Алматы облысы бойынша орналасқан туристік обьектілермен танысу



Кіріспе

Топ құрамы

1. Алматы .Шарын каньоны

2. Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясы және музейлерге кіру

3. Алматы . Тамғалы тас

4. Алматы. Алтын Емел ұлттық табиғи саябағы

5. Алматы. Есік көлі

6. Ботаникалық бақ

7. Мемлекеттік Орталық музей

8. InterContinental Almaty қонақ үйі



Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер
Әлемге әйгiлi каньондар... Осы сәт қиыр шеттегi Колорадо есiңiзге түсер. Сол Колорадоның айнымас бөлшегiндей жер шарының өзге жартысында Шарын жатыр. Шын мәнiнде Шарын аңғары да табиғаттың сұлулығы ретiнде өзiне қызығушыларды жұмбақ дүниенiң есiгiн ашардай мен мұндалап аңсарыңды аудара бередi.
Бұл өңiрде алып таулардың керiм келбетi көз қарықтырады. Ақ бас шыңдардың сұлу суретi сырбаз кейiпте асқақтайды. Биiкке өрмелеген жасыл шыршалар әдемiлiкке өзгеше әспет бергендей. Көкорай шалғынды жоталардың мұнарға бөккен кейпiн айтыңыз.
Бұл өңiрде сұлулық атаулыны кәнiгi шебердiң iсмер қолымен кестелегендей иректеле жылт-жылт еткен өзендер өрнегi тамсантады. Құдай-ау, сол өрнектiң бiр сабағы мың сан бұралып, қарсы алдыңызда жатыр.
Шарын... Шарын тым тереңде, шақырайған күнге шағылыса жылтырап ағады. Гүрiлдеп, арқырай бастау алар тау өзенi осы тұсқа келгенде сiлелей шаршаған дерсiң, қаншама жылдар бойына шер қабатының қымтана жасырған құпиясын тырмалай ашқан арынды ағыс сәл тыныс алғандай. Көз алдыңызда таңғажайып көркем көрiнiс тұрады. Биiктiк пен тереңдiк: мұзарт таулардың аспан тепкен тәкаппар шыңдары өн бойын мақтаныш кернегендей маңғаз кейiп танытады; жүзiн әжiм торлағандай қатпар-қатпар жарқабақтан төмен құлаған аңғарлар мұңая ойға берiледi.
Шарын... Қызғылт қамалдар аңғары ... туған табиғаттың тосын кескiнi кейiнгi кезде жұртшылықты өзгешелiгiмен баурай бердi. Қанша күш салсақта қолмен қиюластыруға келмейтiн бөлектеу сурет елiктiре түседi. Табиғат шебердiң сан жылғы өрнегi керемет әсерiмен елiктiредi.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

Топ құрамы

1. Алматы -Шарын каньоны

2. Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясы және музейлерге кіру

3. Алматы – Тамғалы тас

4. Алматы- Алтын Емел ұлттық табиғи саябағы

5. Алматы- Есік көлі

6. Ботаникалық бақ

7. Мемлекеттік Орталық музей

8. InterContinental Almaty қонақ үйі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Практиканың мақсаты:

Студенттердің теориялық негізде алған білімдерін бекіту болып келеді.
Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті ояту. Алматы облысы бойынша орналасқан
туристік обьектілермен танысу. Экскурсиятану пәні бойынша алған теориялық
білімді іс жүзінде пайдалану.

Төмендегі сұрақтарды қамтыдық:

– тәжірибе алмасу;
– практика барысында ұйымдастырушылық, тәрбиелік қасиеттерін дамыту;
– туризм саласы бойынша болашақ мамандарға кәсіпқойлық физикалық
дайындық алу;

Маршрут:

Алматы -Шарын каньоны
Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясы және музейлерге кіру
Алматы – Тамғалы тас
Алматы- Алтын Емел ұлттық табиғи саябағы
Алматы- Есік көлі
Ботаникалық бақ
Мемлекеттік Орталық музей
InterContinental Almaty қонақ үйі

Топ құрамы

1.Абсеитов Мирас

2.Асанова Гульнур

3. Әзімбай Айша

4. Дуйсебаев Амирхан

5. Елемес Ботагөз

6. Есимбекова Мадина

7. Қадылекова Айгул

8. Оралжан Аманхан

9. Сержанұлы Даниел

10. Таттибеова Айгерим

Шарын каньоны
Әлемге әйгiлi каньондар... Осы сәт қиыр шеттегi Колорадо есiңiзге
түсер. Сол Колорадоның айнымас бөлшегiндей жер шарының өзге жартысында
Шарын жатыр. Шын мәнiнде Шарын аңғары да табиғаттың сұлулығы ретiнде өзiне
қызығушыларды жұмбақ дүниенiң есiгiн ашардай мен мұндалап аңсарыңды аудара
бередi.
Бұл өңiрде алып таулардың керiм келбетi көз қарықтырады. Ақ бас
шыңдардың сұлу суретi сырбаз кейiпте асқақтайды. Биiкке өрмелеген жасыл
шыршалар әдемiлiкке өзгеше әспет бергендей. Көкорай шалғынды жоталардың
мұнарға бөккен кейпiн айтыңыз.
Бұл өңiрде сұлулық атаулыны кәнiгi шебердiң iсмер қолымен кестелегендей
иректеле жылт-жылт еткен өзендер өрнегi тамсантады. Құдай-ау, сол өрнектiң
бiр сабағы мың сан бұралып, қарсы алдыңызда жатыр.
Шарын... Шарын тым тереңде, шақырайған күнге шағылыса жылтырап ағады.
Гүрiлдеп, арқырай бастау алар тау өзенi осы тұсқа келгенде сiлелей шаршаған
дерсiң, қаншама жылдар бойына шер қабатының қымтана жасырған құпиясын
тырмалай ашқан арынды ағыс сәл тыныс алғандай. Көз алдыңызда таңғажайып
көркем көрiнiс тұрады. Биiктiк пен тереңдiк: мұзарт таулардың аспан тепкен
тәкаппар шыңдары өн бойын мақтаныш кернегендей маңғаз кейiп танытады; жүзiн
әжiм торлағандай қатпар-қатпар жарқабақтан төмен құлаған аңғарлар мұңая
ойға берiледi.
Шарын... Қызғылт қамалдар аңғары ... туған табиғаттың тосын кескiнi
кейiнгi кезде жұртшылықты өзгешелiгiмен баурай бердi. Қанша күш салсақта
қолмен қиюластыруға келмейтiн бөлектеу сурет елiктiре түседi. Табиғат
шебердiң сан жылғы өрнегi керемет әсерiмен елiктiредi.

Табиғаттың тылсым сырын iшке бүккен Қызғылт каньон жардан төмен қарай
бұралаң күйi ағараңдап жатқан жалғыз аяқ жол арқылы өзiне жетелейдi. Аңсар
аудара қызықтырған Қызғылт каньонды географ мамандар осылай атағанмен кейде
Қамалдар аңғары деп те жазады. Содан ба, бiз өзiндiк ерекшелiгiне қарай
Қызғылт қамалдар аңғары дегенге ықылас таныттық.
Қызғылт қамалдар аңғары сан жылдардың өтiнде тау жыныстары түрлi
үлгiдегi мүсiндердiң ғажайып көрiнiсiн қашап жасағандай алдыңызға тартады.
Бiрi өзiндiк тау келбетiн көз алдыңызға әкелсе, екiншiсi ғайыптан пайда
болған жұмбақ мұнараны елестетедi. Биiк жартасқа сәл кiдiре қарасаңыз
зәулiм ғимараттың кiре берiс табалдырығында тұрғандай сезiнесiз. Бiр сәт
өзiңiздiң мыңжылдықтар әлемiнде ерке желдiң, ағын судың, дүмпу күштi әр
алуан тербелiстердiң сәулеткершiлiгiмен бетпе-бет келiп тұрғаныңызды
сезiнбейсiз. Қайта құпияны өн бойына жасырғандай мүлгiген зау тұлғалы
бағандарды, керiм күмбездi құздарды, жарқабағы айқыш-ұйқыш дiңгектердi
қызықтай елiтiп, ертегiлер елiне енген күйi қиялға берiле өзге дүниенiң
бәрiн ұмытар едiңiз.
Қызықты қараңыз, каньон сөзi испан тiлiнде құбыр деген мағынаны
бiлдiредi екен. Ғалымдардың дерегiне назар салсаңыз, каньондардың пайда
болуы құрғақ қыраттардың өз арнасын дамылсыз кеңейткен өзен суларының
әсерiнен деп түсiндiредi. Ал, Қамалдар аңғары адам өрмелеп шыға алмас құзды
жартас пен сазды құмшауыт тау арқылы өтетiн Шарын өзенiне қиылыса жатқан
құрғақ сай. Қызғылт каньонның ұзындығы үш шақырымға жуық, енi 20 метрден
130 метр аралығында болып келедi. Тереңдiгi 100 метрге жуықтайды. Солтүстiк
Америкадағы Колорадо өзенiнiң Үлкен каньонымен табиғаты бiр, ландшафттық
әлпетi ұқсас болуы таңдай қақтырар, аты айтып тұрғандай, Үлкен каньонның
ұзындығы 80 шақырым, тереңдiгi де өлшеусiз - 1200 метрден 800 метрге
дейiнгi көрсеткiшi Шарынның шағын болса да каньонның ерекше көрiнiсi
талайды тамсандырады. Сондықтан да шығар, шалғайдағы Орталық Азияның
беймәлiмдеу бiр нүктесiне орыс саяхатшылары Н. Северцев, А. Красновтарға ат
басын бұрғызды. Дала төсiндегi таңғажайып әлем - Шарын оларды бей-жай
қалдырған жоқ. Қияндағы Қашқарға сапарлап бара жатқан Шоқан Уәлиханов та
табиғаты сұлу өңiрдегi ерекше түске боялып тұрған қызғылт каньонға ерiксiз
ойға шома қарап, назар аударған да шығар-ау.
Себебi дерсiз, табиғаттың өзi жылдар бойына әспеттей алақаныңызға
салған жердiң бүкiл қабатының тылсым суретi ойлантпай қоймас. Жарқабақтың
сансыз қабаттық алуан бояуы тас шежiренiң беттерiндей сыр ақтарады.
Қамалдар аңғарындағы кесек мүсiндердiң қайталанбас кескiндерi де қиялға
жетелейдi. Дәл алдыңыздан алып аждаһадай төнiп тұрған құзды көрiңiз. Аз
ғана уақытқа кiдiрсең бас салардай кейпi қорқынышты. Тек сандаған топырақ
қабаттарынан тұратын ескерткiш сұлба екенiн сезiнгенде барып, iлгерi
адымдайсыз. Сол кезде арыстандар сайы алдыңыздан шығады. Құздар ертегiдей,
биiктен алысқа көз тастаған үлкен арыстанның алдымен бас мүсiнiн айырасыз,
сосын жалбыраған жалы айқындалады, жуан мойны болып қоңырқай тартқан
сазқабат көрiнiс бередi. Алға жүрген сайын ғажайып әлем өз құпиясын аша
түсердей. Киiз үй аңғарына өткенде ауылға келгендей тыныс аласыз.
Күмбезденген биiк төбе ме десеңiз, сәл өтiп барып айнала бере бағамдайсыз,
ағараңдап көзге ыстық көрiнер киiз үй. Топырақ қабаттарынан бiреу қанша
уақытын шығындап, әдейi қашағандай. Түңлiгi сәл ғана ашылғандай шаңырақ,
уық пен керегенiң ұштасқан тұсындағы қара белдеулi ақ шаңқан киiз үй өзiне
көпке дейiн жанарыңызды ерiксiз аудартады. Ал мына дiңгек ұстын тас
салынған қапшықты елестетедi. Жарқабақтың басынан жүз метрдей тереңдiктегi
жалғыз аяқ жолмен қиялға елiтiп, өзiңiзден-өзiңiз күбiрлей алға адымдайсыз.
Өйткенi, құжыр-құжыр қабырғалы Шарын жеткiзер жұмбаққа толы сыр жетелей
түседi.
Шарын каньоны пайда болуы жөнiнде түрлi болжам айтылады. Кейбiр
зерттеушiлер бұл өңiр көне Азияның орталығында Алакөл жағасынан бүгiнгi
Қытай аумағын алып жатқан теңiздiң таяз сулы шығанағы деген жорамалын
ұсынады. Тастай қатқан жасыл түстес саз қабаттан табылған теңiз
жәндiктерiнiң бiзге жеткен қаңқаларынан бiлетiнiмiз бiр кездерi теңiздiң
түбiнде тiршiлiк үшiн өздi-өзi арпалысып қиямет кешкенiн, салқын судың
табанында бiрiмен-бiрi арбасып, ал, дем таусылғанда ұйыса тас болып
қалатынын сезбеген де шығар. Уақыт шiркiн ештеңенi кешiрмейдi, жағаға
теңiздiң iзiмен шығанақ та ғайып болды. Бәлкiм, тартылған шығанақ орнында
көл пайда болып, күндердiң күнiнде Торайғыр бөгетi бұзылып тосқауылдың
бәрiн ағызып ала жөнелдi. Әйтпесе мынау сұп-сұр жарқабақ ол жөнiнде сыр
айтпайды, тек сазды қабатта қатып қалған теңiз жәндiктерiнiң қаңқаларынан
ұққандайсыз. Бұл жөнiнде профессор П. Мариковский былай деп ой түйiндейдi:
Бағзы заманда, үштiк кезеңде, 25 миллион жылға жуық бұрын, жер бетiнде
адамзат жаратылмай тұрып, ауқымды да ыстық шөл орнында үлкен көл толқып
жатты. Ол қоршап жатқан тауды жемiре табанына күштi саз қабатын ұсақ
қиыршық тастармен араластыра жинады. Сосын ауа райы өзгердi, көл құрғады,
ал, табанын су шайып отырды. Тiршiлiксiз жалаңаш әрi өте таңсықтау, сазды
таулы өңiр пайда болды.
Ал, Шарын жөнiндегi бiр аңыздың оқиға желiсi былай өрбидi: Жаратқан ие
арбасымен ұшып келе жатады. Жалаңаш жазығының төбесiнен өтiп бара жатқан
тұста байқаусызда отты жебелерiнiң бiрiн қолдан түсiрiп алады. Жан-жағына
жалын шаша төмен құлдилаған жебе зуылдаған күйi жерге көлденеңiнен түсiптi.
Отты жебе бүлк еткен жер бүйiрiн екiге қақ жара дiңiне дейiн жетiптi. Жер
қақ жарылғанда тамырлары үзiлiптi. Үзiлген тамырлардан шапшыған қаннан
қуарған топырақтардың түсi өзгерiп сала берген деседi...
Шындығында Шарынның көрiнiсiн биiктен қарап байқаңызшы: жердiң қатты
қабатына дейiн белгiсiз тылсым күштiң әсерiмен әлдене қақ жара соғып өтiп,
солтүстiкке қарай созылған алып жарықшақ iз тастап көкжиекке сiңiп
кеткендей сурет көз алдыңызда тұрады.
Бұл өңiрде алып таулардың керiм келбетi көз қарықтырады. Ақ бас
шыңдардың сұлу суретi сырбаз кейiпте асқақтайды. Биiкке ұмтылған жасыл
шыршалар әдемiлiкке өзгеше әспет бергендей. Көкорай шалғынды жоталардың
мұнарға бөккен кейпiн айтыңыз.
Бұл өңiрде сұлулық атаулыны кәнiгi шебердiң iсмер қолымен кестелегендей
иректеле жылт-жылт еткен өзендер өрнегi тамсантады. Құдай-ау, сол өрнектiң
бiр сабағы мың сан бұралып, қарсы алдыңызда жатыр.
Шарын биiктен бастау алады. Басында Шалкөдесу болып басталып тау өзенi
қойнаудағы жазыққа келгенде адуын екпiнi қайтып, Кеген болып жалғасады.
Қарқара өзенiнiң солтүстiк сағасы қосылып, Шарын 255 шақырымға ұласады.
Өзеннiң енi 30-40 метр, тереңдiгi 2-3 метрге дейiн, ал, алқабының көлемi
8000 шаршы шақырым. Күнгей Алатаудың беткейiнен басталатын Кеңсу, Орта
Мерке, Шет Мерке өзендерiнiң арналары Шарынға қосылып, Жалаңаш ойпаты мен
Торайғыр тауының шығыс бөлiгiн кесiп өтедi де алып каньондарға негiз
болады. Сонан Темiрлiк өзенiнiң үлкен жалғыз сағасы келiп, Шарын арнасы
солтүстiк шығысқа ойысып Iлеге құяды.
Шарын өзенi кайназой кезеңiнiң шөгiндiлер негiзiн айқын көрсете алуымен
ерекшеленедi. Өзеннiң оң жағасындағы жарқабақтан рет-ретiмен кезектеле
қатпарланған сары батпақты әрi жұқа цементтi тастақты шөгiндiлерiнiң қырық
құрау бедерiн көресiз. Каньон геологиялық өлшеммен алғанда жас деп
саналады. 2 миллион жыл бұрын Тянь-Шань тауының етегiндегi жер қыртысы
блоктарының көтерiлуi өзеннiң өз арнасын iздеуiне әкелiп соқты. Сайдағы
өрнектi кескiндердiң бүгiнгi күнге жақын келетiн түрi жарты миллион жылға
жуық бұрын пайда болғаны дәлелденiп отыр. Одан бергi арада ағын су салған
кейiптi күн мен желдiң әсерi өзгерттi. Осы көзге көрiнбес сұлулықты
мүсiншiлер өздерiнiң ғажайып та ұлы туындыларында бiр сәт тыным алмай
құбылта беретiнi де анық екенi рас.

Жарқабақтары бұйраланып жатқан құзды аңғардың түбiнде Шарын өзенiнiң
сарыны құлаққа талып жетедi. Каньон тереңдiгi Құлықтау мен Торайғыр
тауларының түйiскен осы тұсында 300 метрге жетедi. Бұл тереңдiк Жалаңаш
алабында 100-150 метрге дейiн азаяды. Сұлулыққа тұнған осы өңiрдi 1886 жылы
келiп тамашалаған Шарынның таңғажайып көрiнiсiне таңдай қаға тамсанған
белгiлi ботаник, географ, Жертану негiздерi деп аталатын орыс
университеттiк оқулығының авторы А. Краснов пiкiрi де өз түйiнiмен
ерекшеленедi: Шарын каньонына барғанда алдыңыздан көгiлдiр таулар қоршаған
кең де жазық, үстелдей тегiс жусанды дала шығады. Ал, табаныңыздың астында
жер ойылып түскендей жарқабақ, әрi қарай қатпар-қатпар төбелер. Оның ар
жағында шыңдардың, аңғарлар мен шатқалдардың таулы мекенi құшақ жая
шақырады, биiктен күрт құлаған терең аңғардың табанында жiңiшке қалпы
жолақтанған Шарын ағады, қатал да терең бұлыңғыр әлем... - деп жазады Тянь-
Шань мен оның бөктерiне жүргiзген зерттеу жұмысының алдын ала
қорытындысында ғалым. Араға төрт жыл салып, 1890 жылы Америкаға сапар
шеккен Андрей Николаевич Жартасты таудағы Йеллоустоун өзенiнiң тереңдiгi
360 метрге дейiнгi каньондарымен Шарынды салыстырады: Бұл кезде
Йеллоустоун сияқты каньондар бүкiл әлемге әйгiлi болатын, оның суреттерi
мен сипаттамаларын Американың әрбiр қаласынан кездестiрер едiңiз, ал
Шарынға тек қырғыздар (қазақтар - автор) ғана баратын, оны ешкiм сипаттап
жазбаған, - деп күрсiне отырып баяндады. Бұл күрсiнiстiң ар жағында бiр-
бiрiне ұқсас екi каньонның тағдыры жатты. Шалғайдағы Америкаға каньондардың
көрiнiсiн тамашалауға әлемнiң әр шалғайынан жұртшылық ынтық танытып,
ғажайыптың куәсi болу үшiн жол ауыртпалығына қарамай жолға шығар едi.
Алатаудың етегiндегi әспеттi кескiнмен таңдантар Шарынның шырайлы өрнегi
елеусiз қалуы ғалымды қалың ойға жетеледi. Елдiң аңсарын аударған керемет
каньондар қазақ даласында да бары ешкiмнiң ойына кiрiп шықпады. Ғалым А.
Красновты күрсiнткен де осы жайт болса керек-тi. Ал, Йеллоустоун жөнiндегi
алғашқы деректi 1804-1806 жылдары Миссисипиден Тынық мұхитының жағалауына
дейiн қиын сапарды бастан өткерген Льюис пен Кларк экспедициясының мүшелерi
әкелген едi. Аңшы Джон Кольдердiң 1807 жылы Йеллоустоунға барғанда көрген
әңгiмелерi әрiптестерiнiң аузының суын құртты. Ондағы гейзерлердiң тамаша
екендiгi, көбiк шаша аспанға атқылап жатқан суларды көз алдарына әкелгенде
адам сенбестей оқиғаны ойдан шығарған қиял-ғажайып нәрсе деп те қабылдаған.
Аңшылардың әңгiмелерi ертегiдей аңғардың бейнесiн сан қырынан суреттеп
жеткiздi. Олардың шындығы қайсы, терiсi қайсы екенiн анықтау мақсатында
1871 жылы құрамында фотосуретшiсi бар ғылыми экспедицияны алыс өлкеге
аттандырды. Шынында да тылсым табиғаттың таңғажайыптары экспедициялық отряд
мүшелерiн тамсанта түстi. Таңдай қақтырған көрiнiстердi суретке түсiрiп
алды. Мына ғажап келбетiмен ынтықтырған өңiр жеке меншiк емес, ұлттық
мақтаныш тұтатын жер болуы керек деп шешкен экспедиция мүшелерiнiң өтiнiшi
өкiметке жолданды. Йеллоустоунда түсiрiлген суреттер мен экспедиция есебiне
ерекше көңiл аударған АҚШ үкiметi 1872 жылы әлемдегi тұңғыш Ұлттық парк
құру туралы заң шығарды.
Шарын каньондары да ерекше. Жарқабақтан қиялай төмен түсетiн жалғыз аяқ
жол ертегiлер елiне алып бара жатқандай. Ғылыми тiлмен айтқанда, Алатау
етегiндегi өзен суы ойған алып ойылым Шарын өзенiнiң миллион жылдар
әлетiнде жасаған өрнегi. Сай табанына жақындаған сайын беткейдегi құздар
айрықша тас қамалдарға ұқсаңқырап, өзге бiр әлемге енгендей әсерге
қалдырады. Ақ жолақ белдеулер санғасырлық тарихтан сыр ақтарғандай екен.
Бiрде мүсiн кейпiнде, бiрде алып киiз үйлi ауылды көз алдыңа әкелетiн құзар
жартастың қылығына қызығасыз. Қызғылт қамалдар аңғары таңғажайып сымбатымен
өзiне елiктiре бередi. Жер жарықтықтың мың сан қатпары түрлi бояуымен көз
алдыңда тұр. Оны анықтай қарасақ, геологиялық, ботаникалық ашық аспан
астындағы мұражай дерсiң. Жер бетiнде тау-тау болып жаратылғалы ұлы далаға
ынтыға асыққан өзеннiң сай-саланы қуалай жүрiп өткен жолындағы ескерткiштер
өлкесi. Мынау тым төменнен қараған сiзге әлденелердi айтқысы келетiндей.
Топырақ әлемiнiң тылсым дүниесiн жалаңаштап көрсетiп, сүйiншi сұрардай
биiктен еңселене қараған құздардың суретi үнсiз терең ойға шомдырады.
Қызғылт жартастар аңғары тастар сауал көп. Америкадағы өн бойы
каньондарға толы Колорадо өзенi де испан тiлiнде қызыл деген мағынаны
бiлдiредi. Бәлкiм, Қызғылт жарқабақтардан туындаған шығар. Сол Колорадоның
Үлкен каньоны алғаш рет еуропалықтардан 1540 жылы испан конкистадоры
Кортестiң отрядынан офицер Коронадо көредi. Жарқабақтан каньондардың тым
терендiгi, табанына көз салған испандықтар мұнарға бөккен аңғардан
жүректерi шайлықты ма төменге түспей Мексикаға керi қайтқан. Араға екi
ғасыр салып мұхиттың ар жағынан келген францискандық монах Гарсос ат басын
тiреген. Тек одан жүз жыл кейiн ғана, 1869 жылы майор Пауэлл жетекшiлiк
еткен экспедиция Үлкен каньоннан қайықпен өтiп, оның алғаш ғылыми
сипаттамасын жасады. Картасыз, бұрылыс, арнасы белгiсiз колорадоны Пауэлл
мен оның жаужүрек серiктерi Калифорния шығанағына дейiн жүзiп өттi.
Алғашқы түйсiнерiңiз - көрген түстей. Қорқынышты көлемдегi ойылым!
Ойылымның арғы бетi қалың ауа қалтарысынан көрiнер, содан да жеңiл
мұнартқандай, бiр қалыпты көгiлдiр толқын. Жағадағы адамды аңғару да қиын.
Көп қабатты үйдiң өзi сiрiңке қорабындай ғана болып бiлiнер едi. Ал
тереңдiгi... Каньонның табаны көрiнбейдi. Останкино мұнарасы бұл ойықта
елеусiздеу ағараңдаған инедей байқалар. Бұндай жыраны бүкiл әлем бiрiге
кiрiскенiмен адам қолы қаза алмас. Бұл ғажайыпты тек табиғат қана жасайды.
Бұған ондаған миллион жыл керек. Қоршаған ортаның тылсым сырына бой ұрған
белгiлi журналист, жиһанкез Василий Песков Колорадо өзенiндегi Үлкен
каньонмен алғашқы таныстығын оқырманға осылай баяндайды. Негiзiнде
шатқалдың ұзындығы бес жүз шақырымнан астам. Каньонның енi алтыдан жиырма
шақырымға дейiнгi жердi алады. Кейбiр тұсы сегiз жүз метрге қысқарады.
Колорадо аңғарының табан енi жүз метр ғана.
Сол Колорадоның айнымас бөлшегiндей Жер шарының өзге жартысында Шарын
жатыр. Шын мәнiнде Шарын аңғары да табиғаттың таңғажайып сұлулығы ретiнде
өзiне қызығушыларды ынтықтырады. Өзiнiң тылсым өрнегiмен тамсантар Шарынның
қызғылт қамалдары жұмбақ дүниенiң есiгiн ашардай мен мұндалап аңсарыңды
аудара бередi.
Қолмен қашағандай шоқыланған қамалдар, түрлi кейiп танытқан мүсiн
тастар ендi бiр сәтке бұрынғыдан да қызғылт тарта түспек. Бәлкiм, күн
ұясына еңкейген де болар. Өйткенi алқалы кең аңғардың беткейiндегi көлеңке
қалыңдай ұзара түсiптi. Аңғар табанынан жоғары өрлер сүрлеудi iздедiк. Өзен
жағалай барып биiкке көтерiлер жалғыз аяқ жолды да көлеңке көмiптi.

Алтын Емел Ұлттық паркі.

Қазақстанда көздің жауын алар табиғаты тамаша жерлер өте көп. Сондай
керемет жерлердің бірі – Алматы облысында орналасқан Қазақстанның ірі
Алтын Емел ұлттық паркі.
Алтын Емел атауын монғол тілінен аударғанда алтын ер дегенді
білдіреді. Бізге келіп жеткен аңыз бойынша, 1219 жылы жаз кезінде Шыңғыс
ханның қалың қолы Орта Азияны жаулап алу үшін осы жазық дала арқылы өтеді.
Күн батып бара жатқанда сарғайған шөп басқан тауларды көрген ұлы қолбасшы
Алтын ер деп таңқала айтқан екен. Егер дұрыстап қараса бұл таулар алыстан
шынымен атқа салатын ерді елестетеді.
Алтын Емел ұлттық паркін Жоңғар Алатауының оңтүстігіндегі мақтанышы
деп атайды. Жыл сайын әр тараптан мыңдаған туристер жабайы табиғаттың қол
тимеген бұрышы, осы бір кереет даланы көру үшін осында келеді. Әрбір
таудың, соқпақ пен шатқалдың өзінің қайталанбас тарихы бар. Флорасы мен
фаунасы өсімдіктер мен жануарлардың жүздеген түрінен тұрады. Олардың
арасында көпшілігі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына, халықаралық
Қызыл кітапқа енгізілген.
Алтын Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 1966 жылғы қаулысымен құрылған. Қазіргі таңда ол ресубликадағы
ірі қорықтардың бірі, жалпы ауданы 520 мың гектардан астам. Іле шұңқырында
орналасқан, солтүстігінде Жоңғар Алатауының оңтүстік бөктері шектеп жатса,
оңтүстігінде – Іле өзені мен Қапшағай су қоймасы алып жатыр. Жабайы
табиғатты сақтап қалудың ең жетілдірілген жолы – Ұлттық парктерді құру
болып саналады.
Қорықтар секілді ұлттық парктер де, табиғатты ұорғау және ғылыми ағарту
мекемелері болып есептеледі, бірақ бұл жерлерде қосымша рекреациялық-
туристік және шектеулі шаруашыықтарда ұйымдастырылады. Олардың негізгі
мақсаттары мен міндеттері ерекше экологиялық, рекреациялық және ғылыми
құндылығы бар табиғи және тарихи мәдени кешендер мен нысандарды сақтау мен
қалпына келтіру болып табылады.

Алтын Емел Ұлттық табиғи паркі
Алтын Емел Ұлттық паркінің өсімдіктер әлемінде өсімдіктің шамамен 1800
түрі кездеседі – тау қылқан жапырақтыларынан жазық дала өсімдіктеріне
дейін. Парк ерте көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдеп тұрады. Биік таулы
жердегі көгалдар жауқазындардың, шегіргүлдер мен сарғалдақтардың түрлі
түсті гүлдерімен құлпырып кетеді. Кейінірек раушанның сары және ақ
гүлдерімен көмкерілген кілем, боз селеулердің, алқызыл көкнәрлармен және
қызғалдақтармен, гүлді шөптермен, бұталармен толығып, қызылды- жасылды
түске еніп, көздің жауын алады. Күзге қарай тау бөктерінде шетен шоқтары
қызара бастайды. Ал жазық далада қыркүйек, қазан айларында жусан мен бір
жылдық сораңшөптер гүдейді. Бұл өңірде Қазақстанның Қыыл кітабына
енгізілген эндемиялық және сирек кездесетін өсімдіктер де өседі, мысалы,
атақты темір ағаш немесе кавказ каркасы, іле бөріқарақаты, олардың 30 дан
астам түрі бар. Кейбір эндемикалар, мысалы, жоңғар аспарасы тек осында
ғана, Шолақ тауларында кездеседі, олар әлемнің басқа ешбір жерінде өспейді.
Ұлттық парктің жануарлар әлемі өте бай, әрі әр түрлі. Мұнда омырқалы
жануарлардың өзінің екі жүз алпысан астам түрі кездеседі. Іле өзені мен
Қапшағай су қоймасында балықтың отыз екі түрі бар, оардың он сегізі басқа
су қоймаларынан арнайы әкелініп өсірілген. Ал іле маринкасы мен балқаш
алабұғасы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қосмекенділер бұл өңірде
аз кездеседі, бұл өңірде олардың данатин құрбақасы мен сібір бақасы секілді
қызыл кітапқа енгізілген түрлері мекендейді. Су айдындарында – үйректер өте
көп, тоғайлар мен ормандарда жыртқыш аң – құстардың түрлері көптеп
кездеседі. Олардың ішінде сирек және жойылып бара жатқан құстардың түрлері
көп- қара құтан, тырна, тазқара, дала бүркіті, бүркіт, үкі және т.б Сүт
қоректілердің жетпіс сегіз түрінің он бірі республиканың Қызыл кітабына
енгізілген. Олар тас сусары, өзен кәмшаты, сабаншы, құлан, жайран, арқар,
бұхар бұғысы, орта азиялық сілеусін, қоңыр тянь- шань аюы. Сирек
кездесетін, жойылып кету қаупі төнген жануарлардың түрлері бұл жерде
қауіпсіздікте. Өткен ғасырдың 80 ші жылдары Арал теңізіндегі Барса Келмес
аралынан қорыққа 27 түрікмен құланы әкелінді, қазір солардың саны екі
мыңнан асады. Қазақстан аумағындағы ең көп әдемі жайран, қарақұйрықтарды
тек осы жерден көруге болады. Жақында ғана ұлттық парктің жануарлар әлемі
тағы да жаңа екі түрмен толықты- Пржевальский жылқысы және бұхар бұғысы.
Оларға жер бетінен жойылып кету қаупі төніп тұр.

Алматы қаласы --- Басши ауылы --- Ошақтас қойтастары --- Шоқан
Уалиханов бұлағы --- Торанғы тоғайы --- Әнші құмдар табиғат ескерткіші.

Ошақтас бірегей қойтастары, биіктігі 2 м жетеді. Мыңбұлақ бекетіне
жақын жерде орналасқан. Халық арасындағы пайымдаулардың бірі бойынша бұл
жау шапқан кезде белгі беру үшін от жағылатын белгі беру мұнаралары болған.
Оттың түтіні мыңдаған шақырым жерде орналасқан, Жетісуда көптеп саналатын
мұнара белгілерге көрінетін болған. Екінші бір аңыз бойынша Ошақтас
қойтастары бұл жерге Шыңғысханның бұйрығы бойынша орнатылған. 1219 жылы бұл
жерге ұлы қолбасшының қолы аялдаған дейді және тамақ дайындау үшін
қойтастарға дәу тайқазан оратылған.
Құмтөбенің тура етегінде жнр астынан тап таза суы мөлдір бұлақ ағып
жатыр. Халық арасында ол көптеген аурулардан емдейтін, емдік күші бар киелі
бұлақ ретінде танымал. Тап осы жерде, Ресейден Қашқарияға сапарыда атақты
ғалым және саяхатшы Шоқан Уалиханов аялдап, демалған. Сол кезде осы ір
тамаша алқап Шоқанның жазбаларына енген, кейіннен Шоқан Уалихаовтың атымен
аталып кеткен. Бұлақтан бірнеше шақырым жетерде реликті Тораңғы тоғайы
созылып жатыр.
Әнші құм - мемлекеттік ландшафтық табиғат ескерткіші – туристердің
қызыға баратын ең сүйғкті жері. Ол Кіші және Үлкен – Қалқан тауларының
ортасында орналасқан. Мұндай табиғаттың тамашасы дүние жүзінде он шақты
ғана- Қытайда, Ресейде, Арабияда және Америкада бар. Көптеген жылдардан
бері осы бір жартасты - далалы жерде құмдардың пайда болуы географтарға да
жұмбақ болып келеді. Құрғақ ауа райында биіктігі 150 метр болатын құм
төбеден шығатын дыбыс ғалымдар үшін әліде белгісіз құбылыс. Бұл дыбыстар
бірде органның әуеніне ұқсаса, бірде реактивті ұшақтың гуіліне ұқсап
құлағыңызға естіледі. Физиктер мұны құрғақ құмдардың үйкелісі мен
кристаллды электрленудің әсерінен деп түсіндіреді. Алайда жергілікті
халықтың з пайымдаулары бар. Бізге келіп еткен аңыздардың бірі бойына, құм
астында қатігез аруақтың рухы жатыр десе, екінші бірінде – бұл жерде
сиқырланған сұлу жатыр деседі. Халық арасында мынадай ескі наным да бар:
сусылдаған құм төбенің басына көтеріле алған адамның арманы орындалады, ал
егер жолаушы бұл жерде адасып кетсе, - ол күнәһар.

Әнші құм

Ботаникалық бақ.
Қала тұрғындары мен қонақтарымыз үшін қаладағы басқада назар
аударарлық орындармен бірге 70 жыл бойы өмір сүріп келе жатқан ботаникалық
бақтың өсімдіктер дүниесінің сыры мен орны бөлек. Күнделікті таңертеңнен
кешке дейін үзіліссіз келіп жатқан үлкенді-кішілі көрушілер өсімдіктер
әлемін қызықтаумен бірге экология мәнін тереңінен түсініп, жасыл
тіршіліктің молшылығына енеді.
Кіріп келгенде жылдың төрт мезгілінде де әсіресе қыс айларында
көкке малынып, биік-биік жасыл өсімдіктерді көріп таңқаласыз. Бұл мәңгі
жасыл өсімдіктер планетамыздың жылы түкпірлерінде өсетін тропикалық және
субтропикалық өсімдіктер. Тропика өсімдігі 23 ° 30 дейін шектеліп,
экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай Азия, Африка, Америка және
Австралия елдерінің біраз жерлерін қамтып жатыр.Су ылғалының мөлшеріне
тропикалық өсімдіктер әр-түрлі ландшафтарға бөлініп, яғни ылғалды
ормандардан тропиканың шөлейттеріне созылып жатады. Қазіргі білімнің
дәлелдемесі бойынша тропикалық және субтропикалық өсімдік флорасы барлық
әлемдегі өсімдіктер флорасының 4 тен 3 бөлігін құрайды. Халық тіршілігі
үшін, оқып зертейтін аса құнды генетикалық материаалдар осылардың ішінен
табылады. Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер біздің елімізде,үйде,
теплицада, оранжереяда өсіріледі.
Егеменді Қазақстанда оранжерея Ботаника және фитоинтродукция
институты (бұрынғы Бас ботаникалық бақ) мен Қарағандыдағы ботаникалық бақта
салынған. Алматыдағы экспозициялық оранжерея 1969жылы салынған. Металл мен
бетоннан, шыныдан жасалынған биікте кең оранжерея бес бөлімнен тұрады.
Өсімдіктерді өсу географиясына байланысты экологиялық топтарға
шоғырландырған жеке-жеке бөлімдерге орналастырған.Кактустар мен
суккуленттер бөлімінде Оңтүстік Африка және Орталық Американың ыстық шөлейт
жерінде өсірілетін өсімдіктердің жиынтығы. Субтропикалық бөлімде
субтропикалық Шығыс Азия, Жерорта теңізі және Қаратеңіз жағалауларында
өсетін өсімдіктер орналасқан. Бұл бөлімді цитрустар бөлімі деп те атауға
болады. Пальмалар бөлімінде Оңтүстік және Оңтүстік шығыс Азияның жерлерінде
өсетін банан, бамбук, пальмалар сияқты ағаштардың жиынтығы.Тропикалық
бөлімде Оңтүстік Американың батпақты аудандары және Австалия елдерінің
өсімдіктері отырғызылған.
Оранжереяда өсетін өсімдіктердің коллекциясы тәуелсіз туысқан
мемлекеттерден және шет елдерден делектус арқылы заказ беріліп,жіберілген
дәндерді өсіру арқылы көбейтіледі. Қазіргі өсіп турған биік-биік
өсімдіктерді осыдан 32 жыл бұрын Ленинград, Москва, Батуми,Киев Кишинев
қалаларындағы ботаникалық бақтан әкеліп отырғызған.Кейбір өсімдіктерді шет
елдерге барған ірі экспедицияның көмегімен әкелінген.Оранжерея комплексі
тек қана жасыл музей емес, бұл жерде осы тропикалық өсімдіктерді оқып
зертейтін ғылыми лаборатория бар. Осы лабораторияда бірнеше ғылыми
қызметкерлер, экскурсаводтар жұмыс істейді. Өсімдіктер интродукциясын оқып
зерттеу, олардың көбейтілу жолдарын, даму кезеңдерін байқау, шаруашылыққа
керекті түрлерін көбейту-лабораторияның алға қойған ғылыми
мақсаттары.Қазақстан баспасынан үй өсімдіктері жөнінде бірнеше кітап,
мақалалар жазып шығару. Жүзге жуық тропикалық өсімдіктерді Қазақстан
топырағында өсірудің жаңа әдістері зерттеліп, басқа гүл өсіруші
шаруашылықтарға таратылды. Экскурсоводтар мен отдел коллективтері
көрушілерге шын ықыласымен тропикалық өсімдіктер жайлы толық әңгімелеумен
қатар ақыл кеңестерін береді. Әсіресе мектеп оқушылары мен студенттер үшін
өсімдіктер биологиясын оқып білуде оранжереяның үлкен мәні бар.

Пальмалар бөлімі
Пальмалар бөлімі басқа бөлімдерге қарағанда өзінің көлемі жағынан ең
үлкен бөлім. Оранжереяның жартысын алып жатыр. Оның биіктігі 22,5м, ал
ауданы... Бұл бөлімде биік-биік пальмалардың түрлері,
фикустар,банан,бамбуктар өсіріледі.Тропика елінде ең көзге түсетін,көрікті
өсімдіктердің бірі –пальма.Пальмалар оранжерея мен қысқы бақтарды,үйлерді
когалдандыруда,ең сәнді,мәңгі жасыл өсімдік. Сондықтан барлық ботаникалық
бақтарда пальма өсімдігінің коллекция жинағын құру ең негізгі мақсат болып
есептелінеді.
Пальмалар Орталық және Оңтүстік Американың сулы тропикалық
ормандарында кеңінен кездеседі және көп таралған жері үлкен және кіші
Антисев аралдарында. Қазіргі кезде бай коллекция түрлері Фэрчайлде
(США),ССоледаде(Куба), Рио-де-Жанейро де (Бразилия) Богореда (Индонезия),
Калькутте (Индия).Ботаникалық бақтардың ішінде ең үлкен пальманың
коллекциясы Лондонда, Кью қаласында және Франкфурте-на-Майне қаласындағы
пальмалар бағында.
Субтропикалық аудандардағы тәуелсіз мемлекеттердің ішіндегі Сухуми,
Батуми және Ялта ботаникалық бақтарында пальмалар далада өсіріледі.Үлкен
пальмариумдар Россияның Ленинград, Москва қалаларының роанжереясында және
Киев МИнск, Рига, Тарту Новосибирск, Калининград, Казан,Томск,Ростов
қалаларында бар.Қазақстандағы пальмариум тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы
пальмариумдардың бірі. Пальманың 40-қа жуық түрлері өсіріледі. Олардың
ішінде жарты ғасыр өмір сүріп келе жатқан сирек кездесетін әдемі жапырақты
түрлері бар. Бойлары18-20метр діңгегі 1м жететін түрлері кездеседі. Мұндай
пальманың жапырақтары 60-70 ке жетеді.
Пальманың кейбір түрлерімен жақынырақ танысайық..Пальмалар
бөлімінің дәл ортасында өсіп тұрған-Еңселі Вашингтония (washingtonia
robusta ).діңгегінің биіктігі15м,диаметрі 40см.Оның көптеген ірі сәнді
жапырақтары бөлімнің ішін сәнге, бөліп, тропикалық орманды еске түсіреді.
Еңселі Вашингтония мен жіп тәрізді Вашингтония пальмалары Солтүстік
Америкада(Калифорния мен Аризонда) жап-жасыл орман құрайды. Жолға жақын
жерге Оңтүстік Ливистония пальмасы орналастырылған.Өзінің отанында,
Австралияда бұл пальманың биіктігі20-25метрге жетеді.Қара теңіз
жағалауларында, Сухуми және Батумиде көрікті өсімдік ретінде өсіріп
көбейтеді.Бұл бөлімде тағы бір әдемі пальманың, түрі Ховея Форстера
пальмасы өсіріледі.Қауырсын тәрізді бұл пальма Австралияның шығыс жағындағы
Лорд-Хау аралында таралған.Бұл пальманың ерекшелігі ауасы өте құрғақ
бөлмелерді,ыстық офистерді көгалдандыруда пайдасы зор. Бағалы пальмалардың
бірі-Арекаструм Романцова. Жабайы түрлері Оңтүстік Америкада кездеседі.
Басқа пальмаларға қарағанда кадкалармен басқада ыдыстарда жақсы
өседі.Пальмалар бөлімінде финик пальмасының бірнеше түрлері бар.Олардың
ішіндегі ірілері Канар финигі(Phoenix canariensis) Кәдімгі
финик(Ph.dactylifera),Бүгілгенфиник (Ph.riclinata), Орман
финигі(Ph.silvestris), Робелина финигі(Ph.roebelinii). Финик пальмаларының
жапырақтары қауырсын тәрізді болып,Жапырағының ұзындығы2-3метрге жетеді.
Оранжерея және теплица жағдайында жақсы суғару мен миниральды тыңайтқыштың
арқасында жақсы өсіп дамиды. Көшеттен қайта отырғызылу қыс немесе күз
айларында жүргізілу дұрыс.Азия мен Африканың тропикалық және субтропикалық
аймақтарында 17-ге табиғи-жабайы түрлері өседі.Мәдени түрде кеңінен өсетін
түрі кәдімгі финик немесе финик пальмасы. Тамақ ретінде бұл пальманың адам
пайдасы үшін маңызы зор, ал жапырақтары үйлердің төбесін жабуға қолданады.
Оранжереяда басқа да пальмалардың түрлері бар. Олар трахикарпус, сабаль,
хамеропс, хамеродея, птихосперма, гиофорба, кариота және басқалар.Дүние
жүзінде пальманың 250 туысы және 340 түрлері бар. Олардың ішінде ірі
ағаштар, бұталы өсімдіктер, шырмалып өсетін түрлері
кездеседі.Жапырақтарының түрлеріне қарап желпеуіш, қауырсын тәрізді, саусақ
тәрізді, ирек тісті желпеуіш болып бөлінеді.Қайсы бір пальманың түрі болсын
адамдарға өзінің бағалы дәмдерін силайды, яғни өз халқын тамақтандырады,
киіндіреді, сусындандырады. Тропикалық елдерде май, қант,саго және вино
сияқты пальмалар жергілікті халықтардың негізгі азық-түлік көзі болып
табылады, халықтың өмірі пальма өсімдігіне бағынышты келеді,
Май жасайтын пальманың10 шақты түрі белгілі, етженді жемісінен
алынған пальма майы олив майының орнын ауыстырады.Көптеген пальмалар өзінің
тәтті жемістерін дәндерін береді.Оларға жататындар какос жаңғағы және
персик пальмасының финиктері.Саго пальмасының сабақтарынан саго крахмалын
алады.өте ерте кезден кейбір пальманың ең жоғарғы бүрінен салат
жасаған,(мұндай салаттың атын милионерлер жейтін салат деп атаған).Какос
және финик пальмалары шырын,вино және қант береді.Чили вино пальмасы жылына
340 мың литр шырынын береді. Пальма діңгегін ойып кесу арқылы шырынын
ағызады.Қою пальма шырынын пальма балы деп атайды.Шырын бөлетін пальмаларды
көбірек кесіп,мазалағаннан олар тез өледі.Нибунг(oncosperma) пальмасының
сабақтары үй құрылысына қолданады,олартермитке қарсы төзімді болады.Қант
пальмасының діңгегі су жүйелері трубаларын алмастырады.Ерте кезден-ақ
индейцтер оңтүстік американдық пальма маурици мен астрокариум пальмасының
талшықтарынан тор және гамок жасаған.Пальмир пальмасының жапырақ
талшықтарынан кілем, арқан, жіп жасайды.Пальма ағаштары шаруашылық маңызы
жағынан астық туқымдастарынан кейінгі орын алатын пайдалы өсімдік.
Пальмадан өндірілетін көптеген өнімдер яғни май, өсімдік балауызы
талшықтары тропикалық елдерде шетелге жіберілетін маңызды товар лардың бірі
болып саналады.
Пальмариум бөлімінде пальма ағаштарынан басқа мәңгі жасыл ірі
өсімдіктер өсіріледі. Бұл өсімдіктер туралы экскурция жүргізе отырып
әңгімелейміз.Тропикалық бөлімнен шыға бере жолдың оң жағынан біз қатып
қалған үлкен жыланға ұқсайтын,басқа ағаштарға шырмалып өсетін өсімдікті
көреміз.Бұл өсімдік-бұршақ туқымдасына жататын глицин немесе қытай
вистериясы.Бұл тамаша өсімдіктің отаны-Шығыс Азия (Орталық және Шығыс
Қытай).Шырмауықтың ұзындығы 20метрге дейін жетеді,кейбір жағдайда оданда
ұзын болады,гүлдері көкшіл-күлгін,жинақталған аспа гүл шашақтарының
ұзындығы25-30см жетеді.Кавказ,Крым және Батыс Украина елдерінің
субтропикалық аудандарында кеңінен өсіріледі,15-17° аяздарға
шыдайды.Тұқымымен және сұлатпа сабақтарын тамырландыру арқылы
көбейтеді.Бақта өсірілетін түрлерін бұталы глициннің көшеттеріне телу
арқылы көбейтеді.Бұл өсімдікті үйлердің алаңдарын көгалдандыру үшін
қолданады.Жапония және Қытай мемлекеттерінде глициннің жас жапырақтары мен
гүлдерін көкеніс ретінде қолданса, дәнін бұршақ сияқты қуырып жейді.Ағаш
талшықтарынан мата жасайды, ал жас шыбықтарынан кәрзеңке тоқиды.
Глициннің жанында дана банан (Musa sapientum банан тұқымдасы)
өсіріледі, ірі ақшыл-жасыл жапырақтары алыстан көз тартады.Отаны тропикалық
Индия.Азия,Африка, және Америка елдерінің тропика және сулы тропикасында
жабайы түрде кездесетін бұл өсімдіктің небары 80 түрі ғана белгілі.
Банандар-ірі шөптесін өсімдіктер, жапырақ сабақтарынан дамитын
алдамшы діңгектің биіктігі 8-10 метрге жетеді. Аласа бойлы түрлерінің
биіктігі1,5-3м. Мәдени сорттардың жемістері тамырлары жерге отырғызғаннан
кейін 1 жылдан соң береді. Жеміс берген сабақтары өледі.Топырақтағы қалған
тамырларынан жаңа өсімдік өсіп шығып, ал келесі жылы жемісін береді.Жер
бетінен өсіп шыққан әр бұтақтың дамуы шоқталған жемістерінен аяқталады,
жемістерінің саны 300-ге дейін жетіп,салмағы20-30кг-ға дейін барады.
Бананның мәдени сорттарының жемісінің(M acuminate, M nana) дәмі қышқыл әрі
тәтті болады.Жемісінің ішінде дәні болмайды, болса олар дамымаған.Бананның
құрамында 15-22% қант, 5-8 % крахмал, 1,5% протейн болады.Ыстық елдерде
бананның жемісін тек тәтті жеміс ретінде ғана емес, азықтың негізгі
энергетикалық көзі болып табылады. Сондықтанда бананды тропикалық елдерде
бірнеше жүз мың гектар алаңға отырғызады. Индия елінде 200 мың гектарға
дейін отырғызады.
Бананды техникалық өсімдікке жатқызады, мысалы бананның жеңіл және
мықты талшықтарынан балық аулайтын торлар, тоқыма жіптер жасалынады.

Тропикалық өсімдіктер бөлімі.
Бұл бөлімде негізінен жер шарындағы – Африка, Азия, Австралия және де
Тынық мұхитының аралдарының тропикалық аймақтарында кездесетін өсімдіктер
жинақталған. Бөлімнің орталық бөлігінде тропикалық ірі ағаш өсімдіктері мен
әр- түрлі шөптесін, өсімдіктер өсірілген.
Алдымен кофе ағашынан (Cooffea Arabica, рияндар тұқ..) бастайық .
Кофе ағашы Эфиопия елінің таулы аймақтарынан шыққан. Араб кофесі-ақшыл-
жасыл түсті, жапырақтары мен сопақша келген жемістері бар мәңгі жасыл ағаш.
Оранжерея жағдайында ақ , хош иісті гүлдерімен гүлдейді де, шырынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хикмет Тревел
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Шқо физика-географиялық сипаттамасы
Түрлі топтарға экскурсия жүргізу ерекшеліктері
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Туристік ресурстар тізімін дайындау
Экскурсияны дайындаудың әдістемесі
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Қазақстандағы шағын көлдердің туристік рекреациялық мүмкіндіктерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы
Пәндер