Акционерлік қоғам қызметі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Акционерлік қоғамның түсінігі мен нысаны 6
1.1 Акционерлік қоғамның даму тарихы 6
1.2 Акционерлік қоғамның түсінігі 1 1
1.3 Акционерлік қоғамның нысаны 14
2. Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі мен ережелері 17
2.1 Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі 17
2.2 Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары 19
2.3. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы 23
2.4. Акционерлік қоғамның акциялары 25
3. Акционерлік қоғамды басқару 31
3.1 Акционерлік қоғамның жоғарғы органы 31
3.2 Акционерлік қоғамның басқару органы 37
3.3 Акционерлік қоғамның атқарушы органы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
3.4 Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері 43
4. Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру және қайта құру 47

Қорытынды 51
Қолданылған әдебиеттер тізімі 53
Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты.
Ол акционерлік қоғамның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп, ашық түрде Ұлтық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заңының қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер оның мазмұнын нашарлатқан еді. Оны күні бүгінге дейін басқа нормаларымен үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді. Бірқатар елеулі қайшылықтары болды және корпорациялық сәл түзетілген ағылшын американдық моделін дәстүрлі континентік кодификациялау жүйесіне түсті енгізу әрекеті болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз қарас жарамсыз болып, акционерлік қоғамдар туралы бір қатар нормалардың молтығуына әкеп соқтырды. Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практикамен құқықтық ой-пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды.
Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж заңның шалажансарлығын дәлелдеген жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы заң 2003 жылы қабылданды.
Онда Қазақстанның объективті экономикалық және құқықтық шындықтары айтарлықай ескеріліп, акционарлік заңдардың қазақстандық азаматтық құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызды. Алайда қазіргі кезде де «оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен сақтандыру ұйымдарының акциаларын мәжбүрлеп сатып алу кұқығы» (Азаматтық кодекстің 86 бабының 6 тармағы), «қоғамның жариялаған 4
акцияларын мәжбүрлеп шығару» (Акционерлік қоғам. туралы заңының бабының 32 1 тармағы) секілді кейбір құқықтық нысандардын акционерлік заңдардан орына алуы орынсыз болып көрінеді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл. (өзгертулер мен толықтырулар 7 қазан 1998 жыл) Алматы - 1995ж.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім.
27 желтоқсан 1994 жыл. (өзгертулер мен толықтырулар 12.01.2007 жыл)
Алматы-2007 ж.
3. Акционерлік қоғам туралы Қазақстан Республикасының заңы.
10 шілде 1998ж. (өзгертулер мен толықтырулар 13 мамыр 2003жыл)
4. Инвестиция туралы Қазақстан Республикасының заңы. 2003 жыл 8 қаңтар.
5. Шетел инвестициясы туралы Қазақстан Республикасының заңы.
27 желтоқсан 1994жыл. (өзгертулер мен толықтырулар 8 қаңтар 2003жыл).
6. Банкроттық туралы Қазақстан Республикасының заңы. 21 қаңтар 1997ж.
(өзгертулер мен толықтырулар 3 маусым 2003жыл).
7. Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңы.
5 наурыз 1997жыл (өзгертулер мен толықтырулар 2 шілде 2003жыл).
8. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің заңды күші бар жарлығы. 17 сәуір 1995жыл. (өзгертулер мен
толықтырулар 7 шілде 2003жыл.).

52
Арнайы әдебиеттер тізімі
1. Азаматтық құқық. 1 том / Жауапты ред. М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин (орысшадан аударылған) Алматы 2003ж.
2. "Акционерное право" В.В.Лаптев. Москва: ИНФРА*М 1999г.
3. "Акционерное право" Учебник / Отв. ред. А.Ю. Кабалкий Москва: Юрид. литература 1997г.
4. Актуальные проблемы гражданского права. / Под. ред. М. И.
Брагинского. Москва: Статут 1999г.
5. Актуальные проблемы гражданского право: вопросы теории и практики. (сборник) Алматы: 2003г. 9-22 стр.
6. Басин Ю.Г. "Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан" Учебное пособие Алматы: ВШП "Әділет" 2000г.
7. Берзон Н.И. , Ковалев А.И. "Акционерное общество: капитал, правовая база, управление." Москва: Фистат информ - 1995г.

8. "Выкуп обществом выпущенных акций" А.С. Батталова // Предриниматель и право 1999г. № 16.
9. Гражданское право Республики Казахстан. Учебное пособие. (часть общая) Алматы: Институт международного права и международного бизнеса "Данекр" 1999г. 145-155стр.
10 .Гражданский кодекс Республики Казахстан (общая часть). Комментарий
(постатейный) в 2 х книгах. Книга 1. Алматы: Жеті Жарғы. 2003ж.
11 .Гражданское право. Том 1. Учебник / Под. ред. А.П. Сергеева,
Ю.К. Толстого. Москва: Проспект 1999г. 144-146стр.
12.Жанайдаров И.У. , Гавриленко А.П. "Поблемы правового регулирования
увелечения уставного капитала акционерного общества." //
Предприниматель и право. 1998г. №-4. 10,11 стр.
13.Ковалев А.И. , Копылов В.А. "Акционерное общество в свете нового
законодательства" Часть 2. Москва: Центр экономики и маркетинга. 1996г.

53
14.Предринимательство и право: Сб. нормат. Правовых акгов / Сост. А. Худяков, Л. Давыдова. Алмвты: Жеті Жаргы 1999г.
15. "Правовое регулирование деятельности акционерного общества" Под. ред. Е.П. Губина Москва: Зерцало- 1998г.
16. "Планирование деятельности акционерного общества" В.П: Ляценко. Москва: Новый век. 2001г.

17. "Проблемы правового регулирования акционерных обществ"
Л.А. Сахипова. вып. 8, Алматы: ВШП "Әділет" 1999г.
18. "Органы юридического лица" С. Климкин. // Предприниматель и право. 2000г. № 3.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1. Акционерлік қоғамның түсінігі мен нысаны 6
1.1 Акционерлік қоғамның даму тарихы 6
1.2 Акционерлік қоғамның түсінігі 1 1
1.3 Акционерлік қоғамның нысаны 14
2. Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі мен ережелері 17
2.1 Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі 17
2.2 Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары 19
3. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы 23
4. Акционерлік қоғамның акциялары 25
3. Акционерлік қоғамды басқару 31
1. Акционерлік қоғамның жоғарғы органы 31
2. Акционерлік қоғамның басқару органы 37
3. Акционерлік қоғамның атқарушы
органы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .. 40
4. Қоғам акционерлерінің құқықтары мен міндеттері 43
4. Акционерлік қоғамды қайта ұйымдастыру және қайта құру 47

Қорытынды 51
Қолданылған әдебиеттер тізімі 53
1

Кіріспе
Акционерлік қоғамның қызметін құқықтық реттеу Қазақстан Рспубликасының
акционерлік заңдарымен байланысты. Қазақстан Республикасының акционерлік
заңы Азаматтық кодекстің ережелерінен және 2003 ж 16 мамырда қолданысқа
енгізілген Акционерлік қоғамдар туралы 2003 ж 13 мамырындағы заңдарынан
тұрады. Акционерлік қоғамдар туралы заңды қабылдау кезек күттірмейтін
қажеттілік болды. Бұған дейін қолданылып келген Акционерлік қоғамдар туралы
1998 ж 10 шілдедегі заң өте сәттіз болып шықты.
Ол акционерлік қоғамның көптеген ережелері мен дәстүрлеріне қайшы келіп,
ашық түрде Ұлтық Банктің өзіне қолайлы түрде жаппай бақылау жүргізу
мүддесін білдірді. Кезінде 1998 ж 10 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы
заңының қабылдануына байланысты Азаматтық кодекске енгізілген өзгерістер
оның мазмұнын нашарлатқан еді. Оны күні бүгінге дейін басқа нормаларымен
үйлестірудің сәті келмей отыр. Бүгінде күшін жойған 1998 ж 10 шілдедегі
Акционерлік қоғамдар туралы заң Ұлттық Банктің техникалық нормаларын
асқақтатып, заң техникасының талаптарына сай келмеді. Бірқатар елеулі
қайшылықтары болды және корпорациялық сәл түзетілген ағылшын американдық
моделін дәстүрлі континентік кодификациялау жүйесіне түсті енгізу әрекеті
болып шықты. Норма шығармашылығындағы мұндай көз қарас жарамсыз болып,
акционерлік қоғамдар туралы бір қатар нормалардың молтығуына әкеп соқтырды.
Қазақстандық заңдар жүйесімен қайшылыққа түсіп, практикамен құқықтық ой-
пікірдің қабылдамай тастауына мәжбүр болды.
Акционерлік қоғамдар туралы 1998 ж заңның шалажансарлығын дәлелдеген
жаңа редакциядағы Акционерлік қоғамдар туралы заң 2003 жылы қабылданды.
Онда Қазақстанның объективті экономикалық және құқықтық шындықтары
айтарлықай ескеріліп, акционарлік заңдардың қазақстандық азаматтық
құқықтардың белгілі дәстүрлеріне оралуына мүмкіндік туғызды. Алайда қазіргі
кезде де оларда капиталдың теріс мөлшері бар болған жағдайда банктер мен
сақтандыру ұйымдарының акциаларын мәжбүрлеп сатып алу кұқығы (Азаматтық
кодекстің 86 бабының 6 тармағы), қоғамның жариялаған
4

акцияларын мәжбүрлеп шығару (Акционерлік қоғам. туралы заңының бабының 32
1 тармағы) секілді кейбір құқықтық нысандардын акционерлік заңдардан орына
алуы орынсыз болып көрінеді.
Аталмыш дипломдық жұмыс азаматтық құқық жүйесіндегі "акционерлік қоғам"
саласына арналған. Акционерлік қоғамның құқық жүйесінде алатын орнына
тоқталатын болсақ, ол қазіргі нарықтық экономикалық процессінде ерекше
орында түр. Себебі елімізде азаматтық заңдар бойынша құрылып жатқан заңды
тұлғалар көбнесе, акционерлік қоғам нысанында құрылуда. Сондықтанда
акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы мен реттелу ерекшеліктерін анықтау
маңызды мәселе болып табылады. Соңғы жылдары азаматтық құқық саласын
реттейтін нормативтік актілерге көптеген өзгертулер мен толықтырулар
енгізілуде. Бұл дипломдық жұмыс осы өзгертулер мен толықтыруларды ескере
отырып жазылған. Сонымен қатар дипломдық жұмыста қазақстандық автролардың
еңбектерімен қатар осы саланы терен зерттеген ресей авторларының да
еңбектері пайдаланылған.
Дипломдық жұмыс бес таруадан, содай-ақ кіріспе және қорытынды
бөлімдерден тұрады. Бірінші тарауда ең алдымен акционерлік қоғамның даму
тарихы жайында жазылған. Онда сонау алғашқы акционерлік қоғамдардын пайда
болған кезінен бастап қазіргі уақытқа дейін жазылған. Сонымен қатар бірінші
тарауда акционерлік қоғмның түсінігі, нысаны, басқа кәсіпорындардан
ұйымдардан айырмашылығы көрсетілген.
Екінші тарауда сол акционерлік қоғамды құрудың тәртіптері мен
ерекшеліктері, қоғамның құрылтай құжаттары: акционерлік қоғамың құрылтай
шарттары мен жарғылық капиталы, сондай-ақ қоғамның акциялары туралы
жазылған.
Үшінші тарауда акционерлік қоғамды басқару тәртібі жазылған. Сонымен
қатар тарауда акционерлік қоғамның басқару органдарының: жоғарғы органының,
басқару органының және атқарушы органының заңдар бойынша құқықтық
жағдайлары көрсетілген. Сондай-ақ қоғам акционерлерінің құқықтары мен
міндеттері туралы да жазылған.
5

Соңғы төртінші бөлім акционерлік қоғамдарды қайта кұру мен қайта
ұйымдастыру ережелері көрсетілген. Мұнда акционерлік қоғамдардың қайта
құрылуы заңды тұлғалардың қайта құрылуы мен қайта ұйымдастырылу ережелершен
салыстрыла, теңестіріле отырп жазылған.
Дипломдық жұмыс қорытынды бөлім мен жұмыста пайдаланған нормативтік
актілер және арнайы әдебиеттер тізімімен аяқталған.

6

1. Акционерлік қоғамның түсінігі мен нысаны
1.1 Акционерлік қоғамның даму тарихы
Акционерлік қоғамның алғашқы бастаулары орта ғасырларда кейбір
мемлекеттерде пайда бола бастаған үлестік серктестіктермен байланысты.
XII ғ.ғ. Германияда тау өңдеу серіктестігі, ал Франция да үлестік
серіктестіктер пайда болды.
Италияда XIV ғ.ғ. мемлекеттік несие берушілерді біріктірген үлестік
банктер құрылды. Мысалы: Әулие Геогия Генуәз банкі мен Әулие Аиворосия
Милиан банкі. Теңіз саудасының дамуы, соның ішінде теңіз кемелерін
жабдықтау мен шикі затпен қамтамасыз ету қажеттіліктері үлестік
серіктестіктердің қалыптасып, дамуына алып келді.
Мұндай мақсаттарда Италияда, кеме иелері мен саудагерлер бірлескен
сауда операциясын жузеге асыруға кемелерді жасап жабдықтап отырды. Соның
нәтижесінде Италияда осындай қатынастарды реттейтін арнайы институт
КОММЕНДА пайда болды.
XVI - XVII ғ.ғ. Англияда, Голландияда және Францияда ең алғашқы
акционерлік компаниялар пайда бола бастады. Бұл ұлы географиялық ашылулар,
жерді игеру мен бөлу кезеңі болды. Англия мен Голландияда, кейін Францияда
мемлекеттің меншігіндегі Ост-Индекс, Вест-Индекс және т.б. компаниялар
құрылды. Мұндай компанияларды басқаруда шешуші дауысқа мемлекет ие болып,
ал қалған акционерлердің тек мүліктік құқықтары ғана болды.
Мемлекеттік акционерлік қоғамдармен қатар жеке акционерлік қоғамдар да
дами бастады. Алғашқы кезеңде оның дамуына аляқтық оқиғалар кедергі болып
отырды. Осындай оқиғалардың салдарынан Англияда 1720 ж акционерлік
қоғамдарды құруға тыйым салатын заң қабылданды және аталмыш заң 100 жылдан
астам уақытқа шейін өз күшін жоймады.
Ал Францияда 1793 жылы, яғни ұлы Француз ревалюциясы кезеңінде
акционерлік қоғамдар тек ғана мемлекеттің рұқсатымен құрылытын заң
қабылданып, кейін оған толығымен тыйым салынды.

7
Тек XIX ғ.ғ. ғана акционерлік қоғамдарға қатысты көз қарастар өзгерді.
1807ж Францияның Сауда кодексінде акционерлік қоғамдардың және акция
негізінде кұрылған сенім серіктестіктерін кұру жағдайлары көзделген.
XIX ғ.ғ. Германияда акционерлік құқық пайда болды, кейін Германияда
копитализмнің даму жолына түсті. Алғашында Германия феодалдыққа бөлінген
еді, сондықтан да акционерлік заңдар Германияның кейбір жерлерінде ғана
қолданысқа енді. Кейін Германия территориясы біріктірілгеннен кейін, сауда
құқығы саласында заңдар қабылдана бастады. 1861 ж. Германияның алғашқы
Сауда кодексінде акционерлік қоғамдар туралы нормалар орын алды.
XIX ғ.ғ. акционерлік қоғамда толық қалыптасып және нормаландыру кезеңі
болып табылады.
Уақыт өте батыста акционерлік қоғамдар кәсіпорынның ең негізгі нысанына
айналды. Сәйкесінше акционерлік қоғамдарды ұйымдастыру мен қызметтерін
реттейтін құқықтық нормалар кең көлемде қабылданды. Сонымен қатар алғашында
акционерлік қоғамдардың нормалары сауда кодекстерінде көзделсе, енді олар
жеке заң ретінде бекітілді (Германия, Франция). Мұндай тенденция, яғни
акционерлік қоғамдарды арнайы заңдастыру АҚШ пен Англияда да орын алды.
Германияда 1937 ж. Акционерлік қоғамдар туралы заң қабылданды. Ол 1960
жылға дейін өз күшін жоймай, заңның соғысқа дейін де, соғыстан кейін де
заңды күші болды. Тек 1965 ж. Германияда жаңа Акционерлік қоғам туралы заң
қабылданып, ол өз күшін қазіргі уақытқа дейін жоймай отыр.
Ал Францияда 1966 ж. Сауда серіктестігі туралы заң қабылданды. Мұнда тек
әр түрлі шаруашылық серіктестіктерің құқықтық жағдайлары ғана емес,
акционерлік қоғамдар туралы да көрсетілген.
Англияда акциоенрлік қоғамның құқықтық жағдайы 1985 ж. қабылданған
Компаниялар туралы заңмен реттеледі. Англияда компания кең мағынада
қолданылады. Акционерлік қоғам компаниясы, ағылшын компанияларынын кең
тараған бір түрі болып табылады.

1 В.В. Лаптев "Акционерное право Москва: "Инфра" І999г. 25-27 стр.

8

Ал АҚШ-та корпорация түсінігі маңызды болып келеді Акционерлік қоғамға
акция шығаратын кәсіпкерлік корпорация ұқсас келеді. Олардың құқықтық
жағдайлары әр штаттың заңымен анықталады. Солардың ішінде кең тарағаны:
1963 ж. Нью - Иорк штаты заңы мен 1967 ж. Делавер штаты заңы. Делавер штаты
заңына АҚШ -тың 30% астам кәсіпкерлік корпорациялары ұйымдастырылған. Бұл
корпорацияларды тіркеу алымдары мен төлем ақыларының төмендігін көрсетеді.
Қазіргі таңда батыс елдерінің заңдарында акционерлік қоғам бірнеше
тұлғалардың бірлескен ұйымы түсінігін алшақтауда. Тек Францияның заңыны
сәйкес акционарлік қоғамды 7 адамнан кем емес құрылтайшылар кұра алады.
Эканомикалық қатынастардың дамуы салдарынан акционерлік қоғамдарды
басқарудың жаңа құрлымдары қалыптасты.
АҚШ пен Англияда екі жұлдызды құрлым колданлды, яғни -акционерлердің
жалпы жиналысы және директорлар кеңесі.
Герменияда үш жұлдызды құрлым қолданылды, яғни - акционерлердің жалпы
жиналысы, бақылаушы кеңес және басқарма.
Францияда - құрылтаушылардың келісімі бойынша аралас
жүйелі құрлым қолданылды.
Жоғарыда көрсетілген кез-келген жүйелі құрлымда, акционерлік қоғамдардың
басқарушы органы болып, акционерлердің жалпы жиналысы табылады. Жалпы
жиналыс қоғамның ең маңызды мәселелерін шешеді. Соңғы жылдары бақылаушы
орган мен басқарманың өкілеттіліктері кеңеюде.
Батыс елдерінде несие берушілердің мүддесі негізінде акционерлік
заңдарда жарғылық капиталдардың ең төменгі мөлшері көрсетілген. Германияда
ол 100 мың марк, Францияда 1,5 миллион франты құрайды. Барлық елдерде
қоғамды тіркеу кезінде жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігін төлеу
міндетті болып табылады. Яғни ол 25 % құрайды.

В.В. Лаптев "Акционерное право Москва: "Инфра" І999г. 37-33 стр.

9
Сонымен қагар қазіргі батыс елдерінде біріккен акционерлік қоғамның
кең тараған түрлері: холдинг компаниялары, концерндерді реттейтін нормалар
пайда болды.
Батыстық акционерлік қоғам заңдарының даму ерекшеліктеріне тән белгі
бар. Ол акционерлік заңның әлеуметтік нысанда болуы. Мысалы: Германияның
акционерлік заңында акционерлік қоғамның жарғыларында: бақылау кеңесінің
31 бөлігін мекеме жұмысшылары сайлауы тиіс екені көзделген.
Ресейде 1807 ж. патша жарлығымен акционерлік қоғамның кұрылуына қолайлы
жағдай туғызатың біріккен кәсіпорын туралы Монифест қабылданды. Ал 1836 ж.
туралы ереже заңды түрде бекітіліп, осы саладағы ең басты да маңызды да
нормативтік акт болып табылады. Аталмыш ереже 1917 жылға дейін заңды күшін
жоймады. 1917 ж. октябрь ревалюциясынан кейін, яғни коммунизм жағдайында
акционерлік қоғамдарды құруға тыйым салынды. Тек 1927 ж. 17 тамызда
акционерлік қоғамдар туралы ереже қайта қабылданды. Дегенмен сол кезде
құрылған акционерлік қоғамның басым бөлігі мемлекеттік болып табылды.
1965 ж. Ресейде кәсіпорын саласын реттеп қорғайтын эканомиканы
реформалар жүргізілді. Соның нәтижесінде 1965ж. 4 қазанда СССР-дің
Министрлер Кеңесінің қаулысымен бекітілген кәсіпорындар туралы ереже
қабылданды. Сондықтан 1927 ж. акционерлік қоғам туралы ереже заңды күшін
жойды. Жаңадан қабылданған ереже өндіріс, құрлыс, транспорт (көлік) ауыл
шаруашылығы саласын қамтыды.
1990 жылдың басында, яғни жоспарлы эканомикадан нарықтық эканомикаға өту
кезеңінде акционерлік қоғамдарға аса зор көңіл бөлінді. Бұған дәлел СССР-
дің Министрлер Кеңесінің 1990 ж. 19 маусымындағы қаулысымен бекітілген
Акционерлік қоғам туралы және Жауапкершілігі шектеулі серіетестік туралы
ережесін айтуға болады.1

Гражданское право. Том I. Учебник Под. ред. А.П. Сергеева, Ю.К.
Толстого. Москва: Просмект І949г. І44-І46стр.

10

Ереже бойынша қоғамдағы қатысушылар саны екіден кем емее болуы тиіс.
Қоғамның өзінің оқшау мүлкі болады. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері
бекітілді. Акционерлік қоғамар үшін 500 мың рубль, ал жауапкершілігі
шектеулі акционерлік қоғамдар үшін 50 мың рубль. Азаматтардың акциялары
жеке меншікте болып, ал ұйымдар тек паудалану құқығына ғана ие болды.
Акционерлік қоғамдарды басқарудың үш құрлымды жүйесі қолданылды, яғни
акционерлер жиналысы, кеңес, басқарма. Акциялардың ең төменгі құны 100
рубль болып бекітілді. Акционерлік қоғамда жарғылық капиталдың 15% -нен кем
емес мөлшерінде резервті қор құрылуы тиіс.
11

1.2 Акіционерлік қоғамның түсінігі
Акционерлік қоғам болып өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында акциялар шығарытын заңды тұлғалар акционерлік қоғам болып
табылады. Акционерлік қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша
жауап бермейді және өзіне тиесілі акциалар құнының шегінде қоғамның
қызметтеріне байланысты шығындар тәуекелдік көтееді. Акционерлік қоғамдар
коммерциялық ұйымның бір түрі. Себебі олардың қызметтерінің басты бағыты
пайда табу.
Акционерлік қоғамдар Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың
ішіндегі ең негізгі түрі болып табылады. Өйткені республикадағы ең ірі
кәсіпорындар акционерлік қоғам нысанында құрылады. Бұл ең алдымен
мемлекетіміздегі болып жатқан нарықтық эканомикалық өзгерістерге
байланысты. Сонымен қатар мемлекттік кәсіпорындарға жекешелендірудің де
әсері бар.
Акционерлік қоғамдарды басқа коммерциялық ұйымдар
мен
кәсіпорындардан ажырата білу қажет.
Мемлекеттік кәсіпорыннан акционерлік қоғамнан айырмашылығы -акционерлік
қоғамның өз оқшау мүлкі болады. Ал мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі тек
шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару нысанында ғана беріледі.
Мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің иесі болып мемлекет табылады.
Шаруашылық серіктестіктердің акционерлік қоғамнан айырмашылығы
-шаруашылық серіктестіктің қатысушылары серіктестік мүлкіне ортақ
жауапкершілікте болады. Ал акционерлік қоғамда мұндай ортақ жауапкершілік
жоқ. Сонымен қатар шаруашылық серіктестік тұлғалардың бірігуі, ал
акционерлік қоғам капиталдардың жұмылдыруы болып табылады.
Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бір-бірімен
ұқсас болып келеді.Олардың құқықтық жағдайлары алғашында бірге реттелді.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңның кейбір ережелері,
Акционерлік қоғам туралы заңнан алынған. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің де, акционерлік қоғамның да қатысушылары
кәсіпорынның
12

міндеттеріне жауап береді. Ал екеуінің айырмашылығы мынада: акционерлік
қоғамның жарғылық капиталы акцияларға бөлінеді, ал жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктікі - қатысушыларының үлестеріне бөлінеді.
Сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік
қоғамдардың басқару құрлымы бойынша да айырмашылығы бар. Акционерлік
қоғамның жоғарғы органы болып - акционерлердің жиналысы, басқару органы -
ұжым немесе басқарма, қадағалау органы ревизиялық комиссия немесе ревизор.
Ал жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басқару құрлымы екі құрлымдық
жүйеден тұрады. Яғни қатысушылардың жалпы жиналысы және атқарушы орган.
Бірақ жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңға сәйкес жалпы
жиналыстың шешімімен директорлар кеңесі (қадагалау кеңесі) құрылуы мүмкін.
Акционерлік қоғам акционерлері акцияның барлық түрлері бойынша тең
құқықтарға ие болады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
қатысушыларының шешімімен қосымша құқықтар мен міндеттер белгіленуі мүмкін.
Акционерлік қоғамның өндірістік кооперативтерден айырмашылығына
тоқталатын болсақ, акционерлік қоғам бұл - кәсіпорын қызметтеріне қатысуы
міндеті емес капиталдардың бірлестігі болып табылады. Ал өндірістік
кооперативтің қатысушылары кооперативтің еңбек қызметіне міндетті түрде
тікелей қатысуы тиіс.
Өндірістік кооператив жарғы капиталы мен заңдарда көзделген реттерде
субсидарлы жауапкершілікте болады. Акционерлік қоғам құқық субьектісі
болып, заңды тұлға құқықтарын қолдана отырып, арнайы құқық қабілегтілігі
болады. Ол кез-келген құқықтар мен міндеттерге ие болуга, сондай-ақ кез-
келген қызмет түрімен айналысуға мүмкіндік береді.
Акционерлік қоғамның ұйымдық құқықтық нысаны және түрін көрсететін
фирмалық атауы болады. Сонымен қатар қоғамның толық атауымен бірге,
қысқартылған түрде қолданылуы мүмкін. Акционерлік қоғамның фирмалық атауы
мен орналасқан жері оның мөрінде көрсетілуі тиіс.
13
Фирмалық атау қоғамның меншігінде болады Яғни қоғамның өз фирмалық
атауына ерекше құқықтарға ие болады. Бұдан басқа қоғамның интеллектуалдық
меншік сияқты құқықтары да бар. Мысалы патент құқығы, тауар белгісі және
т.б. Аталмыш екі құқықтың айырмашылыгы мынада: қоғамның интеллектуалдық
меншік сияқты құқықтары болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Ал фирмалық
атау қоғамның міндетті белгісі болып табылады. Фирмалық атау лицензиялық
шарт (франчайзнг) арқылы берілуі мүмкін. Мұндай құқықтық қатынас Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодесімен реттеледі.1 Бұл құбылыс фирмалық атау
атынанан шығатын тауарлардың сапалығын жоғарлатуға бағытталған.
Акционерлік қоғамның тұрақты жұмыс істейтін оргонының тұрған жері оның
тұрған жері болып табылады. Қоғамның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында
почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі.
Кез-келген кәсіпорын секілді, акционерлік қоғамның да құрлымдық
бөлімшелері болады. Олар екіге бөлінеді:
1. ішкі кұрлым (цехтар, өндіріс, шаруашылық) - ол тек акционерлік қоғамның
шеңберіндегі, ішкі шаруашылық қатынастарға ғана қатыса алады;
2. сыртқы кұрылым (филиалдар мен өкілдіктер) - ол қоғамның тек ішкі
шаруашылығына араласып қана қоймай, сондай-ақ қоғамнан тыс қатынастарга,
соның ішінде басқа кәсіпорындармен қатынасқа қатыса алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 27 желтоксан 1994
жыл. (езгертулер мен толықтырулар 16 мамыр 2003 жыл) Алматы-2000 ж 896
бап.

14

1.3 Акционерлік қоғамның нысаны
Акциоенрлік қоғам - коммерциялық ұйымның уақыт және нарықтық
қатынастар сынынан өткен барынша дамыған нысаны, Алайда заңдарда қоғамның
ұйымдық - құқықтық нысанында табыстары тек қоғамның дамуы үшін
пайдаланылатын коммерциялық емес ұйымдардың да құрылуы көзделуі мүмкін.
Мысалы: дүние жүзілік тәжірибеде кейде коммерциялық емес акционерлік қоғам
түріндегі биржалар, білім және мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдары
жөніндегі кеңестер құру дәстүрлері бар.
Акционерлік қоғам туралы 2003 жылы заң қабылданғанға дейін Қазақстан
заңдары ашық акционерлік қоғаммен қатар жабық үлгідегі акционерлік
қоғамдардың өмір сүруі көзделді. Акционерлері өздеріне тиесілі акцияларды
басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын акциоенрлік қоғам ашық
акционерлік қоғам болып табылады. Акциялары құрылтайшыларымен алдынала
белгіленген адамдар бөлінетін қоғам бұрынғы қолданыстағы заңдар бойынша
акционерлік қоғам болып есептеледі. Жабық акционерлік қоғамдар мемлекеттік
монополияладан сақтану үшін немесе үшінші тұлғалардың енуін шектеу үшін
кұрылатын еді. Бұл жағдайда көлденең капиталды тарту акционерлік қоғамның
негізгі мақсаты болудан қалды да, тұлғаның жағдайы алдынғы қатарға шықты.
Сондықтан жабық акционерлік қоғам өзінің жаратылысы жөнінен
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке дейін болғанын кейбір ескертулермен
айта аламыз. Онда тұлғаның элементтер жария элементтермен бәсекелесіп, көп
ретте басым түсіп отырды.
2003 жылы 16 мамырдағы заң бойынша Азаматтық Кодекстен жабық
акционерлік қоғамдар туралы 86-бабы алынып тасталды. Акционерлік қоғамдар
туралы 2003 жылғы заңда да жабық акционерлік қоғамдардың өмір сүруі
мүмкіндігі туралы айтылмайды. Бұдан заң шығарушылар заңды тұлғаның мұндай
ұйымдық құқықтық нысанынан тартуға бел байлаған деген қорытынды шығарды.
Сондықтан 2003 жылы 16 мамырдан кейін құрылған құрылған жабық акционерлік
қоғамдар жармсыз деп танылды, ал өмір сүріп тұрғандары заңда көзделген
тәртіппен басқа ұйымдық - құқықтық нысанға өзгертілуі немесе 2005
15

жьпдың мамыр айынын 16 жұлдызына дейін таратылуы тиіс. Бұл мәселе
Акционерлік қоғам туралы заңның 90 бап 2 тармағында көрсетілген.
Ашық акционерлік қоғамдар - акционерлік қоғамның барынша табиғи және
кең таралған нысаны. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері дерлік
акционерлік қоғамның құрылтайшылары бола алады.
Ашық акционерлік қоғам акционерлерінің санына шектеу қойылмаған. Егер
заң құжаттарында өзгеше көзделмесе қоғамның барлық акцияларын бір акционер
сатып алған жағдайда акционерлік қоғам бір адамның құрылуы немесе бір
адамнан тұруы мүмкін. Жалпы ереже бойынша мемлекеттік мекемелер қоғамның
акционерлері ретінде әрекет ете алмайды. Өзінің кұзіреті шегінде
акционерлер бола алатын Үкімет, жергілікті атқарушы орган, Ұлттық Банк
бұларға жатпайды.
Мемлекеттік кәсіпорын осы кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен
мемлекеттік басқару органының атқаратын қызметін жүзеге асыратын
мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға және
акцияларын сатып алуға құқылы.
Акционерлік қоғам туралы заңдарда 1998 жылдан бастап қоғамның жаңа
нысаны - халықтық акционер қоғам көзделген. Өзінің капиталының мөлшері
айлық есептік көрсеткіштің кемінде 1000000 еселенген мөлшеріндей болатын
және акционерлерінің саны бес жүз және оданда көп қоғам халықтық
акционерлік қоғам деп тануды қоғамның өтініші негізінде немесе қоғамның өз
капиталының мөлшері және акционерлерінің саны туралы уәкілетті органдар бар
ақпарат негізінде уәкілетті орган жүргізеді. Уәкілетті орган болып Ұлттық
Банк табылады. ұлттық Банк сондай-ақ халықтық акционерлік қоғамның
мәртебесінен айрылу тәртібін белгілейді:
1, ол таратылған немесе қайта ұйымдастырылғанда (қоғамға
басқа
қосылған және одан бір немесе бір неше жаңа қоғамдар
бөлініп шығарылған жағдайларды қоспағанда )

Азаматтық кұкык. 1 том Жауыпты ред. М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин
(орысшадан аударылған) Алматы 2003ж. 166 бет.

16

2. өз капиталының мөлшері он екі айдан астам мерзімде айлық есептік
көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен төмен соммаға дейін
азайғанда;
3. акционерлердің саны 6 ай ішінде 500-ден төмен азайып кеткен жағдайда
халықтық акционерлік қоғам мәртебесінен айрылады.
Акционерлік заңдар көлемінде ұлттық компаниялар қызмет етеді. Ұлттық
компаниялардың барлық акция пакеттері мемлекеттің қолында болады. Ұлттық
компаниялардың құқықтық режимінің бір қатар ерекшеліктері бар. Олардың
көпшілік бөлігі жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, өздерінің
контрагенттерімен қатынастарында мемлекеттік органның кызметін үйлестіреді
және Акционерлік қоғамдар туралы заңмен қатар Үкіметтің бір қатар
қаулыларымен және заңдармен реттеліп отырады.
Акционерлік қауызға оранған ұлттық компания шын мәнісінде заңды
тұлғаның жаңа түрі болып табылады деп есептейді Ю.Г. Басин. Мүмкін уақыт
өте келе заң шығарушылар заңды тұлғаның жаңа нысаны - ұлттық компанияны
мойындайтын болар. Ал әзірше жабық акционерлік қоғамның таратылуына
байланысты мемлекеттік ұлттық компаниялардың қандай ұйымдық-кұкықтық
нысанға өзгертілуі керектігін шешуі тиіс.

Актуальные проьлемы гражданского право: вопросы теории и практики.
(сборник) Алматы: 2003г. 9-22 стр.

17

2. Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі мен ережелері

2.1 Акционерлік қоғамды құрудың тәртібі
Кез-келген кәсіпорын, сонымен қатар акционерлік қоғамдарды құру бұл
-заңды акт болып табылады. Мұндай заңды акт салдарынан құқықтық субъектісі
ретіндегі кәсіпорын пайда болды.
Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңына сәйкес
"қоғам оны құру арқылы және акционерлік қоғамды қайта құру арқылы
құрылады." Қоғамды құру шешім қабылданған жеке және (немесе) заңды тұлғалар
оның құрылтайшылары болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
органдары және мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Үкіметін,
жергілікті атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкін қоспағанда, қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлері бола
алмайды. Мемлекеттік кәсіпорындар қоғамның құрылтайшысы болуга және меншік
иесінің және мемлкеттік басқару органының осы кәсіпорынға қатысты
өкілеттілігін жүзеге асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана
қоғамның акцияларын сатып алуды құқылы.
Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға болуы мүмкін. Акционерлік қоғамның
құрылтайшылары қоғамды құруға және ол мемлекеттік тіркеуден өткенге дейін
туындаған шығындарды төлеу жөнінде бірге жауап береді. Кейінен осындай
шығстарды құрылтайшыларының жиналысы немесе акционерлердің жалпы жиналысы
мақұлданған жағдайда ғана өз құрылтайшыларына мұндай шығыстарды өтейді.
Жоғарыда айтып кеткендей акциоенрлік қоғамдарды бір немесе бірнеше
тұлғалар құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдарды бірнеше тұлғалар құрған
жағдайда құрылтайшылар жиналысы болады. Жалпы қоғам өз құрылтайшылары
жиналысының (құрылтай жиналысының) шешімі бойынша құрылады. Ал егер қоғамды
жалғыз тұлға құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешімді осы тұлға жеке
дара қабылдайды.
Алғашқы құрылтай жиналысында:
18

1. қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі
бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
1. құрылтай шартын жасайды;
2. құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталының мөлшерін белгілейді;
2. жарияланған акциялардың, сондай-ақ құрылтайшылар төлеуге
тиісті акциялар санын белгілейді;
3. шығаруға жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім
қабылдайды;
3. қоғамның тіркеушісін таңдайды;
4. мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарға қоғамның атынан қол қоюға
өкілетті адамдарды сайлайды;
4. қоғамның жарғысын бекітеді.
Акцияларды орналастырғанға дейін құрылтайшылардың бірнеше жиналысын
өткізуге рұқсат етіледі. Мұндай алғашқы құрылтай жиналысында қабылдаған
шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтай шартының барлық
тараптары қатысқан жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Қоғамның алғашқы жиналысында құрылтайшылардың әрқайсысының бір дауысы
болады. Егер құрылтай шартында басқаша белгіленбесе екінші және одан
кейінгі жиналыстарында құрылтайшылардың әр қайсысының бір дауысы болады.
Қоғам акционерлерінің бірінше жалпы жиналысы өткізгенге дейін оның
құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы), қоғамды тарту туралы шешім қабылдауға
құқылы. Кұрылтайшысының (жалғыз құрылтайшының) шешімдері қоғамның барлық
құрылтайшылары (жалғыз құрылтайшысы) қол қоюға тиісті хаттамамен
ресімделеді.
Шетел инвесторы қатысуымен акционерлік қоғамдарды құру тәртібі
Қазақстан Республикасының заң актілерімен реттеледі. Шетел инвесторы
қатысуымен құрылатын акционерлік қоғамдарды құру тәртібі және мемлекеттік
тіркеу органына табыс ететін құжаттардың тізімі Қазақстан Республикасының
19

"Шетел инвестициясы туралы "заңында айқындалып көрсетілген. Әдетте табыс
етелетін құжаттардан басқа, шетел банкісінен оның төлем қабілеттілігін
растайтын анықтама қажет.

2.2 Акционерлік қоғамның құрылтай қркаттары
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттары болып, құрылтай шарты мен жаргы
табылады.
Акционерлік қоғамның құрылтай шартында:
1. қоғамның құрылтайшылары (құрылтайшысы) туралы мәліметтер
болады, оған қоса:
* заңды тұлғага қатысты оның атауы, мекен-жайы, мемлекеттік тіркелгені
туралы деректер;
* жеке тұлғаға қатысты, аты, азаматтыгы, тұратын жері және жеке басын
куәландыратын құжаттағы деректер:

2. қоғамның құрылғаны туралы жазба, қоғамның толық және қысқартылған
атауы, сондай-ақ оны құру тәртібі;
3. құрылтайшылар (құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері,
сондай-ақ оны төлеу мерзімі мен тәртібі;
4. акциялар шыгаруды мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін қоғамның
кұрылтайшылары арасында орналастырылатын (кұрылтайшы сатып алатын)
жарияланған акцияларының саны, түрлері және орналастыру бағасы;
5. оның кұралтайшыларының құқықтары мен міндеттері және қоғамды құруға
байланысты шығыстарды бөлу, сондай-ақ құрылтайшыларының қоғамды құру
жөніндегі қызметін жүзеге асырудың өзгеде талаптары;
6. қоғамды құру және мемлекеттік тіркеу процессінде оның мүддесін
білдіру тапсырылған тұлғаладың өкілеттілктерін айқындау;

Шетел инвестициясы туралы Қазакстан Республикасының заңы. 27 желтоксан
І994жыл. (озгертулер мен толықтырулар 8 каңтар 2003жыл).

20

7. қоғам құрылтайшыларының екінші жөне одан кейінгі жиналыстарын шақыру
және өткізу тәртібі, сондай-ақ әр бір қоғам құрылтайшыларының екінші
және одан кейінгі құрылтай жиналыстарындағы дауыс саны;
7. қоғамның жарғысын бекіту туралы жазба;
8. басқ заңнамалық келісімдерге сәйкес қоғамның құрылтай шартына
енгізілуге тиісті өзге де талаптар және т.б. енгізілуі мүмкін.
Сонымен қатар құрылтай шартының қолданылу кезеңінде Қазақстан
Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңның 6 бап 3 тармағыиа сәйкес
өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі. Құрылтай шартында көзделген
мәліметтер егер шарттың өзінеде өзгеше көзделмесе коммерциялық құпия болып
табылады. Қоғамның құрылтай шарты мемлекеттік органдарға, содай-ак үшінші
тұлғаға қоғамның шешеімі бойынша немесе Қазақстан Республикасы заң
актілерінде белгіленген жағдайларда ғана берілуі тиіс. Қоғамның құрылтай
шартын жасау тәртібіне тоқталатын болсақ, қоғамның құрылтай шарты әр бір
құрылтайшы немесе оның уәкілетті өкілі шартқа қол қою жолымен жазбаша
нысанда жасалады. Жалғыз құрылтайшының шешімі жазбаша рәсімделіп құрылтайшы
немесе оның уәкілетті өкіл қол қояды. Құрылтай шартын нотариат
куәландырады. Соымен қатар жеке түлга құрылтайшының қойған қолының
тұпнұсқасын да нотариат куәландырады.
Заңды тұлға құрылтайшы өкілінің қолы заңды тұлғаның мөрімен
расталады. Құрылтайшылардың өкілдерінің заңға сәйкес ресімделген,
құрылтайшылардың жиналысына қатысу және құрылтай шартына қол кою құқығын
қоса алғанда, қоғам құру құқығын беретін тиісті өкілеттіліктері болуы
керек.
Акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарының бірі қоғамның жарғысы
табылады. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық
мәртебесін анықтайтын құжат болып табылады және қоғамды мемлекеттік
тіркеген кезде құрылтай құжаты ретінде қарастырылады.
Жарғыға
21

құрылтайшылар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қоюға
тиіс және нотариат куәландырады.
Акционерлік қоғамның жарғысында мынадай ережелер болуға тиіс:
1. қоғамның толық және қысқартылған аты;
2. қоғамның мекен - жайы;
3. қоғамның жарияланған акцияларының саны, түрлері және акционерлердің
құқықтары туралы мәліметтер, оған қоса қоғамның артықшылық берілген
акциялары мен куәландырылған құқықтарының көлемі және олар бойынша
дивидендтердің кепілдік берген мөлшері;
4. құрылтайшылар төлейтін жарғылық капиталдың мөлшері, сондай-ақ акциялар
шығарылымы мемлекеттік тіркелгеннен кейін қоғамның құрылтайшылары
арасында орналастырылатын жарияланған акцияларының саны, түрлері және
орналстыру бағасы;
5. қоғамның органдарын құру тәртібі және құзіреті;
6. қоғамның органдарының қызметін ұйымдастыруды қоса алғанда:

* қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын және алқалы органдарының
мәжілісін шақыру, әзірлеу және өткізу тәртібі;
* қоғам органдарының шешімдер қабылдау тәртібі,оның ішінде шешімдері
білікті көпшілік дауыспен қабылдануга тиісті мәселелердің тізбегі;

7. қоғамның акционерлеріне оның қызметі туралы ақпарат беру тәртібі;

8. егер қоғам коммерциялық ұйым болып саналса:
- қоғамның коммерциялық ұйым емес екенін көрсету, дауыс беру
рәсімі, дивиденттер төлемеу туралы ережелер мен осы заңда және
коммерциялық емес ұйым туралы заңнамалық келісімдерде белгіленген
басқа да талаптар;
9. қоғам қызметінің тоқтатылу шарттары және т.б. өзге де ережелер.
Барлық мүдделі тұлғалар қоғамның жарғысымен танысуға құқылы. Қоғам
акционердің талап етуі бойынша оған қоғамның жарғысымен, сонымен бірге оның
кейінгі өзгерістерімен толықтырулармен танысуға мүмкіндік беруге
22

міндетті. Қоғам 3 жұмыс күннің ішінде жарғының көшірмесін беру туралы
акционердің талабын орындауға міндетті. Қоғам акционерге жарғыньп
көшірмесін бергені үшін көшірме даярлауға, ал жеткізу құжат болғанды
жеткізуге жұмсалған шығыстардан аспайтын ақы алуға құқылы.

23

2.3. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы
Акционерлік қоғам туралы 2003жылғы заң "жарияланған жарғылы капитал",
"шығарылған (төленген) жарғылық капитал" ұғымдарынан бас тартты "Жарғылық
капитал", " өз капиталы" терминдері ғана пайдаланылады Халықтық қоғамдағы
секілді, мұнда да заң әдеттегі акционерлік қоғам үшін жарғылық капиталының
ең төменгі мөлшері белгіленген. Қоғамның жарғылы кпиталының ең төменгі
мөлшері - айлық есептІк көрсеткіштің 50000 еселенгеі мөлшерінде болады. Бұл
Акционерлік қоғамдар туралы 1998 жылғы заңдағы мөлшерден он есе артық.
Қоғамның жарғылық капиталының ең төмен мөлшері жөнінде жоғарыда аталған
тараптар өзінің қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры ретінде жүзеге
асыратын қоғамға қолданылмайды.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғы: құрылтайшысының)
акцияларды олардың нақтылы құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторлаға
(инвесторға) заңның талаптарына сәйкес белгіленген орналастыру бағасы
бойынша сату арқылы қалыптастырылады Құрылтайшылар төлейтін жарғылық
капиталдың ең төменгі мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, отыз күн ішінде
толық төлеуге тиіс. Қоғамнын жарғылық капиталын ұлғайтуға акционерлердің
жалпы жиналысының немесе соттың шешімімен жол беріледі.
Акционерлік қоғамның өз капиталы дегеніміз - бұл қоғамның активтері мен
пассивтері арасындағы айырмашылық ретінде есептеп шығарылатын мүлік.
Акционерлік қоғамдарда өз капиталының дивиденттер төлеу мүмкіншіліктерін
анықтауда және өзге де кейбір жағдайларда маңызы бар.
Акция үшін төлеу түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін. Қоғамның
орналастырылатын акциялары үшін төлеуге ақша, мүліктік кұқықтар (оның
ішінде интелектуалдық меншік объектілеріне кұқықтар) талап ету құқығы және
өзге де енгізілуі мүмкін. Ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу лицензиясының
негізінде әрекет ететін бағалаушы анықтайтын баға бойынша жүзеге асырады.
Егер қоғамның орналастырылатын акцияларының төлеміне мүлікті пайдалану
24

құқығы енгізілетін болса, мұндай құқықты бағалау қоғамның оның бүкіл
пайдалану мерзімі үшін төлейтін мөлшеріне негізделеді. Аталған мерзімі
аяқталғанға дейін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының келісімінің
мұндай мүлікті алып қоюға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 89-бабының 1-тармағына
"акционерлік қоғам шеккен залалдың орнын толтыру үшін қосымша эмиссия жасау
арқылы жарғылық капиталды арттыруға жол берілмейді" деген норма алынып
тасталды. Бұдан келіп қосымша акциялар шығарғанда несие берушілер оларды
сатып алуы мүмкін деген қорытынды шығады. Акциялар үшін борышты есепке алу
мемлекеттік акциялар пакетіне әсер етпеуі тиіс, өйткен өзгеше істеу
мемлекеттік меншікті сатып алу кезінде жекешелендіру рәсімі орағытып өтуді
білдіретін болды.

Жанйдаров И.У , Гавлиленко А.П Проблемы правового регулирования увеличения
уставного капитала акционерного общества. Предпринимагель и право.
І998г. № - 4. 10.11 беттер.

25

2.4. Акционерлік қоғамның акциялары
Акционерлердің құқығы акциялармен дәлелденеді. Акция - бұл бағалы
қағаз. Өз ұстаушысының (акционерлердің) акционерлік қоғам таза табысының
бір бөлігін дивидендтер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін
басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне
құқығын куәландыратын бағалы қагаз акция деп аталады.
Акционерлік қоғамның тек атаулы акциялар шығаруға құқығы бар. Атаулы
бағалы қағаз дегеніміз - бұл өзі куәландырылған құықтардың онда аталған
тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз. Акционерлік қоғамның ұйымдық-
құқықтық нысанында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың артықшылық
берілген акциялар шығаруға құқығы жоқ.
Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға
тиесілі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы
өкілі арқылы акциямен куәландырылған құқықтарды пайдаланады.
Акцияның бір түрі оған не болатын әрбір акционерге осындай акция
түрлерінің басқа иелерімен бірдей көлемде береді. Заңда көзделген
жағдайларда:
1. қоғамның акциялармен мәмілелер жасауға;
1. қоғамның жарғада көзделуге тиісті акцияларының бір акционерге тиесілі ең
аз санына және қоғамның бір акционеріне берілетін акциялар бойынша ең аз
дауыс санына шектеулер белгіленуі мүмкін.
Акционерлік қоғам - жай акциялар, немесе жай және артықшылықты
акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. Құжаттсыз
бағалы қағаздар дегеніміз - бұл құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың
жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар. Жай акция акционерге дауыс
беруге енгізілген барлық меселелерді шешкен кезде дауыс беру құқығымен
акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын және қоғамда таза табыс
болған жағдайда дивидендтер алу құқығын береді.

1 Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлім. 27 желтоксан
1994 жыл. (очгертулер мсн толықтырулар 16 мамыр 2003 жыл) Алматы-2000ж.
68 бет. 129 бап.

26

Акционерлер - артықшылық берілген акцияларды
иеленушіле)
акционерлердің қоғамның жарғысында белгіленгендей күні бұрын
айқындалған кепілдік мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таралылғаннан
кейін заңда белгіленген тәртіппен қалған мүліктің бір бөлігін алуға жар
акцияларды иеленуші акционерлер алдында айрықша құқығы бар. Қоғамның
артықшылықты акцияларының жалпы саны оның жарияланған акцияларының жалпы
санының 25 пайызынана аспауға тиіс. Артықшылықты акциялардың меншік иелері
- акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп алдын-ала
айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидентер алуға және қоғам
таратылған кезде Акционерлік қоғам туралы заңда белгіленген тәртіппен
мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Артықшылықты акция акционерге
қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді. Бұл ережеден бірнеше өзгешелік
бар. Егер:
1. қоғам акционерлерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша артықшылықты
акцияларды иеленуші акционерлердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені
қараса. Шектеу қою үшін артықшылықты акциялардың жалпы санының
кемінде үштен екі бөлігі жақтап дауыс берген жағдайда ғана мұндай
мәселе бойынша шешім қабылданады деп есептеледі;
2. қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не
тарату туралы мәселені қараса;
3. артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген
мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерде төленбесе,
артықтышылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын
береді.
Кұрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе
акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және
дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акция" енгізілуі мүмкін. "Алтын акция"
иесінің акционерлердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамды ұйымдастыру
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары
Акционерлік қоғам туралы жалпы түсінік
Акционерлік қоғамдардың қалыптасу көздері
Акционерлік қоғамның жалпы сипаттамасы
Акционерлiк қоғам-заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны ретiнде
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
Акционерлік қоғам акционерінің құқықтық жағдайы
Акционерлік қоғамның қызметін талдау
Пәндер