Гипертензивті криз



1. Кіріспе . Гипертензивті криз
2. Гипертониялық криз даму себебі
3. Гипертониялық клиникасы, көрінісі
4. Гипертониялық криздердің жіктемесі
5. Асқынған гипертониялық криз
6. Артериялық гипертонияның емі
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер
Гипертониялық криз - бұл артериялық қан қысымының кенеттен өзінің қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан ми және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілерінің өршуіне әкеліп соғатын синдром.
Ол көбінесе гипертония ауруының асқынуынан болады. Кейде бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі бар (феохромоцитома) науқастарда кездеседі.
Гипертониялық криздердің өршітуші жайттарға:
— көңіл-күй күйзелістері;
— ауа-райы өзгерістері;
— тұзбен суды мөлшерден көп қолдану;
Дәрттің өршу жиілігі жылдың бөлгілі бір уақыт мезгіліндегі ауа-райының құбылып тұруына байланысты. Мысалы, көктем, күз айларында, жиілесе, жаз, қыс айларында сирейді және де ол еркектерге қарағанда, әйелдерде жиірек кездеседі.
- гипотензивтік дәрі-дәрмектерді (клофелин, октадин, т.б.) қабылдауды кенеттен тоқтату т.б. жатады.
Гипертония кризі клиникалық, гемодинамикалық биохимиялық көрсеткіштерінің айырмашылығына қарай (Н.А.Ратнер (1958ж.) бойынша)
I типті — адреналдық және
II типті - норалреналдық;
ал патогенезі бойынша; әр систола кезіңде қолқаға құйылатын қанның көлемі мен перифериялық қан тамырлары кедергісінің өзгеруіне қарай:
гиперкинетикалық
аукинетикалық және
гипокинетикалық
деген түрлерге бөлінеді.
I типті немесе гиперкинетикалық криз қанға адреналиннің бөлініп шығуына және систолдық қан көлемінің жоғарылауына байланысты.
1. Г.Ахметова «Гипертониялық криздер» Денсаулық журналы 9.10.1998 ж. 6-7 беттер.
2. Қалимұрзина Б.С. «Ішкі аурулар» оқулық І-том - Алматы: Асем-систем, - 2005 ж.
3. Н.А.Мухин, А.И.Мортынов «Внутренние болезни» 1 том. Ст. 92-95.
4. Абдушукурова Г.З. «Артерияльная гипертония» 2005 г.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Кафедра____________________________ ________________________

Тақырыбы: Гипертензивті криз

Орындаған: Кудекова Г.С.
Тобы: 501-ЛКУ
Қабылдаған: Қарқабаева С.А.

Шымкент 2009 ж.
Жоспары:

1. Кіріспе – Гипертензивті криз
2. Гипертониялық криз даму себебі
3. Гипертониялық клиникасы, көрінісі
4. Гипертониялық криздердің жіктемесі
5. Асқынған гипертониялық криз
6. Артериялық гипертонияның емі
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер

Гипертониялық криздер

Гипертониялық криз - бұл артериялық қан қысымының кенеттен өзінің
қалыпты деңгейінен өте жоғары деңгейге көтерілуі салдарынан ми және жүрек-
тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілерінің өршуіне әкеліп соғатын
синдром.
Ол көбінесе гипертония ауруының асқынуынан болады. Кейде бүйрек үсті
безінің қатерлі ісігі бар (феохромоцитома) науқастарда кездеседі.
Гипертониялық криздердің өршітуші жайттарға:
— көңіл-күй күйзелістері;
— ауа-райы өзгерістері;
— тұзбен суды мөлшерден көп қолдану;
Дәрттің өршу жиілігі жылдың бөлгілі бір уақыт мезгіліндегі ауа-райының
құбылып тұруына байланысты. Мысалы, көктем, күз айларында, жиілесе, жаз,
қыс айларында сирейді және де ол еркектерге қарағанда, әйелдерде жиірек
кездеседі.
- гипотензивтік дәрі-дәрмектерді (клофелин, октадин, т.б.) қабылдауды
кенеттен тоқтату т.б. жатады.
Гипертония кризі клиникалық, гемодинамикалық биохимиялық
көрсеткіштерінің айырмашылығына қарай (Н.А.Ратнер (1958ж.) бойынша)
I типті — адреналдық және
II типті - норалреналдық;
ал патогенезі бойынша; әр систола кезіңде қолқаға құйылатын қанның көлемі
мен перифериялық қан тамырлары кедергісінің өзгеруіне қарай:
гиперкинетикалық
аукинетикалық және
гипокинетикалық
деген түрлерге бөлінеді.
I типті немесе гиперкинетикалық криз қанға адреналиннің бөлініп шығуына
және систолдық қан көлемінің жоғарылауына байланысты. Ол гипертония
ауруының алғашқы I және ІІ сатыларында кездеседі. Оның ұзақтығы 2 сағаттан
көп болмайды және жеңіл түрде етеді.
Криздің басталуы бастың қатты ауруымен, бастың айналуымен, көздің
қарауытуымен сипатталады. Науқас тітіркенгіш, мазасыз болады. Аяқ-қолы
дірілдеп, мзздайды. Жүрек тұсында шаншу сезімі байқалады, ентігуі мүмкін.
Науқастың бетінің, мойнының, қолының тері жамылғылары қызарады. Кейде криз
науқастың кіші немсе үлкен дәретке шығумен аяқталады.
ІІ типті немесе шығумен гипокинетикалық криз қанға норадреналиннің
бөлініп шығуына және перифериялық қан тамырлары кедергісінің артуына
байланысты. Криздің бұл түрі гипертония ауруының соңғы ІІ-ІІІ сатыларында
кездеседі. Ол баяу дамиды, бірақ ауыр өтеді. Оның ми қан айналымның
бұзылуына байланысты – цербальды және құрысу, ал жүрекке байланысты
кардиалды түрлері болады.
Церебралды түрінде – бастың желке тұсы ауырады, әлсіздік, ұйқышылдық,
есеңгіреу, құлақта шудың естілуі, жүректің айнуы, көру мен есту қабілетінің
өткінші бұзылуы, аяқ-қолдың жансыздануы сияқты белгілер пайда болады.
Кардиалды түрінде – жүрек демікпесі байқалады. Науқас адамның жүрек
тұсы ауырып, ентігуі мүмкін.
Құрысу түрінде – науқастың денесі қалтырап, тоникалық және клоникалық
құрысуларға ұласады.
Емдеу
Ол науқастың көңіл-күйіне, жасына гипертония ауруының сатысына, криздің
түріне, ілескен ауруларына қарай жүргізіледі.
Қазіргі медицина саласында гипотензивтік әсерінің механизміне қарай
дәрі-дәрмектердің үлкен арсеналы бар. Олардың ішінде ең қолайлысы бірінші
қатардағы дәрі-дәрмектер деп аталады. Оларға АПФ ингибиторы (каптоприл,
эналаприл), в-адреноблокаторлар (обзидан), кальций антогонистері
(гипотиазид) жатады. Бұл дәрілердің ерекшеліктері – ұзақ қолданғанда
ағзадағы көмірсу мен липидтік алмасуды бұзбайды, ағзадағы сұйықтықты
ұстамайды, рикошеттік гипертонияны және ортостатикалық гипотонияны
тудырмайды.
Мысалы, кальций антогонисінен в-адреноблокаторларды жеке-жеке, ал АПФ
ингибиторын кальций антогонисімен, АПФ ингибиторын диуретикпен, в-
адреноблокаторды диуретикпен қосындысын беруге болады.
Гипертониялык криздіі І типінде парентералдық дәрі-дәрмектерден дибазол
ерітіндісінің
Гипертониялық криз кезінде науқастың бас жағын көтеріңкі етіп төсекке
жатқызады. Бөлмеде тыныштық сақтаған жөн және оның ауасы таза болуы қажет.
Кеселдің асқынбаған түрінде науқастың көңіл-күйі қалыпты жағдайда болса,
дәрі-дәрмектің біреуін не қоспасын ішкізеді немесе тілінің астына қояды.
Оның қан тамырын кеңейтетін, спазмолитикалық әсері бар. Науқастың
қорқыныш сезімін жоғалту мақсатында нейролептиктерді пайдалану керек. Ол
үшін 0,25% дроперидол ерітіндісінің 2-4 мл-ін не 5-15 мл седуксенді қан
тамырына жібереді. Егер тахикардиасы болса. 20-40 гр анаприлинді ішкізеді.
Қан қысымын тез арада түсіру үшін: -0,1% раседил ерітіндісінің 1-2мл-ін
бұлшық етке не қан тамырына жібереді. Сондай-ақ 0,01% клофелин (гемитон)
ертіндісінің 1 мл қан тамырына егіледі.
Гипертония кризінің ауыр түрінде, яғни коронарлық, церебралдық және
бүйрек жетіспеушілігі бар науқастардың қан қысымын өте тез төмен түсіруге
болмайды. Оның бастапқы деңгейінің 25% -тейін ғана түсіреді.
Церебралдық түрінде бас миының ісінуін азайту үшін 20-30 мг фуросемидті
(лазиксті) қан тамыры арқылы егеді. Ол натрий мен судың ағзада қалмауын
қамтамасыз егеді. Сонымен қатар 25% 5-10 мл магний сульфаты ерітіндісін
жеке 0,01% 1 мл клофелин мен изотониялық, натрий хлориді ертінділерін қосып
қан тамырына жібереді.
Құрысу кезінде 10-50 мг седуксенді глюкоаа ертіндісіне к.осып кян
тамыры аркылы жібереді.
Қан айналымының жетіспеушілігі бар науқастарға 50 мг нарий нитропруссид
ерітіндісін 500 мл глюкоза ерітіндісіне қосып қан тамырына (10-20 тамшылық
жылдамдықпен) жібереді. Ол артелиялық және орталық қан қысымын төмендетеді.
Не 300-600 мг диазоксидті (гиперстатты) пайдаланады.
Өкпенің ісінуімен асқынған гипертоникалық кризде ганглиобло-каторлар
мен диуретиктерді қолданған жөн. Мұнда 5% 0,5-1 мл пентанинді не 2,5% 0,5-1
мл бензогексонийді, не 1-2 мл арфонадты изотониямен немесе глюкоза
ерітіндісіне қосып қан тамырына жібереді. Диуретиктерді 20-100 мг
фуросемидті (лазиксті) де қан тамырына егу керек.
Жедел коронарлық жетіспеушілігі бар гипертониялық кризде ең алдымен,
ауырсынуды басқан жөн. Ол үшін нейролептоа-налгезияны (НЛА) қолданады.
0,005% 2 мл фентанил, 0,25% 2-4 мл дроперидол ерітіндісі қан тамырға
салынады, нитраттар беріледі.

Гипертониялық криздер (ГК)
Гипертониялық криз - систолалық немесе диастолалық АҚ-ның кенет
жоғарылауы, сонымен қатар нысана ағзалар қанайналымы бұзылысының жіті
ауырлауы. Академик А.Л.Мясниковтың айтуы бойынша "криз дегеніміз артериялық
гипертонияның квинтэссенциясы", яғни оның "қойыртпағы", осы аурудың аз
уақыттың ішінде күрт өрістеуі.
ГК тек артериялық гипертониямен емес, симптомдық гипертониямен
сырқаттанатын науқастарда да дами береді. Гипертониялық криздер АҚ 16095
мм с.б. көтерілгенде де дамуы мүмкін, бірақ, көбіне криз кезінде САҚ 190-
270, ал ДАҚ 120-160 мм с.б. дейін биіктейді. Негізінде криздің ауырлығы
қысымның биіктеу деңгейіне емес, ми мен жүрек жағынан болатын бұзылыстардың
ауырлығына тәуелді.
Криздің дамуына түрткі болатын себептер:
• психикалық, эмоциялық стрестер, күйзелістер;
• сұйықтықты, тұзды тағамдарды мөлшерден асыра ішу;
• ауа райының, атмосфералық қысымның өзгерістері, метеосезімталдық;
көбіне метеосезімталдық, омыртқа жотасының мойын-кеуде бөлігінің
остеохондрозы бар немесе неврозға ұшыраған адамдарға тән; ауа райының
құбылысынан болатын криздер күз, көктем айларында жиіленеді;
• вертебробазиллярлық, бассеинде қан ағымының жетіспеушілігіне әкелетін
бас миының ишемиялық эпизодтары (әсіресе егде жастағыларда); оның бір
себебі - түнгі ұйқы кезінде бастың ыңғайсыз жағдайы; осыдан болатын
гипертониялық криздер таңертеңгі уақыттарда байқалады;
• инфекциялық ауруларға шалдығу (грипп эпидемиясы кезінде гипертониялық
криздер жиіленеді);
• бұрыннан қолданып келе жатқан емді бірден үзу (клофелинді, допегитті,
b- блокаторларды, изобаринді), яғни "кері соғу" феномені пайда болуынан;
• бүйрек қан ағымының рефлекторлық бұзылыстары;
• екіншілік альдостеронизмнің өрістеуі.
Криз дамуының негізгі механизмдері:
• симпатоадренал жүйесінің аса белсенділенуі;
• организмде натрий иондары мен судың тез немесе біртіндеп жиналған
іркілісі;
• артерия мен артериолалардың тегіс салалы бұлшықет жасушаларында
кальцийлік механизмнің активациясы;
• ренин-ангиотензин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артериялық гипертензиялардың анықтамасы мен жіктелуі
Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстары. Шеткері қанайналымының және микроциркуляцияның бұзылыстарының негізгі түрлері
Микроциркуляцияның патофизиологиясы
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Жүйке жүйесі аурулары фармакотерапиясының дәрілерін таңдауда клиникалық-фармакологиялық жолдар принциптері.
Қаназдыққа қарсы дәрілік заттар
Ішкі аурулар және стоматология клиникасында жедел жағдайлар кезіндегі жедел жәрдем көрсетудің клиникасы
Гипертония ауруы
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Гипертензия
Пәндер