Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы



Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы №450 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған жедел шаралар бағдарламасында» қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.
Дүниежүзілік тәжірибе нақты көрсеткендей, нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзінде шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын арттыруға едәуір әсерін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілері өздері өндірген тауар және оны сату көлемі, атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметі, жұмыспен қамтылған адамдар саны жағынан алдыңғы рольде.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдай отырып, оның келесі басымдықтарын атауға болады: шаруашылық жүргізудің жергілікті жағдайларына жылдам дағдылану; шағын кәсіпкерлік субъектілері іс-әрекеттерінің тәуелсіздігі; шешімдердің қабылдану мен орындалудағы шұғылдығы мен икемділігі; шығындардың кемдігі, әсіресе басқаруға кететін шығындардың; өз идеяларын, мүмкіншіліктерін іске асыруға жеке тұлға үшін зор мүмкіндіктердің болуы; қаржыға деген сұраныстың төмендігі және жергілікті рыноктардың талаптарына сәйкес өнімге және өндіріске тез арада өзгеріс енгізу; өзіндік қаржының жылдам айналымдылығы және т.б. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті рыноктың сұранысын жақсырақ біледі, көп жағдайда нақты бір тұтынушылардың тапсырысымен тауарлар өндіреді, ірі кәсіпорындарға қарағанда көптеген адамдарға қажетті қаражаттар бере отырып, кәсіби жұмысшылар даярлауға және тәжірибелік білімдерді таратуға септігін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын және орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда сан жағынан да, сондай-ақ тауар өндірудегі, жұмыс атқарудағы, қызмет көрсетудегі үлес салмағы жағынан да басым орынға ие. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән, олардың арасында ең елеулілерін атап өту қажет: ықтимал тәуекелдің көптігі, соның салдарынан рыноктағы жағдайдың тұрақсыздығы дәрежесінің жоғары болуы; ірі компанияларға тәуелділігі; жұмысты басқарудағы кемшіліктері; басшылардың жетік біле бермеуі; шаруашылық жүргізу шарттарының өзгеруіне жоғары сезімталдығы; қосымша қаржыларды тартудағы және несиелерді алудағы қиындықтар; шаруашылық жүргізуші әріптестердің келісімдерді (шарттарды) түзгендегі сенімсіздігі және сақтығы және т.б.
Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында Елбасы 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа бағыттарын белгілеп отыр, олар – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірлей жаңа идеологиясын құру және кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беруі; қаржылық супермаркет құру; банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыру.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің

№ қаулысына
ҚОСЫМША

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-2008
жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы

Шымкент қ. 2005 ж

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік
бағдарламасы
Әзірлеу үшін Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
негіз Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы №131-1 Заңы,
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18
ақпандағы Қазақстан халқына Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Жолдауы,
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті
жедел дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005
жылғы 12 мамырдағы №450 қаулысы
Негізгі Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп
әзірлеуші департаменті
Мақсаты Бәсекелестікке қабілеттілікті және мемлекет тарапынан
қолдау көрсету шараларының тиімділігін арттыру негізінде
шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдайлар жасау
Міндеттері Жалпы аймақтық өнім құрылымында шағын және орта
кәсіпкерлік үлесін ұлғайту;
Жұмыспен қамту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру;
Әкімшілік тосқауылдарды жеңу;
Кредиттік қаражаттарға шағын және орта кәсіпкерліктің қол
жеткізуін жеңілдету;
Кәсіпкерліктің өндіріс және туристік секторын басым түрде
дамыту;
Кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру
және дамыту;
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі
мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың
тиімділігін арттыру;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және қызметін
белсендіру
Қаржыландыру Кәсіпкерлікті қолдауды қаржылай қамтамасыз ету мынадай
көлемі және қаражат есебінен жүзеге асырылады:
көздері облыстық бюджеттен 5,5 млн.теңге көлемінде
2006 жылы – 1,5 млн.теңге
2007 жылы – 2,0 млн.теңге
2008 жылы – 2,0 млн.теңге
шағын бизнестің өндірістік саласын қолдауға 2-ші
деңгейдегі банктер 48000,0 млн.теңге көлемінде
2006 жылы – 15000,0 млн.теңге
2007 жылы – 16000,0 млн.теңге
2008 жылы – 17000,0 млн.теңге
басқа да көздер: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ
өңірлік филиалы, микрокредиттік ұйымдар, ауылдық
кредиттік серіктестіктер, лизингтік компаниялар және
басқа қорлар.
Бағдарламаны Кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі 118 мың бірліктен
жүзеге асыруданжоғары болады, жаңа жұмыс орындары ашылады және шағын
күтілетін бизнес саласында қамтылғандар саны ұлғаяды; жыл сайын
нәтижелер өндіріс көлемі (жұмыс, қызмет) 4-5% және бюджетке
төлемдер 22% ұлғаяды, кәсіпкерлік субъектілеріне кредит
беру көлемі ұлғаяды; аудан және қала орталықтарында
микрокредиттік ұйымдар жүйесі кеңейеді; мемлекет
қатысатын кәсіпорындар мен акцонерлік қоғамдардың
өздеріне үйлеспейтін міндеттерін рыноктық ортаға, бірінші
кезекте кәсіпкерлікке беру жұмыстары кезеңмен
жүргізіледі; кластерлі-жүйелік негізде кәсіпкерлікті
дамытудың экономикалық моделі енгізілетін болады.
Бағдарламаны 2006-2008 жылдар
орындау мерзімі

2. Кіріспе.

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 2006-
2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан
халқына Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12
мамырдағы №450 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында шағын және
орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған жедел
шаралар бағдарламасында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында
әзірленген.
Дүниежүзілік тәжірибе нақты көрсеткендей, нарықтық экономикасы дамыған
елдердің өзінде шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының дамуына, әлеуметтік
мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын арттыруға едәуір
әсерін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілері өздері
өндірген тауар және оны сату көлемі, атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметі,
жұмыспен қамтылған адамдар саны жағынан алдыңғы рольде.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдай
отырып, оның келесі басымдықтарын атауға болады: шаруашылық жүргізудің
жергілікті жағдайларына жылдам дағдылану; шағын кәсіпкерлік субъектілері іс-
әрекеттерінің тәуелсіздігі; шешімдердің қабылдану мен орындалудағы
шұғылдығы мен икемділігі; шығындардың кемдігі, әсіресе басқаруға кететін
шығындардың; өз идеяларын, мүмкіншіліктерін іске асыруға жеке тұлға үшін
зор мүмкіндіктердің болуы; қаржыға деген сұраныстың төмендігі және
жергілікті рыноктардың талаптарына сәйкес өнімге және өндіріске тез арада
өзгеріс енгізу; өзіндік қаржының жылдам айналымдылығы және т.б. Шағын
кәсіпкерлік субъектілері жергілікті рыноктың сұранысын жақсырақ біледі, көп
жағдайда нақты бір тұтынушылардың тапсырысымен тауарлар өндіреді, ірі
кәсіпорындарға қарағанда көптеген адамдарға қажетті қаражаттар бере отырып,
кәсіби жұмысшылар даярлауға және тәжірибелік білімдерді таратуға септігін
тигізеді. Жекелеген елдерде шағын және орта кәсіпорындар ірі
кәсіпорындармен салыстырғанда сан жағынан да, сондай-ақ тауар өндірудегі,
жұмыс атқарудағы, қызмет көрсетудегі үлес салмағы жағынан да басым орынға
ие. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән, олардың
арасында ең елеулілерін атап өту қажет: ықтимал тәуекелдің көптігі, соның
салдарынан рыноктағы жағдайдың тұрақсыздығы дәрежесінің жоғары болуы; ірі
компанияларға тәуелділігі; жұмысты басқарудағы кемшіліктері; басшылардың
жетік біле бермеуі; шаруашылық жүргізу шарттарының өзгеруіне жоғары
сезімталдығы; қосымша қаржыларды тартудағы және несиелерді алудағы
қиындықтар; шаруашылық жүргізуші әріптестердің келісімдерді (шарттарды)
түзгендегі сенімсіздігі және сақтығы және т.б.
Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында Елбасы 2005 жылғы
Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа
бағыттарын белгілеп отыр, олар – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың
түбірлей жаңа идеологиясын құру және кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске
асыру үшін қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік кәсіпорындар мен
мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен
монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске
беруі; қаржылық супермаркет құру; банк кредиттеріне кепілдік беру мен
сақтандыруды жүзеге асыру.
Осы Бағдарлама сан жағынан сегізінші болып табылады және алдыңғыларына
қатысты сабақтастықты сақтайды. Бағдарлама облыс экономикасының дамуында
белгіленіп отырған тенденциялар мен іс-шаралар ескеріле отырып әзірленді.
Бағдарламаның іс-шаралары шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына
қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесуге және қолдауға, шағын бизнесті дамыту
үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуге, халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын
ұйымдастыру үшін мүмкіндіктерді толық пайдалануға, жұмыс орнының санын
арттыруға, ресми және жасырын жұмыссыздықты азайтуға, халықтың өмір сүру
деңгейін көтеруге, сонымен қатар, облыстық және жергілікті деңгейдегі
қолдау шараларының сапасы мен тиімділігін арттыруға және шағын бизнес
секторындағы проблемаларды жоюға бағытталған.

3. Кәсіпкерліктің қазіргі жай-күйі мен дамуын талдау

1) Жалпы жағдай
Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат
шараларын іске асырудың арқасында Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлік
секторы жоғары деңгейге жетті. Егер 2002 жылы 1000 тұрғынға шаққанда 44,2
кәсіпорын болса, 2004 жылы 1000 тұрғынға 52,5 шағын кәсіпкерлік субъектісі
келеді.
Бүгінгі таңға кәсіпкерліктің өрістеуіне, оны дамыту үшін жағдайлар
жасауға, тексеруші органдардың бюрократтық іс-әрекеттерінен қорғауға әсерін
тигізетін нақты қадамдар жасалды.
Облыстық мемлекеттік органдар жанынан кәсіпкерлік субъектілеріне
қатысты бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлердің
қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қоғамдық
сараптау кеңестерін құру процесі жүргізілуде. Сараптау кеңесінің
мәжілістерінде толғағы жеткен мәселелер, билік өкілдері мен кәсіпкерлер
арасындағы даулы жағдаяттар және сол мемлекеттік құрылымның қабылдаған
нормативтік құқықтық актілеріне қоғамдық сараптама жүргізіледі. Сараптау
кеңестерінің шешімдері ұсынымдық сипатта болғанымен, мұндай сараптау
кеңестерінің құрылуы және жүйелі түрде жұмыс жасауы мемлекеттік органдардың
жұмысын кәсіпкерлер үшін ашық етуге, арада байланыс орнатуға септігін
тигізеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдаудың тағы бір бағыты
ол облыстық бюджеттен кредиттеу. 1997 жылдан бері өз бизнесін дамытамын
деген кәсіпкерлерге басым бағыттағы 159 жоба үшін кредит берілген. Оның
ішінде өндірістік секторда – 72,7%, ауыл шаруашылығында – 19,8%, қызмет
көрсету және көлік саласында – 7,5%. 2004 жылы облыстық бюджеттен шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген сыйақы ставкаларымен 35 млн.теңге
кредит берілген, бір қолға шаққанда 10,5 млн.теңге. Кәсіпкерлердің
жобаларын іске асыру үшін кредиттеу барысында жыл басынан бері 249 жұмыс
орны ашылды.
2005 жылдың 1 қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне берген кредиттік қаражаты 22010,5 млн.теңгені құрады.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы шағын кәсіпкерлікті сипаттайтын
экономикалық көрсеткіштер экономиканың бұл секторында оң өзгерістердің
болып отырғанын көрсетеді. Бұл өндірістің қайта жаңғыруынан, халықтың нақты
ақшалай табысының ұлғаюынан, мемлекеттік қолдаудың күшеюінен туындаған.
2005 жылдың басына тіркелген кәсіпкерлік құрылымдардың жалпы саны
(базардағы саудагерлерді қосқанда) шамамен 114800 бірлікті құрап, өткен
жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15% жоғары болды. Тіркелген шағын
кәсіпкерлік субъектілері 97% кәсіпорындарының 97%-ы қазіргі уақытта жұмыс
істеп тұрғандар.
Заңды тұлға ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 12851
бірлікті құрады, оның 9163-і жұмыс істейді.
Жеке тұлға ретінде тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 101949
бірлікті құрады, оның 47709-ы - жеке кәсіпкерлер, 54240 – шаруа
қожалықтары.
Облыс бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілері жалпы саны ішіндегі жеке
кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының үлес салмағы 88,8%-ды құраса,
сәйкесінше заңды тұлғалар үлес салмағы 11,2% -ды құрайды.
Жүргілізген мониторинг нәтижесі соңғы жылдары шағын кәсіпкерліктің
тіркелген кәсіпорындары мен оның жұмыс істеп тұрғандарының қатынасы
өзгеріссіз қалуда деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мәліметтер бойынша
тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің (заңды тұлғалар) шамамен 29%-ы,
ал ол орта есеппен 3000 кәсіпорын, тоқтап тұр немесе көлеңкелі бизнеске
кетуде.
Шағын кәсіпкерліктегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санына қатысты,
кәсіпкерлік дамуына жасалған талдау барысында анықталғаны шағын бизнестегі
құрылымдық бірліктер санының ауыл шаруашылығы, сауда және қызмет көрсету
салаларында жаңа кәсіпорындар құрудың есебінен өсіп отырғанын көрсетеді.
Белсенді кәсіпорындардың ең көп шоғырланғаны ауыл шаруашылығында - 49,8%,
сауда саласында - 35,5%, көлік және байланыста - 2,5%, қонақ үй бизнесінде
- 1,5%, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында -
1,5%, және басқа да қызмет түрлерінде - 9,2%.
Оның қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы секілді тұрғыны көп
ірі орталықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін өндірістік сектор жеткілікті
дәрежеде дамымаған деген тұжырымдама жасауға болады. Ресми түрде тіркелген
жұмыссыздарды, сонымен бірге базарларда сауда-саттықпен және басқа да табыс
тұрғысынан алғанда тұрақсыз жұмыспен қамтылған адамдарды ескерсек, онда
аталған аймақта шағын кәсіпкерлік секторын дамытуға еңбек ресурстарының
әлеуеті жеткілікті деуге болады.
Шағын кәсіпкерлік саласында 312,2 мың адам қамтылған, ол өткен жылдың
тиісті мерзімімен салыстырғанда 5,3% көп (2003 ж. - 296,5 мың адам) немесе
облыс экономикасының жұмыспен қамтылған халқының 31,1%-дан астамын
құрайды:
жеке кәсіпкерлікте – 59,4 мың адам
шаруа қожалықтарында – 186,8 мың адам
заңды тұлға ретінде тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарында – 66,1 мың
адам.
Шағын бизнес өкілдері 117463,3 млн. теңгеге өнім өндірген, жұмыс
атқарған және қызмет көрсеткен, ол өткен жылдың тиісті мерзімімен
салыстырғанда 16% көп. Орта есеппен бір шағын бизнес субъектісі (заңды
тұлға) 7408,8 мың теңгеге өнім өндірген, жұмыс атқарған және қызмет
көрсеткен.
2004 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 6719,9 млн.теңге салық,
алымдар, кедендік және басқа да төлемдер төленген, ол өткен жылдың тиісті
мерзімімен салыстырғанда 19% көп (2003-5645,9 млн.теңге). Салықтық
төлемдердің түсімі келесідей: заңды тұлғалар 5445,1 млн.теңге төлеген,
жеке кәсіпкерлер –1016,3 млн.теңге, ал шаруа қожалықтары - 258,5 млн.
теңге.
Облыс бойынша жыл басынан, қаржы департаментінің мәліметі бойынша,
кәсіпкерлерге қолданылмай жатқан 19 коммуналдық меншік объектісі берілген,
оның ішінде 11 объекті қайтарымсыз негізде берілген. Шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің таңдауы бойынша 10 объект әрі қарайғы меншік құқығымен
сенімді басқаруға берілген.
Реформа жүргізілгелі бері жер иеленуге 96264 акт берілген, оның ішінде
шаруа қожалықтарына – 58538, жеке кәсіпкерлерге – 7040, өндірістік
кооперативтерге – 1025, толық серіктестіктерге – 48, жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктерге – 1117. 2004 жылдың 1 тамызына тұрғын үйлерде
шағын бизнес объектілерін ашу үшін пәтерді қайта жоспарлау үшін
кәсіпкерлерге 1978 рұқсат берілген.

2) Кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы
Кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдаудың қозғаушы рычагының бірі
кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымын дамыту болып табылады, мұның
астарында шағын кәсіпкерліктің бүтіндей өндіріс процестерінде және қызмет
жасауында қолайлы жағдайды қамтамасыз ететін кәсіпорындар, мекемелер және
институттар жиынтығы түсіндіреледі.
Шағын кәсіпорындарың проблемаларын зерттеу және қорыту, шағын
кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу, билік
органдарында шағын бизнестің мүдделерін қолдау және заңды құқықтарын
қорғау, шағын кәсіпкерліктің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде
ұсыныстар әзірлеуге қатысу, маңызды әлеуметтік-экономикалық проблемаларды
шешуге кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыстарды іске асыру – бұл функцияларды
кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері жүзеге асырады.
Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылымдық институттардың
құрылымын қаржы институттары, қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар,
бизнес – инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер, ақпараттық-
талдамалық, маркетингтік, консалтингтік, оқыту орталықтары, халықаралық
институттар айқындайды.
Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің 20-дан астам
қоғамдық бірлестіктері және салалық қауымдастықтары қызмет етеді.
Кәсіпкерлік қолдау саласында көптеген түрлі институттар бар, қолдаудың
негізгі принциптері, формалары мен механизмдері қалыптастырылған.
Экономикалық тұрақтылық пен экономикалық қызметтің белсенділігі
жөнінде банктердің ресурстық базасы мен банктік несиелердің ұлғайғаны куә
болады. Макроэкономикалық тұрақтылық пен қаржы жүйесінің дамуы коммерциялық
банктердің несиелік ресурстарын кәсіпорынның техникалық жаңаруына,
бәсекелестікке қабілетті жаңа өндірістер құруға бағытталған ұзақ мерзімді
инвестицияға қарай ұлғайтық. Олардың ұлғаюының тұрақты динамикасы
байқалады. Жалпы несиенің ең көп бөлігі өнеркәсіп, сауда, ауыл
шаруашылығында пайдаланылуда.
Сондай-ақ, облыстың негізгі қаржы институттары, микрокредиттік
ұйымдар, қоғамдық қорлар (Қазақстандық несиелеу қоры Шымкент филиалы,
ОҚО Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау Қоры қоғамдық қоры, Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық филиалы), лизингтік компаниялар
болып табылады.
Үшінші деңгейлі кредит беру жүйесінің қызмет етуі тек микрокредит
берумен айналысатын мекемелердің қызметіне тікелей байланысты. Тек өз
капиталының есебінен, гранттардан және бағдарламаға қатысатын
кәсіпкерлердің жарнасынан кредит беретін микрокредиттік ұйымдар мемлекет
тарапынан төмен дәрежеде реттелетін кредиттік қарым-қатынас жүйесінің
деңгейі болып табылады. Бұл өз кезегінде ұсақ кәсіпкерлердің қызметін
қаржыландырудың негізгі көзі болып табылатын заңсыз қаржы делдалының
шығуына ықпал етеді.
Облыста ауылдық кредиттік серіктестіктер жүйесімен қатар,
микрокредиттік ұйымдар, олар облыс бойынша 64, жүйесі дамуының оң
тенденциясы байқалады. Бұл республикадағы барлық микрокредиттік ұйымдар
санының үштен бір бөлігін құрайды. Олар 2004 жыл ішінде 1,7 миллиардтан
астам теңге сомасына кредит берген.
Шымкент және Түркістан қалаларындағы Қазақстандық несиелеу қорының
филиалдары кәсіпкерлерге шағын кредит беру бойынша белсенді жұмыс атқаруда.
Бизнестері Шымкент қаласында орналасқан Сайрам, Төлеби, Қазығұрт, және
Ордабасы аудандары кәсіпкерлерін қордың Шымкенттік филиалы қаржыландыруда,
ал Түркістан филиалы сонымен қатар Кентау қаласындағы кәсіпкерлерді де
несиелеуде.

Көрсеткіштердің атауы 2003ж 2004ж
Қаржыландырылған 7407 12341
жобалардың саны
Берілген кредиттің 653,6 1138,7
соммасы

Шағын кәсіпкерлікті дамыту аймақтық қорының бастауымен осы уақытқа
дейін өзіндік жеке қаражаты есебінен 64 жоба 508,2 млн. теңге сомасына
қаржыландырылды. Қаржының негізгі көлемі өнеркәсіп өндірісіне -39% ауыл
шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге-29,5%, көлік және
қызмет саласына-23% жұмсалды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына қордың қаржылық көмегі
республиканың барлық аумақтарында 75 мың жұмыс орнының ашылуына септігін
тигізді.
Қордың негізгі проблемалары болып шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
бизнесті жүргізу мәдениетінің төмендігі және кепіл құралдарының
жеткіліксіз болуы салдарынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
инвестицияға қол жетпеушілігі болып табылады.
ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі, сонымен қатар ГФР Үкіметі мен ҚР Үкіметі
арасындағы келісімдер аясында Халықаралық Қайырымдылық Корпусы мен
Халықаралық ТАСИС ұйымының қаражаты есебінен облысымызда құрылған
Фермерлер және кәсіпкерлерді қолдау қоры қоғамдық қоры 1997 жылдан бері
жұмыс жүргізуде. Қордың негізгі қызметі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне,
шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарға жанар-жағармай өнімдері,
тыңайтқыш, ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын жеткізіп беруге түзілген
шарттар бойынша төлем жасау жолымен материалдық-техникалық қолдау көрсету
болып табылады.
2004 жылы кәсіпкерліктің 210 субъектісіне 25,6 млн. теңге көлемінде
займ (кредит) берілген.
Жобаларды қаржыландыру мына бағдарламалар бойынша жүргізілді, атап
айтқанда: 1. Жанармай. Тұқым. Тыңайтқыш, 2. Техника. Құрал-жабдық. Мал
шаруашылығы. және 3. Агробизнес. Шағын және орта бизнес. Қордың мақсаты
тек материалдық көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар кеңес беру және
тәжірибелік көмек көрсету.
Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысында Евразия қорының, ПРООН-
ның, Әлем Корпусының техникалық қолдауымен халықаралық донорлық ұйымдардың
(Неміс техникалық ынтымақтастық жөніндегі GTZ қоғамы, Сорос-Қазақстан қоры)
қаражатына құрылған СодБи бизнес-инкубаторы қазіргі уақытта белсенді
жұмыс атқаруда. СодБи бизнес-инкубаторы корпоративті қорының негізгі
қызметі жаңадан бастап дамып келе жатқан өндірістік және сервистік
кәсіпорындарға қызмет көрсету, белсенді адамдар идеяларының жүзеге асуына
және дамуына қолдау көрсетуге бағытталған. СодБи бизнес-инкубаторы
жаңадан бастаған кәсіпкерлерге офистік, қойма және өндірістік орындармен
қамтамасыз етуге көмек береді. Сонымен қатар кәсіпкерлер бизнес-
инкубатордан бизнес жүргізу, бухгалтерлік, заңдылық, маркетингтік курстар,
заңды және жеке тұлғалардың тіркелуі туралы кеңестер алуына болады.
Кәсіпкерлер жұмыс процесінде көптеген проблемаларға кездеседі, әсіресе
шағын кәсіпорындардың қалыптасу процесін өткеруі өте қиын, ол өндірістік
кәсіпорындарда 3 жылдан 5 жылға дейінгі уақытты алады.
Қазақстанға қатысты жалпы проблемалар Оңтүстік Қазақстан облысына да
қатысты. Бұл:
кемеліне жетпеген салық саясаты;
кәсіпорындарда жеткілікті айналым қаражатының болмауы;
кәсіпкерлерге қаржылық көмектің шектеулілігі (кредитті сақтандыру және
кепілдік жүйесінің дамымауы, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік-
инвестициялық қызмет көрсетуші банктерге, лизингтік және сақтандыру
компанияларына жеңілдік беру механизмінің жасалынбағандығы);
мамандар кеңесіне қол жетпеушілік салдарынан шаруашылық жүргізуші
субъектілердің толық хабардар болмауы;
нарықтық экономиканың мәселелері бойынша шағын кәсіпорындарда басшылар мен
мамандар білім деңгейінің жеткіліксіз болуы;
заңдық сауатсыздық. Кәсіпкерлер қоғамның нағыз белсенді бөлігі. Қазақстан
Республикасында оларға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Шағын бизнес
саласында көп бейінді қызметтермен айналысуға қабылданған заңдық база үлкен
мүмкіндіктерге жол ашады. Сонда да бизнесмендер заңдылықты білмеуінен жиі
келеңсіз жағдайларға тап болып жатады;
кәсіпкерлер дайындығының төмендігі - бизнесті жүргізумен байланысты
бизнесті жоспарлауды, басқаруды, маркетингті, бухгалтерлік есепті және
басқа да пәндерді білмеуі. Барлық үйретіліп жатқан бағдарламалар мен
курстардың көптігіне қарамастан кәсіпкерлердің дайындығы сол төмен деңгейде
қалып отыр. Жасыратыны жоқ, көптеген кәсіпкерлер бизнес-жоспарды фирма
қызметі шараларының жоспары деп емес, тек несие алуға арналған деп
түсінеді. Ең бастысы жаңадан бастаған кәсіпкерде қаншалықты өз мамандығы
бойынша жоғары кәсіби шеберлігі, жоғары адамдық, ақыл-ой деңгейі болса да,
өзі мен өз бизнесін қорғау әдістерін, өндірістік шығындарды төмендету
тәсілдерін, рынокты зерттеу әдістерін біле бермейді, бизнесті ұйымдастыру
мен өздігінше жүргізуге тәжірибесі болмайды.
мемлекеттік құрылым мен кәсіпкерлер арасында кедергілердің болуы, ауылдық
аудандарда кәсіпкерлердің проблемасы - экономика саласындағы кеңес
берушілердің жетіспеушілігінде және өз мүмкіндіктерін біле бермеуінде;
ақпараттық инфрақұрылымның жоқтығы (мамандандырылған веб-сайттар және
порталдар) соның ішінде мемлекеттік тілде;
ауылды жерлерде кәсіпкерлік субъектілерінің кәсібилігінің және
өнімділігінің төмендігі;
төмен бәсекелік қабілет (импорттық өнімдермен салыстырғанда, соның ішінде
Өзбекстаннан келетін заңсыз импорттық өнімдерге байланысты);
аудандардағы кәсіпкерлердің талаптарына бейімдеместен үкіметтік емес
ұйымдар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікке арналған оқу бағдарламасы;
шағын және орта кәсіпкерлікке арналған оқыту бағдарламасының тұрақты
болмауы (күнделікті емес).
Шағын кәсіпкерлік саласындағы жүргізіліп жатқан процестерге әсер ету
үшін жергілікті атқарушы билік тарапынан экономиканың дамып келе жатқан
шағын секторын қолдау және оң динамикалық даму үрдістерін сақтап қалуды
қамтамасыз ету керек.
Мұндай қолдаудың негізгі құралы өңірлік мақсатты бағдарламалар,
дәлірек айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы болып табылады.

3) Кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік оң тәжірибесі
АҚШ кәсіпкерлікті реттеу мен ынталандырудың белсенді мемлекеттік
саясатын жүргізуде. Елде 7 млн. астам шағын бизнес кәсіпорындары бар, олар
ЖІӨ-нің жартысынан көбін өндіреді, 50% астам инновацияны өздері басқарып,
көптеген жаңа жұмыс орындары санының өсуіне септігін тигізуде.
Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы тікелей қаржылық көмекті ұлғайту және
әлемдегі ірі үкіметтік гранттардың қорын қалыптастыру, салық деңгейін
төмендету немесе кейбіреулерін жою, мемлекетпен есептесулерді жеңілдету;
нормативтік тиімсіз актілердің қабылдануына төтеп беру жүйесін құру, өзін
ақтамайтын басқару номаларының салмағын төмендету, Үкіметтік келісім
шарттарды алудың шағын кәсіпорындар үшін ашық және қолжетімді жүйесін
қалыптастыру сияқты шаралар кешенін көздейді.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау саясатын федералдық министерство - шағын
бизнес мәселелері жөніндегі әкімшілік (Smale Business Administration, SBA)
жүргізеді. Ондағы қызметкерлердің негізгі штаты 3 мың адам SBA шағын
бизнеске жылына 17 млрд доллар көлемінде бөлінген көмек қаржыны қадағалап
отырады. Мемлекеттік бағдарламаларындағы шағын бизнесті дамыту жұмысы тек
индустриялық-экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік бағытқа да
арналған. Негізінде үлкен техникалық және коммерциялық тәуекелдегі
инновациялық шағын кәсіпорындарға және бұған байланысты маңызды
проблемалардың бірі венчурлық капиталды тарту мәселесін шешуге көп көңіл
бөлінеді. Мемлекеттік SBA тұлғасы ретінде кәсіпкерлерге кредит беруші
инвестициялық компания кредит несиелеу гаранты болып шығады. Американдық
сарапшылардың бағалауы бойынша бағдарламаға кеткен бюджеттік шығыстар
көптеп қайта кіреді екен, қазіргі уақытта ол 65% венчурлық қаржыландыруды
қамтамасыз етуде.

Германия
Германияда шағын және орта бизнестегі кәсіпорындарды қолдау жүйесі
төмендегі негізгі қағидаларға негізделеді:
жеке сектор қызмет ету жағдайларының өзгерісіне қай дәрежеде бейімделе
алмай жатса, мемлекет экономикалық процеске сол дәрежеде араласады.
басымдық мемлекеттік қолдауға емес, кәсіпорынның өздігінше жұмыс істеуіне
беріледі.
Инвестициялық қаржыландырудағы қажеттіліктің аздаған бөлігін, тәртіп
бойынша қосымша және субсидия жабады.

Тұтастай экономика мүддесі тұрғысында орта мерзімді және ұзақ
мерзімді перспективада нарықтық жағдайлардың табиғи өзгерісін тежеуге
мемлекеттің құқығы жоқ. Яғни оларға дағдылануға мұршасы жоқ тиімсіз
кәсіпорындар мен салалар рыноктан кетуге тиіс. Қабылданып отырған
мемлекеттік қолдау шаралары шағын және орта кәсіпорындардың тиімсіздігінен
туындап отырған проблемаларды шешуге бағытталады.
Мемлекеттік басқару органдарының жұмыс жүктелімін азайту мақсатында
шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бірқатар функциялар кейбір
көпшілік-құқықтық институттарға, дәлірек айтқанда Кредитанштальт фюр
Видерауфбау (КфВ) сияқты мамандандырылған банктерге, сондай-ақ жеке
бизнестегі өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, мысалы қолөнер мамандары мен сауда-
өнеркәсіптік палаталарға берілген.
Германияда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау инвестициялық
белсенділікке ықпалын тигізетін федералдық және өңірлік маңызы бар 300-ден
астам бағдарламаларды қамтиды. Ықпал ету шағын және орта бизнеске
технологиялар мен тиісті экономикалық ақпарат беру, сондай-ақ экономикалық
және техникалық кеңестерді және шағын және орта кәсіпорындар қызметкерлері
мен басшыларын оқыту және біліктіліктерін арттыру жөніндегі іс-шараларды
мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру түрінде болады.

Қытай Халық Республикасы

Шағын және орта кәсіпорындарды белсенді қолдау мен олардың дамуына
ықпал ету Қытай үкіметінің маңызды бағыты болып табылады. Ірі
кәсіпорындарды сүйемелдей отырып, шағын кәсіпорындарды қолдау саясатын
ұстана отырып (шағын бизнесті құқықтық және қаржылық қолдай отырып, ірі
кәсіпорындардың экономикалық әлеуетін сақтап қалуға бағытталған
өнеркәсіптік саясат мегзелуде), ол шағын және орта кәсіпорындарды дамыту
жөнінен бірқатар шаралар қабылдады.
Қытай үкіметі шағын және орта кәсіпорындар үшін жалпы жеңілдіктерді
қарастырмаған. Жеңілдіктер кәсіпорындар үшін олардың ерекшеліктеріне
байланысты жұмыс істейтін ұжымдар үшін пайдалы болуы тұрғысынан
дифференциялды түрде белгіленеді.

Израиль

Кәсіпкерлерді оқытуды, оларға кеңес беруді, бизнес-жобаларды сараптау
мен қаржыландыруды жүзеге асыратын кісіпкерлікті қолдау жөніндегі
орталықтардың қуатты жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, мұнда шағын
кәсіпорындардың экспорттық қызметіне қолдау көрсететін көптеген
мемлекеттік және жеке қорлар бар. Шағын бизнесті қаржылық қолдау бюджеттегі
бір ғана тармақпен шектелмейді – шағын бизнес экономиканың көптеген
салаларының құрамдас бөлігі болып табылады және ол СІМ немесе Өнеркәсіп
және сауда министрлігі, Ауылшармині, Абсорбция министрлігі болсын әрбір
салада қолдаудың өзіндік схемалары бар шағын кәсіпкерлік өнімдерін шетелдік
рыноктарға өткізумен және маркетингпен айналысатын қор жұмыс істейді.
Кәсіпкерлікті дамыту Израильдің мемлекеттік деңгейдегі экономикалық
саясатының маңызды бағыты болып табылады. Бұл ел экономикасын мейлінше
либералды және серпінді етеді.
Осылайша, әдіс-тәсілдердің алуан түрлі болуына қарамастан көптеген
Европа елдері өздері үшін белгілі бір кластерлік стратегияны әзірлеп
шығарды. Мұндай стратегияны мейлінше анық формада жүзеге асыратын елдер –
Дания, Нидерланды, Бельгияның фламанд ауданы, Квебек (Канада), Финляндия,
сондай-ақ Оңтүстік Африка (жаңа үкімет тұсындағы). Басқа атаумен болса да,
өзіндік ерекшелігі бар кластерлік стратегия бұрыннан қолданылып келе жатқан
елдер ретінде Франция мен Италия үлгі бола алады.

4) Бәсекелік ортаға беріліп отырған қызмет түрлерін таңдау
Бүгінгі таңда мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір профильдік емес
функцияларын Оңтүстік Қазақстан облысының бәсекелік ортасына беру
мүмкіндігі қарастырылуда.
Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысы коммуналдық меншігінде жарғылық
капиталына мемлекет қатысатын 65 кәсіпорын (олардың ішінде – 8 акционерлік
қоғам, 30 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 15 мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорын және 12 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын) бар. Осы
кәсіпорындардың қызметіне жасалынған талдау мемлекетке тән емес кәсіпкерлік
қызметтің жүзеге асырылатындығын, сол арқылы рыноктың мемлекеттік
монополиямен алмастырылатындығын көрсетеді.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының және Қазақстан
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
Жолдауының шеңберінде Бағдарламаның негізгі мақсаты нормативтік құқықтық
базаны жетілдіру, әлемдік рыноктарда Қазақстанның бәсекеге кәбілеттілігін
арттыру, жұртшылықтың кәсіпкерлікке деген көзқарасын келеңсізден болымдыға
қарай өзгерту арқылы кәсіпкерлік ахуал орнату, шағын кәсіпкерлікті қолдау
инфрақұрылымын дамыту, шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдаудың тиімді
тетіктерін тарату, білім беру қызметін кеңейту жолымен шағын кәсіпорындар
құруды және олардың тұрақты қызмет етуін ынталандыратын барынша қолайлы
экономикалық ортаны қалыптастыру болып табылады.
Бағдарламаны жүзеге асыру экономикалық реформаның маңызды стратегиялық
бағыттарының бірі болып табылады және кластерлік-желілік қатынас негізінде
Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының түрлі секторларында шағын
кәсіпкерліктің дамуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағдарланады.
Бағдарлама Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті
ұйымдастырушылық, қаржылық-кредиттік, нормативтік-құқықтық, ғылыми-
әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, облыс
кәсіпкерлеріне техникалық, ақпараттық және қаржылық қолдау көрсету
қажеттігінен әзірленуде. Бағдарлама облыс экономикасын тұрактандырудың және
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі бола
отырып, Оңтүстік Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік саласындағы
проблемаларын, бірінші кезекте, облыстық бюджет қаражаты есебінен ғана
емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қаржыландыру тетіктерін барынша пайдалана
отырып, шағын бизнестің ішкі резервтері мен мүмкіндіктері: өзара кредит
берудің кепілді мамандандырылған қорлары мен қоғамдары жүйесін дамыту
есебінен шешуді көздейді. Бағдарлама шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
қолдаудың республикалық бағдарламасының негізгі бағыттарына, Оңтүстік
Қазақстан облысы дамуының басымдықтарына сәйкес келеді.
Бағдарламаны іске асыру облыста халықты жұмыспен қамтуды ұлғайтуға
және әлеуметтік шиеленісті төмендетуге ықпалын тигізетін болады. Бағдарлама
Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау саясатының негізгі
мақсаттарын іске асыруды көздейді.
Оңтүстік Қазақстан облысында шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымды
бағыттары облыс экономикасының жай-күйін талдау және болжамдау, әкімдіктің
құрылымдық бөлімшелерінің, соның ішінде облыс қалалары мен аудандары
әкімдіктерінің, қоғамдық кәсіпкерлер бірлестіктерінің және шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстары негізінде айқындалған.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмі
Шағын кәсіпкерлікті өңірлік қолдау мен дамыту жүйесінде 2006-2008
жылдарға қойылып отырған міндеттерді шешу үшін мынадай бағыттар
күшейтілетін болады:
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау үшін қолайлы жағдайлар
жасау. Экономиканы бюрократиясыздандыру мен әкімшілік тосқауылдарды жоюдың
тиімді тетіктерін қалыптастыру;
өміршең инфрақұрылымдық жүйе құру және оны қамтамасыз ету: Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалын, орталықтандырылған бухгалтерия
және орталықтандырылған заң қызметі функцияларымен кәсіпкерлікті қолдаудың
арнайы алаңдарын, Бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі кеңестер құру,
ақпараттық инфрақұрылымды дамыту;
жарғылық капиталына мемлекет қатысатын кәсіпорындар мен акционерлік
қоғамдардың профильдік емес функцияларын нарықтық ортаға, бірінші кезекте
шағын және орта кәсіпкерлікке беру;
кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуы.

1) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау үшін қолайлы
жағдайлар жасау. Экономиканы бюрократиясыздандыру мен әкімшілік
тосқауылдарды жоюдың тиімді тетіктерін қалыптастыру

Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік билік және басқару
органдары белгілі бір дәрежеде айқындайтын қолайлы құқықтық, экономикалық,
саяси және өзге де жағдайлардың болуына көбіне тәуелді болатын ұзақ
мерзімді процесс болып табылады.
Бағдарламаның осы бөлімінің мақсаты мына төмендегілерді көздейтін
заңнамалық және нормативтік актілерді дайындауға, ұсыныстар әзірлеу
жолымен, қатысуды қоса алғанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдау үшін құқықтық жағдайлар жасауға ықпал ету болып табылады:
1. кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын іске
асыруды;
2. салықтық, бағалық, кредиттік, лизингтік жеңілдіктер, дотациялар
беру туралы заң актілеріне ұсыныстар мен толықтырулар әзірлеуді;
3. кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін реттейтін ұзақ мерзімді және
қымбат тұратын рұқсат беру рәсімдерін (мемлекеттік тіркеу, лицензиялау)
жеңілдету жөнінен ұсыныстар енгізуді;
4. кәсіпкерлік субъектілеріне ең төменгі жеңілдіктер шегіне кепілдік
беруді, сондай-ақ шағын кәсіпкерлікті қолдауды қамтамасыз ететін
мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың мәртебесін арттыруды және
өкілеттіктерін кенейтуді;
5. бұрын қабылданған құқықтық актілермен сабақтастықты сақтауды және
кәсіпкерлік үшін ахуалды қиындататын жағдаяттарға жол бермеуді.
Кәсіпкерліктің дамуына кері әсерін тигізетін факторлардың бірі
қолданыстағы заңнаманың жергілікті деңгейде нашар орындалуы болып табылады.

Әкімшілік тосқауылдарды төмендету. Осы бағдарламаның маңызды
бағыттарының бірі өңірлік деңгейде әкімшілік тосқауылдарды жою болып
табылады. Кәсіпкерлердің бастарының бірікпеуі олардың өз мүдделерін тиімді
қорғауына мүкіндік бермейді. Осыған байланысты бизнес-қауымдастықтардың
мүдделерін білдіретін және сүйемелдейтін жергілікті мемлекеттік
органдардың, Бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі кеңестердің және
қоғамдық кәсіпкерлер ұйымдарының өзара ынтымақтастығының болуы маңызды.
Кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ахуал қалыптастыру үшін Сараптау
кеңестерін (СК) әрі қарай қалыптастыру жұмыстары жүргізілетін болады,
олардың құрамына бизнес-ассоциациялардың өкілдері, кәсіпкерлер,
департаметтердің, орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің, екінші
деңгейдегі банктер аумақтық филиалдарының, басқа да кредиттік
институттардың басшылары кіреді. Бұл ретте СК-да шешу қажет міндеттер -
өңірлік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу, өңір
үшін маңызды инвестициялық жобалар, облыс аумағындағы бизнес қызметін
реттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар,
қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру және өткізу ескерілетін болады.
Әкімшілік тосқауларды жою жөніндегі міндеттерді іске асыру үшін
кәсіпкерлерге арналған жолсілтіме шығарылып, онда шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің қызметіне бақылау функцияларын жүзеге асыруға жіберілген
және олардың қызметін жоспарлы және өзге де тексерулерді іске асыратын
ұйымдардың егжей-текжейлі тізбесі беріледі, лауазымды тұлғалардың нақты
өкілеттіктері белгілінеді, кәсіпкерлердің тексеру нәтижелеріне шағымдану
құқықтары түсіндіріледі.

Кәсіпкерлік қызметті насихаттау

Қоғамда кәсіпкерлік ахуалын қалыптастыру қоғамның фундаменталдық
мінезін өзгертуді, адамдар санасындағы күрделі өзгерістерді қажет етеді.
Мұндай көшу жұртшылықтың кәсіпкерлікке деген көзқарасын келеңсізден
болымдыға қарай өзгерту жолымен іске асырылады. Мемлекеттің мұндай
саясатының негізгі мақсаты тұрақты түрде кеңейтілетін кәсіпкерлердің
тұтастай табын құруға бағытталған. Бұл үшін жергілікті теледидар
арналарында кәсіпкерлікке арналған телехабарлар шығару арқылы кәсіпкерлер
имиджін көтеруге бағытталған белсенді насихаттау жұмыстарын жүргізу
жоспарланып отыр. Аталған телехабарлар табысты кәсіпкерлердің қызметін
көрсетуі және бизнес жүргізу бойынша, мемлекеттік бақылау-қадағалау
органдарының құзыреттері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Сонымен қатар ақпараттық-презентациялық материалдар (жергілікті
газеттерде мақалалар жариялау, шағын және орта бизнес мәселелері жөнінде
өткізілген семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер қорытындысы
бойынша дайындалған презентациялық брошюралар шығару) шығару
белсендірілетін болады.
Жыл сайын кәсіпкерлер форумын және бірнеше номинациялар бойынша Шағын
кәсіпкерлікті дамытудағы жетістігі үшін конкурсын өткізу белгіленген.

2) Өміршең инфрақұрылым жүйесін құруды қамтамасыз ету

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті дамытуға кластерлік-
жүйелік қатынасты қамтамасыз ету
Жеке кәсіпорын ашық рынокта табысты күресуге дәрменсіз. Бұл мәлімдеме
біршама асыра айтылса да, ақиқатқа өте жақын. Кез келген кластер дамуының
негізгі механизмі бәсекелестік пен кооперацияны бірлестіру, барлық негізгі
қатысушылардың – шағын және орта кәсіпорындардың, билік органдарының,
жоғары оқу орындарының бірлесіп даму шарттарын оңтайландыруға бағытталған
өзара іс-қимыл жасауы болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысында кластерлік-жүйелік даму негізінде
тоқыма, туристтік, тамақ кластерлері мен құрылыс индустриясы кластері
құрылатын болады. Кластерлік дамуды қолдану шағын және орта кәсіпорындардың
кеңінен дамуына, олардың өз әлеуеттерін іске асырылуына мүмкіндік береді.
Шағын бизнестің дамуына шағын кәсіпорындардың мейлінше қуатты экономикалық
құрылымдардың өндірістік жүйесіне ықпалдасуы себін тигізуі мүмкін. Бұл
ретте байланыстарды кооперациялау осы проблеманы шешуде ерекше роль
ойнайтын болады. Мұндай ықпалдасудың ұйымдастырушылық нысандары алуан
түрлі болып келеді:
лизинг, белгілі қаржылық кепілдікпен жинақтаушы бөлшектерді жеткізуге
арналған ұзақ мерзімді қарым-қатынастар. Өнеркәсіптік ұйымдастырудың
осындай түрінің артықшылығы шағын бизнес үшін кепілді өткізу рыноктарын
құру болып табылады.
Тоқыма саласындағы отандық кәсіпорындардың бәсекелестікке
қабілеттілігін арттыру жолдарының бірі Оңтүстік арнайы экономикалық
аймағын құру болып табылады.
Инвестициялар тартуға жағдай жасау мақсатында, АЭА аумағында
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілерді кедендік ресімдеу және
оларға салық жөнінен ерекше жеңілдігі бар режим орнатылатын болады. Бұл өз
кезегінде шағын және орта бизнеспен айналысатын жаңа кәсіпорындар құруға оң
ықпалын тигізеді, сондай-ақ облыс экономикасы нақты секторының дамуына
қарқын береді. Экономиканың дамуына кластерлік-жүйелік қатынас Оңтүстік
Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарын жұмылдырады, мысалы:
1) тоқыма кластерінде: Мақтаарал, Шардара, Сарыағаш; Отырар, Ордабасы
аудандарын, Шымкент, Түркістан, Арыс қалаларын;
2) туристік кластерде: Қазығұрт, Сайрам; Отырар, Түлкібас; Созақ,
Төлеби, Ордабасы, Сарыағаш, Бәйдібек, Шардара аудандарын және Түркістан
қаласын;
3) құрылыс материалдары кластерінде: Қазығұрт, Ордабасы, Түлкібас,
Сайрам аудандарын және Шымкент, Түркістан, Арыс қалаларын;
4) тамақ және шарап кластерінде: Оңтүстік Қазақстан облысының барлық
қалалары мен аудандарын.
Бұдан басқа кластерлік қатынас өңірдегі жұмыспен қамтудың ұлғаюы,
жалақының көтерілуі, түрлі деңгейдегі бюджеттерге аударымдардың өсуі және
(ең маңыздысы) өңірлік өнеркәсіп тұрақтылығы мен бәсекелестікке
қабілеттілігінің артуы тұрғысында экономикалық дамудың тиімді құралы болып
табылады.

Осы міндетті шешу үшін шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың
инфрақұрылымдық жүйесін әрі қарай жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру
қажет.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ өңірлік филиалы

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ өңірлік филиалы жұмысының негізгі
бағыттары шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқыту, оларға ақпараттық-
әдістемелік, кеңес беру және қаржылық-кредиттік қолдау жөніндегі іс-шаралар
болып табылады. Яғни, Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ өңірлік филиалы
шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесінде Қаржы
супермаркеті ретінде қызмет ететін болады. Шағын кәсіпкерлікті қолдау
қоры АҚ өңірлік филиалы Оңтүстік Қазақстан облысындағы микрокредиттік
ұйымдар желісін дамыту және өңірлік филиалы жанынан шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі арнайы алаңдар құру бойынша жұмыстарды
мақсатты жүргізетін болады.
Кредиттік жүйенің үшінші деңгейі ретінде микрокредит беру жүйесін
дамыту шеңберінде Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ өңірлік филиалы
алға қойылған міндеттерді мына бағыттарда іске асыруды жоспарлап отыр:
1) өңірлік қордың микрокредиттерді тікелей беруі;
2) жұмыс істеп тұрған микрокредиттік ұйымдарды ресурстық қолдау;
3) Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-мен үлестік негізде жаңа
микрокредиттік ұйымдар құру және оларды бастапқы кезеңде ресурстық қолдау.
Облыс қалалары мен аудандарында өңірлік қордың микрокредиттік жүйесін
дамыту Қаржы супермаркеті бөлімшесінің функцияларын жалғыз терезе
қағидаты бойынша орындауға мүмкіндік береді, кәсіпкерлік құрылымдарының
қаржы ресурстарына қолжетілімділігін кеңейтеді.
Өңірлік қордың материалдық-техникалық базасында бизнесті қолдаудың
арнайы алаңдары құрылады.
Аталған бизнес-алаңдардың негізгі функциялары орталықтандырылған
бухгалтерия жүргізу және заң қызметін көрсету болып табылады. Арнайы
мамандандырылған бизнес алаңдар кәсіпкерлердің бухгалтерлік есеп жүргізуге,
бизнесті заң жағынан алып жүруге кететін шығындары мен уақыттарын
қысқартуға ықпал етеді. Кәсіпкер өз кәсіпорны жұмысының алғашқы
мәліметтерін (есеп-фактуралар, кассалық кіріс ордерлерін, пәттемелер,
накладнойлар және т.б.) дайындайды, олардың дұрыстығы үшін өзі жауап береді
және Орталықтандырылған бухгалтерия қызметін көрсететін ұйымға тапсырады.
Білікті мамандар алынған ақпаратты өңдейді, қолданыстағы заңнама
нормаларына сәйкес барлық қажетті есептерді түзеді және белгіленген
мерзімдерге салық, статистика органдарына және қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі органдарға тапсырады. Орталықтандырылған бухгалтерия қызметінің
өзі де бухгалтерлік есептілікті жүргізу мен уақтылылығы үшін жауап береді.
Орталықтандырылған заң қызметінің функцияларына келетін болсақ, клиент
сұрау дайындайды, оның мазмұны мен анықтығы үшін жауап береді және
орталықтандырылған заң қызметіне береді. Сұрауды бергеннен кейін бүкіл
жауапкершілік заң қызметінің маманына өтеді, ол аталған клиентке бүкіл
қызмет ету кезеңіне бекітіліп беріледі. Содан соң білікті мамандар тобы
алынған ақпаратты өңдеп, қолданыстағы заңнама нормаларына және клиенттің
сұрау салуына сәйкес құжаттардың қажетті тізбесін, түрлі есептер
дайындайды, мемлекеттік органдарға өтініш жасайды және т.б.
Орталықтандырылған заң қызметі негізінде заң қызметі толық спектрін
сапалы көрсету – бизнесті заң жағынан алып жүру болып табылады.
Мұндай бизнес-алаңдар кәсіпкерлік субъектілерінің өз штаттарында
бухгалтерлер мен юристерді тұрақты ұстау жөніндегі шектеулі ғана
қаражаттарын үнемдеуге және ұтымды пайдалануға ықпалын тигізеді.
Бизнес-алаңдардың тиімді жұмыс жасаулары үшін олардың жұмысын
құзыреттері бизнес-алаңдар бөлімшелерінің қызметіне қатысты мемлекеттік
бақылау-қадағалау органдарының жұмысымен ұштастыру қажет.

Бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі кеңестерді құру. Бүгінгі таңда
мемлекет пен бизнес әлеуметтік әріптестіктің жұмыс істейтін моделін құруы
қажет. Бизнесті еліміздің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешуге
тарту механизмдерін табу, бұл ретте бизнес пен биліктің мүдделеріне қысым
жасамау қажет. Осылайша қоғамда қалыптасқан кәсіпкерлікке сенімсіздікті
жоюға және ұзақ мерзімді әлеуметтік және саяси тәуекелдерді төмендетуге
болады. Сонымен қатар мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерге ықпал
ету механизмдері болуы тиіс.
Бизнес пен биліктің өзара іс-қимылы өзара жаупкершілік пен өзара мүдде
негізінде бірлескен жобаларды әзірлеген жағдайда мүмкін болады. Осы тектес
міндеттерді шешу үшін өңірлік деңгейде бәсекелестікке қабілеттілік жөнінде
кеңес құрылатын болады.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан
Республикасының Заңын жүзеге асыру және Президенттің Қазақстан халқына
Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылға арналған негізгі бағыттары туралы
Жолдауын орындау, сондай-ақ кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің
сындарлы бастамаларын қолдау, әрбір кәсіпкердің экономикалық дамыған
мемлекет құрудағы белсенді өмірлік ұстанымын насихаттау үшін Оңтүстік
Қазақстан облыс әкімдігінің 2002 жылғы 29 қазандағы № 389, 2002 жылғы 7
қарашадағы №390 қаулыларымен облыс әкімдігі жанындағы шағын және орта
бизнес мәселелері жөніндегі комиссия мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
жанындағы кәсіпкерлер кеңесі құрылған.
Комиссия мен Кеңес құрамына Оңтүстік кәсіпкерлерінің лигасы, СодБи
бизнес-инкубаторы қоғамдық ұйымдарының, қоғамдық Фермерлер мен
кәсіпкерлерге жәрдемдесу қорының, Қазақстан іскер әйелдері ассоциациясы
Оңтүстік Қазақстан филиалының өкілдері кіреді.
Бүгінгі күнгі нақты жағдай Комиссия мен Кәсіпкерлер кеңестерінің
қызметін оларды Бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі кеңес етіп қайта
құру жолымен белсендіру қажет. Кеңестің негізгі мақсаты тұрақты өсіп
отыратын өмір сүру деңгейіне және халықтың өркендеуіне қол жеткізу
мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы өңірлерінің, кәсіпорындарының
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқылы оның ұзақ мерзімді бәсекелік
артықшылықтарын қамтамасыз ету болады.
Кеңестің негізгі міндеттері қазақстандық кәсіпорындардың
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға, өңірлік деңгейде стратегиялық
жоспарлау сапасын жақсартуға бағытталған қажетті шараларды талдау және
әзірлеу болады.

Бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі кеңес өңірлік деңгейде еңбек
өнімділігі мен өндіріс тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасау арқылы
қоғамдық лидерлерді, бизнес лидерлерін, кәсіби қауымдастықтарды және ғылыми-
көпшілік өкілдерін еліміздің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру идеясы
маңына біріктіреді. Бұл кәсіби қауымдастықтың белсенді қолдауын және
мемлекеттік, өңірлік билік органдары мен бизнес-қауымдастықтардың күш-
жігерін топтастыруды талап етеді.
Әйелдер және жастар кәсіпкерлігін дамыту. Өңірлік орталықтардың
маңызды міндеті жастар және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту болады. Қазіргі
уақытта кәсіби біліктілігі, сондай-ақ орта және жоғары білімі бар жастар
мен әйелдердің белгілі бір бөлігі мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуда
едәуір қыншылықтарға тап болуда. Бұл ретте, олардың ауылда, қалалар мен ірі
қалаларда орналасуына қарай әртүрлі проблема спецификасы байқалады.
Орталықтардың негізгі міндеті экономиканың түрлі салаларында
кәсіпкерлік қызметті дербес жүзеге асыруға әлеуеті бар жастар мен
әйелдердің мақсатты топтарын анықтаудан тұрады. Анықталған контингентке
кәсіпкерлік негіздерін оқыту, қаржыландыру, бухгалтерия және салық жөнінен
бизнес-кеңестер, инвестор іздестіру, маркетингтік зерттеулер және т.б.
ұсынылады.

3) Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын кәсіпорындар мен акционерлік
қоғамдардың профильдік емес функцияларын нарықтық ортаға, бірінші
кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру

Дамыған бәсекелік ортаға жарнама өндіру, баспа және полиграфия,
құрылыстық, сәулеттік жобалау, жөндеу және делдалдық қызмет көрсету, заң
қызметін көрсету, рынокты және қоғамдық пікірді зерттеу жөнінен қызмет
көрсету, бухгалтерлік есеп, зерттеулер мен әзірлемелер тұрғысында қызмет
көрсету, компьютерлік және онымен байланысты қызмет көрсету, жылжымайтын
мүлікпен байланысты қызмет көрсету, көркейту және көгалдандыру, техникалық
сынау және талдау жөнінен қызметтер көрсету, коммуналдық қызметтер көрсету,
денсаулық сақтау және кәсіби білім беру жөнінен қызмет көрсету сияқты
қызмет түрлерін беруге болады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды нарықтық ортаға беру кезіңдегі негізгі
принцип шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтық өзара қарым-
қатынастарына мемлекеттің қатысуын азайту болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының коммуналдық меншігінде 65 кәсіпорын бар.
Бұл:
1. 8 акционерлік қоғам;
2. 30 жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
3. 15 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорын;
4. 12 шұғыл басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.

Мемлекеттік кәсіпорындарға алдын ала жасалған талдау нарықтық ортаға
шаруашылық жүргізу және шұғыл басқару құқығындағы барлық дерлік мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорындарды беруге болатындығын көрсетеді.
Бұл үшін мынадай жұмыстарды атқару қажет:
1. мемлекеттік кәсіпорындар мен табиғи монополистердің қызмет
түрлерін, профильдік емес функцияларды анықтау тұрғысынан, оларды бәсекелік
ортаға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы мағлұмат
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту негіздері
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы мен қалыптасуы
Электр энергетикасы саласын дамыту
Депрессивті қалалардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Пәндер