Монғол дәуірі



1. Шыңғысханның соғыс жоспарлары;

2. Қазақстан мен Орта Азияға жорығы;

3. Шыңғысханның өлімі және Батый басшылығы;

4. Алтын Орда көтерілісі;
Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадур отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «ондықтан» тұрды.
1207–1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208–1209 жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиялдын шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістін аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.
Қытайда монғолдар согыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғысхан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтеп, ол Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым Министрлiгi Атырау Мұнай және Газ
Институты

Әлеуметтiк-гуманитарлық пәндер
кафедрасы

Тақырыбы: Монғол дәуірі

Дайындаған: Нуроллаева В.Н.
Тексерген: оқытушы Шаданова А.

Атырау 2005 жыл

Жоспар:

1. Шыңғысханның соғыс жоспарлары;

2. Қазақстан мен Орта Азияға жорығы;

3. Шыңғысханның өлімі және Батый басшылығы;

4. Алтын Орда көтерілісі;

Шыңғысханның соғыс жоспарлары.
Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол
феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян
Есугей баһадур отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың
барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында
Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан
деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери
ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл
жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол)
атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан
тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде мыңдық,
ондықтан тұрды.
1207–1208 жж. қысында Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Енесей
қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінндегі басқа да орман халықтарын
бағындырды. 1208–1209 жж. Шыңғысхан әскерлері тұтқиялдын шабуыл жасап,
танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыстың қахарынан сескенген қазіргі
Шығыс Түркістін аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211
ж. Шыңғысхан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь
мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) бағындырды.
Қытайда монғолдар согыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен
танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны
пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғысхан жауынгерлік дайындығын күшейте
берді.
Сөйтеп, ол Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен
Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен,
босқындардан мәлімет жинады.

Қазақстан мен Орта Азияға жорығы.
Шыңғысхан Қазқстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші
болды. өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқанда, бай
қалалары бар жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер
жіберді. Жетісуді Шыңғысханкөп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан
кейін Шыңғысханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған
хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны
бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы
Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып,
әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғары Сыр бойымен төмен
бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды
бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғысхан ұлы Төлеймен бірге әскерімен Бұхараға
беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол
әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғысханға
қалаларда тұрған шағын шоғырды онай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғысхан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға
аттандырды. Онтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мыс. Отырар
6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек – 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер
басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп
кетті. әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп, Отырар
қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғысханға
қосылды. Бұл кезде Шыңғысхан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын
Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 көкекте монғолдар
Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта
Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхара, Самарқанд, Үргенш
үлкен қарсылықпен алынды. 1219 – 1221 жж. Шыңғысхан әскері Орта Азияны
ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және
Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Монғол әскерілерінің басшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30
мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Кавказға кірді.
Монғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді.
Олар орыс жерінің онтүстік аймағын ойрандап, Дешты Қыпшақ (қазақ жері)
даласы арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.
Сонымен, 1219 – 1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта
Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді
балаларына бөліп берді. Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан
батысқа қарай монғол атының тұяғы тиетін жер, онтүстікке қарай Каспий мен
Арал теңізіне дейінгі жерде үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы
иеліктерінен Жошы ұлысына – Амудың төменгі жағындағы аудандар (солтүстік
хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.
Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу
мен Қашғар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның
ордасы қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі және монғол тілдеріне ортақ лексика
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Қазақстан тарихы туралы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет
Н.А.Баскаков классификациясы.В.В.Радлов және түркология
Қазақ хандығының нығаюы
Пәндер