Сот билігі туралы



КІРІСПЕ 2.5
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕ . СОТ БИЛІГІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ 6.20
1.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы мен оның тұрақтануы 6
1.2 Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы алатын орны 10
1.3 Сот билігінің өзге де мемлекеттік билік тармақтарымен қарым.қатынасы 15
2 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДЕГІ ЕҢ ЖОҒАРҒЫ СОТ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ . ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ 21.36
2.1 Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесіндегі Жоғарғы Сот 21
2.2 Қазақстан Республикасы соттарының сот төрелігін іске асыру кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қараудағы Жоғарғы Соттың орны 25
2.3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының . сот тәжірибесінде заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірме беретін нормативтік қаулыларды қабылдауы 29
2.4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының халықаралық сот жүйесіндегі беделі мен абыройы 34
3 ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ СОТ ЖҮЙЕСІ 37.53
3.1 Шетелдердегі сот жүйесінің жалпы сипаттамасы 37
3.2 ТМД елдеріндегі сот жүйесі 39
3.3 Европа елдеріндегі сот жүйесі 46
3.4 Қазақстан Республикасы сот жүйесінің және сот органдарының қызметін жетілдіру мен дамыту бағытындағы іс.шаралар 50
ҚОРЫТЫНДЫ 53.54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 55.56
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. 1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған (2007 жылғы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі нақтыланып, еліміздің ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі,олардың құқықтары мен бостандықтары екендігі туралы жария етілген.[1]
Бұл тұрғыда мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару барысын жаңа көзқараспен,заманауи негізінде зарттеу,әр билік саласына, соның ішінде сот билігіне, сот билігінің күре тамыры болып саналатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының атқаратын жұмыстарына тиісті баға бере отырып, олардың жан-жақты талдау дипломдық жұмыстың басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының Жоғарағы Сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеуде осы жұмыстың басты талаптары болып саналады. Мемлекет билігінің көрсетілген институттары өзара қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелер болған соң түрде тығыз қатынаста болып қалыптасқан жағдайда ғана мемлекет, қоғам, адам, азамат ұғымдарының арақатынасы шынайы қалыптасуы мүмкін екендігі бұрыннан белгілі.
Ал біз қоғамымыздың дамуы әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайда жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер кезінде жетілдіріп отырылуын қажет етеді.
Көрсетілген жағдайларда, қылмыстық-құқықтық қатынастырды реттейтін заңдарды жетілдіру де, сот жүйесінің алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің демократиялық бастауымен, оларға теңелу мақсатында алға жылжуы қажеттілігі де қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелер болған соң, она ары қарай дамытуды талап етеді.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде, заңдылықты сақтау қоғамдағы қылмыспен күресуде,бұзылған құқықты, бостандықтарды, нұқсан келтірілген мүдделерді қалпына келтіруде соттың алар орны ерекше және оның тәуелсіз болуы аса маңызды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері көп жетістіктерге қолымыз жетті, билік тармағы болып табылатын сот билігі дербестікке ие болды.
Сонда да Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің барлық соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы бола отырып,заңда көзделген іс¬-жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырудағы, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктер берудегі Жоғарғы Соттың рөлдерін жетілдіруде өзекті мәселелер болып отыр және оны зерттеу осы еңбекте өз орнын алған.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Қазақстан, 2007, - 1 б.
2. Назарбаев Н. Правосудие – это справедливость. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А.Назарбаева на 111 съезде судей РК // Юридическая газета.- 2001 – 11 июня.
3. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы №858 Жарлығы //Егемен Қазақстан 28 тамыз 2009 жыл. - 7 б.
4. Ғ.С.Сапарғалиев, «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық құрылыстың қалыптасуы», - Алматы: Жеті Жарғы, 1998 , - 151б.
5. Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в Республике Казахстан (теоретические и уголовно-процессуальные исследования). Автореферат. Диссертация на соискание ученой степени доктора юридических наук. – Алматы, 1998.
6. Мами Кайрат. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. Астана, «Елорда».2001.
7. Ожегов С.И. Словарь Русского языка. Около 53 000 слов. Изд. 6-е стереотип. М.; Советская энциклопедия, 1964, - 900 с.
8. Большая юридическая энциклопедия, М.; Эскимо, 2005. - 688 с.
9. Градовский А. О судебном толковании законов по русскому праву //Журнал гражданского и уголовного права. 1984,№1.
10. Недбайло П.Е. Применение советских правовых норм. М., 1961. - с.355.
11. Кадников Н.Г. Квалификация преступлений и вопросы судебного толкования: теория и практика: Учебное пособие. М.; Норма, 2003. - С.74.
12. Лукашук И.И. Право международной ответственности. М.: Волтерс Клуверс, 2004, - 214 с.
13. «Ресей Федерациясының Сот жүйесі туралы» Федеральдық конституциялық заңы. М., 1996. Ст.3.
14. Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: Оқу құралы. Өскемен.2006.
15. Жуманбаева Н.А. Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері. Заң ғылымдарының кандидат дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. - Алматы, 2006.
16. Қазақстан Республикасының Конституциялық «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» заңы. Астана, 2001.
17. Омирали Ж. Пути совершенствования практики взаимодействия судебной, исполнительной и законодательной власти в Казахстане. «Заңгер». – 2010. - №1 – с.35.
18. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Түсіндірме Ред. басқарған Ғ.С.Сапарғалиев – Алматы:Жеті Жарғы, 1998. - С.370-373.
19. Нәрікбаев М.С. Ұлы билерімізден Жоғарғы Сотқа дейін. – Алматы: Атамұра, 1999, - 12 б.
20. Жоламан Қ.Д., МұхтароваА.Қ., Тәукелев А.Н. Мемлекет және құқық теориясы.Оқулық. – Алматы: ҚазМЗУ-дың баспа-типография орталығы. 1999. - 78 б.
21. Сартаев С.С., Ким В.А., Мемлекеттік билік (оны бөлу мен біріктірудің өзекті мәселелері).Егемен Қазақстан, 1993, 2 қазан.
22. Конституционное правосудие в странах СНГ и Балтии. Сборник нормативных актов. – М.: Зерцало, 1998.
23. Зиманов С.З «Конституционный строй Республики Казахстан». – Алматы, 1998.
24. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне түсініктеме. (Жауапты ред.Алауханов Е.О.) – Алматы.2008. – 1120 б.
25. Алауханов Е.О. Правовые аспекты антикоррупционной политики в деле укрепления государства: Монография. – Алматы: Заң әдебиеті. 2008.
26. Алауханов Е.О. Укрепить независимость судебной системы. //Юридическая газета. – 2000. – 15 ноября.
27. Аланов Ж.Р. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары және олардың маңыздылығы. //Заңгер. – 2009. №7. - 7б.
28. Дәркенбаев А.И. Қазақстан халқының конституциялық құқықтың субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасы. //Заңгер. 2009. №12 – 33 б.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 2-5
1 Мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде – сот билігінің 6-20
алатын орны
1.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы мен оның 6
тұрақтануы
1.2 Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің азаматтардың 10
құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы алатын орны
1.3 Сот билігінің өзге де мемлекеттік билік тармақтарымен 15
қарым-қатынасы
2 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына 21-36
келтірудегі ең Жоғарғы Сот органы ретінде – ҚР Жоғарғы
Сотының алатын орны
2.1 Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесіндегі Жоғарғы Сот 21
2.2 Қазақстан Республикасы соттарының сот төрелігін іске асыру25
кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қараудағы Жоғарғы
Соттың орны
2.3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының – сот тәжірибесінде29
заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірме беретін
нормативтік қаулыларды қабылдауы
2.4 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының халықаралық сот 34
жүйесіндегі беделі мен абыройы
3 Шетел мемлекеттеріндегі сот жүйесі 37-53
3.1 Шетелдердегі сот жүйесінің жалпы сипаттамасы 37
3.2 ТМД елдеріндегі сот жүйесі 39
3.3 Европа елдеріндегі сот жүйесі 46
3.4 Қазақстан Республикасы сот жүйесінің және сот органдарының50
қызметін жетілдіру мен дамыту бағытындағы іс-шаралар
Қорытынды 53-54
Қолданылған әдебиеттер тізімі 55-56

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. 1995 жылдың 30 тамызында Республикалық
Референдумда қабылданған (2007 жылғы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар
енгізілген) Ата Заңымыздың 1 бабында Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі
нақтыланып, еліміздің ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі,олардың
құқықтары мен бостандықтары екендігі туралы жария етілген.[1]
Бұл тұрғыда мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет
атқару барысын жаңа көзқараспен,заманауи негізінде зарттеу,әр билік
саласына, соның ішінде сот билігіне, сот билігінің күре тамыры болып
саналатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының атқаратын жұмыстарына
тиісті баға бере отырып, олардың жан-жақты талдау дипломдық жұмыстың басты
мақсаты.
Қазақстан Республикасының Жоғарағы Сот құрылысы, сотта іс жүргізу,
мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің өзекті мәселелері және
олардың мән-мағынасын зерттеуде осы жұмыстың басты талаптары болып
саналады. Мемлекет билігінің көрсетілген институттары өзара қоғамның
алдында тұрған өзекті мәселелер болған соң түрде тығыз қатынаста болып
қалыптасқан жағдайда ғана мемлекет, қоғам, адам, азамат ұғымдарының
арақатынасы шынайы қалыптасуы мүмкін екендігі бұрыннан белгілі.
Ал біз қоғамымыздың дамуы әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайда
жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік
құқықтық актілердің де дер кезінде жетілдіріп отырылуын қажет етеді.
Көрсетілген жағдайларда, қылмыстық-құқықтық қатынастырды реттейтін
заңдарды жетілдіру де, сот жүйесінің алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің
демократиялық бастауымен, оларға теңелу мақсатында алға жылжуы қажеттілігі
де қоғамның алдында тұрған өзекті мәселелер болған соң, она ары қарай
дамытуды талап етеді.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз
етуде, заңдылықты сақтау қоғамдағы қылмыспен күресуде,бұзылған құқықты,
бостандықтарды, нұқсан келтірілген мүдделерді қалпына келтіруде соттың алар
орны ерекше және оның тәуелсіз болуы аса маңызды. Еліміз тәуелсіздік
алғаннан бері көп жетістіктерге қолымыз жетті, билік тармағы болып
табылатын сот билігі дербестікке ие болды.
Сонда да Жоғарғы Сот азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін
жүргізудің барлық соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот
органы бола отырып,заңда көзделген іс-жүргізу нысандарында олардың қызметін
қадағалауды жүзеге асырудағы, сот практикасының мәселелері бойынша
түсініктер берудегі Жоғарғы Соттың рөлдерін жетілдіруде өзекті мәселелер
болып отыр және оны зерттеу осы еңбекте өз орнын алған.
Соттар қызметінің тәуелсіздігі мен олар шығаратын шешімдердің заңға сай
болуы және мүлтіксіз орындалуы кез-келген мемлекеттік демократиялық негізі.
Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайын халыққа арнайтын жолдауында
айтып жүргендей,елдегі әділ сот төрелігіне қол жеткізу Қазақстанның
жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалардың жемісті болуының бірден
бір кепілі.Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күндерден бастап,
құқықтық жүйенің кәсіби, ірі адал қызметін жолға қоюда аз жұмыс істелінген
жоқ [2].
Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген адам және
азаматтың өмірі,құқықтары мен бостандықтарының сақталуында,сондай-ақ заңды
мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуде сот органдарының үлесі мол.
Сот пен сот билігінің жүргізіші тұлға – судьяның тәуелсіздігінің
деңгейінен,сот ісін қараудың қаншалықты заңды екенін көруге болады.
Ата заңымыз сот билігіне ерекше көңіл бөліп,сот пен судьяның қоғамдағы
рөлі мен орнын айқындай түсті.Қоғамдық құрылымдағы өзгерістер,әсіресе
кейінгі жылдары кең дамып келе жатқан демократиялық құрылым,сот рөлін
бұрынғыдан да күшейтіп,оның құқығын көтеру түсуде[3,154б.].
Сот билігінің беделі мен шынайы тәуелсіздігі көптеген факторларға
байланысты,соның ішінде соттарды жасақтау тәсілінің,судьяларға өкілеттік
беру тәртібінің,олардың өкілеттігін тоқтату,тоқтата тұрудың мәні
зор,сондықтан да қазіргі уақытта бұзылған құқықтар мен бостандықтарды
қалпына келтірідегі сот органдарының рөлі мен оның тәуелсіздігі аса маңызды
және өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін
нығайту барысында Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық сипаттағы
еңбектерінің мәні зор. Елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси,
экономикалық, әлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар құқықтық мемлекет пен
әділетті де өркениеті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын айқындап,
сара жолдарын көрсетіп отыр.
Қазақстандық ғалымдардың ішінде осы мәселемен айналысқан авторлардың
ішінде С.З. Зиманов, С.С. Сартаев, К.Х. Халиқов, Е.О. Алауханов, Қ.Ә. Мәми,
Т.Қ. Айтмұқамбетов, С. Тыныбеков, Л.Ш. Берсугурова Ш.М.
Шарипов, А.С. Нұралиева, А.Н. Жайылғанова, Е.Қ. Қаржаубаев,
Н.А. Жұманбаева және де басқа ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылып терең
талқыларға салынған.
Жоғарғы Соттың республикамыздағы ең жоғарғы сот органы ретінде
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтірудегі алатын орны
мен маңыздылығы жөніндегі мәселелер көпшіліктің назарынан тыс қалған емес
және зерттеуді жалғастыру қажеттілігі бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Жұмыстың мақсаты Жоғарғы Соттың тарихы мен
тұрақтануын, қазақ елінің тарихындағы билер сотының рөлі, Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының халықаралық сот жүйесіндегі беделі мен
абыройын, шетелдер мен ТМД елдерінің сот жүйесін, сондай-ақ Европа
елдеріндегі сот жүйесін зерттеу болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру
келесідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- Жоғарғы Соттың сот әділдігін жүзеге асыру және соттық қадағалауды
жүзеге асыру барысындағы орнын, сот билігі мен тәуелсіздігінің маңызын,
мәнін;
- Жоғарғы Соттың сот тәжірибесінде заңдарды қолдану мәселелері бойынша
түсіндірме беретін нормативтік қаулылар қабылдаудағы маңыздылығын көрсету;
- сот билігінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен
қалпына келтірудегі орнын саралау;
- Жоғарғы Соттың халықаралық сот жүйесіндегі беделі мен абыройын
бағалау.
Дипломдық жұмыстың объектісі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының
ең Жоғарғы Сот органы ретінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
қалпына келтірудегі алатын орны, сот билігігінің басқа да мемлекеттік билік
тармақтарымен ара қатынасы жұмыстың объектісі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні ретінде - Қазақстан Республикасы соттарының сот
билігін жүзеге асыру барысындағы көздейтін құқықтық нормалар, қылмыстық іс
жүргізу заңының нормалары, сот тәуелсіздігі, дербестігі туралы пікірлер
қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік негізі
болып теорияның және тәжірибенің өзара байланысына негізделген, өзара
тәуелді құбылыстардың тарихи дамуын ескере отыра зерттелінетін танымның
ғылыми диалектикалық тәсілі танылады. Дипломдық жұмыста тарихи,
салыстырмалы - құқықтық, формалды - құқықтық, жүйелілік, нақты әлеуметтік
әдістер пайдалынады.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі ретінде сот тәуелсіздігіне сот
органдарына және жалпы сот әділдігі қағидаларына қатысты жазылған еңбектер
қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыста сот билігінің
дербестігі мен тәуелсіздігі Қазақсан Республикасының құқықтық мемлекет
болып қалыптасуының негізгі белгісі,әділетті сот төрелігі және мемлекет пен
қоғамның тұрақты дамуы кепілдігі болып табылатындығы иуралы сөз
қозғалып,соның ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының алатын
орны,осы органды дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша талдау
жүргізілген.Осы тұрғыдан дипломдық жұмыста мемлекеттік биліктің барлық
тармақтарының үйлесімді қызмет атқару барысы жаңа көзқараспен,заманауи
негізде зерттеліп,әр билік саласына,соның ішінде сот билігіне,сот билігінің
күре тамыры болып саналатын Жоғарғы Соттың атқаратын жұмыстарына тиісті
баға беріле келе,олар жан-жақты зерттелген.
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелері аталған мәселені
одан әрі әзірлеу барысында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарында,
реферат, курстық сондай-ақ бітіру жұмыстарын дайындау барысында
пайдаланылуы мүмкін.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, он бір
бөлімшені біріктіретін үш бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕ – СОТ БИЛІГІНІҢ АЛАТЫН
ОРНЫ

1.1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тарихы мен оның тұрақтануы
Біз еңселі ел болғалы тарихымыздың тереңіне бой тартсақ, қазіргі Қазақ
мемлекетінің құрылуынан бастап, табиғи болмыс-бітімімен бірге қайнасып,
бойына сіңген әдет ғұрып, салт-санасынан екшеліп шыққан заңдар үлгісі –
билер бітімі сот ісін биік беделге жеткізгенінің дәлелі.
Алтай тауынан Қап (Кавказ) тауының баурайындағы Қара теңізге дейінгі
аралықтағы ұлан-байтақ далада үстемдігін жүргізіп отырған Сақ, Ғұн, Үйсін,
Түрік, Түргеш, Қарахан, Қарлұқ, Оғыз, Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті Қыпшақ
тәрізді ұлыстар мен мемлекеттердің түпнұсқалық жүйелі заңы ел басқаруда,
келелі кеңес айтуда өзінен кейінгілерге арқау болды.
Бұл жайлы Еуразия тарихын тереңінен зерттеп, зерделеп, өзінің
шығармаларында пікірін айтқан ғұлама ғалым Лев Гумилев өте ойшылдықпен
жеткізген.
Жоғарыда аталған ежелгі мемлекеттердің құрамында болған қазақ ұлысының
да өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі болған билер үкімі
құқықтық нормалардың қағидаларын (принциптерін) атқарып келді. Қазақ
даласында ғасырлар бойы билер үкімі үстемдік құрып, ел арасындағы түрлі дау-
шараларды шешіп отырғаны да тарихтан белгілі. Бүгінгі ұрпақдардың құлағына
айқын жеткізіліп, көкейлеріне дөп қонған: Түгел сөздің түбі - бір, түп
атасы - Майқы би деген ғұлама сөздің мағынасы тым тереңде жатыр.
Еліміздегі билер сотының осы Майқы биден тарау алатыны – тарихи шындық.
Содан бері Қазақ даласында қалыптасқан билер бітімі әр кезеңдегі
мемлекеттік құрылым - жүйеге қарай дамып, өркендеп отырды.
Он алтыншы ғасырдағы Қасым хан шығарған Қасым ханның қасқа жолы деп
аталған заң жарлығы (1511-1523 жылдары билік құрған), Есім хан (1598-1628
жылдар аралығында билік еткен) жарлығы Есім ханның ескі жолы өз заманында
заң-жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісі қатарында
болды.
Ғасырдан ғасырға жалғасқан осындай дәстүрлі құқықтық әдет-ғұрып,
заңдарды мемлекет мүддесіне сай жаңаша жасаған, хан біткеннің қазығы
болған он жетінші - он сегізінші ғасырдағы Әз Тәуке ханның (1680-1717
жылдар аралығында хандық құрған) Жеті жарғы заңдар ережесінің маңызы зор
болды.
Сөйтіп, сегіз ғасырдан астам уақыт осындай ерекшеліктерімен халық
мүддесін, ұлттық салт-дәстүрге қызмет етіп келген көне заңдар ережесі,
билер соты 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін өз күшін жоймай, дәстүрлі
қазақ заң құқықтарының нормалық жиынтығы болып келгендігі баршамызға
белгілі еді.
Алайда, жаңа социалистік қоғам үстемдік құрған аралығында билер соты
ескіліктің қалдығы ретінде жойылып кетті. Оның орнына әрбір одақтас
республикалардың Жоғарғы Соты құрылып, олар КСРО Жоғарғы Сотына бағынышты
болды, оларға есеп беріп отырды.

Ең әуелі, Қазан төңкерісінен кейін, біздің еліміздегі сот жүйесі 11
сәуір 1923 жылы РСФСР Жоғарғы Соты Қазақ бөлімі болып құрылғаннан соң,
Қазақ автономиялық КСР Ресей Федерациясы құрамына кіргендіктен, 1936 жылға
дейін, Ресей Федерациясы Жоғарғы Сот құрамында болып келді.
Тек, 1936 жылы КСРО жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан дербес
республика боып танылған соң ғана, Қазақ ССР-і Конституциясы бойынша сот
жүйесі әкімшілік бөліністегі еңбекші депутаттардың кеңестік ұйымына
негізделіп құрылды. Азаматтық, қылмыстық істерді қарайтын халық соттарының
учаскесі ауданда болды. Бұл ең төменгі сатыдағы сот ұйымы болып
есептелінді.
Бұдан кейінгі сатыда облыстық соттар тұрды. Ол облыс көлеміндегі
азаматтық, қылмыстық істерді қарап, шешім қабылдады және халық сотының
шешімдері мен үкімдері бойынша келіп түскен кассациялық шағым мен
наразылықтарды қарап, билік айтты.
Қазақ ССР-і Жоғарғы Соты – республикадағы ең жоғарғы сот ұйымы болып
танылды. Өзінен төменгі соттарға қарап, шешім қабылдаған істер бойынша
шыққан үкімдерді наразылық келтіру тәртібімен қайта қарауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ соттардың кассациялық шағымды қарау барысында күшінде қалдырылған
шешімдерді немесе кассациялық шағым заңда көрсетілген мезгілде сотқа
берілмесе, оны наразылық келтіріп, қайта қарау құқығын иеленді.
Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Конституциядағы 85 баптың талабына сай
республикадағы барлық сот істеріне билік етті. Аталған бапта: Қазақ ССР-
нің Жоғарғы Соты - Қазақ ССР-індегі ең жоғарғы сот ұйымы болып табылады.
Қазақ ССР-нің Жоғарғы Сотына Қазақ ССР-індегі және облыстық сот
ұйымдарындағы барлық сот істері мен қызметтерін қадағалау жүктелген, - деп
көрсетілген. Атап өтер бір жәйт, Қазақстан территориясындағы арнайы
соттардың сот ісін, қызметтерін қадағалау КСРО Жоғарғы Сотының қарауында
болған.
Республика Жоғарғы Сотының құрамын Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі 5 жылға
сайлап бекітті. Оның құрамына Төраға, төрағаның орынбасары, Жоғарғы Соттың
мүшелері және халық заседательдері енді, Қазақ ССР Жоғарғы Сотының
құрамында қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және азаматтық істер
жөніндегі сот алқасы жұмыс жасады.
Жеке республикалар мен одақтас елдердің жалпы мемлекеттік заңдарына
талдау жасағанда, 1936 жылы қабылданған КСРО Конституциясында сот өндірісі
мен сот құрылымы туралы заңдылықтарды қолдану КСРО құзыретіндегі одақтас
республикаларға да тән екендігі айтылған. Бірақ, Қазақстан мен Қырғызстан
территориясында РСФСР кодекстері заң нормасы ретінде 1959 жылға дейін
қолданылып келді.
Осы ретте 1959 жылы Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің екінші сессиясы аса
маңызды үш бірдей заң қабылдады. Олар: Сот құрылысы туралы заң, Қылмыстық
кодекс және Қылмыстық іс жүргізу кодексі болатын.
Аталған бұл заңдар 1958 жылғы 25 желтоқсандағы КСРО мен одақтас
республикалардың заңдарын қарап бекіткен КСРО Жоғарғы Кеңесінде жан-жақты
талданып, сараптаудан өткен еді. Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі шығарған сот
құрылымы туралы жаңа заң бойынша Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты жанынан Пленум
құрылды. Бұдан бұрынғы заңдарда мұндай өкілеттілік тек РСФСР Жоғарғы
Сотының құзырында ғана болған.
Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы бұдан былай республика аймағында сот
істеріне қолданылатын заңдар бойынша сот басшыларына түсінік беру,
статистикалық мәліметтерді сараптап көрсету, сот тәжірибесі туралы талдау
жасаған материалдарды қарап, ұсыныс енгізу, республика Жоғарғы Соты
Төралқасының шығарған қаулысы бойынша наразылықтарды қарау, Жоғарғы Соттың
әрбір сот алқасының қызметі туралы алқа төрағасы жасаған есепті баяндамасын
тыңдап, бекіту құзырына ие болды. Сонымен қатар, Пленум көрсетілген заң
тәртібімен Қазақ ССР-нің заңдарын талқылап, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің
Төралқасына маңызды мәселе қою құқығына иеленді. Сондай-ақ, Жоғарғы Сотқа
республикадағы барлық соттардың іс жүргізудегі қызметтеріне басшылық жасап,
біліктілігін арттыру жөнінде айрықша құқық берілді.
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Төралқасының да құзыры кеңейтіліп, ауқымды жұмыс
жасауына бөгет болмады. Жоғарғы Сот төралқасының құрамы Төраға және оның
орынбасары мен мүшелерінен құрылды. Төралқа Қазақ ССР Жоғарғы Сотындағы сот
алқалары шығарған ұйғарымдар, шешімдер мен үкімдері бойынша келтірілген
наразылықтарды қарап, олар бойынша шешім қабылдады. Оған республика
прокуроры немесе оның орынбасары міндетті түрде қатысып отырды.
Республика Жоғарғы Сотының Төралқасы мен Пленумының құзыреті Қазақ ССР-
нің сот құрылымы туралы заңындағы 47 және 49 баптар бойынша белгіленіп
көрсетілген болатын. Онда Жоғарғы Сот Төралқасы мен Пленумы бұған дейінгі
белгіленген заң ережелерінен әлдеқайда пәрменді болды. Сонымен бірге, олар
республика аймағындағы сот істері мен оның қызмет істеуіне және басқару
жүйесіне де бақылау жасады.
1957 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Сотында Төралқа қайта құрылып, оның құрамы
кеңейтілді. Сол жылы республика Жоғарғы Соты құрамында Төраға және екі
орынбасар, 19 сот мүшесі болды.
Бұдан бөлек Жоғарғы Сот құрамына 10 халық заседательдері енгізіліп,
олар сот істеріне қатысып, қызмет көрсетті.
1985 жылдан бастап Кеңестер Одағында демократиялық саяси үлкен бетбұрыс
кезеңі жаңаша сипатқа ие болды. Яғни тарихтың өзі дәлелдегеніндей,
төмендегілер ескіше өмір сүруді қаламайтын, жоғарыдағылар бұрынғыша ел
басқаруды қолдамайтын саяси дағдарыс белең алған еді. Осы саяси шиеленісті
демократиялық тұрғыдан оңды шешудегі қоғамдағы өзгеріске тән қайта құру
процессін мемлекет Кеңес еліндегі ішкі саясатты ушықтырмай, тиімді тәсілмен
жүргізе білді. Мұның соңы әрбір Одақ құрамынан ерікті түрде шығуына әкеліп
соқты.
Бұл тұрғыда, Қазақстан Республикасының қоғамдық сипатын, мемлекеттік
жүйесін түпкілікті өзгерткен 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ ССР Жоғарғы
Советінің Председателі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақ ССР Президенті
қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі Заңына)
өзгеріcтер мен толықтырулар енгізу туралы заңы және Қазақ ССР Жоғарғы
Кеңесінің 24 сәуірдегі Қазақ Советтік Социалистік Республикасының
Президенті туралы қаулысының Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор болды.
Ал, 1990 жылдың 25 қазаны күні жарияланған Қазақ Советтік Социалистік
Республикасының егемендігі туралы Декларациясы қазақ халқы ғасырлар бойы
армандап келген тәуелсіздікке қол жеткізудің алғы шартын жасап берді. 1991
жылдың 16 желтоқсаны күні Қазақстан Республикасы - тәуелсіз мемлекет
екендігі дүние жүзіне паш еткен Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан
Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы жарияланған күні
болып саналады. Бұл күн Қазақ елінің Ұлы мерекесіне айналып, ұлттық
мейрамға ұласты.
1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет
пен басқарудың құрылымын жетілдіру барысында және одан бұрынғы шыққан
Конституциялық заңдардың ережелерін жинақтай келе жаңа қоғамға лайықты
Қазақстан Республикасы Конституциясы жарияланды. Жаңа Конституциядағы 95
бабқа сәйкес Қазақстандағы Сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа
және Төрелік Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға
тиесілі екендігі көрсетілді.
Қабылданған Конституция негізінде Қазақстан Республикасы сот жүйесі
1995 жылдың тамыз айының 30 күні қабылданған Қазақстан Республикасы
Конституциясымен және 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы конституциялық
заңымен және басқа да заң актілерімен белгіленді.
Бұл конституциялық заңды қабылдаудың негізгі мақсаты елде сот –
құқықтық реформаны одан әрі жетілдіру болып саналды.
Сот жүйесінің қазіргі даму кезеңінде басым міндеттер биліктерді бөлудің
конституциялық принциптерін неғұрлым толық және дәйекті іске асыру, билік
тармақтарының тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалана отырып, өзара
іс қимыл жасау болып танылады. Ал сот жүйесін реформалау, судьялардың
әлеуметтік беделін арттырып, сот органдарын жеке адамның құқығы мен
бостандығының сенімді кепілгері етуге, қоғамдық қарым-қатынастардың
субъектілерінің арасындағы дау, тартыстардың заңды, әрі әділетті түрде
шешілуіне, судьяларды, олардың отбасы мүшелерін құқықтық және әлеуметтік
қорғау мәселелеріне бағытталған.
Бұның өзі өз кезегінде еліміздегі сот жүйесінің тұрақтануына, оның одан
әрі дамуына ықпал етуіне әкеліп соқтырып отыр.
Сот – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға
болып табылады. Соттың мемлекеттік тілдегі өз атауы көрсетілген Қазақстан
Республикасы мемлекеттік елтаңбасының суреті бар мөрімен белгіленген
үлгідегі мөр қағазы бар.
Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының бірыңғай сот жүйесіне кіреді. Бұл
дегеніміз – соттың азаматтық сот ісін жүргізудің бірыңғай нысанында
Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқықты қолдануы, судьялардың заңды
бекітілген мәртебесі және заңды күшіне енген сот актілерінің Қазақстанның
бүкіл аумағында орындалу міндеттілігі, сот жүйесінің тұрақтануының бірден
бір кепілдігі болып табылады.
Сот шешімдері мен судьялардың өкілеттігін жүзеге асыру кезіндегі
талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке
және заңды тұлғалардың орындау міндетті. Сот шешімдері мен судьялардың
талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.

Сот мәртебесін жоғары көтеріп, Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің
негіздері қаланып, заңның жоғарылығы дәйекті қамтамасыз етіліп келе
жатқандығы, сот жүйесінің тұрақтанылуын білдіреді. Қоғамда сот билігіне
деген сенім күн сайын арта түсуде.

1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы алатын орны
Мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына
бөлу – бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің
ең басты принципі. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп
көрсетілген: Республикада мемлекеттік билік біртұтас, Конституция мен
заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну
принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Билікті тармақтарға бөлудің негізгі себептері мемлекетте заңдарды
қабылдауға, яғни барлығына бірдей міндетті мінез-құлық ережесін бекітуге,
оларды орындауға және төрелігін жүргізуге, яғни адамның құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, осы ережені бұзғандарға жаза қолдану, заңдарды
қолдануға байланысты іркілісті, қақтығысуды және басқа өзекті мәселелерді
шешу болып есептелінеді.
Биліктің тармақтарының былайша бөлінуі табиғи нәрсе болып табылады, ол
табиғат заңымен ұштасып жатады. Сонымен бірге, бұл мәселенің басқа да
қырлары бар екендігін естен шығармауымыз қажет, мәселен оның саяси тұрғысы.
Демократия жеңістіктерін сақтауда, оны қамтамасыз етуде мемлекет қызметінің
үш бағытын әр түрлі үш мемлекеттік органдардың арасында бірдей бөліп,
билікті бір адамның, органның қолында шоғырлана алмайтындай етіп ұстап тұру
мақсаты әрбір билік иелерінің жадында болуы тиіс.
Өйткені билік жүргізуші субьекті оны өз пайдасына теріс қолдануы
мүмкін, оның өзі озбырлыққа, адам тағдырын аяққа басып менмендікке
салынуына апаратыны айқын. Ең бастысы – бір-біріне тәуелді емес үш
тармақтар билігі өздерін өздері бақылап тұруы, бір органның заңды бұзғанына
орасан зор көңіл бөлулері қажет. Осы биліктің үш тармаққа бөлінуінің өзі
бірін-бірі ұстап тұруға жәрдемдесетіні сөзсіз.
Демек, билікті бөлу принципін шынайы іс жүзіне асырған кезде ғана
биліктің әр үш тармағына қатысты мемлекеттік органдардың өкілдігі өз
шеңберінде еркін қызмет етіп, ұдайы өзара байланыста болуына тежемелік әрі
тепе-теңдік әдістері көп пайдасын тигізетіндігіне кәміл сенеміз.
Мемлекеттік билік – бұл мемлекеттік құралдар, әдістер мен тәсілдер
жүйесі. Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік-жігері іске
асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани
салаларын басқару жүзеге асырылады. Олардың іс-қимылдары сан алуан. Бұл
дегеніміз осындай бола тұрса да бірде-бір мемлекеттік органдар
Конституцияда және де басқа заңдарда белгіленген өз өкілеттілік шеңберінен
тыс шығып кетулеріне құқығы жоқ.
Билікті бөлу принципінің өзі заңдарды қабылдауға байланысты заң
шығарушылық қызметін тек өкілді, заңды органдар жүзеге асырса, ал заңдарды
орындау, атқарушы-ұйымдастырушылық қызметі атқарушы биліктік органдарға
жүктелінген; сот билігінің қисынын тәуелсіз сот органдары табады. Сойтіп,
заң шығарушы, атқарушы және сот органдары бір-біріне бағынбайды, өз
өкілеттілігін еркін жүзеге асыра алады және олар заң жүзінде тәуелсіз.
Сонымен қатар, олардың іс-қимылдары Конституцияға сәйкес болып, Ата
заңымызды бұлжытпай орындауларына бағытталуы тиісті. Олардың қызметі тек
құқықпен реттелініп, оның өзі Конституцияның жоғарылығына, мемлекеттік
құқықтық мәнін кепілдендіруіне әкеліп соқтыратыны ақиқат.
Осыған орай, құқықтық мемлекеттің белгісінің бірі – сот билігінің заң
шығарушы және атқарушы билік тармақтарына тәуелсіз қызмет атқаруы болып
табылады.
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі еліміздің Конституциясымен және
2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен
судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңмен және де басқа да заң
актілерімен белгіленеді. Аталған сот жүйесі туралы конституциялық заңы
біздің мемлекетімізде жеке адамның мүддесі үшін, бүкіл халықтың мүддесі
үшін жаңа өмірді құруды өзінің алдына мақсат етіп қойған ел ретінде
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің гуманистік сипатын белгілейді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі мына төмендегі
жағдайлармен қамтамасыз етіледі:
Конституцияда, аталған конституциялық заңда, іс-жүргізу және өзге де
заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай
сот төрелігі принциптерімен;
сот билігін барлық соттар үшін сот ісі жүргізудің заңдарда белгіленген
бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты
қолданумен;
заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында орындаудың міндеттілігімен;
барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен.
Сот билігін жүргізуші органдарының қызметін ұйымдастыру және оның
тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен нақтыланады және мынадай
конституциялық принциптерге негізделеді:
1. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі Қазақстан
Республикасының атынан жүзеге асырылады және ол азаматтар мен ұйымдардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика
Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің,
халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Бұлар азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін
жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Ешқандай да өзге органдар мен
тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі функцияларын иеленуге
құқығы жоқ. Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандайда бір болсын
араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп
соқтырады. Нақты істер бойынша судьялар ешкімге есеп бермейді.

Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда
көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған
алқа заседательдері арқылы соттарға тиесілі.
2. Заңдылық. Өзге мемлекеттік органдар сияқты соттардың қызметі тек
Конституцияға, заңдарға, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың
нормативтік актілеріне негізделуі тиіс, оларды бұлжытпай дәлме-дәл
орындаулары қажет. Өйтпеген жағдайда олардың үкімдері мен шешімдері заңсыз
болып табылып, жойылуға немесе өзгеруге тиіс.
3. Судьялардың ауыстырылмайтындығы. Судьялар қызметке Конституцияға
және жоғарыда көрсетілген Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе
тағайындалады және тұрақты негіздегі өкілеттіктерге ие болады. Судьяның
өкілеттілігі тек заңда көзделген негіздер мен тәртіп бойынша ғана
тоқтатылуы мүмкін.
4. Судьяның тәуелсіздігі және оның ҚР Конституциясына, заңдарға
бағынуы. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес ешкімнің еркіне
ықтиярсыз, бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясы және өзге
заң актілеріне бағынады. Демек, олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады.
Судьялардың тәуелсіздігі мына кепілдіктірмен қамтамасыз етіледі:
судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін,
сондай-ақ сотты құрметтемегені үшін заңда жауаптылық белгілеумен;
судьяға ешкімнің тиіспеуімен;
судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттілігін тоқтату
және тоқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық
жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым
салу арқылы.
5.Судьяның тәуелсіздігі, жоғарыда айтқандай, оған ешкімнің тиіспеуімен
нақтыланады: судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс
жағдайларды қоспаған жағдайда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот
тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғарғы Сот
Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің
келісімінсіз, ал Конституцияның 55 бабының 3 тармақшасында белгіленген
жағдайда (оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру), Қазақстан
Республикасы Парламент Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды. Судьяға қатысты қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Бас
Прокуроры ғана қозғайды.
6. Коллегиялдық. Соттарда істерді қарау әдетте, коллегиялды түрінде
жүргізіледі. Мұның өзі істің жан-жақты, толық және объективті түрде
қаралуына жағдай туғызатыны сөзсіз. Кейбір жекелеген жағдайларда сотта
істерді қарау судьяның жеке басшылығымен жүргізіледі.
Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқа
заседательдерінің қатысуымен жүзеге асырылады. (ҚР Конституциясы 75 бап, 2
тармақ).
7. Сот іс жүргізу тілі туралы принцип. Соттарда, ҚР-ның Конституциялық
Кеңесінде және т.б. мемлекеттік органдарда іс жүргізу, олар қабылдайтын
шешімдер қазақ, орыс тілдерінде жүзеге асырылып, жазылуы тиіс. Іске
қатысушы адамдардың іс жүргізу тілін меңгермеген болса, онда олардың ана
тіліне немесе олар білетін тілге аудармамен немесе тілмәшпен қамтамасыз
етілуі қажет.
8. Кінәсіздік презумпциясы – адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын кепілдендіруші, қылмыстық іс жүргізу бастамасының негізгі
принципі. ҚР Конституциясының бабына сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды
күшіне енген сот үкімімен танытылғанға дейін ол жасалған қылмысқа кінәлі
емес деп есептелінеді. Осыны әрі қарай дамыта отырып айтатын болсақ,
айыпталушы өзінің кінәлі емес екендігін барлық жағдайда, ешкімнің алдында
дәлелдеуге міндетті емес, ал ол адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез
келген күдік айыпталушының пайдасына шешіледі.
9. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайталап қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды. Бұл өте маңызды принциптердің бірі
болып саналады. Ол ҚР Конституциясының 77 бабы 3 тармағы 2 тармақшасында
айқындалады және мұның өзі ҚР ҚІЖК дамытыла түседі. Онда егер осы жағдайлар
анықталған болса қылмыстық іс қозғалуға жатпайды, ал іс қозғалған болса, ол
күшін жояды. Сондай-ақ егерде айыпты адамның үстінен шығарылып қойылған
заңды күшіне енген үкім болса, ал оның кінәлі емес екендігін айқындайтын
мән-жайлар сотта қаралып, өз дәлелін тапса, онда іс сот мәжілісінде
қысқартылуға тиіс.
10. Білікті заң көмегін алу құқығы. Осы конституциялық принципке сай
әрбір ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған адам, сол
ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған мезеттен бастап адвокаттың
(қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Заңда көзделген жағдайларда
қылмыстық, азаматтық істерде заң көмегі тегін көрсетіледі. Осы принциптің
нақтылы іс-жүзіне асырылуына кепілдікті сот жүйесі бере алады. Прокурорлар
мен адвокаттар процесстің теңдігі мен жарыспалылығы принциптері негізінде
соттардың істерді қарауына қатысады.
Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егемендікке жеткен шынайы демократияның
орнығуы жағдайында ғана адам мен азаматтың Негізгі Заңда баян етілген
құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуге
нақты мүмкіндік алды.
Осы конституциялық қағиданы іске асыруда сот төрелігін іс жүзінде іске
асыратын сот құрылымдары маңызды рол атқарады.
Профессор Ғ.С. Сапарғалиев өзінің Қазақстан Республикасындағы
Конституциялық құрылыстың қалыптасуы деген ғылыми еңбегінде Конституция
азаматтардың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз
етеді. Конституцияның қағидаларына сүйене отырып, азаматтар өздерінің
құқығы мен бостандықтарын қорғауды үйренуі қажет. Конституцияда
жазылғандай, сот билігі Конституцияның негізінде пайда болған барлық істер
мен дауларға қолданылады. Бұл жерде Конституциялық қағидалардың тек қана
жеке адамдарға ғана емес, сонымен қатар заңды тұлғаларға да қатысты тікелей
әрекеті байқалады - деп көрсетеді [5].
Сот билігіне мемлекет атынан әрекет етуге берілген бұл құқық оған
берілген өкілеттік шегінде жүзеге асырылады. Адамның және азаматтың
танылған және кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғауға
қатысты сот билігінің мәртебесін айқындай отырып, Конституция бұл құқықтар
мен бостандықтардың конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамдардың
құқықтары мен бостандықтарын, денсаулығын және қоғамдық имандылықты қорғау
мақсатында қажет болған жағдайда тек заңмен ғана шектелуі мүмкін екенін
көздейді.
Бұл бағытта сот органдарының қызметі мен міндеті, адам мен азаматтың
құқықтарының және бостандықтарының, заңды мүдделерінің конституциялық
кепілдіктерін қатаң сәйкестікте жүзеге асыру болып табылады.
Елбасы соттардың үшінші съезінде халықтың Президентке, Үкіметке, әкім
не министрлерге емес, тек сотқа жүгіну қажеттігін нақтылап айтты [6].
Қазір қалың көпшілік бұрынғыдай атқарушы билікке көп шағымданбайды,
арыз – шағымын заңға сәйкес сотқа жүгіну арқылы шешуге бейім. Бұл сот
билігіне халық сенімінің артқандығының, оның беделінің жоғарылағандығының
белгісі болып саналады.
Сол себептенде сот пен судьяның адам мен қоғамның алдындағы
жауапкершілігі өте жоғары. Адам тағдырына байланысты билік айту, үкім
(шешім, қаулы) шығару оңай емес. Күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын тауып,
шынайы шындықтың түбіне жету үшін арнайы білім, кәсіби даярлық, зеректік,
қабілет, мол тәжірибемен қатар, заңдарды жетік білу және оны талдай білу
керек.
Күшті және тәуелсіз сот билігінсіз мемлекеттіліктің орнығуы мүмкін
еместігі баршаға белгілі. Сондықтан да 12 ақпан 1994 жылы қабылданған
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында
сот азаматтарға олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын сот жолымен
қорғаудың бүкіл мүмкіндіктерін пайдалануға бағыт-бағдар береді - деп атап
көрсетілген.
Сот билігі тікелей Қазақстан Республикасы атынан жүзеге асырылады, оның
мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын бостандықтарын және
заңды мүдделерін қорғау, Республика нституциясының, заңдарының нормативтік-
құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындауын қамтамасыз ету
болып табылады. Қазақстан Республикасында адам тағдырын шешуде сот билігі
әділеттіліктің ең жоғарғы сатысы деп есептеуге жатады.
Ал осы билікті іске асыруда, оны жүргізуде Қазақстан Республикасының
соттарының алар орны ерекше. Қазақстан Республикасының сот жүйесін
Қазақстан Республиксының Жоғарғы Соты және заңмен құрылатын жергілікті
соттар құрайды. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға
жол берілмейді.
Демократиялық құқықтық мемлекеттерде тек азаматтардың жеке бостандығың
қорғаушысы және құқықтық мемлекеттің бағалығын сақтаушысы болып табылатын
сот әділдігіне ғана ағымдағы заңдарды атқаруды бақылауды және қоғамның
әрбір мүшесінің құқықтарының сақталуына кепіл болуды тапсырады.

Қазақстан Республикасында бұл тұрғыда тиімді және кәсіби сот жүйесін
қалыптастыруда мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізіліп жатқанын
көріп отырмыз. Жоғарғы Сотта басқа мемлекеттік органдамен бірге сот
корпусының жұмысын жаңартуға, жандандыруға бағытталған жемісті қызметтер
атқарылуда. Біз аталған жұмыстардың өзінің жемісін беретіндігіне кәміл
сенімдеміз.

1.3 Сот билігінің өзге де мемлекеттік билік тармақтарымен қарым-
қатынасы
Сот билігі - мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және
заңды мүдделерін, барлық органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай-ақ демократия, әлеуметтік әділеттілік,
ізгілік, патриотизм мен заңдылық принципі негізінде Конституцияны,
заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды
қалтқысыз сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ерекше қызметі болып саналады.
Бұл міндеттерді атқаруда сот билігі халық билігін жүзеге асырудың
маңызды буындарының бірі ретінде өзге де мемлекеттік билік тармақтарымен
өзара қарым-қатынасын жоғарғы деңгейде атқаруы тиіс.
Қазақстан халқы, еліміздің Конституциясына сәйкес, конституциялық
құқықтық қатынастың субъектісі ретінде қандай жағдайда болмасын әрекет ете
алады.
Қазақстан халқының конституциялық құқықтық субъектісі ретінде көрінісі
1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 3-
бабынын 1-тармағында былай деп негізделген еді: Мемлекеттік биліктің
бірден бір бастауы – халық.
Елімізде Қазақстан халқының билікке араласуының негізі де осы норма
болып табылады. Қазақстан халқының қандай негіздерде және қандай әдіс-
тәсілдер арқылы билік ісіне араласатындығы осы нормадан өрбіп, одан әрі
дамиды. Биліктің бірден-бір бастауы ретінде Қазақстан халқының
конституциялық құқықтық қатынастың қатысушылық сипатын оның мынандай
параметірлік деңгейлерінен көре аламыз.
Біріншіден, Қазақстан халқы Қазақстан аумағындағы мемлекеттілікті
құрушы жөне оның негізің қалаушы субъект;
Екіншіден, Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің тұтастығын қамтамасыз
етуші;
Үшіншіден, Қазақстан халқы мемлекеттік билікті ұйымдастырушы және
билікті жүзеге асырудың қағидаларын орнықтырушы.
Қазақстан халқы, тарихи тұрғыдан алғанда, осы жерде сан ғасырлардан
бері өмір сүріп келген негізгі халық бола тұра, мемлекеттілік құруға ұйытқы
болды. Конституциямыздың басыңда бұл жағдай мынандай сипатта: Біз ортақ
тарихи тағдыр біріктерген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде
мемлекеттілікті құра отырып, - деген сөздер арқылы айшықталады. Бұдан
байқайтынымыз, біздің ойымызша, бүкіл халық тұтаса отыра, мемлекеттілікті
орнықтырып, оны дамытуға ат салысады. Жоғарыда сөз еткен тезис, негізінен,
бізге мемлекеттілікті қалыптастырудың шарттық теориясын елестетіндей.
Мемлекеттің шығуы туралы шарттық теорияға сәйкес, мемлекет сол жердегі
халықтың ымыраға келіп, билікті оны жүзеге асырушы суверенге беретіңдігіне
негізделетіңдігін бәріміз жаксы білеміз.

Халық билігінің тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыруын
Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттік мерзімін ұзарту және
қолданыстағы конституциямызды қабылдау тәжірибесінен көре алғанбыз. Ал
еркін сайлау құқығын Қазақстан халқы Президентті, Парламент депуттарын
сайлау кезінде қолданған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан халқы өз атынан
және мемлекет атынан билік жүргізуді белгілі мемлекеттік органдарға жүктей
алатындығын жоғарыда айттық.
Халық атынан билік жүргізу құқығы Республика Президентіне, өзінің
конституциялық өкілеттігі шегінде Парламентке берілген. Республика Үкімет
мен басқа басқа да мемлекеттік органдар мемлекет атынан өз өкілеттіктері
шегінде ғана билік жүргізе алады.
Әрине, біздің ойымызша, Қазақстан халқының билік ісіне қатысудағы
конституциялық заңнамада одан әрі жетілдіре беруіміз қажет. Осы жерде
Қазақстан халқының мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы басты субъект
ретіндегі рөлі мен орнын арттыру бағытында елімізде қабылданған 2010-2020
жылдар аралығындағы құқықтық саясат туралы тұжырымдаманың атқаратын орны да
ерекше деп санаймыз.
Қазіргі кезеңде қабылданған Қазақстан Республикасының 2010-2020
жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында мемлекеттік билік
мәселесін жетілдіру туралы жаңа мақсаттар орын алуда. Тұжырымдаманы іске
асырудың басты мақсаттары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының
(конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден,
экологиялық, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық
заңнама) айтарлықтай жаңартуы болады.
Қазақстанда халық билігін тікелей және жанама тұрғыда жүзеге асыру
бекітілген. Тұжырымдамада Еліміздің Негізгі заңында көрініс тапқан идеялар
мен принциптер ұлттық құқықтық жүйенің негізгі бағыттары мен даму
тетіктерін, оның ішінде конституциялық құқықты ұзақ мерзімді перспективада
айқындайды. Яғни Конституцияның принциптері мен нормаларын ең алдымен,
мемлекеттік билік органдар мен оның лауазымды адамдарының қызметінде
толыққанды іске асыру, бұл ретте Конституцияны тікелей қолданумен қатар,
ағымдағы заңнама және құқық қолдану арқылы оның әлеуетін қамтамасыз ету
маңызды міндет болып табылады - деп көрсетілген.
Тұжырымдаманы іске асырудың тиімділігі және тиісінше ұлттық құқықтың
тұрақтылығы, құқықтық реттеудің пәрменділігі мемлекеттік билік барлық
тармағының сындарлы өзара іс-қимылына, билік органдары қабылдаған
шешімдердің сапасына және лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне
байланысты.

Қазақстандық заңнаманы осы Тұжырымдамада белгіленген мемлекеттің
құқықтық саясатының негізгі бағыттарына сәйкес кешенді дамыту және тиімді
пайдалану заңдылық режимін одан әрі нығайтуға, адам мен азаматтың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, еліміздің орнықты
әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қазақстандық
мемлекеттілікті нығайтуға ықпал ететін болады.
Халық билігінің бірден – бір кепілі оны жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін орган – сот органы болып табылады. Тұжырымдамада сот тәуелсіздігін
нығайту туралы мынандай ой келтіріледі: Сот төрелігін іске асыру кезінде
соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа
кезеңінде конституциялық деңгейде қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы
қысқартылып, адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және
соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан
жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға
алу санкция беруі енгізілді, прокуратура мен соттың тергеу жүргізу
мүміндігіне конституциялық тыйым алып тасталды. [6].
Құқықтық, демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, егемен мемлекетті
қалыптастырудың өтпелі кезеңінде билік тармақтарының әрқайсысының тиімді
жұмыс істеуі, олардың мемлекеттік билік біртұтастығын қамтамасыз етуге
бағытталған өзара байланысында үйлесімдіктің болуы, нақты азаматтық
қоғамның оңтайлы өмір сүруін орнықтыруда, сөзсіз ерекше маңызға ие болады.
Бұл тұрғыда заң шығарушы биліктің сот билігімен өзара қарым-қатынастары
соттың құқықтық шығармашылық міндетін атқаруымен, сот билігінің құқықтық
мәртебесі Қазақстан Республикасы Парламентінің заңымен белгіленетіндігінен
көрінеді.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы және сот билігі тармақтарының
өзара іс-қимыл нысандары туралы сөз еткенімізде сот билігі атқарушы
органдарының жұмысына бақылау жасау міндетін жүзеге асыра отырып, өзінің
бақылау жасау барысында қызметі аясында аталған мемлекеттік құрылымдардың
құқықтарын, сондай-ақ олардың заңды мүдделерін қандай да бір заңсыз
әрекеттерден қорғауға міндетті екендігі айта кетуіміз керек.
Өз кезегінде атқарушы билік сот төрелігі органдарын қалыптастыруда,
оларға кадрлар даярлауды қамтамасыз етуде, сот органдарының материалдық
және қаржы мәселелерін шешуде елеулі рол атқарады.
Демек, Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабының 4
тармақшасында көрсетілгендей, мемлекеттік биліктің заң, шығарушы, атқарушы
және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін
пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде жүзеге асырылатын
біртұтас мемлекеттік билік қана біздің елімізде демократиялық азаматтық
қоғам құрудың негізі болып табылады.
Бұл дегеніміз біздің елде құқықтық мемлекет құру жолында азаматтық
қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды
бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық
мүмкіншілік жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл
мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматық
қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп
жарияланған: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы –
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Елімізде құқықтық мемлекет құруға байланысты қоғамның осы маңызды болып
саналатын негіздеріне сүйене отырып, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік
қалыптасады.
Құқықтық мемлекеттің негізгі белгілері есебіне төмендегі
түйіндемелерді жатқызуға болады:
- мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, олардың арақатынасын қатаң
сақтау; азаматтық қоғамның қалыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің қалыптасуы, адамдардың
рухани сана-сезімінің жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың,
жеке адамдардың, өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- құқық пен заңның арақатынасында көп алшақтыққа жол бермеу, олардың
өзара қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті, теңдікті
қамтамасыз ету үшін антимонопольдық органның құрылуы;
- соттың жоғары беделі, ең сыйлы орган деп саналуы және соттың
тәуелсіздігі;
- мемлекетіміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз
етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды, биліктің бөлісу принципін орындауды, қоғамдағы қарым-қатынастар
субъектілерінің арасындағы таластарды шешуді дұрыс қамтамасыз ету үшін
Конституциялық кеңестің жұмысын жақсарту;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық құқықтың өзара
қатынасын бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату, азаматтық қоғамды қалыптастыру.
Адамдар заңның құлы болмайынша, құқықтық тәртіп те, демократия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Қaзaқcтaн Рecпубликacындa coт билiгiнiң кoнcтитуциялық нeгiздeрi
Қазақстанның сот билігінің өзекті мәселелерін анықтау
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы Сот жүйесі
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
Сот жүйесінің даму мәселелері
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Пәндер