Қосымша мәліметтер Қазақстандағы модельер дизайнерлері



Кім болмасын әдемілікті жақсы көреді. Әсіресе, сұлулық сыйлау жолында қызмет етіп жүрген, осы жолды өмірлік ұстанымы етіп алған жандардың орны айрықша. Сондай жандардың бірі – негізі 1947 жылы қаланған, отандық сән әлемінің бастау бұлағында тұрған «Сымбат» сән академиясының арт–директоры Балнұр АСАНОВА. Ол Мәскеуде, Дубаида және Вашингтонда өткен Сән апталықтарына үнемі қатысып келеді. Сонымен қатар Б. Асанова – «Wһіte and black», «Cһіcco’s» және «Vіctorіa secrets» сауда белгілерімен танымал американдық «Mast Іndustrіes» компаниясының ресми дизайнері болып қызмет істеді. «Cһіcco’s by Balnur Assanova» белгісімен киімдерді АҚШ пен бүкіл әлемнің 500 өкілдігінде кездестіруге болады. Қазақстандық сән өнерінің әлемдегі орны қаншалықты? Осы сауалға жауап іздеп, Балнұр Асанованы әңгімеге тарттық.
– Қазақстандағы қазіргі сән өнері туралы пікіріңіз?
– Қазақстанда сән өнері жоқ деген пікірмен келіспеймін. Сән өнері сонау ерте кезден–ақ жолға қойылған. Ата–бабаларымыздың киген әрбір киімдерінің өзі қайталанбас үлгілерге жатады. Олардың тігуге пайдаланған барқыт, шибар¬қыт сияқты маталарының өзі қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Мысалы, Парижге барғанымда осыған көзім жетті. Атақты франциялық дизайнерлер өз еңбектеріне дәл осы барқытты кеңінен қолданып жүр. Сол сияқты велюр де бізден қалған десем артық болмас. Керек десеңіз қазіргі таңда сәнге айналған киім үлгісі, яғни пішу түрлері де қазақтың ұлттық киімінен қалған. Мәселен, еуропалықтар үшін енді ғана сәнге айналған киімдері, бұрынғы қазақтың камзолының үлгісі сияқты. Сондай–ақ, киізден тігілген сырт киімдер де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұның барлығы қазақтың қолөнерінен шыққан дүниелер. Сондықтан, Еуропа емес, Қазақстандық сән өнері әлемді аузына қарата алады.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қосымша мәліметтер
Қазақстандағы модельер дизайнерлері

Кім болмасын әдемілікті жақсы көреді. Әсіресе, сұлулық сыйлау жолында
қызмет етіп жүрген, осы жолды өмірлік ұстанымы етіп алған жандардың орны
айрықша. Сондай жандардың бірі – негізі 1947 жылы қаланған, отандық сән
әлемінің бастау бұлағында тұрған Сымбат сән академиясының арт–директоры
Балнұр АСАНОВА. Ол Мәскеуде, Дубаида және Вашингтонда өткен Сән
апталықтарына үнемі қатысып келеді. Сонымен қатар Б. Асанова – Wһіte and
black, Cһіcco’s және Vіctorіa secrets сауда белгілерімен танымал
американдық Mast Іndustrіes компаниясының ресми дизайнері болып қызмет
істеді. Cһіcco’s by Balnur Assanova белгісімен киімдерді АҚШ пен бүкіл
әлемнің 500 өкілдігінде кездестіруге болады. Қазақстандық сән өнерінің
әлемдегі орны қаншалықты? Осы сауалға жауап іздеп, Балнұр Асанованы
әңгімеге тарттық.
 – Қазақстандағы қазіргі сән өнері туралы пікіріңіз?
– Қазақстанда сән өнері жоқ деген пікірмен келіспеймін. Сән өнері сонау
ерте кезден–ақ жолға қойылған. Ата–бабаларымыздың киген әрбір киімдерінің
өзі қайталанбас үлгілерге жатады. Олардың тігуге пайдаланған барқыт,
шибарқыт сияқты маталарының өзі қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Мысалы,
Парижге барғанымда осыған көзім жетті. Атақты франциялық дизайнерлер өз
еңбектеріне дәл осы барқытты кеңінен қолданып жүр. Сол сияқты велюр де
бізден қалған десем артық болмас. Керек десеңіз қазіргі таңда сәнге
айналған киім үлгісі, яғни пішу түрлері де қазақтың ұлттық киімінен қалған.
Мәселен, еуропалықтар үшін енді ғана сәнге айналған киімдері, бұрынғы
қазақтың камзолының үлгісі сияқты. Сондай–ақ, киізден тігілген сырт киімдер
де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұның барлығы қазақтың қолөнерінен шыққан
дүниелер. Сондықтан, Еуропа емес, Қазақстандық сән өнері әлемді аузына
қарата алады.
– Биылғы жылы Нью–Йоркте LACOSTE, DKNY, Y–3, MІSS SІXTY, CAROLІNA
ҺERRERA, JІLL STUART, BETSY JOҺNSON, DІESEL, ANNA SUІ, CALVІN KLEІN, RALPҺ
LAUREN, DONNA KARAN, TOMMY ҺІLFІGER сияқты әлемдік брэндтермен бірге
коллекцияларыңызды ұсынбақшы едіңіздер?
– Иә, қыркүйектің 5–12–сі аралығында Нью–Йоркте Сән апталығы – ІMG
Fasһіon Week (Mercedes Benz Fasһіon week New York) ашылды. Онда АҚШ пен
бүкіл әлемнің талантты дизайнерлері Көктем–жаз–2009 жаңа маусымына
арналған киім үлгілерін ұсынды. Солармен бірге біз де өз
коллекцияларымызбен таныстырмақшы болдық. Бірақ, оған жай қонақ ретінде
барып қайттық. Себебі, басқа сән апталықтарындағыдай емес, бұл жолы
жарнамалау, шақыру билеттерін тарату, коллекцияларымызды көрсететін әдемі
қыздарды табу сияқты басқа да ұйымдастыру жұмыстарын өзіміз жүргізуіміз
керек болды. Оған уақыт та тығыз. Сондықтан келесі жылдың ақпан айына
ысыруға тура келді.
– Шетелдік дизайнерлер несімен ерекшеленеді?
– Олардың киім үлгілері өзгеше. Көбінесе қыз–келіншектерге арналған
киімдері кеңдеу болып келеді. Қолпылдаған немесе рэп үлгісіндегі киімдерді
көп ұсынады. Оларда толық адамдар көп болғандықтан, кейбір кемшіліктерін
жасыруға тура келеді. Сондықтан соларға ыңғайлап тігіледі. Әсіресе, қара
нәсілді адамдарға арналған арн–би, хип–хоп үлгісі кеңінен таралған немесе
кеңсеге арналған киімдер. Біздегідей ұлттық нақыш мүлдем кездеспейді.
– Сол сән апталығына ұсынатын киім үлгісі қандай болады?
– Біздің ұсынатын киімдеріміз ұлттық нақышта болып келеді. Әрине жаңағы
айтып кеткен шетелдік үлгіден тіпті басқаша. Әр киім қазақы оюлармен
көмкеріледі, ертеден келе жатқан құрақ өнері де қолданылады. Бұл басқа
мемлекет үшін жаңаша үлгі болмақ. Алғаш рет Мәскеуге барғанымызда Ой,
мынау Қазақстаннан ғой, – деп баға берместен кері қайтқандар да болды.
Бірақ, артынан әлемдік үздік дизайнерлердің жоғары бағалауынан кейін арнайы
келіп тамашалаушылар қатары көбейді. Нью–Йоркте болатын Сән апталығы
әлемдік деңгейдегі дизайнерлерді жинайды. Сондықтан еліміздің намысын
қорғауда ең жоғары деңгейде көрінеміз деп сенемін.
– Әр кезде әр түрлі үлгідегі киімді тігу оңай шаруа емес. Сіздің
туындыларыңыз өмірге қалай келеді?
– Кейбір өнер адамдары көңіл–күйім болмаса, жұмысым өнбейді деп жатады.
Менде керісінше. Әдемі заттарды, әдемі дүниелерді көргенде көңілім
көтеріліп қалады. Көзіме түскен қазақтың ою–өрнектері небір үлгілердің
жарыққа шығуына септігін тигізеді. Бір оюдың астарынан бірнеше үлгісін
көруге болады. Әрбір ұлттық өрнектер неше түрлі қиялға жетелейді. Өзім үшін
ғасырлық қор жинай аламын дер едім.
– Өзіңіз гардеробыңызды жиі ауыстырасыз ба?
– Бұрынғыдай емес, соңғы жылдары жиі ауыстырамын. Бірақ, мен өте қымбат
киімге емес, өзіме жарасатын, денеме қонымды дегендеріне жүгіремін. Қымбат
емес киімнің өзі үлгісі жағынан, түсі жағынан жарасып тұрса, кез–келген
адамның өңін ашады. Расын айтсам, өте қымбат киімге ақша шығарғым келмейді.

– Сіздің ойыңызша, біздің қазақстандықтар сәнді киіне ме?
– Әрине. Өзіміздің жерімізде халқымыз сәнді киінеді. Олар сән өнері
туралы көп нәрседен хабардар. Бұрынғыдай сәнге айналған киім 3–4 жылға
кешігіп келмейді. Қазақстандықтар ненің әдемі, ненің әдемі емес екенін
ажырата алады. Бұрынғыдай синтетикадан жасалған дүниелерге жүгірмейді.
Әсіресе өзіміздің қазақтың қыз–келіншектері көркем әрі дұрыс киіне
алады. Бірнеше баланың анасы болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дизайнның даму кезеңін сипаттау
Көшпенділер сән үлгілеріндегі ерекшеліктері
Киім дизайны. Дизайн өнерінің даму тарихы
Дизайн өнерінің даму тарихы
Фото сурет Әйелдердің ежелгі киімдер
Қазақ ұлттық киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, киімініңконструкциясы негізінде ұлттық киімдердің дизайынын жасау
МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ
Шағын байланыс кәсіпорны үшін ақпараттық жүйенің жобасын жобалау
Мини ұзындықтағы сәнді көйлектер
Компас сервис орталығының сипаттамасы
Пәндер