Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы



Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Соңғы зеңбіректің үні өшіп, 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 71 жыл болды. Кешегі Кеңестер Одағының барлық халқы күш біріктіріп жеткен Ұлы Жеңіске Қазақстан халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
Соғыстан кейінгі жылдары Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының құрамында «Ұлы Отан соғысы тарихы» бөлімі жұмыс істеді. Осы бөлім 1959–1983 жылдары қажырлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ондаған құнды да, іргелі монографиялар, құжаттар жинақтарын шығарды [1]. Олар бүгін Ұлы Отан соғысы тарихнамасының алтын қорына енді. Соғыс жылдарындағы қазақ халқының майдандағы ерлігі мен тылдағы ерен еңбегі мұнан кейін де талай зерттеулерге арқау болды [2]. КСРО ыдырағаннан кейін бұрын идеологиялық себептермен зерттеуге, жазуға тыйым салынған еңбек армиясы, жер аударылғандар, соғыс тұтқындары [3] сияқты мəселелер де тұңғыш рет зерттеліп, бұл тақырыптың тарихнамалық ауқымы ба- рынша кеңейтілді. Бүгінде соғыстың сипаты туралы əртүрлі пікірлер айтылады. Егер оның қазақ халқы жəне КСРО құрамындағы басқа да халықтарға қа- тысы туралы айтсақ, олардың бəрі де ортақ Отанын қорғағаны даусыз.
Соғысқа дейін əскер қатарында болғандарды, соғыс кезінде майданға кеткендерді қосқанда, Қазақстаннан 1 млн. 307 мың адам сапқа тұрған екен. Олардың бəрі ортақ Отан үшін соғысты. Отанымызға аса зор қайғы мен қасірет əкелген, ананы жесір, баланы жетім еткен, қаншама аға буын өкілдері қыршын кеткен сұм соғыстың біткеніне жарты ғасырдан асып кетті. «Соғыс» пен «Жеңіс» сөзінің айырмасын еңбектеген балаға дейін ұққан заман алыстай түсті. Дегенмен соғыс тақырыбына арналған кез келген мақалада отты жылдардағы қазақстандық майдангерлердің ерліктеріне, тылдағы істеріне, Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі айтылатыны даусыз. Соңғы уақыттарда, əсіресе тəуелсіздік алғаннан кейін ескерусіз қалған қазақ қаһар- мандарының көзсіз ерліктері туралы мəліметтерге қол жеткізу, ұлттық тарихты қайта қарастыру жастарға отансүйгіштік тəрбие беруде өз ықпалын тигізуде.
Қазіргі таңда соғыс тақырыбын тəуелсіз азат тұрғысынан қайта қарастыру – батыр ағалар алдындағы кейінгі толқынның борышы. Бұл қаһарлы соғыстың қырғынынан тағылым алу үшін өте қажетті мəселе болып табылады. Алпыс жылдан бері сұрапыл соғыстың тағылымы əр тұрғыдан зерттеліп, зерделеніп келеді. Ұлы Отан соғысының оқиғалары, майдан жа- уынгерлерінің ерліктері мен тылдағы еңбек адамдарының даңқты істері сол кездің өзінде де тілге тиек, əңгімеге арқау болып жатты. Оқиғалардың ізін суытпай жазылған қысқа-қысқа газет хабарларынан бастап, сол кезде-ақ жарияланған үлкенді-кішілі еңбектер халық ерлігін баяндады. Ал бұл салада тарихшылар мен публицист жазушылардың жазған дүниелерінің өзі бірталай.
1. Козыбаев М.К. Казахстан – арсенал фронта. Алматы, 1970.
2. Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде. Алматы, 1985.
3. Алдажуманов К.С. История войны 1941–1945 годов и Казахстан: «белые пятна» и проблемы // Социогуманитарная наука Казахстана. Алматы, 2011. С. 203-217.
4. Балақаев Т.Б., Алдажуманов К.С. Историография Казахстана периода Ве- ликой Отечественной войны // Актуальные проблемы истории Советского Казахстана. Алматы, 1980. С. 113-124.
5. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. 1941–1945. Алма- Ата, 1975.
6. Козыбаев М., Рахматуллин Б. Равнение на коммунистов. Алма-Ата, 1975.
7. Едігенов Н. Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында. Алматы, 1970; Алда- назаров А. Участие казахстанцев в боях за особождение Польши от немец- ко-фашисткой оккупации (1944–1945 гг.). Автореф. дис. ...канд. ист. наук. Алма-Ата, 1972.
8. Алдажуманов К.С., Анес Г. и др. Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. Алматы, 1998; Алдажуманов К.С. Трудармейцы Казах- стана: история и судьбы // II конгресс Трудармейцев Казахстана. Алматы, 1997. 5-17 бб.; Военнопленные: застывшие догмы и попытки переосмыс- ления // Central Asia monitor. 2013. №25; 26; 27.
9. Қозыбаев М. Майдангер студенттер. Алматы, 1985; Əбділдаев Қ. Қаһарлы күндер шежіресі. Алматы, 1974; Бекішев Х. Батальон, алға! Алматы, 1985; Көпішев Қ. Қаһармандар. Алматы, 1981 т.б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы Отан Соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
Revision of the Great Patriotic War-subsequent generation debt

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Соңғы зеңбіректің үні өшіп, 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 71 жыл болды. Кешегі Кеңестер Одағының барлық халқы күш біріктіріп жеткен Ұлы Жеңіске Қазақстан халқы да өзінің лайықты үлесін қосты.
Соғыстан кейінгі жылдары Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының құрамында Ұлы Отан соғысы тарихы бөлімі жұмыс істеді. Осы бөлім 1959 - 1983 жылдары қажырлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ондаған құнды да, іргелі монографиялар, құжаттар жинақтарын шығарды [1]. Олар бүгін Ұлы Отан соғысы тарихнамасының алтын қорына енді. Соғыс жылдарындағы қазақ халқының майдандағы ерлігі мен тылдағы ерен еңбегі мұнан кейін де талай зерттеулерге арқау болды [2]. КСРО ыдырағаннан кейін бұрын идеологиялық себептермен зерттеуге, жазуға тыйым салынған еңбек армиясы, жер аударылғандар, соғыс тұтқындары [3] сияқты мəселелер де тұңғыш рет зерттеліп, бұл тақырыптың тарихнамалық ауқымы ба- рынша кеңейтілді. Бүгінде соғыстың сипаты туралы əртүрлі пікірлер айтылады. Егер оның қазақ халқы жəне КСРО құрамындағы басқа да халықтарға қа- тысы туралы айтсақ, олардың бəрі де ортақ Отанын қорғағаны даусыз.
Соғысқа дейін əскер қатарында болғандарды, соғыс кезінде майданға кеткендерді қосқанда, Қазақстаннан 1 млн. 307 мың адам сапқа тұрған екен. Олардың бəрі ортақ Отан үшін соғысты. Отанымызға аса зор қайғы мен қасірет əкелген, ананы жесір, баланы жетім еткен, қаншама аға буын өкілдері қыршын кеткен сұм соғыстың біткеніне жарты ғасырдан асып кетті. Соғыс пен Жеңіс сөзінің айырмасын еңбектеген балаға дейін ұққан заман алыстай түсті. Дегенмен соғыс тақырыбына арналған кез келген мақалада отты жылдардағы қазақстандық майдангерлердің ерліктеріне, тылдағы істеріне, Қазақстан халқының Ұлы Отан соғысына қосқан үлесі айтылатыны даусыз. Соңғы уақыттарда, əсіресе тəуелсіздік алғаннан кейін ескерусіз қалған қазақ қаһар- мандарының көзсіз ерліктері туралы мəліметтерге қол жеткізу, ұлттық тарихты қайта қарастыру жастарға отансүйгіштік тəрбие беруде өз ықпалын тигізуде.
Қазіргі таңда соғыс тақырыбын тəуелсіз азат тұрғысынан қайта қарастыру - батыр ағалар алдындағы кейінгі толқынның борышы. Бұл қаһарлы соғыстың қырғынынан тағылым алу үшін өте қажетті мəселе болып табылады. Алпыс жылдан бері сұрапыл соғыстың тағылымы əр тұрғыдан зерттеліп, зерделеніп келеді. Ұлы Отан соғысының оқиғалары, майдан жа- уынгерлерінің ерліктері мен тылдағы еңбек адамдарының даңқты істері сол кездің өзінде де тілге тиек, əңгімеге арқау болып жатты. Оқиғалардың ізін суытпай жазылған қысқа-қысқа газет хабарларынан бастап, сол кезде-ақ жарияланған үлкенді-кішілі еңбектер халық ерлігін баяндады. Ал бұл салада тарихшылар мен публицист жазушылардың жазған дүниелерінің өзі бірталай. Соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін маман тарихшылардың еңбектерін былай қойғанда, естелік жазатын соғыс ардагерлері қаншама. Бастан кешкен майдан хикаяларын солдаттан бастап маршалға дейін жазды. Олардың қаламынан шыққан дүниелерді бүгінгі оқырман қауым оқып та, кітап сөрелерінен көріп те жүр. Өткен күндердің өшпес мұрасына, халық ерлігіне арналған еңбектердің құны да, мəні де ерекше. Бұл салада Одақ көлемінде миллиондаған тиражбен жарық көрген мыңдаған күрделі зерттеулер, мемлекет қайраткерлері мен дипломаттардың, партия, кеңес қызметкерлері, ғалымдар, жазушылар мен журналистердің еңбектері ұшан-теңіз.Соғыс тарихының жалпы мəселелері мен жеке проблемалары белгілі Кеңес ғалымдарының күрделі ғылыми еңбектерінде де терең зерттелді. Сол кездегі республика тарихын зерттеуге бағалы материал беретін, 1964 - 1967 жылдардың ішінде екі том болып шыққан құжаттар жинағының да алатын орны ерекше [4]. Қазақ КСР ҒА-ның Ш.Ш. Уəлиханов атындағы Тарих, археология жəне этнография институты, Қазақстан КП ОК-і жанындағы Партия тарихы институты жəне Қазақ КСР Ор- талық Мемлекеттік мұрағаты мекемелері кезінде баспаға əзірлеп, жариялаған бұл 2 томдық құжаттар жинағы зерттеушілер үшін əрдайым құнды əрі қажет құрал болып қала бермек. Қазақстан, оның ішінде қазақ жауынгерлерінің майдан мен жау тылындағы ерлігі, халықтың жеңіс жолындағы еңбегі, майданға патриоттық көмегі құжаттар негізінде жан-жақты көрсетілген.
Соғыстан кейінгі жылдары Ұлы Отан соғысы туралы алғашқы зерттеулер жаза бастаған А.Нүсіпбеков болды. Ол бірнеше рет басылған Қазақ КСР тарихының Ұлы Отан соғысына арналған тарауларын жазды. Республика еңбекшілерінің тылдағы ерен еңбегі, оның еліміздің қуатты арсеналына айналып, жеңіске қосқан үлесі жөнінде келелі пікірлер айтты. Ол майдан мен тыл тақырыбын жүйелі түрде зерттеуге жетекшілік етіп, жолға қоюшылардың бірі болды. Академик А.Нүсіпбековтің 1968 жылы орыс тілінде шыққан Казахстанцы в битве под Москвой деген зерттеу еңбегінде 1941 жылы республика жерінде құрылған əскери құрамалардың, қазақ жауынгерлерінің Мəскеу түбіндегі ерлігі нақты құжаттар негізінде жазылған. Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш көлемді монография жазған ғалымдардың бірі Ғ.Əбішев. Оның Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанға арналған еңбегі тыл мен майдан оқиғаларын бірдей қамтыды [5]. Қамтылған мəселелерінің, деректерінің санылығы жағынан бұл еңбек Ұлы Отан соғысы тарихнамасынан лайықты орын алады. Соғыс жылдарының тарихына көлемді зерттеулер арнап, өндірте жазған ғалым М.Қ. Қозыбаев болатын. Оның еңбектерінде республика 71 партия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дәстүрлері арқылы жеткіншектерді адамгершілікке тәрбиелеу үрдісі
Мектептегі музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Жасөспірімдер спортын ұйымдастыруда отансүйгіштікке тәрбиелеудің рөлі
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш
Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру (сыныптан тыс жұмыс арқылы)
Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
Бауыржан Момышұлы: тарихи тұлға және көркем образ
Жеңісті еселеген мұнайшылар
Табиғат қорғаудан сынып жұмыстары
Пәндер