Азаматтық құқықтағы өкілдік жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Өкілдіктің жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Өкілдіктің пайда болуы және оның түрлері ... 11
3. Сенімхат . өкілдің өкілеттігін ресімдейтін құжат ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Азаматтық қатынастардың қарқынды дамуына өкілдік өзінің елеулі үлесін қосады. Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа тұлғалардың — өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз бетінше қатысу мүмкіндігі болады.
Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты, тікелей қатысуына әрекет қабілеттілігінің жоқтығы немесе өзге де өмірлік нақты мән-жайларға байланысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмайтын, науқастығына, жұмыс бастылығына және т.с.с. байланысты өзі қатыса алмайтын жағдайларда өкілдіктің қажеттігі туады. Өкілдің арнайы білімің біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкілдердің қызметіне жүгінетін бірқатар жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер жасауда өкілдік ету және т.с.с.).
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы өкілдік институтының мәнін ашу, оның азаматтық айналымда алатын орныны анықтау, өкілдіктің пайда болу негіздері мен олардың түрлері және мазмұнын ашу, сонымен өкілді ресімдейтін негізгі құжаттың бірі сенімхаттың құқықтық мазмұнын ашу.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл 30тамыз.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі. Жалпы және Ерекше бөлімдері.
3. Гражданское право. Учебник для вузов. Под ред. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. и др. Алматы 1999 г.
4. Гражданское право. Учебник под ред. А.П.Сергеева., Ю.К.Толстого. Москва Проспект 2000 г. 3 ТОМ.
5. Комментарий к Гражданскому кодексу РК. Под ред. М.К.Сулейменова., Ю.Г.Басина. Алматы 2003 г
6. Гражданское право 2-х томах /Под ред. Е.А. Суханова Москва:БЕК1993 С154.
7. Диденко А.Г., Басин Ю.Г., Иоффе О.С. и др. Гражданское право.(учебное пособие). Алматы 1999.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ гуманитарлық заң университеті
Алматы заң академиясы

Азаматық құқық кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Азаматтық құқықтағы өкілдік

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 200ж.

Азаматтық құқықтағы өкілдік
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Өкілдіктің жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Өкілдіктің пайда болуы және оның түрлері ... 11
3. Сенімхат - өкілдің өкілеттігін ресімдейтін құжат
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе

Азаматтық қатынастардың қарқынды дамуына өкілдік өзінің елеулі
үлесін қосады. Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің басқа
тұлғалардың — өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік айналымға өз
бетінше қатысу мүмкіндігі болады.
Солай болса да, азаматтық айналымда өкілдік институты кеңінен
қолданылады. Атап айтқанда, мысалы, заңға байланысты, тікелей қатысуына
әрекет қабілеттілігінің жоқтығы немесе өзге де өмірлік нақты мән-жайларға
байланысты өкілдік беруші адам өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге
асыра алмайтын, науқастығына, жұмыс бастылығына және т.с.с. байланысты өзі
қатыса алмайтын жағдайларда өкілдіктің қажеттігі туады. Өкілдің арнайы
білімің біліктілігін немесе тәжірибесін пайдалану үшін өкілдердің қызметіне
жүгінетін бірқатар жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногында
мәмілелер жасауда өкілдік ету және т.с.с.).
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы өкілдік институтының
мәнін ашу, оның азаматтық айналымда алатын орныны анықтау, өкілдіктің
пайда болу негіздері мен олардың түрлері және мазмұнын ашу, сонымен
өкілді ресімдейтін негізгі құжаттың бірі сенімхаттың құқықтық мазмұнын
ашу.
1. Өкілдіктің жалпы түсінігі

Өкілдік азаматтық құқықтың маңызды институттарының бірі болып
саналады. Азаматтық құқықта бір адамның екінші адамның атынан жасаған
мәмілелері немесе басқа да зандық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа
талап-арыз беру немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші адам үшін
азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын
құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады.
Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам өкіл деп, оның
мүддесіне мәміле жасалатын адам — сенім білдіруші немесе өкілдік беруші
деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің) мүдделері үшін өкіл мәміле
жасайтын адамдар — үшінші жақ деп аталады. Өкілдікті құқықтық реттеу
азаматтық құқыққа тән және көптеген ережелері бойынша көптеген елдердегі
реттеулерге ұқсайды. Мүліктік айналымда өкілдік айтарлықтай кең
қолданылады, бірақ оның қолданылуында көздесетін ерекшеліктерді атап
көрсету қажет. Өкілдің өзі ғана жасай алатын мәмілелерде, сондай-ақ заң
актілері бойынша өкілдің жеке қатысуы көзделген мәмілелерді жасауда не
олардың өкіл арқылы жасалуына тыйым салынатын мәмілелерде өкілдік
қолданылмайды. Өсиет қағазды толтыру өкіл арқылы жасауға тыйым салынған
мәмілеге мысал бола алады.
Егер өсиет қалдырушы қандай да бір себеппен өсиетке қол қоя алмаса,
онда оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы адамның қатысуымен өсиет
қалдырушының қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, басқа азамат қол
қояды. Қол қойған адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін қағаз
бетінде белгілі бір құралмен бейнелеуші болады. Бірқатар мәмілелер немесе
зандық маңызы бар әрекеттер, мысалы, некелесу, еңбек шартын жасасу, өмір
бойы күтіп-бағатын келісіммең үйді иеліктен шығару шартын жасасу заң
актілерінде тікелей тыйым салынбағанның өзінде өзінің сипаты бойынша
өкілдің өзі қатысуың талап етеді, сондықтан оларды өкіл арқылы жасау мүмкін
емес.
Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы
өкілдіктің елеулі қызметі болып табылады. Бұл АК-ның өкілдікке анықтама
беретін 163-бабында тікелей баянды етілген. Зандық маңызы бар әрекеттерді
жасау белгісі жөнінен өкілдіктің барлық өзге қатынастардан айырмашылығы
бар, өйткені оларда бір тұлға екінші тұлғаны алмастырады (мысалы, заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігін оның органы — директор, басқарма арқылы
жүзеге асыру) немесе оған іс жүзінде көмектеседі (мысалы, ақылы көмек
көрсетеді, мердігерлік жұмыстарды жүзеге асырады, тауарларды өткізеді
немесе делдалдық қызмет көрсетеді).[1]
Заңдық әрекеттерді жасау өкілдік берушінің еркін қайталауды ғана емес,
өзінің дербес еркін көрсетуді де талап етеді. Сондықтан өкілдік ұғымына тек
өзін жіберген тұлғаның еркін жеткізетін және өз бетінше өзінің еркін
білдірмейтін, зандық әрекеттер жасамайтын құрал ғана болып саналатын
уәкілдің, шабарманның қызметі кірмейді. Өкілдік өкілдің сенім білдіруші
адамның атынан мәміле жасалуын көздейді. Мәмілені сенім білдірушінің
мүддесі үшін, оның есебінен, бірақ өз атына комиссионер жасайды, ал шарпың
тиісті талаптары болғаңда - сенімгер басқарушы да жасайды. Комиссияның
өкілдікпен экономикалық белгілер бойынша ғана ұқсас белгілері бар —
басқаның есебінен әрекет жасау, бірақ зандық белгісі бойынша емес, өйткені
оның мәні өкілдік білдірушінің атынан әрекет ету болып табылады. Сондықтан
комиссия және өкілдік бойынша қатынастардың салдары бір-бірінен айтарлықтай
өзгеше болады, бұл комиссияны өкілдікке жатқызуға мүмкіндік бермейді.
Басқалардың мүдделері үшін болса да, өз атынан әрекет ететін адамдар
өкілдер бола алмайды. Сондықтан, мысалы, сенімгер басқарушының, уәкілетті
адамның өз атынан әрекет ету қызметі өкілдік болмайды (АК-ның 163-бабының 4-
тармағы).
Өзге адамның мүдделері үшін жүзеге асырылатын, бірақ ол үшін азаматтық-
құқықтық салдары болмайтын қызмет те өкілдік бола алмайды, өйткені
өкілдіктің мәнді белгісі өкілдің заңдық мәмілелер жасауы болып табылады.
Мысалы, оларға өзге адамның атынан мәміле жасау емес, мәмілелер жасауға
көмектесу тапсырылатын коммерциялық делдалдардың қызметі немесе болашақта
жасалатын мәмілелерге, азаматтық-құқықтық шарт болын есептелмейтін ниет
хаттамасына қол қоюға байланысты келіссөздерге қатысу тапсырылатын
адамдардың (атап айтқанда, лауазымдық міндетіне осындай жұмыстарды жүргізу
кіретін занды тұлға қызметкерлерінің) қызметі өкілдік бола алмайды.
Өкілдікте өкіл, өкілдік беруші (сенім білдіруші) және үшінші тұлға
арасында қатынастар туыңдайды. Өкілдікте және өкілдіктің көмегімен жасалған
мәміле бойынша қатынастардың тууы үшін үш тұлғаның бірлескен және үйлесімді
еркі болуы қажет: өкілдік беруші адам арқылы құқықтар мен міндеттерді
белгілеу үшін — өкілдің; өкілдік беруші адаммен қатынас орнату үшін -
үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға өз келісімін ертерек немесе
кешірек беру үшін — өкілдік берушінің еркі болуы керек. Өкіл мен өкілдік
беруші адам арасындағы құқықтық қатынас өкілдіктің өзі болады, оны ішкі
қатынас деп атайды. Өкіл мен үшінші адам арасындағы қатынас сыртқы қатынас
болады, ол өкілдік бойынша өкілеттікті жүзеге асыру болып табылады, оның
дербес сипаты жоқ, өйткені өкілдіктің мәні — өкіл жасаған мәміле бойынша
тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Бір тарабы
өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші адам құқықтар мен міндеттер
субъектісіне айналады, ал үшінші жақ үшін өкіл фигурасының айтарлықтай мәні
болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл арқылы тікелей өкілдік берушімен құқықтық
қатынас орнатады. Өкілдің мәмілесі — бұл заңдық факт, ол өкілдік беруші мен
үшінші адам активті және пассивті субъектілері болып табылатын қатынастарды
туғызады. Өкіл өкілдіктің жәрдемімен орнатылатын қатынастардан тыс қалады
және онда ешқандай құқықтарды немесе мідеттерді иеленбейді.
Құқықтар мен міндеттер субъектісі өкіл емес, өкілдік беруші адам
болатындықтан, онда жалпы азаматтық құқық қабілеттіліктің болуы талап
етіледі. Жалпы ереже бойынша, азаматтық айналымның көз келген субъектісі —
занды тұлға немесе әрекет қабілеттілігінің күйіне қарамастан, азамат
өкілдік беруші адам қызметін атқара алады. Сонымен бірге, бұл жалпы
ережеден бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларда заң
мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша тараптарға белгілі бір талаптар
қояды, мысалы, банк, қамсыздандыру және өзге де лицензияланатын қызметті
жүзеге асырудан туындайтын мәмілелерді жасауға арнайы лицензия болудың
қажеттігі және осы жағдайда өкілдік беруші адам жеке өзі немесе өкіл арқылы
мәміле сау үшін лицензия алуға тиіс. Өкіл арқылы мәміле жасауга қажетті
келесі ерекшелік айналым қабілеті шектеулі мүлікпен мәміле жасауға қатысты
шектеулерден туындайды, мысалы, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді
шетелдіктердің меншігіне сатып алуына тыйым салу, аңшылық жасау қаруларын
сатып алу үшін арнайы рұқсаттың болуы және т.с.с. Бұл жағдайда да өкілдік
беруші адам заңның осыңдай мәміленің тараптарына қоятын талаптарына сай
болуы тиіс.
Сонымен бірге мынаны атап көрсету қажет: әрекетке қабілетсіз азаматтар
өз беттерінше мәмілелер жасауға құқықсыз болатықдықтан, жалпы азаматтық
құқық қабілеттілігін иелене тұра, өкіл арқылы өз беттерінше мәмілелер жасай
алмайтын себепті олардың өкілдік етуіне жол берілмейді. Құқық
қабілеттілігіне заң немесе жарғы арқылы белгілі бір шектеулер қойылуына
байланысты заңды тұлға өз бетінше жасай алмайтын мәмілені өкілдік арқылы
жасауға жол берілмейді, мысалы, мемлекеттік кәсіпорындардың өз беттерінше
және өкіл арқылы кәсіпорынның негізгі қорларына жатқызылған мүлікке қатысты
мәмілелер жасауға құқығы жоқ, не заңды тұлға мәміле жасау үшін өз
жарғысының ережелеріне сәйкес белгілі бір органның (мысалы, байқау
кеңесінің) рұқсатын алуға міндетті.
Егер өкілдік беруші адамда заңның белгілі бір мәмілелерге немесе
азаматтық айналымның белгілі бір субъектілеріне қоятын құқық
қабілеттіліктің; болуы қажеттігі туралы ережесі бұзылатын болса, онда
өкілдің жасаған мәмілесі жарамсыз деп танылады және өкілдік беруші мен
үшінші жақ үшін зандық құқық қатынастар тумайды. Сондықтан, мысалы, егер
өкілдік беруші адам шетелдік болса, ауылшаруашылық мақсатындағы жер
учаскесін меншікке сатып алуды көздейтін мәміле жарамсыз болады, ал өкілдің
азаматтығының бұл жағдай үшін ешқаңдай маңызы болмайды. Егер бұл ұйымдардың
осындай мәмілелерді жүзеге асыруына тыйым салынған болса, мысалы,
банктердің немесе қамсыздаңдыру ұйымдарының өкіл арқылы жасаған және
материалдық құңдылықтармен сауда жасауды жүзеге асыруға бағытталған
мәмілелері жарамсыз болады.
Өкілдіктегі сыртқы қатынастың өкілдік үшін, атап айтқанда, өкілдік
беруші мен үшінші жақ арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерінде
айтарлықтай мәні болатыны даусыз. Өкіл мәміле жасау арқылы өкілдік
берушінің атынан және өзіне берілген өкілеттік шегінде өзінің еркін
білдіретіндіктен, ол шарттарда тікелей контрагент болып саналады. Сондықтан
өкіл арқылы жасалған мәміленің салдарын зерттеуде, мысалы, сенім білдіруші
мен үшінші жақ арасында туған даулар бойынша салдарды зерттеуде (атап
айтқанда, алдау, зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту арқылы жасалған
мәмілелерді жарамсыз деп тануда) сенім білдірушінің емес, өкілдің еркінің
себептері назарға алынуы тиіс. Мәселен, сатып алу-сату шартын жасау көзінде
сатушы сатып алу-сату объектісінің кемістіктері жөнінде өкілге
ескертпегендіктен, бұл мән-жай жасалған мәміленің салдарына ықпал ететін
болады, өкілге саты алу бағасын тиісінше кемітуді, залалдың орнын толтыруды
және т.с.с. талап етуге құқық береді.[2]
Өкілдің өз еркін білдіруі талап етілетіндіктен, жалпы азаматтық әрекет
қабілеттілігі бар адам өкіл ретінде әрекет ете алады, яғни заң бойынша
шартқа қатысуға тыйым салынбаған адам ғана өкіл бола алады. Сондықтан сот
арқылы әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар өкіл бола алмайды.
Кәмелетке толмағаңдар, әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі
шектеулі азаматтар өздері дербес жасай алатын мәмілелер бойынша ғана өкіл
болуға құқылы. Ал мәміле бойынша, өкілдік беруші адамда құқықтар мен
міндеттердің пайда болуы өкілде белгілі бір мәмілелерді жасау үшін қажетті
лицензияның болуын талап етпейді. Өкілдің — занды тұлғаның арнайы құқық
қабілеттілігі де олардың құқық қабілеттілігінің көлеміне кірмейтін
мәмілелерді жасауына кедергі бола алмайды, өйткені олар жасаған мәміле
бойынша өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Өкілдік өкілеттіктері. Өкілдің жасауына рұқсат етілген мәмілелер
ауқымын өкілеттік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның
өкілдік берушінің атынан құқықтық қатынас орнататын адамдары үшін де
міндетті, өйткені кейін оларды өкілдік беруші мақұлдайтын жағдайлардан
басқа реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық салдар
туғыза алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің өкілеттігі оларды
үшінші жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі.
Өкілдің өкілетігі, әдетте, өкілдікке негіз болған заңдық фактінің
мазмұнынан туындайды. Филиалдың басшысын немесе заңды тұлғаның өкілдігін
тағайындауға негізделген өкілдікте заңның талаптарына қарай өкілдік
функцияларын жүзеге асыру үшін басшыға сенімхат берілуі қажет. Бұл жағдайда
өкілдің өкілеттіктері сенімхатта көрсетіледі. Оқиғаларға немесе соттың
шешіміне негізделген өкілдікте өкілдің өкілеттігі заңда баянды етілген
нормалардан келіп шығады. Мысалы, баланың туылуы оқиғасына байланысты
өкілдіктің пайда болуында өкілдердің - ата-аналарының өкілдіктері 14 жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандардың мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 23-
бабының нормаларынан туындайды. Соттың шешімімен азамат әрекетке қабілетсіз
деп танылатын жағдайда өкілдің өкілеттігі әрекетке қабілетсіз адамның
мәміле жасау тәртібін көздейтін АК-ның 26-бабынан туындайды.
Өкілдік мәміледен туындайтын жағдайда өкілдің өкілеттігі оның
шарттарында баянды егіледі. Мәселен, тапсырма немесе коммерциялық өкілдік
шартын жасасуда өкілдің өкілеттігі не шартта, не сенім білдірілген немесе
коммерциялық өкіл беретін сенімхатта көрсетіледі.
Өкілеттік кейде өкілдік берушінің өз өкілін мәжбүр еткен мән-жайдан да
туындауы мүмкін, мысалы, дүкендегі сатушы, бөлшек сауда бойынша мәміле
жасайтын уәкілетті адам, банк кассасы бөлмесшдегі ақша қабылдауға, беруге
және ақшалай есеп айырысудың өзге де түрлерін жасауға уәкілетті кассир.
Мұндай жағдайларда өкілдің өкілеттіктері лауазымдық міндеттерден туындайды
жөне оларды сенімхатпен куәландыруды қажет етпейді.
Егер мәміле жасау кезінде ол осымен бір мөзгілде осы адамның өкілі
болса, сенім білдіруші адамның мүдделерін қорғау мақсатында өкілге өкілдік
берушінің атынан мәміле жасауға тыйым салынған. Өзгеше жағдай екі немесе
көп жақты мәмілелердің табиғатына қайшы келген болар еді, өйткені екі
немесе одан көп тараптардың еркін міңдетті түрде үйлестіруді бір адамның -
өкілінің ғана еркі алмастырған болар еді. Соңдықтан мұндай мәмілелер
бойынша бір мөзгілде екі тараптың мүдделерін білдіруге тыйым салынған
жағдайларды бұза отырып жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылады.
Коммерциялық өкілдік қана бұл ережеге жатпайды, өйткені онда өкілдікті
кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде жүзеге асыратын және тиісінше өз
әрекеттері үшін кәсіпкерлік жауап беретін адамның шарттың түрлі
тараптарының мүдделерін білдіруіне рұқсат етіледі.[3]

2. Өкілдіктің пайда болу және оның түрлері

Қолданыстағы заңнама бойынша заң немесе шарт өкілдіктің пайда болуының
негізі болып табылады. Заң арқылы пайда болатын өкілдік заңды немесе
қажетті өкілдік деп аталады. Шарттың негізінде пайда болатын өкілдік
шарттық немесе ерікті өкілдік деп аталады. Белгілі бір адам кемістіктерінің
немесе әрекетке қабілетсіздігінің орнын толтыру қажет болатын жағдайларда
заңды өкілдік пайда болады. Әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке
қабілеттілігі шектеулі деп танылған кәмелетке толмағандарға (есі ауысқан,
нашақор, маскүнем және т.с.с. науқастарға) қамқоршылық белгілеу занды
өкілдікке мысал болады. Заңды өкілдіктің пайда болу жағдайлары заңдарда
баянды етілген. Заңда заңды өкілдіктің пайда болуына қажетті заңдық
фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.
Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда
болады:
— өкілдік қатынастардың басталуына себепші болатын оқиғалар, мысалы,
заң баланың туылуына байланысты ата-аналарға өкілдік қызметін атқару
уәкілеттігін береді;
— өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі, мысалы, соттың
шешімімен азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану және оған қамкоршынық
белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен оның қамқоршысы арасында өкілдік
қатынастар орнатады;
— занға сәйкес өкілдік қатынастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы,
бала асырап алушылықты ресімдеу.
Бастапқыда өкілдік заңды өкілдік түрінде пайда болған. Міндеттеменің
жеке-даралық сипатымен үйлеспейтіні ерікті өкілдікті мойындамаған рим
құқығы қалыптастырған айтарлықтай дамыған заңды өкілдік институты кейін
құқықтың дамуына және біршама өзгеріске ұшырауға байланысты заңды және
ерікті өкілдікті бірдей қамтитын осы заманғы өкілдік институтына негіз
қалады.
Занды өкілдік мүліктік айналымда айтарлықтай кең таралған. Ол әрекетке
қабілетсіз адамдарға қатысты туындайды. 14 жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар толығымен әрекетке
қабілетсіз деп танылады. Қамқоршылықты белгілеу негіздерін, шарттарын,
тәртібін неке-отбасы зандарының нормалары, атап айтқанда, Неке және отабсы
туралы заңның тиісті нормалары реттеп отырады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар, сөзсіз, азаматтық құқық
субъектілері ретінде танылады, өйткені олар жалпы құқық қабілеттілікті
иеленеді. Сонымен бірге, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағаңдар және
қамқоршылыққа алынған азаматтар өз әрекеттерінің салдарын түсіне
алмайтындықтан, азаматтық құқық мұндай адамдардың өз әрекет-терімен құқықты
иеленіп, міндеттер атқару мүмкіндігі ретіндегі әрекетке қабілеттілігін
мойындамайды. Сондықтан заң мұндай адамдардың әрекетке қабілеттілігін
толықтыра түсу үшін занды өкілдері болып табылатын ата-аналары не
қамқоршылары арқылы 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен
қамқоршылыққа алынған азаматтардың құқықтарды иеленіп, міндеттер атқаруын
көздейді. Бұл арада әрекетке қабілеттіліктің мәміле жасауға қабілеттілік
секілді элементі азаматтық айналымның әрекетке қабілетті және әрекетке
қабілетсіз тұлғалары арасындағы құқық қабілеттілік келемін жіктеудің
негізгі өлшемі болып табылатынын атап көрсету қажет.
14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәміле жасайтын ата-
аналар, асырап алушылар немесе қамқоршылар, сондай-ақ белгіленген төртігшен
әрекетке қабілетсіз деп таныжан азаматтар үшін мәміле жасайтын қамқоршылар
олардың заңды өкілдері болып табылады. Бұл жағдайда өкілеттік белгілі бір
фактінің пайда болуына, мысалы, оқиғаға (баланың туылуы), соттың шешіміне
(азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану) байланысты өкілдіктің пайда болуына
қатысты заңдардан туындайды және қандай да бір ресімдеуді керек етпейді.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың және әрекет
қабілеттілігі шектеулі азаматтардың әрекет қабілеттілігін анықтау, демек,
мұндай адамдарға қатысты заңды өкілдікті қолдану шегін анықтау тәртібі
айтарлықтай күрделі әрі бірқатар мөн-жайларға байланысты. Мұңдай адамдар,
өдетте, ата-аналарының (заң бойынша қорғаншылар болатын), не заң тәртібімен
белгіленген қорғаншыларының келісімі болғанда мәміле жасауға құқылы,
соңдықтан бұл жағдайда ешқандай өкілдік туралы еңгіме болуы мүмкін емес.
Оның үстіне, 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің
табыстарына, шәкіртақысына, өзге кірістеріне, өздері жасаған
интеллектуалдық меншік объектілеріне өздері билік етуге, сондай-ақ
тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз беттерінше жасауға құқылы. Солай бола тұрса
да, қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары жеткілікгі негіздер
болатын реттерде кәмелетке толмағанды өз табысына, шәкіртақысына, өзге де
кірістеріне, өзі жасаған интеллектуапдық меншік объектілеріне өз бетінше
билік ету құқығынан айыруы мүмкін. Мұндай жағдайда, 14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандарға қолданғандағыдай, 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке
толмағандардың ата-аналары немесе қамқоршылары олардың өкілдері ретінде
әрекет етеді.
Заңды өкілдер, әдетте, олардың қамқорлығындағы адамдар жасай алатын
мәмілелердің барлығын немесе өзге де заңдық тұрғыдан маңызды болып
табылатын әрекеттерді жасауға құқылы. Сонымен бірге заң белгілі бір зандық
фактінің тууына байланысты өкілдіктің пайда болуымен байланыстырылатын
заңды өкілдердің белгілі бір санаттарының өкілдіктеріне белгілі дәрежеде
шектеулер қоюы мүмкін. Мәселен, қамқоршылар өкілдік беруші адамның мүлкін
кепілге салу, түрғын үйін айырбастау, қамқорлығындағы адамның құқықтарынан
бас тартуы, мүрадан бас тартуы сөкілді кейбір мәмілелерді жасау үшін
қамқоршылық жөне қорғаншылық жасау оргаңдарының келісімін алуы қажет.[4]
Ата-аналарының занды өкілдігі болатын жағдайларда да, атап айтқаңда,
кәмелетке толмаған балалар меншік иелері болын табылатын жекешелендірілген
пәтерге билік ету көзінде де аталған әрекеттерді жасау үшін қамқоршылық
және қорғаншылық жасау органдарының келісімін алу қажет. Әр түрлі өмірлік
жағдайларда белгілі бір заңдық әрекеттерді өз бетінше жасау мүмкіндігінің
болмауына байланысты адамның қызмет ету саласын ұлғайту немесе ауыстыру
қажет болатын реттерде шарттық өкілдік пайда болады. Өкілдік қатынастар
орнататын белгілі бір мәмілелердің негізінде, мысалы, сенімхат беру,
коммерциялық өкілдік шартын жасау, тапсырма беру шартын жасау негізінде
шарттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
Азаматтық құқықтағы өкілдік ұғымы
Өкілдік қатынастарының субъектілері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Отбасы құқығы түсінігі
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
азаматтық құқықтағы өкілдік түсінігін ашу және оны сипаттау
Азаматтық құқықтағы өкілдік
Пәндер