Айқын газетінде сұхбат жанрының берілуі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.5 бб

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


І ТАРАУ
«Айқын» газетіндегі «Ақ сөйле!» айдарының тақырыптық, проблемалық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6.23 бб

ІІ ТАРАУ

«Ақ сөйле!» айдарында журналист, қаламгерлердің
азаматтық позициясының көрінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24.36 бб

ІІІ ТАРАУ
Қоғамдық пікір қалыптастырудағы «Ақ сөйле!» айдарының
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37.45 бб

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46.47 бб

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48 б

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49 б
Қазақ журналистикасы өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр. Бұның тек еліміздегі демократиялық жаңарулар мен нарықтық экономика үрдістері ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ауқымды өзгерістерге де байланысты туындап жатқан дәуір сабақтастығы екендігі даусыз. Ең маңыздысы – халықаралық деңгейдегі әлем журналистикасы жаңа кезеңге көшуде. Оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, журналистиканың қызметіне кең мүмкіндіктер ашатын жаңа ақпараттық технологиялар өсіп келеді. БАҚ заман ағымына ілесіп, шапшаңдығымен, жеделділігімен жаңашыл сипат алып отыр. Екіншіден, ақпарат алу, тарату ауқымы кеңеюде, спутниктік технология әлемнің кез-келген түкпірінен жедел хабар алуға мүмкіндік беруде. Үшіншіден, әрі ең бастысы, ауқымды құрылымдардың қалыптасуымен, жаңа ақпарат технологиялардың дамуымен қатар, аз ғана қауымның мүддесін қамдаған шағын ақпарат құрылымдары пайда болуда. Яғни, халықтың белгілі бір топтарына хабар тарататын бұқаралық коммуникациялар кең өріс алып келеді. Дүниежүзілік ақпарат әлемінде болып жатқан осынау өзгерістер сөз жоқ, қазақ баспасөзіне де өз ықпалын тигізіп отыр. Заман ағысы, уақыт үрдісі енгізіп жатқан жаңалықтар ендігі сәтте қазақ журналистеріне дағдылы жайбасар қалыптан айырылып, жаңаша ойлауды, қайсыбір тосын жайды дәл тауып, лайықты түйін жасауды, тіпті, алда болар беймәлім өзгерістерге дайын отыруды талап етуде.
Қазір әлемдік ақпарат құралдарында «ақпараттың еркін ағымы» деген теория дәуірлеп тұр. Ол қағиданың мәні мынаған келіп саяды: адам баласы – жарық дүниенің иесі. Ол әлемдегі жаңалық атаулыдан хабардар болуы керек. Сондықтан, ақпаратқа шекара қойылмауы тиіс. Ақпарат – сол мемлекеттің идеялық айнасы. Ұстанған бағыт, бағдар, саяси ауқым, экономикалық тұрақтылық алдымен ақпарат көздері арқылы жалпақ әлемге тарайды. Осы ретте қазақ баспасөзі бірінші беделге ие болуы тиіс.
Журналистика – хабар таратып, насихат жүргізудің, БАҚ арқылы өмірдегі жаңалықтар мен оқиғалар, болмыс құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағұлмат беріп, пікір айтатын публицистің қоғамдық қызметінің түрі. Журналистика – бірнеше мекемелер жүйесінен тұратын ерекше әлеуметтік институт. Сондықтан да, журналистика – қоғамның өзекті ақпараттарымен жұмыс істеп, баспасөз арқылы тарататын қызметі бар мамандық.
Әлем таныған қазақ елі тәуелсіздікке оңай жете қойған жоқ. Қай кезде де дәуір тамырын дөп басып отыратын публицистиканың мұндағы үлесі орасан зор. Қай журналист болмасын алдымен ол – өз заманынның, өз ортасының перзенті. Сондықтан да ол тек өз дәуірінің шындығын ғана шығармаларына арқау етеді. Халқының мәдени, рухани өмірінің дәрежесін сол уақыт өлшемімен бағалайды. Өзі өмір сүрген кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтары мен халқының қадір-қасиетін өткен тарихымен таразылап барып, қаншалықты деңгейге көтерілгенін, жетістігі мен кемшілігін салмақтайды. Сол арқылы өткен дәуірдің бағдарын барлап, өзі өмір сүрген кезеңінің қыры-сырына қанығып, болашаққа болжам жасайды.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының старегиясы. – Алматы: Дәуір, –1992.
2. Байтұрсынов А. Шығармалар. – Алматы: Жазушы, –1989.
3. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. –Алматы, 1978.
4. Омашұлы Н. Жол үстінде – журналист. – Алматы: Атамұра, 1999.
5. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. –Алматы: Мектеп, 1981.
6. Барманкулов М. Журналистика для всех. –Алматы: Қазақстан, 1979.
7. Сәрсенбаев А. Новое информационное пространсво республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы, 1998.-С.200
8. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары.
– Алматы, 1998.
9. Қозыбаев С. Төртінші майдан. –Алматы: Жалын, 1983.
10. Засурский Я.Н. Основные понятия теории журналистики. –Москва: МГУ, –1993.
11. Силантьев А.В. Четвертая власть СМИ. – М.: –1991.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті

Мерзімді баспасөз кафедрасы

Абдикалиева Гүлжан

АЙҚЫН ГАЗЕТІНДЕ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢ БЕРІЛУІ
(2006-2008жж.)

Жоғарғы оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын бакалавриаттық

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
050504 – журналистика

Ғылыми жетекшісі – Жақсылықбаева Р.С., филол. ғ.к., доцент
Ресми сарапшысы –

Мерзімді баспасөз кафедрасының
2009 жылғы ... ... ... ... ... ... ... мәжіліс інде
талқыланып, қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі ... ... .филол.ғ.д., профессор Ш.Ы. Нұрғожина

Мемлекеттік емтихан комиссиясының сараптауына қабылданды.
Диплом қорғау күні: 2009 жылғы мамыр

Комиссия хатшысы ... ... ... ... ... ... ... ...

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 3-5 бб

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І ТАРАУ
Айқын газетіндегі Ақ сөйле! айдарының тақырыптық, проблемалық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6-23 бб

ІІ ТАРАУ

Ақ сөйле! айдарында журналист, қаламгерлердің
азаматтық позициясының көрінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24-36
бб

ІІІ ТАРАУ
Қоғамдық пікір қалыптастырудағы Ақ сөйле! айдарының

рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 37-45 бб

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46-
47 бб

СІЛТЕМЕЛЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 48
б

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49 б

КІРІСПЕ
Қазақ журналистикасы өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр. Бұның тек
еліміздегі демократиялық жаңарулар мен нарықтық экономика үрдістері ғана
емес, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ауқымды өзгерістерге де байланысты
туындап жатқан дәуір сабақтастығы екендігі даусыз. Ең маңыздысы –
халықаралық деңгейдегі әлем журналистикасы жаңа кезеңге көшуде. Оның
бірнеше себептері бар. Біріншіден, журналистиканың қызметіне кең
мүмкіндіктер ашатын жаңа ақпараттық технологиялар өсіп келеді. БАҚ заман
ағымына ілесіп, шапшаңдығымен, жеделділігімен жаңашыл сипат алып отыр.
Екіншіден, ақпарат алу, тарату ауқымы кеңеюде, спутниктік технология
әлемнің кез-келген түкпірінен жедел хабар алуға мүмкіндік беруде.
Үшіншіден, әрі ең бастысы, ауқымды құрылымдардың қалыптасуымен, жаңа
ақпарат технологиялардың дамуымен қатар, аз ғана қауымның мүддесін қамдаған
шағын ақпарат құрылымдары пайда болуда. Яғни, халықтың белгілі бір
топтарына хабар тарататын бұқаралық коммуникациялар кең өріс алып келеді.
Дүниежүзілік ақпарат әлемінде болып жатқан осынау өзгерістер сөз жоқ, қазақ
баспасөзіне де өз ықпалын тигізіп отыр. Заман ағысы, уақыт үрдісі енгізіп
жатқан жаңалықтар ендігі сәтте қазақ журналистеріне дағдылы жайбасар
қалыптан айырылып, жаңаша ойлауды, қайсыбір тосын жайды дәл тауып, лайықты
түйін жасауды, тіпті, алда болар беймәлім өзгерістерге дайын отыруды талап
етуде.
Қазір әлемдік ақпарат құралдарында ақпараттың еркін ағымы деген
теория дәуірлеп тұр. Ол қағиданың мәні мынаған келіп саяды: адам баласы –
жарық дүниенің иесі. Ол әлемдегі жаңалық атаулыдан хабардар болуы керек.
Сондықтан, ақпаратқа шекара қойылмауы тиіс. Ақпарат – сол мемлекеттің
идеялық айнасы. Ұстанған бағыт, бағдар, саяси ауқым, экономикалық
тұрақтылық алдымен ақпарат көздері арқылы жалпақ әлемге тарайды. Осы ретте
қазақ баспасөзі бірінші беделге ие болуы тиіс.
Журналистика – хабар таратып, насихат жүргізудің, БАҚ арқылы
өмірдегі жаңалықтар мен оқиғалар, болмыс құбылыстар жөнінде жұртшылыққа
мағұлмат беріп, пікір айтатын публицистің қоғамдық қызметінің түрі.
Журналистика – бірнеше мекемелер жүйесінен тұратын ерекше әлеуметтік
институт. Сондықтан да, журналистика – қоғамның өзекті ақпараттарымен жұмыс
істеп, баспасөз арқылы тарататын қызметі бар мамандық.
Әлем таныған қазақ елі тәуелсіздікке оңай жете қойған жоқ. Қай кезде
де дәуір тамырын дөп басып отыратын публицистиканың мұндағы үлесі орасан
зор. Қай журналист болмасын алдымен ол – өз заманынның, өз ортасының
перзенті. Сондықтан да ол тек өз дәуірінің шындығын ғана шығармаларына
арқау етеді. Халқының мәдени, рухани өмірінің дәрежесін сол уақыт өлшемімен
бағалайды. Өзі өмір сүрген кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтары мен
халқының қадір-қасиетін өткен тарихымен таразылап барып, қаншалықты
деңгейге көтерілгенін, жетістігі мен кемшілігін салмақтайды. Сол арқылы
өткен дәуірдің бағдарын барлап, өзі өмір сүрген кезеңінің қыры-сырына
қанығып, болашаққа болжам жасайды.
Әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық
байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір
талғамына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем туындылары
арқылы үлес қосады. Ал журналист дәуір дауылпазы публицистика тілімен
шындықтың шырайын ашып көрсеткенді жөн көреді. Ол заманды жалаң суреттеп,
оқиғаны тізіп шығушы емес, елдің тіршілік, қам-қарекетімен етене араласа
отырып, әрбір жағдайды әр қырынан үңіле зерттеп, танымдық сырын, қоғамдық
мәнін терең ашып көрсетуді мұрат тұтады. Коммунистік идеологияның саяси
сахнадан түсуі, сөз жоқ, республиканы қоғамдық-саяси және мәдени-рухани
өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ғасырға жуық уақыт бойы бір жақты, үстем
идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген публицистикаға деген жаңаша
көзқарас туды.
Осы заманғы жағдайда, яғни тасқа басылған сөздің оқырманға әсер етуі
тұрғысынан алғанда, мұндай сан алуан басылымдардың қатар өмір сүруі – заңды
нәрсе. Нәтижесінде, бұл жағдай әрбір баспасөз құралының ақпарат ағынындағы
дербес орны мен рөлін нақты анықтап алуына әсер етіп отыр. Негізінен
алғанда, баспасөздің қоғамнан тысқары тұра алмайтыны – шындық. Қоғамдағы
ақпарат ұйымының қызметі мен қағидасы сол қоғамда қалыптасып отырған нақты
саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайлар мен құбылыстар аясынан
шығады. Ал, қоғам қозғалысқа кірген тұста сөз өнерінің публицистика сияқты
саласының мәртебесі өсе түсетіні – табиғи жағдай. Қоғам үшін қажетті
ойларды оятып, халықтық пікірлерді орнықтыратын, оқырманды нақты іс пен
қимылға шақыратын публицистика екені белгілі. Әлбетте, публицистиканың
құқықтық мемлекет құру жағдайындағы қызметі Қазақстан Республикасының
Баспасөз және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңның аясынан
шығып, соның шеңберінде реттеліп отыруға тиіс. Сондықтан да, Бұқаралық
ақпарат құралдары дегеніміз – күнделікті өмірден әртүрлі хабар алып, оларды
халыққа арнайы техникалық құралдар арқылы ашық әрі жария түрде жеткізетін
саяси институттардың бірі. Әлеуметтік қоғамның рухани өмірін қалыптастыруда
БАҚ маңызды рөл атқарады.
Еліміздің ақпарат кеңістігін салмақты материалдармен толықтырып,
қоғамдағы саяси, әлеуметтік, ағартушылық, танымдық т.с.с. әр саланы қамтып,
көсемсөздің атасы Ахмет Байтұрсынов айтқандай Халықтың көзі, құлағы мен
тілі болып жүрген қазақ баспасөзінің бүгінгі бет-бейнесі шүкір көңілге
қонымды деп айтуға болады. Бүгінде қазақ мерзімді баспасөзінің ішінде
өзіндік орны бар, қалың бұқараның жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген іргелі
басылымдар өте көп.
Бүгінгі қазақ баспасөзінің ішінде қоғамдық пікірдің ұйтқысына айналып
жүрген Егемен Қазақстан, Ана тілі, Қазақ әдебиеті, Жас қазақ
газеттерінің қатарына сөзсіз Айқын газеті де жатқызылады. Өйткені,
Айқын газетінде әлеуметтік маңызы бар тақырыптар жиі көтеріледі, терең
жазылады. Сонымен қатар, елдік мүдде, жерді қорғау, теңсіздікті болдырмау,
ұлттық тарих, әдебиет пен мәдениет, салт-дәстүрге жаңа ұлттық сипаттағы
көзқарасты қалыптастыру тәрізді мәселелерде өзіндік өрнек-нақышымен көзге
түсіп, бедері бар басылымға айналып отырғандығы қуантады. Осы ретте біз
диплом жұмысымыздың тақырыбын Айқын газетінде сұхбат жанрының берілуі
деп алуды жөн көрдік. Өйткені, бүгінгі қазақ журналистикасына өзіндік
үлесін қосып келе жатқан Айқын газетінің Ақ сөйле! айдарында жарық
көрген материалдарда экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани өмірдің
шынайы шындық фактілерінен көрінуі бүгінгі оқырман сұранысын толығымен өтеп
отыр. Басылым бетіндегі осы айдарда жарияланған сұхбаттардың әрқайсысында
ұлттық сипаттың басым болуының өзі бізді осы тақырыпты алуымызға себепкер
болды.
Айқын газетінде сұхбат жанрының берілуі атты диплом жұмысы
кіріспеден, негізгі үш тараудан, сілтемелер және әдебиеттер тізімінен
тұрады. Жұмыстың бірінші тарауы Айқын газетіндегі Ақ сөйле! айдарының
тақырыптық, проблемалық ерекшелігі деп аталады. Бұл тарауда Айқын
газетінің тұрақты түрде шығып тұратын Ақ сөйле! айдары материалдардың
тақырыптық, мазмұндық, проблемалық ерекшеліктеріне нақты фактілер арқылы
тоқталып өтеміз.
Диплом жұмысының Ақ сөйле! айдарында журналист, қаламгерлердің
азаматтық позициясының көрінуі атты екінші тарауында басылымда қызмет етіп
жүрген журналистердің жазбагерлік ерекшеліктеріне баға беріп, өзіндік
қолтаңбаларын айқындаймыз. Олардың өздеріне тән ерекшеліктерін жарияланған
материалдары арқылы таразыланып, талданса, Қоғамдық пікір
қалыптастырудағы Ақ сөйле! айдарының рөлі атты үшінші тарауында Айқын
газетінің Ақ сөйле! айдарының қоғамдық мәні мен маңызы қарастырылады.
Қорытындыда бітіру жұмысының негізгі мақсаттары мен міндеттері
айтылып, екі тараудағы ой-пікірлер тұжырымдалады.

І ТАРАУ

Айқын газетіндегі Ақ сөйле! айдарының тақырыптық, проблемалық
ерекшелігі

Соңғы зерттеулердің нәтижесінде ұлттық баспасөз тарихының сонау көне
дәуірлердегі ежелгі түрік бітіктастарындағы рухани жәдігерлерімізден
басталатындығына көз жеткіздік. Кезінде ежелгі ата-бабаларымыз бұқаралық
ақпарат таратудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, өркениетке VІ–VІІ ғасырлардың
өзінде-ақ қол жеткізгендігінен хабардар бола бастадық. Тарихи
жәдігерлеріміз Күлтегін, Тоныкөк сияқты тасқа қашалып жазылған
кітаптардың сюжеттік оқиға құрылымы мен жанрлық белгілері ақпараттың
алғашқы үлгілерін қалыптастырды. Сондай-ақ, кеңестік дәуірде пантүркист
деп есімін атауға тыйым салынған Ысмағұлбек Ғаспрәлінің 35 жыл бойы
үздіксіз жарық көріп тұрған Тәржіман (1883-1918) газетінің қазақ халқы
үшін де рухани маңызы ерекше болғандығын айта кеткеніміз жөн. Сонымен
қатар, ұлтымыздың татарлармен бірігіп шығарған Пікір (1905-1907) газеті
де төл баспасөзіміздің тарихын қалыптастыруға айрықша үлес қосты.
1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі орыс мерзімді басылымдарындағы
қазақ тақырыбы және баспасөз тарихы коммунистік идеологияның қатаң сүзгісі
мен талабының салдарынан Қазақстан өз алдына тәуелсіздік алғанға дейін
шынайы түрде зерттелмей келді. Әйтсе де, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың
басындағы отаршылдық пиғылдағы газет-журналдар туралы ешқандай еңбек
жазылмай қалған екен деген пікір тумаса керек.
Қазақ зерттеушілерінің арасында алғаш рет қазақ және орыс
баспасөзінің тарихына арнайы қалам тербеген көрнекті көсемсөзші Ахмет
Байтұрсыновтың Қазақ газетінің оқырмандарына арнау сөзінде: 1907-ші
жылғы санаққа қарасақ, Россияда сол жылы мың бір жүз жетпіс үш есімді газет
пен журналдар шыққан екен. Оның бір мың үш жүз тоқсан алтысы рус тілінде,
сегіз жүз алпыс жетісі басқа тілде, - деген деректер бар [1]. Қазақ
баспасөзінің даму сатыларын ғылыми тұрғыдан қарастырған Қ. Бекхожин, Б.
Кенжебаев, Т. Қожакеев, Т.Амандосов сияқты ғалым-зерттеушілер Коммунистік
партияның қырағы көзінен сескенбей, саясаттың суық, сұрапыл талаптарынан
қаймықпай, ретін тауып көптеген құнды еңбектер қалдырғандары ерлікке пара-
пар деп қарауға тиістіміз.
Кешегі кеңестік дәуір кезінде ұжымдық үгітші, ұжымдық насихатшы және
ұжымдық ұйымдастырушы деп аталған бұрынғы кезең баспасөзін қазіргі
жаһандану кезеңіндегі баспасөзбен салыстыра алмаймыз. Арада өткен біршама
уақыт ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының сыры мен сипаты, бағыты мен
бағдары, бұрыннан атқарып келе жатқан қызметтері мен қағидалары күрт
өзгерді.
Мұндай өзгерістер алдымен қоғамдық-саяси өмірдегі жаңа жағдайдан
туды, оған тың тұрпатты мемлекет құру жолындағы өтпелі кезеңнің бастан
кешірмеген қитұрқы құбылыстары да ықпал етпей қалмады. Соның нәтижесінде
ежелгі бір идеологияға бағынған коммунистік баспасөздің орнына жаңаша
құрылған, әлемдік журналистика мен ұлттық басылымдар тәжірибесін тірек
етуге бейім баспасөз органдары пайда болды.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана қазақ
журналистикасының өткен тарихының ақтаңдақ тұстары қайта ашылып, кезінде
ұлтшыл деген жаламен жабылып қалған Қазақ, Алаш, Сарыарқа, Ұран,
Бірлік туы, Жас азамат сияқты газет-журналдарда жарық көрген А.
Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М. Шоқай, Х.Досмұхамедұлы, М.
Тынышбайұлы, А.Мәметұлы, Х. Ғаббасұлы, С. Қожанұлы, Н. Төреқұлұы, Т.
Шонанұлы сынды қазақ халқының бір топ зиялы қауымының ұлттық мүдде
тұрғысында жазған публицистикалық мақалалары ғылыми айналымға түсіп, өзінің
тиісті бағаларын алып та үлгерді. Сондықтан біз төл баспасөзіміздің тарихын
ежелгі тас ескерткіштердегі ақпарат үлгілерінен бастап, ХІХ ғасырдың екінші
жартысындағы сапалық түрлері (Түркістан уалаятының газеті, 1870),
кеңестік дәуір (1917-1990) мен 1991 жылдан басталатын тәуелсіздік
жылдарынан бүгінгі таңға дейінгі аралықты қамтып, төрт кезеңге бөліп
қарастыруды дұрыс деп таптық.
Профессор Қ. Бекхожин қазақ баспасөзінің тарихын екі дәуірге бөлсе,
ғалымның әріптесі, профессор Ә. Ыдырысов та зерттеу еңбектерінде дәл осылай
қарастырады. Бұл жөнінде профессор Ә.Ыдырысов: 1870-1917 жылдар аралығында
шығып тұрған газеттер мен журналдар – қазақ қоғамының Ресей патшалығының
тұтас отарлау езгісіне түскен заманға сәйкес келді. Сондықтан ол халықты
шын мәнінде біртұтас ұлт етіп біріктіру күресін уағыздай да, жүргізе де,
ұйымдастыра алмады. Табиғаты жағынан – балаң күйде, ұйымдық жағынан
негізсіз, сипаты жағынан – жалтақ, жағымпаз, екі жүзді, қорқақ, тұрақсыз,
жалпысөзді болды, - деп жазады [2].
Қазақ журналистикасының екінші дәуірі бұл – Қазан төңкерісі деп
аталатын 1917 жылдан кейінгі 1985 жылға дейінгі 80 мыңға жуық әкімшілік-
әміршілдік, коммунистік-кеңестік аралық. Бұл аралықта қазақ қоғамы, қазақ
халқы үшін билеудің түр-түсі өзгерді, қызыл коммунистік болды. Сөз,
баспасөз бостандығы бар! делінгенімен, іс жүзінде баспасөз – партиялық
құрал деп сол нұсқауға негізделді.
Қазақ баспасөзінің үшінші кезеңі деп 1985-1991 аралығы мен
тәуелсіздік алған жылдан бастап бүгінгі күн аралалығын атайды. Қайта құруға
дейінгі республикалық Социалистік Қазақстан, Лениншіл жас газеттерінің
қатарына Алматы ақшамы (1988), Өркен (1988), Әділет (1989), Ана
тілі (1990), Халық кеңесі (1990), Денсаулық журналы (1990), Азия
(1991), Ақ босаға (1991), Аманат (1991), Қазақ батырлары (1991),
Қазақ тілі мен әдебиеті (1991) деп аталатын газет-журналдар шоғыры
қосылды.
Әлем таныған қазақ елі тәуелсіздікке оңай жете қойған жоқ. Қай кезде
де дәуір тамырын дөп басып отыратын публицистиканың мұндағы үлесі орасан
зор. Қай журналист болмасын алдымен ол – өз заманынның, өз ортасының
перзенті. Сондықтан да ол тек өз дәуірінің шындығын ғана шығармаларына
арқау етеді. Халқының мәдени, рухани өмірінің дәрежесін сол уақыт өлшемімен
бағалайды. Өзі өмір сүрген кезеңдегі қоғамның даму заңдылықтары мен
халқының қадір-қасиетін өткен тарихымен таразылап барып, қаншалықты
деңгейге көтерілгенін, жетістігі мен кемшілігін салмақтайды. Сол арқылы
өткен дәуірдің бағдарын барлап, өзі өмір сүрген кезеңінің қыры-сырына
қанығып, болашаққа болжам жасайды.
Әр дәуір келбетін жаңғырта жеткізуде, бүгінгі заман талабына лайық
байлам жасауда әркім әрқалай жолды таңдап алады. Мәселен, тарихшы дәуір
талғамына тарихи тұрғыдан баға беруге ұмтылса, әдебиетші көркем туындылары
арқылы үлес қосады. Ал журналист дәуір дауылпазы публицистика тілімен
шындықтың шырайын ашып көрсеткенді жөн көреді. Ол заманды жалаң суреттеп,
оқиғаны тізіп шығушы емес, елдің тіршілік, қам-қарекетімен етене араласа
отырып, әрбір жағдайды әр қырынан үңіле зерттеп, танымдық сырын, қоғамдық
мәнін терең ашып көрсетуді мұрат тұтады. Коммунистік идеологияның саяси
сахнадан түсуі, сөз жоқ, республиканы қоғамдық-саяси және мәдени-рухани
өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ғасырға жуық уақыт бойы бір жақты, үстем
идеология мүддесі тұрғысында бағаланып келген публицистикаға деген жаңаша
көзқарас туды.
Осы заманғы жағдайда, яғни тасқа басылған сөздің оқырманға әсер етуі
тұрғысынан алғанда, мұндай сан алуан басылымдардың қатар өмір сүруі – заңды
нәрсе. Нәтижесінде, бұл жағдай әрбір баспасөз құралының ақпарат ағынындағы
дербес орны мен рөлін нақты анықтап алуына әсер етіп отыр. Негізінен
алғанда, баспасөздің қоғамнан тысқары тұра алмайтыны – шындық. Қоғамдағы
ақпарат ұйымының қызметі мен қағидасы сол қоғамда қалыптасып отырған нақты
саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жағдайлар мен құбылыстар аясынан
шығады. Ал, қоғам қозғалысқа кірген тұста сөз өнерінің публицистика сияқты
саласының мәртебесі өсе түсетіні – табиғи жағдай. Қоғам үшін қажетті
ойларды оятып, халықтық пікірлерді орнықтыратын, оқырманды нақты іс пен
қимылға шақыратын публицистика екені белгілі.
Жариялылықтың нәтижесінде Қазақстанда пайда болған саяси партиялар
мен қозғалыстардың да өз баспасөзі көріне бастады. Мысалы, Невада-Семей,
Азат, Желтоқсан, Қазақстан Халық Конгресі т.б. қозғалыстардың
газеттері өз мүддесі тұрғысынан түрлі бағыттарда үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізді. Бұдан кейінгі 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жеке
меншік және тәуелсіз басылымдар жарық көрді. А. Байтұрсынұлының
редакторлығымен 1913 жылы жарық көрген Қазақ газетіне рухтас Қазақ үні
(1994) жеке меншік газеті шыға бастады. Тәуелсіз мерзімді баспасөз қатарын
Түркістан (1994), Заман-Қазақстан (1995), Қазақ елі (1995) сияқты
жаңа газеттер толықтырды. Оқырман қауымды Айқын, Жас қазақ, Дала мен
қала сияқты газеттер легі ұлттық мемлекетіміздің саяси-экономикалық,
қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени, жаңа ұлттық идеологиялық бағдарламасы
қалыптастыру үшін мақалалар даярлап, шығармашылық жағынан дамыды.
Осы тұста республикалық қоғамдық-саяси Айқын газетінің орны ерекше.
Ол – тұрақты түрде жарыққа шығып келе жатқан күнделікті газет. Басылым
оқырмандардың көңілін ақпаратты жедел беруімен, күнделікті шығуымен тапты.
Республикалық қоғамдық-саяси Айқын газетінің Саясат, Әлеумет,
Экономика, Мәдениет, Ақ, сөйле!, Спорт сынды тұрақты айдарларында
Айгүл Аханбайқызы, Құбаш Сағидолла, Қуанышбек Қари, Танакөз Толқынқызы,
Мақпал Қаратайқызы, Кәмшат Тасболатқызы, Ғалым Сүлеймен, Нұрболат Аманжол
т.с.с. жас журналистердің мақалаларын көруімізге болады.
Айқын газетіндегі Ақ сөйле! айдарына тұрақты түрде жүргізіп
отыратын журналистер қатарынан саясаткерлермен сұхбат құратын Кәмшат
Тасболат, Айхан Шәріп, экономистердің тілін табатын Гүлнәр Жұмабайқызы және
Айбатыр Сейтақ және тағы басқалар. Газеттің Ақ сөйле! тұрақты айдары
сұхбат жанры түрінде беріледі. Онда салмақты, дәлелді пікірлер беріледі.
Сондықтан да болар айқындықтар Ақ сөйленің сұхбат берушісі етіп айтары
бар кісілерді алады. Енді сол сұхбат берушілер пікірлеріне құлақ түрсек.
Газет бетінде 2006 жылдан бері жарық көрген Ақ сөйлеге! журналистиканың
майын ішіп, жілігін мүжіген Нұртілеу Иманғалиұлы, қоғам қайраткері Мұрат
Әуезов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Кәкімбек
Салықов, ҚР ҰҒА-ның академигі Серік Қирабаев, жазушы Төлен Әбдік, тарихшы
Тұрсын Жұртбай, ақын Темірбек Медетбек т.с.с. секілді белгілі азаматтар
сұхбат берген.
2007 жылдың желтоқсан айында Ақ сөйленің 13 саны шыққанын ескерсек,
онда біз қарастыратын екі жылда неше ақ сөйлеушілер болғанын есептей
беріңіз. Сонымен екі жылда жарық көрген Ақ сөйленің тақырыптарын талдай
келе былай жіктеуге болады:
– саяси тақырыптағы сұхбаттар;
– экономика тақырыбында алынған сұхбаттар;
– әлеуметтік және құқық тақырыбындағы сұхбаттар;
өнер тақырыбындағы сұхбаттар, т.с.с.
Айқын газетінің тақырып пен айдар қоюының өзі ұтымды. Осы ретте
зерттеуімізге негіз болып отырған Айқын газетінің Ақ сөйле! тұрақты
айдарын айтуымызға болады. Айқынның Ақ сөйле! айдары материалдарында
экономикалық, әлеуметтік-саяси және рухани өмірдің шындық фактілері
негізінде ой елегінен өткізе отырып таразылау, оларға нанымды түрде жан
жақты баға беру, сөйтіп, ұлттық мүддеге сай келетін міндеттерді орындауға
бағытталған қоғамдық пікірді қалыптастыру талаптары айқын көрініс табады.
Бұл газет айдарының қандай да бір қоғамдық пікірде болмасын халыққа шынайы
түрде жеткізе білетіндігімен оқырман көңілінен шығып отырғандығы даусыз.
Бүгінгі журналист міндетінің өзі халықтың ойынан шығып, қоғамдық ой-санаға
әсер ету екені көпшілікке аян. Айқын газеті ұжымы бір ғана Ақ сөйле!
айдары арқылы өз мақсатына жетіп отырғаны айдан анық. Осы тұста сұхбат
жанрына біршама тоқталып өтсек.
Сұхбат (интервью) – ағылшын сөзі, әңгіме, әңгімелесу дегенді
білдіреді. Оның жанр ретінде анықтамасы – бұқаралық ақпарат пен насихат
құралдары өкілінің не баспсөзде жариялау, не радио мен телевизияда беру
үшін белгілі бір әлеуметтік мәні бар мәселе туралы мемлекет, қоғам, саясат,
ғылым, мәдениет қайраткерімен жүргізген әңгімесі. Сұхбаттың мақсаты –
қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға, қызықты құбылыс жөніндегі соған
қатысы бар, өзі араласқан беделді де білікті адамдардың, мамандардың
пікірімен жұртшылықты таныстыру. Бұл журналистің өзі хабарлай салғаннан
гөрі, сенімді де ықпалды болады.
Қазіргі кезде сұхбат ең жиі берілетін, тиімді де ықпалды жанрға
айналып отыр. БАҚ қызметі негізінен ақпараттық сипат алса, бұл тұрғыдан
сұхбаттың атқаратын ролі зор. Журналист анықтамалығында сұхбатқа мынадай
анықтама берілген: Интервью – газетте журналистің қандай да бір адаммен
белгілі тақырыптағы әңгімесін жазып алуы ретінде беріледі. Бұл жазып алу
монолог немесе диалог түрінде болады. Теледидар экранынан көрермендер
журналисті де (диктор), сұрақ беріліп отырған әңгімелесуші адамды да
көреді. Сөйтіп, әңгімелесіп отырған адамдар теледидар көрермендерімен
байланыс жасайды... [3].
Сұхбатқа профессор Т.С. Амандосов мынадай анықтама берген еді: Күн
тәртібінде өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық маңызы бар мәселе жөнінде
журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде
одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі, осыларды өңдеп, қорытып жазады,
міне, осы талаптарда сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі
– интервью болып табылады [4]. Сұхбатты оқыған, көрген, тыңдаған кезде
адамдар ақпаратты бірінші қолдан алғандай болады, хабар-жаңалықты белгілі
бір саланың маманы жария еткен кезде жұртшылық оған толық сенеді.
Сұхбаттың мақсатына келсек, ол жөнінде профессор Т.Қ. Қожакеев өзінің
Жас тілшілер серігі атты кітабында былай жазған: Интервьюдің мақсаты –
қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға, тың бастама, қызықты құбылыс
жөніндегі соған қатысы бар, өзі араласқан беделді де білікті адамдардың,
мамандардың пікірімен жұртшылықты таныстыру [5]. Сұхбаттың түрлеріне
келсек, профессор Т.С.Амандосов өзінің кітабында оның төрт түрін көрсеткен
еді: Интервьюдің әңгіме түрі. Журналист белгілі бір адаммен кездесіп,
әңгімелеседі. Бірнеше сұрақтарына жауап алады. Сол жөнінде ол адамның
пікірін біледі. Мұндай кездесу көбінесе жайдары жағдайда, екі адамның жай
ғана әңгімелесуі жағдайында өтеді. Журналист фактілерін жинақтап, ой-
пікірін саралап, белгілі бір мақсатқа бағыштап, бір арнамен, бір тақырыптың
аумағында жазып шығады. Әңгіменің соңында жазып алған пәлен деген аты-
жөні қойылады.
Интервьюдің сұрақ-жауап түрі. Интервьюдің бұл түрі сұрақ-жауап
түрінде боп келеді. Мұнда сұрақ та, берілгенжауап та, кей жағдайда, толық
жазылады. Кей жағдайда жауап қысқартылып жарияланады. Енді бірді, берілген
сұрақ та, жауап та қысқартылып жасалуы мүмкін.
Интервью – суреттеме. Итервьюдің бұл түрінде журналист өзінің
кездесуге келген адамымен қандай жағдайда кездесті, оның көңіл-күйі қандай,
міне, осы жайларды суреттеп көрсетеді.
Интервьюдің анкета (сауалнама) түрі. Баспасөз органдары қоғамдық
мәні бар мәселелерге, немесе, бұқараның назарын аударып отырған мәселелерге
нақты жауап алу үшін күні бұрын анкета әзірлеп, оны оқушыларына таратады.
Таратқан анкетаның сұрақтарына жауап алғаннан кейін анкета бойынша берілген
сұрақты да, оған берілген бірнеше адамның жауаптарын қатар береді... [6].
Ал профессор Т. Қожакеев болса, Жас тілшілер серігі атты
кітабында сұхбатты хабарлама және түсіндірмелі деген екі топқа бөліп, оның
өз ішінде әрқайсысының бірнеше түрін ажыратып көрсетеді. Хабарлама
сұхбаттың түрлері:
Интервью – диалог. Бұл журналист-тілшімен интервью беруші арасында
алма-кезек сөйлесуі, яғни диалог түрінде келеді. Тілші сұрақтар қояды,
әңгімелесуші оған жауап беріп отырады.
Интервью – монологта редакцияның, не оның жеке өкілінің нақты бір
мәселе туралы айтып беруді белгілі бір қайраткерден, маманнан өтінгендігі,
немесе нендей сұрақтарға жауап беруді сұрағандығы материал басында
ескертіледі де, сонан соң әлгі маман пікірі ешбір сұрақ-жауапсыз, тұтас
етіліп, соның монологы ретінде жарияланады.
Хабарлама интервьюдің мазмұндама түрінде журналист әңгімелесушінің
айтқандарын түгел баяндап, жариялап жатпайды. Әңгіменің тоқ етерін,
түйінін, сөлін ғана мазмұндап айта салады, яғни интервью-мазмұндамада
әңгіменің есебі-отчеты ретінде көрініс табады.
Профессор Т. Қожакеев түсіндірмелі сұхбатты төртке бөліп
қарастырады: Интервью – суреттемеде өткеннен елес беру, шегініс арқылы
бұрынғы кейбір жайттарды, ортаны, атмосфераны еске алу, әңгімелесушінің
өмір жолынан деректер келтіріп, портретін ашу орын алады.
Интервьюдің пресс-конференция көрінісінде бірнеше газет, журнал,
радио, телевизия өкілдері бір саланың бір немесе бірнеше маманымен қатар
әңгіме жүргізеді. Журналистер кезекпен сұрақ қояды, әңгімелесушілер оған
жауап айтады, білгісі келген мәселелеріне түсінік, комментарий береді.
Дөңгелек үстел басындағы пікірлесу түрінде, бір саланың, нақты
проблеманың көптеген өкілі бір жерге шақырылады, бас қосады. Журналист әлгі
проблема туралы солардың бәріне ортақ сұрақтар қояды да, ол жөнінде
әрқайсысының өз пікірін айтуын өтінеді...
Ал түсіндірмелі интервьюдің анкета түрінде сұрақтар жарияланып
таратылып, жауаптар жазбаша беріледі [7].
Журналист әр уақытта әңгімелеседі, мамандығының ерекшелігі сонда:
әңгімелесіп, сұрап алмағаныңша, ештеңе де біле алмайсың. Ал жаңалықсыз,
жаңа фактілерсіз, жаңа дәлелдерсіз қоғамдық-саяси әдебиет, публицистика
өмір сүре алмайды. Журналист сұхбатты корреспонденция, мақала, очерк немесе
фельетон т.б. жазу үшін алады. Күн тәртібіне қойылған өмірдің өзі ұсынып
отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-
пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен
сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады. Міне, осы талаптарға сай
жазылған материал хабар жанрының бір түрі – сұхбат болып табылады.
Журналист қоғам қайраткерлерімен немесе белгілі бір салада істеп
жүрген озаттармен сан алуан мәселелер жөнінде әңгімелесіп, пікір алысады.
Әрине, бұл әңгімелер мен пікірдің біздің ұшан-теңіз болып толқып жатқан
өміріміз үшін маңызы мен қоғамдық-саяси мәні зор болуға тиіс. Әңгіме болып
отырған мәселенің мән-жайын жақсы білетін, болған оқиғаны дұрыс бағалай
алатын адамнан сұхбат алу ақпарат құралдары үшін өте бағалы нәрсе болып
саналады.
Газет материалдарының тақырыбы жағынан өте ұнамды, ал мазмұны жағынан
оқырманға мейлінше түсінікті болуы баспасөздің негізгі міндетіне – оның
идеялығы аса жоғары болуына байланысты. Бұл талап- газеттің үлкенді-кішілі
жанрларының бәріне бірдей түгел қойылатын ортақ талап. Бұл талаптардың іс
жүзінде бұлжымай орындалуы, ең алдымен, газет қызметкерлерінің тақырыпты
таңдай білуіне байланысты. Тақырып таңдаудың өзі өмір мектебінен туады,
тақырып өмірдің өзі ұсынатын идея десек қателеспейміз. Саяси және
әлеуметтік мәні зор, қазіргі таңдағы өте бір маңызды мәселені қозғайтын
тақырыпты таңдай білу, ол, әрине, шеберлік.
Тақырып дұрыс таңдай білу деген сөз – дәл нақ кезеңінде қалың
бұқараның назарын аударып, барынша қызықтыра түсетін өмір фактісі туралы
әңгімелеу, белгілі бір мәселені көтере білу. Өмірдің өз мұқтажынан, өз
талабынан туғанда ғана әрі ұғымды, әрі жарасымды болып тұрады. Көтерілген
тақырып өте өзекті болып, өмір сұрағына дер кезінде жауап беруге тиісті де,
тақырып таңдаған журналист уақыт талабынан қатты есептесіп, заман талабына
жауап беріп отыруы қажет.
Атақты журналист Е. Рябчиков Тақырыптың тууы деген өзінің
кітабында тақырып туралы бірнеше журналистердің пікірлерін келтіреді.
Касторма журналисі В. Голубев: Тақырып мен үшін газеттің барлық
материалының желісі, негізі, лейтмотиві, - десе, журналист С. Буныковтың
пікірінше тақырып дегеніміз: Шұғылданатын нәрсені талдау... Тақырыпты
іздеу деген сөз – көрген-білгенің туралы, адамдармен не жөнінде сөйлескенің
туралы ойланып-білуге жаттығу деген сөз. Одан әрі қарай ой тексеру деген –
жұмысты қорытындылау кезеңі. Бұл жерде енді оның шешімі табылады, бұл жерде
шұғылданған нәрсеңді талдаудан, суреттеуден нақтылық, түсініктілік үні кеп
шығады [8].
Ең алдымен, Айқынның Ақ сөйле! айдарындағы саяси тақырыпта
алынған сұхбаттарға тоқталып өтсек. Журналист Кәмшат Тасболатованың Нұр
Отан ХДП-ның хатшысы Ерлан Қаринмен жүргізген сұхбатында келешекте
Қазақстанның ұстанымдары Еуропаға қарай ығыса ма, әлде Еуропа бізге қарай
ойыса ма? – деген көп қазақтың көкейінде жүрген мәселе төңірегінде ой
қозғайды. Саясаткер Ерлан Қарин: Меніңше, қанша күмәнді ойлар айтылғанымен
де, ешкім де бір нәрсені жоққа шығара алмас: жоғары серпінмен бе, әлде
төмен серпінмен бе, түптің түбінде біз еуропалық стандарттарға біртіндеп
аяқ басып келе жатырмыз. Бұл – уақыттың талабы. Қазақстан ЕЫҚҰ-ның төрағасы
ретінде Еуропаға жақындай ма, әлде Еуропа Қазақстанға жақындай ма дегенге
өз басым бәрі керісінше болады деп үміттенемін. Кезінде Қазақстанның ЕЫҚҰ-
ға төрағалығына байланысты көптеген оппозиция өкілдері мен сарапшылар қатты
сын айтты. Бұл мүмкін емес, мүмкін болғанның өзінде ол ОБСЕ-нің
дискредитациясына әкеліп соғады дегендей ойлар айтылған кезде,
саясаттанушы марқұм Нұрболат Масанов: Керісінше, мұндай бастамаларды
қолдау керек. Себебі қалай болса да, бұл бастамалар елді, мемлекетті,
қоғамды сол бағытқа, стандартқа жақындатады, итермелейді, - деген еді. Біз
көріп отырмыз ғой, қалай болса да алға жылжушылық бар. Естеріңізде болса,
төрт-бес жыл бұрын билік тарапынан саяси реформалар жайлы мүлдем
айтылмайтын. Журналистер мен сарапшылардың өздері де мұны ұмытып кеткен де
болар, бірақ қоғамдық дисскуциялар кезінде ресми билік тарапынан саяси
реформалар мәселесі мүлдем жабық тақырып саналатын. Сондықтан бәріміздің
көзіміз жетіп отыр: ЕЫҚҰ-ға төрағалық ету бастамасының соңында саяси
дискуссиялар мен идеялардың мазмұны өзгерді. Егер де бұрындары біз саяси
реформалар керек пе, жоқ па деген даулассақ, енді бұл тақырыпты қойып,
бұл реформалар қандай болуы керек! деп өзгерістердің өзін талқылап
жатырмыз. Сондықтан бұл қайткенде де оң процесс.
Журналист Кәмшат Тасболатованың Президент жанындағы адам
құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты
Сағынбек Тұрсыновтан алған сұхбаты негізінен Қазақстанның ЕЫҚҰ-ға төрағалық
қарсаңында Қазақстан билігі Сайлау туралы, Саяси партиялар туралы және
БАҚ туралы заңдардағы өзгерістер мен саяси реформалар жайында өрбісе де,
әлемнің 12 елінде елшілік қызметте болған азаматтан адам құқықтары жөнінде
шет ел тәжірибелері жөнінде ақпарат берілген. Ал, қазақ баспасөзі мен қазақ
тілі жайында қойылған сұраққа сұхбат берушінің жауабы төмендегідей: Қазір
қай елді алсаңыз да, бәрі де жергілікті ана тілдерінде сөйлейтіні белгілі.
Бұл – мемлекеттіліктің нышаны. Сондықтан тіл мәселесіне үлкен мән берілуі
керек. Бүгінде республика аймақтарындағы қай дүкенге кірсеңіз де, әңгімені
сатушы здрасте деп бастайды. Мен оларға өз тілдеріңде сөйлеңдер деп
кеңес беремін. Германияда бәрі немісше сөйлейді. Венгиярда француздар мен
итальяндар көп тұрады. Бірақ бәрі де өз ана тілдерінде сөйлеуді міндет деп
біледі. Францияда болсаңыз, француз тілінсіз дүкенге кіру қиын. Француз
сатушыларына ағылшынша сөйлесеңіз, жауабын французша қайтарады.
Экономикасы мен демократиясын үлгі еткіміз келетін Европадан ана тілімізді
дәріптеудің тәсілдерін үйренсек артық болмас.
Орыс жазушысы М. Горькийдің: Әрбір дерек сан жүздеген жіптермен
шырмалған түйіндердің қосындысы, яғни, рухани ой, ақыл, жүрек қаны мен көз
жасы, дарын-қабілеттің тамшысы. Әр дерек өмірмен тамырлас келеді, -деген
пікірі журналистердің нағыз қыз қайнаған өміріндегі ізденістері мен
талпыныстарына сабақтас келеді.
Экономика саласының жанында жүрген мамандардан алынған сұхбатта
керісінше, өзіндік пікір, өткірлік бар. Бұның себебі, қазіргі экономиканың
мың құбылып тұрғаны болса керек. Мысал келтірейік, Т. Рысқұлов атындағы
Қазақ ұлттық экономикалық университетінің доценті Ілияс Исаевпен
жүргізілген сұхбатты Терең ғылыми тұрғыдан алғанда мемлекеттің ақшаны
сырттан іздеуімен келіспеймін деп алынуы елең еткізерлік. Әлемдік
өтімділік дағдарыстың себебі ипотекалық нарықтан басталған жоқ. Оның
алғышарттарының тамыры тереңде жатыр. Біріншісі – Американың сыртқы
экономикалық саясаты. Екінші – Американың сыртқы дипломатиялық саясаты.
Үшінші – Американың басқа мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынасы. Соңғы
кездері Американың сыртқы саясаты көптеген алдыңғы қатардағы және жаңа
дамып келе жатқан мемлекеттердің наразылығын туғызды. Оның ішінде Қытай да
кезінде Америкаға оң көзбен қараған жоқ. Мысалы, Билл Клинтон президент
болып тұрған кездері Қытай өзінің Америкамен теріс сальдосына ренжіп, өз
юанын девальвация жасағысы келді. Қытай юаньді девальвация жасайды деген
күннің ертесінде Билл Клинтон Қытайға ұшып барды. Неге? Себебі юаньнің
девальвациясы Американың импортына үлкен соққы тигізетін еді. Өйткені
Американы киіндіріп отырған – Қытай, тамақтандырып отырған – Қытай, тіпті
бүкіл әлемдегі трансұлттық брендтердің барлығы Қытайдың территориясына
орналасып, арзан жұмыс күшін пайдаланып, тауар өндіруді, басқа да қызмет
түрлерін халыққа ұсынуды әбден дәстүрге айналдырған.
АҚШ-тың өзге елдерге әлімжеттік жасауы, соғыс ашуы да экономикалық
жағынан алып қарағанда қып-қызыл шығын емес пе? деген журналист сауалынан
жай ғана сұрақ емес, пікірді байқауға болады. Экономикалық тақырыпта
жасалған сұхбаттардан АҚШ, Европаға қатысты өткір сыни пікірлер мен
тұжырымдарды байқауға болады. Кеңестер Одағы құлағаннан кейін Америкада
сыртқы саясатты үлкен бір арандатушылық қадамдар басталып кетті. Бұрын
Америкаға саяси әскери күшпен, экономикалық қуаттылығымен КСРО ғана баланс
ұстап тұратын. Ол құлады. Содан келді де Америка сыртқы саясатын соғыс
әскери саясатын ешкіммен санаспай жүргізе бастады. Сонның айқын дәлелі –
Иракқа, Ауғанстанға соғыс ашуы. Бұл соғыстың бәрі Америка экономикасына
салмағын түсірмей қоймады. Мысал үшін, Пентагонның жылдық әскери бюджеті
700 миллиард доллар деген ресми мәлімет бар. Бұл – ресми ақпарат көздеріне
жарияланған цифрлар. Ал біз білмейтін әскери соғыс шығындары қаншама?!
Бүгінгі таңда Америка экономикасы баяулай бастады. Бұл – осы факторлардың
әсері. Бұл елде рецессия (экономиканың баяулауы) құбылысы айқын байқалып
отыр. Егер мемлекеттік бюджеттің бәрі әскери шығындарды қаржыландыруға
кететін болса, нақты секторға,өндіріске, халықтың әлеуметтік жағдайын
жақсартуға жұмсайтын бюджеттің үлес салмағы азаяды. Осының бәрі келді де
Американың экономикасын бүгінгі таңдағы қиындыққа әкеліп соқтырды. Мысал
үшін, Ирактағы соғысты алайық. Бұл Америка экономикасына тікелей ықпал
етеді. Нобель сыйлығының лауреаты, белгілі экономист Джозеф Стиглицтің
есебі бойынша Ирактағы соғыстың құны 3 триллион долларға тең екен. Осы
қаржыны Ирактағы соғыстың болған уақытына бөлсеңіз жыл сайын қаншама
қаржыны Америка өз қалтасынан Ирактағы соғысқа жұмсауы мәжбүр болғанына көз
жеткізуге болады. Мұның барлығы АҚШ өнеркәсібінің баяулауына, жалпы
экономикасының құлдырауына әкеп соқты.
Елдің экономикасы саясатына тікелей тәуелді. Бірақ біздің
саясаткерлер осыған байланысты Ақ сөйлеге тереңінен сұхбат бермесе де,
біздің экономистердің қазіргі қиыншылықтар жайында осылай ашық әрі батыл
пікірлер айтуы айдардың мәнін аша түсті деп ойлаймыз. Олар шынында да ақ
сөйлеуге тырысты.
Айқын – Үкімет пен Парламенттегі күнделікті жаңалықты халыққа дер
кезінде жеткізіп қана қоймай, онда қаралып жатқан мәселелерге өз пікір,
бағасын беріп отыруымен құнды. Сонымен қатар, қазақ баспасөзінде бұған
дейін ешқашан жазылмай келген тың тақырыптарға құлаш ұруы Айқынды
оқырманға мейлінше жақындата түсті. Осындай ерекшеліктері арқылы ұлттық
басылымдар арасындағы тұңғыш ақпараттық күнделік, бүгінде жұртшылық
алдында зор беделге, үлкен таралымға ие болып отыр. Әсіресе, оқырманды
ынталандыратын басқа басылымдарда жоқ өзгешелігі – әр нөмір сайын Ақ
сөйле! айдарымен берілетін көлемді танымдық, тағылымдық мақалалары десек,
қателеспесіміз анық. Ақ сөйле! деп тұрғанда ақтарылмайтын адам болмайды,
мейлі ол әкім немесе министр болсын, өзіне берілген мүмкіндікті пайдаланып,
ел-жұртқа бір ағынан жарылғысы келері сөзсіз. Сондай шынайы дүниелер
барысында күрделі мәселелердің күрмеуін тарқатар жолдар да табылып жатады.

Қозғалатын материалдар сан түрлі. Әсіресе ұлттық болмыс, ел имиджін
қалыптастыру және дамуымыздың өзге елмен салыстырмалы деңгейі туралы
тақырыптар жиі қозғалады. Журналист пен сұхбат беруші бір деңгейде
сөйлеседі. Яғни материалдан сұхбат алушы тақырыпты жақсы біліп,
дайындықпен келетіндігі көрініп тұр. Мәселен, журналист Төреғали Тәженовтың
шығыстанушы ғалым Ислам Жеменейден алған сұхбатын қарастырайық. Күш
байлықта емес, рухани айбында деген тақырыптағы мақала қазақи ұғымы
тұралы, қазақи болмысты қалай қалыптастыруға болады деген сынды сұрақтарға
жауап іздейді. Бұл ретте өзге шығыс мемлекеттердің қайсысынан өнеге ала
аламыз деген сұраққа бірігіп жауап іздейді. Біз қазаққа қатысты
шығыстануды бүгінде екі тұрғыдан қарап, бағамдауға тиіспіз. Бұл орайда
айтарым, ең алдымен біздің төл тарихымызға қатысты тың дерек, мағлұматтар
Шың-Машында, яғни Қытайда, Үндістанда жатыр. Екіншіден, Ислам шығысында.
Араб, парсы көне тілінде қазақ тайпаларына қатысты бұрын айналымға
түспеген көптеген тың деректер бар және Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп сияқты
ғұлама ойшылдарымыз біздің әдебиетіміздің шығыс әдебиетімен байланысының
нақты аймағы іспеттес Осылайша шығыс пен қазақ әдебиеттерінің
ұқсастықтарын, шығыс әдебиетінің қазақ мәдениетіне берген жақсы серпінісін
айтып,өткен тарихымызға да көз жүгіртіп кетеді де, бұл тұстағы
жетістіктеріміге де тоқталады.
Сұхбат барысында: Мен аға буын, жас буын ғалымдырын тізіп айта
бергім келіп тұрған жоқ. КСРО 1949 жылдан бастап шығыс пен байланысқа тыйым
салған еді.Соның өзінде Шығысқа деген іңкәрлігімізді тоқтата алған жоқ.
Тәуелсіздіктен кейін шығыстану тікелей жаңа сатыға қадам басты. Керекті
деректерді түпнұсқадан аудара бастадық. Мәселен, мен Тарих и Рашиди
еңбегін парсы тілінен тікелей қазақшаға тәржімаладым. Оның редакциясын
Әбсаттар қажы Дербісәлі басқарды. Биыл Әбекеңнің түркі тілінен
тәржімаланған Жаһаннаме дастаны да қазақ тілінде жарық көрді, -дей келе
кемшіліктерді де айта кетеді. Тәуелсіздіктен кейін шығыстану жаңа дәуірге
қадам басты. Ұлттық, мемлекеттік мүддемізге сай деректерді өз зердемізден
өткізе бастадық. Бұрын шет елдік шығыстанушы ғалымдардың айтқанына бас
шұлғып келдік. Солардың жазып кеткенін сәл өзгертіп, өзімізге бейімдеумен
шектелдік. Мәселен, Бартольдтты бетке ұстадық. Ол кісінің ғұламалығында дау
жоқ, бірақ өзіміздің төл тарихымыздың шыққанына не жетсін, - деп, қазақтың
намысына тиетін пікірлер арқылы ойын сабақтай білген. Бұл да бір журналист
біліктілігінің сипаты. Сонымен қатар, қазақта арабтан гөрі парсы
мәдениетінің элементтері әлдеқайда басым. Мәселен бір ғана наурызды
алсақ...- деген сынды сауалдармен журналист те сұхбатқа өзіндік дайындықпен
келгендігін аңғартады. Мыңдаған жылдық тарихы, өзіндік өркениеті бар
Иранды ата жауы Америка мойындап отыр. Мойындауға мәжбүр. Осының сыры
неде? қазақи болмысымыздың намысына тиетін сұрақтарды қадап-қадап, Иран
мен Қазақстанды салыстыру арқылы оқырман үшін қызық, ашық сұхбат құра
білген.
Ақ сөйле! айдарында жарияланған мақалалардың қырық пайызы қазақ
ұғымы, ұлт саясатына байланысты жазылған. Әсіресе, бәріміздің жүрек
түпкірімізде жүрген қазақ елі, қазақстандық азамат ұғымдары туралы елге
белгілі бірнеше азаматтардан сұхбат алынған. Мәселен осы сұрақ тұрғысында
Ислам Жеменей: Иранның жетістігі неде? Батыс елдері Ираннан рухани
тұтастықты қамтамасыз етуде көп сабақ алуда. Елді ұйытататын тіл, дін,
ерекше ұлттық мәдениетін қараңыз, қазір американдық қара нәсілдердің өмір
сүру салты сондағы ақ нәсілділерге ұқсап барады. Америка саяси ұстамы
жағынан жоғары американдық қоғам жасады. Иран да солай. Ал енді біздің
бәрімізді қазақстандық деуге қазақтың тілі, діні, мәдениеті, саяси күші,
экономикалық басқаруы т.б. жүйелері сақадай сай ма? Басқа ұлт өкілдерін
қазақи дүниенің төңірегіне жинап қазақстандық жасай алмаймыз, - деп
елді өзге мемлекеттердің келбеті, ішкі саясаты мен салыстыра отырып тұшымды
пікір айтады.
Журналист Кәмшат Тасболатова Инновациялық ақпараттық орталық
қоғамдық қорының төрағасы Нұрлан Әмірқұловпен жүргізген сұхбатында: Бұл
мәселелер өз шешімін табуы тиіс. Өйткені халық өз жерінің байлығына ие
болады. Түріктер кезінде Осман империясын құрды. Ал Ататүрік келіп, түрік
еліне түрік ие-Түркие деп атау берді. Бұл дегеніңіз – түрік өз жеріне ие
деген сөз. Сондықтан біз өзіміздің жерімізді Қазақие деп атағанда ел
боламыз, - деген пікірлер төңірегінде ой өрбітеді.
Қазақстандық ұлт идеясын туралы Ақ сөйле! айдарында қоғамға әр
салада белгілі бірнеше адамдар осылайша сан түрлі пікір білдірген. Бірі бұл
идеяға кері көзқарас білдіріп, елдегi мемлекет құраушы ұлт – қазақтар, бұл
идея ұлттың тамырына балта шауып, қазiргi басым мәдениет орыс мәдениетiнiң
төңiрегiнде топтасу белең алып, соның негiзiнде мемлекеттiк тiлдiң төрге
озуына бөгет болады деп қорықса, енді бір сұхбат берушілер: қазақстандық
сөзiнiң негiзiнде қазақ сөзi бар, бұл бiздiң ұлт болып сақталуымызға
қамтамасыз етеді. Орыс тiлi түрлi салалардың ысырылып, қазақ тiлiнiң
қолданылу аясы кеңейеді, - деп өз көзқарастарын білдіруде. Айқын
газетінің Ақ сөйле! айдарында қонаққа келген тұлғалардың осындай сан-
түрлі пікірлерін беруі де газеттің ұтымдылығы деп ойлаймын. Себебі, бұл
материалдарды оқып, салыстыра отырып, бiздегi ұлттық саясат әлi бiр бағытқа
бет алмағанын байқаймыз. Оған әуелi қазақ мәдениетiне басымдық бере
алмаған, елде екi түрлi ұлттық саясат ұстанған билiк те, өзiнiң саяси
құқығын билiктен жөндi талап ете алмай отырған қоғам да кiнәлi деген ой
туды.
Ұлы патша Дарий: Мемлекет баянды болу үшін бір тілділік пен бір
дінділік қамтамасыз ету керек. Егер тіл мен дін бір болса, мемлекет баянды
болады, - демекші, Ақ сөйле! айдарындағы кез-келген сұхбат беруші
мемлекеттің баяндылығын қалай қалыптастыруға болады? деген сұраққа жауап
береді. Және ол жауаптар әр түрлі: мәселен бір дінділік туралы айтар
болсақ. Қазіргі Қазақстан үшін бір дінділік саясатына көшу үшін қандай дін
ұстануы керек? деген сұраққа жауап іздесек, жауаптың түрлілігіне таң
қаларсыз.
Мәселен: шығыстанушы Ислам Жеменей: Дінге де, тілге де біз екі
тұрғыдан қарауымыз керек. орыс болсын, шүршіт болсын, азаматтық тұрғыдан өз
тілін, мәдениетін сақтауға құқылы. Бірақ біз бұған мемлекеттік тұрғыдан да
қарауымыз керек қой. Мүмкіндігінше бір дін, бір тіл ұйытқы болуы керек.
қазіргі жағдайда біз үшін Ислам дінін негізге алып, біртұтастығымызды
қамтамасыз еткен жөн- деп, қазақтың дамуы, рухының көтерілуі Илахи дін
Исламға бой түзеуінде десе, Нұрлан Әмірқұлов: Мен ата-бабаларымыздың
тәңірлік деген нанымына бет бұрып жатырмын. Неге біздің рухымыз тез құлазып
кетті? Мәселен, жапондар 100% буддизмді қабылдады, бірақ аруақтарға
сенетін синтоизм деген ата-бабаларынан келе жатқан дінді тастамады, -
деген ой айтады. Осыдан да мемлекетте сөзі өтімді тұлғалардың бір жеңнен
қол, бір жағадан бас шығара алмауы – пікірлерінің бір-бірінен мүлдем
алшақтығынан ба деп ойлаймыз.
Бірақ Ақ сөйле! айдарының журналистері жәй ғана қызықты жауаптарды
басып, оқырмандарға ұсынумен шектелмейді. Газет беттерінен журналист пен
сұхбат берушінің кәдімгідей пікірсайыс алаңын көре аласыз. Журналист
сұхбаттың кей жерлерінде жәй ғана жауап алып қанағаттана қоймай, сұрақты
одан әрі дамытып, тіпті өзінің келіспейтінін де аңғартып отырады. Мәселен,
Айқын газетінің 2007 жылғы 1 тамызында журналист Кәмшат Тасболатованың
Нұрлан Әмірқұловпен жүргізген Өз кәсібіңіздің қожайыны болсаңыз, алдағы 50
жылдың жоспарын ойлайсыз атты сұхбатында: Біздің дініміз ғылыммен сәйкес
сәйкес болуы керек. Қазір физика Бога деген ғылым шығып жатыр. Физик
ғалымдар айтуынша, вакуум деген – Құдай деген сөз. Ғалымдардың өздері
біртіндеп дінге бет бұрып жатыр. ХХІ ғасырда діннің керегі жоқ, өйткені
ғылымның өзі дінге жетелейді. Біз данышпан халықпыз, біз ешқашан да фанатик
болған жоқпыз. Көшпенділер ер жүрек халық. Ол ғасырлар бойы өзіне сенген.
Ал Тәңір, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұхбат негізінде ақпараттық жанр
Репортаж жанрына қойылатын басты талаптар
Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру
Журналистикаға барар жолдағы алғашқы ізденістер
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Хабар жанрларының тақырыптық шеңбері
«Айқын» басылымы: тақырып және талғам
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Қалған ұлттар диаспора
Пәндер