Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2


І.бөлім:
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... 3

Өнімнің және түскен пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Жоспарлау және шешім қабылдау үшін шығындардың жіктелуі ... ... ... 15


ІІ.бөлім:
Үстеме шығындардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Көмекші өндірістің шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Негізгі өндіріс шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Бұл курстық жұмыста өндірістің шығысы туралы өзекті мәселені ашып көрсеткенмін. Кіріспе бөлімінде шығындардың мазмұнына тоқтала кететін болсақ, шығындар туралы, шығындарды есептеу, шығындарды жіктеу туралы мәселелер қарастырылған, яғни кәсіпорындағы ақша қаражаттарын тиімді әрі дұрыс жұмсалуы бұл біздің еліміздегі экономикалық жағдайларға айтарлықтай әсерін тигізеді. Сондықтан да, бұл мәселелерді өзімнің курстық жұмысымда толық қамтып, ашып көрсеткім келеді. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп пен басқару есебі барлық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерде ең басты орын алып отыр. Себебі ол өндірістің барлық қаржылық жағдайын және осы кәсіпорында болып жатқан өндіріс процестерін шынайы түрде көрсетеді. Өндірістің шығындарын есептеуде бухгалтерлік есеп басты роль атқарады. Себебі барлық есептеулер бухгалтерлік корреспонденция шоттары арқылы жүргізіледі.
Курстық жұмысымның негізгі бөлімінің бірінші бөлімшесінде басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу, түскен пайданың және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу мәселелерін, шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу, жауапкершілік орталықтары бойынша өндірістік қызметін бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу мәселелерін және бұл бөлімшеде шығындарды жіктеу мен жауапкершілік орталықтарының сметасын қолдану туралы есептерді кесте түрінде көрсеттім.
Ал екінші бөлімшесінде негізгі өндірістің шығындарының және осы шығындарға байланысты көптеген мысалдар келтірілген, үстеме шығындар туралы есепті, олардың шоттарын және бұл бөлімшеде үстеме шығындардың жалпы сипаты кесте түрінде көрсетілген, тағы бір шығындардың есебі – көмекші өндіріс шығындарының есебі жайлы, олардың шоттарын, жалпы өндіріс туралы мәселелер қамтылған. “Шығындар” жағдайға байланысты әр түрлі мәнге ие болады. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі тәсілдермен жіктеледі.
Ұйымның өткізуге арналған өнімі (тауар, көрсетілген қызмет) шығынды көтерушілер болып табылады.
Есепті кезеңде өнім өткізу және ұйымның жұмыс істеу процесін қамтамасыз ету үшін сондай-ақ коммерциялық және жалпы әкімшіліктерден тұратын мерзімді шығыстар көрсетіледі. Бұл шығындар пайданы азайту үшін есептен шығарылады.
Шығындар шынымен басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Шаруашылық іс-әрекеттің процесінде тұтінілған материалдық, еңбек ақшалай және басқа ресурстар шығындар болып саналады.
1. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»
2. Кеулімжаев Қ.К «Қаржылық есеп»
3. Назарова В.Л «Бухгалтерлік есеп принципі»
4. Тасмағанбетов Т «Бақарушы есеп, старатегиялық жоспарлау және талдау»
5. Әбдіманапов Ә.Ә «Бухгалтерлік есеп теориясы және принципі»
6. Андросов А.М «Бухгалтерлік учет»
7. Укашев Б.Е, Әжібаева З.Н «Бухгалтерлік есеп теориясы»
8. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп» .- Алматы: издат маркет 2005.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
М ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Бух.есеп және аудит кафедрасы

Курстық жұмыс

ТАҚЫРЫБЫ: Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі

Оқытушы: Қазбекова Ж.Ш
Студент: Жилкишев Д.
Мамандығы:Бух.есеп және
аудит.
Тобы: 303а.

АЛМАТЫ 2008 ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І-бөлім:
Басқару есебіндегі қолданылатын шығындардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... 3

Өнімнің және түскен пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .11

Жоспарлау және шешім қабылдау үшін шығындардың жіктелуі ... ... ... 15

ІІ-бөлім:
Үстеме шығындардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...18

Көмекші өндірістің шығындар
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..20

Негізгі өндіріс шығындар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..25

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста өндірістің шығысы туралы өзекті мәселені ашып
көрсеткенмін. Кіріспе бөлімінде шығындардың мазмұнына тоқтала кететін
болсақ, шығындар туралы, шығындарды есептеу, шығындарды жіктеу туралы
мәселелер қарастырылған, яғни кәсіпорындағы ақша қаражаттарын тиімді әрі
дұрыс жұмсалуы бұл біздің еліміздегі экономикалық жағдайларға айтарлықтай
әсерін тигізеді. Сондықтан да, бұл мәселелерді өзімнің курстық жұмысымда
толық қамтып, ашып көрсеткім келеді. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп пен
басқару есебі барлық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерде ең басты орын алып
отыр. Себебі ол өндірістің барлық қаржылық жағдайын және осы кәсіпорында
болып жатқан өндіріс процестерін шынайы түрде көрсетеді. Өндірістің
шығындарын есептеуде бухгалтерлік есеп басты роль атқарады. Себебі барлық
есептеулер бухгалтерлік корреспонденция шоттары арқылы жүргізіледі.
Курстық жұмысымның негізгі бөлімінің бірінші бөлімшесінде басқару
есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу, түскен пайданың және өнімнің
өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу мәселелерін, шығындарды шешім
қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу, жауапкершілік орталықтары бойынша
өндірістік қызметін бақылау мен реттеу үшін шығындарды жіктеу мәселелерін
және бұл бөлімшеде шығындарды жіктеу мен жауапкершілік орталықтарының
сметасын қолдану туралы есептерді кесте түрінде көрсеттім.
Ал екінші бөлімшесінде негізгі өндірістің шығындарының және осы
шығындарға байланысты көптеген мысалдар келтірілген, үстеме шығындар туралы
есепті, олардың шоттарын және бұл бөлімшеде үстеме шығындардың жалпы сипаты
кесте түрінде көрсетілген, тағы бір шығындардың есебі – көмекші өндіріс
шығындарының есебі жайлы, олардың шоттарын, жалпы өндіріс туралы мәселелер
қамтылған. “Шығындар” жағдайға байланысты әр түрлі мәнге ие болады. Басқару
есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі тәсілдермен жіктеледі.
Ұйымның өткізуге арналған өнімі (тауар, көрсетілген қызмет) шығынды
көтерушілер болып табылады.
Есепті кезеңде өнім өткізу және ұйымның жұмыс істеу процесін қамтамасыз
ету үшін сондай-ақ коммерциялық және жалпы әкімшіліктерден тұратын мерзімді
шығыстар көрсетіледі. Бұл шығындар пайданы азайту үшін есептен шығарылады.
Шығындар шынымен басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып
табылады. Шаруашылық іс-әрекеттің процесінде тұтінілған материалдық, еңбек
ақшалай және басқа ресурстар шығындар болып саналады.

Басқару есебінде қолданылатын шығындардың жіктелуі.

Негізінен басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім
қабылдау, жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере
отырып, қызмет етеді.
Өндіріс есебінің міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей
өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік
есептің мәліметтерді көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл
ақпаратты тіркеу мен жіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет. Бухгалтерлік
ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың біреуін эталон деп бөлу
мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат тағайындауына байланысты.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі:
- өндіріс процесіндегі экономикалық роль (негізгі және қосымша);
- өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама);
- өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты).
Шешілетін міндеттемелеріне қарай шығыстардың жіктелуі:
өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу – келген және шыққан,
өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын,
болашақ кезеңнің жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең
шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу;
реттелетін және реттелмейтін.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған
шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы.
Тауардың өзідік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсібір қызмет
адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де
өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Шығындар есебінің жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар
туралы ақпараттарды жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар
немесе қосымша шығындар(немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өзгермелі
және тұрақты шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді
және оларды есеп бағыттары бойынша бөледі. Оңтайлы басқару шешімдерін
қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдердегі шығыстарды
білу қажет. Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен
тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың спалық көрсеткіштерін тексеруге,
бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда
мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып
саналады.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды қазандық деп аталатын тәсілмен анықтап
келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары
шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін
қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. 1887 ж. Ағылшын
экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын және оларды бақылауды
күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек жүйесін жасауды
ұсынады. Оның негізінде шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп
бөлу жатты.
Ғалымдар мынаны анықтады, шартты-тұрақты шығынды өзгерту өндірілген
өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын
өндірісінің көлемін пропорционалды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды
немесе азаяды.
Осы негізгі шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын
пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын
жолдауға жол алатын директ-костинг тұжырымдамасын ұсынды. Осыған
байланысты кәсіпорыннның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетті
емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау күннен-күнге көкейтексті
болуда.Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын стандарт-кост
жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты. Шыққан шығындар
есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай, аяқталмаған
шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды пайдалануды бақылап,
дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік орталықтарының тұжырымдамасы
қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар кәсіпорын шегінде ғана
қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап, жауапкершілік
орталықтары бойынша әртараптандырылды. Осылайша, шығындар есебі өндірістің
түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей өндірістік процеске
де бағытталды.
Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономикалық
мәнін білу маңызды болып табылады.
Шығындар – шаруашылық іс-әрекет барысында (еңбек, өнім
өндірісіқұралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет
көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа
ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі
бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны шығындар
өндіріске шыққан шығындар дегеннен кең екені білінеді, өндіріске шыққан
шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында
тұтынылатын ресурстар бөлігі.
Көп жағдайларда экономикалық әдебиеттерде шығыстар мен шығындар
түсінігі ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен
айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес
шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді.
Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 Қаржылық
есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге сәйкес
шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар
кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің
ұлғаюына байланысты болашақ экономиканың пайданың кемуі ұйымның шығыстары
деп танылады.
Есепті кезең қатысына қарай шығыстар екі категорияға бөлінеді:
- ағымдағы есепті кезең;
- кейінге қалдырылған.
Ағымдағы кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-
әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары
туралы есепте танылады. Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының
белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:
- осы есепті кезеңдң алынған кірістермен байланыстырылған
шығыстар(негізгі және негізгі емес қызмет шығыстары);
- ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы
(ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне
қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепте
кезеңде танылады, мойындалады. Олардың көбіен кірістің бары немесе жоғынан
(мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі
шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.
Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен
есепті кезеңде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі
шаруашылық операциялармен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға
жатады.
Ұйымның болашақта ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай
кейінге қалдырылған шығыстар былай бөлінеді:
- инвестициялар (күрделі қаржы);
- болашақ кезең шығыстары.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу
мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс
тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы
оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі.
Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру мен
өткізуге жұсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын
орындауға беімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және
болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс
ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар – басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі, күрделі және
сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша
шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн. Тауарлы-
материалдқ қорлар есебі атты Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес (2003 ж.
28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:
- пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық
бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті
ұйымдастыру мен өнімнің өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет.
- шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері бойынша - өнімнің өзіндік
құнын анықтау үшін қажет.
- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша
экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:
а) экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не
жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС- ке бұған мынадай экономикалық элементтер
жатады:
- материалдық шығындар;
- еңбекті өтеуге жұмсалған шығындар;
- ақша аударулар;
- құралдардың тозуы;
- басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік
құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:
- материалдар;
- еңбекті өтеу;
- ақша аударулар (аударымдар);
- қосымша шығыстар.
Көрсетілген топтарды салыстыру 1 – кестеде берілген.

1. Элементтер мен калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру,
мың теңге.
1-кесте
Экономикалық элементтер Сома Калькуляция Сома
1.Материалдық шығындар 77000 1.Материалдар 25000
2.Еңбекті өтеуге шығатын 18000 2.Сатылатын жартылай 41200
шығындар өнім
3.Ақша аударулар 3040 3.Қайтарымды қалдықтар 2400
(аударымдар) (ұстап қалады)
4.Құралдардың тозуы 7240 4.Технологиялық 9000
мақсаттарға арналған
отын мен энергия
5.Басқадай шығындар 11720 5.Еңбекті өтеу 10100
Барлығы 117000 6.Ақша аударымдары 1800
6.Өндірістік емес шоттарға (3600) 7.Өндірісті дайындау мен4700
(-)(қайтарымды қалдықтар игеруге шығыстар
құны, ақауға кінәлілерден
шығынның орнын толтыру және
т.б.)
7.Бітпеген өндірістің 600 8.Қосымша шығыстар 17400
қалдығын (+) өзгерту
9.Ақаудан болған 1400
шығыстар
10.Басқадай өндірістік 1000
шығыстар
Барлығы 114000 Барлығы 114000

Экономикалық элементтер (117000) және калькуляция баптары (114000)
бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету
эліменттері бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды.
Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас атаулардың элементтері мен
калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалық элемент бойынша
Еңбекті өтеу шығындары 18000 теңге болып, ал Еңбекті өтеу
калькуляцияның бабы бойынша 10100 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты
күтумен шұғылданатын еңбекшілердіңеңбегін өтеу шығыстарында, яғни қосымша
шығыстарда ескерілген.
Алайда экономикалық элементтер мен шығын баптары бойынша шығын
есебіндегі топтасулар өзара байланысты екендігін байқаған жөн, өйткені олар
субъектінің бірдей шығындарын құрамы (элементтер) және мақсатты белгілеуі
(калькуляция баптары) бойынша сипаттайды.
Өндіріс шығынтары көптеген басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін,оны 2-
ші кестеде қарастырайық.

2.Өндіріс шығындарының жіктелуі.

2-кесте
№ Жіктеуші топ Шығындар(шығыстар)
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық роль - негізгі
бойынша - қосымша
2 Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі - тікелей
бойынша - жанама
3 Құрамы бойынша - бірэлементтік
- кешенді
4 Өндіріс көлеміне байланысты - өзгермелі
- тұрақты
5 Пайда болу мерзімділігі бойынша - ағымдағы
- біржолғы
6 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша - өндірістік
- әкімшілік
- коммерциялық
7 Тиімділігі бойынша - өндірістік
- өндірістік емес
8 Бақыланатын мүмкіндігі бойынша - реттелетін
- реттелмейтін
9 Орташалау дәрежесі бойынша - жалпы
- орта
10 Пайданы генерациялау кезеңінде шығындарды - өнімге
жатқызу тәртібі бойынша - кезеңге

Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей
байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай
шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны
басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның
өзіндік тура және тікелей кіруі мүмкін(шикізат, негізгі материалдар,
аударымдар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары
деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы – автосервис бөлімшесінің тікелей
шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің - өзіндік құнына тікелей
енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын
шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар – субъектінің әрбір бөлімшесінің
жанама шығындары) деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, бір
ьөлімше үшін жанама болуы мүмкін.
Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға,
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір
өнеркәсібінде, энергетикада – барлық шығындар тікелей байланысты).
Бірэлементтілер – бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар,
ақша аударулар).
Өзгермелілер – мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай
өзгеретіндер және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді. Мысалы,
егер өндіріс көлемі 10% көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10% - ке
ұлғаяды.

Өзгермелі шығындардың өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі.

3-кесте
Көлем бірлігі Бірлікке шаққандағы Бірлікке шаққандағы
өзгермелі жалпы өзгермелі
шығындар,теңгемен шығындар,теңгемен
50 10 500
100 10 1000
150 10 1500
200 10 2000

Тұрақтылар - өнім өндірісіне көлемінің өзгеруіне байланысты емес делік
(жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу, жарнамаға
шығындар т.б.). Егер көлем 10% - ке ұлғайса немесе кемісе, онда жалпы
тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.

Тұрақты шығындардың өнім бірлігіне шаққандағы реттілігі (тәртібі).

4-ксте
Көлем бірлік Бірлікке шаққандағы тұрақты Бірлікке шаққандағы
шығындар, теңгемен жалпы тұрақты шығындар,
теңгемен
1 300 300
2 150 300
5 60 300
15 20 300
20 15 300
25 12 300
30 10 300

Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына
қарай төмендейді.
Ағымдағылар – жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат,материал
шығындары).
Біржолғылар – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге
арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде аздап
өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік
өзіндік құнына (тауарлық өнім - өз материалынан да, тапсырушының
материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылданған және
қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; басқа жаққа босатылған, өзі
өндірген жартылай өнімнің сондаі-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары
толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлық шығындар.
Әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік
мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген
сападағы өнім өндірісіне шыққан қығындар.
Өндірістік емес - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер
салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін – егер атқарушы шығындар деңгейіне әсер етіп немесе реттей
алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды – цех тексерушісі
реттейді).
Реттелмейтіндер – деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері
конмтрукторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете
алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орта - өнімнің бір бөлігіне шаққандағы.
Өнімге - өнімнің өзіндік құнынакететін.
Мезгілге – кезең шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды
өткізу бойынша шығыстар, сыақы бойынша шығыстар .
Жалпы басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару
міндетін шешу қажеттілігіне байланысты болады.
Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- өндірілген өнімнің өзңндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың
құнын бағалау;
- басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;
- жауапкершілік орталықтарының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.
Осы міндеттемелерді шешуге тараудың келесі бөлімдерінде толық
қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.

Өнімнің және түскен пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды
жіктеу.

Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген
шешімдерді қабылдауға көмектесу : кез келген деңгейдегі басшы міның қандай
шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындар жіктеу
процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік құныды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша
жіктеледі:
- кіретін және өтіп кеткен;
- тікелей және жанама;
- негізгілер және қосымшалар;
- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс;
- бірэлементті жіне кешенді.
Кіретін шығындар – алынған және бар ресурстар, күткендегідей болашақта
табыс әкелуі тиіс.Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс,
дайын өнім, тауар түріндегі активтер ретінде көрсетіледі.
Өтіп кеткен шығындар – осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және
болашақта табыс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан ресуртарды айтады. Оларға
өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген
шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп
дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды
есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.
Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған шығындар, егер бұл
тауар өткізілмесе және қоймаларда сақталса, баланста кіретін шығындар болып
тіркеледі. Егер тауар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға
жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар
сметасында көрсетіледі.
Сонымен, кіретін шығындар шығындар терминінің синонимі, болып
табылады, ал өтіп кеткен шығындар шығыстар терминіне ұқсайды. Шығындар-
тауарды өткізу нәтижесінде шыққан қаражат, ал шығыстар-кірістер алуға
байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.
Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты
шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты жұмысты (қызмет көрсету) орындауға
байласты және тікелей олардың құнына кіре алатын (материалдық шығындар мен
еңбекті өтеуге тікелей шығындар) шығындар тікелей деп аталады.
Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы сипат атқаратын және жасаған
кезде нақты ( жұмысқа, көрсетілген қызметке) жатқызу мүмкін болмайтын
шығындар жанамаға жатады. Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері
арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін таңдауына байланысты
бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен
пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға
болады. Жанама шығындардың ерекшелігі – ауқымды негіз шегінде өзгермеуі (
шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы).
Өнім бірлігіне шаққандағы тікелей шығындар мөлшері іс жүзінде өндіріс
көлеміне байланысты емес және оны өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігін
арттыру, жаңа ресурс және энергия сақтайтын технологияларды енгізу жолымен
төмендетуге болады.
Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Өнім өндіруге байланысты шығындар негізгі болып табылады(шикізат,
негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек-
жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы
қосып есептеулермен жәнет.б.) кез келген кәсіпорында олар шығындардың
маңызды бөлігін құрайды.
Қосымша шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оныбасқаруға
байланысты пайда болады.
Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:
- Қосымша өндірістік шығыстар, бухгалтерлік есепте олар жайлы ақпарат
8040 Қосымша шығыстар шотында жинақталадыжәне одан әрі таңдалған қайсібір
бөлу базасына сайма-сай бөліну үшін 8040 Қосымша шығыстар шотында
шоғырланады.
- Қосымша өндірістік емес шығыстар – кезең шығыстары. Бұл шығыстар 7110
дайын өнімді өткізу бойынша шығыстар, 7310 сыйақы түріндегі шығыстар
және 7210 жалпы және әкімшілік шығыстар шотында ескерілген.
Қосымша өндірістік шығыстарға (жабдықты ұстау мен пайдалануға)
майлайтын, ысқылайтын және жабдықты ағымдағы күту мен жөндеуге арналған
материал түрлеріне, шығыстар жабдық пен транспорттық құралдардың (
заводішілік транспорт); амортизациясына жабдыққа қызмет ететін
жұмысшылардың әлеуметтік салықтың аударымдары бар еңбекақы шығыстары;
коммуналдық шығыстар(элекр энегиясына , суға және т.б.) ; қосалқы өндіріс
көрсететін қызметтер; құрал аспаптар мен керек-жарақтардың қалпына келтіру
бойынша шығыстар мен тозу; жабдық жұмысына байланысты тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындар есебінің ұйымдастырылуы
Өндірістік шығындар нормасы - өндірісті басқарудың негізгі құралы
Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың өндірісті басқарудағы ролі
Шығындар есебінің мәні мен жіктеудуің табиғаты
Басқару есебіндегі шығындар
Педагогикалық практиканың есебі
Дайын өнім
Баскару есебіндегі шьғындардың жіктелуі
Көмекші өндіріс есебі
Пәндер