Азаматтық сот ісін жүргізу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және дереккөздері (қайнар көздері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

ІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.1. Азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері және сатылары ... ... ... ... ... ... ... .7

ІІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудегі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
3.1. Азаматтық іс жүргізу нысанындағы азаматтық істі қарау мен шешу үшін маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау болып табылады. Заң нормаларын сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Осыған орай мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықпен күресу, халықты заң ережелерін сақтауға үйрету еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да жүктелген.
Соңғы жылдарда азаматтық және қылмыстық істер қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер 2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасына жаңа ережелер енгізіп, соның арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға мүмкін болғанына да байланысты болып отыр.
Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып жатырмыз. Ал демократия – адамдардың Конституциялық құқықтарының, бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматтардың құқықтары бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы, дер кезінде қалпына келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдері шығару сияқты келеңсіз жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі.
Соттардың жіберген қателіктерінің көпшілігі сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енбей тұрып, яғни, апелляциялық сатыларда істерде қайта қарау арқылы түзетіледі. Дегенмен заңсыз немесе негізсіз шешімдердің де заңды күшіне еніп кететін жағдайлары аз кездеспейді.
1. ҚР Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз // Алматы: Юрист, 2006 ж., Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы - Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы №254-ІІІ Заңы.
2. ҚР Азаматтық Кодексі. Жалпы бөлім. 1994 жыл 27 желтоқсан // Алматы: Юрист, 2006ж., 2007 жылғы 21 шілдедегі №299-ІІІ, 2007 жылғы 26 шілдедегі №311-ІІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
3. ҚР Азаматтық Кодексі. Ерекше бөлім. 1999 жыл 1 шілде, №409-І // Алматы: Юрист, 2006 ж., 2007 жылғы 7 тамыздағы №321-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
4. ҚР Қылмыстық Кодексі. 1997 жыл 16 шілде // Юрист, 2003 ж., 2007 жылғы 21 шілдедегі №308-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
5. ҚР Азаматтық іс жүргізу Кодексі. 1999 жыл 13 шілде, №411-І // Алматы: Юрист, 2006 ж., 2007 жылғы 29 маусымдағы №270-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.
6. “ҚР Азаматтық Кодексінің Ерекше бөлімін заңды күшіне енгізу туралы” ҚР №410-І Заңы. 1999 жыл 01 шілде // Алматы: Юрист, 2006 ж.
7. “Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” ҚР №493-І Заңы. 1999 жыл 10 желтоқсан // Алматы: Юрист, 2006 ж.
8. ҚР “Акционерлік қоғамдар туралы” №415-ІІ Заңы. 2003 жыл 13 мамыр // Алматы: Юрист, 2006 ж.
9. Қазақ Советтік Социалистік Республикасының “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Заңы // Алматы: Юрист, 1999 ж.
10. ҚР “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” №451-І Заңы. 1999 жыл 23 шілде // Алматы: Юрист, 2006 ж.
11. ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы” №453-І Заңы. 1999 жыл 23 шілде // Алматы: Юрист, 2006 ж.
12. ҚР “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы” №2143-XІІ Заңы. 1993 жыл 14 сәуір // Алматы: Юрист, 2000 ж.
13. ҚР Жоғарғы Кеңесінің “Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы ҚР Заңын күшіне енгізу туралы” Қаулысы. 1993 жыл 14 сәуір // Алматы: Юрист, 1999 ж.
14. “Сот тәжірибесінде азаматтар мен заңды тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау жөніндегі заңдардың қолданылуы туралы” ҚР Жоғарғы Сот Пленумының №6 Қаулысы. 1992 жыл 18 желтоқсан // Алматы: Юрист, 2005 ж.
15. ҚР Жоғарғы Сотының “Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы” №3 Нормативтік Қаулысы. 2001 жыл 21 маусым // Алматы: Юрист, 2005 ж.
16. ҚР Көлік және телекоммуникация Министрлігінің 22.05.2003 ж. №147-І Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ресми электрондық мекен-жайларын меншіктеу және ресми электрондық мекен-жайлары анықтамалығын жүргізу Ереже // Алматы: Юрист, 2006 ж.
17. ҚР Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің төрағасының орынбасарының 05.04.2005 ж. №88-Б Бұйрығымен бекітілген Интернет желісі сегментінің қазақстандық домендік кеңістігін бөлу Ережелері // Алматы: Юрист, 2006 ж.
18. “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының 25 желтоқсан 2000 жылғы Конституциялық заңы.
19. “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Қазақстан Республикасы 21 желтоқсан 1995 жылғы Заңы.
20. “Нотариат туралы” Қазақстан Республикасының 14 шілде 1997 жылғы Заңы.
21. “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 5 желтоқсан 1997 жылғы Заңы.
22. “Мемлекеттік баж туралы” Қазақстан Республикасының 31 желтоқсан 1996 жылғы Заңы.
23. “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасының 30 маусым 1998 жылғы Заңы.
24. “Соттардың азаматтық іс жүргізу заңының кейбір нормаларын қолдануы туралы” Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 26 маусым 2000 жылғы №9 қаулысы.
25. “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” ҚР Президентінің 14 ақпан 1994 жылғы Жарлығы.

Халықаралық құқықтық актілер мен шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері:
1. Адам құқықтарының Жалпы Декларациясы. 1948 жыл 10 желтоқсан. // Сборник документов по международному праву. Том 1. Алматы: “САҚ” АҚ, 1998. Под общей редакцией К.К. Токаева. 388-394 бет.
2. Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексі. 2 бөлім. 1996 жыл 26 қаңтар, №14-Ф3 // Алматы: Юрист, 2006 ж.

Ғылыми әдебиеттер:
1. Агарков М.М. Возмещение морального вреда по советскому праву // Проблемы социалистического права. – 1939. - №1.
2. Абдуллина З.К. Участие общественности в судебной деятельности по гражданским делам. // Рефераты научных докладов. Юбилейная научная конференция профессорско-преподавательского состава.
3. Ащеулов А.Т., Жайлин Г.А. Гражданско- правовая ответственность за вред, причиненный преступлением против личности. – Алматы, 2000. – 145 бет.
4. Абдуллина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстанции. Алматы, КазГУ им. Аль-Фараби. Издат., Қазақ Университеті, 1998 г.
5. Базарбаев Б. Возмещение морального вреда по законодательству Республики Казахстан // Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи. Комментарии. Практики / Под ред. А.Г. Диденко. Вып. 15. – 91 - 108 беттер.
6. Абдуллина З.К. Подготовка гражданских дел к судебному разбирательству. Алматы: АТ и СО, 1998 г.
7. Балтабай М. Анализ некоторых проблем законодательства о СМИ и ответственности его нарушения // Бюллетень “Законодательство и практика средств массовой информации Казахстана”. – 2000 ж. - №№8-9. – 25, 27, 28 беттер.
8. Абдуллина З.К. Окончание гражданского дела без вынесения судебного решения. // Вестник КазГУ им. Аль-Фараби, №9, 1998 г.
9. Басин Ю.Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Учебное пособие. – Алматы, “Әділет пресс”, “Пресс”, 1997. – 47 бет.
10. Гражданский процесс. М, 1993 г. Под ред. Шакарян М.С.
11. Батырбаев К.А. Некоторые проблемы применения законодательства о СМИ // Бюллетень “Законодательство и практика средств массовой информации Казахстана”. – 2005 ж. - №21. – 17 бет.
12. Тараненко В.Ф. Принципы диспозитивности и состязательности в современном гражданском процессе. М., 1990.
13. Белякова А.М. Имущественная ответственность за причинение вреда. – Москва, 1979. – 100 бет.
14. Семенов В.М. Конституционные принципы судопроизводства. М., 1982.
15. Беляцкин С.А. Возмещение морального (неимущественного) вреда. – Москва, 1997. – 61 бет.
16. Шакарян М.С. Субъекты гражданского процессуального права. М., 1970.
17. Беркінбаева С.Б. Регулирование сетевых отношениий // “Мұнара”. – 2005 ж. - №7. – 15 бет.
18. Ошбалин Ю.А. Средства и способы обеспечения индивидуальной свободы личности в гражданском материальном и процессуальном праве. Тверь, 1991.
19. Брагинский М.И. О месте гражданского права в системе “право публичное – право частное” // Проблемы современного гражданского права: Сб., статей / Под ред. В.Н. Литовкина, В.А. Рахмиловича. – Москва . – 56-61 беттер.
20. Аргунов В.Н. Участие прокурора в гражданском процессе. Изд. МГУ, 1991.
21. Брагинский М., Суханов Е., Ярошенко К. Комментарий части первой Гражданского Кодекса Российкой Федерации для предпринимателей. – М., 1995. – 196 бет.
22. Щеглов В.Н. Субъекты судебного гражданского процесса. Томск: ТГУ, 1979.
23. Брауде И. Возмещение неимущественного вреда // “Революционная законность”. – 1926. - №9. – 12 бет.
24. Треушников М.К. Доказательства и доказывание в советском гражданском процессе. М: МГУ, 1982.
25. Вакуленко Т. Честь, достоинство и деловая репутация как естественные блага лиц // Бюллетень “Законодательство и практика средств массовой информации Казахстана”. – 2000 ж. - №13. – 55-56 беттер.
26. Боннер А.Т. Законность и справедливость в правоприминительной деятельности. М., 1992.
27. Ведомости съезда народных депутатов РСФСР и Верховного Совета РСФСР. – 1991. - №15. – 494 бет.
28. Чечина Н.А., Чечот Д.М. Актуальные проблемы теории и практики гражданского процесса. Л: ЛГУ, 1979 г.
29. Гражданский Кодекс Республики Казахстан. Особенная часть: Коментарий. Алматы: Жеті Жарғы, 2000. – 585 бет.
30. Шишкин В.Н. Конституцонное право на обжалование в суд действий должностных лиц. Киев., 1999.
31. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи. Комментарии. Практика / Под ред. А.Г. Диденко. – Вып. 7. – 144 бет.
32. Алексеева Л.Б., Жуйков В.М., Лукашук И.И. Международные нормы о правах человека и применение их судами. М., 1996.
33. Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи. Комментарии. Практика / Под ред. А.Г. Диденко. – Вып. 9. – 176, 202, 214 беттер.
34. Аргунов В.Н. Участие третьих лиц в гражданском процессе. М., 1991.
35. Гражданское право: В 2 т. Т. 1 / Под редакцией Е.А. Суханова. 2-е издание. – Москва, 1998. – 31-33 беттер.
36. Шакарян М.С. Участие третьих лиц в советском гражданском процессе. М., 1990.
37. Достоевский Ф.М. Братья Карамазовы. М. 1991. 307 бет.
38. Жуйков В.М. Права человека и власть закона. М., 1995.
39. Жайлин Г.А. Гражданско- правовая ответственность за вред, причиненный преступлении против личности. Автореферат. Диссертация на соискание ученой степени к.ю.н. – Алматы, 1999. – 137 бет.
40. Репин В.С. Настольная книга нотариуса. М., 1994.
41. Жанбатырова Ш. Моральдық зиянды өтеудегі сараптама қорытындысының маңыздылығы // “Заң” журналы. – 2003 жыл. - №5. – 70-72 беттер.
42. Научно-практический комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу Казахской ССР. Изд. Казахстан, 1976.
43. “Законность”. – 1994 ж. - №7. – 30 бет.
44. Треушников М.К. Комментарий к гражданскому процессуальному кодексу РФ. Москва, 1998.
45. Зейц А. Возмещение морального вреда по советскому праву // “Еженедельник советской юстиции”. – 1927. - №47. – 1465 бет.
46. Курс советского гражданского процессуального права. Т. 1,2. М., 1981.
47. Иоффе О.С. Советское гражданское право: Курс лекций. Ч. ІІІ. – Ленинград, 1965. – 181 бет.
48. Шакарян М.С. Участие в советском гражданском процессе органов госуправления. М., ВЮЗИ, 1978.
49. Ихсанов У.К. Комментарий к главе 47 ГК РК “Обязательства, возникающие вследствие причинения вреда” // Гражданский Кодекс Республики Казахстан. Особенная часть: Комментарий. – Алматы 2000. – 561-585 беттер.
50. Захаров В. Процессуальные гарантии прав сторон в суде первой инстанции. // Советская юстиция, 1980, №14, с. 5-6.
51. Йенс Деппе. Материалдық емес зиянды өтеу бойынша неміс тәжірибесі // “Заң” журналы. 2003 жыл. - №11. – 33-39 беттер.
52. Матиевский М. Осуществление диспозитивных правомочий в советском гражданском процессе. // Сов. юстиция, 1980, №8, с. 23-2.
53. Калятин В.О. Проблемы установления юрисдикции в Интернете // “Законодательство”. – 2001 жыл мамыр. - №5.
54. Добровольский А.А., Иванова С.А. Основные проблемы исковой формы защиты права. М: МГУ, 1979.
55. Қарашайық М.Қ. Нұрнама. – Жібек жолы баспасы, 1998 ж. – 33 бет.
56. Трубников П.Я. Защита гражданских прав в суде. Практическое пособие. М., 1990.
57. ҚР Жоғарғы Сотының сайты. 7/25/02 docіd = 1022362.
58. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом производстве. Томск, 1990.
59. ҚР Жоғарғы сот Хабаршысы. – 1994 жыл. - №2. – 18-22 беттер.
60. Гурвич М.А. Судебное решение. Теоретические проблемы. М., 1976.
61. Малеин Н.С. Возмещение вреда, причиненного личности. Москва: “Юридическая литература”, 1965. – 230 бет.
62. Чечот Д.М. Неисковые производства. М., 1973.
63. Медетов С. Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің мағыналары // Қазақ әдебиеті. – 2000 ж. - №17. – 7 бет.
64. Исполнительное производство. М., 1990.
65. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы: “Білім”, 1998. – 96 бет.
66. Осокина Г.Л. Проблемы иска и право на иск. Томск., 1989.
67. Назарчук В.М. Некоторые вопросы возмещения морального вреда при защите деловой репутации // Актуальные проблемы современного гражданского права. Т. 2. – Алматы, 2001. – 43-48 беттер.
68. Щеглов В.Н. Иск о судебной защите гражданского права. Томск., 1987.
69. Нарижний С., Голубаев К. Компенсация морального вреда при нарушении имущественных прав гражданина // “Российская юстиция”. – 2001 жыл сәуір. - №4.
70. Особенности расмотрения отдельных категорий гражданских дел. Учебное пособие. Под ред. М.К. Треушникова. М., 1995.
71. Ниязова А.Н. Гражданско-правовое регулирование личных неимущественных отношений в Кыргызской Республике. Автореферат. Диссертация на соискание ученой степени к.ю.н. Алматы, 1999 ж. – 121 бет.
72. Жуйков В.М. О новеллах в гражданском процессуальном праве. М., 1996.
73. Острой М.В. Институт компенсации морального вреда // Актуальные проблемы современного гражданского права. Т. 2. – Алматы, 2001. – 48-53 беттер.
74. Острой М.В. Моральный вред: возникновение и развитие идеи компенсации. Учебное пособие. – Алматы, 2000. – 105 бет.
75. Петровский С.В. Сайт – иное СМИ: коллизи права // “Журнал российского права”. – 2001. - №2. – 113 бет.
76. Раимбай Б.Т. Моральный вред и деловая репутация юридического лица // Актуальные проблемы современного гражданского права. Т. 2. – Алматы, 2001. – 41-43 беттер.
77. Тагаев А. Моральный вред: когда, кому, сколько и за что // Бюллетень “Законодательство и практика средств массовой информации Казахстана”. – 2000 жыл. - №11.
78. Таранов П. Философия сорока пяти поколений. – Москва, 1999 жыл. – 1079 бет.
79. Утевский Б. Возмещение неимущественного вреда как мера социальной защиты // “Еженедельник советской юстиции”. – 1927. - №35. – 1083 бет.
80. Черных А.В. Ограничение и оценка морального вреда // “Юридический мир”. – 1998 жыл маусым. – 64-67 беттер.
81. Шиктыбаев Т. Моральный вред: проблемы понятия и ответственности // “Правовая реформа в Казахстане”. – 2003. - №4 (22). – 55-58 беттер.
82. Азаматтық құқық, Под ред. № Басина Ю.Г. Сулейменова М.К.
83. Гражданское право, под ред. Толстого, Сергеева.
84. Эрделевский А.М. Компенсация морального вреда. – М., 1996. – 141 бет.
85. Эрделевский А.М. Компенсация морального вреда в Германии // “Законность”. – 1997. - №7. – 45-50 беттер.
86. Эрделевский А.М. Компенсация морального вреда в России и за рубежом. Практическое пособие. – Москва, 1997.

Заң тәжірибесінің материалдары:
1. Обзор судебной практики по рассмотрению дел о возмещении вреда, причиненного здоровью // Гражданское законодательство Республики Казахстан: Статьи. Комментарии. Практика / Под ред. А.Г. Диденко. Вып. 9. 95 бет.
2. Постановление Коллегии по гражданским делам Верховного суда Республики Казахстан. 30.07.2002 ж. №3 а – 242-02 // Алматы: Юрист, 2006 ж.
3. Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының №2 э – 449 / 05 ұйғарымы. 24 наурыз 2005 ж. // Алматы: Юрист, 2006 ж.
4. Определение специализированного межрайонного экономического суда г. Алматы. №2 э – 449/05. 24 наурыз 2005 ж. // Алматы: Юрист, 2006 ж.
5. Материалы практики суда Алматинской области. 1997 жылғы архив.
6. Материалы практики Бостандыкского района города Алматы. 1999 жылғы архив.
7. Практика Верховного суда Российской Федерации по гражданским делам за 1999-1994 г.г. Москва: ДЕ-ЮРЕ, 1996. 95-111 беттер.
8. Материалы практики суда города Алматы. 2000 жылғы архив.
9. Решение Бостандыкского районного суда г. Алматы. 1999 жыл 31 мамыр // Алматы: Юрист, 2006 жыл.

Бұл дүниеде ұмытуға болмайтын бір нәрсе бар. Егер сен басқаның бәрін
ұмытып, бірақ осыны ұмытпасаң, алаңдауға себеп те болмас еді. Алайда өзге
істің бәрін жадыңда ұстап әрі жүзеге асырған болсаң, бірақ ең бастысын
ұмытып кетсең, бұл түк бітірмегенмен барабар. Сен бұл өмірге мақсатты
тірліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны
орындамасаң, онда ештеңе істемегенің.

Жалал ад-дин Руми

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және
дереккөздері (қайнар көздері)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

ІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.1. Азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері және
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудегі мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3.1. Азаматтық іс жүргізу нысанындағы азаматтық істі қарау мен шешу үшін
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..45

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.55

Кіріспе

Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау
болып табылады. Заң нормаларын сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Осыған
орай мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті
нығайту, құқық бұзушылықпен күресу, халықты заң ережелерін сақтауға үйрету
еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да
жүктелген.
Соңғы жылдарда азаматтық және қылмыстық істер қараудың сапасы мен
жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер
2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасына жаңа ережелер енгізіп, соның
арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстық соттардың апелляциялық
және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға
мүмкін болғанына да байланысты болып отыр.
Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері
толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып
жатырмыз. Ал демократия – адамдардың Конституциялық құқықтарының,
бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматтардың құқықтары
бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы, дер кезінде қалпына
келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген
соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот
этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдері шығару сияқты келеңсіз
жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі.
Соттардың жіберген қателіктерінің көпшілігі сот шешімдері,
ұйғарымдары, қаулылары заңды күшіне енбей тұрып, яғни, апелляциялық
сатыларда істерде қайта қарау арқылы түзетіледі. Дегенмен заңсыз немесе
негізсіз шешімдердің де заңды күшіне еніп кететін жағдайлары аз
кездеспейді.
Демократиялық заңдылықты нығайту жолында мұндай сот актілері
өзгертілуге немесе күшін жоюға тиіс.
Заңды күшіне енген заңсыз және негізсіз сот актілерін түзету – сот
жүйесінде азаматтық істерді қадағалау тәртібімен қайта қарау арқылы жүзеге
асырылады.
Қадағалау тәртібімен істерді қайта қарау өндірісінің мақсаты –
төменгі инстанциялардағы соттардың шығарған актілерінің заңдылығын тексеру
болып табылады. Бұл институт азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттің бұзылған
құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды
қамтамасыз етуге бағытталады. Себебі қадағалау сатысындағы соттарға
апелляциялық инстанциясының соттарына қарағанда заңмен бекітілген көп
мүмкіндіктер берілген.
Азаматтық іс жүргізу сатысының жеке дербес сатысы ретінде сот
актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау – түпкілікті мақсатқа жету үшін
бағытталған іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы деп қарастыратын болсақ,
түпкілікті бір мақсатқа жету үшін оны реттейтін заң нормалары жекелеген
азаматтар мен ұйымдардың және мемлекеттің мүддесін қорғау үшін жауап бере
алуы тиіс.
Заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау шағым беру құқығы
Қазақстан Конституциясында бекітілген сотқа жолдану құқығының кепілдігінің
бірі болады.

I. Азаматтық іс жүргізудің жалпы сипаты
1. Азаматтық іс жүргізу құқығының түсінігі
2. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні, әдісі, жүйесі және
дереккөздері (қайнар көздері)
“Азаматтық іс жүргізу” – азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге
асыру аясында, субъективтік құқықтарды қорғаудың әртүрлі нысанын реттейтін
құқық нормаларын, атап айтқанда, соттардың, аралық соттардың азаматтық
істерді қарау және шешу тәртібін, құқық нормаларын, олардың іс жүзінде
тиісті органдардың қолдануымен тығыз байланысты.
Пән ретінде, Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары
соттардың осы Кодескпен және басқа заңдармен өз құзыретін жатқызылған талап
қою және өзге істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы
кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіндегі 2-бапқа
сәкес, Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары,
Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін
жүргізу тәртібі конституциялық заңдармен, Қазақстан Республикасының
Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері
мен нормалары негізделген Қазақстан республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексімен айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге
заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге тиіс.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де
міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық іс жүргізу құқығының
құрамдас бөлігі болып табылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдар азаматтық, отбасылық, еңбек,
тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан,
табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі
қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар
бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін
белгілейді.
Егер азаматтық істер бойынша іс жүргізу барысында әкімшілік құқыққа
сәйкес шешілуге тиіс мәселені қарау қажет болса, ол Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодесктің 26-бабының ережелеріне
сәйкес азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
Әдісі ретінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң
күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекс пен Қазақстан
Республикасы Конституциясы нормаларының арасында қайшылық болған жағдайда
Конституцияның ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекстің нормалары мен
Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылық болған
жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс нормалары
мен өзге заңдардың арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстің
ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекстен басым болады және
халықаралық шартта оның қолданылуы үшін заң шығарылуы талап етіледі деп
көрсетілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі: Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес; 5-бөлімнен, 45-тараудан және 426-
баптан тұрады. Әрине, 1-бөлім: “Жалпы ережелер”; 2-бөлім: “Бірінші сатыдағы
сотта іс жүргізу”; 3-бөлім: “Сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс
жүргізу”; 4-бөлім: “Жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына
келтіру”; 5-бөлім: “Халықаралық процесс” деп аталады.

ІІ. Азаматтық сот ісін жүргізудің ерекшеліктері
2.1. Азаматтық сот ісін жүргізудің түрлері және сатылары
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында сот
ісін жүргізудің қаралайын деп тұрған түрі жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.
Оның себептері бар. Біріншіден, бұл азаматтық іс жүргізудің, толығынан жаңа
болмаса да, дамып келе жатқан түрі. Екіншіден, іс жүргізудің осы түрімен
қамтамасыз етілуі мүмкін құқықтық механизмнің шынайы құндылығын қоғам өзі
де сезіне қойған жоқ. Мысалы, Алматы қаласының Әуезов ауданы сотының 2001
жылғы қараған кейбір істерімен танысу, көбінесе жол полициясы
қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымдануға қатысты болып келетіні, кейбір
реттерде сот орындаушыларының заңсыз әрекеттерімен келіспеушілігіне
байланысты екені анықталды.[1]
Республикада орын алатын құқықтық реформалаудың одан арғы
кезеңдерінде бұл саладағы мәселелерге назар көбірек аударылуы тиіс деп
ойлаймыз.
Кеңестің одақ құқығында, оның құлдырауының алдында оңды құбылыстар
орын алды және сол құқық бізге көптеген құқықтық өзгерістер (жаңалықтарды)
сыйлады. Аталған өзгерістер, материалдық және іс жүргізу құқығында да
көрініс тапты. Біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдары оларды пайдаландық,
себебі, болып жатқан өзгерістерді құқық теориясында жүйелі бағалау,
тәжірибелі ұсыныстармен толықтыру мүмкін емес еді, бүкіл құқық жаңа
көзқарастармен қалыптастыруды талап етті. Неге және қалайша кірісу
керектігі түсініксіз болды.
Қазіргі таңда, көбіне, қоғамның экономикалық дамуын қамтамасыз ететін
заңдар қабылданған. Бұл – азаматтық, кәсіпкерлік еңбек, қоршаған ортаны
қорғау және басқа да құқық салаларына қатысты. Толық көлемді меншік құқығы,
міндеттемелік (шарттық және диелектілік) құқық қалыптасты. Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясымен және салалық заңдармен
республикада азаматтардың өзіндік мүліктік құқықтар мен мүдделерді жүзеге
асырудың қажетті режимі бекітілген.
Материалдық құқықтың осы өзгерістеріне ілесіп іс жүргізу құқығы да
дамыды. 1999 жылдың 13 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтық істерді қарайтын соттардың кең
құзырын анықтады (ҚР АІЖК 2 бабының 3 тармағы). Солардың арасында әкімшілік
құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешу де қарастырылған.
Аталған дауларға, бір жақтан, мемлекеттік органдар, лауазымды
адамдар, мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктер қатысады. Кейбір
реттерде мемлекеттің өзі де даудың тарабы болуы мүмкін. Екінші жақтан, жеке
тұлғалар, заңды тұлғалар қатысады. Біздің ойымызша, дауларға арызданушылар
ретінде мемлекеттік меншік негізделген заңды тұлғалар да қатысуы мүмкін.
Бұндай даулардың тараптарын көрсету – жанама түрде, ерекше талап қою
мен іс жүргізу барысында туындайтын объективтік қиындықтан болуы мүмкін
екенін сипаттайды. Себебі мемлекеттің (оның органдары) әрекеттерін бақылау,
құқықтық мемлекет құрудың күрделі мәселелерінің бірі болып келген.[2]
Қазіргі күнге дейін сот төрелігінің жүзеге асырылуына мемлекеттік
органдардың әсер етуінің қаупі жойылмаған. Ал тәжірибеде, уақытымен
мемлекеттік органдардың мүдделеріне қатысты іс қаралып жатса, соттардың
қызметіне заңсыз араласу орын алады.
Осыған қатысты шаралар қабылданып жатыр. 2000 жылдың 1 қыркүйегінде
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің
тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы” Жарлығы қабылданған. Бұл
Жарлыққа Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-
құқықтық бөлімі берген талқылауда, Жарлықты қабылдаудың мақсаты – соттар
мен судьяларды атқару билік органдарына тәуелділіктен босату болып келетіні
түсіндірілген.[3] Осындай негізгі шаралар тәжірибеде толығынан қолдау табу
керек.
Кеңес Одағы болған кездегі азаматтық іс жүргізу құқығында (бүкіл
құқықта сияқты) мемлекеттік және қоғамдық мүдделер жеке адамдардың
құқықтары мен мүдделеріне қарағанда үстемділікпен пайдаланды. Осыған
байланысты ҚҚСР АІЖК 11 тарауы әкімшілік-құқықтық қатынастардан пайда
болатын істерді қарауды тек шектеулі жағдайлар үшін қарастырды. Мемлекет
азаматтардың құқықтары мен мүдделері өзінің заңсыз әрекеттерінен
қорғалатыны жөнінде тек көзбояушылықпен айналысты. Сайлаушылардың барлық
құқықтары, барлық жағдайларда емес, тек олардың тізімдерінде қателіктер
болуына байланысты қорғалатын, ал шынайы демократиялық сайлау, әрине, болуы
мүмкін емес еді. Осымен қатар әкімшілік органдардың алып салуына байланысты
әрекеттеріне шағымдануға болатын ҚСРО Жоғарғы Кеңесінің 1980 жылдың 21
қарашасында қабылданған Жарлығында заңдарда қарастырылса, лауазымды
адамдардың заң шегінен шығып жасалған, азаматтардың құқықтарын кемсітетін
әрекеттеріне шағымдану мүмкіндігі екені туралы айтылды. Онда әкімшілік-
құқықтық қатынастардан туындайтын істердің қатары аяқты емес екендігі де
қарастырылды. Бірақ, соттардың нақты тәжірибесінде тек кодексте тікелей
көрсетілген істері ғана қаралды.
Шынайы өзгерістер тек 1990 жылдың 21 науырызында ҚҚСР Жоғарғы
Кеңесінің “Қазақ КСР Азаматтық істер жүргізу кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы” Жарлығы қабылданған соң орын алды. Бұл КСРО-да
тоталитарлық жүйені бұзуға бағытталған қайта құру процестері нәтижелерінің
бірі болып келеді. Енді азаматтың құқықтары мемлекеттік органдар немесе
лауазымды адамдардың қандай да болсын құқыққа қайшы әрекеттерімен бұзылады
деп есептесе, сотқа жүгіне алатын. Тек нормативтік мәні бар актілерге
шағымдану мүмкін емес еді.
Адам құқығын қамтамасыз ету бағыты сол кездерде көзделіп, қазіргі
күнде нақты жүзеге асып жатыр. Біз, алғашқы жетістіктерді сақтауымыз керек
және осы маңызды механизмді одан әрі де жетілдіру қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің осы түрі алғашқы пайда болған кезден
бастап тиісті бағаланған сияқты. Оның маңызы, іс жүргізудің негізгі түрі –
талап қою арқылы іс жүргізуге қарағанда неғұрлым төмен сезілетін. Осының
дәлелі болып әкімшілік-құқықтық қатынастардан пайда болатын істерге тым
қарапайым іс жүргізу ережелерінің қолданылуы болып табылады. Субъектілердің
маңызды іс жүргізу құқықтары еленбеген. Мысалы, соңғы уақытқа дейін
(Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі ҚКСР АІЖК 236 бабының 4
бөлігін ҚР Конституциясына сай келмейді деп тану алдында) әкімшілік жазаны
қолдануға байланысты шағымдану бойынша шығарылған соттың шешімдері
кассациялық шағымдануға жатпайтын. Бұл, әрине, іске қатысушы тұлғалардың
құқықтарын елеулі дәрежеде кемсітетін. Осымен қатар әкімшілік-құқықтық
қатынастардан пайда болатын істерде дәлелдеуге қатысты қалыптасқан
көзқарастар тараптардың айтысуына да жол бере қоймайтын. Жалпылама алғанда,
істердің осы санаты бойынша іс жүргізу толық көлемді сотта істі қарау емес,
көбінесе іс жүргізуден тыс әкімшілік рәсім көрінісіне ие болатын.
Жағдай ҚР АІЖК-сінде бұл санаттағы істерге ерекше талап қоюмен іс
жүргізу тәртібінде қаралатындардың мәртебесі берілгеннен кейін өзгере
бастады. “Талап қоюмен” деген қосымша осы істерге толық көлемде айтысу
негіздерін енгізуді талап ететінін сезіну керек. Осындай жағдайда ғана іс
жүргізудің осы түрінің тиімділігі арта түседі.
Біздің ойымызша “ерекше” деген сөздің мағынасын да толығынан
бағалауымыз тиіс. Бірінші көзқарастан ол осы іс жүргізуде қаралатын істер
тараптарының құқықтық жағдайының ерекшеліктерін сипаттайды. Бірақ, мәселеге
тереңірек қарауымыз керек. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу және тұлғалар мен
заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін талап қою арқылы іс жүргізуден
өзгеше жолмен қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Онда мемлекеттік
органдардың, лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне сотпен жалпылама
теріс баға беріліп, олардың құқықтық әсері жойылады. Сондықтан болашақта
субъективтік құқық пен заңды мүдде бұзылуы үшін алғы себептер алынып
тасталады. Егер сотқа жүгінген кезде әкімшілік оған теріс әрекетінің қысымы
орын алып тұрса, ол да жойылады. Бірақ, талап қоюмен іс жүргізу атқаратын
міндетті яғни, бұзылған субъективтік құқықтарды материалдық-құқықтық
нормаларды қолданып, қалпына келтіруді ерекше талап қоюмен іс жүргізу
атқармайтын сияқты. Сонда да, істердің осындай санаты қаралып жатқан кезде
құқықтарды талап қою арқылы қорғау құралдарын араластырып қолдануға кедергі
жоқ.
Ерекше талап қоюдың, құқықтарды қорғауға қатысты тәсілдерінің
ыңғайсыздығы, тек сыртқы көріністен ғана орын алады.
Негізінен ерекше талап қоюмен қаралатын істер бойынша шығарылатын сот
шешімдерінің жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар құқықтары бұзылуының алдын
алуда мәні жоғарырақ болады десек қателеспейміз. Мемлекеттік органның,
лауазымды адамның әрекеттері түбірінен заңсыз болып табылады. Сот талап қою
мен іс жүргізуде мұндай қорытындыларға келмеуі де мүмкін. Сот аталған
әрекеттердің заңсыздығын, талап қоюмен іс жүргізуде, көбінесе міндетті күші
айқындалмаған жеке ұйғарымдарда көрсетеді.
Сот ісін ерекше талап қоюмен жүргізудің превенциялық мәні, оның
нәтижесінде шығарылған сот шешімінің өзге тұлғаларға қатысты айқындау
болуына байланысты өсе түседі. Әсіресе бұл нормативтік құқықтық актілер
заңсыз деп танылған жағдайларда көрініс табады.
Болашақта іс жүргізудің бұл түрінің мәні одан да әрі арта түсуі
қажет. Мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның қандай да болсын
әркеттері (бақылау органдардың көптеген тексерулері, айыптар, мүлікке,
банктік есеп шоттарға арест салу, мүлікті билеудегі шектеулер, қызметті
тоқтата тұру, ұстаулар және с. с.), азаматтар мен заңды тұлғалардың
құқықтары мен міндеттеріне әсер ететін әрекеттері сотта қаралудың нысанасы
болуы тиіс.[4]
Азаматтық істерді кейбір санаттары үшін оларды сотқа дейін алдын ала
шешу тәртібі Заңдарымен белгіленген. Бұл тәртіпті сақтау шаруашылық
қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, мүдделі тұлғалардың құқықтарын
тезірек қалпына келтіруге және сотты даусыз істерден босатуға ықпал етеді.
Мүдделі тұлға сотқа дейінгі тәртіппен өз құқығын қорғай алмаса, сотқа
жүгіне алады.
1999 жылы 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодексі (әрі қарай – АІЖК) қабылданған кезде заң мәтінінде “Заңды тұлғалар,
заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар болып
табылатын тараптардың мүліктік дауларды сотқа дейінгі реттеуі” деп аталатын
12 тарау көзделген еді. Ол бойынша заңды тұлғалар немесе заңды тұлға құрмай
кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар өздерінің мүліктік даулары
бойынша сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтаулары керек болатын. Егер
претензия мен шағымға қанағаттанбаса немесе жауап ала алмаса, сотқа жүгіне
алатын. 2001 жылғы 11 шілдедегі “ ҚР-ның кейбір заң актілеріне сот ісін
жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”
Заңымен АІЖК-дегі осы 12 тарау алынып тасталды. Сөйтіп қазіргі әрекет етуші
заңдарға сәйкес істі сотқа дейін алдын ала шешу тәртібі барлық істер
бойынша емес, заңда көзделген істер бойынша ғана қолданылады. Енді кез
келген тұлға өзінің бұзылған немесе даулы құқығын қорғау үшін тікелей сотқа
жүгінуіне кең мүмкіндіктерге ие болды.
Істерді сотқа дейін алдын ала шешудің тәртібі шартты түрде екі
нысанда жүзеге асырылады. Біріншісі, мүдделі тұлғаның заңда белгіленген
тәртіппен осындай істерді мәні бойынша шешуге құқылы сәйкес органдарға
жүгінуі; екіншісі, нысанға бір тараптың сотқа жүгінгенге дейін екінші
тарапқа өзінің талаптарын қанағаттандыру туралы претензия беруі.
Жоғарыда аталған бірінші нысанда бұзылған немесе даулы құқықты қорғау
арнайы заңды органдар арқылы жүзеге асып, заңды іс өзінің іс жүргізушілік
мағынасында шешіледі. Мұндай тәртіп 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан
Республикасының Патент Заңында көзделген (22 бабының 6, 10 тармақтары, 23
бабының 2 тармағы, 29 бабының 2 тармағы, 32 бабы). Мысалы, осы заңның 22
бабының 6 тармағына сәйкес, егер ресми сараптама нәтижесінде өтінім
қорғалмайтын өнертабыс объектілеріне жататыны анықталс, алдын ала патент
беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Егер өтінім беруші ол ұсынған
формулада өнімнің бастапқы материалдарында болмаған белгілердің жүргені
туралы немесе өнертабыс ретінде қорғалатын объектіден басқа өнертабыс
ретінде қорғалатын объектіге жатпайтын сипаты болса немесе соған қатысты
өнертабыс бірлігі талаптары бұзылуына байланысты қарау өткізілмегені туралы
хабарланған кейін өнертабыс формуласын өзгертпесе де, алдын ала петент
беруден бас тарту туралы шешім шығарылады. Өтінім беруші алдын ала петент
беруден бас тарту туралы шешім жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде
мемлекетті патент ұйымы - Қазпатентке қарсылық (претензия) бере алады.
Қарсылықты ол түскен күннен бастап екі ай мерзімде Қазпатенттің
мамандандырылған құрылымдық бөлімшесі болып табылатын шағым кеңесі қарауға
тиіс. Берілген қарсылық шағым кеңесінің алқа отырысында қаралады. Заңда
белгіленген қарау мерзімі қарсылық берген адамның өтінімі бойынша ұзартылуы
мүмкін, бірақ ол қарсылықты қарау үшін белгіленген мерзімі өткен күннен
бастап алты айдан аспауы керек (ҚР-ның Патент Заңының 32 бабының 2
тармағы). Шағым кеңесінің шешіміне қарсылық берген адам өзі шешімді алған
күннен бастап алты ай ішінде оған сотқа шағымдануы мүмкін. Келтірген мысал
бойынша Қазпатенттің шағым кеңесі өнертабысқа алдын ала патент беруден бас
тартуға байланысты дауды сотқа дейін шешетін міндетті арнайы орган болып
отыр.
Негізсіз соттаумен, қылмыстық жауапкершілікке негізсіз тартумен,
бұлтартпау шарасы ретінде негізсіз қамауға алумен байланысты азаматқа
келтірілген зиянды өтеу, еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғын үй және
басқа құқықтарын қалпына келтіру туралы даулар бойынша да сотқа дейінгі
тәртіп белгіленген. Бұл жөнінде 1999 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған
Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексінің (әрі қарай -
ҚІЖК) 4 тарауында белгіленген. Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотының
Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі №7 “Қылмыстық процесті жүргізуші
органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтітірілген зиянды өтеу
жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы”, 2001 жылғы 21 маусымдағы №3
“Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы”
қаулыларында түсініктеме беріледі. Азамат мәлімдеген зиянды өтеу,
құқықтарды қалпына келтіру туралы талаптар, анықтама, алдын-ала тергеу,
прокуратура органдарында, әлеуметтік қамтамасыз ету, жергілікті басқару
органдарында және өз құзыретін мәлімделген талаптарды, қарау кіретін басқа
да органдармен қаралады. ҚІЖК 45 бабына сәйкес мүлікті зиянды өтеуге
ақшалай төлемдерді төлеу туралы талаптарды осындай талаптарды мәлімдеуге
құқылы тұлғалар төлемдер жүргізу туралы қаулыны алған сәттен бастап 3
жылдың ішінде қоя алады, ал өзге құқықтарды қалпына келтіру туралы
талаптарды, құқықтарды қалпына келтіру тәртібін түсіндіретін хабарламаны
алған күннен бастап алты айдың ішінде қоюына болады. Құзыретті орган арыз
түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей қажетті жағдайларда қаржы
органдарынан және әлеуметтік қорғау органдарынан есепті сұратып алдырып,
зиянның мөлшерін анықтайды, осыдан кейін инфляцияны ескере отырып осы
зиянды өтеуге байланысты төлемдер жүргізу туралы қаулы шығарады (ҚІЖК 43
бабының 4 бөлігі). Егер, ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап
қанағаттандырылмаса немесе тұлға, қабылданған шешіммен келіспесе, ол сотқа
талап қою тәртібімен жүгіне алады (ҚІЖК 47 бабы).
Жұмыскердің, еңбек міндеттерін атқаруына байланысты денсаулыққа
келтірілген зиянды өтеу туралы арызы бірден сотқа немесе алдымен
әкімшілікке берілетіндігі жөнінде, заңнамада айқын жауап жоқ. 1999 жылғы 10
желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” Заңның 90 бабының
1 тармағына сәйкес егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін
атқаруына байланысты жұмыс берушінің кінәсінен жарақат алса немесе
денсаулығына өзге де зақым келіп, соның салдарынан еңбек қабілетін толық
немесе ішіанара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі
төленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының
нормативтік актілерінде көзделген тәртіппен өтеуге міндетті. Ал, ҚР
Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 наурызындағы №201 қаулысымен
бекітілген Жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек міндетін атқаруына
байланысты мертігіп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым
келгенде олардың шеккен зиянын меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың
өтеуі жөніндегі ережесіне” сәйкес денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу
туралы арыз алдымен ұйымның әкімшілігіне берілуі керек. “Жұмысшылар мен
қызметшілерге еңбек міндетін атқаруына байланысты мертігіп қалған жағдайда
немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншіктің
барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуі жөніндегі ереженің” 15 тармағына сәйкес
денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы жұмыскерлердің арызы алдымен
еңбекте мертігіп қалған жағдайда шеккен зияны үшін жауапты ұйымға берілуі
керек. Аталған ереженің 16 тармағы бойынша ұйым әкімшілігі арыздың барлық
қажетті құжаттарымен немесе қосымша құжаттардың түскен күнінен бастап 10
күннен кешіктірмей арызды қарап, сәйкес шешім қабылдауға міндетті. ҚР
Жоғарғы Соты Пленумының 1999 жылғы 9 шілдедегі №9 “Республика соттарының
денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануының кейбір
мәселелері туралы” қаулысында осы заң актілерін соттардың тәжірибе
барысында қолдануы жөнінде түсіндірме беріледі. Қазақстан Республикасындағы
Еңбек туралы заңның 97 бабына сәйкес еңбек даулары сот тәртібімен немесе
тараптардың келісуімен келісім комиссиясында қаралады. Сонда еңбектік-
құқықтық қатынастарынан туындайтын осындай даулар бойынша сотқа дейінгі
тәртіп белгіленгендігі немесе белгіленбегендігі нақты болмай отыр.
Сондықтан алдағы уақыттарда осы мәселені заңдық реттеудегі жетілдіру қажет.
Істерді сотқа дейін шешудің тәртібі Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 5 қазандағы “Өндірістік кооператив туралы” Заңның 22 бабында
көзделген, яғни кооператив мүшелерінің арасында таза табысты бөлу туралы
дау, соттың іс жүргізуіне осы мәселе бойынша кооператив мүшелерінің жалпы
жиналысының шешімі болған жағдайда ғана қабылдана алады. Сондай-ақ
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі “Акционерлік қоғамдар
туралы” Заңның 48 бабына сәйкес дивиденттер төлеу мәселелері бойынша
даулар, егер осы мәселе бойынша акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің
немесе акционерлердің жалпы жиналысының шешімі болса ғана, сотта қарала
алады.
Сондай-ақ істі сотқа дейін шешу тәртібі ерекше талап қоюмен және
ерекше жүргізілетін бірқатар істер үшін де белгіленген. Атап айтқанда, АІЖК
286 бабының 1 бөлігіне сәйкес органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері
мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы прокурор сотқа жүгінгенге дейін
сол актіні шығарған немесе іс-әрекетті жасаған органға немесе лауазымды
адамға не жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға актінің немесе іс-
әрекеттің заңсыздығына байланысты наразылық келтіру керек. Сотқа арыз
наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алған кезден бастап он күн
мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзім өткеннен кейін ғана
беріледі. АІЖК 292, 294 баптарына сәйкес мүдделі тұлға заңдық маңызы бар
фактілерді анықтау туралы арызбен сотқа жүгінген кезде арызды осы
фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алу мүмкін
болмағандығын не жоғалған құжаттарды қалпына келтіру мүмкін емес екендігін
растайтын дәлелдемелерін келтіруі керек. Яғни басқа органдар арқылы заңдық
маңызы бар фактілерді анықтау мүмкін емес болған жағдайда ғана сотқа
жүгінуге болады. АІЖК 318 бабына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу
кітаптарындағы жазулардың жаңсақтықтарын анықтау туралы арыз алдымен
азаматтық хал актілерін жазу органына берілуі керек. Егер азаматтық хал
актілерін жазу органы жасалған жазбаға түзетулер енгізуден бас тартса,
мүдделі тұлға сотқа жүгіне алады.
Енді дауларды сотқа дейін алдын-ала шешудің претензиялық тәртібінің
мәселелерін қарастырайық. Оның мәні мынада: құқықтық қатынастағы құқылы
тарап осы құқықтық қатынастың тарабына өзінің міндетін ерікті түрде
орындау талабымен жүгінеді, жауапкер талапты толық немесе ішінара
қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда немесе претензияға заңда көзделген
мерзім ішінде жауап ала алмаса, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін
мәжбүрлеп жүзеге асыру үшін сотқа талап қою құқығына ие болады.[5] Тараптар
претензиялық тәртіпті адал орындаған жағдайда бұзылған құқықты дер кезінде
қалпына келтіруге және дауды жоюға қол жеткізеді. Осы жерде “претензия”
сөзінің қазақ тіліне аударылуына байланысты мәселенің өзекті екендігі айта
кеткен орынды. Бұл термин латынның “praetensіon”, ағылшын тілінің “
praetensіon-ң” сөзінен шыққан. Орыс тілінде “претензия” деген терминмен
белгіленген. Бұл сөз қазақ тіліне аударғанда “бір затқа ие болу құқығын
мәлімдеу” дегенді білдіреді. Заң актілерінен, сөздіктерден “претензияның”
әр түрлі аудармаларын кездестіруге болады. Мысалы арыз, дау, наразылық,
қарсылық, талап, талап-шағым, тілек, кінарат, қыңыржақ тәрізді аудармалары
беріледі. Бірақ бұлардың ешқайсысы аталған терминнің мағынасына келіспейді.
Сондықтан нақты аудармасы болмағандықтан қазақша нақты аудармасын тапқанша,
“претензия” деп қалдыру қажет тәрізді.
Претензиялық тәртіптің қолданылу аясы өте тар, өйткені ол істердің
жекелеген санаттары үшін ғана белгіленген. Аталмыш тәртіп нормативтік
құқықтық актілерде көзделеді немесе шарттарда тараптардың өзара келісуімен
белгіленуі мүмкін. Атап айтқанда заң актілерімен төмендегі істер бойынша
претензиялық тәртіп белгіленген:
1) ҚР Азаматтық кодексінің 706 бабының 1 тармағына сәйкес
тасымалдаушыға жүк тасымалдаудан туындайтын талапты қою үшін заң
актілерімен көзделген тіртіппен претензия беру міндетті.
Претензия беру тәртібі 1994 жылғы 21 қыркүйектегі “Қазақстан
Республикасындағы көлік туралы” ҚР заңында (1998 жылғы 28
желтоқсандағы өзгерістері мен толықтыруларымен
қоса алғанда), ҚР Үкіметімен 1996 жылғы 18 қарашада бекітілген
Қазақстан Республикасының темір жолдарының уақытша жарғысында
баяндалады. Аталған заңның 17-1 бабы “Жүктер мен жолаушыларды
тасымалдау бойынша талап қою[6] және талап арыз беру” деп аталды.
Мұнда былай делінген: “Тасымалдаумен байланысты дау жөнінде
тасымалдаушыға талап арыз бергенге дейін оған талап қойылуы керек.
Талаптар үш айдың ішінде қойылуы керек, ал айыппұлдар мен өсімді төлеу
туралы талаптар бір айдың ішінде қойылады. Тасымалдаушы бір айдың
ішінде қойылған талапты қарауға және арыз берушіге оның
қанағаттандырылатыны немесе қабылданбайтыны туралы хабарлауға
міндетті, ал бір құжат бойынша әр түрлі тасымалдаушылар жүзеге
асыратын тасымалдау бойынша талаптарға қатысты - үш айдың ішінде және
айыппұлдар мен өсімдерді төлеу туралы талаптарға қатысты – бір айдың
ішінде деген мерзімдер белгіленеді. Егер талап қабылданбаса немесе осы
бапта белгіленген мерзімде жауап алынбаса, мәлімдеушіде талап арыз
беру құқығы пайда болады”. ҚР Азаматтық кодексінде жолаушыларды және
қол жүгін тасымалдауға байланысты талаптар бойынша претензиялық
тәртіпті сақтау міндеті көрсетілмеген. Демек бұл жағдайларда
претензиялық тәртіпті сақтау міндетті емес. Көлік туралы әрекет етуші
кодекстер мен жарғыларда жүк тасымалдауға байланысты талаптар бойынша
әр түрлі претензиялық мерзімдер көзделген. “Қазақстан
Республикасындағы көлік туралы” Заңның күші оларға қарағанда жоғары
болғандықтан, заңда көзделген претензиялық мерзім қолданылуы керек.
2) Қазақ КСР-нің 1991 жылғы 5 маусымдағы “Тұтынушылардың праволарын
қорғау туралы” Заңының 13 бабының 1 бөлігінде, 20 және 23
баптарында тұтынушылардың талаптарын шешудің алдын-ала сотқа
дейінгі тәртібі білгіленген. Осы заңның 14
бабының 2 бөлігіне сәйкес тұтынушының талабы тауар сатып алынған
жердегі сауда ұйымына, сатушыға немесе тұтынушының тұрған жеріндегі
оның өкіліне тауар үшін белгіленген кепілдік берілген мерзімнің ішінде
берілуі керек. Кепілдік берілген мерзім белгіленбеген тауарлардың
кемшіліктері байқалған жағдайда сатып алған күнді санамағанда 14
күндік мерзім ішінде немесе лабороториялық талдау арқылы не сауда
сарабынан өткізу нәтижесінде расталған жасырын ақаулар болған жағдайда
6 айдың ішінде талап қойылады. Маусымдық тауарлар үшін кінә қою
мерзімі тиісті маусым келген кезден бастап есептеледі. Сауда ұйымы
талапты қанағаттандырылмаған жағдайда тұтынушы сотқа жүгіне алады. Бұл
жөнінде ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі №7
“Соттардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы қолдану
тәжірибесі туралы” қаулысында түсіндірме беріледі.
3) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы “Шетелдік
инвестициялар туралы” Заңның 27 бабына сәйкес инвестициялық
даулар мүмкіндігінше келіссөздер арқылы шешілуі керек. Егер
мұндай дауларды кез келген бір тараптың екінші тарапқа жазбаша
өнітіш жасалған күнінен бастап үш ай бойы келіссөз арқылы шешу
мүмкін болмаса, дау кез-келген бір тараптың таңдауымен шетелдік
инвестордың жазбаша келісімі болған жағдайда сот органдарына,
басқа органдарға берілуі мүмкін.
Бұлардан басқа істер бойынша дауды сотқа дейін шешу тәртібін қолдану
міндетті емес. Егер тараптар бір-бірімен шарт жасау кезінде болашақта
туындаған дауды өзара шешуге келіссе, претензиялық тәртіпті сақтаулары
керек. Бұл жағдайда тараптар ҚР Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15
ақпанда №111 Қаулысымен бекітілген “Шаруашылық шарттар жөніндегі
наразылықтарды табыс етудің және оларды кәсіпорындардың, ұйымдар мен
мекемелердің қарауының, келіспеушіліктерді реттеудің тәртібі туралы”
Ережені басшылыққа алады. Бұл ережеде претензия беру тәртібі мен мерзімі,
претензияның мазмұны, претензия қараудың тәртібі мен мерзімі көрсетілген.
Осы жерде аталған ереженің көптеген тұстарының қазіргі кезде әрекет етуші
заңдарға қайшы келіп жатқан тұстары бар екендігі айта кету керек. Атап
айтқанда ереженің 20 тармағына сәйкес егер претензияны мойындау туралы
жауапта мойындалған соманың аударылғаны жөнінде айтылмаса, претензия
мәлімдеуші жауап алғаннан бастап 20 күн өткеннен кейін банкке борышкер
мойындаған соманы даусыз тәртіппен аударуға өкім беруге құқылы. Ал ҚР
Азаматтық кодексінің 741 бабына сүйенсек, заңды тұлғалар мен азаматтардың
банктердегі ақшаларын олардың келісімінсіз алу соттың заңды күшіне енген
шешімі немесе үкімінің негізінде ғана жүргізілуі керек. Сондай-ақ ереже
мәтінінің кей тұстарында 1995 жылы таратылған төрелік соттар жөнінде
айтылады. Осы ереженің күші жүк тасымалдау жөніндегі шарт пен байланыс
қызметін көрсету жөніндегі операциялардан туындайтын көлік және байланыс
кәсіпорындарына берілетін претензияларға, банктер мен салық қызметі үшін
сотқа дейін істі шешу тәртібіне, мемлекет мұқтаждары үшін өнім жеткізуге
байланысты жасалған мемлекеттік келісім-шартқа дау айту жағдайларына
таралмайды. Жүк тасымалдаушы байланысты дауларды сотқа дейін шешу тәртібі
жоғарыда айтып өтілді. Ал байланыс қызметін көрсету жөніндегі
операциялардан туындайтын даулар бойынша претензиялық тәртіп ҚР Көлік және
коммуникация Министрлігінің 1997 жылғы 27 мамырдағы №465 және ҚР Экономика
және сауда Министрлігінің 1997 жылғы 30 мамырдағы №81 біріккен бұйрығымен
бекітілген “Жергілікті телекоммуникациялар тораптарының, телеграф және
поштаның қызмет көрсетуі туралы” Ережесімен реттеледі. Ал салық қызметі
органдарының сотқа дейін претензия мәлімдеу немесе өздеріне берілген
претензияларды қарау тәртібі ҚР Мемлекеттік кіріс Министрлігінің 1999 жылғы
2 тамыздағы №896 бұйрығымен бекітілген “Салық қызметі органдарының
претензиялар мен талаптар мәлімдеу және оларды қарау тәртібі туралы”
нұсқаулықта (2001 жылдың 21 наурызында №338 бұйрықпен өзгерістер енгізілді)
көзделген. Бірақ бұл нұсқаулық ҚР Әділет Министрлігінде тіркелмеген,
сондықтан оны басшылыққа алуға болмайды. Ереженің күші қолданылмайтын
қалған істер бойынша претензиялық тәртіпті реттейтін нормативтік акті жоқ.
Претензиялық тәртіпті сақтаумен байланысты туындайтын назар аударуға
тұрарлық бірқатар мәселелерді нақтылау қажет тәрізді:
- мүдделі тұлғаның претензиялық тәртіпті сақтағанымен талап қою
мерзімін өткізіп алуының салдары қандай болуы мүмкін? ҚР
Азаматтық кодексінің 179 бабының 1 тармағына сәйкес бұзылған
құқықты қорғау туралы талаптарды сот талап қою мерзімінің өтіп
кетуіне қарамастан қабылдауы керек. Демек судья талап арызды
қабылдап, істі мәні бойынша қарайды. Мұнда алдымен талаптың
ескіру мерзімін қалпына келтіру туралы мәселе шешіледі. ҚР
Азаматтық кодексінің 185 бабының 1 тармағына сәйкес егер
талаптың ескіру мерзімін өткізіп алу себебі дәлелді болса, бұл
мерзім қалпына келтіріледі. Талаптың ескіру мерзімі қалпына
келтірілгеннен кейін судья талап негізді болса, талапты
қанағаттандыру туралы не талап негізсіз болса, талапты
қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады. Егер талаптың
ескіру мерзімі қалпына келтірілмесе, талапты қанағаттандырудан
бас тарту туралы шешім шығарылады;
- қарсы талапқа қатысты істі сотқа дейін алдын-ала шешу тәртібі
қалай қолданылады? Қарсы талап қою кезінде алғашқы талапты беру
кезіндегі барлық тәртіп сақталуы керек. Демек жауапкер бұл іс
бойынша заңмен бегіленген болса қаржы талап қойғанға дейін істі
сотқа дейін шешудің тәртібін сақтауы керек. Қарсы талаптарды
мәлімдеу мүмкіндігі және қажеттілігі мәлімделген претензия қарау
барысында анықталуы мүмкін. Сондықтан қарсылықтары претензияға
жауапта көрсетіледі. Мұндай жағдайда жеке хат түріндегі
претензияның болмауын дауды тараптардың өзара тікелей реттеуінің
белгіленген тәртібін бұзу ретінде қарастыруға болмайды. Сонда
егер жауапкер қарсылықтарын претензияға жауабында көрсетсе, ал
алғашқы талап қоюшы бұл қарсылықтарға жауап бермесе немесе
қанағаттандырмаса, претензиялық тәртіп сақталды деп
есептелінеді;
- претензияның нысаны қандай болуы керек? Претензия тапсырыстық
немесе бағалы хатпен жіберіледі не претензия табыс етілген
адамның қолымен куәландырылып қолхат алу жолымен тапсырылады
немесе өзге жолдармен (телекс, телетайп, факс, поштаграмма
арқылы және т. б.) жіберіледі. Претензия деп есептеу үшін
нормативтік актіде белгіленген мазмұны сақталуы керек
(Шаруашылық шарттар жөніндегі наразылықтарды табыс етудің және
оларды кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қарауының,
келіспеушіліктерді реттеудің тәртібі туралы ереженің 6 тармағы)
немесе претензияға жауап беру үшін қажетті барлық мәліметтер
болуы керек. Демек жауапкерге жіберілген мәлімдемені претензия
деп тану туралы мәселе претензияның нысанына емес мазмұнына
байланысты шешіледі;
- претензияда көрсетілген талаптар талап арыздағы талаптармен
қалай байланысады? Олар нысаны және мәні жағынан сәйкес келмеуі
мүмкін. Бұл мәселені анықтау нақты дауды сотқа дейін реттеуге
қабылдаған шараларды бағалау үшін маңызды. Претензияда
талаптарды біріктірудің жалпы ережесі болмағанымен, айта кету
керек, егер талаптар өзара байланысты болған жағдайда
біріктіруге болады. Талап арызда бірнеше претензияның талаптарын
біріктіруге болады. Талап қоюшы бір претензияның материалы
бойынша бірнеше талап арыз беруі немесе претензиядағы
талаптардың бір бөлігі бойынша ғана талап қоюы мүмкін. Егер
бірнеше талаптарды біріктіріп, бір талап арыз берсе сот, сотқа
дейін шешу тәртібін сақталмаған талаптарды бөлек іс жүргізуге
бөліп, олар бойынша арызды қайтарады;
- заңмен сотқа дейін алдын-ала шешу тәртібі белгіленген іс бойынша
жауапкер сотта тең жауапкер ретінде басқа тұлғаны тарту туралы
өтінім бере ала ма? Мұндай өтінім сол тұлғаға қатысты
претензиялық тәртіп сақталғандығы жөнінде дәлелдемелер
тапсырылған жағдайда ғана қанағаттандырылады;
- басқа тұлғаның құқығын қорғап жүгінген прокурордың талабына істі
алдын-ала сотқа дейін реттеу тәртібі қолданыла ма? Әдебиеттерде
прокурордың істі сотқа дейін шешу тәртібін міндетті түрде
сақтауы тиістігі жөнінде пікірлер айтылады. Бірақ, біржақты
пікір айту дұрыс емес. Претензияны бір-біріне даулы материалдық
құқықтық қатынастың субъектілері ғана қоюы керек. Прокурор бұл
қатынастың субъектісі болып табылмайды. Осыған байланысты Г.Л.
Осокина былай деп ой түйеді: “Прокурордың талап қою құқығын
материалдық құқықтық қатынас субъектілерінің бір-біріне
претензия мәлімдеуге байланысты іс-әрекеттеріне тәуелді етуге
болмайды. Егер прокурордың талап қою құқығы материалдық құқықтық
қатынас субъектілерінің іс-әрекеттеріне тәуелді болса,
прокурордың талабы институты құқықбұзушылықтармен күрес құралы
ретінде оған артылған үмітті ақтамайды, яғни өзіне жүктелген
міндеттерді орындамайды. Сондықтан прокурор құқықбұзушыға
претензия мәлімделмеуіне қарамастан сотқа талап қоя алады”.[7]
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 30 маусымдағы №5
“Соттардың азаматтық іс жүргізу заңдарының кейбір нормаларын
қолдануының мәселелері туралы” қаулысында бұл мәселе
былайша түсініктеме беріледі: “Мүліктік дауларды сотқа дейін реттеу
тәртібі прокурордың мемлекет мүддесі үшін немесе егер мемлекет
мүддесін қозғайтын жеке немесе заңды тұлғалардың мүдделері үшін қойған
талаптарына таралмайды”. Демек прокурор мемлекет мүддесін көздейтін
талаппен сотқа тікелей жүгіне алады. Қалған жағдайларда прокурордың
талабына істі сотқа дейін шешу тәртібі қолданылады. АІЖК 55 бабының 3
бөлігіне сәйкес прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және
заңды мүдделерін қорғау туралы, егер адам дәлелді себептермен өзі
сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана талап қоя
алады. Демек өзіне мүдделі тұлға жүгінген жағдайда прокурор, егер
заңмен істің осы санаты үшін сотқа дейін реттеу тәртібі белгіленген
болса, осы тәртіптің сақталғандығын анықтауы керек.
Азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында істерді сотқа дейін алдын-ала
шешудің тәртібі туралы мәселе тың тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл
мәселе төңірегіндегі қалам сілтеген ғалым-заңгерлер саны өте аз. Қазақстан
Республикасында аталған тақырыпты қозғаған ғалымдар саусақпен санарлық.
Осыған байланысты істерді сотқа дейін алдын-ала шешудің тәртібі туралы
мәселенің ғалымдардың қызу пікірталасын туғызған жақтары жетіп артылады.
Ғалымдардың бір тобы істі сотқа дейін алдын-ала шешудің заңдармен
белгіленген тәртібін сақтауды талап қою құқығының алғы шарты ретінде
қарастыру қажеттігі жөнінде ой айтса,[8] енді біреулері талап қою құқығын
іске асырудың шарты ретінде қарастыруды ұсынады.[9]

Процессуалист-ғалым Г.Л. Осокина бұл мәселені істерді сотқа дейін
алдын ала шешудің тәртібін сақтау мүмкіндігінің жойылғандығы немесе
жойылмағандығына байланысты шешуді ұсынады.
Егер бұл мүмкіндік жойылса, талап қою құқығының алғы шарты ретінде болады.
Егер істі сотқа дейін алдын ала шешудің тәртібін сақтау мүмкіндігі
жойылмаса, онда талап қою құқығын іске асырудың мүмкіндігі де жойылған жоқ,
демек бұл жағдайда аталған мән-жай талап қою құқығын іске асырудың шарты
ретінде болады.[10] Г.Л. Осокина мәселені осылайша шешу кезінде Ресей
Федерациясының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (әрі қарай – РФ АІЖК)
сүйенеді. РФ АІЖК 129 бабының 2 тармағына сәйкес егер мүдделі тұлға сотқа
жүгінген кезде істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің
заңдармен белгіленген тәртібін сақталмаса судья талап арызды қабылдаудан
бас тартады. Осы бапта талап арызды қабылдаудан бас тарту, егер жіберілген
бұзушылық жойылған жағдайда сол іс бойынша қайтадан жүгінуге кедергі
келтірмейтіндігі жөнінде көрсетілген. Іс сотта қозғалып кеткен жағдайда,
істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала шешудің заңдармен
белгіленген тәртібі сақталмаса және осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі
жойылса, РФ АІЖК 219 бабының 2 тармағына сәйкес іс жүргізу қысқартылады, ал
осы тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса, РФ АІЖК 221 бабының 1 тармағына
сәйкес арыз қараусыз қалдырылады. Арызды қайтару мен қараусыз қалдыру сол
талаппен сотқа екінші рет жүгінуге кедергі келтірмейді (АІЖК 154 бабының 3
бөлігі, 250 бабының 3 бөлігі). Ал егер аталған тәртіпті қолдану мүмкіндігі
жойылса, сот талап арызды қабылдаудан бас тартады, іс қозғалып қойса іс
жүргізуді қысқартады (АІЖК 153 бабының 1 бөлігінің 1 тармақшасы, 247
бабының 1 тармақшасы). Мысалы претензиялық мерзімді өткізіп алған жағдайда
ол мерзімді қалпына келтіруге болмайды, сәйкесінше істі сотқа дейін алдын
ала шешудің тәртібін сақтау мүмкіндігі жойылды. Ал бұл мүдделі тұлғаның
сотқа жүгіну құқығынан айрылғанын білдіреді. Демек сот талап арызды
қабылдай алмайды.
Олай болса Г.Л. Осокинаның пікірімен келісуге болады. Бірақ, Г.Л.
Осокинаның өз зерттеуі нәтижесінде шығарған соңғы пайымдауы дұрыс емес
тәрізді.
Дәлірек айтқанда ол былай деп жазады: “Егер қорғаушы-материалдық
құқықтық қатынасты іске асыру мүмкіндігі жойылса және оны қалпына келтіру
мүмкін емес болса (претензиялық мерзімдер қалпына келтірілмейді), істі
сотқа дейін алдын ала шешудің тәртібін сақтамау талап қою құқығының
жағымсыз алғышарты ретінде болады”.[11] Мұнда істі сотқа дейін алдын ала
шешудің тәртібін сақтамау талап қою құқығының алғышарты ретінде болады
дегенімен келісу қиын. Сонда бұл пайымдау аталған тәртіп сақталмаса, сотқа
жүгінуге болады, ал сақталса сотқа жүгінуге болмайды дегенді аңғартып
тұрған жоқ па? Ендеше істердің осы санаты үшін дауды сотқа дейін алдын ала
шешудің заңдармен белгіленген тәртібін сақтау мүмкіндігінің жойылмауы талап
қою құқығының алғышарты болады. Өйткені талап қоюшы претензиялық мерзімнің
өтіп кетуіне байланысты жауапкерге претензиясын мәлімдей алмайды. Бірден
сотқа жүгінген жағдайда сот претензиялық тәртіпті қолдану мүмкіндігінің
жойылуына байланысты талап арызды қабылдаудан бас тартады. Ал істердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптері
Сот ісін жүргізу тілі
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
Азаматтаық сот ісін жүргізу қағидалары
Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидалары
Азаматтық іс-жүргізу
Азаматтық іс жүргізу құқығы туралы ақпарат
АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТҮСІНІГІ
Пәндер