Абай – қазақтың ұлы данасы. Оның философиялық көзқарастары



1. Абай хакімдігі.
2. Абайдың «Жаратушы» жайлы мәселелері.
3. Абайдың «Мен» және «Менікі» туралы мәселелері.
4. Абай дүниетанымының негізгі мәселелері.
5. Абайдың қоғамдық ойларын талқылау.
6. Абайдың онтологиялық көзқарастарының философиялық маңызы.
7. Ұлы данышпанның адамгершілік мәселелерінің қазіргі қоғамға ықпалы.
8. Қорытынды.
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының көрнекті ойшылы, ақын, ағартушысы. Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ақын ретінде енді. Оның ақындық шеберлігі қазақ даласында шырқау биікке көтерілді. Абай өлеңдері әрқашан есті, сөздері жинақы, ойлары терең, тәрбиелік мәні зор, деңгейі жоғары болып келеді. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Сонымен қатар Абай өз заманының қоғам қайраткері, ойщыл-философы болды. Ең алдымен ол өз халқына өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске шақырды.
Халқымыздың басынан кешкен жақсы-жаман тағдыры Абай жырынан орын алған деуге болады. Халқымыздың тілі де, өнері де, тарихы да, діні де, ғылымы да, тіршілік қарекеті деойы да, бойы да Абай жырынан елестейді. Абай жыры халық дастаны.
1. «Қазақ философиясының тарихы», Ғарифолла Есім. Алматы: «Қазақ университеті», 2006. 117-124 б.
2. «Философия», Т. Ғабитов. – Алматы: «Раритет», 2004. 134-138 б.
3. «Философия тарихы», Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетели. Алматы: «Раритет», 2006. 261-265 б.
4. «Философия тарихы», Серік Мырзалы. 325-332 б.
5. «Әл-Фараби және Абай», Ақжан Машанов. Алматы: Қазақстан, 1994. 76-80 б.
6. «Философия», Досмұхамед Кішібеков, Ұлықпан Сыдықов.Алматы: «Нұр-кітап», 2002. 100-102 б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Абай хакімдігі.
2. Абайдың Жаратушы жайлы мәселелері.
3. Абайдың Мен және Менікі туралы мәселелері.
4. Абай дүниетанымының негізгі мәселелері.
5. Абайдың қоғамдық ойларын талқылау.
6. Абайдың онтологиялық көзқарастарының философиялық маңызы.
7. Ұлы данышпанның адамгершілік мәселелерінің қазіргі қоғамға ықпалы.
8. Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақ философиясының тарихы, Ғарифолла Есім. Алматы: Қазақ
университеті, 2006. 117-124 б.
2. Философия, Т. Ғабитов. – Алматы: Раритет, 2004. 134-138 б.
3. Философия тарихы, Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетели. Алматы:
Раритет, 2006. 261-265 б.
4. Философия тарихы, Серік Мырзалы. 325-332 б.
5. Әл-Фараби және Абай, Ақжан Машанов. Алматы: Қазақстан, 1994. 76-
80 б.
6. Философия, Досмұхамед Кішібеков, Ұлықпан Сыдықов.Алматы: Нұр-
кітап, 2002. 100-102 б.

Кіріспе
Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының көрнекті ойшылы, ақын, ағартушысы.
Абай тарихқа ең алдымен кемеңгер ақын ретінде енді. Оның ақындық шеберлігі
қазақ даласында шырқау биікке көтерілді. Абай өлеңдері әрқашан есті,
сөздері жинақы, ойлары терең, тәрбиелік мәні зор, деңгейі жоғары болып
келеді. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, деп ақынның өзі айтқандай, оның
өлеңдерінің әлеуметтік, этикалық мәні мейлінше терең. Сонымен қатар Абай өз
заманының қоғам қайраткері, ойщыл-философы болды. Ең алдымен ол өз халқына
өлеңдері, қара сөздері арқылы ұдайы ой салды, оның көкірегін оятып, оны
надандықтан, жаман қылықтардан сақтандырды, мәдениетті болуға, прогреске
шақырды.
Халқымыздың басынан кешкен жақсы-жаман тағдыры Абай жырынан орын алған
деуге болады. Халқымыздың тілі де, өнері де, тарихы да, діні де, ғылымы да,
тіршілік қарекеті деойы да, бойы да Абай жырынан елестейді. Абай жыры халық
дастаны.

Абай хакімдігі
Хакімдікке түсінік. Ғалым мен Хакімнің арақатынасы. Абайдың
хакімдігінің мәні. Ұлттық болмысқа, ойлау жүйесіне Абайдың берген сыны.
Абай шығармашылығындағы ұғымдар: адамшылық, кісілік, бақыт, құт,
мұсылмандық, жомарттық, пенделік, шайтандық, надандық. Ол лә мәкән
мәселесі. Бөгде сана мен төл сана мәселелері. Абай және Пушкин. Абай және
Лермонтов. Абай қара сөздерінің дүниетанымдық маңызы.
Данышпандарды ұғатын данышпандар болар деген түсінік тегін айтылмаса
керек.
Абайдың бұрын-соңғы қазақ ақын-жыраулырына ұқсамайтын даралығын
алғашқы аңғарғандар – Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев.
Мағжан 1912 жылы Шолпан журналында Алтын хакім Абайға деп арнайы
өлең арнаса, Ахмет 1913 жылы Қазақ газетінде Абайды Қазақ газетінде
Абайды Қазақтың бас ақыны деп көлемді мақала жариялады.
Осы екі ақынның айтқандары жарты ғасырдан, нақтылы айтсақ, 80 жылдан
аса уақыттан кейін жаңғырып, Абайды хакім деп атау, Абайды қазақтың бас
ақыны деп мойындау қалыптасқан түсінікке айналды.
Хакім деген ұғым туралы бірер сөз. Мағжан Алтын хакім Абайға деп
өлең жазғанда, бұл ұғымды аспаннан алған жоқ, ол қазақ халқының ойлау
менталитетінен, оның барша жұртқа түсінікті ақыл-ойдың аса үздік дара
адмына қатысты айтылған. Қазақтар: Ұлықпан хакім, Платон хакім, Аристотель
хакімдерді білген. Бұл, бір.
Екіншіден, Абайдың өзі хакім деген ұғымды тек қолданып қоймай, оны
байытқан. Ол отыз сегізінше сөзінде: хакім дегендер әрбір істің себебін
іздеушілер, дейді де, Сократты хакім атаған.
Абай түсінігінде хакім статусы өте биік. Ол аталған сөзінде, әрбір
ғалым хакім емес, әрбір хакім -ғалым деген, осы ойларға орай Абай нақлия
және ғақлия деген ұғымдарға түсінік береді, ол ғақлия сөз айттым деген.
Ғақлия сөз – істің себебін зерттеушілер сөзі. Нақлия сөзі болса бар нәрсені
айту. Осы тұрғыдан келгенде Абайдың қара сөздерінің мәніне бара бермеушілік
байқалады. Абайдың қара сөздерінің бәрі – ғақлия сөздер, әрине, оларда
ғақлия элементтері бар. Сондықтан бұл сөздерді кезінде нақыл сөздер деген
еді, қазір қазақ тіліндегі басылымдарда бұл түсініктерден бас тартқан. Ал
орысшада әлі де слова назидания (нақыл сөздер) делініп жүр. Бұл шындыққа
бастамайтын түсінік. Абай хакім, ол мораль айтушы, терме айтушы емес. Сірә,
дұрысы Абайдың қара сөздері болса керек.
Мағжанның Абайды алтын хакім дегеніне назар аударудың мәнісі бар.
Мағжан Абайды хакім деп 1912 жылы айтқан. Ол кезде құдайынан айрылмаған,
Алласын мойындаған кезде адамдар сөзді байыппенсөйлеген, сбебі Аллаға
қатысты сөз бар, Алланың сөзі бар, адамдарға (пенделерге қатысты) қатысты
сөз, адамның сөзі бар. Әрбір сөздің қисыны (логикасы) бар. Ақынның өзі
айтқандай:
...Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы...
Сондықтан Мағжан Абайды сөздің қисынына орай хакім деп атаған.
Құдайсыз дәуірде біз сөз қисынын бұздық. Аллаға айтылатын сөзді
адамға айттық. Ұлы деген сөзді басында дінсіз көсемдерге қолданып,
бойымыз үйренгеннен кейін, оны Алланың, құдайдың, яғни Жаратушының эпитеті
екенін де ұмыттық.

Абайды хакім десек қателік жоқ, ол хакімге тек анықтама беріп қоймай,
хакімдіктің мәнін қарастырған. Ол айтады: бұл дүниеде біз үш түрлі
адамдардың соңынан ереміз, олар: әулиелер, пайғамбар(нәбилер) және
хакімдер, - дейді.
Абай осылардың бас-басына тоқталады. Алғашқы сөз әулиелер туралы.
Әулиелер елден безіп, оңаша өмір сүріп, Алланың дидарына ғашық болып,
дүниенің қызығын тәркі етушілер. Абай бұл жолды құптамайды. Әулиелікке сын
айтады. Алласы пендесіне нәпсі береді, оған ерік береді. Үйлен, бала өсір,
мал бақ – деді. Әуоие болса бұған қарсы, өзінің алласы берген нәпсісін
тиюшы, Абай бұл Алла, ақиқат жолы емес деген мәселеге келеді.
Абай адамның дүниеге қызығуын, мағмұрлық деп атайды. Дүниеге,
өмірге қызықпайтын, оның рахатын іздемейтін адам жоқ, себебі адамның
дүниеге мағмұрлығы да Алла әмірімен болған іс.
Пайғамбар соңынан ерсек, олар ол дүние туралы айтады. Бұлай
болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды,
астықты кім егеді, дүниедегі пенделері үшін жаратқан қазыналарды кім
іздейді? - дейді Абай.
Әулие мен пайғамбардан кейін Абай хакімдерге тоқталады. Адаспай тура
іздеген хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді - дейді. Міне, бізге
Абайдың қажеттілігі, оған біздің зәрулігіміз осында. Хакім Абай сияқтылар
болмаса, дүние ойран болар еді. Онда біз жақсы мен жаманды, керек пен
керексізді ажыратудан қаламыз. Абай айтқандай, әділеттілік сөзімізден, яғни
адамшылдығымыздан ада боламыз. Сөздің қысқасы, ақын айтқандай періште мен
шайтанды тани алмай шатасамыз.
Абай хакімдер туралы айта отырып, өзінің хакімдігін айқын көрсеткен.
Ол хакімдерсіз дүние ойран болады дей келе, бірақ хакімдер де өзге дінде
болуы да ықтимал еді.
Абай хакімді бір дін ғана шеңберінде алмайды, ол адамзатқа ортақ
тұлға болғандықтан, оның қай дінде болғаны шешуші мәселе емес. Сондықтан
біз Абайды бір дін шеңберінен асқан Сократ, Платон сияқты бүкіл адамзатқа
ортақ хакім деуімізге толық негіз бар.
Абайдың хакімдігі туралы сөз болғанда, айтпай кетпейтін үлкен мәселе,
періште мен шайтанға қатысты, әсіресе соңғысына орай айтылатын ойлар терең.
Абай дүниетанымына тереңдеген сайын шайтан туралы бұрынғы түсініктеріміз
өзгере бастайды. Абай Михаил Лермонтовтың Демон атты поэмасының бастапқы
екі бөлімшесін Шайтан аударған. Абай аудармалары ешқашан сөзбе-сөз,
балама іздеуден тұрмайтыны белгілі. Ол аударма мәселесінде соншама еркін,
тіптен Шайтан деп аталытын он шумақтан тұратын өлеңді аударма деудің өзі
қиын. Абайды үнемі өлеңдегі идея қызықтыратынға ұқсайды. Осы жолы да солай
болған. М. Лермонтов Демон туралы толғанса, Абай қазақ тіліне сіңісті
ұғым Шайтан дегенге терең талдау берген. Алдымен Абай Шайтан деген кім?
деген сауалға принципті түрде жауап берген. Шайтан Құдайдың қуған жаны. Бұл
мәселеде М. Лермонтов пне Абай арасында қайшылық жоқ, орыс тексінде де
солай. Құдай қуған жан дегеннің бойында бүрккемеленіп тағы бір сауал тұр,
ол шайтанды Құдай не үшін қуған? деген сауал. Міне осыдан бастап Шайтанның
кім екені анықтала бастайды. Шайтанның шайтан атануының басты себебі, оның
теңеспейтін теңдесі жоқ құдірет мүмкіндігіне күдік келтіруі. Теңдесі жоқ
нәрсе – жалғыздық. Жалғыз болу Жаратушыға тән, әрі ол жалғыздықтың сыры да
Жаратушы үшін мәлім, өзгелер үшін – құпия. Шайтан болуға ынталы болған
періште осы құпияға қол созған. Сол әрекеті үшін лағынетке душар болған,
періште шайтанға айналған. Лағынет беруші Тәңір. Сөйтіп:
Ол күнде нұрлы бейіс ішінде екен,
Өзі де періштелер түсінде екен (1, 57 б.) –
қалпынан, яғни періштелігінен арылып, өзге күйге түсіп, шайтан деп
атаған. Періштенің шайтанға айналуы әлемдік тарихтың басталуы. Жер бетінде
жаңа дәуір басталды, оның мазмұны періште мен шайтанның бір-біріне
қарсылығы. Неліктен жағдай осылай болды дегенге нақтылы жауап жоқ, тек
болған істі баяндау ғана бар, тыңдаңыз:
Босағасы кең еді, төрде орын тар,
Төрде жалғыз отырмақ ойында бар.
Жалғыздық – бір тәңірдің сыбағасы,
Өршілдікпен лағынетке болған душар. (1, 57 б.)
Абай болған істің себебін өршілдіктен көреді. Бұл қанағаттанарлық
себеп пе, әрине жоқ, өршілдіктің несі нашар. Өршілдік табиғатында намыс,
жігер, қайрат сияқтылар жатыр. Оларсыз мәселе қандай мәнге айналмақ? Сірә,
шайтандықтың себебі тек өршілдікте емес, одан өзге басты себеп болуы керек.
Діни мифтерде мұны Жаратушының жер бетіне адамды жаратқанына наразылық
дейді. Онда шайтанның күнәсі Жаратушы ісіне қол сұққандығында немесе оның
шеберлігіне шек келтіргендігінде. Бір сөзбен айтқанда Жаратушы харекетін
тек құптап қоймай, оған мін таққанында. Сонда оған мұндай өр сана қайдан
келген. Сірә, мұндай өршілдік шайтанға Жаратушының өзінен ауысқан, демек,
шайтандықтың себебі – Жаратушының өз болмысында бар нәрсе. Олай дейтінім
көп кейін, өзі жаратқан Адам-Ата ұрпағы шайтандық әрекеттерді қабылдап, жер
бетін шайтан ісі қаптап кетпеді ме? Қабыл туысы Абылды өлтірді. Осы дәстүр
әрине періштелік емес, шайтан салған дәстүр болатын. Сонымен шайтандықтың
себебі Жаратушының өз құпиясы деген түйінмен тоқталып, енді Шайтанның М.
Лермонтов, Абай айтқан сипаттарына тоқталайық.
Бірінші сипаты. Шайтанның жалғыз болғысы келгендігі.
Екінші сипаты. Шайтнадық қуыс кеуделік. Оны Абай былайша білдірген:
Алладан қарғыс алған кеудесінен,
Сүю мен сол сағатта сенім кетті. (1, 57 б.)
Үшінші сипаты. шайтан адамның – жауы. Оны Абай былайша бейнелегн:
Адаммен содан бері болды кекті,
Өлмес, өшпес өзіне көзі жетті.
Не қылғанмен қуанар болмаған соң,
Несіне жер дүниеге бәле септі?(1, 57 б.)
Төртінші сипаты. Шайтанда дос жоқ, яғни оған достық деген ұғым
беймәлім.
Алласыз дос таппады, сыр таппады,
Неше мың жыл кезсе де төңіректі. (1, 57 б.)
Бесінші сипаты. Шайтан үмітсіздігі. Үмітсіз шайтан - деген сөзсодан
шыққан.
Алтыншы сипаты. шайтанның бүлікшілдігі. Шайтан жамандыққа тоймайды,
ол антұрған, сондықтан да, оның бүлік шығарушы екендігіне еш таңғалуға
болмайды. Адам баласы білетін бүліктің зоры – революция. Зорлық дегеннің
өзі жамандыққа тоймаудан туады,ь антұрғандық жоғарыда айттық кеудеден сүю
мен сенімнің кетуі. Антұрған жанда сүю мен сенім болмайды. Мұндай жан
жанжалға, бүлікшілікке даяр тұрады. Абай шайтанның бұл сипаты туралы былай
дейді:
Күнінде неше бүлік шығарса да,
Еңбегі жанған жан боп сүйінбейді. (1, 57 б.)
Бүлік шығарушылық шайтандық болғанымен, оның табиғатында да білмекке
құмарлық жатыр. Себебі, бүлік те танымның әлеуметтік бір формасы. Сондықтан
бүлік не негізделген ілімдердің алғашқы кезеңінде жақтаушылар көп болмақ.
Бүлік көпшілікке негізделген, тобырлық сана. Топты ертіп әкету және оны
адам болмысына қарсы әрекетке бастау шайтандық, бірақ мәселе осымен
аяқталмайды. Абай күніне неше бүлік шығарса да, еңбегім жанды деп
түсінбейді, яғни өзінің атқарған ісіне разы емес, қанағатсыз. Шайтанда
қанағат, тәуба жоқ. Адам шайтан өрмегінен аман болса, ол қанағаты, тәубасы
болмағаны, демек шайтан мен адамның айырмашылығы жойылып кетпек. Абай
шайтанды бүлікші дегенде ол тек бүлік шығарушы деп отырғаны жоқ, кім
болмасын бір бүлікті шығарып алуы мүмкін, содан кейін оны екшелеп, милап өз
күнәсін өзі мойындауға дейін баруы ықтимал, бұл жерде адамды шайтанның жеңе
алмағаны айқын аңғарылады. Абай болса шайтан күніне неше бүлік шығарса да,
оған қайғыруы не разы болуы жоқ, демек бүлікшілдік оның табиғатында, онсыз
шайтан жоқ.
Осылайша Абай он шумақтан тұратын өлеңін шайтанның сауалымен
аяқтайды, бірақ оған жауап беруге ыждаһат етпеген, себебі, шайтанның
сауалына, оның адамға құрметі жоқ, бітпес өші бар. Өмірі де, ақылы да қысқа
адамның шайтан түсінбейтін құпиясы бар, ол құпия сыры шайтанға беймәлім, ал
Адамға белгілі. Құпия сыры белгілі дейтініміз Адамның екі дүниеден де Үміті
бар, шайтанда Үміт жоқ. Үміт адамның Жаратушысына деген махаббатында, соған
деген сенімінде, өз ісіне деген жауаптылығында, барға разылығында,
тәубасында, ізгілік ісінің жұмылуында. Міне, адамның байлығы осындай
қасиеттермен анықталмақ, олай болса адам несіне уайым тұңғиына түсе бермек.
Жанына жар болатын (Шәкәрім бойынша) Жаратушысы бар, сондықтан ол біледі,
қайғы берген, сонымен қоса қуаныш, құт берген. Шайтан үлесіне тек қана мұң
(печаль), онда қуаныш жоқ, себебі үміт санасы жоқ. Сондықтан оның адамнан
кемістігі бар, шайтан содан мұңды. Шайтан мұңдылықтың бір-ақ жағында, оның
екінші сеулелі жағы қуаныш бар, оны ол қабылдай алмайды, өйткені қарғыстың
мәнінің өзі осыда болатын.Қарғыс деген қуануға салынған тиым. Антұрғанда
құт болмайды. Адамға Жаратушы құт берген, шайтанға бермеген, бірақ оған
адам баласын азғындауға, адал жолдан тайдыруға, зұлымдыққа бастауға ерік
берген. М. Лермонтовтың поэмасында Демонның (шайтанның) аузына мынандай
сөзсалған: Я царь познанья и свободы - деп. Осы мәнде Абай шайтан туралы:
Өлшеусіздің сыймасын бір сезбеген, - дейді. Өлшеусіз нәрсені өлшемек болу
шайтан әрекеті. Өлшеусіз нәрсе не нәрсеге сыймақ? шайтан болса бос әуре,
адам тер боп өлшеусізді өз түсінігіне сыйғызбақ. Шайтан философиясы түгел
білімге құрылған, сөйтіп ол көз жетпесті көп көздеген. Мақаланың басында
шайтан алғашқы философ деген пікір білдіріп едік, ол абсолюттік мәндегі
жайларды проблема етіп қойған, бірақ түсіндіре алмаған. Проблеманы түсіну
ақылы да, өмірі де кенде болғанымен адам үлесіне қалған. Соны шайтан
қабылдай алмай, соны сауалға айналдырған.
Шайтан және шайтандық туралы екі ақын бірін-бірі толықтырып отырған,
мысалы М. Лермонтов Демонның әлі өзі болмай тұрған халын былайша
түсіндірген:
В пространстве брошенных светил;
Когда он верил и любил.
Счастливый первенец творенья!
Не знал ни злобы, ни сомненья, ... (2, С.47)
Демонның алғашқы халқының сипаттары онда сенім бар, сүю бар, бақытты,
зұлымдық жоқ, күдік жоқ. Ал, енді осы хал бізді қызықтыра ма? Мұндай
қалыпта ешқандай проблема жоқ, бәрі орын-орында. Сірә, адамның жұмақтан
ққуылуының сырының өзінде осы әлемге проблемаларды әкелу қажеттілігі болса
керек. Жұмақ проблемасыз өмір. Проблемасыз өмірдің несі қызық. Ендеше
әлемге сол қызықты әкелген – Демон(шайтан). Ол әлемге не әкелді,
сенімсіздік, жек көрушілік, зұлымдық және күдік. Бәрін қосып айтқанда, ол
әлемнің гармониясына, Тәңірдің шеберлігіне күдік әкелді. Күдік – проблема
басы. Одан бәрі шайтан қажет еткендей әлем күрделене берді, адамның адамға
деген өшпенділігі өрши түсті, оны түсіндіретін және тарқататын неше түрлі
ілімдер, концепциялар өмірге келді. Алғашқы жаратылған бақытты жан (М.
Лермонтов) дүниеге бәле септі, сөйтіп, ол Демон атанды.
Әрі қарай айтсақ, Абайдың хакімдігіне бас иген Ахмет Байтұрсынов
жоғарыда айтылған Қазақтың бас ақыны деген мақаласында: ...Абайдың терең
пікірлі сөздерін қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың
өлеңдерін мың қайтара оқып, жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір
өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей жүргендерін байқағаным бар, құдды
осының мағынасы не деп сұрағандары бар... сондай түсінуге қиын көретін
сөздерінің бірі мынау - деп Ахмет Көк тұман алдындағы келер заман - деп
басталатын 8 шумақты өлеңді толық келтірген.
...Ақыл мен жан – мен өзім, тән –менікі
Менің мен менікінің мағынасы екі
Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
Менікі өлсе, өлсін, оған бекі ...
Бұл өлеңді Абай 1897 жылы жазған, бірақ мен және менікі деген
фиолсофиялық проблема 1895 жылы жазған өлеңінде бар:
..Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
Мені мен менікінің айрылғанын
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес...
Абайдыңбұл келтіріп отырған проблемаларын сонау Заратуштрадан бүгінге
дейінге дейінгі хакімдер сараптауда. Бірақ ешқандай ойшыл бұл мәселелердің
мәніне жетпеген. Бұл әлемдік сұрақтарға олардың жауабы жоқ. Біз адамның
дүниеден қайтуын, яғни менікінің өлуін факт ретінде білеміз, оны көріп
жүрміз, ал менің мәңгіліктілігін тек топшылаймыз.
Мен және менікі деген мәселелердің әңгімесі ұзақ, мен қысқаша
ғана айтсам, Абай адам өлмейтін шындық дегенді өмір мәнін әдеттегідей
өзінің қарама-қарсы ұғымы - өліммен түсіндіріп отырған жоқ. Абай ұғымында
мен мен менікінің, өлім мен өмір арасында ешқандай қарама-қарсылық
(қайшылық) жоқ. Абай – адам менікінің өлмейтінін адамның өз болмысынан,
өмірдің болмысынан шығарып отыр. Егер адам табиғат сияқты өлсе, онда
өмірдің мәні неде? Адамның мәңгілігі өмір болмысының негізі. Адам мәңгі
болған соң дүние рас, адам мәңгі болған соң адам туралы шындық бар. Адамның
мәңгілігі Алланың барлығын растаушы өлшем.
Адамның мәңгілігі- ақиқат, бірақ соны түсіну бар да, әрі түсіндіру
бар. Абай осы ақиқатты түсінген, біздің борышымыз, яғни ғалымдар борышы
соны түсіндіру немесе түсіну.
Абай хакімдігінің тағы бір қыры, оның адамшылығында. Қазақ тілінде
адамшгершілік деген түсінік жиі қолданылады, бірақ бұл түсінік Абайда
жоқ, ол адамшыылқ туралы айтады, тегі осы ұғымды қолданған дұрыс болар
деген пікірдемін.
Хакім Абай адамшылықты Ғамалус салих (ізгі іс) принципінде шешкен.
Бұл мәнде Абайдың адамшылығы (гуманизмі) мен мұсылмандығы сәйкес келеді.
Абай бұл тұста пайғамбарымыздың хадис-шарифіне сүйенген, онда мынандай ой
бар: адамның жақсысы адамға жақсылық жасаған адам. Бұл мұсылмандықтың
принципі. Сондықтан да Абай гуманизмі оның мұсылмандық туралы ойларымен
мәндес келуі заңды. Бұл бір мәселе.
Екіншіден, Абай адам еркін шектемеген. Абай ұғымында Алла Жаратушы
ғана, Жарылқаушы емес. Адам өзін-өзі жарылқауға міндетті. Ол үшін қарекет
керек. Абайдың сондықтан 38-ші қара сөзінде ғұмырдың өзі хақиқат деген
пікірге келген. Абай ұғымында адам ғұмырынсыз болмыс мәнсіз. Ғұмыр –
хақиқат. Алла тағала – адам ғұмырының өмір сүру кеңістігі. Ол – алғашқы
себеп, ол – идея, ол – мүмкіндік. Мүмкіндікті шындыққа адам арқылы
айналдыруы керек. Ол үшін мал мен жан аямайтын жол бар. Ол – ғылым жолы,
хакімдік жолы, - дейді Абай.[1]
Абай – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол
ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен
ақылдың билігіне жүгіндіруде деп білді. Абай өзінің аса дарындылығы, ой-
өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды.
Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Оны біржақты
бағалауға, бір бояумен көрсету мүмкін емес. Дүние туралы пікіріне келсек,
деизге жақын деуге болады. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір
сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам: ..көзбен
көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар (буддизм, конфуцийшылдық, даосизм, лигизм)
Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер
Абайдың дүниеге көзқарасы
Абайдың діни және әлеуметтік ойлары
Қазақ даласындағы саяси ой-пікірлер туралы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Мұхтар Әуезовтың Абай жолы роман - эпопеясы
Ақын, ағартушы - Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ
Абай Құнанбайұлының қара сөздерінің педагогикалық сарыны
Пәндер