Кiшi ашық экономика



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 КIШI АШЫҚ ЭКОНОМИКА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

Капитал мен тауарлардың халықаралық ағымдары ... ... ... ... ... ... ... ...4
Айырбас бағам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Ашық экономикадағы Манделл . Флеминг моделi ... ... ... ... ... ... ... ..14


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

ТЕСТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19

ЕСЕП ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Қазiргi жаһандану кезенде әлемдегi барлық елдер бiр-бiрiмен тығыз байланыста болып, әлемдiк шаруашылықты құрып отыр.
Егемендiгiн алғанына аз ғана уақыт болған елiмiздiң де осы әлемдiк экономикада өзiндiк үлесi бар. Елiмiз әлемдiк шаруашылықта рыноктық қатынастағы дамушы ел деп танылуда.
Осы тақырыпқа макроэкономикалық тұрғыдан келетiн болсақ экономиканы жабық және ашық экономика деп қарастыруға болады. Ашық экономикада негiзгi макроэкономикалық теңдеуге экспорт пен импорт ұғымдары қосылады. Мұның мағынасы бiр елдегi артық тауарлар мен қызметтердiң екiншi бiр сол өнiмдерге сұранысы туып отырған елге экспортталуымен және басқа қажеттi өнiмдердi импорттаумен байланысты болып отыр.
Меркантелистердiң өздерi елдiң дамуы үшiн iшкi экономикалық қызметтермен қатар сыртқы экономикалық сауданың орнының ерекше екенiн атап көрсеткен. Қазiргi халықаралық экономикалық қатынастарда әр ел өзiнiң экономикалық жағдайына байланысты әлемдiк шаруашылыққа әр түрлi әсер ете алады. Республикамыз ендi ғана экономикасы жанданып келе жатқан тұста әлемдiк экономикға әлi де өз әсерiн тигiзе алмайды. Сондықтан ол әлемдiк стандарттар бойынша қызмет етедi, яғни экономикалық жағдайы әлемдiк өзгерiстерге тәуелдi. Ал мұндай экономиканы макроэкономикада кiшi ашық экономика деп атайды. Осы кiшi ашық экономкианың макроэкономикалық талдауларын тиiмдi жүргiзiп, тиiмдi қолдана бiлсек елiмiздiң болашағы жарқын болмақ.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Кiшi ашық экономика” деп алдым.
1. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
2. Агапова Т. А., Серегина С. Ф. – Макроэкономика. - Учебник. – МГУ. - Изд-во “Дис”. - 1999. – 416с.
3. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. - Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М., - Дело. 2002. – 472 с.
4. Мэнкью Н.Г. - Макроэкономика. – Москва. - 1994 г. – 630 с.
5. Гальперин В.М. и др. - Макроэкономика. – СПб. - 1997г. - 630 с.
6. Дорнбуш Р., Фишер С. - Макроэкономика. - Пер. с англ. – М.: Изд-во МГУ. - 1997. – 784 с.
7. Микро-макроэкономика. - Практикум. - Под общ. ред. Ю.А. Огибина. – СПб. - 1994 г. - 230 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факулльтетi

Экономикалық процесстердi модельдеу кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

КIШI АШЫҚ ЭКОНОМИКА

Орындаған:
2 курс студентi

Ғылыми жетекшi:
э.ғ.к ., доцент Р.Т. Дуламбаева

Алматы, 2004

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

1. КIШI АШЫҚ ЭКОНОМИКА
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4

1. Капитал мен тауарлардың халықаралық ағымдары
... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Айырбас бағам
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 10
3. Ашық экономикадағы Манделл – Флеминг моделi
... ... ... ... ... ... ... ..14

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..18

ТЕСТ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ЕСЕП
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

ҚОЛДАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

КIРIСПЕ

Қазiргi жаһандану кезенде әлемдегi барлық елдер бiр-бiрiмен тығыз
байланыста болып, әлемдiк шаруашылықты құрып отыр.
Егемендiгiн алғанына аз ғана уақыт болған елiмiздiң де осы әлемдiк
экономикада өзiндiк үлесi бар. Елiмiз әлемдiк шаруашылықта рыноктық
қатынастағы дамушы ел деп танылуда.
Осы тақырыпқа макроэкономикалық тұрғыдан келетiн болсақ экономиканы
жабық және ашық экономика деп қарастыруға болады. Ашық экономикада негiзгi
макроэкономикалық теңдеуге экспорт пен импорт ұғымдары қосылады. Мұның
мағынасы бiр елдегi артық тауарлар мен қызметтердiң екiншi бiр сол
өнiмдерге сұранысы туып отырған елге экспортталуымен және басқа қажеттi
өнiмдердi импорттаумен байланысты болып отыр.
Меркантелистердiң өздерi елдiң дамуы үшiн iшкi экономикалық
қызметтермен қатар сыртқы экономикалық сауданың орнының ерекше екенiн атап
көрсеткен. Қазiргi халықаралық экономикалық қатынастарда әр ел өзiнiң
экономикалық жағдайына байланысты әлемдiк шаруашылыққа әр түрлi әсер ете
алады. Республикамыз ендi ғана экономикасы жанданып келе жатқан тұста
әлемдiк экономикға әлi де өз әсерiн тигiзе алмайды. Сондықтан ол әлемдiк
стандарттар бойынша қызмет етедi, яғни экономикалық жағдайы әлемдiк
өзгерiстерге тәуелдi. Ал мұндай экономиканы макроэкономикада кiшi ашық
экономика деп атайды. Осы кiшi ашық экономкианың макроэкономикалық
талдауларын тиiмдi жүргiзiп, тиiмдi қолдана бiлсек елiмiздiң болашағы
жарқын болмақ.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Кiшi ашық экономика” деп
алдым.

КIШI АШЫҚ ЭКОНОМИКА

1. Ашық экономикадағы капитал мен тауарлардың халықаралық ағымдары

Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан
басталады, өйткенi халықаралық экономикалық қатынастардың негiзiн сыртқы
сауда құрайды. Ашық экономиканың маңыздылығы қазiргi уақытта экспорт пен
импорттың көлемi ЖҰӨ деңгейiне, жұмысбастылыққа тiкелей әсер етедi. Бұл
көрсеткiштер жалпы макроэкономикалық теңдестiкке әсерiн тигiзедi.
Экспорттық салалардағы өндiрiстiң өсуi шет мемлекеттерде қарастырылып
отырған мемлекеттiң тауарларына сұраныстың өсуiн көрсетедi, бұл
қарастырылып отырған мемлекеттiң ЖҰӨ көлемiн өсiредi. Керiсiнше, импорттың
өсуi шет мемлекеттердiң тауарына сұранысты өсiредi, бұл жағдай ЖҰӨ көлемiн
кемiтедi. 1, 394 б.
Ашық экономиканың жабық экономикадан ерекшелiгi жабық экономикадағы
макроэкономикалық көрсеткiштерге ашық экономика көрсеткiштерi қосылады.
Мысалы, экспорт пен импорт, әлемдiк пайыз қойылым және айырбас бағамдары.
Ашық экономикада ұлттық табысты есептеу келесi теңдеумен берiледi:

Y = C + I + G + ( EX – IM ) (1)

Мұндағы:
Y - өнiм көлемi;
С – тауарлар мен қызметтердi тұтыну;
I – инвестициялар;
G – мемлекеттiк шығындар;
( EX – IM ) – экспорт пен импорт айырмасы сальдосы. Бұл таза
экспорт N x-тi бередi. 2, 356 б.
N x - ашық экономикадағы негiзгi компонент болып табылады. Ол
мынаған тең деп белгiленедi:

NX = Y – ( C + I + G ) (2)

Бұл теңдеу ұлттық шоттың негiзгi тепе-теңдiгi болып табылады. Мысалы,

Y C + I + G = N x ↑
Y C + I + G = N x ↓
Ендi халықаралық капитал қозғалысы шоты мен ағымдағы операциялар
шотына нақты келетiн болсақ тағыда негiзгi макроэкономикалық теңдеуге
келемiз. 3, 339 б.

Y = C + I + G + ( EX – IM )

Бұдан келесi теңдеудi шығарып аламыз:

Y – C – G = I + NX (3)

Бұл теңдеудiң сол жағы көрiп отырғанымыздай ұлттық жинақты бередi.
Осылайша, ұлттық жинақ iшкi инвестициялар мен таза экспортты қаржыландыруға
жұмсалады.

S = I + NX (4)

Мұндағы:
S – ұлттық жинақ.
Осы көрсеткiштердi теңдiктiң бiр жағына шығарып, нолге теңестiргенде
ағымдағы операциялар шоты мен капитал қозғалысы шотының негiзгi теiдеуi
шығады. 3, 339 б.

( I – S ) + N X = 0 (5)

Бұл теңдеу ұлттық есептегi халықаралық шоттардың байланысын, яғни (
I – S ) капитал қозғалысы шоты мен N X халықаралық тауарлар мен
қызметтер ағымы арасындағы. Мысалы, ( I – S ) оң сальдо болса, онда N X
екеуi нолге тең болу үшiн терiс сальдо болу керек. Бұл жерде екi жағдай
болуы мүмкiн:

1. I S, мұнда инвестиция сұранысы көп, ұсынысы аз дегендi
көрсетедi. I – капитал немесе инвестиция сұранысы, ал S – капитал немесе
инвестиция ұсынысы. Онда екi шара қолданамыз: әлемдiк экономикадан дайын
өнiмдер аламыз немесе екiншi шара қаржыны несиеге аламыз.
2. I S, мұндай жағдайда ұлттық экономикада жинақтар көбейiп,
сыртқы инвестицияларға сұраныс азаяды және экспорт өседi. 4, 512 б.
Кiшi ашық экономикада басты экономикалық шарт әлемдiк пайыз қойылым
r* = r болып табылады. Өйткенi кiшi ашық экономика әлемдiк экономикаға
әсер ете алмайды, сондықтан iшкi пайыз қойылым әлемдiк пайыз қойылымға тең
болу керек.
Ашық экономика моделiнiң шарттары:
1. Y = Y = F ( K, L );
2. C = C ( Y – T );
3. I = I(r);
4. r = r*
Сонда N х тек қана инвестицияға әлемдiк пайыз қойылымның өзгеруiне
байланысты болады. Оны келесi теңдеуден көру болады:

N X = ( Y – C – G ) – I (r*) (6)
Мұндағы:
r* - әлемдiк пайыз қойылымы.
Осы теңдеу жинақ көлемдi және инвестиция көлемiн немесе капитал
қозғалыс шотын және ағымдағы операциялар шотын қандай элементтер
анықтайтынын көрсетедi. Ол ең бiрiншi ұлттық жинақтың бюджеттiк салық
саясатына байланыстылығы. Мысалы, G↑, Т↓ ондай жағдайда ұлттық жинақ S
көлемi де азаяды.
Екiншiден инвестиция көлемi немесе сұранысы көлемi. Бұл көрсеткiш I→
r*. Ендi осыны 1-шi суретте көрсетейiк. 5, 574 б.

r* S

r*

r0 I (r*)

I, S
80 100

Сурет-1 – Инвестиция кiшi ашық экономикадағы негiзгi өзгерiп отыратын
көрсеткiш

Мұндағы:
r0 - iшкi пайздық қойылым;
r* - әлемдiк пайыздық қойылым.
Бұл график бойынша әлемдiк пайыз қойылымы iшкi пайыз қойылымынан
жоғары болып тұр, яғни бiздiң инвестициялық сұранысымыз азаяды және ұлттық
инвесторлар сыртқа шыға бастайды. 6, 579 б.
Капитал қозғалысы шотына және ағымдағы операциялар шотына әсер ететiн
факторлар немесе саясаттарына iшкi бюджеттiк салық саясат, шетелде
жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаттары және инвестиция сұраныстың өзгеруi
жатады.
1) Iшкi бюджеттiк-салық саясатының әсерi. Мысалы, G↑, T↓ деп алайық.
( Сурет-2) 6, 737 б.

r* S2 - I S1 - I

r1

r=r* I (r*)

I, S
I = S

Сурет-2 – Iшкi бюджеттiк-салық саясатының G↑, T↓ кездегi әсерi

а) G↑ өссе S↓, яғни I S онда N x терiс болып келедi.
ә) T↓ → ( Y – T )↑ → C↑ → S↓ жағдайлары орын алады.
G↑, T↓ - экспанция бюджеттiк салық саясаты, ал G↓, T↑ - рестрикция
бюджеттiк салық саясаты деп аталады. 2, 364 б.
2) Шетелде жүргiзiлетiн бюджеттiк-салық саясаты.
Шетелдiк саясаттар кiшi ашық экономика болғандықтан ұлттық экономикаға
өз әсерiн тигiзедi. Шетелдiк мемлекеттiк шығындар өссе G↑ онда олардың
жинақтары азаяды да, шетелдiк пайыз қойылымы өседi. Ұлттық инвесторлар
сыртқа шыға бастайды, соның есебiнен таза экспорт өседi.
3) Инвестиция сұраныстың өзгеруi. Мысалы, iшкi экономикада мемлекет
салық жеңiлдiктерiн енгiзедi деп есептейiк.

r* S

r1
I2 (r*)
r* I (r*)

I, S
I = S

Сурет-3 – Iшкi экономикада жеңiлдiктердiң енгiзiлуi

Мұндай жағдайда ұлттық экономикада инвестиция деген сұраныс артады,
iшкi пайыздық қойылым көтерiледi, шетелдерден инвестициялар келе бастайды,
жалпы таза экспорт көлемi азаяды. Яғни, I S, r↑, N x ↓. 3, 340 б.

2. Айырбас бағамдары

Ашық экономикада айырбас бағамдарының орны ерекше. Айырбас бағамы
атаулы және нақты болып бөлiнедi.
Нақты айырбас бағамы – екi мемлекетте өндiрiлген тауарлардың
салыстырмалы бағалары немесе сауда шарттары болып табылады. Ол келесi
теңдеумен берiледi:

E = e P P* (7)

Мұндағы:
Е – нақты айырбас бағамы;
е – атаулы айырбас бағамы;
Р* - шетелде шығарылған тауардың бағасы;
Р – iшкi бағалар. 2, 347 б.
Мысалы, Р P* = E↑, онда N x ↓ азаяды. E↑ iшкi валюта
құнсызданады. Нақты айырбас бағам көтерiлсе онда бiздiң тауарларымыз
қымбаттайды, импорт көбейедi немесе керiсiнше жағдай болуы мүмкiн.
Атаулы айырбас бағамы (е) – екi елдiң валюталарының салытырмалы
бағасы.

E = e P P*

Мұндағы атаулы айырбас бағамы АҚШ бойынша e = $ теңге, Европа
жүйесi бойынша e = теңге $ болып келедi. Сондықтан экономикада
көбiнесе нақты айырбас бағамын қолданады, өйткенi ол арқылы екi елдегi
тауарлардың салыстырмалы бағалары қарастырылады. 2, 351 б.
Нақты айырбас бағамды анықтайтын факторларға:
1. N x таза экспорт, төлем балансының ағымдағы шоты;
2. N x = S – I;
а) S = Y – C – G;
ә) Инвестиция функциясымен немесе әлемдiк пайыз қойылыммен
байланысты. 6, 443 б.
E N = S - I (8)

Мұнда екеуiн теңестiретiн жерi айырбас бағамы болып табылады.

E S - I

Ұсыныс

E0 N x (E)

N x
Сұраныс

Сурет-4 – Нақты айырбас бағамының тепе-теңдiк нүктесi

Мұндағы:
Е0 – нақты айырбас бағамының тепе-теңдiк нүктесi.

Ендi осы нақты айырбас бағамына әсер ететiн саясаттарды қарастырайық.

1) Бюджеттiк-салық саясаты.
а) Мемлекет жүргiзетiн iшкi бюджет-салық саясаты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Қазақстан Республикасының халықаралық сауда саясаты
Экономика саласындағы Нобель сыйығының лауреаттары
Кәсіпкерліктің маңызы жоне қызметтері
Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері
Сыртқы сауда туралы
Экономикалық жүйелер туралы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің негізгі проблемалары және оны шешу жолдары
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының орындалуы
Пәндер