Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру



Кіріспе 3.4

І. Негізгі бөлім

1.1 Екінші кішкентай топ балаларға математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері 5.10

1.2 Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудағы тиімді әдістері 10.14

1.3 Математикалық түсініктерді қалыптастыру арқылы балалардың логикалық ойын дамыту 15.17

1.4 Математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары 17.23

Қорытынды 24

Пайдаланған әдебиеттер 25

Қосымша
Математика – өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым саласы. Қазіргі кез келген ғылым саласы математикалық әдістерді қолданып қана қоймай, математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазірігі ғылым мен техникаға жол тек қана математика арқылы өтеді. Математикалық білім беру математика ғылымның бір бөлігі ғана емес, жалпы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді.Сондықтан адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі маңызды роль атқарып келе жатыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Математиканы оқыту мәселесі қазіргі таңда жоғары маңызға ие. Ең алдымен таным көзі - сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы мен жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Сонымен қатар, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.
Кіші топ балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйрене отырып, балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді.
Сонымен қатар, балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индук- тивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Жаңа материалдарды бағдарламаның кез -келген бөлігінде («Сан және санау,» «Көлем», «Пішін», т.б.) ке- зектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін екінші бөлімінде оқытқан жөн. Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы - сабақ болып табылады. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бірізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын, жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан-жақты, бағыт - бағдар беріп отырады.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, Ақорда, 2010.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана 2009.А. Б. Акпаева, Л.А .Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Алматыкітап баспасы .2012жыл
Мектепке дейінігі кіші жастағы (3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. Астана, 2010
А.Қ.Әбілдаева, Л.Орлова. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Балабақшаның даярлық тобының тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал. – Алматы, «Алматыкітап», 2006.
А.М.Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру». Алматы, Мектеп, 1982.
Б. М. Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар .Алматы 1998жыл
Балбөбек бағдарламасы - Алматы: Шартарап. 2000
«Бала мен балабақша» журналы №1, 2011ж
«Балақай» республикалық журнал №1, 2009ж
«Балбөбек» бағдарламасы. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.
Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, 1994 -280 бет.
Леушина А.М. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі. –Алматы, 1987.
М.Сансызбайқызы. т.б. Ойна да ойлан. Алматы, Шартарап, 2000.
Мәжитқызы Р. Қызықты математика – А1996
Мектепалды даярлық журнал №1, №2, №3 2004ж
Мектептің даярлық класы мен балабақшаның даярлық тобына арналған бағдарламалар. Алматы, Рауан, 1992.
Меңжанова А.Н. Мектепке дейінгі педагогика. Алматы. Рауан.1992.
Оспанов Т.Қ, Математика. Оқу құралы. - А., 2000.
ОспановТ.Қ және басқалар. Математика. Дидактикалық материалдар. «Атамұра», 2000.
Отбасында және балабақшада баланы мектепке дайындау бағдарламасы. Алматы, Шартарап, 2000.
«Отбасы және балабақша» №1, 2005ж
Сансызбайқызы М. Балдырғандарға арналған қызықты математикалық тапсырмалар . – А; «Рауан »1993
Т. Кенжебаев, М. Абдиров «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, 1985ж
Т.Қ. Оспанов. Математика оқыту әдістемесі Алматы 1997жыл
Ұ. Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. Алматы 1997жыл
Ядэшко В.И,.Сохина Ф.А. Мектеп жасына дейінгі педагогика. Алматы, Мектеп. 1982. 133-150 б.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
3-4

І.
Негізгі бөлім

1.1
Екінші кішкентай топ балаларға математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері
5-10

1.2
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудағы тиімді әдістері
10-14

1.3
Математикалық түсініктерді қалыптастыру арқылы балалардың логикалық ойын дамыту
15-17

1.4
Математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдары
17-23

Қорытынды
24

Пайдаланған әдебиеттер
25

Қосымша

Кіріспе

Математика - өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым саласы. Қазіргі кез келген ғылым саласы математикалық әдістерді қолданып қана қоймай, математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазірігі ғылым мен техникаға жол тек қана математика арқылы өтеді. Математикалық білім беру математика ғылымның бір бөлігі ғана емес, жалпы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді.Сондықтан адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі маңызды роль атқарып келе жатыр.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Математиканы оқыту мәселесі қазіргі таңда жоғары маңызға ие. Ең алдымен таным көзі - сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы мен жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Сонымен қатар, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.
Кіші топ балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйрене отырып, балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді.
Сонымен қатар, балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) - жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индук- тивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Жаңа материалдарды бағдарламаның кез -келген бөлігінде (Сан және санау, Көлем, Пішін, т.б.) ке- зектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін екінші бөлімінде оқытқан жөн. Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі.
Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы - сабақ болып табылады. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бірізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын, жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан-жақты, бағыт - бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау және кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады. Сабақ құрылымының - көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде балабақша тәрбиеленушілеріне тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Логикалық ойлау барысында балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, сан туралы түсініктерін дамыту, көзбен қабылдау, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.
Пәні: Қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Екінші кішкентай топ балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориясына шолу жасау және оларды қарастыру әдістемесін айқындау.
Осы мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:
oo Екінші кішкентай топ балаларға математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен тиімді әдістерін қарастырып, оларға талдау жасау.
oo Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру арқылы балалардың логикалық ойын дамытуын қарастыру.
oo Балаларда қарапайым математикалық түсініктерін дамытуда жаңа технологияны қолдану жолдарын көрсету.
Зерттеудің болжамы: Егер кішкентай топ балабақша тәрбиешілері балаларда қарапайым математикалық түсініктер қалыптастыруда материалдарды жас ерекшеліктеріне сай іріктеп, оларды қарастырудың әдістемесін оқу-тәрбие үдерісінде, тәжірибе жүзінде тиімді пайдалана алатын болса, онда балаларда қарапайым түсінік қалыптасады, мектепалды және бастауыштағы математиканы оқытуға негіз қаланады.
Зерттеудің әдістері:
1. Зерттеу тақырыбыма байланысты ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау;
2. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасын талдау,
3. Бақылау

І. Негізгі бөлім

1.1 Екінші кішкентай топ балаларға математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері

Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауаттылықтың ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске отырып, математикалық ұғымдарға толығымен көңіл бөлу.
Математикалық ұғым - мәнді белгілері көрсетілген пән, құбылыс туралы логикалық өрнектелеген ой. Оқытылатын ғылымның ұғымдарын игеру оқытудың негізін құрайды. Математикалық ұғым - біздің ойлауымызда шындықтың белгілі бір түрлері мен қатынастарының көрінісі болады. Ұғым ақиқат нәрсенің жалпы және елеулі белгілерін ғана бейнелейді. Егер олар болмысты шын бейнелейтін болса, онда ол үнемі дұрыс болады. Ұғымдардың анықтамасын берудің неғұрлым тиімді тәсілдерінің бірі - түрлік ерекшеліктері мен анықталатын ұғым түр есебінде енетін тегі көрсетіледі. Бұл тәсілдің схемалық түрі: анықталатын ұғым - түрлік ерекшелігі - тегі. Мысалы: Ромб (анықталатын ұғым) дегеніміз барлық қабырғалары тең (түрлік ерекшеліктері) параллелограмм (тек). Математикалық ұғымның мазмұны мен көлемі болады.
Ұғым мазмұны - нәрселердің ұғым қамтитын елеулі белгілерінің жиынтығы.
Ұғым көлемі - нәрселердің осы ұғым тарайтын жиынтығы. Мысалы: Үшбұ-рыш ұғымының мазмұны үш қабырға, үш төбе және үш бұрыш, ал көлемі барлық мүмкін болатын үшбұрыштардың жиыны. Математикалық ұғымдарды қарастыра отырып олардың ерекшеліктерін ескере отырып, математикалық сауаттылық ұғымдарды дұрыс ажырата білулерімен тығыз байланысты.
Ежелгі замандардан бері математиканың алар орны, оның ғылым мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі, жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі маңыздылығы аз айтылған жоқ. Дегенмен, әрбір адамның интелектуалдық мәдениет деңгейіне байланысты, жоғарыда келтіргендей, математиканың қажеттілігі жөніндегі сұрақтар да аз туындамайтынын жасыра алмаймыз. Олай болса, ең алдымен математиканы оқытудың негізгі мақсаттарына тоқталайық:
- Математика - ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі - күре тамыры ретінде қарастырылады;
- Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі;
- Математикалық сауаттылық (ауызша және жазбаша) қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының математикалық сауаттылықты меңгере білу қабілетінің болуы;
- Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі;
- Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан да тәрбиелік мәні бар.
Осы таңда дүние танымдылықты және сыни ойлау қабілетін қалыптастыруда, математикалық модель-деу идеяларын сезінуде, математикалық сауаттылық жалпы әлемдік сауаттылық ретінде меңгеруде математикалық білім мен біліктіліктің алар орны ерекше. Математикалық сауаттылық математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет. Математикалық сауаттылық оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минималды талап ретінде қарау қажет. Сонымен математикалық біліктіліктердің негізгі құрамдас, толыққанды тіршілік жасауға қажеттілік ретінде оны арнай, бағдарлы түрде дамытып, қалыптастыру керек.
Математикалық сауаттылықтың дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс-тәжірибе көрсеткендей, математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның бастауыш сыныптағы оқушылардың бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар.
Математикалық сауаттылықтың тағы бір ерекшелігі пәнаралық байланыста. Математика сабағының басқа пәндермен байланыс кезінде олардың математикалық және басқа пәндердегі айтылу, жазылу жолдарын толығымен қарастырып жинақтау. Педагогика тарихында пәнаралық байланыс ертеден зерттеліп келе жатқан педагогика ғылымының негізгі мәселесінің бірі болып саналады. Педагогикалық ой-пікірдің дамуында және мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланыс проблемасы көптеген прогресшіл пе-дагогтарды толғандырған. Яғни пәндердің өзара байланысы туралы пікір 17 ғасырдың орта шенінде пайда болды да, әрі қарай көптегеп шетел және орыс педагогтарының еңбектерінен жалғасын тапты. Ұлы педагогтар Я.А. Коменский, П.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой бұл мәселемен арнайы шұғылданған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фарабидің, Ибн-Синаның және Жүсіп Баласағұнидың тағы басқалардың мұраларында, ал бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтары Шоқан Уәлиханов, Абай Құанабаев, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде пәнаралық байланыс пікіріне үлкен мән бергенін байқауға болады. Н.К. Крупская өзінің көптеген еңбектері мен мақалаларында пәнаралық байланыс проблемаларының теориялық және практикалық маңыздылығын ашып берді
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің, танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп - түсінуіміз керек. Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс-жүзінде қолдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді; қазіргі кезде оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін өркендетуге математикалық сауаттылықта да жағдай жасайды.
Математика оқыту әдісінде сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді, - деп жазған атақты ғалым Д.И. Писарев. Сондықтан математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.
Балаларды математикалық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі бүгінгі таңда біздің мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселелердің бірі болып табылады. Себебі кез келген баланың сабаққа немесе оқуға деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды, және ол алған білімін болашақта пайдалы бағытта қолдана білмейді. Сондықтан математикалық сауаттылықты қалыптастырудың жолдарын және ерекшеліктерін қарастыра келіп соңғы он шақты жылдың төңірегінде қаншама жұмыстар істеліп жатыр.
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері -- 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі.
Балаларға математиканы үйретудегі ойын және логикалық жаттығулар. Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді дамыту барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар, тапсырмалар (жаттығулар). Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар 1-6 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Сандық ұғымдарды қалыптастыру және санауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдары. Мөлшер және санау. Мектеп жасына дейінгі балаларда сандық ұғымды қалыптастырудың міндеттері.
2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім әрекетін қалыптастыру әдістемесі. 3-4 жастағы балалардың үш келеміндегі сандар туралы түсініктерін қалыптастыру, сандарды ауызша санай білуге, сан, сана көп, аз деген ұғымдарды үйрету әдістемесі. 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері санауга үйрету, санның натурал қатары туралы түсініктерін қалыптастыру әдістемесі.
Ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру әдістемесі. 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету әдістемесі.
Есептеу және есеп туралы ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Есептеу, өлшеу барысында балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері. Есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдері. Әр жас топтарында балаларды есептеуге үйретудің міндеттері. Жиын мен пішінді салыстырғанда пайда болатын саннын шығуы. Реттік және сандық есептеу. Есептеудің ережесі. Берілген санды қайта санау(санап aлy). Есептеу, есептеудін заттық сапалық белгілері, не кеңістікте орналасуына қатыссыз болуы. Есептегенде әр анализатордың қатысуы.
Берілген нақты құралмен, сандық құрамның бірліктен тұратынын үйрету әдістемесі. Ауызша санау және арифметикалық есептерді кұрастыру және шығару. Цифрлармен таныстыру, көп, аз, тең ұғымдарының шартты белгілерін үйрету жолдары. Топтарды есептеу. Бүтін затты тең бөліктерге бөлуге үйрету әдістемесі.
Арифметикалық есептер. Балалардың арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері. Есептермен жұмыс кезіндегі әдістемелік тәсілдер мен жүйелік +, -, , , = белгілерді қолдану әдістемесі.
Заттардың көлемі және өлшеу тәсілдері. Өлшемнің көлемі мен сан арасындағы функциональды байланыс.
Балалардың заттардың көлемі мен оларды өлшеу туралы ұғымдярын қалыптастыру
Көлем мен өлшем туралы жалпы түсінік. Көлемнің негізгі қасиеттері; Мектеп жасына дейінгі балалардың заттың көлемін қабылдау ерекшеліктері. Заттардың өлшеміне қарай өсуі. Заттардың көлемін салыстыру мен қабылдауда сөздің ролі. Айналадағы заттардың ұзындығын, биіктігін, енін шартты өлшеуішпен (условный прибор) өлшеуге үйрету әдістемесі.
Мектеп жасына деиінгі балаларға заттың ені, ұзындығы, биіктігі бойынша салыстыру мен зерттеу тәсілдерін үйрету жолдары. Заттардың көлемі, өлшеміне қарай өсуі бойынша реттеу тәсілдері. Көзбен өлшеуін үйрету әдістемесі. Заттардың кеңістікте орналасу жағдайына тәуелсіз өлшемін көру қабілетінің ерекшеліктері.
Берілген өлшемнің көмегімен әртүрлі көлемдегі өлшемін өлшеу туралы түсініктері. Санмен өлшем арасындағы байланыстық қызмет. Сұйық және сусымалы денелердің көлемін шартты өлшеуішпен анықтау жолдары. Заттың салмағы (масса) туралы түсінік қалыптастыру әдістемесі.
Балалардың зат түсінігі туралы ұғымын қалыптастыру
Қарапайым геометриялық пішін туралы түсініктер қалыптастыру әдістемесі. Геометриялық пішін - заттың формасын қабылдаудағы эталон. Зат формасымен геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері. Зерттеу әрекеті және оның форманы тандаудағы ролі. Форма туралы түсініктерді қалыптастырудағы және қабылдаудағы сөздің орны. Әртүрлі белгілеріне байланысты геометриялық пішіндерді топтастыру әдістемесі, геометриялық пішіндерді бұрыш, қабырға сандарына байланысты салыстыру әдістері. геометриялық пішіндерді трансфигурациялау бейнелеу, таяқшалардан кұрастыру әдістемесі.
Дидактикалық ойындар мен жаттығулар. Заттарды формасы бойынша жіктеудегі дидактикалық ойындар мен жаттығулар.
Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Кеңістікті бағдарлау туралы түсінік. Балалардың кеңістікгі бағдарлау генезисі. Кеңістікті бағдарлаудың сезімдік негіздері. Кеңістікті бағдарлау және қабылдаудағы сөздің ролі. Кеңістікті бағдарлауды қалыптастыру міндеттері.
Статистика мен қозғалыста өзінен негізгі бағытты ажырату ерекшеліктері. Қоршаған ортада өзінен және заттардан бағдарлана білуі, заттардың бір-бірінен қатынастағы орнын анықтау. Балалардың қоршаған кеңістікті бағдарлауды меңгеруі. Көру және өлшеу арқылы арақашықтықты анықтау әдістемесі. Кеңістікте бағдарлауды дамытуға арналған дидактикалық ойындар.
Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру. Уақыт және оның өлшемі. Балалардың уақытты қабылдауы. Балаларды уакытты бағдарлауға оқытудың міндеттері. Балалардың уақыт сезімін қалыптастыру әдістемесі. Тәулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері.
Тәулік ұғымы. Уақыт кезеңдерінің алмасу кезектігін түсіну және кеше, бүгін, ертең сөздерінің мағынасын түсінуі. Ересектер тобындағы балалардың уақытты сөзінуін дамыту жолдары. Екі өлшемді кеңістікте бағдарлауға үйрету әдістемесі. Кеңістікті бағдарлауды дамыту үшін қолданылатын дидактикалық ойындар. Балаларға уақытты бағдарлауды үйретудің міндеттері. Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі.
Балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарын жоспарлау: Мектеп жасына дейінгі ұйымдағы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағытындағы тәрбиелік шараларды жоспарлау түрлері. Жылдық, айлық және күнделікті жоспардағы қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру міндеттерінің шешілуі. Күнделікті жоспарға және жұмыстың есебіне қойылатын талаптар.

1.2 Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастырудағы тиімді әдістері

Білім беру жүйесінің басты міндеті - жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат-тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден-саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады. Осы қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Балабақашаның міндеті: оқыту- тәрбиелеу жұмысында балаларды дамыту, сөздік қорларын молайту, ақыл-ойын толық дамыту. Ақыл- ойы толық дамыған бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, жаңа ортада өзін жақсы сезінеді. Сол себепті білім беру әрекетін ұйымдастыру барысында зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамыту және жаттықтыруға көп көңіл бөлінеді. Біздің балабақшада баланың зияткерлі дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Сабақ - әр мұғалiмнiң шығармашылық жұмысы.
Мұғалiмнiң кәсiби бiлiмi қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген тәрбиеленуші де соншалықты ақыл-ойы дамыған ,сауатты болады. Көп iздену, дайындалу, көрнекiлiктер, қосымша әдебиеттердi орынды қолдана бiлу - тәрбиешінің негiзгi мақсаты
Топқа баланы қабылдап бастаған кезде олардың физиологиясына назар аудару керек. Мысалы жылда 2-3 жас балаларды қабылдағанда, балалар аса сергек болады, айналадағы заттарды тыным таппай түсінгісі келеді, айналамен қатынас жасап талпынады, қиялдары - қызық, тілдері бал десе де болады. Он екі мүшесі толық жетіліп, мың бұралып қозғалысқа келгенін былай қойғанда, өздері тоқтамай жүгіреді, билеп беруге бар. Бұл жастағы сәбилердің де жүріс-тұрысының бәрі де сән! Айналадағы табиғатты тануы - қандай тамаша болса, көрген-білгендерін айтып берер тілі де - сондай шұрайлы бастайды. Оның психологиясындағы аңғарғыштығы мен сезінгіштігі соншама нәзік күйіне ауысады. Тәрбие үстінде сонау бір ғажайып қасиетті барынша сәтті пайдаланса, оның берер жақсылығы көп.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.
Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.
- тапсырманы қатесіз өз бетінше орындаған бала
- тапсырманы үлкендердің көмегімен орындаған бала
- тапсырманы қатемен орындаған бала
- тапсырманы орындамаған бала
Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.
Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма? (4 алма)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды салалап,
Кел санайық санамақ.
Бірім - бірлік,
Екім - елік,
Үшім - үскі,
Төртім - түскі,
Бесім - бесік,
Алтым - асық,
Жетім - желке,
Сегізім - серке,
Тоғызым - торқа,
Оным - олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілетін арттырамын. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймын. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына түсінік беремін. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.
Менің айтайын деп отырғаным өзімнің тәрбиелеп отырған кіші тобындағы балармен өткізген, жүргізген әдістер жайында. Тәрбиеші ретінде балалармен жұмыс жүргізетін кезде пайдаланатын көрнекіліктерім, айтылатын заттар орнына қолдана алатындай заттарым неғұрлым көрнекті болғаны жақсы, ал ол болса, балалардың қиялдауы мен ойлауын дамытады. Есеп сабағын жүргізгенде мен тәрбиешілерге мыналарды ұсынамын:
1. Пішіндер әлемі. Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем, пішін, саны жайында түсінік қалыптасады. Бала сипаттағанда:
Үлкен - үлкенірек - ең үлкен, кішкентай - кішірек - ең кішкентай, биік - биігірек - ең биік, ауыр - ауырырақ - ең ауыр, жеңіл - жеңілірек - ең жеңіл, терең - тереңірек - ең терең, жарық - жарығырақ - ең жарық, қараңғы - қараңғырақ - ең қараңғы және т.б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйретемін.
2. Ортақ бір белгісіне қарай жіктей біл ойны. Сабақ өткізу үшін карточкаларды немесе заттарды топтауға арналған қатты қағаздан кесілген және түрлі түсті сымнан жасалған әр түсті үш шеңбер баулар дайындау қажет.
Жіктеудің ең қарапайым түріне нақты заттардың атаулары бойынша жіктеу жатады: мысалы, балалар ойыншық топтарының ішінен көліктерді, аңдарды, қуаршақтарды, доптарды және т.б. таңдай алады.Кіші топ жасының ерекшелігін ескере отырып ең оңай түрі - жалпы ойыншықтардың іштерінен көліктерді таңдап алу, ойыншықтарды көлеміне, ақшыл түстісінен қоңырқай түстісіне қарай бөлу,яғни түс ажырата білу.
3. Санына қарай салыстырайық ойыны. Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет.
4. Жеуге жарайтын - Жеуге жарамайтын ойыны. Осы ойынды топпен жіктеу ойынын бәріміз білеміз. Ұқсастығына байланысты басқа да белгілерді таңдауға болады: тірі - тірі емес, қозғағышы бар - қозғағышы жоқ, дөңгелегі бар - дөңгелегі жоқ және т.б.
5. Лото ойыны. Лотоларды тәрбиеші кітаптар мен журналдардың суреттерінен, компьютерде салып, принтермен басып шығарылған карточкалар, дайын жетондар да қолдану арқылы жасауға болады. Карточкалар жиынтығынң бірнеше бөлімі болуы мүмкін.
1) Әрбір бала ортақ атаумен біріккен (көліктер, кемелер, балықтар, жылқылар және т.б.). суреттерді жинайды.
2) Түрлерінің ұқсастықтарына қарай. Әрбір бала қандай да бір геометриялық пішін таңдайды және соған ұқсас заттар бейнеленген карточкаларды таңдайды.
3) Карточкаларды түсіне қарай іріктеу.
4) Зоологиялық лото. Балалар суда, солтүстік жақтарда өмір сүретіндерге, ұша алатындарға және т.б. бөліп таңдай алады.
5) Көлік. Балалар оларды адамдардың қозғалысына көмектесуіне қарай жіктей алады.
6) Кімге не керек? Қыздар мен ұлдардың киім түрлерін іріктейді.
7) Бұл қашан болады? Балалар жыл мезгілдерін көрсететін карточкаларды таңдайды.
8) Техника әлемінде. Балалар заттарды электрлік және механикалыққа, дөңгелегі бар және дөңгелегі жоқтарға жіктей алады.
6. Төртінші артық ойыны.
басқаларына сәйкес келмейтін затты геометриялық пішінді) алып тастау немесе боямау керек және топты жалпылама сөзбен атау қажет.
Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды, мысалы: 3 шеңбер, 1 төртбұрыш (пішін бойынша), 3 қызыл пішін және 1 жасыл пішін (түс бойынша)
7. Мені анықта ойыны ( маңызды белгілер - анықтау негізі). Әрбір заттың, тірі жанның көптеген белгілері бар. Мен мынадай ойын ойнатамын. Тәрбиеші айтады Балалар,мен қазір белгілерін атай отырып, сендердің біреулеріңді суреттеуге тырысамын, ал сендер менің кім туралы айтып тұрғанымды анықтауларың керек. Кәне бастаймыз. Ол ұл. Оның шаштары қара түсті, көздері қоңыр,шалбарында 2 дәу түйме бар. Ол футбол ойнағанды жақсы көреді. Ол бүгін джинсы және тор көзді көк көйлек киіпті.Кім ол?
Балалар кім екенін ойлай бастайды да бір-біріне қарай бастайды.Бұл ойын аңғарымпаздыққа үйретеді.
Иә, бұл Асқар. Асқар мен Арманның қандай қандай ұқсастықтары бар? Олардың қандай айырмашылықтары бар? Енді Кәмшат біреуді суреттеп берсін.
8. Мен не жасырдым? ойыны. Балалардың алдына 3-4 түрлі заттар немесе қос суреттер қойылған. Балаларға сұрақ қою арқылы мен айтқан карточкамды немесе затты табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын карточканы алып тастатып отырамын. Мысалы, Ол тірі ме? деген сұраққа иә деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын жеңілдетеді.
9. Логикалық тізбек ойыны. Мысалы мен 2 қызыл шеңбер, 2 жасыл үшбұрыш қоямын, бала арман қарай ойланып тізбекті жалғастыру керек, яғни ол 2 қызыл шеңбер мен, 2 жасыл үшбұрыш қойып жалғау керек.
Болмаса 3 жеміс суретін, 1 машина суретін қоямын, бала жалғасын табу керек
Балаларға қатарлардың құрылу заңдылығын және келесі немесе жетіспейтін қатар мүшесін табуды қажет ететін бірнеше тапсырма беріңіз.
Ең қарапайым түрі: бір түс белгісі - түсі (қызыл - көк - қызыл - көк...), түрі (шеңбер - шаршы - шеңбер - шаршы...), көлемі (үлкен шеңбер - кіші шеңбер...) бойынша.
10. 10-ға дейін санау ойыны.
Бала 1-10 аралағында таңбаларды тани білу. Аталған санға байланысты қимыл жасап үйретемін. Мысалы шапалақтап санау,немесе түрлі санамақпен жаттатамын
11. Бері -Кері қарай айтыспақ ойны.
Балаларға белгілі бір ертегіні (Шалқан, Бауырсық) артынан алдына, соңынан басына қарай айтып беруді ұсыныңыз. Ертегіде кездесетін кейіпкерлерді ретімен айтып шығу. Егер бала қиналса, оған көмек ретінде үстел үсті сахнасының пішіндерін немесе ертегі бойынша желілік бейнелер топтамасын беруге болады.
12. Орнынды тап ойыны. Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші Ап,қасқырым аш деп балаларды ойнап қуса балалар қасқырдан құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік номерімен тауып алу керек
13. Қойма ойыны. Мына жерге салыңдар!
Тәрбиеші Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді. Мына жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады. Балалар ойыншықтарын, карточкаларын жинай бастайды. Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір жерге жинап қойдың ба? Сенің лақтарыңнана түк те қалмас: қасқырлар лақтарды жеп қояды ғой ! ,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді
14. Қажет суретті тап.
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен жасаған заттар, конфет, бауырсақ, т.б.
Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші-мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Балабақшада қарапайым математикалық ұғымдарды оқыту
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда анимацияларды пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін оқытудағы жалпы дидактикалық принциптер
«Қарапайым математикалық ұғымдары қалыптастыру әдістемесі»
Мектепалды дайындық топтарындағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Балаларды толық күн болатын шағын орталықтарда тәрбиелеу мен оқыту
Пәндер