Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
I. КҮЗДІК БИДАЙ ӨНІМДІЛІГІНЕ ЖӘНЕ МОРФО.
АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Күздік бидайға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Күздік бидайдың морфологиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
1.3 Күздік бидайдың анатомиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
1.4 Күздік бидай өнімділігіне экологиялық
факторлардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
II. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... .32
2.1 Зерттеу объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2 Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
III. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
3.1 Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге
егілген күздік бидай сорттарының
морфологиялық.анатомиялық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3.2 Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған
жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық.анатомиялық
құрылысы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
3.3 Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін
бақылау вариантымен салыстырмалы
түрде зерттеу нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ..56
Жұмыстың өзектілігі: Ғасырлар бойы дақылдардың ауыспалы егісін қолдану арқылы, көң немесе компост ендіру және жабындық дақылдар өсіру жолдарын қолдану арқылы топырақтың органикалық заттарының жоғары құрамы сақталып отырған. Кейіннен бұл практика жарамайтын болып, оның орнына тез әсер ететін химиялық тыңайтқыш қолданыла бастады, бірақ ол топырақ гумусының бұзылуына әкеліп соқты. Топырақ құрылымы да бұзылып, өсімдіктер әлсізденіп және химиялық тыңайтқышқа толық тәуелді болды. Жаңа жүйе адам және ауылшаруашылығы жануарларының еңбек шығынын азайтуды компенсациялау үшін топырақтың құнарлық резервін аямай пайдалануда.
Бүгін химиялық әдісті ұзақ уақыт қолданудың қауіптілігін көпшіліктің қабылдауына орай, егіншіліктің альтернативті әдістеріне қайтадан қызығушылық тууда. Химиялық тыңайтқышты қолдану және жерді үнемі жырту салдарынан топырақтың құнарлығы жойылып барады. Химиялық тыңайтқыштар- өсімдік және жер үшін өте зиян. Олар өсімдікті ауруға шалдықтырады және топырақтағы барлық микроорганизмдерді жояды. Үздіксіз жыртылған жердің құнарлығының төмендеуінің бірінші себебі жоғарғы гумус қабатының ұсақ бөлшектері жыртылған уақытта шаң болып ауаға көтерілуінде, зерттеулер барысында жыртылған аудандардың үстінде жиналған қалың қара қабат бақыланған. Сондықтан, топырақты бастапқы қалпына келтіру үшін, қазіргі уақытта жыртылмаған жерге егін егудің тиімділігі қайтадан қарастырылуда. Бір жағынан жер жырту үшін кететін шығын үнемделсе, екіншіден, топырақ құнарлығын қалпына келтіруге ықпалын тигізеді және қоршаған ортаның ауасындағы шаң тозаңның азаюына мүмкіндік туады.
1. Селекционные достижения Казахстана-Алматы, «Бастау», 2001г.
2. Воробьев И.Факторы устойчивого развития сельскохозяйственного производства. «Эк.», №7, 2001г.
3. Уразалиев Р.А. и др. Комплексная программа селекции агроэкотипов озимой пшеницы-«ОПАКС» Алматы, Кайнар, 1980г.
4. Масанобу Фунуока «Революция одной соломинки» (Введение в натуральное земледелие) 2008г. http://www.ganeymoledet.org
5. А. Петровский « По мексиканской технологии» 19.07.2003г.
6. Е. Палогута «Михаил Юхима выращивает экологически чистые культуры», 13.06.2007. Краснодарский край.
7. Каталог районированных в Центральной Азии сортов пшеницы и ячменя, GTZ-СИММИТ, Алматы-2003
8. Качество зерна пшеницы в Центральной Азии, GTZ-СИММИТ, Алматы-2003.-58с.
9. Оразалиев Р.А. Қазақстан бидайы.-Алматы: Қайнар,1984-203бет
10. Уразалиев Р.А. Производство пшеницы в странах ЦАР. Вестник региональной сети по внедрению сортов пшеницы и семеноводству. №3 (6). Алматы, 2003г.
11. Губанов Я.В., Иванов Н.Н. Озимая пшеница. – Москва: Агропромиздат. 1988.-303с.
12. А. Токаева «Хлебные ценности», //ЭК//, 27.06. 2003г.
13. Н.Ягур. На гребне урожая//Село и агропромышленный комплекс// 23-08-2003г.
14. Зенкова Е.М., Сауранбаев К.О., Тогаев Б.Ж. Озимая пшеница в
Казахстане.-Алматы: НИЦ Бастау, 1996. -172С.

15. Пруцков Ф.М. Озимая пшеница.-Москва: Колос, 1970.-344с. хлебов.- Москва: Колос. 1982.-173с.

16. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы – 1999. 2 том 321-322 беттер.
17. Р.А.Оразалиев. Қазақстан бидайы. Алматы – 1984. Қайнар 3-17 беттер.
18. Н.Степанов, А.Н.Киселев. Аграномия негіздері. Мектеп баспасы. Алматы-1971.260-271беттер.
19. К.Иманғазиев. Егіншілікте тыңайтқыш қолдану жүйесі. Қайнар- 1970. 186-194 беттер.
20. Г.А.Аубекиров, Ж.Ж.Жұмағұлов. Өсімдік шаруашылығы және селекция. Алматы Қайнар 1988 46-66беттер.
21. Эзау К. Анатомия семенных растений.-Москва: Мир,1980-Т.1.2.-558бет.
22. Н.М.Мухидинов, Ә.Б.Бегенов, С.С.Айдосова. Өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы. 2003ж
23. Шалыт М.С. Методики изучения морфологии и экологии подземной части отдельных растений и растительных сообществ// Полевая геобатаника-Москва: Наука,-1972.-Т.2. 169-489бет
24. Зайцев Г.Н. Математика в экспериментальной ботанике - Моква: 1990-239бет.
25. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта Москва: Колос,1965,-423бет.
26. Анацкий В.Ф. Формирование урожая озимой пшеницы сорта
Мироновская остистая в зависимости от условий выращивания // Техн.
воздел. зерн. колосов. культур и проб. их селекции ВАСХНИЛ. Мирон.
НИИ. Селекции и семеновод. пшеницы. –Мироновка. 1990.-С.194-198.
27. Садомсков Е.И. Анатомическая диагностика вегетативных надземных
органов злаков и их остатков в судебной биологии. Материалы к судебной ботанике.- Алма-Ата: 1967.-271с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану-география факультеті
Экология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына
экологиялық факторлардың әсері

Орындаған: _____________________ Сарқытбаева А.К.

050608-Экология мамандығын

бітіруші
Ғылыми жетекшісі: ________________ б.ғ.к., доцент м.а. Қапасова М.С.

Норма бақылаушы: _______________ б.ғ.к., аға оқытушы Кіршібаев Е.А

Бітіру жұмысы кафедра мәжілісінде
талқыланып, қорғауға жіберілді:
Хаттама №7 25 03 2009 ж.

Экология кафедрасының
меңгерушісі: п.ғ.к. _________________ Мухамединова Н.А.

Алматы – 2009
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысы:
___57___ беттен, ____10___ кестеден, ____12___ фотосуреттен, ____2___
қосымшадан, _27____ әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кілттік сөздер: Жалдап егу, Мексика технологиясы, эпидерма,
склеренхима, паренхима, хлоренхима, үлкен және кіші өткізгіш шоқтар,
ксилема, флоэма.
Жұмыстың орындалуы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті,
экология кафедрасы.
Зерттеу аймақтары: Зерттеуге Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми
өндірістік орталығында өсірілген күздік бидайдың Алмалы сорты алынды.
Әдістері: Зерттеу нысандарын фиксациялау спирт, су, глицерин (1:1:1)
қатынасында жүргізілді, анатомиялық құрылысы жалпыға бірдей қолданылатын
әдіс (Страсбургер әдісі) арқылы зерттелді, сабақтың және жапырақтың
көлденең кесіндісінен уақытша препараттар жасалды. Фото суреттер сандық
фотоаппаратпен түсірілді.
Жұмыстың мақсаты: Жаңа мексика технологиясы бойынша өсірілген күздік
бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық құрылысын өнімділік
мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.
Жұмыстың міндеті: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге
егілген күздік бидай сорттарының морфологиялық-анатомиялық құрылысын
айқындау; 2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген
күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау;
3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен
салыстырмалы түрде зерттеу. Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген
күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен
байланыстырылып Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..7
I. КҮЗДІК бидай өнімділігіне және морфо-
анатомиялық құрылысына
экологиялық факторлардың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...7
1.1 Күздік бидайға жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.2 Күздік бидайдың морфологиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
1.3 Күздік бидайдың анатомиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.4 Күздік бидай өнімділігіне экологиялық
факторлардың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 26
II. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ ... ... .32
2.1 Зерттеу
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...32
2.2 Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..33
III. ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3.1 Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге
егілген күздік бидай сорттарының
морфологиялық-анатомиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
3.2 Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған
жерге егілген күздік бидайдың морфологиялық-анатомиялық
құрылысы
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 42
3.3 Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін
бақылау вариантымен салыстырмалы
түрде зерттеу
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...47
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . .56
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Ғасырлар бойы дақылдардың ауыспалы егісін қолдану
арқылы, көң немесе компост ендіру және жабындық дақылдар өсіру жолдарын
қолдану арқылы топырақтың органикалық заттарының жоғары құрамы сақталып
отырған. Кейіннен бұл практика жарамайтын болып, оның орнына тез әсер
ететін химиялық тыңайтқыш қолданыла бастады, бірақ ол топырақ гумусының
бұзылуына әкеліп соқты. Топырақ құрылымы да бұзылып, өсімдіктер әлсізденіп
және химиялық тыңайтқышқа толық тәуелді болды. Жаңа жүйе адам және
ауылшаруашылығы жануарларының еңбек шығынын азайтуды компенсациялау үшін
топырақтың құнарлық резервін аямай пайдалануда.
Бүгін химиялық әдісті ұзақ уақыт қолданудың қауіптілігін көпшіліктің
қабылдауына орай, егіншіліктің альтернативті әдістеріне қайтадан
қызығушылық тууда. Химиялық тыңайтқышты қолдану және жерді үнемі жырту
салдарынан топырақтың құнарлығы жойылып барады. Химиялық тыңайтқыштар-
өсімдік және жер үшін өте зиян. Олар өсімдікті ауруға шалдықтырады және
топырақтағы барлық микроорганизмдерді жояды. Үздіксіз жыртылған жердің
құнарлығының төмендеуінің бірінші себебі жоғарғы гумус қабатының ұсақ
бөлшектері жыртылған уақытта шаң болып ауаға көтерілуінде, зерттеулер
барысында жыртылған аудандардың үстінде жиналған қалың қара қабат
бақыланған. Сондықтан, топырақты бастапқы қалпына келтіру үшін, қазіргі
уақытта жыртылмаған жерге егін егудің тиімділігі қайтадан қарастырылуда.
Бір жағынан жер жырту үшін кететін шығын үнемделсе, екіншіден, топырақ
құнарлығын қалпына келтіруге ықпалын тигізеді және қоршаған ортаның
ауасындағы шаң тозаңның азаюына мүмкіндік туады.
Жоғары өнім алу үшін егістікті жасыл тыңайтқышпен тыңайту керек.
Жоңышқаны жинап алған соң, тамырын жерде қалдыру керек, ол топырақты
азотпен байыта отырып, шіріген соң микроорганизмдер үшін өте жақсы азық
болады. Келесі жылы жерді жыртпай күздік бидай егіледі. Бидайды еккенде
арнайы агрегатпен грунтты 10см тереңдікке дейін дискілейді. Топырақтың
жоғарғы қабатындағы аэробты бактерияларға оттегі қажет, төменгі қабаттағы
анаэробты бактерияларды ауа өлтіреді, сондықтан жыртқан кезде грунт қабаты
аударылып, барлық микроорганизмдер жойылады. Синтетикалық тыңайтқыштан бас
тартып, орнына биопрепарат қолдану экологиялық таза продукт алуға мүмкіндік
туғызады [1].
Бірнеше жыл жерді жыртпай өңдеу нәтижесінде топырақтың жоғарғы бетінде
арамшөптер тұқымы мүлдем жойылған. Егінді жинап алғанннан кейін,
дискатормен өңдеу жүргізіледі, ол арамшөптерді құртады және жерді дән егу
тереңдігінде қопсытады, мұнда топырақтың табиғи дренажы сақталады және
топырақтың жоғарғы қабатына түскен аз мөлшердегі судың өзі топырақты
ылғалдайды. Топырақ бетіндегі үгітілген, шашылған өсімдік қалдықтары
топырақты құрғап кетуден, жарылып кетуден сақтайды, ал шіріген масса
топырақ құнарлығын арттырады. Он жыл ішінде гумус мөлшері 3,5 тен 4,9
бірлікке жеткен [2].
Жүгері және бидайды жақсартудың Халықаралық орталығының (СИММИТ)
мүшесі, бүкіл әлемге танымал Мексикалық ғалым Кен Сайре жетекшілігімен
Қазақстанда 2000- жылдан бері жалға себу (гребневой метод) әдісі
қолданылып келеді. Бүгінде көптеген аудандарда бидайды осы әдіспен өсіру
шаруашылықтарға ендірілуде. Бұл технологияның ерекшелігі бидай өнімділігін
айтарлықтай арттырады. Мексикада 25 жылдан бері бидай жалға себу әдісімен
өсіріледі, жерді жыртқанда арық және жал қалыптасады. Себу тек жалға
жүргізіледі, суғару арық арқылы жүзеге асады. Климаттық жағдайына
байланысты, Мексиканың бидай плантациясының 95%-ы осы әдісті қолдану
нәтижесінде гектарына 120 центнер алуда. Егіншілікте жоғары өнім басты
болса да, жоғары өнімділікпен ғана шектеліп қоймай, бұл технология тұқымды
және тыңайтқышты үнемдейді, гербицидті қажет етпейді. Себебі культивация
көмегімен бидай өзі арамшөпті жойып жібереді. Сондай-ақ, су арықпен
жүргізілетін болғандықтан 30 пайызға дейін үнемделеді.
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайына зиян келтірмей, топырақтың
құнарлығын сақтап, суды үнемдеп, экологиялық таза, сапасы және өнімділігі
жоғары бидай өсіру егін шаруашылығының алдына қойған мақсаты.
Ғылыми-зерттеу жұмыстың мақсаты-жаңа мексика технологиясы бойынша
өсірілген күздік бидайдың әртүрлі өсу жағдайында морфо-анатомиялық
құрылысын өнімділік мүмкіншілігімен байланыстырып зерттеу.
Міндеттер: 1. Жалға себу әдісімен өсірілген, жыртылмаған жерге егілген
күздік бидайдың сортының морфологиялық-анатомиялық құрылысын айқындау;
2. Мексика технологиясымен өсірілген, жыртылған жерге егілген күздік
бидайдың морфологиялық-анатомиялық құрылысы ерекшеліктерін анықтау;
3. Күздік бидайдың өнімділік мүмкіншілігін бақылау вариантымен
салыстырмалы түрде зерттеу.
Ғылыми жаңалығы: Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың
морфологиялық-анатомиялық көрсеткіштері өнімділікпен байланыстырылып
Қазақстанда бірінші рет зерттеліп отыр.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ЖӘНЕ МОРФО-АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІ
1. Күздік бидайға жалпы сипаттама

Бидай (Triticum) – астық тұқымдасына жататын аса маңызды дәнді дақыл
[3].

Бидай - бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-түлігі болып табылады және
көптеген елдердің экономикасында ерекше орын алады. Бүкіл дәнді дақылдардың
60% мөлшері бидайдан алынады [4].

Жер жүзінде бидай 235 млн гектар жерге себіледі. Бидай егісінің көлемі
жөнінін біздің еліміз әлемде бірінші орын алады, қазір біздің республикамыз
астық өндіруде еліміздің ірі орталығына айналып отыр.

Ал, бидайды көп себетін елдер қатарына Қытай Халық Республикасы, АҚШ,
Үндістан, Канада, Франция, Аргентина жатады. Европа елдерінде және АҚШ-та
күздік бидай көбірек себіледі. Аса бағалы бидайға, қатты және күшті бидай
түрлері жатады [5].

Өткен жылы Қазақстанда рекордтық астық жиналды. Экспорттық көрсеткіш
те жоғары. Әрине, оның ішінде Қостанай облысының үлесі қомақты [6-9].

Қазір біздің республикамыз астық өндіруде еліміздің ірі орталығына
айналып отыр. Соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі-ірі шаралардың нәтижесінде
ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі жылма-жыл артуда. Астық өндірісі
интенсивті жүргізіліп, астықтың жалпы түсімі әр гектардан алынатын өнім
молая түсуде [7-12].

Қазіргі таңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
Үкіметтің кезек күттірмес міндетінің біріне айналды. Бұл әлемдік азық-түлік
рыногында қалыптасқан жағдайдан туындап отыр. Соңғы уақытта дүние жүзінде
бұл мәселе өте ушығып, азық-түлік тапшылығы қатты сезілуде. Өткен жылы
әлемдік ірі астық экспортаушы елдерде болған қуаңшылық пен табиғи
апаттардың салдары күрделі проблемаларға ұрындырар түрі бар. Астықтың
бағасы күн сайын шарықтап өсуде. Халықаралық негізгі астық биржасында бір
тонна бидайдың бағасы 400 доллар [8].

Бидайдың вегетациялық кезеңдерге бөлу, өсімдіктің өсу және даму
ерекшеліетерін және оларға сыртқы экологиялық факторлардың әсерін білуге
мүмкіншілік туғызады.
Тұқымның бөртуі және өнуі. Егістік жағдайында вегетацияның бірінші
кезеңі, қолайлы жағдайда, егілген соң бірден басталады. Топыраққа түскен
тұқымды ылғал сіңірген соң күрделі физиологиялық және биохимиялық процестер
басталады. Ұрықта өзгерістер тез басталып, өскін мен тамыршалардың өсуіне
әкеледі. Дәнде болып жатқан өзгерістерге және жеке мүшелердің қалыптасуына
байланысты бөрту және өну кезеңі 5-ке бөлінеді: суды сіңіруі, бөртуі,
желімденуі, алғашқы ұрық тамырдың өнуі, өркеннің өнуі, өскіннің өсіп шығуы.
Тұқымның қарқынды бөртуі ең алдымен температуралық режимге және топырақтағы
ылғалдың мөлшеріне байланысты [9]. Егер ылғал жеткіліксіз болса, бөрткен
дәннің солып қалуы ықтимал [10]. Тұқымның бөртуі мен өнуі үшін дәннің
құрғақ салмағының 45-55%-дей су сіңірлуі керек [11].
Қолайлы жағдайда, ылғал жеткілікті, температура қолайлы болғанда дәнде
биохимиялық және физиологиялық процестер жүре бастайды. Ферменттер әсерінен
суда ерімейтін күрделі органикалық қосылымдар (крахмал, белок, майлар) суда
еритін жәй заттарға ыдырайды да қалқанша арқылы ұрыққа өтеді [12].
Эндоспермнен ұрықа келіп түскен қоректік заттардың арқасында ұрықтағы
тамыршаның ұшы және өркен (колеоптильден, бірінші және екінші жапырақтардан
және бүршіктен тұратын) көлемі ұлғайып, алдымен тамырша, одан кейін өркен
дәннің төменгі жақ қабығын жарып шығады. Бұл жағдай бөртудің аяқталуы,
өнудің басы. Ұрық тамыр тұқым қабығын жарып топыраққа тереңдейді, ал өркен
қарама-қарсы жаққа, демек жоғары жаққа қарай өседі. Біраз уақыт өткен соң
алғашқы жұп ұрық тамыр, одан кейін келесі жұп ұрық тамыр пайда болады,
көбінесе бидайда 5 ұрық тамыр дамыса, кей жағдайларда 3 тен 7-ге дейін
жетеді. Ұрық тамырлар өсуі мен қатар өркенде өсе бастайды, бірақ тамырға
қарағанда баяу өседі. Олардың қарқынды өсуіне топырақтың ылғалдылығы,
температура, тұқымдағы қоректік заттар қоры және басқа да факторлар әсер
етеді. Бөрту және өну кезеңінің аяқталғанын өркен біз тәрізді болып топырақ
бетіне көрінгенінен байқауға болады. Бұл уақытта ұрықтық тамыр 10-15 см
тереңдікке енеді [10-15, 16].
Топырақ бетіне колеоптиль және алғашқы жапырақ шыққаннан соң өскін
кезеңі басталады. Колеоптиль жапырақты топырақ бетіне шыққанша, механикалық
зақымданудан сақтайды. Топырақ бетіне шыққан соң колеоптиль өнуін тоқтатып,
оның түтігінен біз тәрізді, ширатылған жарық көрінеді. Колеоптильден
айырмашылығы алғашқы жапырақ хлорофилл әсерінен жасыл түке боялған [13].
Қолайлы жағдайда, алғашқы жапырақ пайда болғаннан бастап 7-15 күнде
өзінің өсуін тоқтатады. Алғашқы жапырақ жазылып жайылған соң 3-7 күннен
кейін оның қойнауынан екінші жапырақ, содан кейін 3-6 күн өткен соң үшінші
жапырақ пайда болады. Қалыпты жағдайда әрбір жапырақ ізінен бұрын пайда
болған жапыраққа қарағанда көлемі ұлғая береді [14].
Жапырақ өсуі мен қатар тамыр жүйесі де дами түседі: ұзарып, жуандап,
тармақтала бастайды. Осы кезде түптену түйіні қалыптасады. Алғашқы жапырақ
топырақа бетіне шыққаннан бастап ұрықтың бүршігі тамырлық буынаралық
арқасында ұрықтың негізінен және колеоптильден жоғары көтеріле бастайды.
Бұл процес екінші және үшінші жапырақ өсу барысында қарқынды жүреді.
Төртінші жапырақ пайда болғанда тамырлық буынаралық өсуін тоқтатып, оның
жоғарғы жағында орналасқан бүршіктер жайлап ұлғая береді, бұл үлейген түйін-
түптену түйіні. Түптену түйіні пайда болғанда, колеоптиль түгелімен құрайды
[15].
Үшінші жапырақтың өсуі кезенде және тамырлық буынаралықтың қарқынды
дамуында, бүйірлік өркендердің өсу нүктелері дамуын бастайды. Кейбір
зерттеушілер бұл кезді өз алдына бір кезең- үшінші жапырақтың пайда болу
кезеңі деп қарайды. Жалпы өскін кезеңінің ұзақтығы 15-25 күнге созылады
[16].
Түптену кезеңінің басталғанын төменгі жапырақ қойнауынан алғашқы
бүйірлік өркен көрінуінен байқауға болады. Ол негізгі сабақтың алғашқы
жапырағының қынапшасында жатқан бүршіктен пайда болады. Алғашында бүйірлік
өркен түтікше тәрізді ширатылған жапырақ түрінде көрінеді, оның ішінде
бүйірлік өркеннің жапырағы өскеннен кейін, негізгі өркеннің екінші
жапырағының қойнауында жатқан бүршіктен екінші бүйірлік өркен шығады.
Қолайлы жағдайда, күздік бидай негізгі өркеннің жапырақтарындағы
бүршіктерден ғана емес бүйірлік өркендердегі бүршіктерден бүйірлік өркендер
шығара алады. Бұл бүршіктерден екінші реттегі бүйірлік өркендер дамиды. Ал,
осы екінші реттегі бүйірлік өркендердегі бүршіктен үшінші реттегі бүйірлік
өркендер, кейін төртінші реттік өркендер шығуына мүмкіншілік бар. Жасанды
жағдайда 300 сабаққа дейін алуға болады. Егістік жағдайында, әдете 5-7
өркен қалыптасады, ал геркеш егілсе үшеу, кейін біреу ғана болуы мүмкін
[17].
Бүйірлік өркендер өздерінің түптену түйіндерінің негізгі сабақтың
түптену түйініне жақын салады, сондықтан оларды ажырату қиын. Бір өсімдікте
қалыптасқан сабақтар саны түптену коэффициенті деп атайды. Түптену кезінде
бүйірлік өркендер қалыптасуымен қатар тамыр жүйесінің даму қарқынды жүреді.
Қысқа дейін ұрықтық тамырлар 100 см-ге тереңдеп, 30-40 см-ге тармақталып
тарайды [18].
Түптену кезеңінде жанама тамыр жүйесі қалыптасады. Алғашқы тамырдан
өзгешелігі жанама тамыр жүйесі түптену түйінінен дамиды. Олар алғашқы тамыр
жүйесімен қосылып, өркенді ылғалмен және қореқтік заттармен қамтамасыз
етеді. Соңғы, қосалқы тамыр жүйесі кейінірек дамыса да қолайлы жағдайда,
тез тармақталып, алғашқы ұрық тамыр жүйесімен бірге шашақ тамыр жүйесін
құрайды [10-16].
Түптену немесе сабақтану кезеңі. Түптену кезеңінде бүйірлік өркендер
қалыптасумен, алғашқы және жанама тамыр жүйесі және жапырақтардың дамуымен
қатар негізгі өркен және бүйірлік өркендер қалыптасады. Түптену кезеңінің
соңына қарай болашақ өркеннің барлық мүшесі қалыптасып өсімдікте
пластикалық заттар қоры жеткілікті болса, сабақ өсе алады. Өркеннің өсуі
төменгі буынаралықтың ұзаруынан басталады. Ол түптену түйінінен жоғарырақ
орналасқан. Алдымен негізгі сабақ, кейінірек бүйірлік өркен сабақтары
өседі. Бірінші буынаралықтың төменгі және жоғарғы буындарының меристемалық
клеткалары бөлінуі және олардың созылуы нәтижесінде бірінші буынаралық
қалыптасады. Оның ұзындығы, әдете 3-4 см, кейде 7-10 см-ге жетеді, қарқынды
өсуі 5-6 күн, 10-15-ші күндері өсуі тоқтайды.
Бірнеше күн өткен соң, бірінші буынаралық қалыптасқаннан кейін, екінші
буынаралық өсе бастайды. Бірақ, оның қарқынды өсуі, тек бірінші
буынаралықтың өсуі бәсеңдегенде ғана, 4-6 күнге созылады. Осыдан кейін
келесі буынаралықтар қалыптасады. Өркен 5-6 буынаралық құрайды. Бүйірлік
өркенде көбіне 3-4 буынаралық болса, негізгі өркенде 5-7 буынаралық
түзіледі. Аса қолайлы жағдайда, күздік бидай 10 буынаралық түзуі мүмкін [10-
16].
Түтіктену кезеңінің аяқталуын соңғы, яғни ең жоғарғы жапырақ
қойнауынан масақтың көрінуінен білуге болады. Бірақ, өркен қарқынды түрде
өсе отырып, гүлдеу кезеңінде ғана максималды шегіне жетеді. Бұл кезеңде
өркеннің өсу қарқындылығы әр түрлі, бірінші буынаралықтың тәуліктік өсуі
0,5-1,5 см болса соңғы буынаралықтар күніне 5-6 см-ге дейін өсе алады.
Буынаралықтың ұзындығы төменнен жоғарыға қарай арта береді. Соңғы
буынаралық ең ұзын және көбінесе басқа барлық буынаралықтарды қосқанда,
оның ұзындығы артық болады. Сабақ ұзындығы өсу жағдайына және сорттық
ерекшеліктерге байланысты 50-ден 150см-ге дейін ауытқиды. Бүйірлік өркендер
сабағының ұзындығы негізгі өркендер сабағынан қысқа [15-17].
Сабақтың ұзаруымен, масақтың дамуы қатар жүреді де, түптену кезеңі
аяқтала масақтағы масақшалардың бүкіл мүшелері толық түзіледі. Түтіктену
кезеңінде өркен жапырақтарының өсуі нәтижесінде олардың ассимиляциялық
көлемі артады. Жапырақтың үлкен қынапшалары сабақты, буынды тығыз қоршап,
механикалық зақымдардан және зиянкестерден сақтайды. Жапырақ тақтасы бүкіл
түтіктену кезеңінде үлкейіп, гүлдер кезеңінде тоқтайды. Түтіктену кезеңі
алғашқы және соңғы тамыр жүйесінің қарқынды өсуімен сипатталады. Тәуліктік
өсу бұл кезде 2-3 см, кезең соңында алғашқы тамырлар 1,5-2,5 см, ал қосалқы
тамырлар 7-100 см-ге тереңдейді. Түптену кезеңіне қарағанда, түтіктену
кезеңі ұзаққа созылады, өсу жағдайына байланысты 20-25 күннен 30-35 күнге
дейін созылады. Күздік бидайдың түтіктену кезеңінде қарқынды өсуі көптеген
факторларға, әсіресе температуралық режимге тәуелді [15-17].
Масақтану кезеңі соңғы жапырақ қолтығынан масақтың көрінуінен
басталады. Масақтар негізгі өркенде бірінші пайда болып 1-3 күннен соң
жанама (бүйірлік) өркенде байқалады. Бір өсімдіктің өзінде масақтану 3-4
күнге созылса, егісте 5-6 күнде өтеді. Егер егіс сирек және өсімдікте 3-4
өнімді өркен болса, масақтану 7-8 күнге созылуы мүмкін [18].
Гүлдеу және ұрықтану кезеңі күздік бидайда гүлдеу масақтанғаннан кейін
2-3 күннен соң басталады. Гүлдеу масақың төменгі масақшаларынан басталып,
жоғарға қарай масақ бойынша таралады. Бір масақтың гүлдеу ұзақтығы 3-5
күнге, егісте 6-7 күнге созылады. Көпшілік гүл гүлдеу басталғаннан соң 2-3
күн өткен соң ашылады. Қолайлы кезде бидай күні бойы гүлдейді, бірақ,
әсіресе нағыз гүлдеуі таңертеңгі 7-ден 11-ге дейін, кешке 17-ден 22-ға
дейін [18].
Бидай өздігінен тозаңданатын өсімдікке жатады, бірақ, кейде айқас
тозаңдануы да мүмкін. Масақта гүлдер ашық гүлдік қауашақта гүлдейді.
Бидайдың тозаңы аналық аузына түспеген кезде өмір сүру қабілетін тез жояды,
ал аналық аузы аталықты қабылдау қабілетін 6-8 күн сақтайды. Ауа-райына
байланысты қауашақтың айрылатын бұрышы 25-40º болады, одан кейін аталық
жібі өсе отырып, тозаңдықты көтере гүл қауашағының жоғарғы шегі деңгейіне
жеткенде, олар жарылады. Аталық тозаңдардың үштен бір бөлігі гүлдің ішіне
түсіп, қалғаны маңайына шашылады. Гүлдің ішінде қалған тозаңдар аналық
аузына түсіп, ол желім тәрізді сұйықтықта өсе бастайды [19].
Н.Н.Кулешов гүлдеу және ұрықтану кезеңіне сипаттама бере отыра, осы
кезеңде тіршілік циклы екі периодқа вегетативті және репродуктивті бөлінеді
деп санайды [20]. Бидай өсімдігінде өтетін, ұрықтанғаннан кейінгі барлық
процестер-ұрпақ құруға бағытталған; ұрықтың қалыптасуы, дәннің толысуы және
пісуі. Вегетативті массаның өсуі тоқтайды, тамырлық және төменгі сабақтық
жапырақтардың қурауы нәтижесінен, вегетативті салмақтың жалпы мөлшері
төмендейді және де нашар дамыған бүйірлік өркендер қурайды. Тамырлар
сүттеніп пісуге дейін дамуын жалғастырады, дегенмен ұрықтанғаннан кейін
олардың өсуі, алғашқы кезеңдермен салыстырғанда, күрт төмендейді [14-
15,21]. Масақтану, гүлдеу және ұрықтану кезеңдерінің жалпы ұзақтығы 5-12
күнге созылады. Ауа-райының салқын, бұлтты және жауынды болуы кезеңді
ұзартса, ал құрғақ және ыстық болғанда қысқарады.
Дәннің қалыптасуы ұрықтанғаннан кейін бірден басталып, алдымен дәннің
қабығы мен эндосперм түзіледі. Жапырақтар мен сабақтан келген пластикалық
заттардың дәнге түсуінен оның көлемі ұлғаяды. Қолайлы жағдайда,
ұрықтанғаннан кейін 10-12 күн өткенде қабықтардың және эндоспермнің
қалыптасуы аяқталады, дән қалпына келіп, жетілген дән сияқты, бірақ ені
үлкенірек болады. Кезеңнің басында қалыптасып жатқан дән – оған келіп
түскен ерітінділердегі хлорофилл дәндері арқасында, жасыл түске ие.
Кезеңнің соңына қарай ол жасыл түсін жоғалтып, сүт сияқты ақ түске ие
болады. Әдетте, осы көрсеткішке байланысты дәннің қалыптасу кезеңінің
аяқталғанын анықтауға болады [13-20].
Сүттеніп пісу кезеңі. Ұрықтанғаннан кейін дәннің ішіндегісі сүт
сияқты сұйықтық қалпына келеді. Пластикалық заттар түсе келе ол қоюланып,
дене түстес болады. Сүттеніп пісу кезеңі дәнде пластикалық заттардың
қарқынды жиналуымен сипатталады. Дәнде құрғақ заттар жиналуымен қатар, онда
ылғал мөлшері азаяды. Судың азаюы, толысқан дәнде коллоидтар тез қоюланып
және ферменттер әсерінен еритін қосылыстар ерімейтін қосылыстарға айналып,
эндоспермге жинақталуын қамтамасыз етеді. Сүттеніп пісуі кезеңінде
вегетативті масса тез қурап, кезеңнің соңына қарай тек ең жоғарғы жалауша
жапырақ қана жасыл түсін сақтап қалады. Дәннің сүттеніп пісуінің ұзақтығы
ауа-райы жағдайына байланысты 10-12, кейде 18 күн.
Кейбір зерттеушілер дәннің қамыр тәрізді қалыпқа келген кезін, жеке
қамырланып пісу кезеңі деп қарастырады. Бұл кезде пластикалық затардың
келіп түсуі біртіндеп бәсеңдеп, дәннің ылғалдық салмағы судың азаюынан 40%-
ке дейін төмендейді. Бұл кезең ұзақтығы 5-8 күн [14-21].
Балауызданып пісу кезеңі. Дәннің ішіндегісі балауыздана бастағаннан
балауызданып пісуге өткені сипатталады. Кезеңнің басында дән сарғыш түсті
болса, соңына дейін сары түске ие болады. Бұл кезеңде күлді заттардың дәнге
келіп түсуі толығымен тоқталып, көмірсулар мен азотты заттар жиналуы күрт
төмендейді. Кезеңнің соңында дәннің ылғалдылығы 20% болады. Кезеңнің
ұзақтығы сорт ерекшеліктеріне байланысты 5-6 күннен 8-10 күнге созылуы
мүмкін [10-20].
Толық пісіп жетілуі – бұл кезде дән әбден піседі. Дәннің ылғалдылығы
төмендеп 20%-ке жетеді және одан төмендегенде жеміс сабақ құрайды, дәннің
аналық өсімдікпен байланысы үзіледі [12-25].
Өсімдіктің даму кезеңдері барысында, өсу процесінің өзгерістері
негізінен жаңа қасиеттер, жаңа сапа қалыптасып, мүшелер түзіледі. Жаңа
мүшелердің түзілуі, өз кезеңінде, өсімдіктің өсуі мен дамуының келесі
кезеңдерінің өтуіне қажетті жағдай болып табылады.
Күздік бидай өсімдігі басқа мәдени өсімдіктер тәрізді органогенездің
12 этапынан өтеді, олардың әрқайсысы белгілі мүшелер түзілуі мен өсуін
сипаттайды. Ф.М.Куперманның көп жылдық зерттеулері бойынша органогенез
кезеңдерінің шекаралары анықталған, өсімдіктің стадиялық дамуы мен бақылау
кезеңдерінің олар арасындағы байланысы орнатылып, органогенез кезеңдерінің
өтуіне сыртқы ортаның жеке факторларының ролі айқындалған [16].

2. Күздік бидайдың морфологиялық құрылысы
Астық тұқымдасы (Poaceae) ішінде басқа туыстарға қарағанда бидай
(Triticum L.) ерекше айрықшаланады. Ол көптеген түрлерден, түршелерден,
экологиялық типтер мен формалардан құралған. Бидайдың барлық түрлері
біржылдық шөптесін өсімдіктер. Тамыр жүйесі мейлінше тармақталған шашақ
тамырлы. Ұрықтан дамыған алғашқы тамырлар және түптену түйінінен дамыған
қосалқы тамырлар шашақ тамыр жүйесін құрайды. Әртүрлі экологиялық
жағдайларға байланысты бидай тамыр 1,5-2м-ден аса тереңдікте дамуы
мүмкін[10-15].
Бидайдың толық қалыптасқан сабағы түзу, иілімді, жұмыр пішінді, ортасы
қуыс. Бидайдың сабағы 5-7 буынаралықтан тұрады. Сабағының ұзындығы түрге,
сортқа, өсу жағдайына байланысты әртүрлі, 50-ден 200 см. Бидай өсімдігі
бірнеше сабақ түзуге қабілетті: түптену түйініндегі бүршіктен көптеген
қосымша сабақтар дамиды[14-12].
Бидай жапырағы қынаптан және жапырақ тақтасынан тұрады. Қынаптан
тақтаға өтетін жерде жұқа түссіз қабықша-тілше деп аталады. Тілше сабаққа
тығыз қабысады да, қынапшаға судың өтуіне кедергі жасайды. Жапырақ
қынабының негізінде түтікті құлақша орналасқан, ол сабақты орай орналасады.
Бидай жапырағының тілшесі қысқа, құлақшасы онша үлкен емес, түктері жиі.
Бидай өсімдігі түп жапырақтарын және сабақтық жапырақтар түзеді. Түптенген
өсімдік вегетация кезеңінде 7-ден 12-ге дейін жапырақ түзеді. Түптенуі өте
жоғары өсімдік вегетация кезеңінде 100 жапыраққа дейін түзуі мүмкін[15-16].
Гүл шоғыры – масақ, ол өзектен және масақшалардан тұрады. Масақ өзегі
буынды, әрбір буынында бір-бірден масақша орналасқан. Масақша екі
масақшалық қабыршақтан, бір немесе бірнеше гүлден тұрады. Әр гүлде екі
гүлдік қабыршақ болады – төменгі (сыртқы) және жоғары (ішкі). Төменгі
масақшалық қабыршақтан қылтанағы бар сорттарда қылтанақ шығады. Гүл
қабыршағында түйін екі қауырсынды аналықтан және үш аталықтан тұрады.
Түйінде екі түссіз қабық-лодикула орналасады[3-8].
Бидай жемісі – дәнек, әдетте дән деп аталады Дәннің мөлшері түрге,
сортқа және өсіп жетілуіне байланысты: ұзындығы 4-8 мм-ге дейін, ені 1-2,2
мм-ге, қалыңдығы 1,5-3,5 мм-ге дейін ауытқиды. Бір дәннің салмағы өсу
жағдайына және сортық ерекшеліктерге байланысты 15-тен 88 мг-ға дейін болуы
мүмкін. Жетілген күздік бидайдың дәні ұрықтан, эндоспермнен және қабықтан
тұрады. Дәннің 77-84%-н эндосперм, 2-4%-н ұрық, 14-20%-н алейронды қабық
қабаты құрайды5-10. Бидайдың дәні екі қабықпен (жемістік және тұқымдық)
қапталған. Жемістік қабық аналықтың қабырғасынан дамыған үш қабықттан
тұрады – ұзын, көлденең және түтікті. Ұзын қабатындағы ұзарған
клеткалардан, яғни дәннің ұшынан кішкене айдарша дамиды.
Тұқымдық қабық тұқым бүршік қабырғасынан дамып, жемістік қабықтың
астында орналасады. Ол да үш қабықтан тұрады: сыртқы (су өткізбейтін), ішкі
(пигментті) және гиалинді (бөртетін). Жемістік және тұқымдық қабықтар
дәннің ішіндегі заттарды сыртқы экологиялық факторлар әсерінен,
зақымданудан сақтайды[10-11].
Қабық астында, дәннің төменгі бөлігінде ұрық орналасқан. Кейбір
жағдайда дәнде ұрық болмайды, ол астық тұқымдастарға тән қосарлы
ұрықтанудың бұзылуы нәтижесінен[12].
Ұрық-алғашқы ұрық тамырлардан, ұрықтық өркеннен, колеоптильден,
эпибластан және эндоспермді ұрықтан бөліп тұратын қалқаншадан тұрады.
Қалқанша астық тұқымдастардағы жалғыз тұқымжарнақ. Бидай дәнінің 95%
қоректік заттары эндоспермде жиналған. Эндосперм құрылысы жағынан біркелкі
емес, сыртқы қабаты қабыққа қабыса орналасқан – алейронды, ішкі бөлігі –
ұнтақты. Алейронды қабат бір қатар ірі клеткадан тұрады, қалыңдығы 20-70
мкм-ге дейін өзгереді. Алейронды қабаттан кейін эндоспермнің ұнтақты бөлігі
орналасқан, оның клеткалары ірі, өте жұқа қабықты[10,15-21].
Егіске бидайдың жұмсақ және қатты түрлері қолданылады. Екі түрдің де
жаздық, жартылай күздік және күздік формалары бар. Бір туыстықта болғанымен
қатты және жұмсақ бидайлар арасында бірнеше морфологиялық белгілері бойынша
айырмашылықтар бар. Жұмсақ бидай экологиялық жағынан бейімділік қасиеті
басым түрге жатады. Ол әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделгендіктен
бүкіл жер шарының барлық континенттерінде өсірледі. Жұмсақ бидай үлкен
экологиялық мүмкіншілікке ие[13]. Қатты бидай еліміздің тек солтүстік
аудандарында егілетін болса, ал жұмсақ бидай барлық аудандарда кең
таралған. Күздік бидай қар жабыны тұрақты болатын, қысы жылы оңтүстік
аудандарға тән болса, жаздық бидай континентальды климатты барлық жерлерде
өндіріледі. Көбінесе егіске жұмсақ бидайдың күздік сорттары алынады.
Тамыры. Бидай өсімдігінің тамыры екі түрлі болады. Тұқым өніп
шыққанда жас өсімдікте ұрық тамырлары түзіледі. Қосымша тамырлар немесе
буын тамырлары әдетте бесеу, колеоптильдік тамырлар біреу-екеу болады, буын
тамырларының саны ауа райына, топырақ жағдайларына қарай өте өзгеріп
отырады. Ұрық тамырлар әрқашан да жіңішке, диаметрлері бірдей, бүйір
тармақтары бар және олар бүкіл вегетациялық кезең бойы қызмет атқарады.
Ұрық тамырының негізі дәнде астық тұқымдастар сүттеніп пісуінің
бастапқы кезеңінде, бірінші жұбы - сүттеніп пісудің басы мен орта
кезеңінде, екінші жұбы- сүттеніп пісудің соңы мен балауызданып пісудің
бастапқы кезеңінде түзіледі. Балауызданып пісудің ортасы мен соңында
колеоптильдік тамырдың меристемалық ошақтары оқшалауланады. Буын тамырлары
негізгі өркенде жаздық бидайдың 1-4 жапырақтары, күздік бидайдың 1-8
жапырақтары бекінетін жерден жоғарырақта түзіледі. Тамыр жүйесі жалпы
алғанда жаздық бидайда тұқым көктеп шыққаннан кейін 30-40 күн өткен соң,
күздік бидайда 50-60 күн өткен соң толық қалыптасады.
Барынша тармақталған шашақ тамыр системасы жан-жағына 15-25 см
қашықтыққа дейін жайылып, жаздық бидайда топыраққа 60-90 см дейін және
күздік бидайда 200 см дейін тереңдеп өсе алады. Тамырдың тармақталу және
өсу тереңдігі негізінен алғанда топырақ асты жағдайларына, ылғалдылық пен
аэрацияға, сонымен қатар тыңайтқыштың қолдануына байланысты. Едәуір терең
бойлап өсетін алғашқы тамырға қарағанда кейінгі тамырлар өсімдікті ылғал
және қоректік заттармен қамтамасыз етумен қатар, белгілі дәрежеде оған
тірек болады да, айтарлықтай орнықтылық береді.
Тамырдың барлық түрлерінде үш учаске байқалады. Тамырдың ұшындағы
неғұрлым жас бөлігінде тамыры түктері болмайды. Одан кейін жас, бірақ
клеткаларының өсуі тоқталған аймақ келеді: оны қалың тамыр түктері жауып
жатады. Үшінші - ерте тозданған клеткалар аймағында да түктер болмайды.
Түктер тамырдың су сіңіруін барынша арттырады, сондықтан екінші аймақ
физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда ең активті аймақ болып саналады.
Дала жағдайында алғашқы және кейінгі тамырдың астықтың түсімін
қалыптастырудағы ролі климаттық жағдайларға байланысты және ол өте
ауытқымалы келеді. Қуаңшылықты жылдары астықтың түсімі тұтасымен алғанда
ұрық тамырларының арқасында қалыптасады, ал неғұрлым ылғалды жылдары -
кейінгі тамырлардың ролі арта түседі. Агрофонды жақсарту, суару
тамырлардың астық түсімін қалыптастырудағы ролін арттырады.
Мол түсімді бидайдың сорттарында бір яруста көптеген буын тамырлары
болады, ярустар саны аз болғанның өзінде буын тамырларын көп түзеді,
тамырының өсу қарқыны жоғары болады.
Сабағы (сабаны). Сабақ дегеніміз - бидайдың өнім түзуге қатысатын
мүшелерін көтеріп тұратын орталық осі. Сабақ жапырақтардың, масақ өзегінің,
жанама өркендерінің, қосалқы тамырдың қалыптасуына тікелей қатысады.
Сабақта мүшелерді бірыңғай жүйеге біріктіріп, заттар айналымын қамтамасыз
ететін өткізгіш тканьдер орналасады. Дән байлау кезінде пайдаланатын қор
заттары да сабақта жиналады. Ол сондай-ақ ассимиляциялық қызмет атқарып,
құрғақ заттардың түзілуіне қатысады.
Бидайдың сабағы тік өседі, цилиндр пішінді келеді, ол буындар мен
буын аралығынан тұрады, әдетте беті тегіс, қалыпты өскен сабақ буындар мен
буын аралықтарынан тұрады. Бидай сабағының әдетте жер бетінде 5-6 буыны
болады: буын аралығы сабақтың төменгі жағында қысқа болады. Сабақ жер
астындағы бірінші буын аралығынан өсе бастайды да, кейінгілеріне тарала
береді, мұндай екінші буын аралығы өсу жөнінен бірінші буын аралығын,
үшіншісі - екіншісін басып озады және т.с.с. Сонымен, барлық астық
тұқымдастар секілді бидайдың өзіне тән ерекшелігі - онда бірнеше өсу
нүктелерінің болуы. Олар әрбір буын аралығының түбіндегі буын үстінде
орналасқан. Жоғарғы буын аралығы төменгі буын аралығынан 6-12 есе ұзын
болады.
Бидайдың көптеген сорттарының буын аралықтары қуыс болса, бунақтары
бітеу, олардың іші толы болады. Алайда кейбір сорттарда буын аралықтарының
да іші бітеу келеді.
Өсімдіктің биіктігі (сабағының ұзыындығы) генетикалық негізге
байланысты, бірақ көп ретте сыртқы орта жағдайына да тәуелді болады.
Өсімдік биіктігінің бидай өндірісінде өте зор маңызы бар, өйткені ол
дақылды жинау әдісі мен оның ауыр-жеңілдігі соған да байланысты болады,
сонымен қатар оның дақылдың құлап жатып қалуына да қатысы бар. Жерге құлап
жатып қалмайтын көптеген сорттардың аласа әрі мықты сабағы болады.
Түптену фазасында негізгі сабақпен бірге жанама өркендер де жетіледі.
Негізгі сабақта буындардың екі тобы болады: жер асты (негізгі) және жер
беті (сабақ) буындары. Күздік бидайда 8 негізгі буын болады. Төменгі буында
колеоптиль, қалған 3-4 буында негізгі жапырақтар жетіледі. Бидайда
колеоптиль мен бірінші негізгі жапырақ (эпикотиль) арасында буынаралығы
бұрын қалыптасады, ол буын аралығы біраз ұзарып, негізгі буынды жер бетіне
жақындата түседі.
Негізгі жапырақтың бүршіктерінен түптену өркендері өсіп жетіледі.
Түптену өркендерінің морфологиялық құрылысы негізгі сабақтың құрылысына
ұқсас, яғни олардың да колеоптилі, негізгі және сабақ буындары мен
жапрыақтары болады. Жанама өркендерде негізгі сабаққа қарағанда жапырақ аз
болады. Олар негізгі жапырақтардың есесінен кемиді: бірінші негізгі буынның
өркенінде - екеуі кем болады және т.с.с. Екінші қатардың өркендері де
осындай тәртіппен үшінші қатардың өркендереін, ал соңғылары төртінші
қатардың өркендерін түзе алады және т.с.с. Түптену фазасында тамыр
системасы мен ассимиляциялық аппарат-жапырақтар жедел өсе бастайды. Осыдан
кейін ғана көзге көрінетін фаза - сабақ шығару басталып, сабақ өне
бастайды.
Бұдан буынаралық қалыптасқан сабақ бастамасы өсімдіктің өсуін
күшейтіп, буын аралықтарын ажыратады. Әдетте негізгі сабақ жанама
сабақтардан күштірек жетіледі. Жоғарғы жапырақтан масақ шыға бастау сәтінде
өсімдік үшінші фаза - масақтану фазасына өтеді, сабақ пен жапырақтар
өзінің өсу шегіне жетеді және бұл күнде олардың өсуі толық дерлік
тоқталады.
Жапырағы. Жапырақ бидайдың негізгі ассимиляциялаушы мүшесі. Ол
жапырақ тақтасына және сағақты қамтитын қынаптан тұрады. Негізгі жапырақтар
сабақта екі қатар болып орналасады. Әр жапырақ өзінен жоғары және төмен
орналасқан жапырақтарға 1800 бұрыш жасай орналасады.
Қалыпты қынап сабақтың төменгі 2\3 бөлігін жауып тұрады, ал қолайсыз
жағдайларда масақ қынаптан толық ұзарып шықпайды. Әрбір қынап буынға дейін
бойлап бөлінген.
Жапырақ тақтасына сызықты және параллель жүйкелену тән, бұл жағдай
бүкіл grammineal тұқымдасына ортақ. Жапырақтың үстіңгі бетінде бірқатар
бойлық қырлар пайда болады, олар өткізгіш шоқтардың үстіңгі жағына
орналасқан тканьдерден түзілген. Ортаңғы жүйке тақтаның астыңғы бетінен
көрініп тұрады. Тақтаның екі бетінеде де устьицелер болады, устьицелер
астыңғы бетіне қарағанда үстіңгі бетінде көбірек болады. Жапырақ тақтасының
төменгі бетінде қыр болмайды және ол үстіңгі бетіне қарағанда әдетте
едәуір тегіс келеді.
Масағы мен дәнегі. Дақыл түптене бастаған кезде масақ қалыптасады.
Бидайдың гүлшоғы – масақ. Жапырақ ішіндегі қынап сабағының өсуіне қарай
масақ қалыптасады да, осыдан сыртқа шығады (масақтанады). Оның негізгі
қылтанағы (өзегі) – иректелген, тіс тәрізді ол бірқатар қысқарған буындар
мен буын аралықтарынан тұрады.
Өзектің әрбір буын аралығы түбіне қарай тарылып, ұш жағына кеңейеді.
Масақ жетілмеген, түрі өзгерген өркенге айналған масақшалардан тұрады
(Barre, H.T., 1945). Бидайдың масағы – қондырма масақ. Масақшада үштен
беске дейін гүл болады. Жоғары гүл әдетте рудименттік мүше. Әр масақ
бүйірінен бір-екі масақ қауызымен оранған, ал әрбір гүлдің сыртқы және ішкі
гүл қауызы бар. Гүлдің ішіне үш аталық және екі ауызды аналық орналасқан.
Гүлдің ең түбінде шағын екі пленка – лодикул орналасқан. Гүлдеу кезінде
олар ісініп, гүл ашады. Гүлдеп болған соң лодикул соады. Тозаңқаптың пішіні
жебеге ұқсайды: оның әрқайсысы гүлге жіңішке аталық жіпшесімен бекінген.
Масақтың және гүл қауызының хлорофильді ткані, түтік шоғы және устьицелері
болады. Сондықтан олар ассимиляция және булану процестеріне қатысты.
Масақтанудың соңын ала гүлдеу процесі басталады. Ең алдымен масақтың
ортаңғы бөлігінің гүлдері, одан соң төменгі және жоғарғы бөліктерінің
гүлдері гүлдей бастайды. Тозаңқабы ең жоғарғы шегіне жетіп, сарғаяды, ал
бұл кезде аналық та жайылып өседі.
Бидай масағы өзінің пішіні, ұзындығы, ені және тығыздық дәрежесі
жағынан әр түрлі. Олардың ұршық, түйреуіш, призма, цилиндр тәрізді және
басқа да пішінділері кездеседі.
Бидай негізінен өзін-өзі тозаңдайды, алайда олардың айқас тозаңдануы
да мүмкін, кейбір сорттарда аукроссинг 4 процентке жетеді және одан да
асады (Марко, 1978).
Бидайдың дәнегі ұсақ, құрғақ келеді, оның жылтыр дажұқа және жеміс
табы (перикарпийі) бар өзі бір тұқымды жеміс болып табылады. Ол ұрықтан,
эндоспермнен және қабықшадан тұрады.
Дәнек қабықшасы бірігіп өскен жеміс қабы және тұқым қауызы болып
табылады. Жеміс қабы төрт қабаттан тұрады.
Жеміс қабықшасының қалыңдығы бидай сорты мен өсу жағдайына байланысты
өзгеріп отырады. Солтүстіктегі агроэкологиялық топтарға қарағанда едәуір
жұқа болады. Ірі дәндердің қабықшасы едәуір қалың болады.
Тұқым қауызы үстіңгі және астыңғы қабаттан тұрады. Үстіңгі қабатта
айқасып келетін клеткалардың екі қатары болады. Үстіңгі қатар қабықшасы
жұқа, ұзарған, түссіз немесе сарғыштау клеткалардан, ал астыңғы қатар
едәуір қалың қабырғалы клеткалардан тұрады. Қызыл дәнді бидайларды астыңғы
қабат клеткаларының дәнге түс беріп тұратын қоңыр немесе қызыл-қоңыр
пигменті болады, ал дәнді бидайда бұл қатар сары түске боялған.
Эндосперм алейрон қабатын түзетін, белокты және крахмалды заттар
түзетін екі тканьнен тұрады. Алейрон қабаты тікелей дән қабатының астыңғы
жағында болады да, призма тәрізді қалың қабырғалы клеткалардың бір
қатарынан тұрады. Оларда күңгірт түске боялған белокты зат-алейрон дәндері,
кейде майда тамшылары болады, крахмал мүлде болмайды.
Ұрық дәнек бөлігінің кемінде 1 ∕6 -інен 1 ∕ 4 –іне дейінгі және одан
да көп көлемін қамтиды. Ол эндоспермнен ерте жетіледі және осыған орай
тіпті эндосперм семген күйіндее де қалыпты шамасына жетеді. Ұрық дәнектің
сырт жағына бұрыш жасай орналасады. Тамыршаның ұшы орналасқан төменгі ұшы
дәнектің гүл түбіне бекінетін жапырақшасының үстіңгі жағынан сәл шығып
тұрады. Ұрықта бүршік, тамырша, қалқанша және эпибласт болады.
Бүршік сабақтың (эпикотиль) өте қысқа бөлігінен және 2-4 жапырақшадан
тұрады. Бірінші жапырақ (колеоптиль) қалған жапырақтарды қоршаған. Ол өскен
кезде ұшы үшкір де қатты тысқа (қалпақшаға) айналады да, соның жәрдемімен
жас өскін топырақатң механикалық кедергісін жеңіп шығады[15].
3. Күздік бидайдың анатомиялық құрылысы

Бидайдың толық қалыптасқан сабағы түзу, иілімді, жұмыр пішінді, ортасы
қуыс немесе паренхимамен толтырылған, сыртқы беті тегіс болып келеді. Сабақ
буындардан және буынаралықтардан тұрады. К.Эзау астық тұқымдастардың
сабақтарын үш жүйеге бөледі, эпидермальды, негізгі және өткізгіш [21-22].
Даражарнақты өсімдіктер сабағында да, эпидерма, алғашқы қабық орталық
цилиндр жақсы байқалады. Эпидерма – кәдімгі осы ұлпаға тән құрылысқа ие,
бірақ олардың клетка қабықшалары сүректелген, ал кейбір даражарнақтыларда
эпидерма клеткаларының қабырғалары өте қалың.
Алғашқы қабық құрамында негізінен паренхима болуына байланысты, ол
ассимиляция ұлпа қызметін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат
Жаңа технологиямен өсірілген күздік бидайдың морфо – анатомиялық құрылымына экологиялық факторлардың әсері туралы
Бидайдың сапасын зерттеу
Күздік бидайға жалпы сипаттама
Жаздық бидай дақылы
Оңтүстік Қазақстан облысының тәлімі егіншілігінде биологиялық тыңайтқыштармен өңдеудің күздік бидайдың өнім құрылымына әсері
Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы
Күздік бидай - әлеуеті зор дақыл
Топырақтың тұздану деңгейі
Тұздың өсімдікке әсері
Пәндер