Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік



Жоспар

Кіріспе

1 бөлім . Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік .

1.1 Ақша қаражаттар қозғалысының мәні , мазмұны және түрлері .

2 бөлім . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептітік .

2.1 Операциондық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

2.2 Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

2.3 Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

3 бөлім . Қаржылық есепкерлікті құрастыру әдістері .

4 бөлім . Өзге де ақша қаражаттарының қозғалысы .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстан Республикасының әлемдік ортаға тәуелсіз, егеменді мемлекет болып кіруі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің алдына жаңа, әрі жоғары талаптар қояды . Бұл қаржылық есептің мәні мен мазмұнының шет ел серіктестіктерге түсінікті және қол жетерлік болуы мен оларды өңдеу және ұсынудың халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келу қажеттілігімен байланысты .
Бухгалтерлік есепті реформалау үрдісі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған сәтінен басталды . Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүйесінің жетілуіне ҚЕХС , қаржылық шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспары мен оны қолданудағы әдістемелік ұсынулар сияқты нормативтік құжаттар үлкен үлес қосты деуге болады .
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік есеп және аудитт әдістемесі департаментінің ” № 4 “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ” – деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында : “ Кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық , қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді ” делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемерлерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге ) тапсырады ” делінген .
Ақша қаражаттарының бар жоғы туралы , оларды толтыру ресурстары , бағытталуы сыртқы пайдаланушыларға келесілерді талдау үшін керек :
> кәсіпорынның қаржылық жағдайын , төлем қабілетін , өздерінің ағымдады міндеттемелерін уақытында төлеу қабілетін , болашақта ақша қаражаттарын ұзақ мерзімді активке инвстициялау арқылы өз қызметін дамыту мүмкіндігін , әрі қаржы ресурстарын тарту қабілетін зерттеу .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық есептілікті қолданушыларға компанияның ақша қаражаттарын және оның баламаларын қалыптастыру қабілеттілігін бағалауға негіз беретінімен пайдалы . Қолданушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер компанияның ақша қаражаттарын қалыптастырып , оларды уакытылы орналастыру қабілетін бағалауды қажет етеді .
Қолданылған әдебиеттер тізімі :


1. 7 - ҚЕХС Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі // 2005

2. ББ МСФСО //2004 , № 1

3. ФБ Главбух // 2005 , №1 , Шестакова К

4. Евразииский вестник аудитора // 2004 , № 1

5. О международных стандартах финансовой отчетности в РК // Налогоплательшик – 2002 № 8 , Ержанов М.С.

6. Финансовой отчетности . Төлешова ,2005 .

7. Қаржылық есеп // оқулық , Қ. К. Кеулімжаев , З. Н. Әжібаева , Н.А. Құдайбергенов – Алматы : Зкономика , 2001 .

8. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп // Радостовец В.К. , Радостовец В.В., Габдуллин Т.Ғ.- Алматы : Қазақстан-аудит орталығы , 2002.

9. Ақша айналысы және несие // оқулық , Мақыш С.М. -Алматы : Қазақ университеті, 2002.

10. Банктегі бухгалтерлік есеп // Мыржақыпова - Алматы : 2005.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. бөлім . Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік .

1. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні , мазмұны және түрлері .

2 бөлім . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептітік .

2.1 Операциондық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

2.2 Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

2.3 Қаржылық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

3 бөлім . Қаржылық есепкерлікті құрастыру әдістері .

4 бөлім . Өзге де ақша қаражаттарының қозғалысы .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының әлемдік ортаға тәуелсіз,
егеменді мемлекет болып кіруі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
есебінің алдына жаңа, әрі жоғары талаптар қояды . Бұл қаржылық
есептің мәні мен мазмұнының шет ел серіктестіктерге түсінікті және
қол жетерлік болуы мен оларды өңдеу және ұсынудың халықаралық
стандарт талаптарына сәйкес келу қажеттілігімен байланысты .
Бухгалтерлік есепті реформалау үрдісі Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік алған сәтінен басталды . Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп жүйесінің жетілуіне ҚЕХС , қаржылық шаруашылық
қызметтің бухгалтерлік есебінің типтік шоттар жоспары мен оны
қолданудағы әдістемелік ұсынулар сияқты нормативтік құжаттар үлкен
үлес қосты деуге болады .
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы “Бухгалтерлік
есеп және аудитт әдістемесі департаментінің ” № 4 “Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп ” – деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының
бірінші бабында : “ Кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субъектілердің
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды
түрлі операциялық және инвестициялық , қаржылық қызметі бойынша
есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол
қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға
осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін
бағалауға мүмкіндік береді ” делінген. Ал осы стандарттың екінші
бабында: “Заңды тұлғалар, субъектілер (банктер мен бюджеттік мекемерлерден
басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың
талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері
есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге ) тапсырады ” делінген .
Ақша қаражаттарының бар жоғы туралы , оларды толтыру ресурстары ,
бағытталуы сыртқы пайдаланушыларға келесілерді талдау үшін керек :
кәсіпорынның қаржылық жағдайын , төлем қабілетін , өздерінің
ағымдады міндеттемелерін уақытында төлеу қабілетін , болашақта ақша
қаражаттарын ұзақ мерзімді активке инвстициялау арқылы өз қызметін
дамыту мүмкіндігін , әрі қаржы ресурстарын тарту қабілетін
зерттеу .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржылық
есептілікті қолданушыларға компанияның ақша қаражаттарын және оның
баламаларын қалыптастыру қабілеттілігін бағалауға негіз беретінімен
пайдалы . Қолданушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер компанияның
ақша қаражаттарын қалыптастырып , оларды уакытылы орналастыру қабілетін
бағалауды қажет етеді .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мақсаты шаруашылық
серіктестіктер тобының қаржылық - шаруашылық қызметі туралы
сенімді ақпаратты пайдалануды , оны бағалап , тиісті
экономикалық шешім қабылдауын қамтамасыз ету .
Ал бұл мәселелер бухгалтерлік есеп жүйесінің есеп жүргізу
мен есеп берудің халықаралық стандартқа міндетті түрде ауысуын,
жақындатылуын талап етеді .
Қаржылық есептің халықаралық стандартында “Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есеп ” № 7 бөлімде толық қарастырылған.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінің реформалануы көптеген
жақсы жақтарымен қатар, өңделмеген немесе әлсіз дайындалған
компоненттерімен ерекшеленеді. Қазіргі таңда алдыңғы орынға ұйымның
ақша қаражаттар қозғалысы туралы қаржылық есебін жариялау, олардың
экономикалық шешім қабылдау үшін ары қарайғы талдауы сияқты
өзекті мәселелер тұр .
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы мәліметтер беру , толық түсінік беру ,
оны құрастыру әдістерін мысалдармен көрсету ,
ерекшеліктері , кемшіліктері мен тиімді жақтарын көрсету
, оның талдауы туралы қысқаша мәліметтер беру ,
сондай-ақ ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің
отандық жүйесі мен халықаралық стандарттағы кейбір
айырмашылықтарын көрсету болып табылады .

1 бөлім . Ақша қаражаттар қозғалысы туралы жалпы түсінік .
2. Ақша қаражаттар қозғалысының мәні , мазмұны және түрлері .

Ақша қаражаттары – ақша мен төлеуге дейінгі салымдар .
Ақша қаражаттарының қозғалысы – шаруашылықтағы тауарларды өткізуге ,
сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырсуларды жүзеге асыруға
қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың
қозғалысы.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құраллдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке
немесе бюджеттен тыс басқа мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге
байланысты түрлі олерациялар пайда болады . Осындай кәсіпорындар мен
ұйымдардың арасында алашақ және берешек операциялар туындайды . Әрбір
кәсіпорын , ұйым , мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнім
сатып немесе өызмет көрсетіп , жабдықтаушы ретінде болатын болса ,
екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығыру үшін қажет болатын шикізат
пен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы
болып табылады . Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында
алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша төлеу жолы арқылы жүргізіледі .
Қолма-қол ақшалар қозғалысы – нақты ақшалар қозғалысын білдіреді
. Оған банкноталар , монеталар , және қағаз ақшалар қызмет етеді .
Қолма-қолсыз ақшалар қозғалысы – қолма-қолсыз ақшалар айналымының
ақшаларының қозғалысы . Мұнда чектер, пластикалық корточкалар электрондық
аударымдаар көмегімен пайдаланатын клиенттердың шоттардағы сақтаған
ақшалары.
Қолма-қол ақшалармен есеп айырысу Қазақстан Республикасының
Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес
жүргізілуі тиіс . Ақшалай қаражаттарымен есеп айырысу операцияларының
бухгалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар
болып табылады :
1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақыттылы дер
кезінде есептеу .
2. Субъектідегі ақшалар қаражаттардың түгелдігін және оларды дұрыс
және тиімді пайдалануды бақылау .
3. Есеп айырысу , төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның , ұйымның
немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындары дұрыс есептеу .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебінің мәні мен маңызын
ескере отырып , біз олардың құрамына не жататынын қарастырайық . Жаңа
шоттардың жұмыс жоспарын пайдаланып , олардың құрамына :
- Кассадағы теңге түріндегі ақша қаражаттары ( 1010-шот ) ;
- Кассадағы валюта түріндегі ақша қаражаттары ( 1020-шот ) ;
- Жолдағы теңге түріндегі ақша қаражаттары ( 1030-шот ) ;
- Ағымдағы банктік шоттардағы теңге түріндегі ақша қаражаттары
( 1040-шот ) ;
- Ағымдағы банктік шоттардағы валюта түріндегі ақша қаражаттары (
1050-шот ) ;
- Дипозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары ( 1060-шот ) ;
- Арнайы шоттардағы ақша қаражаттары ( 1070-шот );
Оларды мазмұндары бойынша жеке-жеке қысқаша қарастырайық .
Біріншіден , кассадағы теңге түріндегі ақша қаражаттары ( 1010-
шот бойынша ) . Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың , яғни субъектілердің
қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өзінің кассасы
болуы керек. Мұнда теңге түрінде жүргізілген операциялары осы шотта
жинақталады . Кассаға ақша қабылдау кассаның к іріс ордерлері , ал
ақшаның беруі шығыс ордерімен рәсімделеді . Жазылған касса ордерлері
немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса
құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі.
Екінші , кассадағы валюта түріндегі ақша қаражаттары (1020-шот)
. Мұнда шетел валюсымен есеп айырсуды жүргізген кезде осы шотын ашаты
. Валюта кассасындағы есп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас
жүргізіледі , тек оның айырмашылығы мынадай : кіріс және шығыс
ордерлерінде , касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен
және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі .
Ал , жолдағы теңге түріндегі ақша қаражаттары - бұл
аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген , яғни
кіріске алынбаған ақша қаражаттары . Бұл жаңа шоттардың жұмыс
жоспары бойынша 1030-ші шотта жүргізіледі . Бұл шот ай соңында
кәсіпорынға немесе фирмаға басқа кәсіпорын , ұйым немесе
фирмалардан аударылған , бірақ әзірге түспеген , яғни кіріске
алынбаған жолдағы ақшалай қаржылар жайлы ақпараттарды қорытындылауға
арналған .
Төртінші , ағымдағы банктік шоттардағы теңге түріндегі ақша
қаражаттары (1040-шот) . Ағымдағы шот – бұл банктік шот, бірақ олар жеке
және заңды тұлғалар үшін , сондай-ақ заңды тұлғаның ақшаланған
бөлімшелері үшін де ашылады . Банк келісім бойынша ағымдағы шоттарын
ашқан кезде , шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды ,
оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару
жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді
өз міндетінде алады . Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шартты
келесі мәліметтерден тұрады : реквизиттері ; келісім мәні немесе келісім-
шарттың жасаған нәрсесі ; салық қызметі органдары берген салық төлеуші- шот
иесінің тіркнме номері ; банктің көрсететін қызметінің шарты және
оларды төлеу тәртібі .
Ағымдағы банктік шоттардағы валюта түріндегі ақша қаражаттары
(1050-шот) . Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және
өнімін валютаға сататын сатылатын т.б. субъект үшін ашылады .
Кәсіпорындар мен ұйымдар басқа шаруашылық субъектілеріне негізгі
құралдарды , ТМҚ құндылықтарды және басқа да активтерді шетел
валютасына сатқанда немесе олардан сатып алғанда , банктерден , сондай-
ақ банкіден тыс мекемелерден шетел валютасымен несие алғанда немесе
оны қайтарылғанда , тағы да басқа жағдайларда шетелдік валюталармен
жүргізілетін операциялар осы шотта жинақталады .
Ал , дипозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары (1060-шот),
яғни субъектінің құрамына кіретін филиалдардың , құрылымдық бірліктердің
ақша қаражаттары көрініс табады , онда ағымдағы шығыстарын (еңбекақы ,
кейбір шаруашылық шығыстары , іс-сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру
үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады .
Ең соңғы , бұл арнайы шоттардағы ақша қаражаттары (1070-шот)
– кәсіпорындар банкідердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының
есебі осы шотта жүргізіледі . Олардың қатарына келесі шоттар кіреді
:
- “ Аккредитивтегі ақша қаражаттары ” шоты . Бұл шотта аккретивтегі
ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады . Аккредитив- клиенттің
тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген
банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі.
- “ Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары ” шоты бойынша есеп айырысу
чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек- бұл
өзінің шот есебінен қаражатты алушының шотына белгілі бір соманы
аудару жөніндегі арнаулы қағазға толтырған клиенттің өзіне
қызмет көрсететін банке берген жазбаша тапсырмасы .
- “ Банктердегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары ” шотында айрықша
сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады . Бұлар үкіметтің
жәрдемі ретінде алынған қаражат , жергілікті бюджеттен мақсатты
қаржыландыру , кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі
қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар
.

2 бөлім . Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептітік .
2.1 Операциондық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

Таяу уақытқа дейін ақша қозғалысы туралы есеп құрылған
жоқ , ал шет елдерде ақша қаражатының жеткіліктілігін анықтау
мақсатында қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы есеп қолданылады .
Ол ағымдағы активтер мен ағымдағы қарыздар – пассивтер
арасындағы айырмашылық ретінде есептелген айналас қаражаттары
позициясынан құралады , сонымен қатар, жеке айналыс қаражаттарының
пайда болу көздерін және олардың пайдалануын көрсетеді .
Бірақ кейінгі кезде шет елдерде айтарлықтай белгілі басқа
әдіс пайда болды , бұнда қорлар ақша қаражаты сияқты баяндалады
және осы әдістің негізінде жасалған есеп беруде тек ақша
қаражаттары түсуінің көзі және оларды пайдалану келтіріледі .
Бухгалтерлік есеп бойынша халықаралық ұйым ( FASB ) 1987 жылы пайда
және шығын бойынша есеп берумен бір уақытта ұсынылатын ақша
қаражаты қозғалысының есебін жасауды ұсынды .
Ақша қозғалысы туралы есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті
қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бақылауға мүмкіндік беретін
мерзімде операциялық , инвестициялық және қаржылық қызмет мөлшерінде
ақша қаражатының келуі немесе кетуі бойынша ақпаратпен қамтамасыз
етуші есеп беру түрі болып табылады .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп халықаралық
стандарттың 7 – бөлімінде “Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
есеп” көрсетіледі . Бұл стандарттың мақсаты компанияның ақша
қаражаттарын және олардың баламаларының тарихи өзгерісі туралы
ақпаратты көрсетуді талап етеді . Компания ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есепті өзінің әр кезеңдегі қаржылық
есептілігінің бір бөлігі ретінде көрсетуі керек . Қаржылық
есептілікті пайдаланушылар ақша қаражаттарын қалай қалыптастырып
, пайдаланатынын білгісі келеді . Бұл компания қызметінің сипатына
байланыссыз , яғни ақша қаражаттары қаржылық институттағы сияқты
компаниялардың өнімі болып табылатынына қатыссыз . Компанияның түсім
әкелетін қызмет түріне байланыссыз оған ақша қаражаттары керек . Олар
ақша қаражаттарын әр түрлі операциялар жүргізу үшін ,
міндеттемелерді өтеу үшін , өз инвесторларына табыс әкелу үшін
қажетсінеді . Сәйкесінше бұл стандарт барлық компаниядан ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті талап етеді .
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте операциялық ,
қаржылық және инвестициялық қызметтен алынатын түсімдер мен кезең
ішіндегі ақша қаражаттары төлемдері бейнеленеді .
Операциялық қызмет – тауар өткізуден түскен түсім , қызмет
көрсетуден түскен түсім , төлемдерді төлеуден , кредиторлық қарызды
төлеу , еңбеақы төлеу , салық төлеуден ақша қаражатарының шығуы .
Бұл түсімдерді тану тауар жеткізілгенде , қызмет көрсетілген сәтте
таниды . Операциялық қызметтен түсетін түсім компанияның несиесін
өтеу , операциондық мүмкіншіліктерін сақтау , дивидент төлеу , жаңа
инвестиция салу операцияларын жүргізе алу дәрежесінің негізгі
көрсеткіші болып табылады .
Операциялық қызметтен түсетін түсім компанияның түсім
әкелетін негізгі қызметі . Осыдан олар таза түсім мен зиян
құрамындағы операциялар нітижесі болады . Операциялық қызметтен
болатын ақша қаражаттары қозғалысының түрлері :
1) Тауарды сатудан , қызмет көрсетуден түскен түсім .
2) Жалға беруден , гонорардан , комиссиондықтан түскен түсім .
3) Қызметкерлерге және олардан төлемдер .
4) Жабдықтаушыларға төленетін ақша .
5) Сақтандыру компанияларының сақтандыру премиялары , жылдық төлем
, өзге сияқтылар түріндегі ақшалай төлемдер .
6) Қаржылық және инвестициялық қызметпен байланысты емес табыс
бойынша салықтарды төлеу .
7) Коммерциялық , сауда – саттық мақсатындағы контракт бойынша
төлемдер мен келіп түсулер .
Компанияда қайта құруға арналған бағалы қағаздар немесе
коммерциялық және сауда – саттық мақсатындағы несиелері болуы
мүмкін . Бағалы қағаздардан түскен ақша қаражаттарының қозғалысы
операциялық қызмет болып жіктеледі . Осыған ұқсас қаржылық
компаниялар төлейтін ақшалай аванстар мен несиелер операциялық
қызметке жатады , себебі олар қаржылық компанияның негізгі түсім
әкелетін қызметіне жатады .

Операциялық қызметтен ақша қаражаттар ағымына ағымдағы активтер
мен міндеттемелер құрамындағы өзгерістерді талдау .

Операция әсерінен Ақша қаражаттар Шаруашылық
бухгалтерлік баланстағы ағымына әсер еткен операциялардың ақша
ағымына ағымдағы операциялар мазмұны қаражаттар ағымына
активтер мен міндет- жалпы әсері
темелер құрамындағы
өзгерісі
ТМҚ артуы (-) ТМҚ қорларды сатып Операция операциялық
алу нәтижесінде ақша қызметтегі ақша қара-
қаражаттар шығуы (ол ТМҚжаттар массасының
әлі өткізілмесе ) . азаюына алып келеді .
Алынуға тиісті шоттар- (-) Тауарларды несиеге Операция операциялық
дың артуы сату . қызметтегі ақша қара-
жаттар массасының
азаюына алып келеді .
Алынуға есептелінген (-) Кіріс және шығыс Операция операциялық
тиісті пайыздардың артуытуралы есепте есеп- қызметтегі ақша қара-
телген, бірақ алынбаған жаттар массасының
пайыздарды көрсету . азаюына алып келеді .
Тауарды жеткізуге (-) Болашақта алынатын Операция операциялық
аванстың көбеюі тауарлар үшін жаб- қызметтегі ақша қара-
дықтаушыларға ақша жаттар массасының
аудару . азаюына алып келеді .
Болашақ кезең шығыс- (-) Болашақта көрсететінОперация операциялық
тарының көбеюі қызметке ақша төлеу . қызметтегі ақша қара-
жаттар массасының
азаюына алып келеді .
ТМҚ азаюы (+) Кіріс және шығыс Операция операциялық
туралы есепте өткен қызметтен пайда бола-
кезең сатып алынған тын ақша қаражаттар
тауарларды көрсету . массасын арттырады .
Алынуға тиісті шоттар- (+) Өткен кезеңде Операция операциялық
дың азаюы өткізілген тауарлар үшінқызметтен пайда бола-
ақша қаражаттарның келіптын ақша қаражаттар
түсуі . массасын арттырады .
Алынуға есептелінген (+) Өткен кезең Операция операциялық
тиісті пайыздардың табысында көрсетілген қызметтен пайда бола-
азаюы пайыздардың келіп түсуі тын ақша қаражаттар
. массасын арттырады .
Тауарды жеткізуге (+) Өткен кезеңде Операция операциялық
аванстың азаюы төленген тауарлардың қызметтен пайда бола-
келіп түсуі . тын ақша қаражаттар
массасын арттырады .
Кредиттік міндеттеменің (+) Ақша қаражаттары Операция операциялық
артуы ағып кетуін бол- қызметтен пайда бола-
дырмаған шығындарды тын ақша қаражаттар
кіріс-шығыс есебінде массасын арттырады .
көрсету .
Еңбекақы бойынша (+) Есепті кезеңде Операция операциялық
міндеттеменің артуы есептелген, бірақ әлі қызметтен пайда бола-
төленбеген еңбекақыны тын ақша қаражаттар
көрсету . массасын арттырады .
Кредиттік міндеттеменің (+) Өткен кезеңде пайдаОперация операциялық
азаюы болатын кредиттік қызметтен пайда бола-
міндеттемені төлеу тын ақша қаражаттар
массасын арттырады .
Еңбекақы бойынша (-)Өткен кезеңде Бұл операция ақша
міндеттеменің азаюы есептелетін қалған қаражаттар массасының
еңбекақыны төлеу азаюына алып келеды .

2.2 Инвестициялық қызметтен болатын ақша қаражаттарының қозғалысы .

Инвестициялық қызмет – ақша эквивалентіне қосылмаған ұзақ мерзімді
активтер мен басқа да инвестицияларды сатып алу және сату.
Яғни бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып алу мен өткізуге
байланысты қызмет .
Инвестициялық қызметтың ақша қаражаттарының қозғалысы туралы
есебін дәлдеп көрсету өте маңызды , себебі ол болашақ табыс алу
мақсатындағы ресурстарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Касіпорындағы ақша қаражаттарын қозғалысын талдау
Кәсіпорындағы ақша қаражатының қозғалысы
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік: құру тәсілдері және мазмұны
Инвестициялық және қаржылық қызметтерге байланысты ақша қаражатының қозғалысын анықтау
Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
Ақша теориясы және ақша қаражаты
Кәсіпорындағы ақша қаражаттарын басқаруды жетілдіру
Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және шаруашылық қызметі
Компанияның ақша ағымдары
Пәндер