Австралия жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 АВСТРАЛИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4
1.1 Географиялық ораналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.3 Австралияның байырғы халқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.4 Музыкасы, театры мен киносы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.5 Саяси құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.6 Тілі, діни жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

2 ТАБИҒИ . РЕКРЕАЦЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1 Табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.2 Өсімдік дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.3 Жануарлар дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.4 Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
2.5 Рельеф ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.6 Қорғауға алынған территориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.7 Жеке табиғи обьектілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.8 Жағажай аудандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
3.1 Транспорт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
3.2 Экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25

4 ТУРИСТІК . РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
4.1 Қалалар . туристік орталықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
4.2 Тематикалық ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
4.3 Кухня ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Батып бара жатқан күндей қызыл теңіздегі көк ну орманындай изумруд, құм жоталарындай алтын, тұзды шөлдердей ақ, бидай алқаптарындай сары, эвкалинт түлкісіндей күміс-жасыл, бұл бояулар мемлекет-құрлық, Австралияның табиғат суреттерінің түстерін құрайды.Үнді мұхиты жағалауынан Тынық мұхит жағалауына дейін, Перт және Сиднейді бөліп жатқан шексіз эвкалинт сельвалары арқылы оны яғни (Австралияны) 4 сағатта әуеден қиып өтуге немесе бір аптада 4 мың шақырымды машинамен жүріп өтуге болады.
Иммигранттар мен қуғын-сүргіншілер құрған ел, талай ғасыр бойы сәттілік іздеудің, әркімге орын табылатын, оңай баюға мыңдаған мүмкіндік беретін жердің кейпі болатын. Австралияның 18 миллион адам тұратын үлкен территориясы (Әрқайсысының көлемі Европамен шамалас), осы уақытқа дейін тығыздығы жөнінен халық аз орналасқан мемлекет блып келеді: Әр шаршы шақырымына (километріне) екі адамдай ғана. Бірақ бұл сандар, суреттеудің шын бейнесін ашып көрсетпейді: Қазіргі таңда 1,8% халық шығыс жағалаудағы қалаларда тұрады, ал қалған территориялары практикасында адам тұрмайтын, елсіз жер. Бірақ осы бір халқы жоқ жерлер ғажап оқиғалармен және шытырман мәдениеттің ашылуымен өзіне тартты.
1. Аничкин О. Австралия. М.: Мысль, 1983.
2. Дэвидсон Р. Путешествия никогда не кончаются. М.:Мысль, 1991.
3. Пирс Р. Далекая и близкая Австралия. Международная жизнь, 2000.
4. Роуз Ф. Аборигены Австралии. М.: Наука, 1981ж.
5. Ященко А. Путешествие по Австралии. М.: Географиз, 1959.
6. Атлас чудес света, М.: 2000ж.
7. Страны Мира. Справочник- путеводитель, Изд.: Ростов–на-Дону
«Феникс», 2003.
8. ХХ век. Краткая историческая энциклопедия. М., 2001.
9. Журнал OPEN!, 6/2007.
10. Журнал OPEN!, 10/2008.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 АВСТРАЛИЯҒА ЖАЛПЫ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Географиялық
ораналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.. 4
1.2
Тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Австралияның байырғы
халқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4 Музыкасы, театры мен
киносы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.5 Саяси
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... . 8
1.6 Тілі, діни
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 8

2 ТАБИҒИ – РЕКРЕАЦЯЛЫҚ
РЕСУРСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1
Табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .. 9
2.2 Өсімдік
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .. 9
2.3 Жануарлар
дүниесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 10
2.4
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10
2.5
Рельеф ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 13
2.6 Қорғауға алынған
территориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.7 Жеке табиғи
обьектілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 17
2.8 Жағажай
аудандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .. 23

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ҚОРЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
. 24
3.1
Транспорт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 24
3.2
Экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 25

4 ТУРИСТІК – РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ
РЕСУРСТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... . 27
4.1 Қалалар – туристік
орталықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
4.2 Тематикалық
ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 30
4.3
Кухня ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .. 31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33

КІРІСПЕ

Батып бара жатқан күндей қызыл теңіздегі көк ну орманындай изумруд,
құм жоталарындай алтын, тұзды шөлдердей ақ, бидай алқаптарындай сары,
эвкалинт түлкісіндей күміс-жасыл, бұл бояулар мемлекет-құрлық, Австралияның
табиғат суреттерінің түстерін құрайды.Үнді мұхиты жағалауынан Тынық мұхит
жағалауына дейін, Перт және Сиднейді бөліп жатқан шексіз эвкалинт
сельвалары арқылы оны яғни (Австралияны) 4 сағатта әуеден қиып өтуге
немесе бір аптада 4 мың шақырымды машинамен жүріп өтуге болады.
Иммигранттар мен қуғын-сүргіншілер құрған ел, талай ғасыр бойы
сәттілік іздеудің, әркімге орын табылатын, оңай баюға мыңдаған мүмкіндік
беретін жердің кейпі болатын. Австралияның 18 миллион адам тұратын үлкен
территориясы (Әрқайсысының көлемі Европамен шамалас), осы уақытқа дейін
тығыздығы жөнінен халық аз орналасқан мемлекет блып келеді: Әр шаршы
шақырымына (километріне) екі адамдай ғана. Бірақ бұл сандар, суреттеудің
шын бейнесін ашып көрсетпейді: Қазіргі таңда 1,8% халық шығыс жағалаудағы
қалаларда тұрады, ал қалған территориялары практикасында адам тұрмайтын,
елсіз жер. Бірақ осы бір халқы жоқ жерлер ғажап оқиғалармен және шытырман
мәдениеттің ашылуымен өзіне тартты.

1 АВСТРАЛИЯҒА ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

1. Географиялық орны

Австралия - бұл бір тұтас құрлықты алып жатқан әлемдегі бір ғана
мемлекет. Бұл жер жүзіндегі ең құрғақ құрлық, барлық территориясының үштен
бірі шөлді жерлер. Ұзындығы (солтүстіктен оңтүстікке дейін) шамамен 3700
км, ені 4000 км-ды құрайды. Құрлық оңтүстік және шығыс жарты шарларда
орналасқан, Тынық және Үнді мұхиттарының теңіздерімен шектеседі(1 - сурет).

1-cурет Австралияның физкалық картасы
Австралияда 6 штат бар: Жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория, Квинсленд,
Оңтүстік Австралия, Тасмония, Батыс Австралия және 2 территория: Солтүстік
территория, Австралия және Астаналық территория. Материк шығысында, шығыс
жағалауынан, Виктория штатындағы Мельбурнға дейін, Квинсленд штатындағы
Кейп Иорк жарты аралын шайып жатқан Үлкен Су бөлігіндегі Қыратпен бөлінген.
Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Виктория штаттарының шекарасының жанына орналасқан.
Үлкен Су бөлігіндегі Қыраттың альпі регионындағы қарын жамылған, биіктігі
2229 метрлік Косцтюшко тауы Австралияның ең биік нүктесі болды.
Су бөлігіндегі Қыраттан батысқа қарай, негізінен, Оңтүстік
Австралиядағы Флиндерс пен Алис - Спрингстің жанындағы Макдонелл сияқты,
бірнеше аласа тау қатарлары бар жазық жерлер жатыр. Құрлықтың орталығын
негізінен, халқы аз шөлдер құрайды. Барлық халқының 80 % - дайы шығыс
жағалауда немесе жағадағы алқапты бойлай тұрып жатыр. Шығысында
Антарктиканың Моусон станциясының айналасындағы бөлігі сияқты, Австралияның
басқаруындағы Норфолк және Лорд - Хау аралдары орналасқан. Құрлықтың жүрегі
- Австралияның айқын беті - европалықтарды өзінің ғажап жер бедерімен
(ландшафтымен), жануарлар әлемімен, тұрмыс ерекшелігімен және
аборигендердің діни сенімдерімен таңдандырды.

2. Тарихы

Австралия Одағы – Оңтүстік жарты шарда , Австралия құрлығында
орналасқан мемлекет. Аумағы 7,7 млн км. Халқы 17,8 млн. Астанасы - Канверра
қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Аумағы жағынан жер шарындағы ең
кіші құрлық . Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін
Тынық мұхиттың Тасман , Маржан, Тимор және Арафут теңіздері қоршаған. Ірі
шығанақтары - солтүстігінде Карпентария, оңтүстігінде - Австралияның үлкен
шығанағы. Австралияның солтүстігінде Кейп Йорк түбегі, шығысында Үлкен
суайрық жотасы орналасқан.Солтүстік шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300
км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Австралияның байырғы тұрғындары австралиялық
нәсілге жатады.Олар бұл құрлыққа 40 мың жыл бұрын кейінгі палеолит
дәуірінде Оңтүстік шығыс азиядан көшіп келген деп жорамалданады. 1788 жылы
Австралияға ағылшындар алғаш рет қоныс тепкенде аборигендер саны 300
мыңнан 1 млн адамға дейін болған. Сол кезден ХХ ғасырдың ортасына дейін
олардың саны 5-6 есе азайып кетті .Құрлықты алғаш ашқан голландықтар болды
( XVII ғасырдың басы ) алайда тым шалғайлығына байланысты оның зерттеуі
ұзаққа созылып, бұл істі британдықтар XIX ғасырдың басында ғана аяқтады.
Ұлыбритания солтүстік Америкадан айрылғаннан кейін ғана Австралияны
отарлауға шындап кірісті. Австралияда XIX ғасырдың бас кезінде қой
шаруашылығы жедел дами бастады. Ал сол ғасырдың 50 жылдарында Викторияда
алтын кенінің ашылуы нәтижесінде өндіріс өркендеп, Австралияға
Ұлыбританиядан көшіп келушілер күрт көбейді. Бұлар елдің бір қатар
аудандарына өзін - өзі басқару құқығы берілуін талап етті, ХХ ғасырдың
басында отар ауданды ( жаңа Оңтүстік Уэльс, Виктория, Батыс Австралия, яғни
Тасмания ) Австралия одағы федерациясына біріктіру жөнінде заң
қабылданды. Сөйтіп бұл одақ доминион мәртебесін, ал бұрынғы отарлар штат
құқығын алды, Австралия ұлтының қалыптасуы өзін - өзі билеу құқығын алды.
Австралия одағы Британия армиясының құрамында II дүние жүзілік соғыста
Англия жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін 20 жылдан аса уақыт
( 1972 жылғы желтоқсанға дейін ) елдегі билік басында екі ірі партияның
(Либералдық және Аграрлық) коализациясы болды. Австралияның ішкі саясатында
АҚШ - тың ықпалы ерекше күшейді.
1972 жылы билікке Лейбаристер келген соң, Австралия бір қатар дамушы
елдермен қарым қатынасты дамытуға бет бұрды. Алайда 1975 жылы қарашада
лейбералды және Аграрлық партиялар лейбористер биліктен тайдырды. 1983 жылы
наурызда парламент сайлауында лейбористер партиясы қайтадан жеңіске жетті.
1981, 1987, 1990 жылдары сайлауларда көпшілік дауыс алды.

3. Австралияның байырғы халқы

Жалпы саны 170 мың адам (1992 жылы) Отарлауға дейін Австралияның
оңтүстік – шығысында - курнай, нарриньери, шығысында ваккя, каби,
орталығында арабана, аранда, варрамунга, диери, солтүстік – батысында -
кармере және этник қауымдары тұрған. Үлкен Австралонды нәсіліне жатады,
бойлары орта, ортадан жоғары, қара құңыр түсті, бас сүйегі долихокефаль
шаштары бұйра, қою қара, иектері шығыңқы, қалың ерінді келеді, Ғалымдардың
есептеуінше Австралия 26 топқа бөлінетін 500 диалектіде, біразы ағылшын
тілінің ингминг тармағында сөйледі. Діні: христиан. Австралиялықтардың арғы
тегі Оңтүстік шығыс Азиядан 40 мың жыл бұрын келгендер деп есептеледі,
бүкіл Австралия құрлығына тарап аңшылық, балық аулау, т.б кәсіптерді
меңгерген. Үщкір ағаш таяқтар, найза, тас балта сияқты құралдарды
пайдаланған. Құрамы адамнан тұратын денеге дейін руға бөлініп, әр рудың өз
қонысы болған. Туысқандық жүйесі - ирокездік. Оңтүстігінде Тасмония
аралынан Авастралияны бас бұғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай үлкен Австралия
шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Австралия құрлығын 1606 жылы
голандиялық теңіз саяхатшысы В. Янезон ашқан.

4. Музыкасы, театры мен киносы

Австралия музыкасының негізінде екі музыкалық мәдениеттің белгілері
бар. Аборигендердің ән өнері аңшылық салт-дәстүрінің этнографиялық
жанрларын қамтиды. Корробори, яғни дәстүрлі биленіп, әндер айтылатын діни
мейрамдарды мерекелеу кең тараған. 1946 жылы қойылған Дж. Антиллдің
Корробори балеті, халық әндерімен билерінің негізінде жазылған. Сиднейде
опера және балет театры, Мельбурнда Ұлттық мемориал театры, сифон оркестр
жұмыс істейді. Сидней, Мельбурн, Брейсберн қалаларында консерватория бар,
Австралияның туристік орталықтары Канберра, Сидней.

5. Саяси құрылымы

Австралия-конституциялық монархия, Британ Достастығының тәуелсіз
мүшесі. Мемлекет басшысы - генерал - губернатордың ұсынуымен, Австралия
үкіметінің кепілдемесі бойынша тағайындалатын-Ұлы британия королевасы.
Жоғарғы заң шығарушы орган - 6 жылға сайланатын (76 мүше, 3 жыл сайын
жартылай жаңаланады) және 3 жылға сайланатын палата өкілдері (148 мүше).
Үкімет басшысы премьер - министр, әдеттегіше партияның парламент
сайлауында жеңіп шығатын көсем (жетекші). Мемлекет құрылымының формасы
бойынша 6 штат және 2 территриядан тұратын демократиялық федеративті
мемлекет.

6. Тілі

Мемлекеттік тіл – ағылшын тілі, италия, грек, қытай тілдері және
тұрғылықты халықты диалекті қолданылады. Австралияның ағылшын тілі айтылу
мәнері бойынша бір қатар ерекшеліктерге ие – Э – ның орнына аздап
созылатын А айтылады, көптеген сөздерден жиі қысқаруы, таза австралия
сленг айналымының молдығы және т.б.

Діни жолы

Халқының көпшілігі – католиктер мен протестанттар. Соңғы уақыттарда
басқа дінді уағыздаушылардың саны өсіп келеді, негізінен ислам, будда,
конфуциан, лама, дао және кейбір басқалары.
2 ТАБИҒИ – РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

2.1 Табиғаты

Жерінің басым көпшілігі жазық болып келеді. Платформасының түпкі
негізі күшті метоморфтық салдарынан гнейс пен гранитке айналған, құрамды
жанар таулық жыныстар мен терригендік шөгінділерден тұрады. Австралияның
барлық аудандарында температура тұрақты болып келеді. Ол жыл бойы жазда 20
градус және қыста градус аралығында.12-20 градус жауын - шашынның жылдық
мөлшері 250 мм ден аспайды
Австралияда шөл, шөлейіт аймақ басым болғандықтан , ағыны тұрақты өзендер
аз. Ең ірісі суы мол Муррей өзені, Дарлинг өзені. Үлкен көлдері Эйр,
Торренц, Амадейс, Гэрднер
Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18-30 градус оңтүстік ендік), ал
солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының
климаты тропиктік теңіздік, күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндері
басым. Сондықтан Австралияның барлық аймағында температура жоғары және
тұрақты тек қыс айларында температура төмендейді. Қаңтардың орташа
температурасы 40 градус болатын аудан құрлықтың солтүстік батысында,
абсолюттік максимум Клонкарриде (53,1 градус). Тұрақты аяз тек Оңтүстік
шығыстағы Австралия альпісінде (-20 градусқа дейін) байқалады. Құрлықтың
солтүстігімен шығысындағы тауларда жауын - шашын мөлшері 500 мм ден 2000 мм
ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері.

2.2 Өсімдік дүниесі

Құрлық Австралия био - географиялық аймағына жатады. Органик тіршілік
әлемі ортаңғы бор дәуірінен бері дербес дамып келеді. Сондықтан оның
өсімдік дүниесі басқа құрлықтан мүлде өзгеше. Өсімдік дүниесінің 75%-і
эндемиктер Австралияның солтүстік шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік
- шығысы мен оңтүстік - батысында тропикке таяу эвкалипт ормандары өседі.
Құрлықтың ортасына қарай, климаттың континенттігі артқан сайын, ылғалды
тропиктік ормандар селдір орманға, саваннаға айналады. Шөлейттерде тікенді,
бұталы тоғайлар, шөлдерде астық тұқымды өсімдіктер өседі.

Өсімдік әлемі. Австралия территориясының көпшілік бөлігінің климаты
өте құрғақ болып келетіндіктен, оның флорасында құрғақ сүйгіш өсімдіктер
өседі: ерекше дәнді дақылдар, эвкалиптер, зонтты акоциялар, суккулентті
ағаштар (бөтелке ағаш және басқалары) Осы ағаштар бірлестігі өте мықты
тамырлар жүиесіне ие, жер астына 10-20 м, ал кейде 30 м –ге дейін кетеді,
сондықтан ылғалды өте тереңнен насос сияқты сорып алады.

2.3 Жануарлар дүниесі

Құрлықта басқа құрлықтарда кездесетін тұяқтылар, жыртқыштар және
приматтар мүлдем жоқ. Мезозой эрасымен неоген кезеніне тән жануарлар
сақталған. Оның ішінде қалталы қасқыр, коала, кенгру, жұмыртқа салатын бір
өзекті сүт қоректілер, үйрек тұмсықпен екейдина, сондай-ақ эму түйе құсы,
қаз, лира құйрық, түрлі тоты құстар, қара құс т.б тіршілік етеді.

2.4 Климаты

Жалпылама түрінде Австралия құрлығы оңтүстік жарты шардағы үш негізгі
жылы климаттық белдеуі щеңберінде орналасқан: субэкваториалды
(солтүстігінде), тропикалық (ортлық бөлігінде), субтропикалық
(оңтүстігінде). Тек Тасмония аралының аздаған бөлігі Қоңыржай белдеудің
щеңберінде жатыр. Субэкваториалды климат құрлықтың солтүстік және
солтүстік шығыс бөлігіре тән, бір қалыпты температура (жыл бойы ауаның
орташа температурасы 23-24 градус) және жауын – шашынның жоғары мөлшерімен
(1000 – нан 1500 – ге дейін, кей жерлерде 2000 мм – ден астам)
өзгешеленеді. Мұнда жауын – шашын ылғалды солтүстік батыс муссон (ауа
ағынын) алып келеді және олар негізінен жаз ойларында түседі. Қыста, жылдың
құрғақ кезінде, жаңбыр тек үзіліспен (эпизодчески) жауады. Бұл уақтта кей
кезде құрғақшылық шақыратын (әкелетін), материктің ішкі жағынан құрғақ,
ыстық жел соғады. Австралия құрлығының тропикалық белдеуінде климаттың
негізгі екі түрі қалыптасады:
1 ылғалды тропикалық
2 құрғақ тропикалық
Тропикалық ылғалды климаты оңтүстік – шығыс пассат желдерінің ықпал
ету зонасына кіретін, Австралияның қиыр шығыс бөлігіне тән. Бұл желдер
материкке өздерімен бірге Тынық мұхиттан ылғалмен қаныққан ауа массасын
алып келеді. Сондықтан жағалаудағы жазықтар мен Үлкен Суайрық бөлігіндегі
Қыраттың шығыс беткейінің барлық аймағы жақсы ылғалданған (орташа 1000 -
нан 1500 мм – ге дейін жауын жауады) және жылы жұмсақ климаты (Сиднейдің ең
жылы жерлеріндегі температура + 22 – 25 градус, ал ең суығы 11,5 – 13
градус) бар.
Тынық мұхиттан ылғал әкелетін ауа массасы, жолда ылғалдың біраз
мөлшерін жоғалтып, Үлкен Су бөлігіндегі Қыраттан өтеді, сондықтан жауын тек
Қыраттың батыс беткейінде және таудың алдыңғы аудандарына жауады.Материктің
орталық және батыс бөлігі үшін тропикалық шөлді климат тән. Жазында
(желтоқсан - ақпан) мұнда орташа температура 30 градусқа дейін, ал кей
кездері одан да жоғары көрсетіледі, ал қысында (маусым - тамыз) да орташа
10 – 15 градусқа дейін төмендейді. Австралияның ең ыстық аймағы – солтүстік
– батысы, Үлкен құмды шөлде температура бүкіл жаз бойы 35 градустық және
одан да көп жоғары белгіні көрсетіп тұрады. Қыс кезінде ол шамалы ғана
төмендейді (шамамен 20 -25 градусқа дейін). Материктің орталығында, Алис –
Спрингс қаласының ауданында, жылдың жазғы уақытында температура күндіз 45
градусқа дейін көтеріледі, ал түнде нөлге дейін және одан да төмен ( - 4 –
6 градус ) түседі.
Субтропикалық белдеудің щеңберінде климаттың және үш түрі
ерекшеленеді: Жерорта теңізі, субтропикалық құрлықты және субтропикалы
ылғалды. Жерорта теңізі климаты Австралияның оңтүстік – батыс бөлігіне тән.
Өзінің аталуы көрсетіп тұрғандай, елдің бұл бөлігіндегі климат, европалық
Жерорта теңізі мемлекеттері – Испания және Оңтүстік Францияның климатына
ұқсас. Мұнда жазы ыстық және құрғақ, ал қысы жылы және ылғалды. Жыл
мезгілдері бойынша температураның аздап ауытқуын (қаңтар - 23 – 27 градус,
маусым айында 12 – 14 градус ), жауынның жеткілікті мөлшерін ( 600 – ден
1000 мм – ге дейін ) салыстыруға болады. Субтропикалық құрлықта климаттың
зонасы, материктің Үлкен Австралия шығанағының бөлігіне жанасатын
оңтүстігін қамтиды. Аделанды қаласының айналасын өзіне қосады және шығысқа
біраз алысырақ, Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты аймағының батысына созылып
жатыр.Бұл климаттың негізгі ерекшелігі – жауынның аз мөлшері және жылдық
температурасының салыстырмалы түрде көбірек ауытқуы. Субтропикалық ылғалды
климаттың зонасы өз шекарасын, Виктория штатының барлығын және Жаңа
Оңтүстік Уэльс штаты оңтүстік – батысының тау алды бөліктерін қаратады.
Жалпы бұл зонаның бәрі жұмсақ климатымен және жауынның қомакты мөлшерімен
( 500 – ден 600 мм – ге дейін ), ең алдымен жағалаудағы биіктіктерінде
(құрлыққа жауынның ішкерілей енуі азаяды) жалпы айтқанда ерекшеленеді.
Жазда орташа температурасы 20 – 24 градусқа дейін, ал қыста біраз қаттырақ
( 8 – 10 градусқа дейін ) төмендейді. Елдің бұл бөлігіндегі климаты жеміс
ағаштарын, әр түрлі көкіністер және азықтық шөптер өсіру үшін қолайлы. Шын
мәнінде, жоғары өнімді алу үшін жерді жасанды суландыруды қолданады,
өйткені жаз кезінде топырақта ылғал жеткілікті болмайды.Бұл аудандарда
сүтті малдар (азықты шөптерге жаяды) және қойлар асырайды.
Қоңыржай климат белдеуіне Тасмония аралының тек қана орталық
және оңтүстік бөліктері кіреді. Бұл арал анағұрлым дәрежеде қоршаған су
кеңістігінің ықпалына сыналуда және ол қыста жылы және жазда салқын
қоңыржай климатымен ерекшеленеді. Мұнда орташа температура қаңтарда 14 -17
градус, маусымда -8 градус. Желдің басым бағыты батыста, ал жауынның
орташа жылдық мөлшері аралдың батыс бөлігінде – 2500 мм, ал жаңбырдың
жауатын мөлшері – 259 күн. Шығыс бөлігіндегі климаттында ылғал бір сыпыра
аз. Қысқы уақытта кей кездері қар жауады, бірақ ол ұзақ жатпайды. Мәңгі
жасыл шырынды табиғи және азықтық шөптердің тыңайтылған егістік жерлерінде,
жайылымдарда жыл бойы қойлар мен мүйізді ірі қара малдар жайылады.

2.5 Рельеф

Австралияның табанында, оның шығыс бөлігін есептемегенде, Гондвана
құрамына кірген платформа жатыр. Мұнда созылыңқы тау тізбектері жоқ.
Сейсмикалық зона, биік таулар жоқ, бірақ ойпаттар баршылық. Олар тек
жағалауда ғана емес, материктің ішкі жақ бөлігіне де орналасқан.
Австралияның Үлкен территориясының тұруға жарамсыз шөлдер мен жарты шөлдер
алып жатыр. Платформаның батыс бөлігі сәл көтеріңкілеу. Мұнда Үстіңгі
бетінен ежелгі кристал жыныстары шығатын биіктігі 400 – 600 м, көлемді.
Батыс – Австралия үстірті жайылып жатыр. Кейбір жерлерде бөктері құм және
қиыршық тастармен көміліп жатқан биік емес таудың ғажап формалары жоғары
көтеріліп тұр. Шығыста және оңтүстік шығыста үстірт, солтүстіктегі
Карпентария шығанағының арасында орналасқан Орталық ойпатқа ауысады.
Орталық ойпат жауын – шашыннан болатын өте қалың жыныстан бүркелген.
Бұл материктің ең төменгі және ең жазық бөлігі. Орталық ойпаттың
шекарасында, Әлемдік мұхиттың деңгейінен төмен орналасқан ойыс жер бар.
Олардың ішіндегі ең төмені Эйр көліндегі ( теңіз деңгейінің 12 м төмен )
шұңқыр.
Орталық ойпат – Австралия құрлығының ең ыстық, құрғақ, сусыз және
шөлді бөлігі. Материктің шығыс шетінде жағалаудың ұзыны бойы өте бүлінген
биік емес Үлкен Су айыратын қырат таулары созылып жатыр. Қыраттың шығыс
баурайлары жағалаудың тар енсіз жазығына таман кірт үзіліп қалады.
Батыстың жайпақ баурайлары біртіндеп аласара , ойлы-қырлы тау бөктерлеріне
айналады , оларды Австралияда даунстар деп атайды.Сынық тастар мен өзен
алқаптары , тауларды бөлек массивтерге айырып тұр . Таулардың шыңы күмбез
тәрізді формаға ие. Қиыр оңтүстік-шығыста Австралия Альпалары деп аталатын
ең биік таулар тұр .Олардың ішінде Австралияның ең биік нүктесі Косцюшко
тауы (2230м)бар.
Бұрында геологиялық сынулар мен майысулардың нәтижесінде құрлықтың
біраз бөлігі тынық мұхитының түбіне шөккен , Жаңа Гвинея мен Тасмания
аралдары бөлінді. Тасмания аралын үлкен су айыратын қыраттың жалғасы деп
таниды . Ол материктен ірі толыққаны болып табылады. Ол материктен ірі
толқындардың лақтыруы арқылы ажыраған , нәтижесінде үлкен тектоникалық
шұңқырлар пайда болды .Тынық және үнді мұхиттарын жалғастырушы Босов
бұғазы. Арал, тіп-тік тау баурайы бар , ертедегі кристалл және
метоморфикалық жыныстардан құралған , кей жерлерде лава ағындарымен
жабылған үстірттен тұрады ел ауданының үштен біріне жуығы, негізінен
(ауылшаруашылығы жұмыстарымен айналыспайтын ) ішкі аудандары,
ауылшаруашылығына жарамсыз шөлді немесе жартылай шөлді болып келеді .
Территорияның 60% -ында ағын су көзі жоқ, елдің оңтүстік шығысындағы бір
ғана Муррей Дарлинг су жүйесін кеме жүзу және суландыру үшін пайдаланады.

2.5 Қорғауға алынған территориялар

Австралия аумағында қазір 1000 астам қорғауға алынған территория –
резервация парктері және штаттар парктері, ел территориясының 3%-дан
астамын алып жатыр . Бірақ олардың көпшілігі жақын уақытқа дейін үлкен
болған жоқ, оларда барлық табиғат кешенін қорғауға емес, сирек кездесетін
өсімдіктер мен жануарларды сақтау мақсатында құрылды. 1944 жылы құрылған
600 мың га –дай ауданы бар, тек қана Косцюшко ұлттық паркінде, табиғат
кешенін қорғау принципі сақталды. Альпі шалғынынан эквалипт ормандарына
дейін. Бірақ парк территориясының барлығына жуығы туристердің көптеп
ағылып келуінен қатты зардап шегеді. Мұнда көптеген кемпингтер, қонақ
үйлер, мейрамханалар салынды. Парктерден 50 км жерде орналасқан Канберрадан
жыл сайын мұнда жарты миллионнан астам адам келеді . Туристердің арасында
Австралия шатырынан күннің шығуын көру үшін ғана келетіндер де келеді.
Сидней және Роял сияқты шағын ғана ұллық парктер туристердің (жылына 3-4
млн-ға дейін ) басқыншылығына көбірек ұшырайды.
Соңғы жылдары Австралияның жайылым аудандарында бірнеше ірі ұлттық
парктер құрылды, соның ішінде қазіргі құрлықтағы ең ірі , ауданы 2 млн га -
дан артық Грей - Виктория - Дезерт паркі. Ол елдің орталығында , қыратты
елсіз жерде орналасқан.
Грин - Айленд аралында, Квиленд штатында, Кэрнс қаласында
жақын жерде, дүние жүзіндегі аздаған су асты парктерінің бірі құрылған,
онда көрікті маржан мекендеушілермен бірге қорғалады.
Австралия ұлттық парктері мен штат парктерінің көпшілігі құрылып
болды және қазір табиғат ескерткіштерін көрсету үшін қызмет етеді. Ғылыми
зертттеулер кейбір парктерде ғана негізінен Ғылым академиясы және
университеттердің өз күшімен жүргізіледі. Бұл парктер зоологиялық бақтарды
еске салады және туристер үшін өте тартымды. Австралияның әдетте тамаша
әдемі жерлерде орналасқан зоология бақтары, көркі жағынан ұлттық
парктердегі табиғи ландшафттардан қалыспайды, сондықтан зоопарк және
ұлттық парк деген түсінік Австралия одағында бірдей.
Фрейзер аралы - ЮНЕСКО - ның бүкіл әлемдік мұрасының
тізіміне кірген. Ламингрон ұлттық паркі де ЮНЕСКО- ның қамқорлығына
алынған. Дарвиннен 250 км жерде орналасқан Какаду ұлттық паркі-Австралия
құрлығындағы ең көлемді парк. Фауна және флораның мол қоры және оның
территориясынан аборигендердің көркем ескеріткіштері табылуы себепті, парк
1987 жылы ЮНЕСКО - ның бүкіл әлемдік мұрасының тізіміне кірген. Какаду
ұлттық паркінде елдегі ең қызықты аборигендердің жартасқа салған суреттері
табылған.Әр кезеңдерде жасалған суреттер жан - жануарларды, адамдарды және
түс көру уақыттары аңыз фигураларын көрсетеді. Бояулар, үгітілген
минералдың ұнтағына су қосып дайындалған.
Үлкен Барер рифі - ООН мұрасының тізіміне оның бүкіл әлемге белгілі
маржан рифтері және курорт аралдары арқылы кіреді. Бұл әлемдегі ең үлкен
риф жүйеі және ғаламдағы тірі ағзалар құрған ең үлкен құрылым.
Тасманияда аса мол ежелгі жаңбырлық ормандардың ең жарқын үзінділері
кездеседі, территорияның ширектен астам бөліктері әлі де тиіспеген күйінде
қалған.Оның табиғи мұра деп танылған үлкен бөлігі, 10813 кв.км ауданын
алып жатыр және өзіне төрт ұттық парк, екі мемлекеттік қорық, екі табиғи
қорғау зоналары және екі емлекеттік ормандар қарайды. Нағыз, шынайы әлі
қозғамаған табиғат өте сирек кездесетін құбылыс болып тұр, сондықтан
жаңбырлық ормандардың аса зор кеңістігі, өзінің әсем және аса бағалы
табиғи байлықтарын ұсынады, оны бағалау және қорғау өте маңызды. Бұл жабайы
жерлер жағалаудан тасманияның жүрегіне, теңіз деңгейінен 1615 м биікке
көтеріле созылып жатыр. Жаңбырлық орман алабының жағасындағы қоңыр жай
белдеуде мәңгі жасыл да, жапырағы қурап түсетінде ағаштар бар. Осы ылғалды
және жұмсақ, жайлы климатта, өте жоғары биікке жететін көптеген ағаштардың
түрлері өседі. Олар өте жоғары сапалы сүректер ( Ағаштың астыңғы жағындағы
қатты бөліктер ) береді, бұлар бүкіл әлемде жоғары бағаланатын
болғандықтан, үнемі шамадан тыс коммерциялық кесулер қаупі төніп тұрады.
Тасмания жаңбырлық ормандары тропикті тез, жылдам салқындатады,
себебі мұнда ағаштардың өте аз түрлері кездеседі, сегізден артық түрі
сирек, эпифиттер мен ормандығы мүк, шаң жапырақ және теміреткі сияты өмір
кеңістігі үшін өзара күресуші өсімдіктердің күшті өсінділері байқалады.
Ағаштардан оңтүстік шамшаты тән, себебі оститті атротаксис ( бүгінгі күнге
дейін, жасы 2000 жылдан жоғары, ежелгі ерекше ағаштар жекелей сақталған)
және кипаристі атротассиспен бірге гондвана ормандарын жамылған нағыз
қалдықтар екенін айғақтайды.
Кей жерлерде, әлемдегі ең биік өсімдік эвкалипт нулары, 90 м биікте
орман еңістігін құрады. Ең жоғары аймақтарда альпі белдеуінің өсімдіктері
тіршілік үшін күреседі, онда ағаштар жел және суықтан аласа және енсіз
болып келеді.

2.6 Жеке табиғи обьектілері

Үлкен Барьер рифі - әлемдегі маржан рифтері мен аралдардың ең ірі
кешені. Австралияның шығыс жағалауында 2000 км ден аса ұзына бойына
созылып жатыр - биология, геология сияқты ғылымдардың көз қарасы бойынша,
бұл табиғаттың ең тамаша, ғажап кереметтерінің бірі. Оған тек қана жоғары
дәрежеде әділ бағасын беруде: оның табиғи мұра екендігі мойындалд,
биосфералық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыканы оқыту әдістемесі
Хекшер – Олин теориясы
Әлем топырағы
Адамның америка мен австралияны қоныстануы
Мұхиттық аралдардың физ-географиялық сипаттамасы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Сәбіз дақылы
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Үнді мұхиты
Пәндер