Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беруде қолданылуы




1 АҚПАРАТТЫҚ.КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ 5
Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар 8
Электрондық білім беру ресурстары 10
Электрондық курстың құрылымы 12
ТӘЖІРИБЕЛІК ӨҢДЕМЕ 15

ҚОРЫТЫНДЫ 23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 25
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады, оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы «өмір бойы білім алу» ұстанымынан «білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін» ұстанымына нақты ауысады.[8] Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып отыр.
Қазір әрбір оқу орындарында, оқытушыдан студенттерге білім беріп қана қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде.
Жұмыс кезінде оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста болады, ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды. Осыған бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру мүмкіндігін береді.
Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы бөліктерге бөлу, оқытудың модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай оқыту қағидаларын қатар пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тесттер, компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.) ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану – оқу және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығына мыналарды жатқызуға болады: а) Оқытудың жоғары нәтижелілігі; б) Әр түрлі білім мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен бейімделгіштігі; в) Жүйенің жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (файлдағы тапсырмалар жеңіл өзгертіледі, Web-оқулықтар оңай өзгертіледі); г) Қолданудың әмбебаптығы (өздігімен жұмыс істеуді, әрі оқу процесін де қамтитын тиімділігі)[7].
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны қүрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни АКТ-ның техникалық жағын ғана карастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мүндайда оны дүрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру қүралы рөлін жақсы атқара алады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1) ҚР мемлекеттік стандарты. ҚР МС 34.017-2005 «Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым. Электронды оқу басылымы» ҚР индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі коммитетінің (Мемстандарт) 2004 жыл 7 ақпан №39 бұйрығымен бекітілген және іске қосылған.
2) Хестер. Front Page 2002 для WINDOWS: - учебник для вузов/ Хестер, Нолан – Москва: ДМК Пресс, 2002 – 6-7 с.
3) Досжанов Б.А. Мультимедиялық технологияларды пайдалану арқылы оқыту процесін жетілдірудің дидактикалық негіздері: - педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты/ Досжанов Б.А. – Түркістан 2007, 30 бет.
4) Офисные программы Front Page 2002 2-изд./Мэтьюс.М.С:-Режим доступа: һttp://www.yandex.indo.net.programma_ front_page.
5) Искакова А.Б. к проблемем моделирования интерактивного электронного учебника./Искакова А.Б.// Вестник унивеситета «Кайнар» - 2005, №3/1.–с 94-97.
6) Ходжаниязов Х.Т. Оқыту процесіндегі: Электронды оқулықты пайдалану / Ходжаниязов Х.Т.//Білім әлемі 2004, №4 – 14 бет.
7) Доллинер Л. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мәселелері және болашағы/ Доллинер Л.// Информатика негіздері
8) Тілегенова К. Қазақ тілін оқытудың жаңа компьютерлік жүйесі. /Тілегенова К.// Ізденіс 2005, №2/2 – 229-234 бет.
9) Аңдасова Б.З. Студенттердің өздік жұмысында электрондық оқулықты қолдану. / Аңдасова Б.З.// Білім берудегі менеджмент 2006, №1 – 139-142 бет.
10) Бейсенова Гүлбахрам. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі / Бейсенова Г// Қазақстан мектебі 2006, №6 – 11-19 бет.

СОДЕРЖАНИЕ

1 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ 5
Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар 8
Электрондық білім беру ресурстары 10
Электрондық курстың құрылымы 12
ТӘЖІРИБЕЛІК ӨҢДЕМЕ 15
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 25

1 АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданалу
оқушылардың білім сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіптік
біліктілігін күшейтуге негізделген. Қазіргі кездегі компьютерлік
технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен
артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге
қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады,
оның көпшілік бұқараға барынша кеңінен таралуы өмір бойы білім алу
ұстанымынан білім барлығымыз үшін ғұмыр бойы үзілмейтін ұстанымына нақты
ауысады.[8] Осы мүмкіншіліктерді іске асыру үшін білім саласында да, сондай-
ақ қазіргі кездегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту саласында
да көп көңіл бөліну керек. Бұл мақсаттың жүзеге асуы орта білім беру
жүйесін ақпараттандырудан басталады. Алған бағытты жүзеге асыруда жаңа буын
оқулықтарын электронды вариантқа аудару қажеттілігі уақыт сұранысынан туып
отыр.
Қазір әрбір оқу орындарында, оқытушыдан студенттерге білім беріп қана
қоймай, олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді қамтамасыз
ету, шығармашалақпен жұмыс істеуге үйрету талап етілуде.
Жұмыс кезінде оқытушы мен студент тұрақты педагогикалық қатынаста болады,
ал оқытушымен араласу, яғни пікір алысу кезеңдерін оқушының өзі анықтайды.
Осыған бағытталған ақпараттық-коммуникациялық білім беру студенттің өзіне
қолайлы және тиімді білім алуға деген құштарлығын қанағаттандыру
мүмкіндігін береді.
Оқу материалдарын фактологиялық және қолданбалы бөліктерге бөлу, оқытудың
модульдік, жекелеп үйрету және деңгейіне қарай оқыту қағидаларын қатар
пайдалану, өзін-өзі және бірін-бірі оқыту элементтері, пәнді игеруді
қамтамасыз етудің (электрондық оқулықтар фрагменттері, арнайы тесттер,
компьютерлік есеп жинақтары, анықтамалықтар, демонстрациялық файлдар, т.б.)
ажырамас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану –
оқу және жетілдіру мақсаттарына тиімді түрде қол жеткізуге болатын білім
жүйесін құруға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің артықшылығына мыналарды
жатқызуға болады: а) Оқытудың жоғары нәтижелілігі; б) Әр түрлі білім
мекемелері үшін осы жүйенің икемділігі мен бейімделгіштігі; в) Жүйенің
жеңіл өзгертілуі мен толықтырылуы (файлдағы тапсырмалар жеңіл өзгертіледі,
Web-оқулықтар оңай өзгертіледі); г) Қолданудың әмбебаптығы (өздігімен
жұмыс істеуді, әрі оқу процесін де қамтитын тиімділігі)[7].
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі,
әсіресе егер оған үйренуді емес, оны қүрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни
АКТ-ның техникалық жағын ғана карастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу
керек. Мүндайда оны дүрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру қүралы
рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол
педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет.
Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар
аймағында тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік
шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық қажеттілік
пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Ақпараттық
технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық
жабдықтар өндірісі өзіндік құнының арзандауына, оған қоса АКТ-ның негізгі
даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп
үйлесуіне әкеліп отыр. АКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын
мәселелерге салқын қандылықпен карап, оларды шешу кезінде мектептегі
ақпараттық жүйелердің мынадай негізгі элементтеріне әсер ететінін айту
керек:
- әдістемелік жабдықтау жағына;
- мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;
- қолданбалы программалық жабдықтамаларға (энциклопедиялар, меди-ресурстар,
модельдеу, әкімшік-шаруашылық кешенін басқаруға)
- базалық программалық платформаға (WINDOWS операциялық жүйесі MICROSOFT
ОFFICE);
- аппараттық кешенге (компъютерлер, жергілікті желі, Интернетке қосылу).
Жаңа жоспар негізінде электрондық оқыту түжырымдамасы жатыр. Осындай
жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзқарасымызды қайта
қарайтын кез келді. Алдыңғы қатардағы дамыған елдердің білім саласындағы
АКТ-ны өмірге енгізу төжірибесін қалтықсыз көшіруге болмайды.
Қорыта келе айтарым - оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық
жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде
мектептің де, жоғары оқу орнының да мүғалімдеріне компьютерсіз жұмыс
істеуге болмайтыдығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге
асыратын құрал ретінде қажет.

Білім берудегі жаңа компьютерлік технологиялар

Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу
орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және
шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға
баулиды.
Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне
мыналарды жатқызуға болады.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа
материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар,
т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге
осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді.
Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану
балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін
қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын
алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы –
мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады.
Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін
жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін
арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі;
екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін
бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми
элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай
туғызады[7].
Қашықтықтан оқыту – ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдар
(компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедия құралдары) және ғылыми
негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы.
Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған. Қашықтықтан оқытудың
артықшылығы: а) Компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын
тыңдаушыға жылдам жеткізеді; ә) телеконференциялар арқылы нақты уақыт
режимінде студенттердің мұғаліммен сұхбаттасуын ұйымдастыра алатын
виртуальді класс жасау мүмкіндігі туады; б) ақпараттық коммуникациялық
технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс
жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең
таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды қашықтан оқыту жайлы
айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және
программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыс арналарының да
сапасы жақсы болуы керек, бізде ол жағы әзірше әлсіздеу[8].
Мультимедиялық технологиялар - әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу,
біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды
пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес
компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық,
динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске
асырады. Мультимедия термині латын тілінің multi (көп) және media
(орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни ақпараттық орта деген мағына
береді.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін
тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық
ақпаратты-бағдарламалық құрал.
Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну
технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген
материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал
мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген
материалдаң 75%-ы есте сақталады екен[3].
Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған
электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде
ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы
ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.
Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі
аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті
аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Атап көрсетілген аспектілер
мультимедиялық технологияларының оқыту процесіндегі ақпаратты-
коммуникативті қызметі 1-суретте бейнеленген.
Сурет 1 Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпаратты-
коммуникативті қызметі.

Қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар құбылыстардың дамуын,
динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен
беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқу әдістерін талап етеді.

Электрондық білім беру ресурстары

Электронды білім беру ресурстарының басты мақсаты студенттер мен
оқушылардың білім сапасын арттыру, оқытушыларға ғылыми-әдістемелік көмек
көрсету. Электронды ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі
сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру
үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді, яғни бұл басты ерекшелігі
пен тиімділігі студент пен оқытушының арасындағы байланыс көзбен көру
арқылы жүргізіледі.
Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық, видео,
фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы.
Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т.б.),
оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т.б.) электронды тасушыларда
болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.
Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары
(пособие)) –білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге
негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру
траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін
электронды басылым.
Электронды оқулық – оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан
тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде
қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабраториялық
практикумдардың және т.б.-ң қасиеттерін қамтыған мемлекеттік органдармен
нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы.
Электронды оқу құралы (пособие) – толық және жартылай электронды оқулықты
алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген
басылым. Электронды оқу құралы болып, мамандықтар мен оқу бағыттарындағы
аса маңызды мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері,
типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы,
сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер
хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау,
практикумдарға байланысты нұсқаулар, кустық және дипломдық жұмыс жобалары,
анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажеры) саналады.
Бұдан басқа да электрондық білім беру өнімдері белгілі. Олар:
Диагностикалық бағдарламалар – оқушылардың қате қимылдарының алдын алу,
білімін, іскерлігін, дағдысын бағалау, интеллектуалдық даму деңгейін
тексеру үшін қолданылатын бағдарламалар.
Пәндік бағытталған орта – оқылып отырған объектілерді немесе олардың
белгілі бір пәндік ортадағы қарым-қатынастарын модельдеуге мүмкіндік
береді. Олардың көмегімен оқу іс-әрекеті, кейбір пәндік аймақтарға
байланысты заңдылықтар ұйымдастырылады.
Жаттықтырушылар (тренажеры-оқытушы бағдарламалар) – оқу іс-әрекетіндегі
іскерлік пен дағдыларды жетілдіретін арнайы бағдарламалар. Сондай-ақ өздік
жұмыстар, өткенді қайталауға арналған бағдарламалар.
Оқыту мақсатындағы мәліметтер қоры – нақты құрылған және ұйымдастырылған
электронды ақпараттар жиымы.
Электронды курстық кейстер – CD дискта орналасқан, берілген курс және
мамандықтың оқу жоспарында көрсетілген барлық пәндердің оқу және
әдістемелік материлдар жиынтығы.
Электронды дәрістер – бірнеше слайдтан тұратын, видеоақпарат, әртүрлі
дыбыстар мен анимация элементтерімен толықтырылған компьютерде Power Point
дестесімен жасалған дәріс[1].
Жоғарыда айтылған электронды білім беру ресустары осымен шектеліп қоймайды.
Олардың практикалық түрлері де бар: тест, тестер, тапсырмалар және т.б.
Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі
талаптарының бірі – оқу үрдісіне электронды білім беру ресурстарын енгізу.
Өйткені бүгінгі білім беру саласында тек мұғалімдердің айтқанын орындау
және оқулықты пайдалану заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан
қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқу құралдарын пайдаланбай
алға жылжу мүмкін емес.

Электрондық курстың құрылымы

Жалпы алғанда электронды оқулықтың құрылымы әр кітаптарда әр қалай
беріледі. Мен солардың ішінен Электронды оқу басылымдары туралы ережеде
көрсетілген электронды оқу басылымдарының құрылымы мен Қайнар
университетінің хабаршысы журналында жарияланған А.Б.Искакованың
мақаласында [5] көрсетілген электронды оқулықтың құрылымына қысқаша
тоқталып кеткім келіп отыр.
Электронды оқу басылымдарының құрылымы екі бөлімнен тұрады: инварианттық
және вариативтік бөлім.
Инварианттық бөлім:
- Титульдік бет – электронды басылымының тақырыбы, авторы, яғни жасап
шығарушысының аты-жөні, шығару уақыты, т.б. мәліметтер көрсетіледі;
- Аннотация – курстың мақсатын, өзектілігін, нәтижелілігін және
потенциалды қолданушылары туралы қысқаша мәліметтерді қамтиды;
- Тақырыбы – жасалып отырған оқу курсының және семантикалық оқу
бірліктерінің тақырыптары (бөлім, параграф, т.б.) кіреді;
- Бағыттауыш – электронды оқу басылымдарының элементтері арасындағы
байланысты және электронды оқу басылымы бойынша жылжу мен бағдарлауға
қажетті құралдарды көрсетеді. Бағыттауыш электронды оқу басылымының
әрбір бетінде болуы керек;
- Мазмұны - электронды оқу басылымының есептері мен мақсаттарына
байланысты оқу материалдарының барлық көлемін қамтиды;
- Тапсырмалар - өткен материлды меңгеру мақсатымен әртүрлі қиындық
деңгейдегі тапсырмалар мен түрлі типтегі тапсырмалар берілуі керек.
Дұрыс жауапты белгілегенде жай табу әдісі болмас үшін, сұрақтар мен
жауаптар жеткілікті ойланып жасалуы керек. Дұрыс емес жауаптар мазмұны
бойынша дұрыс жауаптарға өте жақын болуы тиіс. Тек қана терең білімі
және жұмыстың барысын түсінгенде, оқу материалын тиянақты меңгергенде
ғана, оқушы дұрыс жауабын таба алатындай жағдай жасалуы қажет;
- Қолданылған әдебиеттер тізімі;
Вариативтік бөлім:
- Тестер – сәйкес қарастырылып отырған оқу курсы немесе оның жеке
бөлімдерінің білімдерін бақылау және оқуды оптимизациялау мен
автоматтандыруға арналған;
- Анықтама – оқу курсының әрбір модулі бойынша ақпаратты оқу
материалының тесттік, кестелік және т.б. оқу-әдістемелік мағлұматтарын
қамтуы керек;
- Көмек – электронды оқу басылымының жұмысын басқаратын ақпарат пен
минималды жүйелік талаптар болуы қажет, электронды оқу басылымын іске
қосқаннан бастап оған констексттік қатынағанда көмек көрсетуі тиіс;
- Дыбыс, видео, анимация элементтері – курстың алдына қойылған мақсаты
мен есептеріне байланысты вариативтік компонент болып табылады;
- Глоссарий – оқылып отырған пәнге байланысты негізгі терминдер мен
олардың анықтамаларын қамтиды;
- Және т.б. элементтер [1].
Басқа әдебиет, яғни Искакованың мақаласындағы электронды курстың құрылымы
былай берілген:
1) презентациялық бөлімі;
2) оқу құралының негізгі ақпаратынан құралған тапсырма бөлімі;
3) оқушыларды немесе студенттерді объективті түрде бағалау үшін
зертханалық жұмыс бөлімі.
Электрондық курстар қаншалықты тиімді болғанымен, кәдімгі оқулықтар әлі көп
уақытқа дейін негізгі оқу құралы ретінде қолданылады. Себебі, кез келген
мәтінді экран бетінде емес, басып шығарылған түрде оқыған ыңғайлы. Соған
байланысты электрондық курсты құру кезінде оны қандай жаңа қасиеттермен
кәдімгі оқулықтан өзгешелеуге болатынын ескеру керек. Осындай қасиеттерге:
1) интерактивтік қасиет – қайтымдылық шарты;
2) тез арада керекті ақпаратты табу мүмкіншілігі;
3) түсіндірмелерге көп рет қатынау кезіндегі жұмсалатын уақытты
өнімдеу қасиеті;
4) мәтінді экранға шығарып қана қоймай, оны түсіндіріп көрсетуге,
модельдеуге және т.б. мүмкінділік беру – осы жерде мультимедиялық
технологиялардың мүмкіншілігі байқалады (көркемділік және қатынау
);
5) кез келген адам үшін тез арада белгілі бір бөлімге қатысты өзінің
білімін тексеру мүмкіншілігі;
6) керекті оқу ақпаратын мысалы, Интернет арқылы жаңарту, өңдеу
қасиеттері жатады.
Қорыта келе, электронды оқулықтың құрылымы жоғарыда аталып кеткен титул
беті, мазмұны, аннотация, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру
Ақпараттық технологиялардың пайдалану ерекшеліктері
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
Білім берудегі электронды басылым мен ресурстардың әдістемелік талаптары Мұғалімдердің ақпараттық-коммуникациялық біліктіліктерін көтеру
Оқыту процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Білім беруді ақпараттандыру қоғам дамуының факторы ретінде
Ақпараттық өріс
Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияның қолданылуы
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
Пәндер