Ұлы Жiбек Жолы жайлы



КIРIСПЕ 3
I.ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ 5
1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi 5
1.2 Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі 7
1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы 9
II.ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТIК ПОТЕНЦИАЛЫ 11
2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы 11
2.2 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары 13
2.3 Ұлы Жiбек жолының рухани мұрасы 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 24
Қазақстан Республикасының егемендiк алып, экономикалық жағдайының көтерiлуi туризмдi дамытуға қол жеткiздi. Бұл саланың елiмiздегi болашағы зор объектiсi - ұлы Жiбек жолының тармағы болмайды.
Ұлы Жiбек жолы – Батыс пен Шығыстың ежелгi өркениеттерiн байланыстыратын ерекше сауда және дипломатиялық қарым-қатынас магистралi. Ұлы Жiбек жолының дүниежүзiлiк өркениеттiң дамуында үлкен роль атқарғаны бәрiмiзге мәлiм. Бұл трансконтинентальды жол тек ғана сауда-саттықтың көтерiлуiне емес, сонымен қатар қалалар мен өнердiң гүлденуiне, мәдениеттер, дiндер мен тiлдердiң араласып-толысуына, жалпы айтқанда адамзат мұрасының қалыптасуына әсер еттi.
Ұлы Жiбек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта теңiзiнен Тынық мұхитқа дейiн ұшаң-ғайыр аймақтағы түрлi ұлттар мен елдердiң мәдениетiн бiрiктiрген едi. Шын мәнiнде бұл халықтар диалогының жолы болды.
Мыңдаған жылдар бойы мыңдаған адамдар Жiбек жолы бойымен елдер кезiп жүрген. Ал ендi қазiр, ұзақ жылдар өткен соң, әрбiр адам осы ежелгi жолды жаңадан ашуға, оның бай тарихына үңiлуге мүмкiндiгi бар.
Ұлы Жiбек жолын тарихи, географиялық, мәдени аспектiлер жағынан ғылыми зерттеу жұмыстары шын мәнiнде XIX ғасырдың екiншi жартысында басталды. Оның зертеулерiне үлкен үлестi Батыс еуропалық , орыс және жапон ғалымдары қосты. 1877 жылы классикалық ғылыми “Қытай” атты еңбегiнде белгiлi немiс ғалымы Фердинанд Пауль Вильгельм Рихтгофен Еуразия материгiнiң түрлi бөлiктерiн байланыстыратын жолдар жүйесiн “Жiбек жолы” - Seidenstrassen, кейiннен ұлы Жiбек жолы деп атап кеттi. Осыдан кейiн Жiбек жолына бұқаралық қауымның қызығушылығы артты. Бұл заңды да, өйткенi Жiбек жолының тарихи-мәдени мұрасын бағалау қиын.
Қазiргi кезде күптеген елдердiң ынтасымен ұлы Жiбек жолын қайта жандандыру шешiлген. Мәдени, экономикалық, туристiк байланысты дамытудың аса маңызды каналы ретiнде, Шығыс пен Батыс арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында көзделмек.
Соңғы жылдары ЮНЕСКО, ДТҰ сияқты iрi ұйымдар Ұлы Жiбек жолын комплекстi түрде зерттеу мен онда ерекше туристiк концепцияны дамытуға байланысты iс-шаралар жүргiзуде. Бұл заңды да, өйткенi жылдан-жылға бұқаралық қауымның ұлы Жiбек жолына деген қызығушылығы артуда.
Тарихқа жүгiнсек ұлы Жiбек жолының “Дала жолы” атты тармағы Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан территориясынан өтiп, нәтижесiнде қазiрге дейiн сақталып келген Сырдария, Арыс, Талас өзендерi бойында көптеген қалалардың бой көтеруiне ұйытқы болды. Қазiргi уақытта ұлы Жiбек жолының Қазақстандық бөлiгi (1700 км) қайталанбас тарих, архитектура, археология, қала салу мен монументтi көркем-өнердiң үлгiлерiне ие. Сондықтан да ұлы Жiбек жолының Қазақстандық бөлiгiндегi ескерткiштерi мен жол тораптарын зерттеп, оларды болашағы бар туристiк маршруттарға енгiзу – көкейкестi мәселелердiң бiрi.
1 Ртвеладзе Э. Великий Шелковый путь: Энциклопедический справочник. – Т.: “Узбекистан милий энциклопедияси”, 1999. – 280б.
2 Қытай Ұлы императорлары http://www.epochtimes.com.ua/ru/china/
3 Байпақов К.Н. ұлы Жiбек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – Алматы: Қазақстан, 1992. - 104-127 беттер.
4 Радкевич В.А. Великий Шелковый путь.М., 1990.
5 Чжен Кун Фу. Великий Шелковый путь: геополитика Казахстана. Алматы, 1993.
6 Петров Л.М. Великий Шелковый путь. М., 1995.
7 Ұлы Жібек жолының жандануы http://www.gumilev-center.ru/vozrozhdenie-velikogo-shelkovogo-puti/
8 Ма Юн. Шелковый Путь с Востока на Запад // Курьер ЮНЕСКО.-1984.- №7.
9 Лубо-Лесниченко Е.Н. Великий Шелковый путь. М., 1991.
10 Байпаков К. Великий Шелковый путь и Казахстан// Казахстан и современный мир. – 2003, №3.
11 Акишев К.А. Семиречье и Южный Казахстан // История Казахской ССР: с древнейших времен до наших дней, т.1. -Алма-Ата, 1977.
12 Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути.- Алматы: Ғылым, 1998.
13 История Казахстана. Очерк. – А: НАН РК, 1993.
14 Бартольд В.В. Очерк истории Семиречья.- М., 1963.
15 Казахская Советская Энциклопедия / под.ред. Козыбаев М.К. – А, 1981.
16 Жолдасбайұлы С. Ежелгi және ортағасырдағы Қазақстан. – Алматы: Ана тiлi, 1995. – 157-161 беттер.
17 По Шелковому пути. Гл. ред. Таланова О.В. – Алматы: Фортшритт Эрфурт – ФРГ, 2001.
18 Отырар қаласы http://www.kazakhistory.ru/post22.php
19 Алтын Орда астанасы http://reports.travel.ru/reports/2013/01/210369.html
20 Маргулан А.Х. Из истории городов и строительного искусства Казахстана. - А., 1950.
21 Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. – Алматы, 1994.
22 Лубо-Лесниченко Е.И. Великий Шелковый путь. “ Вопросы истории”. М. – 1985.
23 Иерусалимская А.А. Великий Шелковый путь. Л., 1972.
24 Хафизов К. Шелковый путь и Казахстан. Материалы научно-практической конференции (2-3 сентября 1998 года). – Алматы, 1999.
25 Материалы семинаров по вопросам развития туризма. Агентство Республики Казахстан по туризму и спорту. – Алматы, 2003.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ 3
I-ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ 5
1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi 5
1.2 Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі 7
1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы 9
II-ТАРАУ. ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТIК ПОТЕНЦИАЛЫ 11
2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы 11
2.2 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары 13
2.3 Ұлы Жiбек жолының рухани мұрасы 19
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 24

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының егемендiк алып, экономикалық жағдайының
көтерiлуi туризмдi дамытуға қол жеткiздi. Бұл саланың елiмiздегi болашағы
зор объектiсi - ұлы Жiбек жолының тармағы болмайды.
Ұлы Жiбек жолы – Батыс пен Шығыстың ежелгi өркениеттерiн
байланыстыратын ерекше сауда және дипломатиялық қарым-қатынас магистралi.
Ұлы Жiбек жолының дүниежүзiлiк өркениеттiң дамуында үлкен роль атқарғаны
бәрiмiзге мәлiм. Бұл трансконтинентальды жол тек ғана сауда-саттықтың
көтерiлуiне емес, сонымен қатар қалалар мен өнердiң гүлденуiне,
мәдениеттер, дiндер мен тiлдердiң араласып-толысуына, жалпы айтқанда
адамзат мұрасының қалыптасуына әсер еттi.
Ұлы Жiбек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта теңiзiнен Тынық
мұхитқа дейiн ұшаң-ғайыр аймақтағы түрлi ұлттар мен елдердiң мәдениетiн
бiрiктiрген едi. Шын мәнiнде бұл халықтар диалогының жолы болды.
Мыңдаған жылдар бойы мыңдаған адамдар Жiбек жолы бойымен елдер кезiп
жүрген. Ал ендi қазiр, ұзақ жылдар өткен соң, әрбiр адам осы ежелгi жолды
жаңадан ашуға, оның бай тарихына үңiлуге мүмкiндiгi бар.
Ұлы Жiбек жолын тарихи, географиялық, мәдени аспектiлер жағынан ғылыми
зерттеу жұмыстары шын мәнiнде XIX ғасырдың екiншi жартысында басталды. Оның
зертеулерiне үлкен үлестi Батыс еуропалық , орыс және жапон ғалымдары
қосты. 1877 жылы классикалық ғылыми “Қытай” атты еңбегiнде белгiлi немiс
ғалымы Фердинанд Пауль Вильгельм Рихтгофен Еуразия материгiнiң түрлi
бөлiктерiн байланыстыратын жолдар жүйесiн “Жiбек жолы” - Seidenstrassen,
кейiннен ұлы Жiбек жолы деп атап кеттi. Осыдан кейiн Жiбек жолына бұқаралық
қауымның қызығушылығы артты. Бұл заңды да, өйткенi Жiбек жолының тарихи-
мәдени мұрасын бағалау қиын.
Қазiргi кезде күптеген елдердiң ынтасымен ұлы Жiбек жолын қайта
жандандыру шешiлген. Мәдени, экономикалық, туристiк байланысты дамытудың
аса маңызды каналы ретiнде, Шығыс пен Батыс арасында қарым-қатынасты
нығайту мақсатында көзделмек.
Соңғы жылдары ЮНЕСКО, ДТҰ сияқты iрi ұйымдар Ұлы Жiбек жолын
комплекстi түрде зерттеу мен онда ерекше туристiк концепцияны дамытуға
байланысты iс-шаралар жүргiзуде. Бұл заңды да, өйткенi жылдан-жылға
бұқаралық қауымның ұлы Жiбек жолына деген қызығушылығы артуда.
Тарихқа жүгiнсек ұлы Жiбек жолының “Дала жолы” атты тармағы Жетiсу мен
Оңтүстiк Қазақстан территориясынан өтiп, нәтижесiнде қазiрге дейiн сақталып
келген Сырдария, Арыс, Талас өзендерi бойында көптеген қалалардың бой
көтеруiне ұйытқы болды. Қазiргi уақытта ұлы Жiбек жолының Қазақстандық
бөлiгi (1700 км) қайталанбас тарих, архитектура, археология, қала салу мен
монументтi көркем-өнердiң үлгiлерiне ие. Сондықтан да ұлы Жiбек жолының
Қазақстандық бөлiгiндегi ескерткiштерi мен жол тораптарын зерттеп, оларды
болашағы бар туристiк маршруттарға енгiзу – көкейкестi мәселелердiң бiрi.
Ұлы Жiбек жолы трассасын жандандырудың практикалық қажеттiлiгi – ол
Қазақстан туризм индустриясынның берiк негiзiнiң кепiлi болмақ. Ғылыми
тұрғыда бұл жұмыс ежелгi керуен жолына тарихи жақтан ғана емес, сонымен
қатар туристiк саланың маңызды объектiсi ретiнде қарауға мүмкiндiк бередi.
Сөйтiп зерттеудiң басты объектiсiне ұлы Жiбек жолы трассасы мен оның
тарихи-мәдени мұрасы айналды.
Жұмысты жазу барысында әрi зерттеу кезiнде тарихи, статистикалық,
анализ бен синтез, картографиялық, географиялық әдiстер қолданылды.
Тарихи тұрғыдан зерттеуге келесi авторлардың еңбектерi негiз болды:
Байпақов К.М., Ртвеладзе Э., Бартольд В.В., Акишев К.А., т.б. Ұлы Жiбек
жолының туристiк потенциалын әр облыс бойынша қарастырып, топтастырдық. Ұлы
Жiбек жолының Қазақстан бөлiгiн дамыту проблемалары жөнiнде нақты кiтаптар
жазылмағандықтан, соңғы мәлiметтердi интернет, бұқаралық ақпарат
құралдарынан iздестiрдiк.

1 ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ

1.1 Жiбек жолының қалыптасуы мен Жiбек ролi

Жібек жолы дегеніміз не, ол қашан пайда болып, қандай кәдеге
жарады, қай жерлерді басып өтті - әркімді -ақ толғандыратын алғашқы
сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (будда дініндегі - ауд) қажы Сюань-Цзан 629 жылы
Будданың қасиетті қалдықтарын көзбен көру және дін ілімін шыңдап зерттеу
үшін Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды Батыспен байланыстырып жатқан
және техникалық жаңалықтарға дінге мұраттар мен мәдени жетістіктерге
мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань-Анань шыққан саудагерлердің қоспақ-түйелі керуенімен атақты Гоби
шөлін жағалап Дунхан арқылы Ұлы айдаһар құмы аталатын сортаң шөлейтті
Хами мен Тұрфан алқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ
тауларын шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян түрік қағаны
тұрған Суяб қаласына келді. Сюань – Цзян түрік қағаны мен оның
жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: Бұл қателіктердің аттары керемен
екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жолақ басына ұзындығы чжан
(3,2м) ұштары желкесіне түскен жібек шолпа орап алған. Оған оқалы – зерлі
жібек шапан киіп, шаштарын айдар – тұлындап өрген екі жүзден астам тархан
(нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киімдер киіп, айбалта,
садақ асынып ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша,
көзбен шамалаудың өзі мүмкін емес [1].
Бұл әңгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық
қатынастың күретамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен
Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл
жол қай кезден жұмыс істей бастады деген сұраққа күні бүгінге дейін
әрқилы жауап беріліп келеді.
Егер Жібек жолының жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар
болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге
дейінгі 3-2 мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан
лазурит (көк лағыл) кені, ал Хотан аймағындағы Яркент (Жаркент) – Дарияның
жоғарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орай жолға қойылды.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотамияға, Анатолийге,
Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, 1 мыңжылдықтың
жартысында Қытайға да жеткізіле бастады.
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңізімен және Үнді мен жалғастырып
жатқан Лазурит жолымен қатар дүниеге келген Нефрит жолы Шығыс
Түркістанды Қытаймен жалғастырды.
Біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдықтың орта кезінен Дала жолы
деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына
жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз
жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы
етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғары Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген
агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран
кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін
біздің дәуірімізге дейінгі 1 мыңжылдық саналып келеді.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі
әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде
қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін
тарады.
Жібек жолы тек біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдың орта шенінен
бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал
осының бәрі император У - Дидің көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған книязі
Чжон Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни
138 жылы басталды. Чжон Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды (сурет 1).

Сурет 1. Ұлы Жібек жолымен тауарды жеткізуге ат
салысқан
қытайлық У- Ди [2]

Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың
ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті.
Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға,
Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып
қайтты.
Ұлы Жiбек жолы – Жерорта теңiзiнен қытайға дейiн Еуразияны көктей
өтiп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ал сонау ежелгi
дәуiрдегi орта ғасырдағы осы аймақтың сауда және мәдени байланыстарының
тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Мiне осы ежелгi өркениеттiң аса
бiр тамаша жетiстiгi қашан пайда болып, қандай қадеге жарады, қай жерлердi
басып өттi - әркiмдi ақ толқандыратын алғашқы сұрақтар болмақ.
Ұлы Жiбек жолы –ұрпақтар жадыларында мәңгiлiкке қалатын адамзат iс
әрекетiнiң ерекше құбылыстар қатарына жатады. Ал ең бастысы –бұл уақыт
байланысының символы, оның өткенiн бiлмей Еуразиялық кеңестiкте
өркениеттердiң даму динамикасын анықтайтын көптеген тарихи құбылыстарды
бақылап түсiндiрү мүмкiн емес.
Жiбек жолының қалыптасу уақыты туралы нақты мәлiмет жоқ, тек
қана жекелеген бөлiктерi туралы айтуға болады.
Пұтқа табынушы қажы Сюань Цзан 629 жылы Будданың қасиеттi қалдықтарын
көзбен көру үшiн және дiн iлiмiн шындап зерттеу үшiн Қытайдан Ұндiге сапар
шектi. Ол қытайды Батыспен байланыстырып жатқан және техникалық
жаналықтарға, дiни мұраттар мен мәдени жетiстiктерге мұрындық болып тұрған
осы халықаралық жолмен жүрдi.
Жiбек жолының жекелеген бөлiктерiнiң сыңарлары жөнiнде айтар болсақ,
ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары б.д.д. III-II мыңжылдықтарда
басталған.
Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит кенi, ал Хотан аймағындағы
Яркент дарияның жоғарғы ағысынан нефрит кенi ашылуына орай жолға қойылды
[3].
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңiзiмен және Ұндiмен жалғастырып
жатқан Лазурит жолымен қатар дүниеге келген Нефрит жолы Шығыс Түркiстанды
Қытаймен жалғастырды.
Б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтың орта кезiнен Дала жолы деген жол болғаны
белгiлi. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жұгiнсек, бұл жолдың
сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңiз жағалауынан Дон
жағасына дейiн, одан ары савроматтар мекендеген Орал тауы етегiнен Ертiске,
Алтайға, сонан Жоғарғы Ертiс пен Зайсан көлiн мекендеген аргийпилер елiне
дейiн Қытайға қарай созылады.
Бұл жолмен былғарылар мен терiлер, иран кiлемдерi, құнды металдардан
жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Ұлы Жiбек жолы атауы Батыс үшiн аса қымбат тауар – жiбекпен
байланысты. Жiбектi жiбек құртының уыршағынан жасауды қытайлықтар V мың жыл
бұрын ашқан деп есептеледi. Жiбек зертеумен айналысқан белгiлi ғалым
ТихомировА.А. бұл ашылудың дәл уақытын айтады - 2698 жылы б.д.д. Басқа
зерттеушiлер бұдан да ерте кезеңдi белгiлейдi – VI-VII мың жыл бұрын [4].
Қытай аңызы бойынша алғашқы жiбек жiбiн ашқан Хоанг-ти жұбайы Си Линг
Чи ханшасы едi. Шай iшiп отырғанда ханша кесесiне ағаштан жiбек қуыршағы
түскен. Си Линг Чи қуыршағтан шығып тұрған жiптi тартып едi, ол сол күйiше
созыла берiп, қуыршақ жiптен босай бастады. Солай алқашқы жiбек жiбi
ашылып, ал Си Линг Чи ханшасы соның құрметiне Аспан патшалығының құдайы боп
атанды. Оның құрметiне Қытайдың көптеген аудандарында жыл сайын түрлi
мейрамдар өткiзiледi. Ал жiбектi алу процесi ежелден мүлдем өзгермеген.
Кейбiр зерттеушiлер жiбек өсiрудiң отанын Шань-дунь провинциясын
санайды. Бiраз жылдар өткен соң жiбек маталар бүкiл Қытайға тарайды.
әсiресе жiбек өсiру б.з.д. 1 мыңжылдықтың екiншi жартысында кең дамиды. Бұл
кезде жiбектен ақша, маталар жасалып, сауда-саттықта төлем ретiнде
қолданылатын. Б.д.д. VI-V ғасырларда қытай жiбегi басқа елдерге, оның
iшiнде батысқа да шығарыла бастады.
Көп ұзамай халықаралық сауда тiзгiнiн орта Азияның Зеравшан мен
Қашқария алқаптарын мекендеген Соғды елi саудагерлерi қолына алды. Олар
Шығыс Түркiстан мен Қытай қалаларының iшiнде сауда отарларын ұстады.
Алқашқы Жiбек жолы Қытай жiбегiнiң батыс елдерге экспорттауына қызмет
еткен. Алайда Рим, Византия, Ұндi, Иран, Араб халифаты кейiнен Ресей және
басқа Еуропалық елдерден Жiбек жолы арқылы Қытайға түрлi тауарлар
жеткiзiлетiн. Бұл экзотикалық тауарлардың тiзiмi Ұлкен. Мирра мен ладан,
жасмин суы мен амбра, кармадон ж„не мускат жаңғағы, кiлемдер, бояғыштар мен
минералды шикiзат, алмастар мен яшма, пiл сүйегi мен алтын-күмiс, былғары
мен тиындар, садақ пен жебе, қанжар мен семсер. Жiбек жолы бойымен Ферғана
аттарын, араб пен ниссия жүйрiктерiн, пiл мен түйе, арыстан мен гепарттар,
тотықұс пен түйеқұстарды сатуға апаратын. Жемiс жидек түрлерi де кең
таралды жүзiм, шабдалы, қауын қарбыз.
II-V ғасырларда Жiбек жолы шығыстан бастасақ Чаньаньнан басталып,
Хуанхе арқылы Ланджоу ауданына өттi, ары қарай Тянь-Шаньның солтүстiк
бөктерiмен ұлы Қытай қорғанының батыс жағына және Ямалық қақпаға қарай
өттi. Бұл жерде жол бөлiнiп Такла Макан шөлiн солтүстiк пен оңтүстiк
жағынан айналды. Солтүстiгi Хами Оазисi , Турфан, Бешбалық. Шихоны басып
Iле өзенiнiң алқабына апарса, ортаңғысы Чаоган, Қашғар, Ықсу, Бедел асуы
арқылы Ыстық көлдiң оңтүстiк жағалауына өттi, ал оңтүстiк жолы Дунхуан,
Хотан, Яркент арқылы Бактрия, Ұндi елi мен Жерорта теңiзiне барды.
Солтүстiк жол Қашғардан Ферғанаға ары Самарқанд, Бұхара, Мерв арқылы
Хамадан мен Сирияға апарды.
Мiне осылай ұлы Жiбек жолы адамзат тарихында алғаш рет Жерорта
теңiзiнен Тынық мұхитқа дейiн ұшаң теңiз аймақтарды бiрiктiрдi [5].
Қымбат бағалы жiбектердi тарату iсiне сақтар мен скифтердiң көшпелi
әулеттерi де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегiмен сол кезде
қасқалдақтың жанындай қымбат тауарлар Орталық Азия мен Жероорта теңiзiне
дейiн тарады.
Жiбек жолы тек б.д.д. II ғасырдың орта шенiнен бастап қана тұрақты
дипломатиялық және сауда тамырына айналды. Ұлы Жiбек жолы тарихында маңызды
оқиға болып 138 жыл саналады. Бұл жылы батыстың белгiсiз елдерiне У Ди
императоры жiберген елшiлiк керуенi хан астанасынан алыс сапарға атанған
болатын. Елшiлiк қазiргi Ауғаныстанға дейiн жетiп, алғаш болып Қытайды iшкi
аудандарынан Орталық Азияға жол салады. Елшiлiк керуен Чжан-Цзян
басқаруымен Қытайға тек 13 жылдан соғ қайтып оралды. Бұл оқиғадан соң
Батысқа осы жолмен жiбек керуендерi барып, ал Қытайға Таяу, Орта және
Орталық Азиядан тауарлар тасылды.
Сөйтiп екi ұлы жолдар қосылған едi. Бiреуi, Александр Македонский
жорықтары кезiнде эллиндiктер мен макендондықтар басып-шарлап өткен
жерортатеңiздiк елдерден Орталық Азияға дейiн созылып жатты. Ал екiншiсi
Шығыстан Хань империясынан Орталық Азияға дейiн өттi. Бұл жолды Чжан-Цзян
Давань, Қанғұй, Соғды, Бактрия арқылы солтүстiктен оңтүстiкке қарай басып
өткен.

1.2 Батыс пен шығысты байланыстырудағы Ұлы Жібек Жолының рөлі

Жібек жолы 2-5 ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ Чаньниден басталып,
Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның
солтүстік сілемдерін қуалай Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және Яшмо
қақпалары заставасына жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін
солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы
Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді,
ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оңтүстік
жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы
Бактрияға, Үнді мен, Жерорта теңізіне жетіп, Оңтүстік жолы аталады.
Солтүстік жолы Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв
арқылы Хамадан Сирияға жетеді. Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп
баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік
Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол 6-7 ғасырларда барынша жандана түсті.
Негізгі жолдан басталған біреулері жарамсыз болып қалды, басқалары,
керісінше, қызу жұмыс істеді, ал жолдармен бірге сауда жолдары мен
қиылыстарында тұрған қалалар, селендер және керуен сарайлары дамыды немесе
қаңырап қалды. Жібек жолының бағыттары қатып қалған бірдеңе болмағанын атап
көрсеткен жөн, жүз жылдың барысында оның жеке учаскелері мен тармақтарының
бағыттары өзгеріп отырды [6].
Бұл жол бас жолға айналды да 7-14 ғасырлардағы елшілер мен сауда
керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл
бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның
анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие
болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың
бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, 6-8
ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік
Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс
Түркістан арқылы таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек
айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын -
Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары
аталған негізгі жолға келіп қосылды (сурет 2).

Сурет 2. Ұлы Жібек Жолының жылжу тармақтары [7]

Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап
отыратын түрік қағандары отырды. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол 6
ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден,
түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы
бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды [8].
Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да 7-14 ғасырлардағы елшілер мен
сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының
бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның
анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие
болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың
бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, 6-8
ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия - Иран - Орта Азия - Оңтүстік
Қазақстан - Талас алқабы - Шу алқабы - Ыстықкөл қазан-шұңқыры-Шығыс
Түркістан арқылы таратылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек
айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын -
Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғары
аталған негізгі жолға келіп қосылды.
Батыс Түркі қағанаты Византиямен сауда-дипломатиялық одақ келісім
жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті.
Дегенмен 9-12 ғасырларда Орта Азия, Орта және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы
Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу
пайдаланылды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу
қандай жағдайда еді дегенге келсек: бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен
отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын.
Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да
туыстас немесе біркелкі этникалық саяси қауымға бірлескен тайпалар еді.
Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне
өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүниежүзілік өркениеттің қызыл арқау-
күретамыры болды. Қазақстан мен Орта Азия халықтарының бір-біріне осылайша
кірігуі, сондай-ақ олардың жерінде тұратын халықтардың дәстүр-салтының
үйлесімділігі өркениеттік көп жетістіктердің бастауы болды. Мәселен,
біздің дәуірімізге дейінгі 6-3 ғасырларда бұл жерлерді көшпелі және
жартылай сақтар мекендеді, ал көптеген қорғандарды қабірлерден, оның ішінде
Бесшатыр, Есік, Түгіскен, Үйгәрәк қабірлерінен табылған қазбалар бойынша
олардың мәдениеті жоғары болғаны баршаға мәлім. Сол кездің өзінде-ақ
сақтардың Қытаймен, Үндімен, Таяу және Орта Шығыспен байланысы болған.
Бұған сақ шонжарларының қабірлерінен табылған қытай айналары, Орта Азия мен
Ираннан әкелінен аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдарда куә бола
алады [9].
6 ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан
Қара теңізге дейінгі ұлан - ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелілер
мемлекеті - Түрік қағанаты құрамына кірді.
Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан
қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды роль атқарды.
Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына мұрындық болып,
Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзынна-бойында тұрған немесе
онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп,
өркендеуіне септігін тигізді [6].
Өзара талас-тартыстар мен жортауыл-жорықтар, сондай-ақ Қытайда теңіз
жолдарының игерілуі бұл жердегі қалалық мәдениетті титықтатып, күйдіруге
жеткізгенге дейін, яғни 14 ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен
Жетісу арқылы өтетін Жібек Жолынан кереуен арылған жоқ.
Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының қазақстандық бөлігінің
сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан (Ташкенттен) Турбат асуы арқылы
Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, Қытай сапарнамасында Испиджаб
Ақ өзендегі қала аталды, ал ХІ ғасырда Махмуд Қашғаридің түсініктемесі
бойынша Испиджап деп аталған Ақ қаланың (Ал-мединат ал Байда) шын атауы-
Сайрам. Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге
дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың
қалдықтары қалған қалашық та осылай аталады. Оның орнында бұрын Жібек
жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы
жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда
құрылыстары базарлар мен керуен – сарайлары болды, ал Испиджаб көпестері
Мерв Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харб ибн
Абдаллақ ал Балх рабадында өздерінің сауда-саттық орындарын ұстады.
Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен
темір сатылатын.
Ең алдымен Жiбек жолы – бұл уақыт байланысының символы: оның өткенiң
бiлмей көптеген тарихи процестердi түсiну мүмкiн емес.
Тауарлармен алмасу тайпадан тайпаға, облыстан облысқа делдалдар арқылы
жүрдi. Ол уақытта керуендер сондай алыс қашықтыққа жiберiлуi бiрталай.
Жолдардың қалыптасуында тайпалар мен ұлттар миграциясы үлкен роль атқарды.
Ұндiеуропалықтардың миграция процесi нәтижесiнде Батыстан шығысқа алғашқы
жолдар жүргiзiлдi. Ұндiеуропалықтар екi бағытта қозғалатын: оңтүстiк орыс
далаларынан Орталық Азия арқылы Ұндi елiне, екiншi толқын Шығыс Түркiстанға
жетедi.
Жолдарды салу мен онымен керуендер қозғалысының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудi өзiне алған iрi мемлекеттер пайда болуымен жолдардың ұдайы
құрылысы мен қолданылуы туралы айтуға болады. Ең үлкен жол ұзындығы 2400 км
жететiн патша жолы едi. Ол Эфесте басталып, Месопотамия арқылы Тигр
жағалауымен, Персополь мен Пасаргад арқылы Сүзге апарды. Жол бойында әрбiр
20-30 км жерде жол станциялары орналасты [10].
Шығыс Жерорта теңiзiнен жолдың бiрiншi сипаттамасын Мая македондығы
құрастырды. Осы деректерге қарағанда б.з.д. I – б.з. I ғасырларында Шығыс
пен Батысты үш негiзгi жолдар байланыстырды: Оңтүстiк, Теңiз жолы Египед
пен Ұндi елiне апаратын. Ол Қызыл теңiздегi Миос Хормос пен Береника
порттарында басталып, Аравия түбегiн айнала өтiп үш негiзгi портқа
әкелетiн. Олар Үндiнiң батыс жағалауында орналасты. Нилдан Суэцке қарай
канал арқылы кемелер Жерорта теңiзiне шығып, Римге баратын. Үндi
порттарынан жол Үндiстан түбегiнiң iшiне, солтүстiкке және Бактрияға
баратын. Теңiз жолы түбектi айнала Оңтүстiк-Шығыс Азияға барды.
Екiншi жол Римнен басталып, Жерорта теңiзi арқылы сириялық Гиерополь
қаласына, ал ол жерден Месопотамия, Солтүстiк Иран, Орталық Азия арқылы
Шығыс Түркiстан, одан ары Қытайға баратын.
Үшiншi трасса –Дала жолы Орталық Азияның солтүстiгiмен өтетiн. Ол Қара
теңiз солтүстiгiнен басталып, Каспий маңынан өтiп, Арал жағалауы арқылы
Оңтүстiк Қазақстанға беттеп, одан Алтай мен Шығыс Түркiстанға баратын, ол
жерде өлы Жiбек жолының негiзгi трассасына қосылатын.
Ұлы Жiбек жолының солтүстiк трассасы қиын едi, өйткенi көптеген
шақырымдар бойы ол сусыз далалармен өттi. Мұнда қалалар да болмады,
керуендер түрлi тайпалардың шапқыншылығына ұшырады.
Ұлы Жiбек жолы тек сауда-керуен жолы болған жоқ, этникалық миграция
жолы да едi. Тура осы жолмен б.з.д. I мыңжылдықта Шығыстан Батысқа мыңдаған
көшпендi тайпалар ағымы өттi.
Үш негiзгi траcсадан басқа жолдар да болды, сол арқылы осы үш негiзгi
траcса қосылатын. Батыс жағалаудың теңiз порттарынан кейбiр жолдар
солтүстiкке бағытталатын, Хайбер асуы арқылы Бактрияға баратын. Соғды
астанасында – eжелгi Марақандта Кавказдық Жiбек жолы басталатын, ол
Хорезмге барып, Каспийдi айнала өтiп, Солтүстiк Кавказ далаларын басып,
Дарий жолы арқылы Цхуми қаласына беттейтiн. Осында сауда керуендерi Қара
теңiздi жүзiп өтiп, Византия Империясының астанасы Константинопольға
баратын.
Маңызды жол төменгi Волга арқылы Каспий теңiзiнiң батыс жағалауымен
оңтүстiкке ежелгi Албания мен Парфийге баратын.
Табиғи жағдайдың қиындығына қарамастан көптеген жолдар Орталық Азияның
және Шығыс Түркiстан оазистерiнiң солтүстiк аудандарынан Памир асулары
арқылы Кашмирге, одан ары Үндi елiне баратын [11].
Сөйтiп еуразиялық континенттiң едәуiр бiр бөлiгi Ұлы Жiбек жолын
құрайтын жолдар жүйелерiнен түрды.
Бұл жолдардың типологиясын келесiдей түрде көрсетуге болады:
- Континентаралық мағынасы - Ұлы Жiбек жолы Еуропа мен Азия
континенттерiн байланыстырады.
- Континентальдық мәнi – бiр котиненттiң түрлi аудандарын
байланыстыратын коммуникациясы – Бактрия мен Ұндi, Бактрия мен
Қытай.
- Аймақтық мәнi – Бактрия мен Соғды, Бактрия мен Хорезм арасындағы
байланыс.
- Облыстық мәнi – белгiлi бiр тарихи-мәдени облыс iшiндегi iрi
тұрғындар арасындағы коммуникация.
- Жергiлiктi мағынасы – ауданның қалалары мен елдi мекендер
арасындағы байланыс.
- Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар.
Ежелгi деректерде жолдар ұзындығы мен оны өту уақыты туралы толық
мәлiмет жоқ. Бiрақ та козғалу тәсiлi – жаяу, есек, ат, түйе арқылы, арбаны
қолдану жаңа технологияны енгiзгенге дейiн өзгерген жоқ. Бiркүндiк жол
ұзындығы 25-30 км тең болатын.

1.3 Жiбек жолының Қазақстанда жандануы

Бүгiнгi күнi бүкiл дүние жүзiнiң ықласы мен назарын туғызып отырған
Ұлы Жiбек жолының тарихына байланысты материалдар да өзiнiң ерекшелiгiмен
құнды. Бәрiмiзге белгiлi өте ерте заманнан Батыс пен Шығысты байланыстырған
Жiбек жолының ең ұзақ бөлiгi Орта Азия мен Қазақстан жерiн басып өтетiн
едi.
Тарихтың атасы аталған Геродоттың жазбаларына сүйенген зерттеушiлер
дала жолдарының ең жанданған шағы VI-VII ғасырлар деп есептейдi. Ол кезде
бұл жол Қытай мен Батысты Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан арқылы
жалғастырған.
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстiнен өтiп, баратын бұрынғы қысқа да
қолайлы жолға қарағанда Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан арқылы өтетiн жаңа
жол VI-VII ғасырларда барынша жандана түстi.
Сөйтiп бұл жол бас жолға айналды да, VII-IX ғасырлардағы елшiлер мен
сауда керуендерi негiзiнен осы жолмен ғана өтiп жүрдi. Нәтижесiнде VI-VIII
ғасырлардағы негiзгi жол торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстiк
Қазақстан – Талас алабы – Шу алқабы – Ыстықкөл қазаншұнқыры – Шығыс
Түркiстан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған бiр бұтағы, дәлiрек
айтқанда тағы бiр жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауына –
Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстiк Қазақстанды кесiп өттi, жоғарыда
аталған негiзгi жолға келiп қосылды. IX-XII ғасырларда Орта Азия, Орта және
Таяу Шығыс, Кiшi Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын жолға
қарағанда бұл жол тиiмсiздеу пайдаланды. Жiбек жолының басты қазақстандық
бөлiгiнiң дамуында және белсендi қызметiнде VI ғасырдан бастап екi басты
бағыттар бөлiнедi: сырдариялық пен тянь-шаньдық. Бiрiншiсi Қытайдан
басталып, Шығыс Түркiстан, Жетiсу ары қарай Сырдария жағалауы арқылы Арал
маңына барып, одан Таяу Шығыс пен Византияға апаратын [12].
Бұл бағытта басты байланыс шынжыры Сырдария болса, ал сауда
орталықтары болып жетiсулық және оңтүстiк Қазақстандық Қалалар Суяб, Құлан,
Тараз, Испиджаб, Отрар, Шавғар, Янгикент едi. Тяньшаньдық бағыт Шығыс
Түркiстаннан басталып, Жетiсу арқылы Жоңғар, Iле Алатауы, Қырғыз, Талас
Алатауларының етегiн бойлай Ташкентке, одан соң Самарқанд, Бұқара, Мерв
арқылы Кiшi Азия мен Византияға барды. Бұл жолда Суяб, Баласағұн, Құлан,
Тараз, Испиджаб, Газгирд қалалары ерекше к¤зге түсетiн.
Жiбек жолы шеңберiне ену қарсанында Қазақстанның оңтүстiгi мен Жетiсу
қандай жағдайда едi дегенге келсек: бұл жерде көшпелi түрiк тайпалары мен
отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын.
Жолдың бұлай ауысуы келесi себептерге байланысты: бiрiншiден, Жетiсуда Орта
Азия арқылы өтетiн сауда жолдарын қадағалайтын түрiк қағандарының ставкасы
болды; екiншiден, VII ғасырда Ферғана арқылы жол өте қауiптi едi;
үшiншiден, тауарлардың негiзгi тұтынушылары бай түрiк қағандары едi. Б.д.д.
II-I мыңжылдықтын орта шеңiнде үйсiндер мен қаңлылар мемлекеттерi өмiр
сүрiп, Жiбек жолы жұмыс iстеп тұрған кезде мұнда римдiк әйнектер мен
теңгелер, қытай жiбегi мен айналары, сырлы ыдыстар, еуропалық қарсы
iлгектер мен Сасанид Иранынан әртүрлi мөр тастар жеткiзiлiп тұрды.
Осы кезеңде Шу, Талас және Сырдария алқаптарында мұнаралы қорғандармен
қоршалған қала орталықтары, дихандардың алғашқы тектерi орналасқан елдi
мекендер қалыптаса бастады.Солардың көпшiлiгi дерлiк қазiргi Тянь-Шань тауы
етегiнен, Арыс өзенi мен Сырдарияның орта және төменгi ағысындағы
алқаптардан ашылып отыр.
VI ғасырдың екiншi жартысында Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан Кореядан
Қара теңiзге дейiн ұшаң-ғайыр алқапты алып жатқан iрi көшпелiлер мемлекетi
– Түрiк қағанаты құрамына кiрдi.
Жiбек жолы осы кезде жанданып, Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан
қалаларындағы феодалдық мәдениеттiң өркендеуiнде маңызды рол атқарды.
Жетiсуда ол талай қалалардың орталық негiзiнiң қалануына мұрындық болып,
қазақстанның оңтүстiгiнде тiкелей осы ұзына бойында тұрған немесе онымен
сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсiп, өркендеуiне
септiгiн тигiздi [13].
XIV ғасырда дейiн Орта Азия, Оңтүстiк Қазақстан және Жетiсу арқылы
өтетiн Жiбек жолынан керуен арылған жоқ.
XIV ғасырдан бастап теңiз жодарының ашылуы маңызын тоқтата бастайды.
Бiрақ та өмiр заңының күштiлiгi бұл жолды мүлдем тоқтата алған жоқ. Шығыс
пен Еуропа арасында байланыс бәсеңдегенмен ұлы Жiбек жолының соқпақтарымен
шығыстағы атақты елдер Азия, Кавказ, Ресей, Иран және қазақ жерiмен сауда
жүргiзуiн тоқтатпаған. Сондықтан да бұл елдермен қарым-қатынас жасауда
басты қақпа тәрiздi қызмет жасаған десек артық айтқан болмаймыз.
Орта ғасырдың алғашқы кезiндегi ұлы Жiбек жолының Жетiсу аймағында
өмір сүргендiгiн, Түрiк қағанатының астанасы Суяб қаласында болған Сюань-
Цзянның мына бiр хабарынан анық байқауға болады. Ол өзiне жасалған түрiк
қағанының қабылдау кезiн суреттей келiп былай дейдi: “Түрiк ақсүйектерiнiң
жiбек киiмдерiнiң сән-салтанаттылығы соншалықты әсем... Қаған жасыл жiбек
шапан киген. Оның басы жалаңаш тек ұзындығы бiр чжаннан асатын астам жiбек
шүберекпен орап, ұштарын артына салбыратып жiберген. Оның iзiне зерлi шапан
киiп, шаштарын бұрым етiп өрген екi жүзден астам тархан ерiп жүр...”
Хабардағы екi жүзден астам тархандардың киiмдерiнiң барлығы жiбектен
жасалған кең етектi шапандардың киiп тұрғандардың өзiнен-ақ түрiк дәуiрi
кезiнде Қазақстан жерiндегi Түрiк қағанаттығы мен Қытай елiнiң қарым-
қатынасты қандай дәрежеде болғандығын, ұлы Жiбек жолының дамуы жоғары
деңгейге жеткенiн байқау қиын емес. Осы кезден бастап ұлы Жiбек жолының
тарихи маңызы артып, шығысқа шығатын қақпа есебiнде Оңтүстiк Қазақстан ролi
күшейген [14].
XX ғасырда жүргiзiлген археологиялық ашылулар әйгiлi трасса ежелгi
және орта ғасырларда Қазақстан территориясында өмiр сүрген халықтар
мәдениетiнiң, салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарының қалыптастыруына әсер
етiп қана қоймай, елiмiздiң көршi мемлекеттермен терең де тығыз қарым-
қатынас орнатуға жол бердi.

2 ҰЛЫ ЖIБЕК ЖОЛЫНЫҢ ТУРИСТIК ПОТЕНЦИАЛЫ

2.1 Ұлы Жiбек жолы бойындағы қала мәдениетiнiң қалыптасуы

Қазiргi уақытта туризм халықаралық экономиканың маңызды саласына
айналғанына ешкiм күмәнданбайды. БҰҰ-ның осы жүзжылдықты “Туризм ғасыры”
деп атауы кездейсоқ емес. Туризмнiң алдыға суырылып шығуының себебi -
дүниежүзiлiк жақандану процесi мен адамдардың басқа елдер мен ұлттарға қол
жеткiзуге ұмтылуы септiгiн тигiздi.
Дүниежүзiлiк Туристiк ұйымның бас секретарi Франческо Франжиали
Алматыда 2002 жылы халықаралық туристiк жәрмеңкенi ашқанда адамдар күннен
күнге қыдыруға тырысады және көбiнiң оған жағдайы бар деген19.
Бiздiң республика туризмдi дамытуға барлық ресурстарға ие. Елiмiз
Орталық Азия аймағында өте қолайлы геосаяси жағдайға. Қазақстан арқылы Ұлы
Жiбек жолы – ежелгi халықарлық сауда трассасы өтуi мемлекетiмiзде аса
бағалы архитектуралық объектiлердiң пайда болуына жол бердi.
Жiбек жолы Батыс пен Шығыстың мәдени, дипломатиялық, сауда-
экономикалық қарым-қатынастың трансконтинентальды байланыс жолы болып,
Қазақстан территориясында Iле, Шу, Талас алқабтары мен Отырар-Сырдария
оазистерiнде қала мәдениетiнiң күштi дамуына ырғақ болды.
Жетiсу қалаларының алғашқы сипаттамасын буддалық паломник Сюань-Цзян
жазған. Ол бұл жерде 630 жылы болып, былай деген: “ Көгiлдiр көлден 500 км
солтүстiк-батысқа жүргеннен кейiн Сүйе өзенiндегi қалаға келдiк. Қала
көлемi 6-7 ли. Онда түрлi елдерден саудагерлер мен хустар тұрады. Сүйенiң
батысында бiрнеше жалғыз қалалар бар, әрбiреуiнiң өз бас ақсақалы болады.
Бiр-бiрiнен тәуелсiз болғанмен, олар қағанға бағынады. Бұл ел Сули деп
аталады”.
Көптеген қалалар мен ауылдардың кеңейiп-нағаюы, олардың айналасында
әскери-әкiмшiлiк, сауда-саттық агломерациялар мен ауыл шаруашылық
аудандардың қалыптасуы, сонымен қатар үлкен көлемде жаңа сауда орындары,
дiни орталықтар, этникалық отарлар мен әскери қорғандардың салынуы арқылы
Жiбек жолы аймағында урбандалу процесi жүрдi.
Археологиялық зерттеулер арқылы Қазақстанның оңтүстiгiнде 25
қалашықтар ашылған (VI-IX ғасырлар). Олардың кейбiреуiнiң аттары белгiлi –
Испиджаб, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавғар. Бұл қалаларда арк (цитадель),
шахристан (iшкi қала), рабад (қала маңы) бөлiнедi. Жетiсудың оңтүстiк-
батысында (Шу мен Талас алқаптары) археологиялық зерттеулер бойынша 27
қалашық белгiлi: Тараз, Мерке, Джамукат, Құлан, Атлах.
Қазақстанның оңтүстiгiнде VII ғасырға дейiн 22 қалашықтары белгiлi, ал
VII мен IX ғасырлар аралығында олардың саны 61 жеткен. Мұндағы 30 iрi қала
Қытай мен Иран маршрут карталарында түсiрiлген.
Қалалар сауда мен өнер орталықтары болған. Халықаралық саудамен қатар
жергiлiктi сауда мен көшпендi тайпалармен сауда дамыды. Оның дамуы туралы
көптеген табылған тиындар дәлелдейдi. Осы ортада түрлi дiндер таралды.
Қалалардың қалыптасуында түркi тайпалары белсендi қызмет еттi.
Жетiсудың оңтүстiк-батысындағы 36 қалашықтан 22 ортағасырлық
авторлармен қала деп аталады.
Қалалар саны бойынша Талас пен Шу алқаптары Орта Азияның тығыз
шоғырланған оазистерiне жатады.
Жетiсудың солтүстiк-шығыс бөлiгiнде қалалардың күрт өсуi IX-XII
ғасырларға келедi. Егер IX-X ғасырларда мұнда 10 елдiмекен болса, XI-XIII
ғасырларда саны 70 жеттi.
IX-XIII ғасырларда қалалардың саны күрт өседi. Жазба деректер бойынша
Талас Алатауларының бөктерiнде Джумишлагу мен Манкент қалалары пайда болды,
Орталық Азияда Кенджиде аймағы қалыптасып, оның орталығы Усбаникетте
орналасты, Отырар оазисiнде Кедер, Весидж пен Будук, Шавғар аймағында Яссы,
Шағылжан, Қарнақ пен Қарашық; Сауран; Сырдарияның төменгi ағысында Сығанақ,
Жент, Асанас, Баршыкент, солтүстiк бөктерде Баладж пен Берукет қалалары
пайда болды [15].
Жетiсудың солтүсiгiндегi Талғар қалашығында жүргiзiлген қазба жұмыстар
бұл қаланың кварталдармен салынғандығын көрсетедi.Бiрақ оның ауданы
Құйрықтөбеге қарағанда үлкенiрек болды. Бiр кварталда 12-14 қала болған.
Қалаларды салуда жаңа элемент – мешiттер едi. Аль-Максиди авторының
деректерi бойынша X ғасырда Кедер қалашығында (Құйрықтөбе) соборлы мешiт
салынған. Оның қалдықтары археологтармен табылып, зерттелген. Оңтүстiк
Қазақстан мен Жетiсу қалаларын салуда көпшiлiк монша салу дәстүрi таралған
едi. Екеуi Отырар рабады мен тағы екеуi Тараз шахристанында табылған.
XI-XII ғасырларда тұрғындардың жаңа түрлерi пайда болады. Алаңдар
тастан жасалған дуалдармен қоршалатын. Оның iшiнде мал қоралары мен киiз
үйлер болған. Бұл Жетiсудың солтүстiк-шығысында қала тұрғындарының көшпендi
шаруашылық пен мал өсiру дәстүрiн сақтап қалғанын көрсетедi.
Қазақтанда қала салу мәдениетiнiң екi қалыптасу жолы болған: ежелгiсi
б.д.д. III-II ғасырларға келедi. Ол сақтар мен қаңлылардың отырықшы және
жартылай отырықшы елдi мекендерiмен және Солтүстiк Қытайдан ғұн мен үйсiн
тайпаларының Жетiсу жерiне көшiп келуiмен байланысты едi. Алматы және
Алматы облысы, Тараздың төменгi қабаттарындағы ежелгi қалалар, Шу мен Талас
алқаптарындағы қорғандар сақ пен ғұн-үйсiндiк бiрлестiктердiң қалыптасу
кезеңiне жатады. Қаңлылардың елдiмекендерi мен соқдылардың негiзiнде бiздiң
дәуiрдiң алғашқы ғасырларында Сырдария маңы мен Отырар оазистерiнде ежелгi
қала жүйелерi қалыптасады.
Қала мәдениетiнiң қалыптасуының бұл жолдары қалалардың түрлi
структураларының орнығуына әкелдi, олар келесi жолмен бөлiнедi: Жетiсудың
солтүстiк-шығыс бөлiгiндегi төрткүл түрiндегi бiрбөлiктiк қала жүйесi тән
едi (сауда-әкiмшiлiк орталықтар мен қорған қалалар немесе керуен-
сарайларынан құралған). Жетiсудың оңтүстiк-батысында қалалар цитаделi мен
шахристаны бар екiбөлiктi жүйеде едi. Мұнда ауыл шаруашылық аймақтар ұзын
қабырғалармен қоршалатын [16].
Оңтүстiк Қазақстан қалалары ортаазиялық қалалар типiнде үшбөлiктi
жұйеде салынатын (цитадель, шахристан мен рабат). Бұлардың әрқайсысы қорқан
қабырғаларға ие болған.

2.2 Жібек жолы бойындағы керуен жолдары

Жібек жолындағы ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын,
Таразға сол арқылы жететін. Бұл сонау 6 ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең
ежелгі қала еді. Түрік қағаны 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери
одақ шартын жасасу және жібек саудасы мәселелерін шешу мақсатымен
Византиядан әскери сарапшы Замархтың бастауымен келген Юстиниан 2-нің
елшілігін қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз көпестер қаласы деп
аталады. Сонымен бірге ол кейін қарлұқтар мен қараханидтердің де сауда-
саттығының орталық астанасы болды.
Талас алқабындағы Таразға керуендер, сондай-ақ, Ферғана алқабынан
Шатқал жотасындағы Чанач, Алатаудағы Қарабура асулары арқылы өтетін жолмен
де жүретін. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының Ферғанаға және Жетісу
бағыттарын жалғастыратын.
Бұл қалалардың жұрты жатқан жерлерді археологтар таба білді: олар осы
күнгі Тоқмақ қаласына таяу маңда жатқан болып шықты және олардың бір-
бірінен 5 км жерде жатқан ескі Ақбешім, Боран қалаларына келетіні
анықталды.
Жібек Жолы Суябтан Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауымен
өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі Жоғарғы, Барысқан қаласын
басып өтетін, ал солтүстік тармағында атаулары бізге жетпеген шағын керуен
– сарайлардың қалдықтары кездеседі. Одан әрі бұл жолдар Бедел асуында
немесе сол арқылы Ташрабатта түйісіп, Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға
апаратын.
10-12 ғасырларда Жібек жолының бір тармағы Іле алқабын оңтүстік-
батыстан солтүстік-шығысқа қарай көктей кесіп өтті [17].
Керуен жолы Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар-
Фарабқа және одан әрі Сырдария өзені ағысын қуалай отырып Арал теңізі
алқабына кетеді.
Сырдарияны жағалай созылған керуен жолындағы аса ірі қалалар Отырар-
Фараб пен Шавгар қалалары болды. Бірінші қаланың атауы Арыстың Сырдарияға
құяр сағасындағы қираған қаланың аты арқылы осы күнге дейін сақталып
келеді. Фараб сөзін тәжімалағанда арғы беттегі қала деген ұғым береді,
ал мұның өзі Сырдария өзенінің арғы бетінде тұрған қала атауына сәйкес
келеді (cурет 3).

Сурет 3. Ескі Отырар қаласының орны [18]

Отырар маңында 10 ғасырда Отырардың көгал алқабында болған басты
қаланың бірі – Кедер. Ол әр елден ағылған көпестер мекені ретінде
белгілі.
Отырар көптеген керуен жолдары тоғысқан түйін еді. Бір жол осы жерден
Шавгарға кетсе, екінші жол Сырдария өткелі арқылы Басиджа қаласына барады.
Соңғысы Шығыстың көрнекті ғұламасы Әбу Насыр әл – Фарабидің алтын бесігі
болды. Бұл қала 13-14 ғасырларда Зернук аталады. Жібек жолы одан Сырдарияны
жоғары бойлап, оғыз қаласы – Сүткент арқылы Шашқа, ал төмен қарай Жентке
барады. Осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішке, одан Еділ
жағалауымен Кавказға кетеді. Жібек жолының бұл бөлігі 13 ғасырда, яғни
Еділдің төменгі ағысы сағасында Алтынордалық Сарай қаласы салынған кезде
қатты жанданды.
Бұл жол 13-14 ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффа қалалары
арқылы өтті (сурет 4).

Сурет 4. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қалалар
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Ұлы Жібек жолы мәдениеті
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Ұлы Жібек жолы және ортағасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Бас сауда жолы
Ұлы жібек жолы жөнінде
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақ түркілері
Ұлы Жібек жолы мәдени феномен ретінде
Қазақ мәдениетінің архетипі
Пәндер