Балама аударма және оның түрлері мен деңгейлері



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
• Балама аударма туралы жалпы түсінік
• Балама аударманың бірінші типінің сипаттамасы
• Балама аударманың екінші типінің сипаттамасы
• Аударма кезінде ахуалдың (ситуация) суреттеу тәсілдерінің өзгеру себептері
• Балама аударманың үшінші типінің сипаттамасы
• Балама аударманың үшінші типінің аудару кезіндегі симантикалық өзгешеліктері
• Аударма кезінде баламаны жеткізу тәсілдерінің функционалды.ситуациялық рөлі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Аударма – көне де жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға созылған аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.
Аударма теориясы мен тәжірибесі пәнінің міндеті – шығарманың түп-нұсқасы мен аудармасының арасындағы ара-қатынастарының заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап, байқаудан туған тұжырым қағидалардығылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма тәжірибесіне көмек көрсететін аудармашыға керек мәжені белгілеу.
Аударма термин тәжірибесінің негізгі зерттейтін нысаны түпнұсқа мен аударма арасындағы ара-қатынас және оны пайдалану мен қорытындылауды керек ететін нақты жағдайларға көшкен формалардың айырмашылығы.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізде үлкен орын алды. Тіл дамуындағы процестің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі зор. Қай халықты тексеріп қарасақ та, ол өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өркендете, өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің ғылым-білімінүйренуге ұмтылады. Осындай игі істің жандануында аударманың айрықша қызмет атқаратындығы мәлім. Халқымыздың аудармасы халықтар достығының дәнекері деп аялауында көп мәні бар. Егер біз дүниежүзілік халықты біріне ортақ неше-алуан әдеби, мәдени, тарихи, мұраларды тізіп, санап, оқып шыға алатын халде болсақ, ол тек аударманың арқасы. Аударма қай заман, қай кезең болмасынқоғам өмірінің ілгері жылжи дамуына қайтқысыз қызмет етіп келеді. Қазіргі кезде аударманың көбейгені соншалық тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап шығудың өзі де оңайға түспейді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАМА АУДАРМА ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ДЕҢГЕЙЛЕРІ

Мазмұны:

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
• Балама аударма туралы жалпы түсінік
• Балама аударманың бірінші типінің сипаттамасы
• Балама аударманың екінші типінің сипаттамасы
• Аударма кезінде ахуалдың (ситуация) суреттеу тәсілдерінің өзгеру
себептері
• Балама аударманың үшінші типінің сипаттамасы
• Балама аударманың үшінші типінің аудару кезіндегі симантикалық
өзгешеліктері
• Аударма кезінде баламаны жеткізу тәсілдерінің функционалды-
ситуациялық рөлі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Аударма – көне де жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға созылған
аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен
қарым-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.
Аударма теориясы мен тәжірибесі пәнінің міндеті – шығарманың түп-
нұсқасы мен аудармасының арасындағы ара-қатынастарының заңдылықтарындағы
ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап, байқаудан туған тұжырым
қағидалардығылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма тәжірибесіне
көмек көрсететін аудармашыға керек мәжені белгілеу.
Аударма термин тәжірибесінің негізгі зерттейтін нысаны түпнұсқа мен
аударма арасындағы ара-қатынас және оны пайдалану мен қорытындылауды керек
ететін нақты жағдайларға көшкен формалардың айырмашылығы.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізде үлкен орын алды. Тіл
дамуындағы процестің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі зор. Қай
халықты тексеріп қарасақ та, ол өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен
екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса,
екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен
сусындай отырып, өз мәдениетін өркендете, өз мәдениетін дамытқан халық
қашан да басқа елдің ғылым-білімінүйренуге ұмтылады. Осындай игі істің
жандануында аударманың айрықша қызмет атқаратындығы мәлім. Халқымыздың
аудармасы халықтар достығының дәнекері деп аялауында көп мәні бар. Егер біз
дүниежүзілік халықты біріне ортақ неше-алуан әдеби, мәдени, тарихи,
мұраларды тізіп, санап, оқып шыға алатын халде болсақ, ол тек аударманың
арқасы. Аударма қай заман, қай кезең болмасынқоғам өмірінің ілгері жылжи
дамуына қайтқысыз қызмет етіп келеді. Қазіргі кезде аударманың көбейгені
соншалық тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап
шығудың өзі де оңайға түспейді. Ол осылай ғылыми пәнге айналды. Ғылыми
әдебиетте аударма жайында алған пікір айтқан С. Сейфуллин.
Сонымен аударма дегеніміз не?
Аударма дегеніміз бір тілде ауызша айтылған ой-пікірді, болмаса
жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде
түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе
баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек аударма туынды деп
аталады. Аударма туынды әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар екі ел сөз
өнерінің рухани қазынасына айналады. Қазақ әдебиет тануында аударма
мәселесі біршама зерттелген. Арнайы аударма мәселесіне арналған М. Ауезов,
З. Ахметов, С. Талжанов, Ә. Сатыбалдиев, Н. Сағындықова, Қ. Алпысбаев т.б.
еңбектерін айтуға болады.

Аударма туралы жалпы түсінік
Аудармашының ең басты мақсаттарының бірі түпнұсқаның берілгенін
максималді түрде толық жеткізу болып табылады, демек түпнұсқа мен
аударманың берілгенінің фактті түрде ортақ болуы маңызды.
Аударманың аудару үрдісі кезінде баламаның потенциалды
жеткіліктігін айыра алу қажет және екі түрлі тілдік мәтіннің максималды
ортақтығы білінетіндей қылып мәтін мен түпнұсқаның шынайы мағыналық
жақындығын көрсете алу керектігі. Балама аударманың шегі – аудару кезінде
мүмкін максималді лингвистикалық берілгеннің сақтау дәрежесі, дегенмен әр
бөлек аудармада түпнұсқаға деген мағыналық жақындық әр түрлі тәсіл мен
дәреже арқылы максимумге жеткізіледі.
ИЯ және ПЯ жүйелерінің әр-түрлілігі мәтіннің әр қилы тілде
аударылғанының мәтіндегі түпнұсқадан айырмашылығы аса үлкен болуы мүмкін.
Сондықтан балама аударма түпнұсқа элементтерінің мағынасы мен берілгенін
сақтауда (демек, сондай-ақ жоғалтуында) негізделеді. Мәттіннің қай бөлігі
эквиваленттік, яғни балама аударуға аударылуына қарай баламаның түрлі
сапалық дәрежелері анықталады. Балама аударманың кез-келген дәрежесі
тіларалық коммуникациямен қамтамассыз етіледі.
Кез-келген мәтін белгілі бір коммуникативтік қызмет функцияларын
атқарады. Ол кез-келген нәрсе болуы мүмкін: белгілі бір фактті хабарлау,
эмоцияны (көңіл-күйді) жеткізу, сөйлесушілер арасында байланысты орнату,
рецептордан кез-келген іс-әрекет ен реакцияны талап етеді және т.б.
Үрдіс кезіндегі осы сияқты мақсаттар коммуникация кезінде берілген
хабарламаның жалпы мінез-құлығы мен оның тілдік бейнелеуін анықтайды. Соған
мысал ретінде мына тілдік бөліктерді салыстырып көрелік: Үстел үстінде
алма жатыр, Мен алманы сондай жақсы көремін!, Өтінем, маған алманы
берші, Мен не дегенімді естіп тұрсың ба?. Осы сөйлемдердің әр қайсысында
жеке сөздер мен структуралардың және хабарламаның нақты берілгенінен
басқа,жалпылама функционалдық берілгенін байқауға болады, ол, яғни: факттің
анықталуы (көрсетілуі), экспрессия, түрткінің болуы, ұштасу жолдарын
іздеуі. Кез-келген мәтін жалғаспалы немесе бірсәтті коммуникативтік
функцияны атқара алады – жоғарда келтірілген сөйлемдер бір мағыналы
байланысты мәтін бола алады – дегенмен ол өзінің коммуникациясын жоғалтып
алмай , демек сөздік коммуникацияның акттік нәтижесі бола тұрып өз
құрамында функцианалдық тапсырмасы (коммуникация мақсаты) бола алмайды.
Мәтіннің берілгенінің бір бөлігі коммуникация әрекетіне
бағытталатын жалпы сөздік мәтіннің функциясы оның коммуникация мақсатын
құрайды. Олар өзімен туынды (түсінікті немесе ауыспалы) мағынамен
бейнеленеді, ол мәтінде жасырын түрде болып, бүкіл сөздік айтылудың
мвғыналық бүтінін бейнелейді.
Осындай мағынаны құрастыру үрдісіне жеке тілдік бірліктер тікелей
өз мағыналары арқылы қатысады, сөйте отырып басқа бірліктермен мағыналық
бірлікті құрайды және осы арқылы мағынаны толығымен білдіреді. Сөзді
қабылдай отырып Рецептор тілдік бірліктердің мағынасы мен олардың бір-
бірімен байланысын түсініп қана қоймай, сонымен қатар берілгеннен белгілі
бір нәтиже шығарып, одан мәлімет көзі хабарлайтынды толықты мәліметке ие
болу және оның не үшін істелгенін, не айтқысы келетінін түсіну керек.

Балама аударманың бірінші типінің сипаттамасы
Балама аударманың бірінші типі – түпнұсқаның коммуникация
мақсатынын тұратын бөлігін сақтауды талап етеді.
1. May be there is some chemistry between us that doesn’t mix. –
Адамдардың мінездерінің келіспеушіліктері де болады.
2. That’s the pretty thing to say. – Ұялмайсың ба!
1-мысалда коммуникацияның ең басты мақсаты сөйлемнің ең басты
бөлігіндегі ауыспалы мағынаны жеткізу . Бұл жерде коммуникативтік әсерлік
өзгешелік тек өзіне тән әдеби бейнелеудің адамдық қатынастар химиялық
элементтер қатынасына ұқсатуы арқасында беріліп тұр. Осындай мәліметтің
жанама бейнеленуі аудармашымен ПЯ үшін қолданылмайды деп танылған, сөйтіп
аудару кезінде басқа сөздермен, бейнелі емес, дегенмен керекті
коммуникативті әсерді сақтай отырып аударылған. Бұл мысалда коммуникация
мақсаты астарлы мағынаны беру болатын. Бұл жердегі коммуникациялық әсер
адами қатынастардың химиялық элементтер арасындағы өзара әрекеттерге
теңелуімен ерекшеленеді. Мұндай жанама бейнелеу аударуға өте қиын
соққандықтан аудармашы өз тіліндегі сәйкес баламаны қолданады.
2-мысалда коммуникацияның мақсаты алдындағы сөзге риза болмаған
адамның эмоциясын бейнелеу болып отыр . Аударғанда бұл сөзді жеткізу үшін
аудармашы қазақ тіліндегі (орыс тіліндегі) тұрақты, бұлданысты білдіретін
сөз тіркестерін қолданған, дегенмен оның тілдік құралы түпнұсқа
бірліктеріне сай келмейді. Бұл мысалда коммуникация мақсаты ретінде
сөйлеушінің эмоциясын беруге бағытталады. Бұл жерде аудармашы түпнұсқа
бірліктеріне сәйкес келмейтін тілдік құралдарды қолданды.
Берілген мысалдарда көріп отырғандай коммуникацияның мақсаты
түпнұсқаның мағынасын жалпы түрде толық жеткізу және оның коммуникативтік
әрекеттегі рөлін толығымен анықтап, жеткізе алу.

Бұл типтің түпнұсқасы мен аудармасына төмендегідей сипаттамалар тән:
1. лексикалық құрам мен синтаксистік құрылымның сәйкес келмеуі;
2. түпнұсқа мен аударманың лексикасы мен синтаксистік трансформация және
симантика арқылы байланыса алмауы;
3. түпнұсқа мен аударма арасында шынайы немесе тікелей байланыстардың
болмауы, яғни бұл бір нәрсе жайлы айтылғандығын нақты көрсетпейді;
4. түпнұсқа мен аударма мазмұнының ортақ болмауы.

Сөйте отырып осы балама аударма типінде түпнұсқадан мүлдем бөлек
нәрсе жайлы айтылып жатқандай. Бұл нәтиже жалпы бүкіл хабарламаға, тіпті
түпнұсқада бір немесе бірнеше тура және жанама сәйкестік болатын болса да
әділді. Мысалы осы типке мына сөйлемді де жатқызуға болады:
She lifted her nose up in the air – Ол оған сын көзімен қарап шықты.

Бірақ осы сөйлемнің субъектілері, әрине әр түрлі.
Осындай дәрежедегі эквиваленттің аудару берілгеннің мәтінін толық
та, бөлшектеп жеткізе алмағандығы және аудару Рецепторының бұл мәтінді
толық түсінбеуіне, дұрыс емес (қате) шешімге келуіне, оның мүлдем басқа
ассицацияларды алып келуіне әкеп соқтыруы мүмкін және ол түпнұсқа
Рецепторының нақты не айтқысы келетінін түсінбеуі мүмкін. Сондықтан осындай
аудару тәсілі қолданылады.
A rolling stone gathers no moss –деген ағылшын мақалын қазақ
тіліне сөзбе-сөз аударатын болсақ, Домалаған тас, мүк жинамайды – деп
аударсақ болады. Дегенмен, сөзбе-сөз аударсақ қабылдаушы Рецептор бұл
мақалдың шын мәнісін түсінбеуі мүмкін. Ол үшін ситуация (жағдай, әрекет)
түсініксіз болуы мүмкін, бұл мүктің бар-жоғы жақсы ма әлде жаман ба. Ал
ағылшын рецепторы үшін бұл жерде мүк байлық, баршылықтың, табыстың белгісі
екендігі түсінікті, демек оның болмауы олар үшін жаман құбылыс. Сөйтіп
ағылшын мақалында әр жерді кезіп жүргенше, үйде отырып байлықты жина деген
мағына берілген. Демек, қазақ тіліне аударғанда бұл мақалдың қазақ
менталитетіне сай және стилистикасы мен поэзия жағынан жақын келетін
мақалды табу керек. Осыған қазақтың Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде
ұлтан бол деген мақалы сайма-сай келеді.
Бұл жерде ағылшын қабылдаушысы (рецептор) үшін мүк(moss) байлық,
баршылықты білдіреді. Ал оның болмауы жаманшылықты білдіреді. Сондықтан да
ағылшын тіліндегі мақал бойынша ел, дүние кезіп жүрмей, үйде отырған
жөндігін білдіреді.

Балама аударманың екінші типінің сипаттамасы

Балама аударманың екінші типінде түпнұсқа мен аударманың жалпылама
бөлігі тек коммуникацияның бірдей мақсатымен ғана емес, сонымен қатар
бірдей тілдік жағдайды (ситуацияны) береді. Балама аударманың екінші
типінде түпнұсқа мен аударманың жалпы мазмұны бірдей коммуникацияны ғана
бермейді, сонымен қатар бірдей тілдік ахуалды береді. Жағдай дегеніміз –
берілгендегі объектілер мен олардың арасындағы жиынтықты айтамыз. Кез-
келген мәтін бір нәрсе туралы мәліметке ие және белгілі бір нақты немесе
ойлап шығарылған жағдайды береді. Мәтіннің коммуникативтік функциясы
ситуативтік-бағыттық хабарсыз жүргізіле алмайды. Біркелкі ештеңе туралы
емес мәтінді елестете де алмайсыз, сөйтіп ой да ой нәрсесіз болма алмайды.
Екінші типтегі түпнұсқаның берілгенінің бірінші типтегі тек жалпы
мазмұнының берілгені, коммуникация мақсатына қарағанда толығырақтығы оның
элементтерінің толық жеткізілуі емес. Бұл типтегі аударма бірдей ситуацияға
бағыт бере отырып оның құрылымды-семантикалық ерекшеліктерінің сәйкес
келмеуі. Себебі берілген ситуация (жағдай) өзімен күрделі құбылысты
көрсетеді және оны бейнелеу аса күрделі тәсіл болып табылады. Әр берілген
хабарлама белгілі бір ситуацияны оның бөлек нышандары арқылы суреттеледі.
Бір ғана ситуация оның белгілі бір ерекшеліктеріне ие бола отырып әр-түрлі
комбинациялар арқылы суреттеленуі мүмкін. Осының арасында ситуацмя әр түрлі
тұрғыда суреттеу мүмкіншілігі пайда болады. Сол арқылы тілде әр-түрлі
сөйлеу тәсілдері пайда болады, ол түпнұсқаның тілдік тәсіліне сәйкес
келмесе де Рецептормен синонимдес сөздер ретінде қабылданады.
Соған байланысты сол факттің ситуацияға деген сілтемесі және оның
бейнелеу тәсілін айыру керектігі туындайды, яғни хабарлаудың берілгенінің
бөлігіситуация әсеріне бағытталатын, сол арқылыхабарламада көрініс алатын.
Тілге ие болушылар ситуацияны түрлі тәсілмен, яғни басқа сөздермен жеткізсе
де оның ұқсастығын байқай алады. Ал бұл әр хабарламаның мазмұнында белгілі
бір мәлімет бар екендігін және сол ситуацияны жеткізу үшін қандай тәсілдер
мен онда не туралы айтылғаны туралы хабарлама береді.
Жағдай мен жеткізу (суреттеу) тәсілдерінің идентификациясының
айырмашылығы тіл аралық байланысты, ой қабілетін және нақты затты
суреттеумен ерекшеленеді. Соған орай сөйлем берілгенінде жағдайдың өзі мен
оның белгілері емес, тек олардың хабарлама мен мәліметтер арқылы берілген
ойлық белгілері екені түсінікті, демек белгілі бір хабарлама арқылы
беріледі. Таңдалған белгілердің мінезі мен мәліметтік іштіқ құралы өзара
жүйелік логикалық хабарламаны жеткізеді. Белгілі бір нақты жағдайдың
белгілері түсінікті жалпылама категория арқылы көрсетіледі. Мысалы, Бір
зат үстел үстінде жатыр деген жағдайда күй, қабылдау, активті әрекет
түсініктеріболуы мүмкін. Үстел үстінде кітап жатыр (күй), Мен үстел
үстіндегі кітапты көріп тұрмын (қабылдау) немесе Ол кітапты үстел үстіне
қойды (активті әрекет) деп атауға болады. Фраза арасындағы таңдау
мүмкіншілігіне басқа мысалдар бола алады: Ол бұл жерге келмейді
(қозғалыс), Ол бұл жерде болмайды (тұрақты жағдай), Мен оны бұл жерде
көрмеймін (қабылдау), Оны бұл жерге шақырмайды (активті әрекет).
Берілген типтің жағдайының суреттелуі оның тепе-теңдік құрылымымен
ерекшеленеді. Оның берілгенінің жалпыламасы коммуникаттаушылардың
экстролингвистикалық тәжірибесімен ерекшеленеді. Реалды түрдегі тәжірибеден
бізге адамды белгілі бір жерге көру үшін ол сонда керектігі туралы
білеміз. Мына сөйлемдер басқа сөздермен берілсе де бір мағына береді. Ол
онда болмайды десек те болады және Біз оны сол жерде тым сирек көреміз.
Дегенмен бұл сөйлемдерде симантикалық ұқсастықтар мүлдем жоқ.
Соған байланысты осындай сөйлемдердің ұқсастығын ажыратып алуға
болады:
Түн өтіп те қалды – Жуырда таң атады
Ол ешқайда шықпайды – Ол жалғыз болғанды ұнатады
Ол жақсы сақталыпты – Ол өз жасынын жас көрінеді
Біз бұндай істермен айналыспаймыз – Бұл бізге қатысты емес

Мұндай жағдайда әр түрлі структуралық сөйлемдерге әр түрлі логикалық
, ең бастысы себеп-салдық байланыстар пайда болады.
Жағдай ұқсастығы дегеніміз белгілі бір жағдайдағы шындықты белгілі
бір тәсілдер арқылы суреттеу. Демек жағдайды суреттеу тәсілдері дегеніміз
сөйлемдегі жағдайдың тәсілдері және оны қорытындылау жалпылау түрлерінің
категориялары.
Балама аударманың екінші типіне түпнұса мен аударма мәтінінің
жағдайын әр түрлі тәсілмен суреттеу өзгешеліктері тән. Тепе-теңдіктің
негізгі мағынасы әртілдік мәтін бұл жерде әмбебеаптық тіл аралық және
экстралингвистикалық реалы түрі өзгешеленеді.
Бір тілдік ара-қатынасушылар әр түрлі тілдік тәсілмен берілген
белгілі бір жағдайды идентификация арқылы түсіне алады, сөйте отырып
Аудармашылар да бір сөйлемді рецепторға түсінікті болу үшін осындай
аудару тәсілін қолданады.
Балама аударманың екінші типіндегі аудару да түпнұсқа берілгеніне
синтактикалық түрде қатысы жоқ, ол тілдік берілу жолдарын ғана қарастырады
Осындай типке арналған бірнеше мысалдарды қарастырайық:
He answered the telephone –
Ол тұтқаны көтерді (алды)
You are not fit to be in a boat –
Сені қайыққа жіберге болмайды
You see one bear, you have seen them all –
Барлық аюлар бір-біріне ұқсайды

Бұл мысалдардағы әртілдік сөйлемдер, оның ішіндегі көптеген сөздер
мен синтактикалық құрылымдар сәйкес келмейлі. Сонымен қатар бұл аудару
типінде түпнұсқа мен аударма арасында бірінші типке қарағанда берілгенінің
жалпылама түсінігі көбірек сақталған.
Мысалдарды салыстырып көрелік:
That’s the pretty thing to say – Ұялмайсың ба!
He answered the telephone – Ол тұтқаны алды
Бірінші мысалда мүлдем бөлек нәрелер туралы айтылған, олардың
арасында ешбір реали байланыс болмауы мүмкін сияқты. Бұл жердегі түпнұсқа
мен аударманың жалпыламасы оның сөйлемдерінің эмоцияға сүйене отырып,
контекстке қарай отырып, қорытынды түрде аудару.
Ал екінші мысалда түпнұсқа мен аударманың тілдік құралдары әр түрлі
болса да, фактті түрде бірдей әрекетті көрсетеді, өйткені тұтқаны алмай
тұрып, телефонмен сөйлесу мүмкін емес. Екі мәтінде де сөз әр түрлі нәрсе
туралы айтылған, дегенмен бір нәрсе жайлы. Бұндай мысалдар туралы халықта
әр түрлі сөз арқылы бір нәрсені білдіру деп айтады. Бір әрекетті
білдіреді, бірдей құбылысты көрсетеді. Екі мәтінде де әр түрлі, бірақ
екеуінде де бір нәрсе туралы айтылған.
Бұл типтің түпнұсқасы мен аудармасына мыналар тән:
1. лексикалық құрамы мен синтаксисі сәйкес келмейді;
2. аударма мен түпнұсқаның лексикасы мен құрылымы мағыналық жағынан
байланыспаған;
3. коммуникация мақсаты сақталған;
4. бірдей жағдайдың ұқсастығы жөнінде сақталған лексикалық тура,
нақты, реалды немесе логикалық байланыстың болуы, ол екі
жағдайда да бір нәрсе жөнінде айтылғаны туралы көз жеткізуге
көмектеседі.
Балама аударманың екінші типінің қолданысының көптігі кейбір тілде
белгілі бір жағдайға байланысты айтылатын сөз нақты аударылмай, тек осы
баламаны қолдану ерекшелігінде. Ағылшынша “We locked the door to keep
thieves out” деп айтса, орыс немесе қазақ тілінде бұл жағдайды Есікті
ұрылар сыртта жүру үшін жабамын деп сөзбе-сөз аударатын болсақ дұрыс
болмайды, бұл сөйлем тыңдаушыға дұрыс емес түсінік беруі мүмкін, бірақ Біз
есікті ұрылар кірмеу үшін кілтейміз десек, дұрыс аударамыз. Бір нәрсе
істегісі келмеген ағылшындықтар: “I am the last man to do it” деп айтса,
оны қазақ тіліне қате түрде Бір нәрсе қолынан келетін соңғы адам деп
аударылуы мүмкін. Ал аударған кезде бұл жағдайды басқа жолмен Не болса да,
мен бұны жасамаймын деп аудару керек. Қазақ тіліне ағылшын тілінен
аударуға келмейтін тағы мынандай мысалдар келтірсек болады: Give me
Bethoven any time, He came off a poor second және тағы басқалары.
Жағдай деңгейінде қойылып аударылатын кейбір балама түрлерінің
керектігі тілдегі жағдайға байланысты бір сөзді қайта-қайта қолданғанына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма барысындығы сөйлем мүшелерін өзгерту
Экономикалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Орыс тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең
ЖАЗБАША АУДАРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Аударманы оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі өзекті мәселелері
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Аудармашы - тіларалық делдал
Аударма теориясы және аударма түрлері
Машиналық аударманың түрі мен стратегиясы
Аударма теориясының міндеттері
Пәндер