Араб халифаты туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Араб Халифатының құрылу тарихы және оның алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Араб Халифатының қоғамдық және мемлекеттік құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
3. Араб Халифаты құқықтық жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
4. Араб Халифатының құлдырауы және оның себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
5. Араб Халифатында мұсылман құқығы қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
6. Мұсылман құқығының мәтіндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
VІ – VІІ ғасырлардағы, яғни магометанттік (исламисттік) реформациялар тұсындағы Аравиядағы әлеуметтік қатынастар өте күрделі қатынастар болып табылды. Елдің аумағының көпшілік бөлігінде алғашқы қауымдық құрылыс сарқыншақтары қалып отырды, бұл қоғамның арасындағы адамдардың тайпалық байланыстарынан, қанды кектен, жерді ортақтасып иеленуден және тағы басқалардан айқын көрініп отырды. Сонымен қатар бұл ретте рудың байыған адамдары да бөлініп шығып отырды. Бұл кезеңде сауда мен қолөнер кең тарап, ірі-ірі қалалар пайда бола бастайды.
Ауылдық қауымдастықтармен өмір сүрген шаруалар, ірі қара иеленушілердің басым бөлігі секілді жердің жеке меншікке өтуіне барынша қарсы болды және әлеуметтік теңдік болсын деген позицияны ұстанды. Ерекше қызғанышты үлкен сауда қалалары туғызды.
Бұл жағдайда теңсіздікті, байлардың қолында биліктің шоғырлануын діни түрде айтқан ілім пайда болады, ол бойынша еркін адамдардың теңдігі дәріптеліп, әлеуметтік дағдарыстың шығу жолы ретінде ислам дінінің туының астында діни соғыс арқылы жаңа жерлерді жаулап алу танылды.
Бұл курстық жұмыста осы VІ – VІІ ғасырларда өмір сүрген ірі мемлекеттердің бірі – Араб Халифаты туралы сөз болады. Араб Халифатының пайда болуының алғышарттары, бұл мемлекетте өмір сүрген қоғамдық формация және олардың бірінен біріне өтуі, күшеюі және құлдырауы, ең бастысы Аравиядағы құқықтың қайнар көзі және оның басқа мемлекеттердегі құқықтан ерекшелігі туралы сөз болады.
Аравия мемлекетінің VІ – VІІІ ғасырлардағы қоғамдық және мемлекеттік құрылысы өзінің спецификалық ерекшеліктерімен және күрделілігімен көзге түсіп, қызықтырады. Бұл да өз кезегінде осы курстық жұмыстың зерттеу, әрі оқу объектілерінің бірі болып табылмақ.
1. З.М.Черниловский. Всеобщая история государства и права. – М.: ЮРИСТЪ, 1999.
2. Всеобщая история государства и права. Учебное пособие под ред. К.И.Батыра. Москва “МАНУСКРИПТ” 1993.
3. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. А. Мұхтарова. Алматы,1999.
4. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. З.М.Черниловский. Москва 1996 г.
5. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. Том 2. Алматы 1996 г.
6. Всеобщая история государства и права. К.И.Батыр. Москва 1998 г.
7. Всеобщая история государства и права. Д.Л.Булгакова., А.Ж. Итаев. Алматы 2000 г.
8. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. 2 том/Сост. Е.Г.Ли, В.В.Нездемковский, М.Е.Сагинаев. Учебное пособие. – Алматы: КазГЮА, 2001 год.
9. История государства и права зарубежных стран” под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенинникова Москва 1988г

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

Мемлекет және құқық теориясы мен
тарихы кафедрасы

Тақырыбы: Араб халифаты

Орындаған: Нүрекенов Т.
Тексерген: Мынбатырова Н.К.

АЛМАТЫ 2005 ж.

ЖОСПАР:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3

1. Араб Халифатының құрылу тарихы және оның алғышарттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...4
2. Араб Халифатының қоғамдық және мемлекеттік
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..8
3. Араб Халифаты құқықтық жүйесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 13
4. Араб Халифатының құлдырауы және оның
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .
... ... ... ... ... .16
5. Араб Халифатында мұсылман құқығы қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .18
6. Мұсылман құқығының
мәтіндері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..31

КІРІСПЕ

VІ – VІІ ғасырлардағы, яғни магометанттік (исламисттік)
реформациялар тұсындағы Аравиядағы әлеуметтік қатынастар өте күрделі
қатынастар болып табылды. Елдің аумағының көпшілік бөлігінде алғашқы
қауымдық құрылыс сарқыншақтары қалып отырды, бұл қоғамның арасындағы
адамдардың тайпалық байланыстарынан, қанды кектен, жерді ортақтасып
иеленуден және тағы басқалардан айқын көрініп отырды. Сонымен қатар бұл
ретте рудың байыған адамдары да бөлініп шығып отырды. Бұл кезеңде сауда мен
қолөнер кең тарап, ірі-ірі қалалар пайда бола бастайды.
Ауылдық қауымдастықтармен өмір сүрген шаруалар, ірі қара
иеленушілердің басым бөлігі секілді жердің жеке меншікке өтуіне барынша
қарсы болды және әлеуметтік теңдік болсын деген позицияны ұстанды. Ерекше
қызғанышты үлкен сауда қалалары туғызды.
Бұл жағдайда теңсіздікті, байлардың қолында биліктің шоғырлануын
діни түрде айтқан ілім пайда болады, ол бойынша еркін адамдардың теңдігі
дәріптеліп, әлеуметтік дағдарыстың шығу жолы ретінде ислам дінінің туының
астында діни соғыс арқылы жаңа жерлерді жаулап алу танылды.
Бұл курстық жұмыста осы VІ – VІІ ғасырларда өмір сүрген ірі
мемлекеттердің бірі – Араб Халифаты туралы сөз болады. Араб Халифатының
пайда болуының алғышарттары, бұл мемлекетте өмір сүрген қоғамдық формация
және олардың бірінен біріне өтуі, күшеюі және құлдырауы, ең бастысы
Аравиядағы құқықтың қайнар көзі және оның басқа мемлекеттердегі құқықтан
ерекшелігі туралы сөз болады.
Аравия мемлекетінің VІ – VІІІ ғасырлардағы қоғамдық және мемлекеттік
құрылысы өзінің спецификалық ерекшеліктерімен және күрделілігімен көзге
түсіп, қызықтырады. Бұл да өз кезегінде осы курстық жұмыстың зерттеу, әрі
оқу объектілерінің бірі болып табылмақ.

1. Араб Халифатының құрылу тарихы

Халифат өзіндік бір ертефеодалдық мемлекет ретінде шоғырлану
орталығы Аравия жартыаралы болып табылған араб тайпаларының бірігуі
нәтижесінде пайда болды.
V – VІ ғасырларда Оңтүстік-Батыс Аравияда өндірістің құлиеленушілік
тәсілінде дағдарыс орын алып, ертедегі өркениет мемлекеттері құлдырауға
ұшырайды. Осымен біруақытта көшпелі және жартылай отырықшы араб
тайпаларының арасында тайпалық құрылым ажырай бастайды. Жекелеген
отбасылардың дамуымен байланысты рулық және үлкен отбасылық байланыстар
ыдырай түседі. Бұл тұста ғасырлар бойы қалыптасқан өзара көмек ғұрпы
құлдырайды, тайпааралық келіспеушіліктер мен әскери қақтығыстар жиілей
түседі. Тайпа басшылары – ШЕЙХТАР мен тайпалық старшейналар – САИДТАР жақсы-
жақсы деген жайылымдарды басып алып, көпшілік ірі қараны иеленді. Қоғамдық
лауазымдарды иелену құқығы барған сайын байыған отбасылардың мұралық
артықшылығы бола бастады. [1]
Қалаларда көпестер мен қолөнершілер басты орынды алды. Ерекшеленген
бір топты құрай отырса да олар сол жердегі жергілікті тайпалармен өз
қатынастарын үзбеген болатын. Бұл аймақтарда үлессіз қалған бедуиндер
баршылық еді. Жай қарапайым халыққа тайпалар арасындағы араздастық үлкен
кері әсер етті. Тұрақты әскери қақтығыстар адамдардың өлімімен, ірі қараның
қырылуымен, адамдары айдап әкетумен ұштасып отырды.
Тайпалық құрылымдық қатынастардың ажырау процесі әсіресе, Қызыл
теңіз жағасындағы жериеленушілік мекен – Хиджазда байқала бастады. Бұл
аймақтарда ірі сауда мен қолөнер қалалары – Мекке мен Ясриб (Медина)
орналасты және бұлар арқылы басқа көш жолдары өтетін болды. Хиджаз
Аравиялық жартыаралдың экономикалық басты аймақтарының бірі бола отырып, ол
Иран мен Византияның басқыншылығы мен оның құрамына енуге ұшыраған жоқ.
Нақты осы аумақ араб тайпаларының бірігу аймағы болды.
Сонымен, Араб территориясындағы құлиеленушілік қатынастарындағы
дағдарыс пен алғашқықауымдық құрылыстың ыдырауы және араб тайпаларының
арасындағы таптық қайрама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер, сонымен қатар
сыртқы жаулардан қорғанысты ұйымдастырудың аса қажеттілігі араб феодалдық
мемлекетінің пайда болуына алғышарт болып табылды.
Осындай терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыс тереңдеу үстінде жаңа
(таптық) қоғам туындай бастайды. Және, басқа халықтарда орын алғандағыдай,
қоғамдық қозғалыс идеологиясы жаңа қоғамды құруға бағытталып, ол діни сипат
ала бастады.[2]
VІІ ғасырларда арабтарда мемлекеттің қалыптасуының сипаттық белгісі
ретінде бұл процестің діни кескін алуын және феодалдық мемлекеттілік пен
жаңа дін – исламның пайда болуы арасындағы тығыз байланыстарды атауға
болады. Тайпалардың басын қосуға бағытталған көтерілістер мен қозғалыстар
көпқұдайлықтан бас тарту керектігін білдірді және бұл жаңа құрылымның пайда
болуына алып келіп, ол – ханифтік деген атауға ие бола бастады. Тайпаларды
біріктіруге бағытталған саяси қозғалыстар объективті түрдегі жаңа, діни
кескінге ие болған құрылыстың туындау тенденциясын көрсетті. Бұл қозғалыс
өз кезегінде – “ХАНИФТІК ҚОЗҒАЛЫС” деген атқа ие болды.
Ханифтік қозғалыс пен исламның пайда болуы Меккеден шыққан, байыған
бақташы – Мухаммедтің атымен (шамамен 570-632 ж.ж.) тығыз байланысты болып
келеді. Мухаммед жалпыға ортақ құдай-аллахты және жаңа қоғамдық тәртіпті
дәріптеу қажеттілігі туралы айтты. Бірақ бұл кезеңде иудаизм мен
христиандықтың әсері өте күшті болды. Бұның мақсаты – тайпалық араздастықты
жою болып табылды. Арабтардың басшысы пайғамбар – “алланың жердегі елшісі”
болуы керек болды. Осының нәтижесінде фактілі түрде Мухаммед бүкіл
Аравияның басшысы болып танылды, ал оның туысқандары мен жақындары араб
қоғамының артықшылықтары бар бір қатпаршаларына айналды. [3]
Қарапайым адамдар мен шаруалардың арасында жаңа дін өзінің идеялық
принциптерінің арқасында көптеген қолдаушыларды тапты. Олар исламды
қабылдады, өйткені олар өздерінің сиынған кіші құдайларына сенуден қалды,
себебі ол құдайлар оларды кедейшілік пен жоқшылықтан құтқара алмады.
Бүкілхалықтық сипат алған алғашқы қозғалыстар бай отбасылардың
үрейін тудырды, бірақ бұл ұзаққа созылмады. Исламның жолына түскендердің
әрекеттерін бақылай отырып, байлар жаңа діннің олардың түпкілікті
мүдделеріне қайшы келмейтіндігін олар тез түсінді. Соңынан сауда көпестері
мен ірі қолөнершілер мұсылмандардың басқару элитасының құрамына енді.
Ұзақ әлеуметтік қатынастардың нәтижесінде пайда болған ислам,
әлемдегі барлық діндер секілді, кереғар догматтардан тұрды. Бұл байлардың
құлиеленуін тоқтатуға, олардың кедейлерге міндетті түрде садақа беруіне
шақырды, сондықтан да өз кезегінде құлиеленуші байлардың тарапынан
келіспеушіліктерге әкеліп, Мухамедтің Меккеден Ясрибқа қашуына себеп болды
(622 ж.). Құлиеленуді жоюды, бостандықта жүрген адамдардың феодалдық
теңдігін орнатқысы келген ислам, сонымен қатар жеке меншіктің қолданыста
болуын жақтап, оны қорғаштады. Ол аллаға бас иуге шақырды (ислам деген
сөздің өзі “аллаға бас иу деген мағынаны білдіреді). Құранда “Аллаға бас
иіңдер, пайғамбарға бас иіңдер” – делінген. Сайып келгенде Мухаммед түрлі
әлеуметтік топтар тарапынан қолдауға ие болу мүмкіндігіне ие болды.
Дегенмен, әлеуметтілік әділеттілікті орнату мен қоғамның теріс сипаттарын
жоюға бағытталған Мухаммедтің бұл әрекеті барлық тараптардан қолдауға ие
болмады.
Мухаммед ең басынан бастап исламдық оқытулар осыған дейін өмір сүріп
келген монотеистік діндерге – иудаизм мен христиандыққа қайшы келмейді,
ислам оларды тек негіздейді және айқындайды деп тұжырымдады. Дегенмен, сол
кездің өзінде-ақ исламда жаңа бір элементтердің бар екендігі анық еді.
Исламның белгілі бір дәрежедегі қатаңдықтары, кейбір сұрақтарды шешуде,
әсіресе, билік пен билікке деген құқыққа деген сауалдарда фанаттық
шыдамсыздығы айқын байқалып отырды. Исламның доктринасына сәйкес дін мен
мемлекеттегі билік бір-бірінен ажыраусыз және дін мемлекеттік биліктің
негізгі тірегі деген айтылды, осыған байланысты ислам құдайға, пайғамбарға
және “қолында билігі барларға” табыну қажеттілігі туралы айтты.
Оншақты жылдың шеңберінде, VІІ ғасырдың 20-30 жылдарында Мухаммедтің
Мединадағы мұсылмандық қауымдастықты ұйымдастырушылық түрде ресімдеуі
аяқталар тұсқа жақындады. Ендігі кезекте бұл тек діни емес, сонымен қатар
тайпаның үстінен қарайтын, қалыптасушы мемлекеттің ядросын құрай бастады.
Бұл дін құраған әскери отрядтар Исламның туының астына бүкіл мемлекеттің
бірігуін талап етті. Бұл әскери, әрі діни ұйым бұдан әрі саяси және тіптен
мемлекеттік сипатқа ие бола бастады. Мухаммедтің өзі бұл қауымдастықта
пайғамбар да, тайпалық көсем де, әскери қолбасшы да, тіптен судья да болды.
Ислам мен қауымдастықтың әскери отрядтарының көмегімен тайпалық
сепаратизмді жеңу мәселелері шешілді.
Пайда болған жаңа мемлекет мемлекеттің алдында тұрған ең басты сауал
– туыстық сепаратизмге жету болды. VІІ ғасырдың соңына қарай Аравияның
бірігуі жалпы алғанда аяғына дейін жетті.
Мухаммедтің өлімі мұсылмандардың ең жоғарғы басшысы постына оның
құқық мирасқорын қою сұрағын шешуді талап етті. Осыған дейін Мухаммедтің
жақын деген тусқандары мен оны дәріптеушілер бара-бара артықшылығы бар
топтардың қатарына ене бастаған еді. Пайғамбар қайтыс болғаннан кейін оның
арасынан мұсылмандардың жаңа жеке көсемдерін – ХАЛИФТЕРДІ (“пайғамбардың
орынбасарларын”) таңдайтын болды. Бірінші төрт халиф халық арасындағы
белгілі бір топтардың арасындағы дінге деген теріс көзқарастарын басты.
Мухаммед негіздеп беріп кеткен теократиялық идея олардағы биліктің күшеюіне
алып келіп отырды.
Халиф Омар (634-644 ж.ж.) Аравияның саяси бірігуін аяғына жеткізді.
Халифтердің басшылығымен VІІ – VІІІ ғасырларда анағұрлым ауқымды
территориялар басып алынды. Олардың ішінде: Таяу Шығыс, Орта Азия,
Закавказье, Солтүстік Африка мен Испания елдері де бар. Осының нәтижесінде
үлкен феодалдық империя – орталығы Дамаск болып табылатын Араб халифаты
құрылды. Халифат тарихында екі кезеңді ерекше бөліп көрсетуге болады –
дамастық (сириялық) кезең немесе Омейяд династиясы билеген кезең (661-750
ж.ж.) және бағдаттық (месопотамдық) немесе Аббассидтер (750-1055 ж.ж.)
династиясы билеген кезең. Бұл араб феодалдық қоғамы мен мемлекетінің даму
этаптарымен сәйкес келеді.
Арабтық феодалдық империя берік империя болып табылмады. VІІІ
ғасырдың орта кезінен бастап халифаттың құлддырау кезеңі бастау алды.
Бірнеше “кіші” халифаттардың пайда болуы белең алды: Испаниядағы –
Кордовалық халифат, Египеттегі – Каирлық халифат және тағы басқалары. ХІ
ғасырларда түрік-селджүктері Бағдатты басып алып, оның рухани басшылығын
тани отырғанымен халифті биліктен ажыратты. VІІ – VІІІ ғасырдың бірінші
жартысында бұрынғы византиялық және месопотамдық жерлер басып алынды, оның
ішінде: Таяу Шығыс, Орта Азия, Закавказье, Солтүстік Африка мне Испания
елдері кірді. Араб әскері Францияның территориясына енуге бет алды, бірақ
Карл Мартен рыцарьларымен 732 жылы Пуатьеда талқандалды.
Жаңа жауланып алынған жерлерге аравиялық халықтың анағұрлым үлкен
массасы көшіті. Араб байлары құлиеленушілікті жоя отырып, имениялар мен
крепостнойларды алып, тез арада феодализациялана бастады. Жаулап алынған
жерлердің басым бөлігі мемлекеттің меншігіне айнала бастады. Онда отырған
шаруалар мұралық жалға алушалар ретінде жер алымын төлеуге міндетті болды.
[4]
Аравияның жаңа жерлерді жаулап алуының басты стимулы ретінде
арабтардың санының барған сайын өсуі танылды. Жаулап алыған жерлердің
тұрғылықты халықтары жаулап алушыларға тіптен қарсылық көрсеткен жоқ десе
де болады, өйткені олар осы уақыттарға дейін оларды аямай басып-жаныштаған
басқа отарлаушы мемлекеттердің құрамынды болды және мұсыломан елінің оларды
жаныштаушы мемлекеттерді талқандауына олар қарсы болмады.
Нәтижесінде жаулапы алынған жерлерде үлкен жаңа мемлекет – АРАБ
ХАЛИФАТЫ құрылды. Оның құрамына Аравия да енді.
Өзінің жаңа отанына жаңа дінді әкеле отырып, арабтар оған ақы
ретінде анағұрлым дамыған деңгейде болған өндірістік күштерге ие болды.
Ертедегі мәдени аудандарға (Месопотамия, Сирия, Египет) ене отырып, олар
бұл жерлердегі терең әлеуметтік төңкерістерге тап болды, бұл төңкерістердің
басты бағыты болып феодализмнің қалыптасуы танылды.
Осы процестің нәтижесінде арабтардағы алғашқы қауымдық құрылыстың
жойылуы тез қарқын алып кетті.

2. Араб Халифатының қоғамдық және мемлекеттік құрылысы

Қоғамдық құрылысы. Араб қоғамының дамуы негізгі ортағасырлық
шығыстық эволюцияның заңдылықтарына бағынды. Оның ерекшелігі исламның діни
және ұлттық-мәдени факторларға негізделуімен байланысты болды.
Араб қоғамының феодализациялану процесі VІ ғасырдың бел ортасынан
асқан кезде айқын көріне бастады. Феодалдық құрылысқа тиісті басты, типтік
сипатпен бірге араб феодализмі бірқатар ерекшеліктерге ие болды. Бұл
ерекшеліктер оның баяу дамуымен, діни және экономикалық-географиялық
факторларымен байланысты болып отырды.
Араб феодализмінің, сонымен қатар жалпы алғандағы шығыс
феодализмінің, спецификалық ерекшелігі экономикалық тұрақтылықпен
байланысты болды. Бастаушы феодалдық қалып патриархалды-топтық және
құлиеленушілік қатынастармен бірге қатар өмір сүрді. Рулық тайпалық
құрылыстың сарқыншақтары Аравия территориясының басым бөлігінде сақталып
қалып отырды. Бұрынғысынша құлиелену басты рөлі атқарды. Жаулап алу
барысында саны шексіз көбейіп отырған құлдардың еңбегі феодалдардың жеке
шаруашылықтарында, әсіресе мемлекеттік шаруашылықта (ирригациялық
құрылымдарда, рудниктерде, шеберханаларда және т.б. жерлерде) кеңінен
қолданылды. Құлдар еңбегін кеңінен қолдану феодалдық қатынастардың араб
қоғамында орын тебуіне байланысты дамуын тежеп отырды.
Феодализмнің даму деңгейі Халифаттың жекелеген аймақтарында бірдей
болған жоқ. Жекелеген аумақтарда федализмнің даму деңгейі жаулап алынған
жерлердегі бұған дейін өмір сүрген елдің әлеуметтік-экономикалық даму
деңгейіне байланысты болды.мәселен, егер Сирия, Ирак пен Египетте феодализм
басынан бастап үздіксіз орын теуіп отырса, Аравияда тайпалық қоғамдардың
сарқыншақтары ұзақ уақыт бойы сақталып отырды.
Барлық азиялық мемлекеттердегідей, жерге деген меншіктің түрлі
нысандарының арасында жерге деген мемлекеттің меншік басым сипатқа ие болып
отырды. Ол халифтің меншігі болып саналды. Мемлекеттік меншіктің
тұрақтылығы суды орталықтан басқарып отырудың қажеттілігінің басым болуымен
байланысты болды. Мемлекеттік жерге деген меншік ерте феодализм кезеңіндегі
мемлекетті тиісінше орталықтандырудың негізі болып табылды.
Сонымен қатар қауымдық жерге деген қауымдық меншіктің құлдырауы мен
ыдырауының шегіне қарай жеке меншіктегі жерлердің барынша көбеюіне жағдай
жасады. Дамастық кезеңде мұндай жерлерден үлесті тек мульк иеленді, ол
батысеуропалық аллодқа теңестірілді. Бұл этаптағы феодалдық меншіктің
шартты нысандары әлі де болса жеткілікті деңгейде дамымаған жағдайларда
болып отырды. Бағдаттық кезеңде жеке феодалдық меншік анағұрлым дамудың
бағытын алады. Әсіресе, жерді шартты түрде ұстаудың ИКТА – бенефициарлық
иеленуі сияқты шартты нысаны қатты дамыды. Бұл жерлер феодалдарға олардың
қызметі үшін мемлекеттік жер үлесінен бөлініп беріліп отырды. Айлық түрінде
болатын икта өмір бойға немесе қызметте болу мерзіміне сәйкес берілетін
болды және өз пайдасына рента-салықты жинау құқығымен қатар берілді. Икта
жерлерінің және жеке үлкен жериеліктерінің қарыштап өсуі мемлекеттік
қордың бір уақытта қысқаруы феодализация процесінің көрінісі болып табылды
және жекелеген феодалдардың саяси биліктерінің күшеюінде үлкен рөлді
атқарды.
Шаруаларды феодалдық эксплуатациялау тәсілдері жер қатынастарының
өзіндік құрылымдары шегінде анықталды. Шаруалардың өндіретін тауарларының
негізгі бөлігі халиф пайдасына жиналатын салықтар арқылы мемлекетпен
тартылып алынып отырды. Содан соң салықтық түсімдердің бір бөлігі феодалдық
басшылар арасында айлық жалақы және пенсия, т.б. түрінде таратылып беріліп
отырды. Басшылардың баюының басты деген құралдарының бірі – оларға халифтің
белгілі бір территориялық аймақтан өз пайдасына салық жинау құқығын беру
болып табылды.
Араб халифатында, Шығыстағы басқа ортағасырлық мемлекеттер сияқты
сословиелік-корпоративтік топтары бар ерекше сословиелік құрылыс
қалыптасқан жоқ. Тұлғаның халифаттағы құқықтық жағдайы ең біріншіден оның
дінге деген көзқарасымен анықталатын болды. Сондықтан да ең алдымен
мұсылмандар мен мұсылман еместер – ЗИММИИлардың құқықтық статустары
ерекшелік ретінде танылды. Зиммиилар төменгі жағдайды иелене отырып, ауыр
мемлекеттік салықты (ДЖИЗЬЯ) төлеуге міндетті болып саналды. Алғашқыда
мұсылман еместерге деген қатынастар аса бір шыдамдық түрінде болды: олар
өзін-өзі басқаруды, тілін және өздерінің соттарын сақтап қалды. Дегенмен,
олардың төмендетілген жағдайлары барған сайын айқындала бастады: олардың
мұсылмандармен арасындағы қатынастары мұсылмандық құқықпен айқындалды, олар
мұсылмандармен некеге отыра алмады, олар мұсылмандардан ерекшеленетін
киімдерді киюге міндетті болды, олардың міндетінің қатарына сонымен қатар
араб әскерлерін азық-түлікпен қамтамасыз етіп, ең ауыр адам басына
салынатын салықтарды төлеу жатты. Сонымен қатар исламизация саясаты (жаңа
дінді тарату) мен арабизация процесі (арабтарды жаңа территорияларға
қоныстандыру, араб тілін тарату) жаулап алушылар тарапынан аса бір күш
жұмсауды қаже етпеді.
Феодалдардың биліктік сыныптары нақты иерархиялық құрылымға ие
болған емес. Оның ең басында мұсылмандық знать – Мұхаммедтің отбасы
мүшелері болды.
Шаруашылық бас кезеңдерде көптеген этникалық топтарға бөліне
бастады. Жергілікті арабтар әскери коллониялармен бөлініп алынған жаңа
қоныстарға орналаса бастады. Олар кейбір салықтар мен алымдардан босатылды
және бірқатар артықшылықтарға ие болып отырды. Бара-бара салықтар мен
алымдар өсіп, тағы түрлі алымдар түрлері көбейе бастады. Кейбір аймақтарда
шаруалардың жерге деген салықты төлеуден жалтармауы үшін оларды белгілі бір
жерлерге бекіте бастады.
Халифаттың қоғамдық өміріндегі басты рөлді қалалардың көпестік
басшылығы иеленді. Сонымен қатар қалаларда ішкі нарық пен корпоративтік
құрылыс пен басқаруға негізделген дамыған қолөнер өндірісі жоқ болды. Араб
қаласының толықтай мемлекеттік аппаратқа бағынысты болуы биліктің тым аса
орталықтандырылуының жемісі болды. Араб қалаларында сонымен қатар батыстағы
қалалардағыдай “коммуналдық қозғалыстарға” ұқсас автономияға деген
ұмтылыстар болған емес.
Әлеуметтік сатының ең төменгі санатында құлдар орын тепті. Қара
жұмыс істейтін халықтың көпшілік бөлігін құрайтын бұл топ негізінен жаулап
алу соғыстарының нәтижесінде пайда болатын тұтқындар мен шетелден сатып
алынған бостандығынан айырылғандардан құралады. Феодалдық қатынастардың
дамуы құлдардың құқықтық жағдайына әсер етті. Олар құқық субъектілері
ретінде танылмағанымен, өздерінің басшыларының келісімімен сауда
операцияларын жүргізіп, тауарларға ие бола алды. Мұсылман құлдарды
бостандыққа жіберу жақсы бір істердің қатарына жатқызылып құрметтелді.
Мемлекеттік құрылысы. VІІ ғасырдағы жаулап алулар нәтижесінде
арабтарда соңғы қалған әскери демократия жойылды, осының салдарынан
ертефеодалдық монархия ресімделе бастады. Бұл кезеңнің халифаты тиісінше
орталықтандырылған теократиялық мемлекет ретінде көрініс тапты. Оның
басшылығында халиф тұрды және ол пайғамбардың мирасқоры ретінде қаралды.
Оның қолында рухани (ИМАМАТ) билігі шоғырланды. Бірінші халифтерді
мұсылмандық байлар сайлады. Бірақ тез арада халиф билігі өсиеттік өкім
бойынша берілетін мұралық сипат ала бастады.
Халифаттың мемлекеттік аппараты барынша орталықтандырылған болып
табылды. Бұған себеп болған жағдай ретінде халифтің қолында шоғырланған жер
қорының барған сайын көбеюді айтуға болады.
Құқық тұрғысынан алғанда халиф билігі шексіз болып танылды. Ал бірақ
шындығында ол өз билігін жүзеге асыру кезінде не өз саясатында феодалдық
басшылармен және мұсылмандық орта басшыларымен санасуға мәжбүр болды.
Халиф жанындағы басты кеңесші және жоғарғы лауазымды тұлға УӘЗІР
(везирь) танылды. Мұсылмандық құқық бойынша уәзірлер екі топтық болуы
мүмкін еді: кең немесе шекті билікті, яғни тек халифтің өкімдерін орындаушы
ретінде. Ертедегі халифатта әдетте шектелген билігі бар уәзірді тағайындау
орын алып отырды. Басты шенеуніктер қатарына халиф қорғаушыларының басшысы,
полиция меңгерушісі, басқа шенеуніктерге қадағалауды жүргізетін ерекше
шенеунік жатты. Халиф мемлекеттегі барлық жоғарғы шенеуніктерді өзі
тағайындады.
Мемлекеттік басқарудың орталық органы болып Омейядалар кезеңінде
ресімделіп қойған арнайы өкілдік органдар – ДИВАНДАР танылды. Әскери істер
жөніндегі диван әскердің қарулануы мен қауіпсіздікке жауапты болды. Ол
тұрақты әскери қызметтегілердің тізімін, оларға төленетін айлық жалақының
мөлшерін белгілеп отырды. Ішкі істер жөніндегі диван салық пен басқа да
түсімдерді есепке алумен айналысатын қаржы органдарын бақылады және осы
мақсатта керекті статистикалық мәліметтерді жинады. Ерекше деген функцияны
пошта қызметі бойынша диван атқарды. Ол мемлекеттік жүк пен поштаның
жеткізілуін жүзеге асырып, жолдардың, керуен сарайларының, құдықтардың
құрылысы мен жөндеуі бойынша басшылықты жүзеге асырды. Сонымен қатар, бұл
мекеме құпия полицияның функциясын іс жүзінде жүзеге асырды. Феодалдық
мемлекеттің функциясының кеңеюіне байланысты орталық мемлекеттік аппарат та
күрделене түсті, орталық ведомстволардың жалпы саны арта түсті.
Мемлекеттік басқарудың огрталық органы – дивандарды былайша
көрсетуге болады:
1) Диван-ал-Джунд, әскерді қарумен және басқалай қамсыздандырумен
айналысты. Оның басшылығымен жалдамалырға мен әскери қызметкерлердің есебін
жүргізген шенеуніктер жұмыс істеді.
2) Диван-алХарадж, қазынаға түсетін салықтар мен басқа да міндетті
төлемдердің есебін жүргізіп, орталық қаржылық органға бақылауды жүзеге
асырды.
3) Диван-ал-Барид – поштақызметін жүргізді, бұның қарамағында
сонымен қатар керуен жолдарын салу мен көше салуды басқару міндеттері
болды. Информацияны тез беретін жалғыз орган болғандықтан, бұл орган
сонымен қатар құпия түрде жергілікті билік пен жергілікті халықтың көңіл-
күйін жеткізіп отыратын бірден-бір ведомство болып табылды. Бұл оның аса
маңызды ведомство екендігін анықтады.
Жергілікті басқару. Мемлекеттік басқарудағы жергілікті органдардың
жүйесі VІІ –VІІІ ғасырларда көптеген өзгерістерге ұшырады. Бастапқыда
жергілікті шенеуніктік аппарат жаулап алынған жерлерде өзгеріссіз қалып
отырды, ол жерлерде көбіне басқарудың ескі тәсілдері сақталып отырды.
Себебі жерлер мен басқа да әскери құндылықтарды басып алғаннан кейін тек
қана жоғарғы органды құрумен шектелді, бірақ бұл органның өзі басқару
әскери басқару мен түрлі сипаттағы салықтар мен алымдардың алынуын бақылап
отырды. Халифатқа керегі де осы еді. Халифат басшыларының билігінің нығаю
шамасы бойынша жергілікті әкімшілік билігі де персиялық үлгі бойныша бір
жүйеге реттеліп келтіріле бастады. Халифат территориясы бірнеше
провинцияларға бөлінді, әдетте, оларды әскерилер – ЭМИРЛЕР басқаратын болды
және олар тек халифтің алдында ғана жауапты болды. Эмирлерді халифтер
тағайындады және ол әдетте оның маңайындағылардың қатарынан тағайындалып
отырды. Бірақта жергілікті жер байларының арасынан, тіпті бұрын жаулап
алынған жерді басқарған адамдардың қатарынан да тағайындалып отырды.
Эмирлердің қарауында қарулы күштер, жергілікті әкімшілік-қаржылық және
полицейлік аппарат болды. Эмирлердің жеке өз көмекшілері – НАИБтер болды.
Жалдамалылардың арнайы отрядтары МУТАСИТБтермен басқарылатын болды
және олар көбіне полициялық қызметті жүзеге асырды.
Халифаттағы ұсақ әкімшілік бөліністер (қалалар, ауылдар) түрлі
рангтер мен атаулардағы лауазымды тұлғалармен басқарылды. Кейбір реттерде
бұл функциялар жергілікті мұсылмандық діни қауымдастықтарға беріліп отырды.

Сот. Халифатта сот функциясы әкімшілік функциялардан ажыратылды.
Жергілікті билік соттың шешімдеріне араласа алмады.
Жоғарғы судья ретінде мемлекет басшысы – халиф танылды. Жалпы
алғанда, әділ сотты жүзеге асыру басшылардаың жұмыстары болып табылды.
Тәжірибеде жоғарғы сот билігін белсенді деген құдайға құлшылық етушілердің
алқасы жүзеге асырды. Олар бір уақытта құқық танушылар ретінде де белгілі
болды. Халифтің атынан олар өздерінен төмен тұрған судьяларды (КАДИ) және
жергілікті жерлердегі судьялардың қызметін бақылайтын арнайы өкілеттілерді
тағайындады. [5]
Кадилердің құзыреттері анағұрлым ауқымды болып табылды. Олар
жергілікті жерлерде сот істерінің барлық категорияларын қарады, сот
шешімдерінің орындалуын бақылады, бас бостандығынан айыру жерлерінде
қадағалауды жүзеге асырды, өсиеттерді куәландыру жұмыстарын атқарды, мұраны
бөліп, жер иеленушілердің заңдылығын тексерді, вакуфт деп аталатын (меншік
иелері діни ұйымдарға берген мүлік) мүлікке басшылық жасады. Шешім шығару
кезінде кади ең біріншіден Құранды және оған қосымшаға (Сунна) негізделіп
отырды және оларды өздігінше талқылау арқылы шешімдерді негіздей білді.
Кадидің сот шешімдері мен үкімдері, әдетте, түпкілікті шешім болып,
шағымдануға жатпайтын болды. Кейбір реттерде халифтің өзі немесе оның
өкілдері кадидің шешімдеріне түзету енгізе алды. Мұсылмандық емес мұра,
әдетте, дін өкілдерінен тұратын соттардың юрисдикциясына жатты.
Әскер. Халифаттағы әскердің үлкен рөлі исламның өзінің доктринасымен
анықталды. Мұсылмандық оқытулардың негізінде барлық әлем екі бөлікке
бөлінген. Олар: исламның жолын қуып, оны ұстанғандар және “сенімге ие
болмағандар”. Халифтердің негізгі мақсаты осы екінші бөлікті “қасиетті
соғыс” арқылы жаулап алу болды. Бұл соғыста барлық кәмелеттік жасқа толған
мұсылмандар қатысуға міндетті болып табылды.
Жаулап алулардың бірінші кезеңінде араб әскерлері тайпалық жасақтар
түрінде болды. Бірақ әскерді орталықтандыру мен оны күшейту қажеттілігі VІІ
– VІІІ ғасырлардағы бірнеше әскери реформалардың жүзеге асырылуына алып
келді. Араб әскері екі негізгі бөліктен құралатын болды: тұрақты әскерден
және еріктілерден. Бұлардың әрқайсысы ерекше қолбасшының басқаруында болды.
Тұрақты әскерлерде ерекше орын мен мәртебеге мұсылман әскерлер ие болды.
Әскердің негізгі түрі ретінде жай аттылар танылды. VІІ – VІІІ ғасырларда
араб әскерінің қатары жасақтылардың қатарынан толықты. Бұл кезеңдерде
жалдамалы әскерлер тіптен болмады.

3. Араб Халифаты құқықтық жүйесінің ерекшеліктері
Халифаттың өмір сүруінің бастапқы кезеңінде құқық пен дін біртұтас
болды. Құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде Құран – мұсылмандардың қасиетті
кітабы саналды. Оның авторы ретінде Мухаммед танылды. Ол пайғамбар-
заңшығарушы – ШАРИА болып танылды. Осыған сәйкес мұсылман құқығы “ШАРИАТ”
(тура жол) деген атауға ие болады.діни жазбалардан басқа, шариаттың
құрамында қылмыстық құқық, азаматтық құқық және процессуалдық құқық
нормалары енген.
Құранға қосымша ретінде қызмет атқарған және атқарып келе жатқан
Мухаммедтің сот шешімдері (СУННА) мен беделді мұсылмандық заңшығарушылардың
түсіндірмелері жатты. Егер де жазбаша түрдегі заңда белгілі бір ақтаңдақтар
болса, онда ескі әдеттік құқық – АДАТқа жүгінуге рұқсат етілді.
Мұсылмандық құқықтық, мысалы рим құқығымен салыстырғанда түпкілікті
түрде өзгеше болып табылады және ол жалпы алғанда анағұрлым
жетілдірілмеген. Құқықтық, діни, этикалық нормалар бір-бірінен мазмұны
бойынша ерекшеленгенімен, бір-бірінен бөлінбейді және тұтастай алғанда
біртұтас жүйені құрайды.
Жерге деген мемлекеттік меншікті негіздей отырып, шариат мемлекет
басшысына жекелеген адамдарға жер бөліп беру құқығын берді, бірақ олар олар
жерлерді пайдалану құқығы бойынша иеленді және міндетті алымдарды төлеуі
тиіс болды. Жер иеленушіге өзі алған жерлерді өндіруші-шаруаларға жалға
алуға рұқсат етілді, соңғысы оған міндетті феодалдық рентаны төлеу керек
болды.
VІІІ ғасырдың ортасынан бастап халифатта шартты түрде жер иелену
пайда болады, бұл өз кезегінде батысеуропалық бенефицияға ұқсас болды.
Феодалдық қатынастардың даму шегіне қарай бұл жерлер феодалдық байлардың
қолында шоғырланған барлық басқа жер иеліктері секілді жеке меншікке айнала
бастайды. Мұсылмандық құқықтың міндеттілік жүйесі үлкен
жетілдірілгендігімен ерекшеленеді. Шарттан туындайтын міндеттемелер екі
топқа бөлінеді. Бір топтағы шарттарды екінші бір топтағы шарттардан
айырмалайтын шешуші моменті болып затты мәміленің нысаны болып табылатын
затты беру міндеті табылды. Бұл кездің өзінде-ақ айырбас, заем, мүлік
жалдау, сатып алу-сату шарттары бөлініп шыға бастады. Екінші топтағы
шарттардың қатарына серіктестік, тапсырма шарттарын жатқызуға болатын еді.
Мұсылмандық құқықтың жекелеген ерекшелігі ретінде заттың кездейсоқ
жойылу және бүліну қаупінің сатушыда болуымен, сонымен қатар шартты
тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін айтуға болады.
Отбасылық қатынастар аясында мұсылмандық құқық ер адамның әйел
адамдарының алдындағы ерекше үстемдігімен көзге түседі. Шариат ер адамға
төрт әйел алуға және саны шектелмеген күң иеленуге құқық берді.
Некеге деген әйел адамының келісімі қажет болмады. Неке шартын
бекіту кезінде ол қатыспады. Күйеуге шыққаннан кейін ол күйеуінің билігіне
өтті және оның негізгі міндеттері ретінде қоғамдық жерлерде көрінбеу, басқа
ер адамдармен кездеспеу т.б. жатты. Күйеуі әйелін тән жазасына ұшыратуы
мүмкін болды.
Мұсылмандық құқық бойынша ажырасу процесі өте оңай, бірақ бұл
әйелдерге қатысты болмады.
Мұсылмандық құқықтың бір жетілдірілген тұсы ретінде мұрагерлік
құқықты айтсақ болады. Өсиет қалдырушы өзінің қарауы бойынша өзіне тиесілі
мүліктің үштен біріне ғана өсиет ете алатын болды.
Өсиет қалдырушы өзінің өлгенінен кейін оның мүлкін бөлетін адамды
тағайындайтын болды. Бірақ бұл оңай жұмыс емес, өйткені бұл адам
мұсылмандық құқық бойынша өсиет қалдырушыға тиісті мүлікті заңды
мұрагерлердің арасында теңдей бөлуі тиіс еді.
Мұсылмандық мұрагерлік құқықтың спецификалық ерекшеліктерінің
қатарына мұрагерлерге мұра қалдырушының міндеттері емес, тек оның құқықтары
өтетіндігінде еді. Бірақ бұл мүліктің өтуі өлген адамның өз міндеттемелері
бойынша мүліктің шегінде өтелгеннен кейін ғана мүмкін болды.
Қылмыстық құқық бөлігінің қажетті бөлігі юолып табылатын Шариаттың
идеологиялық негізі ретінде тағдырға бағынушылық, қалыптасқан қоғамдық
құрылысқа қарсы шықпау (өйткені оны Мухаммед пен құдай жаратқан),
құдайларды қызғану күнә сияқты идеологиялық негіздер танылды.
Осыған сәйкес, қоғамда өз үстемдігін құрып тұрған құқықтық тәртіпке
қол сұғатын құқық бұзушылық дінге деген сенімді бұзушылық ретінде танылды,
ал бұл сенімге қарсы құқық бұзушылық мемлекетке қарсы құқық бұзушылық деп
танылды.
Жауапкершіліктің сипатына қарай қылмыстар екі түрге бөлінді: құқық
бұзушылық жасаған адамның өзінің тәнімен немесе өмірімен жауап беретін
құқық бұзушылықтар, және айыппұлмен орнын толтыруға болатын құқық
бұзушылықтар.
Бірінші түріне ұрлық пен қарақшылық жатты (ол үшін қолы кесілетін),
қарақшылық үстінде өлтіру (өлім жазасымен жазаланды) және тағы басқалары.
Қылмыстардың екінші түріне ең бастысы адам өлтіру – қасақаналық та,
абайсыздық та, сонымен қатар барынша жаралау.
Қанды кекті тани отырып, шариат өлкен кісінің жақын туытарына қылмыс
үшін өлтірген адамды талион приципі бойынша жазалауға рұқсат берілді.[6]
Бірақ олар қылмыскерді кешіре де алды, бұл жағдайда қылмыскер немесе оның
туысқандары тиісті ақша сомасын төлеуге міндетті болды.
Егер де кісі өлімі қасиетті жерде орын алмаса және қасиетті
уақыттарда болмаса, мұндай айыппұл 100 түйе мен 12 мың дигірмен ақшамен
төленетін болды.
әйел адамды өлтірген үшін осы соманың жартысы, ал мұсылман еместі
өлтірген үшін үштен бірі төленді. Жарақат салған үшін айыппұл құны тиісінше
төмендетілді. Егер де сатып алу туралы келісімге келе алмаса немесе
айыппұлды төлеу қылмыскер мен оның туысқандары үшін мүмкін болмаса,
жәбірленуші немесе оның жақын мұрагері қандыкекті қолдана алды. Бұл тұстағы
басты талап ретінде қылмыскер кісі өлімі немесе жарақат салу кезінде қандай
қаруды қолданса, қанды кекті жүзеге асырушылар да дәл сондай қаруды
қолдануы тиіс болды.
Қылмысты жасаған адамға барлық назарды сала отырып, егер олар
қылмысты жасырушы немесе ол туралы хабарламаған болса, шариат қылмысқа
қатысушы тұлғаларды жазалауға тырыспады.
Халифат елінде сот кадиялармен жүзеге асырылатындығын жоғарыда атап
өттік. Олар тікелей халифтің өзімен тағайындалатын адам болып табылды. Сот
функциясынан басқа оларға көптеген, мәселен, мұраны бөлу, әйелдерді күйеуге
беру, қорғаншылық пен қамқоршылықты бекіту және т.б. сияқты міндеттер
жүктелді.
Шариат процессуалдық құқық деген түсінікті тұтасымен білмейді.
Кадий белгілі бір анықталған сот жүргізумен істің барлығын жүргізген жоқ.
Мұсылман құқығы прокурор мен адвокатты мүлдем білмейді. Жазба іс жүргізу,
сот ісін жүргізу мерзімі секілді мүлдем болған емес. Кадий үшін бір ғана
мерзім болды: істің қандай да болсын ауырлығына қарамай ол оны бір күннің
ішінде шешуі тиіс болды.
Дәлелдемелердің ішіндегі ең маңыздысы ретінде ант беру, кінәсін
мойындау және куәлік көрсетулер танылды. Куәлар ретінде, әдетте, тек ер
адамдар бола алды. Басқа дінді ұстанушылар мұсылманға қарсы куәлік
көрсетулерді беруге құқығы болмады. Кадий дәлелдемелерді бағалаумен
байланысты болмады, ол істі кез келген сатыда тоқтата алды. Ол адал емес
талап қоюшыларды тән жазасына кесуі мүмкін еді.

4. Араб Халифатының құлдырауы және оның себептері

VІІІ ғасырдың аяғына таман араб мемлекетінің дамуында жаңа
тенденциялар байқала бастады. Жергілікті байлар, өздері жаулап алған
мемлекетте жеткілікті дәрежеде аяқтарын нық баса отырыпе, Халифаттың
бұрынғысынша тұтастай болу мүдделілігін жоғалта бастайды. Осы уақытқа дейін
Эмирлер өз территорияларында өз әскерлерін құрып алған болатын. Бұл
әскерлер эмирлерге өз пайдасына салықтарды төлеттіріп тұру үшін қажет еді.
Бұл кезекте халифаттың бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырауы уақыт
еншісіндегі нәрсе еді.
Феодализмнің ары қарай тереңдей түсуімен байланысты халифаттың
мемлекеттік құрылысында айтарлықтай өзгерістер бола бастайды. Әртүрлі
бөліктерден құралған ортағасырлық үлкен империя исламның біріктіруші
факторы мен биліктің аворитарлық-теократиялық басқарушы нысанына
қарамастан, ұзақ уақыт бойы орталықтандырылған тұтаастай мемлекет ретінде
өмір сұре алмады. ІХ ғасырдан бастап халифаттың мемлекеттік құрылысында
айтарлықтай өзгерістер байқала бастады.
Біріншіден, халифтің билігін фактілі түрде шектеу орын алды. Оның
орынбасары, ұлы уәзір, дінбасылардың қолдауына сүйене отырып, халифті
басқару мен биліктің реалды тетіктерін ұстаудан ығыстыра бастады. ІХ
ғасырдың басына таман елді негізінен уәзірлер басқара бастады. Оларға
кеңсе, дипломатиялық қатынастардың, мемлекеттік кіріс пен табыс, әскери
және т.б. ведомстволар тікелей қол астында болды. Халифтің алдында есеп
бермей-ақ уәзір жоғарғы мемлекеттік шенеуніктерді тағайындай алды. Халифтер
діни билікті соттар мен басқа құрылымдарды басқаратын бас кадимен бөлісті.
Екіншіден, халифаттың мемлекеттік механизмінде әскердің рөлі, оның
саяси өмірге деген әсері барға сайын өсе түсті. Таптық антогонизмнің
күшеюіне байланысты әскерде жалдамалылардың қатары жиілей түсті. Шығу тегі
түрік болып табылған құлдардың қатысуымен халифтің патшалық гвардиясы
құрылады. Ол ІХ ғасырда орталық биліктің негізгі тірегі болып табылды.
Дегенмен, ІХ ғасырда оның әсерінің күшеюі соншалық, гвардиялық
әскербасылары оларға тиімді емес халифтерді орындарынан түсіріп, олардың
орындарына өз адамдарын қойды.
Үшіншіден, провинцияларда сепаратистік тенденциялар күшейе түседі.
Әмірлердің билігі барған сайын орталықтан тәуелсіздене түсті. ІХ ғасырдан
бастап жергілікті жерлерді басқарушылардың билігі мұраға қалып отыратын
болды. Әмірлердің тұтастай династиялары пайда болып отырды. Әмірлер өз
әскерін құрды, өз пайдаларына салықтық түсімдерді түсіріп отырды, осысымен
олар тәуелсіз, өз бетінше билік жүргізетін билеушілерге айнала бастады.
Олардың билігінің күшеюіне сонымен қатар, халифтердің оларға халықтың
бостандық үшін күресін басу үшін берген құқықтарының көлемі әсер етті.
Халифаттың эмираттар мен султанаттарға – Испаниядағы, Мароккодағы,
Орта Азиядағы, Закавказьедағы тәуелсіз мемлекеттерге бөлінуі – бағдаттық
халифтің тек қана сунниттердің басшылығы ретінде ғана танылды, ал Х ғасырда
тек қана Персияның бір бөлігі мен астаналық территорияға ғана басшылық
жасайтын болды. Х – ХІ ғасырларда Бағдатты бірнеше көшпенді тайпалар басып
алғаннан кейін хали екі рет биліктен ажырап қалған болатын. Түпкілікті
шығыстық халифат ХІІІ ғасырда монғолдармен жауланып алынып, таратылған
болатын. Халифтердің резеденциясы Каирға, халифаттың батыстық бөлігіне
көшірілді. Ол жерлерде халиф ХVІ ғасырға дейін, түрік сұлтанатына өткенше
сунниттердің арасында рухани басшылықты жүзеге асырды.
Феодализация процесінің тереңдей түсуі, сонымен, мықты
орталықтандырылған биліктің түп-тамырын жойды. Территориялардың этникалық
және экономикалық біркелкі болмауы, бостандық үшін күрестің күшейе түсуі
ІХ-ХІ ғасырларда халифаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы төрт тақуа халифаттарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
Араб халифаты мемлекеті
ОРТА ҒАСЫРДА ҚЫТАЙ МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ МҰСЫМАН ЕЛДЕРІ МАТЕМАТИКАСЫНА ЫҚПАЛЫ
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихы
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелері
Араб әдебиетінің тарихы
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Араб-мұсылман философиясы
Пәндер