы бар. Олар: Халықаралық қаржы
корпорациясы (МФК) және Көпжақты инвестициялық-кепілдік агенттігі (МИГА,
1988 жылы құрылған). Міне осылар – МБРР, сондай-ақ МАР, МФК және МИГА Бүкіл
дүниежүзілік банк тобын құрап отыр.
Алғашында банктің капиталы 10 млрд доллар мөлшерінде болса, 90-
жылдардың басында ол 140 млрд долларға дейін құрады. Дегенмен, әрбір елдің
ортақ капиталдағы үлестері бірдей емес, мұның өзі дауыс берудегі теңдік
түсініктерінен алшақ айырмашылықтарға бастайды.
МВФ-те қалыптасқан жағдай 90-жылдардың басында Бүкіл дүниежүзілік
банк тобында да қайталанып, АҚШ-тың дауыс саны артық болды (шамамен 17%).
Сондықтан да, дәстүрге сай банк президентінің орны американдық өкілдің
үлесінде болары даусыз еді. Дауыс санына сәйкес екінші орында жапондықтар
(6,24%). Ал Канада, Сауд Арабиясы, Индия, Италия елдерінің, сондай-ақ
Ресейдің 2,99% дауысты иемденіп отыр.
МБРР-ді құру туралы келісім-шартқа сәйкес Банктің басшы органы болып
басқарушылар Кеңесі есептеледі. Оның құрамында банктің мүшелігіндегі әрбір
елдің бір-бірден басқарушысы бар. Басқарушылар кеңесі өз өкілеттігінің бір
бөлігін Директоратқа (оның құрамында 27 директор бар) берген.
Директорлардың бесеуі банк капиталында неғұрлым үлесі бар (АҚШ, Жапония,
ГФР, Франция, Ұлыбритания) елдерінен тағайындалады, қалғандары басқа
басқарушылар ортасынан сайланады.
МБРР-ді құрудың басты мақсаты – банкке мүше елдердің экономикасын
дамытуға жәрдемдесу. Бұл жәрдем ұзақ мерзімді займдар мен кредиттер, сондай-
ақ жекеменшік инвестицияларға кепілдіктер беру арқылы жүзеге асырылады.
Банктің мүшелігіне тек қана МВФ-қа мүше елдер ғана кіре алады. 3, 34-38

2-тарау. Қазақстан Республикасының валюта жүйесін талдау

2.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі

Нарыққа өту кезінде Қазақстан Республикасы егеменді ел ретінде
өзінің тәуелсіз дамуы кезеңінде валюталық саясат жүргізуі керек.
Қазақстанның алдында шетелдермен дербес валюта қатынастарын құрумен қатар
халық шаруашылығын қайта құру, оны нарық рельстеріне түсіру мәселелерін
бірге шешу міндеттері тұрады.
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып кіргеннен
бастап өзінің валюта қатынастарын Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық
қағидалары мен қордың Жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын
ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде Валюталық реттеу туралы алғашқы
заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан сом аймағында болғандықтан шетелдермен
жеке валюталық байланыстары жоқтың қасында болатын. Сонымен қатар еліміз
өзінің ұлттық валютасын айналымға шығаруға дайындап, жеке алтын валюта
резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен шұғылдануда еді. Қабылданған заң
бағаны ырқына жіберу (либерализация) деңгейіне сәйкес келіп, кейбір
жағдайларда дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы
сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда Валюталық реттеу
туралы жаңадан заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының шетелдермен жүргізілетін валюталық
қатынастарының негізгі элементтері республикада қабылданған заңдарда
айқындалған. Олар жоғарыда айтылған заңға қоса, Қазақстан Республикасының
ақша жүйесі туралы 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; Қазақстан
Республикасының ақша жүйесі туралы 1995 жылдың 30 наурыздағы заң; Асыл
тастар және қымбат бағалы металдармен байланысты қатынастарды мемлекеттік
реттеу туралы 1995 жылдың 31 тамызындағы заң; сонымен қатар ҚР
Президентінің Жарлықтары, үкімет Қаулылары мен Ұлттық банк басқармасының
нормативтік актілері.
Қазақстан заңдары бойынша валюталық реттеудің объектісі болып
шетел валютасы, шетел валютасындағы бағалы қағаздар, валюталық
құндылықтарды, аффинирленген (тазартылған) алтын мен басқа да бағалы
металдарды республикаға әкелу, алып кету және жіберу тәртібін белгілеу
болып есептеледі. Валюталық қатынастардың субъектілері болып резиденттер
және резидент еместер саналады. Резиденттерге жататындар:
• Қазақстан Республикасында тұратын жеке кәсіпкерлер, оның ішінде
уақытша шетелдерде мемлекеттік қызметте жүргендер;
• Қазақстан Республикасының заңдары бойынша құрылған заңды тұлғалар,
сондай-ақ олардың Қазақстан территориясындағы филиалдары және одан тыс
жерлердегі өкілдіктері;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және
басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен
шұғылданбайтын өкілдіктер.
Қазақстан Республикасындағы резидент еместерге жоғарыда
республика резиденттері түсінігінде көрсетілмеген заңды және жеке
тұлғалар жатады.
Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату
мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия
бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.

Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып
Ұлттық банк саналады. Ол:
• Шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздар айналасының
аясы мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге
қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы көлеміне де
енгізеді;
• Резиденттер мен резидент еместердің республикада шетел валютасымен
және шетел валютасындағы бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
ережелерін белгілейді;
• Резиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру,
тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге
лицензиялар береді;
• Ұлттық валютаның – теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның
ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін,
сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын
операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу
мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
• Алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
• Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен қаржы- валюталық
және несие-есеп айырысу қатынастарын жетілдіреді;
• Қабылданған мемлекеттік шарттарға сәйкес шетелдік және халықаралық
ұйымдармен шетел валюталарын тартады.
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары және
олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк
және Қазақстан Республикасының үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып
заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда,
валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:
Жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және
оған қажетті лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
Резиденттердің мемлекет алдындағы шетел валютасымен міндеттемелерін
орындауын тексеру;сондай-ақ ҚР-ның ішкі валюта нарығында шетел валютасын
сату міндеттемелерінің орындалуын тексеру; шетел валютасымен жүргізілген
төлемдердің дәлелдігі, валюта операциялары бойынша есеп пен есептесудің
толықтығы және объективтілігі тексеріліп, сонымен бірге резиденттер
еместердің теңгемен жүргізген операциялары бойынша бақылау жүргізіледі.
Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени
қатынастарға қызмет етіп, ол мемлекеттің төлем балансында көрініс табады.
3,390-393

2.2.Қазақстан Республикасындағы валюта бағамын реттеу мәселелері

Экономикалық мүмкіндіктер деңгейін көрсететін басты
көрсеткіштердің бірі – сыртқы экономикалық қызмет. Сыртқы экономикалық
қызмет мәліметтері сыртқы сауданың осы уақыт мезетіндегі даму деңгейі мен
түрлі өзгешеліктерін нақтылайды. Сол себептен сыртқыэкономикалық қызметті
реттеу мемлекет алдындағы басты мәселелердің бірі.
Сыртқыэкономикалық қызметке мемлекеттің ықпал етуі дегеніміз – оның тек
сальдоны ғана реттеуі емес, сонымен бірге сыртқыэкономикалық қызмет
көрсеткіштерінің жекелеген бөліктеріне әсер етіп, оны қажетті бағытқа қарай
бұру мақсатында түзетулер енгізу. Бұл жерде реттеудің көптеген әдістері
бар: тікелей реттеуден бастап жанама реттеу әдістеріне дейін.
Сыртқыэкономикалық қызмет нәтижесіне әсер ететін әдістердің бірі –
валюталық реттеу. Мемлекет валюталық реттеу әдісі арқылы сыртқыэкономикалық
қызметті реттеп, сыртқы тұрақтылыққа жетуге жол ашады.
Валюталық реттеуде валюта бағамын реттеуді қарастыру жөн. Валюта бағамын
реттеу алдында бағамға әсер ететін факторларға тоқтайық. Бұл саладағы
зерттеу валюта бағамына әсер ететін негізгі 3 фактордың барлығын көрсетті:
1) экономикалық;
2) саяси;
3) психологиялық;
Экономикалық факторларды өз алдына бағам құрушы және реттеуші деп
бөлуге болады. Негізгі бағам құрушы факторлар: ЖҰӨ, төлем балансы,
инфляция, ақша ұсынысы, пайыздық мөлшерлеме. Реттеуші факторларға
валюталық, несиелік, эмиссиялық саясатты, салықтарды, квоталарды,
төлемдерді, лицензияларды, баға саясатын, заңгершілікті, валюталық–қаржылық
құрылымның тұрақтылығын жатқызамыз.
Саяси факторлардың ішінен басқарушы органдардың тұрақсыздығын, елдің
ақша жүйесіне өзгертулер енгізетін саяси шешімдерді, мемлекеттің ұзақ
мерзімді бағдарламаларын, экономикалық және саяси құрылымдардың арасындағы
байланысты ерекше көрсетеміз.
Экономикалық, не саяси өзгерістер барысында туатын валюталық нарыққа
қатысушылардың психологиялық күтімдерінің өзгерістері де валюта бағамының
динамикасының күрт жылжуына алып келеді.
Валюта бағамының динамикасына ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар
да әсер етеді. Глобализация кезеңінде әлемдік тауар, қаржы нарықтарындағы
бағаның ауытқуы, шетел елдерінің сыртқы сауда саясаты, халықаралық сауда
және қаржылық ұйымдардың қызметтері, жаңа технологиялардың пайда болуы да
әсер етеді.
Валюта бағамы өзгерісінің экономикалық мағынасы тұрақты және еркін
валюта бағамдары кезінде әртүрлі. Егер мемлекет еркін валюта бағамы режимін
қолданса, онда өзгеріс сұраныс пен ұсыныс сияқты нарықтық күш әсерінен
болады. Нәтижесінде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік сауда теориялары және халықаралық экономиканы басқарудың түрлері
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Экономикалық дамудың халықаралық аспектілері
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Халықаралық туристік нарық
Халықаралық сауда мен әлемдік нарықтың экономиқалық мәні
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы және оны басқару
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы
Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
Әлемдік шарушылықтың құрылымы
Пәндер