Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жайында



Тәуелсіз Қазақстан дамуының эволюциясында ақпараттық қамтамасыз етілу қазақ мемлекеттілігі мәселелерін жете зерттеуге, қоғамымыздың өткен ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің ерекшеліктерін айқындауға негізделеді. Осы мәселелер қаншалықты сауатты, ғылыми әрі жіті зерттелсе, біздің мемлекетіміздің идеологиялық бағыты соншалықты берік қамтамасыз етіледі.
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның қоғамдық және тарих ғылымдары бойынша маңызды әрі негізгі фактор деректер мен зерттеулерге негізделген ақпараттық қамтамасыз етілуі болып табылады. Ол зерттеу деңгейін көтеруге, нақты мәліметтер мен мен идеяларды қайталауды болдырмауға, мемлекеттік, саяси және экономикалық мәселелерді шешуде жол табуға көмектеседі.
Дегенмен, тәуелсіз Қазақстан тарихшылары мен қоғамтанушылары қоғам алдында тұрған мәселелерді шешуде елеулі ақпараттық жұтаңдықпен бетпе-бет келуде, нәтижеде әсіресе Қазақстан тарихының төңкеріске дейінгі кезеңі туралы нақты мәліметтер өрескел бұрмалануда.
Осы себепті Орталық ғылыми кітапхана осы кезең тарихын жазу ісінде Орталық ғылыми кітапхананың бай, сирек кітаптар және қолжазбалар қорында сақтаулы 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы туралы алғашқы, тіпті жалғыз дана деректерді пайдаланып, ақтаңдықтарды толтыру міндетін өз мойнына алды. Маңызды жайт, материалдық және қаржы ресурстарының аздығы, ғылыми зерттеулерді оңтайландыру және нақтылау жағдайында осындай материалдарды іріктеу, бір жүйеге келтіру және әлдеқайда толық көрсеткіш құрастыру қажеттілігі туындады.
Қазақстанның төңкеріске дейінгі тарихы кезеңі туралы мазмұндалған библиографиялық көрсеткіштің маңызы мынада: республика мен көрші елдер жұртшылығы, қазақстандық маман-тарихшылар, философтар, экономистер, заңгерлер, әдебиеттанушылар, сондай-ақ оқырмандардың қалың тобы республикамыздың өткен тарихы, қазақ халқының тарихы мәселелеріне аса қызығушылық танытып отыр.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан бері осы қызығушылық айтарлықтай өсе түсті. Қазақстан таризы, әсіресе төңкеріске дейінгі кезең тарихы туралы осындай көрсеткіштер аса қажет әрі маңызды, себебі үлкен идеологиялық жауапкершілік арқалайды. Қазақстандық азаматтық және отаншылдық рухының қалыптасуына, қазақ халқының және республиканы мекен еткен халықтардың тарихын терең әрі толық зерттеуге көмектеседі.
Қазақстан туралы әдебиеттерді қағазға түсірудің негізін В. Завялов , В. Витевский және өзге бірқатар авторлар жазбаларында атақты шығыстанушы-зерттеуші А. Левшин “Описание киргиз-кайсацких или киргиз - кайсачьих орд и степей” атты еңбегімен қалады. В. Межов өзінің «Библиография Средней Азии», «Сибирская библиография» атты еңбектерінде үлкен қадам жасады. Дегенмен бұлар алғашқы талпыныстар еді. Шын мәнінде, Қазақстан және қазақ тарихы туралы толық әрі ең анық әдебиеттер тізімін А. Харузин және А. Алекторов құрастырды. XIX аяғы мен XX ғасырдың басында бірқатар шағын көрсеткіштер жарық көрді. Осы жерде А. Алекторовтың «Указатель книг, газетных и журнальных статей о казахах» (1900 ж.) кітабының құндылығы көзге түседі. Осы басылым ірі көлемде мәтіндік материалдарды (800 бет) қамтиды, көптеген жазбалар сараптамалық тұрғыдан жазылған. Дегенмен, деректер аясы түбегейлі реттелмеген, газет, журнал мақалалары, кітаптар бір жерге жиналған. Құрастырушы библиографияда негізгі ережені сақтамаған – деректер аясы көрсетілмеген. Бұл әуесқойлық деңгейде орындалған жұмыс еді. Бұдан өзге, мазмұндама империялық идеология ұстанымы тұрғысынан орындалған. Кітап библиографиялық сирек кітап болып табылады, Қазақстанда тек екі данасы бар.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі

Тәуелсіз Қазақстан дамуының эволюциясында ақпараттық қамтамасыз етілу
қазақ мемлекеттілігі мәселелерін жете зерттеуге, қоғамымыздың өткен
ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің
ерекшеліктерін айқындауға негізделеді. Осы мәселелер қаншалықты сауатты,
ғылыми әрі жіті зерттелсе, біздің мемлекетіміздің идеологиялық бағыты
соншалықты берік қамтамасыз етіледі.
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның қоғамдық және тарих ғылымдары
бойынша маңызды әрі негізгі фактор деректер мен зерттеулерге негізделген
ақпараттық қамтамасыз етілуі болып табылады. Ол зерттеу деңгейін көтеруге,
нақты мәліметтер мен мен идеяларды қайталауды болдырмауға, мемлекеттік,
саяси және экономикалық мәселелерді шешуде жол табуға көмектеседі.
Дегенмен, тәуелсіз Қазақстан тарихшылары мен қоғамтанушылары қоғам
алдында тұрған мәселелерді шешуде елеулі ақпараттық жұтаңдықпен бетпе-бет
келуде, нәтижеде әсіресе Қазақстан тарихының төңкеріске дейінгі кезеңі
туралы нақты мәліметтер өрескел бұрмалануда.
Осы себепті Орталық ғылыми кітапхана осы кезең тарихын жазу ісінде
Орталық ғылыми кітапхананың бай, сирек кітаптар және қолжазбалар қорында
сақтаулы 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы туралы алғашқы, тіпті жалғыз
дана деректерді пайдаланып, ақтаңдықтарды толтыру міндетін өз мойнына алды.
Маңызды жайт, материалдық және қаржы ресурстарының аздығы, ғылыми
зерттеулерді оңтайландыру және нақтылау жағдайында осындай материалдарды
іріктеу, бір жүйеге келтіру және әлдеқайда толық көрсеткіш құрастыру
қажеттілігі туындады.
Қазақстанның төңкеріске дейінгі тарихы кезеңі туралы мазмұндалған
библиографиялық көрсеткіштің маңызы мынада: республика мен көрші елдер
жұртшылығы, қазақстандық маман-тарихшылар, философтар, экономистер,
заңгерлер, әдебиеттанушылар, сондай-ақ оқырмандардың қалың тобы
республикамыздың өткен тарихы, қазақ халқының тарихы мәселелеріне аса
қызығушылық танытып отыр.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жарияланғаннан бері осы
қызығушылық айтарлықтай өсе түсті. Қазақстан таризы, әсіресе төңкеріске
дейінгі кезең тарихы туралы осындай көрсеткіштер аса қажет әрі маңызды,
себебі үлкен идеологиялық жауапкершілік арқалайды. Қазақстандық азаматтық
және отаншылдық рухының қалыптасуына, қазақ халқының және республиканы
мекен еткен халықтардың тарихын терең әрі толық зерттеуге көмектеседі.
Қазақстан туралы әдебиеттерді қағазға түсірудің негізін В. Завялов , В.
Витевский және өзге бірқатар авторлар жазбаларында атақты шығыстанушы-
зерттеуші А. Левшин “Описание киргиз-кайсацких или киргиз - кайсачьих орд и
степей” атты еңбегімен қалады. В. Межов өзінің Библиография Средней Азии,
Сибирская библиография атты еңбектерінде үлкен қадам жасады. Дегенмен
бұлар алғашқы талпыныстар еді. Шын мәнінде, Қазақстан және қазақ тарихы
туралы толық әрі ең анық әдебиеттер тізімін А. Харузин және А. Алекторов
құрастырды. XIX аяғы мен  XX ғасырдың басында бірқатар шағын көрсеткіштер
жарық көрді. Осы жерде А. Алекторовтың  Указатель книг, газетных и
журнальных статей о казахах (1900 ж.) кітабының құндылығы көзге түседі.
Осы басылым ірі көлемде мәтіндік материалдарды (800 бет) қамтиды, көптеген
жазбалар сараптамалық тұрғыдан жазылған. Дегенмен, деректер аясы түбегейлі
реттелмеген, газет, журнал мақалалары, кітаптар бір жерге жиналған.
Құрастырушы библиографияда негізгі ережені сақтамаған – деректер аясы
көрсетілмеген. Бұл әуесқойлық деңгейде орындалған жұмыс еді. Бұдан өзге,
мазмұндама империялық идеология ұстанымы тұрғысынан орындалған. Кітап
библиографиялық сирек кітап болып табылады, Қазақстанда тек екі данасы бар.
Кеңестік кезеңде Қазақстан туралы әдебиеттерді библиографиялық жіктеу
жұмысы жалғасын тапты. Тіл білімі, этнография, медицина және орман
шаруашылығы туралы жекелеген басылымдарды тіркеу жүргізілді.
1964 жылы жарық көрген Библиография по истории Казахстана жұмысы
деректерді іріктеу, құрылымы, қосымша көрсеткіштер жүйесі қағидасы бойынша
жоғары деңгейде орындалған еді. Әрине, осы басылымның тек төңкеріске
дейінгі кезеңдегі журналдар мен жалғаспалы басылымдарды қамтығанын айта
кеткеніміз жөн. Көрсеткіш өзіндік басымдықтар мен кемшіліктерге ие,
дегенмен кітаптық басылымдар мен қолжазбаларды қамтымайды. 1988 жылы
әзірленген История Казахстана (1-2 бөлімдер) төңкеріске дейінгі кезеңі
бойынша көрсеткіш 1960-1980жж. материалдар негізінде құрастырылған. Орталық
ғылыми кітапханада сақтаулы Қазақстанның төңкеріске дейінгі тарихы туралы
қолжазбалардың мазмұндалған көрсеткіші жоқ. Мұндай жұмысты республикамыздың
өзге кітапханалары да орындаған жоқ. Жалпы алғанда, библиографиялық
көрсеткіштер құрастыру Қазақстанның тарих ғылымының қажеттілігінен
туындайды.
Ұсынылып отырған тақырыпты және Орталық ғылыми кітапхана қорларында бар
материалдарды сараптау барысында хронологиялық шеңберді ежелгі дәуірден
1917 жылға дейін белгілеуге шешім қабылданды. Іріктелген барлық материалдар
Истории Казахстана тараулары бойынша кезеңдік негізде бөлінген. Көрсеткіш
баспа және қолжазба шығармалардың мазмұндалған жазбаларының 32 тарауынан
тұрады. Көрсеткіш құрылымы және хронологиялық шеңбері бойынша бұрын
орындалған жұмыстардың (1964, 1988 жж.) жалғасы іспетті.
Құрастырушылар анықталған деректер шеңбері аясында әр түрлі  сипаттағы
тақырыптарды, мүмкіндігінше зерттеу барысында мәселелерді толық ашуға
көмектесетін тарихи қайраткерлерді, ұсақ әкімшілік бөліністерді және
географиялық атауларды көбірек пайдалануға тырысты.
Қазақтар және Қазақстан тарихын қағазға түсіруде төңкеріске дейінгі
кітаптардың басым бөлігі нақты айқындалған хронологиялық шеңберге және
белгілі бір тақырыпқа ие болған жоқ. Осындай кітаптарда Ресейдің
Қазақстанға кіруінің жалпы тарихи жағдайлары, жергілікті жерлердегі  орыс
әкімшілігінің іс-әрекеттері баяндалды, әскери-статистикалық жағдай ашып
көрсетілді. Сол себепті, жарияланған материалдарды бір жүйеге келтіру үшін
қазіргі тарихи пайымдау аясында Қазақстан тарихының анағұрлым маңызды әрі
жалпы қабылданған мәселелерін айқындауды талап етті.
Көрсеткіш құрылымын жасауда тараулар мен бөлімдердің өзара өлшемдес
болуы ескерілді. Осы мақсатта түрлі деректерге, олардың ерекшеліктері мен
ақпарат ұсынуына жалпы баға берілді. Бөлімдерді тепе-теңдігі зор маңызға ие
болды. Жоба тақырыбы бойынша материалдарды жинау орыс, қазақ  тілдерінде
жарияланған және қолжазба деректерден, сондай-ақ араб және латын графикасы
негізінде қолжазба материалдардан әзірленді. Материалдарды табу негізінен
ОҒК-нің сирек кітаптар, қолжазбалар және қазақ әдебиеттері бөлімі каталогы
бойынша жүргізілді. Бар тарихи құжаттарды көрсеткіште толық көрсету
мақсатында кітапхананың жалпы қорының каталогі қаралды, төңкеріске дейінгі
кезеңдегі Қазақстан туралы 1940 жылға дейін жарық көрген кеңестік кезең
материалдары қолданылды.
Деректердің екінші тобына тарих мәселелері бойынша шамамен  700
қолжазба мен төңкеріске дейінгі қазақ кітаптарының сипаттамалары мен
мазмұндамасы  енді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егемендіктің теориялық сипаттамасы
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі
Елбасымыздың тәуелсіздік жолында баяндалған туындыларын тарихнамалық тұрғыда талдау және осы туындылардың Қазақстандық қоғам және ғылым үшін таңдағы қажеттілігі мен маңызы
Билікті бөлу қағидасын жүзеге асыру
Қазақстан Тәуелсіздік жолында
Қазақстан Республикасының сот билігі
Coт төрелігі ұғымы және оның принциптері
ҚР Конституциясы
Қазақстан Республикасында сот билігі
Пәндер