Сот үкімі және басты сот талқылауы



КІРІСПЕ 3.5

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС.ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
6.20
1.1 Басты сот талқылауының түсінігі мен мағынасы 6
1.2 Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу және соттың отырысына дайындық іс.әрекеттер
12
1.3 Басты сот талқылауындағы дәлелдеу заты мен дәлелдеу шегі 15
1.4 Басты сот талқылауына қатысушылар 16

2
БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ
21.37
2.1 Басты сот талқылауының тәртібі 21
2.2 Басты сот талқылауының ашылуы 23
2.3 Сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету және басты сот талқылауының тәрбиелік ықпалын жоғарылату мәселелері

26
2.4 Сот тергеуі 29
2.5 Соттағы жарыссөз және сотталушының соңғы сөзі 35

3 СОТ ҮКІМІ ЖӘНЕ БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ІС. ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ
38.61
3.1 Сот үкімін шығару кезінде анықталуға жататын мән.жайлар 43
3.2 Басты сот талқылауындағы іс.жүргізу құжаттарына қатысты іс.жүргізу талаптары 46
3.3 Үкімді жариялау және жеке қаулы алу 53

ҚОРЫТЫНДЫ
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65.69
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Әрбір қымбат қазынаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың бірден-бір жолы қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырумен байланысты.
Сот әділдігін жүзеге асырудың негізгі нысаны – басты сот талқылауы болса, оның орталық кезеңі сот тергеуі болып табылады. ҚР ҚІЖК 311-бабының 3-бөлігіне сәйкес, соттың үкімі тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге ғана негізделуі тиіс [1,128-бет]. Осыған орай, сот тергеуі барысында барлық дәлелдемелер тікелей, ауызша тексеріліп, зерттеледі, айыптау және қорғау тараптарымен қосымша дәлелдемелер ұсынылады, соның негізінде сот жарыссөзінің негізі құрылып, соттың ішкі сенімі бойынша бағалануға жатады.
1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі (әрі қарай ҚР ҚІЖК) басты сот талқылауының екі нысанын қарастырған – жалпы тәртіппен және қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауы, ал 2006 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен басты сот талқылауы күрделенген нысанда жүзеге асырылуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Аталған дипломдық жұмыстың мақсаты, сот тергеуіне қатысушылардың ролін сараптай отырып, іс бойынша ақиқатты анықтаудағы сот тергеуінің маңыздылығын көрсету; айыптау және қорғау тараптарының өзара құқықтық қатынастарына кешенді сараптау жүргізу арқылы олардың тең құқықтылығын салыстыру және бәсекелестік қағидасының шынайы жүзеге асырылуын зерттеу; сондай-ақ жекелеген санаттағы қылмыстық істер бойынша сот тергеуінің ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар беру. Басты сот талқылауы орталық кезеңінің теориялық, әдістемелік және құқықтық негіздерін, сот тәжірибесін зерттеу негізінде қылмыстық іс жүргізудегі сот тергеуін жетілдіруге бағытталған тұжырымдар жасап, ұсыныстар беру аталған жұмыстың мақсатын құрайды.
Жұмыстың пәні. Сот талқылауының тәртібін, негіздері мен шарттарын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңы, сот талқылауы субъектілерінің іс жүргізудегі мәртебесі, сонымен қатар оны жүзеге асыру барысындағы қылмыстық іс жүргізу қатынастары ғылыми зерттеудің пәні ретінде танылады.
Жұмыстың объектісі. Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысындағы сот талқылауы кезеңінің қызметі диссертациялық зерттеудің объектісі болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз. «Дәнекер» Алматы, 2009 жыл;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жыл 16 шілде. «Юрист» Алматы, 2008 жыл;
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу кодексі 1997 жыл 13 желтоқсан. «Юрист» Алматы, 2009 жыл;
4. Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жыл 24 наурыз. «Юрист» Алматы, 2007 жыл;
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994 жыл 27 желтоқсан. «Юрист» Алматы, 2008 жыл;
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу кодексі 1999 жыл 13 шілде. «Юрист» Алматы, 2009 жыл;
7. С.Тыныбеков «Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет» Оқулық. «Дәнекер» 2003 жыл;
8. Е.Алауханов «Қылмыстық құқық» Жалпы бөлім. Оқулық. «ҚР ғылыми зерттеулері және құқықтық сараптама халықаралық орталығы» Алматы, 2009 жыл;
9. Ү.Нұрмашев «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» Оқу құралы. «Жеті жарғы» Алматы, 2008 жыл;
10. Е.Алауханов «Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет» Оқулық. «ҚР халықаралық ғылыми зерттеулер және құқықтық сараптама орталығы» Алматы, 2010 жыл;
11. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары;
12. «Сот үкімі туралы» заң 2002 жыл;
13. Академический курс «Уголовно-процессуальное право РК» Часть Общая, Алматы, 2004 год;
14. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары» Кітап;
15. «Адам құқықтары туралы» жалпы декларация. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары. 1948 жыл;
16. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2007 жыл 15 мамыр. «Юрист» Алматы, 2009 жыл;
17. Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодексі 2001 жыл 30 қаңтар. «Юрист» Алматы, 2009 жыл;
18. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 2000 жыл 25 желтоқсан. «Юрист» Алматы, 2007 жыл;
19. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 261-IV Заңы 2010.04.02. берілген өзгерістер;
20. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 262-IV Заңы 2010.04.02. берілген өзгерістер;
21. «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы;
22. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі (1997 ж., 13 желтоқсан, N 208 ) (2009.11.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);
23. ҚР Президентінің Қаулысымен бекітілген «ҚР құқықтық саясаты Концепциясы», 20 қыркүйек, 2002 жыл;
24. Казахстанская правда. 26 от 7 ақпан 2008 ж.;
25. «Адвокаттық іс-әрекет туралы» ҚР Заңы, 1997 жыл, Алматы қаласы;
26. «ҚР сот жүйесі жєне сот төрағасы статусы» конституциялық заңы, 25желтоқсан, 2000 жыл;
27. «ҚР Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқарушы кодексіне өзгертулер мен толықтырулар туралы» ҚР Заңы, 21.12.2000ж.;
28. «Құқықтарды қорғауды реттейтін қылмыстық-процессуалдық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Қазастан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 06.12.2002ж.//қаулылар жинағы. Астана;
29. Багаутдинов Ф. Возбуждение дел частного обвинения. // Законность. - 2000;
30. Б.Х. Толеубекова «Уголовно-процессуальное право РК» Алматы, 1998 год;
31. Дагель П.С. Взаимодействие уголовно-материального и процессуального права в регулировании общественных отношений. // Правоведение; - 1972;
32. Давыдов П.М. Обвинение в советском уголовном процессе. Дисс… канд. юрид. наук. - Свердловск, 1973, - С. 20;
33. Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права РК. - Алматы: «Жетi жаргы» 2001;
34. Жогин Н.В., Фаткулин Ф.М. Возбуждение уг. дела. - М., 1961. С. 79-80; Они же: Предварительное следствие в совет. уг. процессе. - М., 1965. - С. 6; Чеканов В.Я. Возбуждение уг. дела в советском уг. процессе. Саратов, 1958. - С.12;
35. Зусь Л.Б. Механизм уголовно-процессуального регулирования. Владивосток, 1976. С. 96;
36. Карнеева Л. Развитие основных понятий теории доказательств в советском уг. процессе. //Соц. Законность. 1978.-2.- С.30-31; Она же. Доказывание в совет.угол. процессе и основание процессуальных решений. //Сов. гос. и право.- 1981. - 10 : С. 85-90;
37. Корнуков В.М., Лазарев В.А., Холоденко В.Д. Возбуждение уголовного дела в системе уголовно-процессуальной деятельности. Саратов, 2002. С. 151;
38. Б.Х. Толеубекова, К.Ж. Капсалямов, Б.К. Шнарбекова, Д.К. Бекишев «Уголовно-процессуальное право РК» Часть Общая, «Данекер», Астана, 2002 год;
39. Лупинская А.П. Уголовный процесс. - М., 1995.- С. 48;
40. Уголовное преследование в советском уголовном процессе..- М., 1951.- С.63;
41. Б.Х. Толеубекова, К.Ж. Капсалямов, Б.К. Шнарбекова, Д.К. Бекишев «Уголовно-процессуальное право РК» Часть Общая, «Данекер», Алматы, 2000 год;
42. С.Тыныбеков «Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет» Оқулық. «Дәнекер» 2003 жыл;
43. «Құқықтарды қорғауды реттейтін қылмыстық-процессуалдық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Қазастан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 06.12.2002ж.//қаулылар жинағы. Астана;
44. «Адам құқықтары туралы» жалпы декларация. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары. 1948 жыл;
45. Жогин Н.В., Фаткулин Ф.М. Возбуждение уг. дела. - М., 1961. С. 79-80; Они же: Предварительное следствие в совет. уг. процессе. - М., 1965. - С. 6; Чеканов В.Я. Возбуждение уг. дела в советском уг. процессе. Саратов, 1958. - С.12;
46. Корнуков В.М., Лазарев В.А., Холоденко В.Д. Возбуждение уголовного дела в системе уголовно-процессуальной деятельности. Саратов, 2002. С. 151;
47. «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы;
48. Дагель П.С. Взаимодействие уголовно-материального и процессуального права в регулировании общественных отношений. // Правоведение; - 1972;
49. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары;
50. «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары» Кітап.

Кітаптар мен монографиялар:

1 С.Тыныбеков «Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет» Оқулық. «Дәнекер» 2003 жыл;
2 Е.Алауханов «Қылмыстық құқық» Жалпы бөлім. Оқулық. «ҚР ғылыми зерттеулері және құқықтық сараптама халықаралық орталығы» Алматы, 2009 жыл;
3 Ү.Нұрмашев «Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы» Оқу құралы. «Жеті жарғы» Алматы, 2008 жыл;
4 Е.Алауханов «Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет» Оқулық. «ҚР халықаралық ғылыми зерттеулер және құқықтық сараптама орталығы» Алматы, 2010 жыл;
5 Багаутдинов Ф. Возбуждение дел частного обвинения. // Законность. - 2000;
6 Боннер А.Т. Принцип диспозитивности советского гражданского процессуального права. М., 1987. С. 34;
7 Дагель П.С. Взаимодействие уголовно-материального и процессуального права в регулировании общественных отношений. // Правоведение; - 1972;
8 Давыдов П.М. Обвинение в советском уголовном процессе. Дисс… канд. юрид. наук. - Свердловск, 1973, - С. 20;
9 Джекебаев У.С. Основные принципы уголовного права РК. - Алматы: «Жетi жаргы» 2001;
10 Корнуков В.М., Лазарев В.А., Холоденко В.Д. Возбуждение уголовного дела в системе уголовно-процессуальной деятельности. Саратов, 2002. С. 151.

Мерзімді басылымдар:

1 Казахстанская правда. 26 от 7 ақпан 2008 ж.;
2 «Адвокаттық іс-әрекет туралы» ҚР Заңы, 1997 жыл, Алматы қаласы;
3 «Құқықтарды қорғауды реттейтін қылмыстық-процессуалдық заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы» Қазастан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы. 06.12.2002ж.//қаулылар жинағы. Астана;
4 «Адам құқықтары туралы» жалпы декларация. Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары. 1948 жыл;
5 «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV Заңы;
6 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары.


Нормативтік құқықтық актілер:

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. - Алматы, 2009. - 40 б.;
2 О Концепции правовой политики Республики Казахстан на период с 2010 до 2020 года: Указ Президента Республики Казахстан // Справочная правовая система ЮРИСТ. – 2009, август-24. - №858;
3 Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 21 желтоқсандағы №2709 Заңы // «Заң» базасы - Қазақстан Республикасының электрондық жүйеленген нормативтік құқықтық актілерінің жиынтығы;
4 Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2010 ж. Қазақстан халқына жолдауы // Айқын. – 2010, қаңтар – 30. - №15 (1439);
5 Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодексі 2001 жыл 30 қаңтар. «Юрист» Алматы, 2009 жыл;
6 Қазақстан Республикасының «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 2000 жыл 25 желтоқсан. «Юрист» Алматы, 2007 жыл;
7 «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 261-IV Заңы 2010.04.02. берілген өзгерістер;
8 «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуiрдегi № 262-IV Заңы 2010.04.02. берілген өзгерістер.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ
3-5

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
6-20
1.1 Басты сот талқылауының түсінігі мен мағынасы 6
1.2 Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу және
соттың отырысына дайындық іс-әрекеттер 12
1.3 Басты сот талқылауындағы дәлелдеу заты мен дәлелдеу шегі 15
1.4 Басты сот талқылауына қатысушылар 16

2 БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫ 21-37
2.1 Басты сот талқылауының тәртібі 21
2.2 Басты сот талқылауының ашылуы 23
2.3 Сотталушының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету
және басты сот талқылауының тәрбиелік ықпалын жоғарылату
мәселелері 26
2.4 Сот тергеуі 29
2.5 Соттағы жарыссөз және сотталушының соңғы сөзі 35

3 СОТ ҮКІМІ ЖӘНЕ БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНЫҢ ІС- ЖҮРГІЗУ ҚҰЖАТТАРЫ
38-61
3.1 Сот үкімін шығару кезінде анықталуға жататын мән-жайлар 43
3.2 Басты сот талқылауындағы іс-жүргізу құжаттарына қатысты 46
іс-жүргізу талаптары
3.3 Үкімді жариялау және жеке қаулы алу 53

ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65-69

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары. Әрбір қымбат қазынаның құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін қорғаудың бірден-бір жолы қылмыстық істер бойынша сот
төрелігін жүзеге асырумен байланысты.
Сот әділдігін жүзеге асырудың негізгі нысаны – басты сот талқылауы
болса, оның орталық кезеңі сот тергеуі болып табылады. ҚР ҚІЖК 311-бабының
3-бөлігіне сәйкес, соттың үкімі тек сот отырысында зерттелген
дәлелдемелерге ғана негізделуі тиіс [1,128-бет]. Осыған орай, сот тергеуі
барысында барлық дәлелдемелер тікелей, ауызша тексеріліп, зерттеледі,
айыптау және қорғау тараптарымен қосымша дәлелдемелер ұсынылады, соның
негізінде сот жарыссөзінің негізі құрылып, соттың ішкі сенімі бойынша
бағалануға жатады.
1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының
қылмыстық іс жүргізу кодексі (әрі қарай ҚР ҚІЖК) басты сот талқылауының екі
нысанын қарастырған – жалпы тәртіппен және қысқартылған тәртіппен басты сот
талқылауы, ал 2006 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен басты сот
талқылауы күрделенген нысанда жүзеге асырылуда.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Аталған дипломдық жұмыстың
мақсаты, сот тергеуіне қатысушылардың ролін сараптай отырып, іс бойынша
ақиқатты анықтаудағы сот тергеуінің маңыздылығын көрсету; айыптау және
қорғау тараптарының өзара құқықтық қатынастарына кешенді сараптау жүргізу
арқылы олардың тең құқықтылығын салыстыру және бәсекелестік қағидасының
шынайы жүзеге асырылуын зерттеу; сондай-ақ жекелеген санаттағы қылмыстық
істер бойынша сот тергеуінің ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіруге
бағытталған ұсыныстар беру. Басты сот талқылауы орталық кезеңінің
теориялық, әдістемелік және құқықтық негіздерін, сот тәжірибесін зерттеу
негізінде қылмыстық іс жүргізудегі сот тергеуін жетілдіруге бағытталған
тұжырымдар жасап, ұсыныстар беру аталған жұмыстың мақсатын құрайды.
Жұмыстың пәні. Сот талқылауының тәртібін, негіздері мен шарттарын
реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңы, сот талқылауы субъектілерінің іс
жүргізудегі мәртебесі, сонымен қатар оны жүзеге асыру барысындағы қылмыстық
іс жүргізу қатынастары ғылыми зерттеудің пәні ретінде танылады.
Жұмыстың объектісі. Қылмыстық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру
барысындағы сот талқылауы кезеңінің қызметі диссертациялық зерттеудің
объектісі болып табылады.
Жұмыстың әдістемелік, нормативтік-құқықтық және ғылыми негіздері.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін тарихи және диалектикалық
материализм ережелері құрайды. Зерттеуде жалпы ғылыми және жеке әдістермен
қатар, анализ, синтез, салыстырмалы құқық, логикалық, әлеуметтік, тарихи
және статистикалық сияқты жалпы әдістер қолданылды.
30 тамыз 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР ҚІЖК,
қылмыстық іс жүргізу қатынастарын реттейтін заңдар, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары, сондай-ақ жекелеген шет
мемлекеттерінің қылмыстық іс жүргізу заңнамалары зерттеудің нормативтік
құқықтық негізін құрайды.
Зерттеу барысында автор, философия, құқық теориясы, қылмыстық іс
жүргізу, дәлелдемелер теориясы, криминалистика, басқа да құқық саласындағы
ғалымдардың еңбектеріне сүйенді.
Жұмыстың эмпирикалық базасы. Жұмыстың эмпирикалық базасын құрайтын
деректер ретінде судьялардан, мемлекеттік айыптаушылардан, қорғаушылардан
жүргізілген 217 сұраунамалар мен сауалнамалық деректер және 2006-2010
жылдар бойынша мұрағаттағы 209 қылмыстық істер қарастырылды (Астана,
Алматы, Қарағанды қалаларының аудандық соттары), сот талқылауының
тәжірибелік ерекшелігін ескере отырып, диссертант оны жетілдіру үшін
бірнеше шаралар қолдануды ұсынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Кеңестік және қазіргі таңдағы заң
әдебиеттерінде, қылмыстық іс жүргізу оқулықтарында басты сот талқылауының
жекелеген кезеңдеріне көңіл бөлінгенмен, сот талқылауына қатысты
мәселелерге жеткілікті көңіл аударылмаған. Сонымен қатар, соңғы он жыл
көлемінде Қазақстан Республикасының қылмыстық істер бойынша сот төрелігін
жүзеге асыруға қатысты елеулі өзгерістерді ескере отырып, сот тергеуі
институтын жетілдіруге бағытталған зерттеу жұмысы, оның ғылыми жаңалығын
сипаттайды. Сот талқылауында бәсекелестік қағидасының тәжірибеде толық
көлемде жүзеге асуын анықтау және жүйелендіру, қылмыстық іс жүргізу заңында
орын алған кемшіліктері, оларды жоққа шығару үшін жасалған ұсыныстармен
қатар, автор бірінші рет сот тергеуінде соттың дәледемелерді жинау
өкілеттіктерін қарастыру, прокуратура органы құрылымында арнайы мемлекеттік
айыптау қызметін құру сияқты мәселелерді қарастырып отыр. Жұмыс барысын
қорытындылай келе, қорғауға шығарылатын мынадай тұжырымдармен сипатталып
отыр.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:
1. Қылмыстық іс жүргізу барысында азаматтардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолымен ақиқатты анықтау –
Қазақстан Республикасының қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсатын білдіреді
және оны заңды түрде бекіту ұсынылады.
2. Сот талқылауы ұғымы келесідей мазмұнда беріледі. Сот талқылауы –
соттың қылмыстық істегі және сот отырысында тараптармен табыс етілген
дәлелдемелерді зерттейтін сот тергеуінің басты кезеңі.
3. Сот талқылауындағы дәлелдеу субъектілері мақсаттарының бір-
біріне қайшы келуі сот тергеуінің ерекшелігін негіздейді. Сот талқылауы
тараптардың айқындамалары мен әдістерінің өзара сипатталуы мен бақылануы,
сот талқылауы субъектілері қызметінің ашықтығын білдіреді.
4. Дәлелдемелерді жинау бойынша соттың өкілеттік шеңберін кеңейту
қажеттілігі туралы тұжырым жасалды. Себебі, соттың дәлелдемелерді дербес
жинауы және зерттеуі сот тергеуінің толық, жан-жақты және объективті
зерттелуінің бірден-бір кепілі. Осыған орай, қылмыстық іс жүргізу заңында
нақтыланған барлық сот іс-әрекеттерін тараптардың өтіншімен қатар, өз
бастамшылығы бойынша да жүргізу құқығын реттеу ұсынылады.
5. Сот талқылауы шеңберінде дәлелдемелерді жинауды, зерттеуді,
бағалауды жүзеге асыра отырып, заңды шешім қабылдау мақсатында оларды
пайдалануы соттың дәлелдеу субъектісі ретінде танылуын білдіреді.
Соттың міндетінің бірі – басты сот талқылауын заңмен бекітілген
тәртіпте жүргізу, процеске басшылық жасау, барлық мән-жайларды толық
тексеру, зерттеу және бағалау, заңды және негізді үкім шығару. Сондықтан,
төрағалық етуші процеске басшылық жасай отырып, сот отырысында тараптардан
жауап алмауы, дәлелдемелерді талап етпеуі, оларды тексермеуі және
зерттемеуі мүмкін емес. Демек, дәлелдеудің барлық элементтерін (жинау,
зерттеу, бағалау, пайдалану) тікелей жүзеге асыруы соттың дәлелдеу
субъектісі болып танылатынын дәлелдейді.
Дипломдық құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі
зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне негізделген. Жұмыс кіріспеден, үш
бөлімнен және он екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады. Жұмыстың көлемі дипломдық жұмысқа қойылған
Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес орындалған.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС-ЖҮРГІЗУДЕГІ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Басты сот талқылауының түсінігі мен мағынасы

Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасындағы әділеттілк тек әділ сот арқылы ғана жүзеге асады.
Әділетті сотқа жіберу мемлекеттік істің негізгі формасы болып табылады. Сот
тек қана азаматтардың құқықтық қорғанысын және мемлекетті ғана қорғап
қоймайды, сонымен қатар қоғамдағы демократияны (сөз бостандығын), сот және
заң алдында барлығы бірдей жауап беретінін, заң негізінде әрекет етеді.
Соттың үкімінсіз немесе заңсыз ешкім де біздің мемлекеттік конституциямызда
қылмыстық жазаға тартылып, негізсіз айыпталмайды.
Сот талқылауында қабылданған шешімнің сапасы тек оның қылмыстық істі
жүргізу заңдарының теориялық біліміне ғана емес, сонымен қатар алған
білімін іс жүзінде жүзеге асыруға, жеке істерінде, алдын ала дайындық
жұмыстарын ұйымдастыру, басты сот процесін білікті өткізу, екі жақтың
өтініштерін дұрыс шешу, қорытынды кезеңде негізгі қаланған және заңды үкім
шығара білу керек.
Қылмыстық сот процесін жүргізу соттардың жұмыс жасау уақыты
шектелмейді.
Сот шешімі-қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс жүргізу, алдын ала
тергеу жұмыстары, алдын ала тыңдауға арналған дайындық және белгіленген
жұмыстарды тыңдау, бас сот талқылауы, апелляциялық іс жүргізу, үкімді
орындау және қадағалау жұмыстары осылардың барлығы да қылмыстық істің
негізгі сатыларының бірі [6,215-бет].
Істі жүргізу сатысында көп қылмыстық істер қаралып шешіледі; жан-жақты
орындалады; қылмыстық іс объективті және толық зерттеледі; кінәсіздігі
немесе кінәсінің аздығы туралы; сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны ақтайтын
не олардың жауаптылығын жеңілдететін дәлелдердің бар екені анықталады.
Көрсетілген әрекеттердің барлығы да қатаң конституциялық принциптер бойынша
жүргізілуі тиіс.
Сот тек сот талқылауынан кейін ғана айыпталушыны айыпты деп санап, оған
сай жазасын береді. Соттың үкімі тек осы сатыда ғана шығарылады. Сот
шешімінде үкім қабылданып Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
ҚР ҚІЖК-ң 40-тарауы, яғни басты сот талқылауының жалпы шарттарында
талқылауды басынан соңғы сатысына дейін арналған.
Басты сот талқылауына мыналар жатады:
1) дайындық бөлімі;
2) сот тергеуі;
3) сот жарыссөзі;
4) сотталушының соңғы сөзі;
5) үкім шығару.
Басты сот талқылауының жалпы шарттарымен, қылмыстық заңмен бекітілген
нормаларымен істің мән-жайын ашып, ерекшеліктерін анықтайды, олар тұрақты
және барлық қылмыстық іс жүргізудің алғашқы кезеңін өзгеріссіз қалдырады.
ҚР ҚІЖК-ң 40-тарауындағы сот талқылауының жалпы шарттарына мыналар
жатады:
- сот талқылауының тікелей және ауызша болуы (ҚР ҚІЖК-ң 311 бабы);
- сот талқылауының жариялылығы (ҚР ҚІЖК-ң 29-бабы) [7,12-бет];
- екі жақтың теңсіздігі (ҚР ҚІЖК-ң 21, 23-баптары) [8,10-11-беттер];
- сот құрамының өзгертілмеуі (ҚР ҚІЖК-ң 312-бабы);
- запастағы судья (ҚР ҚІЖК-ң 313-бабы);
- төрағалық етушінің өкілеттігі (ҚР ҚІЖК-ң 314-бабы) [9,129-бет];
- сотталушы адамның қатысуы (ҚР ҚІЖК-ң 315-бабы);
- қорғаушы мен мемлекеттік айыптаушының басты сот талқылауына қатысуы
(ҚР ҚІЖК-ң 316, 317-баптары);
- жәбірленушінің басты сот талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-ң 318-бабы)
[10,130-бет];
- азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің басты сот
талқылауына қатысуы (ҚР ҚІЖК-ң 319-бабы);
- басты сот талқылауының шегі (ҚР ҚІЖК-ң 320-бабы) [11,131-бет];
- басты сот талқылауын кейінге қалдыру және қылмыстық істі тоқтата
тұру (ҚР ҚІЖК-ң 321-бабы);
- бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу (ҚР ҚІЖК-ң 322-бабы);
- істі қосымша тергеуге жіберу (ҚР ҚІЖК-ң 323-бабы);
- басты сот талқылауында істі тоқтату (ҚР ҚІЖК-ң 324-бабы);
- басты сот талқылауында қаулы шығару тәртібі (ҚР ҚІЖК-ң 325-бабы)
[12,132-бет];
- басты сот талқылауының тәртібі (ҚР ҚІЖК-ң 326-бабы);
- басты сот талқылауындатәртіпті қамтамасыз ету мақсатында
қолданылатын шаралар (ҚР ҚІЖК-ң 327-бабы);
- басты сот талқылауының хаттамасы және ескертпелері (ҚР ҚІЖК-ң 328,
329-баптары) [13,189-бет];
- басты сот талқылауының хаттамасына ескертпелерді қарау (ҚР ҚІЖК-ң
330-бабы).
Соттың талқылауы қылмыстық процесс принциптерінің негізінде құрылған.
Сот процесінде қылмыстық процестің негізгі бөлігі орындалады. Бұндай
жағдайда жалпы сот талқылауының түрлерін қарастырып, оның қысқаша
мінездемесін беру керек.
Сот талқылауының тікелей болуы сот іске қатысы бар адамдардың барлығын
тыңдап, дәлелдерді жариялауы тиіс. Сот отырысы кезінде келтірілген
дәлелдердің негізінде ғана сот үкім шығара алады. Сот төрешісі тек
материалдық дәлелдемелермен және басқа да іс хаттамасымен танысып қана
қоймайды, сонымен қоса ол міндетті түрде оларды қарауға, сотталушылардан,
жәбірленушілерден жауап алуға, сарапшыларды тыңдауға, хаттамалар мен өзге
де құжаттарды тексеруі тиіс. Соттың өзімен зерттелмеген және хаттамада
көрсетілмеген дәлелдерге сот жүгіне алмайды.
Сондай-ақ жәбірленушіден, куәгерден заңсыз алынған мәлімдемелерді
қабылдауға жіберілуі мүмкін, ал егер сот құрамы өзгертілген жағдайда сот
отырысында алынған дәлелдер үкім шығаруға негізсіз, себебі, сот талқылауы
сот әрекетін жаңадан, төрағалық етушіні, сот төрешісін, прокурорды,
қорғаушыны және басқаларын таныстырудан бастауы керек.
Ауызша түрде жауаптар мен тергеу жұмыстарының хаттамасы, тексеру
актілері, өзге де құжаттарды тексеру жұмыстары сот талқылауының басты
шарттарының бірі. Сот міндетті түрде сотталушыдан, жәбірленушіден,
куәгерден жауап алған кезде ауызша сұрақ қойып, одан жауапты ауызша алып,
оны ауызша талқылайды. Сонымен қатар процестегі жекеленген істер жазбаша
орындалады.
Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы сот отырысына қатысып
отырғандардың іс жөнінде заңда көрсетілген, дәлелдеуге негіз болатын
мәлімдемелер мен дәлелдерге қанық болады. Бұл-куәгерлердің, айыпталушының,
жәбірленушінің және басқаларының жауаптары. Тек ерекше жағдайларда ғана,
яғни ҚР ҚІЖК-ң 353-бабында көрсетілген жағдайда ғана олардың айғақтары
жария етілуі мүмкін [14,138-бет].
Жариялылық-бұл сот талқылауындағы сөз бостандығы. Сот отырысына
халықтың қатысуына, сот процесінің жүруіне, естігендері мен көргендері
жайлы бұқаралық ақпарат құралдарымен бөлісуге болады. Сот кеңесінен басқа
процестің барлығы да жариялылық принципі негізінде жүзеге асады.
Сот талқылауының үзілмеуі, басталған іс жөнінде шешім қабылдамайынша
сот басқа іске көшуі мүмкін емес. Жан-жақтылық-сот тергеуі істің барлық
мүмкіндіктерін, айыпталушыны әшкерелейтін де ақтайтын да шараларды тексеруі
тиіс.
Істің толықтылығы істі дұрыс дәлелдеуге қажетті және жеткілікті мән-
жайларды зерттеу үшін шараларды қолдануға міндетті.
Объективтілік-бұл күні бұрын пішілген ой шығару, бейтараптық, айыптау
немесе ақтау тараптарының біржақтылығы.
Сот құрамының өзгертілмеуі, істі бір сот төрешісі немесе сот
төрешілерінің сол бір құрамы қарауы тиіс (ҚР ҚІЖК-ң 312-бап). Сот
төрешілерінің бірінің сот талқылауына қатысуды жалғастыруы мүмкін болмаған
кезде ол басқа сот төрешісімен ауыстырылып, істі қайтадан бастайды. Тек ҚР
ҚІЖК-ң 313-бабында қарастырылған жағдайларда ғана сот төрешісі
ауыстырылады. Запастағы сот төрешісі сот талқылауында сот отырысы
ашылғаннан бастап қатысуы шарт, егер сот төрешілерінің бірі денсаулық
немесе т.б. себептермен кету жағдайларында сот төрешісі алмастырылады.
Бұл ретте істі талқылау жалғастырыла береді. Запастағы сот төрешісін
шақырту істі талқылаудың дайындық кезінде шешіледі. Сот отырысының дайындық
кезеңінде запастағы сот төрешісін шақыру не шақырмау мәселесі шешіледі.
Төрағалық етушінің басты сот талқылауындағы өкілеттігі. Сот отырысын
басынан аяғына дейін төрағалық етеді. Төрағалық етуші барлық сот
талқылауында сұрақтар қойып, ұжымдық шешімге байланысты кеңесті басқарады.
Төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде қабылданған шешімді хабарлайды. Ол сот
отырысында процестің жүру тәртібін хабарлайды және де процестің заң
негізіндегі тәртіп пен реттілікті сақтауын қамдайды.
Төрағалық етуші сот отырысына басшылық жасайды, әділ соттың мүддесіне
объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, істің жай-күйін жан-жақты
және толық зерттеу үшін қажетті жағдайларды жасап, соттың тәрбиелік әсерін
қамтамасыз етеді. Төрағалық етушіге сот отырысы залындағы тәртіп
міндеттеледі (ҚР ҚІЖК 314-бап).
Төрағалық етуші сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың
құқықтары мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді.
Ескерте кететін бір жайт, төрағалық етушінің шешімі сот талқылауына
қатысушы адамдардың барлығына да міндетті. Осылардың бірі төрағалық
етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдіру сот
отырысының хаттамасына енгізіледі (ҚР ҚІЖК-ң 314-бабының 3-бөлігі).
Басты сот талқылауы сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді.
Сотталушы келмеген кезде іс кейінге қалдырылуы тиіс. ҚР ҚІЖК-ң 315-бабына
сәйкес, сот дәлелді себептерсіз келмеген сотталушыны келтіруге, сондай-ақ
оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы, мысалы,
ешқайда кетпеу қолхаты күзетпен ұстауға өзгертіледі. Күзетпен ұстаудағы
сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот істі қорғаушының
міндетті түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы [15,129-бет].
Бір ескере кететін жайт, мынадай ерекше жағдайларда, сотталушы
болмағанда істі талқылауға жібере алады: егер сотталушы ауырлығы шағын
қылмыс жасағаны үшін істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш берсе,
сотталушы қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болса немесе сотқа келуден
бас тартқан жағдайларда ғана жол беріледі.
ҚР Конституциясының 16-бабында айтылғандай айыпталушының құқығын
қорғауға [16,7-бет], ҚР ҚІЖК-ң 69-бабында көрсетілгендей тұтқынға алғаннан
немесе айып тағылғаннан бастап заңды түрде қорғаушы көмегіне жүгінуге
болады [17,29-бет].
ҚР ҚІЖК-ң 316-бабында қорғаушының басты сот талқылауына қатысу
шарттары мен тәртібі мынадай:
Сотталушының қорғаушысы дәлелдерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың
мәні және оның дәлелдегені жөнінде, сотталушының жауаптылығын жеңілдететін
немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот
талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өз пікірін айтады.
Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкін болмаған
кезде істі талқылау кейінге қалдырылады, оны ауыстыру тек сотталушының
рұқсатымен ғана жүзеге асады. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы
ұзақ уақыттың ішінде мүмкін болмаса, сот басты сот талқылауын кейінге
қалдырады. Айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас
тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.
Іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот талқылауына дайындалу үшін қажетті
уақыт беріліп және ол іске өзі кіріскеннен кейін сот талқылауы жаңадан
басталады.
ҚР ҚІЖК-ң 317-бабына сәйкес, мемлекеттік айыптаушының (прокурор) басты
сот талқылауына қатысу шарты мен тәртібіне мыналар жатады:
- прокурордың басты сот талқылауына қатысуы міндетті;
- жеке айыптау ісіне прокурордың қатысуы міндетті емес;
- күрделі және көпэпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды
бірнеше прокурор қолдауы мүмкін;
- егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін
еместігі немесе денсаулығына байланысты басқа прокурормен
ауыстырылуы мүмкін.
Прокурордың өтініші бойынша сот оған істің материалдарымен танысу үшін
уақыт бере алады, бірақ ол осы уақытқа дейін сотта жасалған іс-әрекеттерді
қайталауға әкеп соқтырмайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор:
- дәлелдерді ұсынып және оларды зерттеуге қатысады;
- айыптаудың мәні бойынша өзінің пікірін баяндайды;
- сот талқылауы кезінде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің
шешімін береді;
- сотқа қылмыстың заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы
ұсыныс айтады.
Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық
мүдделерді қорғау талап етсе, прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды
немесе оны қолдайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық
жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын
басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу
құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады немесе егер
айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан
бас тартуға міндетті, ол үшін оның себептерін түсіндіруі керек.
Прокурор айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға
келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті. Бұл жағдай
сот талқылауын жалғастыруға негіз бола алады. Мемлекеттік айыптаушының
айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол
беріледі.
Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан
жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Бұл жағдайда
сот істің тоқтатылғаны жайлы үкім шығаруы керек. Ал егер жәбірленуші
айыптауды талап етсе, сот істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртіппен
айыпталушыны айыпты не айыпсыз деп шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске
одан әрі қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі не заңды
өкілі арқылы қолдайды.
Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот
айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде іс жалпы тәртіппен
қаралады.
Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды
талап етпесе, сот істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
Егер дәлелсіз себептермен жәбірленуші сот талқылауына келмеген жағдайда
сот істі жалғастыруы немесе кейінге қалдыруы мүмкін. Ол үшін жәбірленушінің
сот талқылауына қатыспауы істің барлық жағдайларын толық анықтаудың және
оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға әсер етпеуі керек.
Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оны айғақ беру үшін белгілі уақытта
келуге міндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Бұндай
жағдайда жәбірленуші сотқа келу уақытын белгілеуі міндет. Жеке айыптау ісі
бойынша жәбірленушінің сот отырысына себепсіз келмеуі істі қысқартуға әкеп
соғады. Ал егер сотталушының өтініші бойынша іс мәнісі жөнінде
жәбірленушінің қатысуынсыз қаралуы мүмкін.
Сот отырысына шақырылған адамдардың, сотталушы, жәбірленуші, қорғаушы,
куәгерлер және т.б. шақырылған адамдардың бірінің келмеуі салдарынан не
жаңа дәлелдер алдыру қажеттігіне байланысты істі талқылау мүмкін болмаған
кезде сот істі талқылауды кейінге қалдыру туралы қаулы шығарады [18,222-
бет].
Бұндай жағдайларда істі тоқтатқаны, келмеген адамдарға қолданған
шаралар және жаңа дәлелдер қажеттігіне байланысты сот қаулысында көрсетілуі
тиіс (ҚР ҚІЖК-ң 321-бабы).
Басты сот талқылауын кейінге қалдыру негіздері алдын ала тыңдау және
алдын ала тергеу сатысындағыдай, жалпы барлығына сәйкес, істі тоқтату ҚР
ҚІЖК-ң 50-бабының 1 және 2-тармағында көрсетілген [19,20-21-беттер].
Сотталушыны қамауға алу мерзімі (арест) істің сотқа түскен күнінен
бастап үкім шығарылғанға дейін алты айдан аспауы тиіс. Алайда, ауыр
қылмыстар туралы істер бойынша сот өзінің қаулысымен қамауға алу мерзімін
он екі айға дейін ұзартуға құқылы.
Істі он екі айдың ішінде істі бітпеген, қамау мерзімдері аяқталғаннан
кейін сот сотталушыға бұлтартпау шарасын үйде қамауда ұстау немесе ешқайда
кетпеу туралы қолхат беруге ауыстыруға тиіс. Тәртіп бойынша бұл жаза ауыр
қылмыс жасағандарға қолданылмайды (ҚР ҚІЖК-ң 322-бабы).
Басты сот талқылауында істі тоқтату алдын ала тыңдау негіздеріндегідей.
Бұл негіздер ҚР ҚІЖК-ң 37-бабының 3-12-тармақтарында айыпталушыны
айыптаудан бас тартуға ҚР ҚІЖК-ң 317-бабының 6-тармағында және ҚР ҚІЖК-ң 38-
бабының 1-тармағында көрсетілген.
Басты сот талқылауы кезінде сот шешетін барлық мәселелер бойынша сот
қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиіс.
Оған қоса ҚР ҚІЖК-ң 325-бабының 2-тармағында істі қосымша тергеуге
жіберу туралы, істі қысқарту туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшін жою туралы,
бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар
кеңесу бөлмесінде шығарылады және жеке құжат түрінде жазылады.
Барлық өзге қаулылар соттың қалауынша, кеңесу бөлмесінде, не сол
орнында-сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгізе
отырып шығарылады.

2. Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу және соттың
отырысына дайындық іс-әрекеттер

Қылмыстық іс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тыпсыруы
бойынша басқа судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені
шешеді.
Судья келіп түскен іс бойынша:
1) басты сот талқылауын тағайындау;
2) істі алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Судья іс бойынша шешімді қаулы нысанында қабылдайды, онда:
1) қаулының шығарылған уақыты мен жері;
2) қаулы шығарған судьяның лауазымы мен тегі;
3) қабылданған шешімдердің негіздері мен мәні көрсетілуге тиіс.
Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап бес тәуліктен кешікттірілмей
қабылдануға тиіс.
Судья қаулы шығарумен бір уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын
қолданудың немесе қолданбаудың негізділігі туралы және егер бұлтартпау
шарасы таңдалса, оның түрінің негізділігі немесе негізсіздігі туралы
мәселені қарауға міндетті.
Судья сот отырысын тағайындаудың мүмкіндігі туралы мәселені шешу
кезінде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:
1) істің аталған соттың қарауына жататындығын;
2) іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп
соқтыратын жағдайдың болу-болмауын;
3) анықтау және алдын-ала тергеу жүргізу кезінде сот мәжілісін
тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңын бұзуға жол
берілген-берілмегендігін;
4) айыптау қорытындысының немесе айыптау хаттамасының көшірмесі
берілген-берілмегендігін;
5) айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе
тоқтатуға жататын-жатпайтындығын;
6) қылмыспен келтірілген залалды өтеуді және мүлкін ықтимал тәркілеуді
қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағандығын;
7) арыздар мен өтініштердің қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын
анықтауға тиіс.
Судья істі қосымша ттергеуге қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата
тұру, істі соттылығы бойынша жіберу, істі қысқарту, қылмыстық істерді
біріктіру туралы шешімдердіқабылдау үшін, сондай-ақ тараптардың өтініштерін
қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртіппен өткізу туралы мәселені
шешу үшін тараптардың қатысуымен істі алдын ала тыңдауды өткізеді.
Істі алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара
өткізеді. Істі алдын ала тыңдау өткізілетін уақыт пен орын тараптарға
хабарланады. Істі алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледі.
Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік
айыптаушының қатысуы міндетті. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнінде
өтінген кезде оның қатысуыесыз жүргізіледі. Қорғаушы дәлелді себептерсіз
келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға
мүмкіндігі болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған
қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына
жәбірленуші мен оның өкілінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің
немесе олардың өкілдерінің келмеуі істі алдын ала тыңдауға кедергі
болмайды.
Істі алдын ала тыңдаудың нәтижелері туралы судья қаулы шығарады, онда
қаралған мәселелер бойынша шешімді баяндайды. Іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру үшін, істі қысқарту үшін немесе істі қосымша тергеуге қайтару
үшін негіздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы
қаулы шығарады.
Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны
қаулыда көрсетеді. Егер прокурордың айыптауды өзгертуі соттауға жатқызудың
өзгеруіне әкеп соқса, судья істі айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын
қайта жасау және істі соттауға жатқызу бойынша жіберу үшін прокурорға
қайтарады.
Анықтау мен алдын ала тергеу процесінде ҚІЖК-ң процеске қатысушылардың
құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталған және істі
сотта қарауға кедергі келтіретін өзге негіздер жоқ деген пікірге келген
судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылдайды.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы:
1) сотталушы болып табылатын адамды корсетуді;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетін қылмыстық заңды дәл көрсетуді;
3) бұлтартпау шарасы мен келтірілген залалдарды қамтамасыз ету
шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешімді;
4) процеске қатысушылардың қарсылық білдіру, өтініштер және өзге де
мәлімдемелері бойынша шешімдерді;
5) қорғаушы ретінде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған
қорғаушыға рұқсат ету туралы шешімді;
6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тізбесін;
7) заң оның ісін сырттай қарауға жол беретін жағдайда істі
айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешімді;
8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәліметті;
9) ҚІЖК-де көзделген жағдайларда істі соттың жабық отырысында қарау
туралы шешімді;
10) сот ісі қай тілде жүргізілетіні туралы шешімді;
11) запастағы судья туралы шешімді қамтуы тиіс.
Егер іс бойынша алдын ала тыңдау жүргізілсе, басты сот отырысын
тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөніндегі шешімдер
баяндалуы қажет.
Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен
басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемінде үш тәуліктен кейін және
оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәуліктен
кейін кешіктірілмей басталуға тиіс. Ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның
қаулысымен ұзартылуы мүмкін, бірақ ол отыз тәуліктен аспауға тиіс.
Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда
бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Судья істі тараптың өтініші бойынша:
1) егер ол қаралып отырған іспен байланысты болып, істе айыпталушыға
басқа айып тағуға негіздердің болуы немесе егер олардың әрекеті қаралып
отырған іспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптыыққа
тартуға негіздер болса және жаңа адамдарға қатысты істі жеке қарау мүмкін
болмаса;
2) айыптау актісінде көрсетілген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан
неғұрлым ауыр немесе елеулі түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттігі болған
жағдайларда қосымша тергеуге жіберуге құқылы.
Судья істі алдын ала тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша тараптың
өтініші бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да іс дұрыс біріктірілмеген
немесе бөлінбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін
қылмыстық іс жүргізу заңын басқа да елеулі бұзушылық анықталған
жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ істі қосымша тергеуге
жіберуге құқылы.
Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жіберіледі. Бұл ретте судья қаулыда
істің қандай негіз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ
айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешуге міндетті.
Судья іс бойынша іс жүргізуді уақытша тоқтату туралы қаулыны ҚІЖК-ң 50-
бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шығаруы
мүмкін.
Іс бойынша іс жүргізу бірнеше айыпталушылардың біреуіне қатысты
қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың құқығына
нұқсан келтірмеуі шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкін. Оларға қатысты іс
жүргізу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға
бұлтартпау шарасын өзгертуді мүмкін деп таппаған жағдайда іс жүргізу отыз
тәуліктен аспайтын мерзімге тоқтатылуы мүмкін. Егер осы уақыт ішінде
айыпталушылардың біреуіне қатысты іс жүргізуді уақытша тоқтатуға негіздер
жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты іс жүргізу жаңартылуы және
басты сот талқылауының күні белгіленуі тиіс.
ҚІЖК-ң 50-бабының бірінші бөлігінің 2-тармағында көзделген негіздерге
сәйкес іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру кезінде ҚІЖК-ң 315-бабының
екінші бөлігінде және 321-бабының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларды
қоспағанда іс прокурорға қайтарылады.
Анықтаушы, тергеуші немесе прокурор қылмыспен келтірілген залалды
өтеуді және мүлікті ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ететін шаралар
қабылдамаған жағдайда судья қылмыстық ізге түсу органдарына оларды
қамтамасыз етуге қажетті шаралар қолдануды міндеттейді.
Егер судья істің өзі соттауына жатпайтынын анықтаса, онда ол мұндай
шешімнің заңдық негіздерін келтіре және іс жолданатын сотты көрете отырып,
істі соттың қарауына жататындығы бойынша жіберу туралы қаулы шығарады, ол
туралы процеске қатысушыларға хабарлайды.
Судья ҚІЖК-ң 37-бабының бірінші бөлігінің 1-12-тармақтарында және 38-
бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ
мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда істі қысқарту туралы
қаулы шығарады. Істі қысқарту туралы шешім қабылданғаннан кейін судья
бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету
шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді. Судьяның
істі қысқарту туралы қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ
қымыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады.
Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін судья тараптарға істің сотқа
дейінгі іс жүргізу сатысында өздері таныстырылмаған барлық материалдарымен
танысу және олардан қажетті мәліметтерді жазып алу мүмкіндігін қамтамасыз
етуге міндетті.
Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселені шешу кезінде бұлтарпау
шарасы немесе сотқа шақыруға жататын адамдардың тізімі өзгертілсе, не
прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға судьяның қаулысының
көшірмесі тапсырылады.
Судья өзінің қаулысында көрсетілген адамдарды сот отырысына шақырту
туралы өкім береді, сондай-ақ сот отырысын әзірлеу үшін шаралар қолданады.

1.3 Басты сот талқылауындағы дәлелдеу заты мен дәлелдеу шегі

Басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген
айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі.
Айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының жағдайы нашарламаған және
оның қорғауға деген құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол беріледі.
Егер басты сот талқылауы барысында алдан ала тыңдау сатысында бастапқы
аыйптауды негізсіз өзгертуге байланысты айыптауды неғұрлым ауыр айыптау
етіп өзгерту қажет болса, онда істі тағылған айыптау шегінде қарау үшін сот
айыптаушы тараптың бұл жөніндегі өтініші бойынша, процестің басқа
қатысушыларының пікірін ескере отырып, сот талқылауын жеті тәулікке дейін
мерзімге кейінге қалдырып, істі жаңадан алдын ала тыңдау өткізе алады.
Заң бойынша сот талқылауының шегі тек қана сот тараптарының қатысуымен
айыптау бөлімінде шығарылған үкіммен шектеледі [20,221-бет].
ҚР ҚІЖК-ң 320-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей басты сот талқылауы
тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана
жүргізіледі.
Басты сот талқылауының шегі өзгертілуге болмайды. Сот тек
сотталушылардың ісін қарап (айыпты немесе айыпсыз) үкім шығарады.
ҚР ҚІЖК-ң 320-бабының 2-бөлігінде сот талқылауының шегі соттың айыпты
деп таныған бөлігімен шектеледі. Айыптауды өзгертуге бұл арқылы
сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғауға деген құқығы
бұзылмаған жағдайда ғана жол беріледі.
Сот талқылауының шегі сот отырысында тағайындалған айыптаумен
шектеледі. Егер айыптау сот қаулысымен өзгертілген болса, онда сот айыптау
қорытындысы бойынша соттың қайта қарауына құқығы жоқ.
Басты сот талқылауы барысында алдын ала тыңдау сатысында бастапқы
айыптауды неғұрлым ауыр айыптауға өзгерту сотталушының жағдайын нашарлатуы
мүмкін. Мұнымен қатал жазаның тағайындалатыны түсінікті болады. Бірақ
қылмыстық заң қарастыратын айыптаудың тым ауыр жазасын қолдануға
жіберілмейді. Қылмыстық кодекстің айрықша бөлімінің ең жоғарғы және ең
төменгі шегінде жасалған іс-әрекеттің, жоғарыда қарастырылған қосымша жаза
немесе ауыр жаза қолданылған кезде айыптауды өзгерту мүмкін емес.
Барлық жадайда айыптауды өзгерту үшін қылмыстық істі қосымша тергеуге
жібереді.
Егер айыптау және қылмыстың кейбір жағдайларын ескеріп, сотталушының
жазасын жеңілдететін жағдайлар болған кезде сот сол бойынша үкім шығарып,
сотты әрі қарай жалғастыруға құқылы.

1.4 Басты сот талқылауына қатысушылар

Талқылау үшін ұзақ уақытты қажет ететін істі алқалы қарау кезінде
запастағы судья тағайындалуы мүмкін.Запастағы судья басты сот талқылауында
сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешім
қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бірі шығып қалған
жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте істі талқылау жалғастырыла береді.
Запастағы судья судьялардың бірі шығып қалған жағдайда соттың құрамына
кірген кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның
орнына запастағы судья кез келген сот әрекетін жаңартуды талап етуге
құқылы.
Басты сот талқылауында осы соттың төрағасы немесе оны сот төрағасы
тапсырған судья төрағалық етеді.
Төрағалық етуші істі талқылауда және шешім қабылдау кезінде басқа
судьялармен бірдей құқықтарды пайдаланады.
Төрағалық етуші сот отырысына басшылық жасайды, әділ соттың мүддесінде
объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының
теңдігін қамтамасыз ету үшін ҚІЖК-де көзделген барлық шараларды қолданады,
істің жай-күйін жан-жақты және толық зерттеу үшін қажетті жағдайлар
жасайды. Төрағалық етуші сондай-ақ сот отырысы күн тәртібінің сақталуын
қамтамасыз етеді, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары
мен міндеттерін және оларды жүзеге асырудың тәртібін түсіндіреді. Сот
талқылауына қатысушы адамдардың бірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне
қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдіру сот отырысының хаттамасына
енгізіледі.
Басты сот талқылауы 315-баптың екінші бөлігінде көзделгеннен басқа
жағдайларда сотталушының міндетті түрде қатысуымен өтеді. Сотталушы
келмеген кезде іс кейінге қалдырылуы тиіс. Сот дәлелді себептерсіз келмеген
сотталушыны келтіруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға
немесе өзгертуге құқылы. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден
бас тартқан кезде сот істі қорғаушының міндетті түрде қатысуымен ол
болмағанда қарауға құқылы.
Сотталушы болмағанда істі талқылауға:
1) ауырлығы шағын қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушы істі оның
қатысуынсыз қарау туралы өтініш берген;
2) сотталушы ҚР-нан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған
жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Сотталушының қорғаушысы дәлелдерді зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың
мәні және оның дәлелденгендігі жөнінде, сотталушының жауаптылығын
жеңілдететін немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы,
сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзінің
пікірін айтады.
Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкін болмаған
кезде істі талқылау кейінге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны
ауыстыруға тек сотталушының келімімен ғана жол беріледі. Егер сотталушы
шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың ішінде мүмкін болмаса, сот басты
сот талқылауын кейінге қалдыра отырып, айыпталушыға басқа қорғаушыны
таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.
Іске жаңадан кіріскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу
үшін қажетті уақыт беріледі. Ол өзі іске кіріскенге дейін істі соттың
қарауы кезінде жасалған кез келген әрекеттің қайталануы туралы өтініш
жасауға құқылы.
Прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы
ретінде бас сот талқылауына қатысуы міндетті.
Күрделі және көп эпизодты істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше
прокурор қолдауы мүмкін.
Егер сот талқылауы кезінде прокурордың одан әрі қатысуының мүмкін
еместігі анықталса, ол алмастырылуы мүмкін. Іске жаңа прокурордың кірісуі
осы уақытқа дейін сотта жасалған іс-әрекеттерді қайталауға әкеп
соқтырмайды, бірақ прокурордың өтініші бойынша сот оған істің
материалдарымен танысу үшін уақыт бере алады.
Прокурор дәлелдерді ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа
айыптаудың мәні бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезінде туындаған басқа да
мәселелер бойынша өзінің пікірін баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану
және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады.
Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік немесе қоғамдық
мүдделерді қорғау талап етсе, прокурор іс бойынша азаматтық талап қояды
немесе оны қолдайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және істің барлық
жағдайларын қарау нәтижелеріне негізделген өзінің ішкі көзқарасын
басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу
құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер
айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан
бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті. Мемлекеттік айыптаушының
айыптаудан бас тартуына сот тергеуі немесе сот жарыссөзі кезінде жол
беріледі.
Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан
жәбірленуші де бас тартса, сот өз қаулысымен істі қысқартады. Ал егер
жәбірленуші айыптауды талап етсе, ст істі талқылауды жалғастырып, оны жалпы
тәртіппен шешеді. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрі қатысудан
босатылады, ал айыптауды жәбірленушінің өзі немесе өкілі арқылы қолдайды.
Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оған өкіл шақыру үшін уақыт беруге тиіс.
Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан ішінара бас тартқан кезде сот
айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлігінде істі қысқартады,
айыптаудың қалған бөлігіндегі іс жалпы тәртіппен қаралады. Егер прокурор
айыптауды өзгертсе және жәбірленуші бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот
істі жаңа айыптау бойынша қарайды.
Басты сот талқылауы жәбірленушінің немесе оның өкілінің қатысуымен
жүргізіледі.
Жәбірленуші келмеген жағдайда сот істі талқылау немесе оны
жәбірленушінің болмауынсыз істің барлық жағдайларын толық анықтаудың және
оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың мүмкін болуына қарай оны
кейінге қалдыру туралы мәселені шешеді. Егер сот отырысына жәбірленушінің
өкілі келсе, сот бұл мәселені өкілдің пікірін ескере отырып шешеді.
Жәбірленушінің өтініші бойынша сот оны айғақ беру үшін белгілі уақытта
келуге міндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады.
Жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің сот отырысына дәлелсіз
себептермен келмеуі істі қысқартуға әкеп соғады, бірақ сотталушының өтініші
бойынша іс мәнісі жөнінде жәбірленушінің қатысуынсыз қаралуы мүмкін.
Сот талқылауына азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың
өкілдері қатысады.
Азаматтық талапкер немесе оның өкілі сотқа келмеген кезде азаматтық
талап қаралмауы мүмкін. Азаматтық талапкердің азаматтық сот ісін жүргізу
тәртібімен талап қою құқығы сақталады.
Сот азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің өтініші бойынша
азаматтық талап қоюды азматтық талапкердің қатысуынсыз қарауға құқылы.
Сот қажет деп тапқан жағдайда немесе талап қоюды прокурор қолдағанда
сот азаматтық талапты азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің келу-
келмеуіне байланыссыз қарайды.
Азаматтық талапкердің немесе оның өкілінің келмеуі азаматтық талап
қоюды қарауды тоқтатпайды.
Сот тақылауының барлық қатысушылары судьяға қарап сөз сөйлегенде,
айғақ бергенде және мәлімдеме жасағанда түрегеп тұрады. Бұл ережелерден
шегінуге төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі. Сондықтан сот
отырысының хатшысы ҚІЖК-нің 332-бабына сәйкес, орнынан тұрып, сот отырысына
қатысуға тиісті адамдардың келгені туралы баяндайды және келмегендердің
келмеу себептерін хабарлайды.
Ережеге айналғандай, хатшының баяндамасы залда отырған адамдарды тізіп
айтудан басталады және мұны прокурорды атаудан бастау міндетті емес.
Мысалы: Сот отырысы залына сотталушы айдауылмен жеткізілді әрі
азаматтық жауапкер Иванов, оның қорғаушылары – Иванова және адвокат Петров
келді, сондай-ақ прокурор Ахметов келіп отыр (бұл сатыда “мемлекеттік
айыптауға қолдау көрсету үшін” деген сөз айтудың қажеті жоқ, себебі келген
прокурордың позициясы әлі белгісіз, ол ҚІЖК-нің 37-бабының негізінде істі
қысқарту үшін соттан кері қайтарып алуға немесе істі қосымша тергеуге
жіберу туралы өтінім мәлімдеуге құқылы), жәбірленуші Сидоров, азаматтық
талапкер ... , сарапшы ..., маман ..., куәлар ... , кәмелетке толмаған куәнің заңды
өкілі ... келді. Сырқаттануына байланысты жәбірленуші Ысқақов келмей қалды,
бірақ оның өкілі Ыбыраева келіп отыр. Екі куә келмей қалды: Солопов, -
іссапарда болуына орай, Баев шақыру қағазын алды, бірақ сотқа келмей
қалуының себебін хабарлаған жоқ.
Егер сот талқылауына қатысушылардың біреуі аудармашы қызметін
пайдалануға ниет білдірсе, судья аудармашы ретінде кімнің қатысатынын
хабарлайды және аудармашыға ҚІЖК-нің 85-бабының 2-бөлігіне сәйкес, оның
мынадай құқықтарының бар екендігін хабарлайды: аударманы жүзеге асыру
кезінде қатысушыларға аударманы нақтылау үшін сұрақтар қою; жүргізуіне өзі
қатысқан тергеу немесе өзге де іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот тергеуіндегі дәлелдемелерді зерттеу
Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
Басты сот талқылауын тағайындау
Басты сот талқылауының жалпы шарттары
Басты сот талқылауының ашылуы
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізуіндегі үкім және оның түрлері
Қылмыстық іс жүргізу жүйесіндегі сот тергеуі
Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында
Басты сот
Сот үкімінің түсінігі және мәні
Пәндер