Арамшөптер және олардың жіктелуі



1) Арамшөптердің жіктелуі.

2) Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері.

3) Арамшөптердің морфологиялық белгілері.

4) Арамшөптерге қарсы жүргізілетін күрес жолдары.

5) Қазақстанда кең тараған кейбір армшөптер.

6) Қорытынды.
1) Арамшөптердің алуан түрлілігі бір жағынан, және олардың мәдени өсімдіктермен морфологиялық және биологиялық ұқсастығы екінші жағынан, оларды толық қалыптасқан өмір түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Арамшөптердің биологиялық классификациясы комплекстік белгілердің негізінде жасалуы қажет, оларға морфология, сондай-ақ көбею ерекшеліктері, қоректену тәсілдері, бір орында тіршілік ету түрі және өмір ұзақтығы жатады. Көп қолданылатын биологиялық классификациялары осы ғалымдармен жасалынды:
Г.Н. Высоцкий, И.К. Пачоски, Л.И. Казакевич,
В.В Никитин, А.И Мальцев, Н.Ф Комаров, И.Н Шевелев, С.А Котт, Б.М Смирнов, И.С Косенко,
В.В Скрипчинский т.б.
Олардың әрбіреуі де арамшөптердің негізгі белгілердің негізінде жасалынған болатын. Жаңа ғылыми еңбектерін пайдалана отыра және арамшөптердің жоғары экологиялық төзімділігін, олармен күресу жолдарын ескеріп, төменде берілген кестенің ең қолайлы болып тұрғанын көруімізге болады.
Қоректенуіне және тіршілік ету түріне қарай арамшөптер екі биологиялық түрге бөлінеді.
1) Паразиттік емес 2) Паразиттік және жартылай паразиттік.
Паразиттік емес арамшөптердің саны көп. Олар жеке тіршілік етіп, қоректік заттарды топырақтан органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде алады.
1) Фисюнов А.В .Сорные растения .Москва 1978.

2) Арамшөптер және олармен күрес. Алматы. Рауан 1987.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы
Арамшөптер және олардың жіктелуі

Орындаған
Тексерген

Ж О С П А Р

1) Арамшөптердің жіктелуі.

2) Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері.

3) Арамшөптердің морфологиялық белгілері.

4) Арамшөптерге қарсы жүргізілетін күрес жолдары.

5) Қазақстанда кең тараған кейбір армшөптер.

6) Қорытынды.

1) Арамшөптердің алуан түрлілігі бір жағынан, және олардың мәдени
өсімдіктермен морфологиялық және биологиялық ұқсастығы екінші жағынан,
оларды толық қалыптасқан өмір түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Арамшөптердің биологиялық классификациясы комплекстік белгілердің негізінде
жасалуы қажет, оларға морфология, сондай-ақ көбею ерекшеліктері, қоректену
тәсілдері, бір орында тіршілік ету түрі және өмір ұзақтығы жатады. Көп
қолданылатын биологиялық классификациялары осы ғалымдармен жасалынды:
Г.Н. Высоцкий, И.К. Пачоски, Л.И. Казакевич,
В.В Никитин, А.И Мальцев, Н.Ф Комаров, И.Н Шевелев, С.А Котт,
Б.М Смирнов, И.С Косенко,
В.В Скрипчинский т.б.
Олардың әрбіреуі де арамшөптердің негізгі белгілердің негізінде
жасалынған болатын. Жаңа ғылыми еңбектерін пайдалана отыра және
арамшөптердің жоғары экологиялық төзімділігін, олармен күресу жолдарын
ескеріп, төменде берілген кестенің ең қолайлы болып тұрғанын көруімізге
болады.

Қоректенуіне және тіршілік ету түріне қарай арамшөптер екі биологиялық
түрге бөлінеді.
1) Паразиттік емес 2) Паразиттік және жартылай паразиттік.
Паразиттік емес арамшөптердің саны көп. Олар жеке тіршілік етіп, қоректік
заттарды топырақтан органикалық заттардың ыдырауы нәтижесінде алады.
Тіршілік ұзақтығына қарай 3 түрге бөлінеді: біржылдық, екіжылдық және
көпжылдық.
Біржылдық арамшөптер 3 түрлі биологиялық топқа бөлінеді: 1) жаздық 2)
күзгі 3) қыстайтын.
Жаздық бір вегетативтік кезең бойы тіршілік етеді.
Күзгі біржылдық арамшөптер жаздың соңында не күзде өніп шығады да, қыстап
шығып, өзінің дамуын келесі жылда аяқтайды. Қыстайтын арамшөптер жаздың
соңында, күзде немесе ерте көктемде өніп шығады.
Екіжылдық арамшөптерге толық дамып шығу үшін екі вегетативтік кезең
қажет. 1-ші жыл олар тұқым арқылы, ал келесі жылы вегетативтік жолмен
көбейеді.
Екіжылдық арамшөптер 1)нағыз және 2)факультативтік болып екіге бөлінеді.
Көпжылдық арамшөптер бір орында екі жылдан аса тіршілік етеді. Тұқым
өсіп дамығаннан кейін, оларда жер үсті мүшелері өліп қалады да, жер асты
мүшелері ұзақ уақыт тіршілік етіп, олардан әр жыл сайын сабақ пен гүлдер,
ал гүлдерде тұқымдар өсіп жетіледі.
Көпжылдық арамшөптер тамыр жүйесі және вегетативтік көбею түріне қарай
жіктеледі.

Көпжылдық арамшөптердің 7 түрі бар.
1) Кіндіктамырлылар 2) Тамыратпалылар
3) Тамырсабақтылар 4) Шашақтамырлылар
5) Пиязшықтар 6) Өрмелегіштер 7) Түйнектілер.
Паразиттік арамшөптерде тамыр және жасыл жапырақтар болмағандықтан,
олар фотосинтезді іске асыра алмайды да, өз өсімдік-иесі арқылы тіршілік
етеді.
Өсімдікте орналасуына қарай, олар 1) сабақтық және
2) тамырлық болып екіге бөлінеді.
Жартылай паразиттік арамшөптерде жасыл жапырақтар болады да олар
фотосинтез процесін іске асыра алады. Бірақ та кейбір заттармен, мысалы:
қант, ақуыз, су және суда еріген бейорганикалық заттармен, олар басқа
өсімдіктер арқылы қоректенеді. Орналасуына қарай 1) сабақтық және 2)
тамырлық болып
2-ге бөлінеді.

2) Арамшөптерге қарсы күрес жүргізу үшін, олардың биологиясын, яғни,
олардың көбею және таралу ерекшеліктерін, тұқымдардың табиғи және
агротехникалық факторларға төзімділігін, даму кезіндегі мәдени
өсімдіктермен қарым-қатынасын, қолданылатын әр түрлі гербицидтерге
реакциясын алдын ала білуіміз қажет.
Эволюцияның әр түрлі этаптарында, сыртқы ортаның әсерінен,
арамшөптер көптеген қолайсыз жағдайларға бейімделуге мәжбүр болды. Соның
нәтижесінде арамшөптер биологиясының ерекшеліктері қалыптасты. Осы
ерекшеліктерінің көмегімен арамшөптердің қолайсыз жағдайларға төзімділігі
артады, мысалы, мәдени өсімдіктерге қарағанда, арамшөптердің төмен
температураға, жұтқа төзімділігі әлдеқайда жоғары. Олардың көбінде күшті
тамыр жүйесі дамығандықтан, үлкен тіршілік потенциалы бар. Әр түрлі даму
этаптарында, арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері оларға қарсы күресін
қиындатады.
Жемістілік. Арамшөптердің көбінде көбею қабілеті
жақсы қалыптасқан. Бірақ олардың жемістілігі, өсу жағдайларына толығымен
байланысты. Мол жемістілік- әсіресе, құнарлы жерлерде, жолдардың шетінде,
өңделмейтін- бірақ ылғалдылығы, жарығы, қоректік заттары мол және
температурасы тұрақты жерлерде өсетін арамшөптерде дамыған.
Таралу жолдары. Арамшөптер, көбінесе, тұқымдар арқылы, кейде
вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді.
Піскен тұқымдар өсімдік желмен қозғалғанда, оны еккен кезде,егілген
арамшөптерді тасу кезінде таралады.
Қанатшалары бар тұқымдар- желмен, жабысқыштары бар тұқымдар- жануарлар,
құстар, адамдар, көлік арқылы, ал жүзетін тұқымдар- жаңбыр немесе ағын
сулары арқылы таралады. Кейбір арамшөптердің
шар тәрізді бұталары далада желмен ұшып, олардың пісіп жетілген
тұқымдары аяқ киімге, жануарлардың тұяқтарына, көліктердің дөңгелектеріне
жабысып қалады. Сондай-ақ арамшөптердің таралуы дұрыс тазартылмаған тұқым
материалы, құс саңғырығы арқылы жиі таралады.
Басқа биологиялық ерекшеліктер.
Арамшөптердің кейбіреулері жануарлардың мен құстардың ішек-қарыннан өтіп
те өз белсеңділігін жоғалтпайды. Кейбір арамшөптерге түрліжемістілік
(гетерокарпия) тән. Оларға қарасұлы, ақ алабұта, дәрілік бақбақ, тауық
тары, крестовник т.б. жатады.
Бұлардың тұқымдары ортақ өсімдікте немесе гүлде дамыған болатын болса
да, олардың түсі, көлемі, өсіп-өнуі, биологиялық тыныштықтың периоды әр
түрліше болады. Кейбір арамшөптерге мимикрия тән, яғни, олардың жеке
мүшелер немесе тұқымдарының мәдени өсімдіктермен ұқсастығы. Осы
биологиялық ерекшелік арамшөптердің мәдени өсімдіктермен бірге таралуына
мүмкіндік береді.

3)Арамшөптердің көбі- гүлді, жабықтұқымды өсімдіктерге жатады. Гүлді,
жабықтұқымды өсімдіктер- даражарнақтылар және қосжарнақтылар деп 2-ге
бөлінеді.
Даражарнақты арамшөптердің көбі- дәнді дақылдар.
Топырақтың үстінде алғашқы өркен шығып, мөлдір қынапты жапырақпен, яғни,
колеоптильмен оралып тұрады
Дәнді өсімдіктерде жапырақтар салалы болады. Тегіс жапырақ пластинкалардан
және сабақты орап тұратын қынаптан тұрады.
Арамшөптердің ішінде, көбі қосжарнықтылар класына кіреді.
Олардың тұқымының ұрығында екі тұқымжарнағы болады. Екі тұқымжарнақтың
арасында бүршік орналасады. Кейінірек осы бүршіктен негізгі сабақ және
нағыз жапырақтар өсіп дамиды. Қосжарнақтыларда тұқымжарнақтары топырақ
үстіне шығып кетуі мүмкін, бірақ, егер жер астында қалса, қор заттарының
көзі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арамшөптердің жіктелуі
Ауыл шаруашылығы жерлерінде арамшөптердің өсімдіктердің пайда болуы
Синантропты өсімдіктердің жіктелуі
Ауыл шаруашылығында кездесетін арамшөптерді жіктеу
Ауыспалы егістердің жіктелуі
Ауыспалы егісте топырақ өңдеу жүйесі
Шөпжойғыш пестицидтер- гербицидтер
Қауіпті жүктер және олардың классификациясы
Арамшөптердің биологиялық ереекшеліктері, таралу және олардың тіршілік жағдайларына бейімделуі
Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік
Пәндер