Қазақстанға Конституциялық реформалар неге қажет болды



§1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясын қабылдаудың себептері
§ 2. Heгe екі жылдан кейін 1995 жылғы жаңа Конституция қабылданды?
Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін, мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері даусыз.
Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай-ақ қоғамға теріс ықпал жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп-жетілмеген міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық
реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ уақыт бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нөтижелі орындап шыққанын айту керек.
Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың елімізде жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол тәжірибесімен егжей-тегжейлі танысты. Оның "Ғасырлар тоғысында" кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзір-ленген кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол Конституция жөніндегі референдумның алдында (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын зерделеген екен.
Алдымен 1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі себептері мен алғышарттарына тоқталайық.
Олар Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 1 маусымдағы сессиясындағы "Конституцияның жобасы туралы" және 1992 жылғы 9 желтоқсанда өткен сессиясындағы "Республика Конституциясының жобасы және оны бүкіл халықтық талқылаудың қорытындылары туралы" баяндамаларында, әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық комиссияның өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНҒА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР НЕГЕ ҚАЖЕТ БОЛДЫ

§1. Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясын қабылдаудың
себептері
Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл
объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін,
мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі
немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері
даусыз.
Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз
жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның
өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай-ақ қоғамға теріс ықпал жасауына
әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп-жетілмеген міндеттерді алға
тартуы ықтимал. Конституциялық
реформа жүргізудің алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі
жағдайда да ұзақ мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның
нормалары ұзақ уақыт бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате
ережесін бірден түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті
конституциялық реформалар туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе
барынша байыпты ғылыми тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың
абыройына қарай, конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің
негізгі идеяларының авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде
барынша нөтижелі орындап шыққанын айту керек.
Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың елімізде
жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол
тәжірибесімен егжей-тегжейлі танысты. Оның "Ғасырлар тоғысында" кітабында
мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзір-ленген кезде
жинақтаған мол білімі өз алдына, ол Конституция жөніндегі референдумның
алдында (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің конституцияларын
зерделеген екен.
Алдымен 1993 жылғы конституциялық реформаның Назарбаев тапқан негізгі
себептері мен алғышарттарына тоқталайық.
Олар Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы
1 маусымдағы сессиясындағы "Конституцияның жобасы туралы" және 1992 жылғы 9
желтоқсанда өткен сессиясындағы "Республика Конституциясының жобасы және
оны бүкіл халықтық талқылаудың қорытындылары туралы" баяндамаларында,
әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992 жылғы
қарашадағы республикалық кеңесіндегі баяндамасында және конституциялық
комиссияның өзінде жасаған баяндамалары мен сөздерінде айтылады.
1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың алғышарттарына келсек, ол терең
қоғамдық өзгерістердің тамыр тарта бастаған нышандары 1978 жылғы Қазақ ССР
Конституциясының орнына жаңа конституциялық ресімдеуді талап еткенін атап
көрсетеді.Көнергенді кейінге ысырып, жаңа қағидаттардың негізінде жаңғыра
бастаған қоғамның қадамдарын конституциялық деңгейде баянды ететін Ата заң
қажет болды..
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы қабыдданғанға
дейін де көптеген көнерген конституциялық ережелерді жаңаларымен
алмастырудың қолға алына бастағанын айту керек. Оған жылына бірнеше мәрте
ішінара өзгертулер енгізіліп жүрді. Алайда, қандай да бір өзгертулер енгізу
арқылы Конституцияны жаңа қоғамдық болмысқа сөйкес келтіру қиын еді,
өйткені 1978 жылғы Конституция тұтас қалпында социалистік қоғамдық және
мемлекеттік жүйені бейнелейтін, ал қоғамдық даму жаңа бағытта жүріп жатты.
Мұндай жағдайда 1978 жылғы Конституция енгізілген өзгертулер мен
толықтыруларға қарамастан, өмірден арттақалып, Негізгі Заңның алдында
тұрған міндеттерді орындай алмады. Сондықтан да, Республиканың жаңа
Конституциясын әзірлеу, ендігі жерде ескі Конституцияға толассыз өзгерістер
мен толықтырулар енгізуді тоқтатып, жаңа Конституция қабылдау міндеті күн
тәртібіне қойылды.
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеу негізгі идеясы
республикалардың егемендік құқығын кеңейтуді көздейтін жаңа одақтық шарт
даярлауға Қазақстанның қатысуымен бір мезгілде басталды. Жаңа одақтың
шарттың өзегіне өрілген осы идея Республиканың жаңадан жасалмақ
Конституциясының да ірге тартар мазмұны болуға тиіс еді. Рес-публиканың
жаңа Конституциясын әзірлеудің алғышарттары мен себептерінің ішінде
Назарбаевтың мемлекеттің және халықтың егемендігіне қол жеткізу мен оны
қамтамасыз ету қажеттігін алдыңғы қатарға қойғанын атап көрсету керек.
Нақтылы егемендікті орнату міндетімен тығыз бірлікте Конституцияның өзін де
баянды ету арқылы аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету міндеті де алға
қойыдды. Әкімшіліктер басшылары мен жергілікті кеңестер төрағаларының 1992
жылғы республикалық кеңесінде жасаған Қазақстан Республикасы
Конституциясының жобасы туралы баяндамасында ол Қазақстанның аумақтық
тұтастығының конституциялық кепілдіктері керек екенін атап көрсетті.
Конституциялық реформалардың осы идеяларының бірінші кезекті маңызы
бар деп жариялануының себебі: 1937 және 1978 жылғы Конституцияларда Қазақ
КСР-і заң жүзінде егеменді болып саналғанымен, КСРО құрамындағы Қазақ КСР-
інің шынайы егемендігі болған емес. Оның ішкі саясатта жоғарылығы болған
емес, өйткені жоғарғы билік Қазақ КСР-інің емес, КСРО жоғары партия
органдары мен одақтық мемлекеттің қолында еді. Республиканың сыртқы саяси
өмірде де ешқандай құқығы болған жоқ. Оның өз байлығын, экономикалық
ресурстарын пайдалануға да қандай да бір құқығы жоқ еді, іс жүзінде
экономиканы басқарудың барлық құқығы одақтық құрылымдардың құзырына
шоғырландырылды. Оның өзінің заңдылығы да болған емес, заңдары іс жүзінде
КСРО зандарының көшірмесі еді.Өзінің азаматтығы да болған емес, ол да ортақ
одақтық азаматтық еді. Республиканың аумағын да КСРО-ның жоғары органдары
қалауына қарай кесіп-піше беретін. Одақтық республикалар, соның ішінде
Қазақстан сияқты іс жүзінде құқықсыз мемлекеттер тіпті әлемдік тарих
ауқымында да онша көп емес еді.
Қалай дегенмен де одақтас республикаларда, соның ішінде Қазақстанда,
ұлттық сана-сезім өсті, мәдени деңгей артты, елді өз күшімен басқару
мүмкіндігін барған сайын терең пайымдау мен одақтас мемлекеттің өзінің
ішінде болса да, шынайы егемендікті орнату мен кеңейту қажеттігін түсіну
ұлғая берді. Басқа да барлық республикаларда КСРО мен одақтас республикалар
арасындағы құқықтарды соңғылардың құқықтарын кеңейту бағытына қарай
қайтадан бөлісуді мақсат ететін осындай қоғалыстар күшейе бастады.
Міне, осындай жағдайда жаңа одақтық шартты әзірлеу және одақтас
республикалардың өздерінің бастамасымен, былайша айтқанда, орталықтың
сесіне қарамастан, ашық түрде республикалардың әрқайсысының құқығын іс
жүзінде кеңейту процесі, сондай-ақ Республиканың жаңа Конституциясының
жобасын әзірлеу процесі басталды.
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Қазақ Советтік
Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация"
қабылдады. Бұл құжаттың жобасы Президент Назарбаевтың басшылығымен
әзірленді. Құрамында белгілі заңгерлер бар депутаттар тобы да түрлі
пікірлер тоғысқан күрделі жағдайда жобаны жасауға белсене қатысты.
Декларацияда халық пен мемлекеттің егемеңдігі, оның аумағының бөлінбейтіні,
қолсұғылмайтыны, егемендіктің экономикалық негізі, Республиканың барлық
ұлттарының азаматтарына кең құқықтар мен бостандықтар беру, Республиканың
сыртқы саяси қызметті дербес жүзеге асыруға құқығы, мемлекеттік билікті үш
тармаққа бөлу қағидаттарын белгілеу жария етілді. Декларацияның одақтық
шарт жасасудың жене Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясын әзірлеудің негізі
болып табылатыны танылды. Содан бері небәрі 11 жыл өткен екен, алайда бұл
Республика үшін тұтас бір дәуір, Декларацияда жазылып, содан кейін
Республиканың екі Конституциясына да бірдей көшкен идеялар Республиканың
бүгінгі де, болашақтағы да тыныс-тіршілігінің негізіне айналды.
Егемендіктің конституциялық - құқықтық негіздерін қалаудың Бұл барысы
Декларация жобасын әзірлеуге қатысқан, Жоғарғы Кеңестің депутаты болған аса
көрнекті ғалым-заңгер Салық Зимановтың еңбегінде егжей-тегжейлі талданған.
Кеңес Одағы таратылғаннан кейін 1991 жылғы 16 желтоқсанда
Республиканың Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы" конституциялық Заң қабылдады, оның жобасы да
Президенттің басшылығымен, құрамында бүкіл елімізге танымал ғалым заңгерлер
болған депутаттар корпусының белсене қатысуымен әзірленді. Онда халықтың,
оның Президенті мен депутаттарының мемлекеттің толық әрі нақтылы
тәуелсіздігі туралы жене кезінде қазақ ұлтына адам айтқысыз ауыртпалықтар
әкелуімен қоймай, оның өмір сүруінің өзіне қатер төндірген, жат күштер
зорлықпен тартып алған егемендікке ие болу жөніндегі арман-мүддесі айшықты
бейнеленді. Егемендікпен байланысты негізгі идеялар мен қағидалар
конституциялық заң күшіне ие болды. Осы Заң баянды етіп берген оқиға —
қазақ халқының және күллі Қазақстан халқының тарихындағы ұлы белес. Осыған
орай Конституция жобасын әзірлеуге байланысты негізгі мақсат та өзгерді.
Егер бұған дейін конституциялық комиссия КСРО құрамындағы Республика
Конституциясының жобасын өзірлеумен шұғылданса, ендігі жерде тәуелсіз
егемен мемлекет - Қазақстан Республикасының Конституциясын жасау міндеті
алға қойылды. Енді тәуелсіз мемлекеттің егеменді құқықтарын Республика
Конституциясының өзінде баянды етіп, оған мызғымас сипат беру керек еді.
1993 жылғы Конституцияны қабылдаудың бірінші себебі, міне, осы. 1993 жылғы
Конституцияны қабылдаудың келесі себептерінің бірі адам мен азаматтың
неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыдан бекемдеу
қажеттігі болды. Президенттің Республика Конституциясының жобасы туралы
барлық баяндамаларында бұл аса маңызды міндет ретінде көрсетілді.
Жоғарғы Кеңестің 1992 жылғы маусымдағы сессиясында ол Конституцияның
құқықтық негізді тұрақтандыру және алдағы мақсатқа жетудің конституциялық-
құқықтық құралдарын, соның ішінде адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын бекемдеу үшін қажет екенін атап көрсетті. Әкімшіліктер
басшылары мен жергілікті кеңестер төрағала-рының 1992 жылғы қарашадағы
Республикалық кеңесінде Конституцияның жобасы туралы жасаған баяндамасында
Назарбаев адамның шын мәнінде іске қабілетті сот билігінің көмегімен
қорғалатын құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыдан дәйектеу
қажеттігіне тағы да тоқталды. 1978 жылғы Конституцияның Қазақ ССР
азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын 1937 жылғы Конституцияда
жазылғанға қарағанда, әжептөуір кеңейткені рас, Президент мұны ескермей
отырған жоқ. Қайта ол социализмнің бірқатар құқықтарды, атап айтқанда,
білім алу мен басқа да әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз етудегі елеулі
жетістіктерін атап көрсетеді. Ол социализм тұсындағы бұл салалардағы
жетістіктерді ескермеуге де, жоққа шығаруға да болмайтынын ұдайы еске салып
отырады. Дегенмен, 1978 жылғы Конституцияда дәйектелген құқықтар мен
бостандықтар жүйесінің күллі табиғи құқықтың мазмұнына және жаңа жағдайдағы
адамның жеке басының еркіндігі деңгейіне сай келмейтіні, адам құқықтарының
Жалпыға бірдей декларациясындағы әрбір адам онда жария етілген барлық
құқықтар мен барлық бостандықтарға ие болуға тиіс дейтін идеяларға сай
келмейтіні ескерілді.
Жаңа жағдайда құқықтар мен бостандықтардың күллі жүйесін жаңғыртып,
оларды халықаралық құқықтық құжаттарда дәйектелген әлемдік стандарттар
деңгейіне көтеру қажет еді. Алайда, осы талапқа сейкес құқықтар мен
бостандықтардың күллі жүйесін түбегейлі өзгерту ескі Конституцияға, яғни
1978 жылғы Конституцияға жекелеген түзетулер енгізу арқылы мүмкін емес еді.
1978 жылғы Конституцияда дәйектелген құқықтар мен бостандықтар туралы
тұжырымдаманың шеңберінде бүкіл әлемге танылған құқықтар мен бостандықтар
жүйесін өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен ғана бейнелеп беру
шынында қолдан келмейтін шаруа болатын. Жаңа жағдайда Республика азаматтары
иеленуге тиіс жалпы адамзаттық кең құқықтар мен бостандықтарды дәйектеу
міндеті жаңа Конституцияның қабылдануын талап етті.
Жоғарыда Конституция қабылдаудың бірінші алғышарты ретінде
Республиканың шын мәніндегі егемендігін орнату қажеттігі аталды. Сонымен
қатар жаңа Конституция қабылдаудың басқа да саяси алғышарттары болғанын
айту керек. Жоғарғы Кеңесте және әкімшіліктер басшылары мен жергілікті
кеңестер төрағаларының республикалық кеңесінде сөйлеген сөзінде Назарбаев
мемлекеттік билікті жүзеге асыруда саяси сан алуандықты нығайту,
мемлекеттік билік өкілеттіктерінің аражігін ажырату қажетгігін негіздеп
берді.
Республиканың жаңа Конституциясын әзірлеудің келесі бір маңызды
себебі — саяси жүйе мен мемлекетгік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық
өзгерістерді конституциялық жолмен дәйектеу және оларды демократияландыру
мен құқықтық мемлекет құру бағытында одан әрі жетіддіру қажеттігі еді. 1994
жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР - інің Президенті қызметі тағайындалды.
Назарбаевтың Конституция қабылдаудың саяси алғышарттары турасындағы пікірін
толық пайымдау үшін "Президент қызметін тағайындау және Қазақ ССР
Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес
Президентке бұрын Жоғарғы Кеңес пен оның Төралқасының құзырына жатқызылып
келген бірқатар ауқымды құқықтар берілгенін тағы да атап көрсету керек. Бұл
Жоғарғы Кеңестің жене күллі кеңестік жүйенің өктем дара билігін тарату
бағытындағы маңызды қадам болды. Бұған дейін биліктің жоғары мемлекеттік
органы болып келген (әлбетте, сөз жүзінде ғана) Жоғарғы Кеңес кең
өкілеттіктері бар мемлекет басшысы ретінде Президент қызметі белгіленгеннен
кейін ондай бұрынғы тұғырынан ойысты.
Осы Заңмен Қазақ КСР Конституциясы 6-шы бабының жаңа редакциясы
енгізіліп, одан коммунистік партияның Совет қоғамы мен оның саяси
жүйесіндегі басшылық рөлі туралы қағида алынып тасталды.
Коммунистік партияның саяси жүйе мен қоғамдағы басшылық рөлі
жайындағы идеяның тұтас алғанда күллі кеңестік мемлекеттік ұйымның өзегі
болып келгені баршаға мәлім. Коммунистік партия өмір сүріп отырған кездің
өзінде КСРО мен Қазақстан ауқымында осындай қадамға барған адамдардың
батылдығын атап айтпасқа болмайды.
Партияның осындай рөлі туралы идеяның өзі қоғамның саяси өміріндегі
кереғарлық еді. Әлбетте, әрбір қоғамдағы және мемлекеттегі қандай да бір
партияның рөлі немесе оған деген сенім деңгейі сол партияның өзінің
қызметімен айқындалатыны ақиқат. Егер партия халық пен мемлекет үшін
ойдағыдай жұмыс істейтін болса, оның беделге ие болары, елдің дамуының
белгілі бір кезеңінде мемлекет өмірінде басым рөл атқаратыны анық, ал енді
езінің қызметіндегі кемшіліктердің салдарынан бедел ала алмаса, онда
белгілі бір рөл атқару жайында, халықтың сенімі жайында әңгіме қозғаудың
өзі қисынсыз. Ендеше коммунистік партияның бұл рөлді өз қызметінің
негізінде емес, мемлекет қызметінің маңызды қағидаты ретінде осы партияға
басшылық рөлді теліп берген Конституцияның негізінде атқарғаны жасырын
емес. Партияның мемлекеттегі осындай рөлі туралы қағиданы Лениннің,
айталық, өзінің "Солшылдықтың" коммунизмдегі балалық ауруы" деген еңбегінде
түзгенін, оның партияның Жарғысында, барлық нұсқаулы құжаттарында
дәйектелгенін атап көрсеткен орынды. Конституцияның осы бабы шындығында
қоғамдағы саяси, идеологиялық сан алуандықты жоққа шығарып, коммунистік
партияның мемлекетпен ұштасуын, дәлірек айтқанда, оны сіңіріп алуын
дәйектеді. Мұның бәрі демократияны мүмкін емес етіп, тоталитаризмнің саяси
негізін қалады. Коммунистік партияны осындай рөлінен айыру содан кейінгі
саяси өзгерістердің бастауы мен алғышартына айналды.
Президент қызметі белгіленгеннен кейін үкіметті құру төртібінде де,
сондай-ақ оның биліктің басқа тармақтарымен қарым-қатынасында да үлкен
өзгерістер жүзеге асып, мұның өзі басқарудың президенттік нысанын енгізу
мен билік жіктерін ажырату бағытында жасалған маңызды қадам болды.
Мемлекеттік биліктегі мұндай маңызды өзгерістерді Конституцияда тағы
да қайталап, әрі неғұрлым жүйелі түрде дәйектеу қажет болды. Сонымен қатар
бұл өзгерістерді Конституцияның күллі құрылымында дәйектеп қана қоймай,
саяси реформаларды ілгерілету бағытында жаңа қадамдар жасау қажеттігі туды.
Мұның бәрін ескі Конституцияны өзгерту арқылы жүзеге асыру мүмкін емес еді,
сондықтан жаңа Конституция қабылдау талабы өктем қойылды.
Мұның экономикалық себептері де бар еді. Назарбаев атап көрсеткендей,
елде көптен бері экономика құлдырай бастаған болатын, 80-інші жылдары қолға
алынған экономикалық реформалар, ешқандай нәтиже берген жоқ, өйткені олар
біртұтас мемлекеттік меншік пен социалистік шаруашылық жүргізу әдісі
дейтінге негізделді. Мұндай жағдайда нарыққа көшу объективтік қажеттілік
еді, әрі мұндай қажеттілікті әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Әрине, нарық экономикасы да дағдарыстан ада емес, дегенмен әлемнің
көптеген елдері соны дамыту арқылы осы заманғы табыстарға жетіп отыр.
Назарбаев нарықтық қатынастарға көшу әлдебір теориялық ізденістеріміздің
жемісі емес, қайта аман қалудың ең соңғы амалы ғана болатын деп санайды.
Қазақстанда экономикалық дағдарыстан шығуға деген талпыныс көптеген
экономикалық шаралардан көрініс береді. Айталық, 1990жылғы 21 мамырда
"Шаруа қожалығы туралы" Заң қабылданып, оған сәйкес колхозшыларға өмір бойы
пайдалануға тиесілі жер телімі бөлініп, колхоздан бөлініп шығуға, сөйтіп
өзінің жеке шаруашылығын жүргізуге құқық берілді. Мұның себебі, ауыл
шаруашылығы терең дағдарысқа ұшырап, өнімділік деңгейінің ұзаққа созылған
құлдырауын еңсеру қиынға соққан еді. Соның салдарынан шаруалардың өздерінің
жағдайы нашарлап, тұтас еліміздің әлеуметтік экономикалық тіршілігі ауырлап
кетті. Күллі ауыл шаруашылығын қамтыған қиындықтар дамыған елдерде
қолданылып жүрген шаруашылық жүргізудің озық әдістері мен КСРО-дағы ауыл
шаруашылығын ұйымдастыру жүйесінің арасындағы үлкен алшақтықты ашып
көрсетіп берді.
Бұдан кейін 1990жылғы 11 желтоқсанда "Қазақ ССР-індегі шаруашылық
қызметтің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" Заң шығарылып, осы
заң бойынша кез келген тұлға кәсіпкерлікпен шұғылдануға және онда өзгенің
еңбегін пайдалануға құқық алды. Ал 1990 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған
"Қазақ ССР-індегі меншік туралы" Заңға сөйкес, Республика азаматтары,
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар меншік субъектілері бола алады.
Оларға мемлекеттің меншігінде болуға тиіс кейбір шектеулі меншік
объектілерін қоспағанда, мүлік сатып алуға, мүлігін пайдалануға құқық
берілді. Бұлардың соңын ала "Қазақ ССР-індегі мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру туралы" Заң шықты. Осы аталған және басқа бірсыпыра заңдар
нарық қатынастарын дамытудың іргесін қалады, алайда бұрынғы жағдайымызға
қайта оралмауымызға да әлі кепілдік жоқ болатын, сақталып қалған
социалистік қоғамдық қатынастардың, жеке меншікті мойындамауға негізделген
социалистік идеологияның шалқар мұхитындағы нарық қатынастарының іргесі әлі
де солқылдақ еді. Мұндай жағдайда енді аяқ баса берген тұғырдан тайып
кетпеу, нарық қатынастарын дамытуға қуатты ынта туғызу үшін экономикалық
реформалаудың осынау алғашқы қадамдарын Конституцияда дәйектеу, сол арқылы
жеке меншікке бейімделген алғашқы нарық заңдарындағы қағидаттарды бекемдей
түсу қажет болды. Бұл идеялардың жеке меншік нарық шаруашылығын жүргізуге
жол бермейтін социализм идеяларының негізінде жасалған ескі социалистік
Конституция-ның табиғатына үйлеспейтіні белгілі. Жаңа Конституцияда
жекешелендіру, яғни социалистік меншікті жеке меншікке айналдыру жолымен
жасалатын жеке меншік институтын бекемдеп беру қажеттігі туды. 1993 жылғы
Конституцияны қабылдау себептерінің бірі — сапалық жағынан өзге құқықтық
жүйе жасау үшін жаңа Конституциялық негіз қалау керек еді.
1978жылғы Конституцияны жаңа Конституциямен алмастыру қажеттігін
туғызған басқа да бірсыпыра нақты себептер бар.
Жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін негізінен үкімет мүшелері
мен депутаттық корпустың басшыларынан тұратын Конституциялық комиссия
құрылды.Жоба әзірленген бетте Жоғарғы Кеңес сессиясындағы алғашқы
оқылымында мақұлданып, бүкілхалықтық талқы-лауға ұсынылды. Жоғарғы Кеңес
оны 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылдады.
Назарбаев бұл Конституцияның белгілі бір дәрежеде оңды рөл
атқарғанын, оның Қазақстанның егеменді мемлекет және әлемдік қоғамдастықтың
терезесі тең мүшесі ретінде толығымен қалыптасқанын ресімдейтін өрі 1990 —
1992 жылдардағы конституциялық құқық шығармашылықтың алғашқы толқынының
езіндік қорытынды құжаты болғанын және "...Қазақстандық конституциялық
құрылыс жолындағы елеулі белес", болғанын атап көрсетті.
Соған қарамастан, 1993 жылғы Конституцияның елеулі кемшіліктері
болғанын айту керек, аса маңызды дерлік айқындамалары жағынан алғанда, ескі
Конституцияның шырмауында қалып, кеңес мемлекетінің көнерген жорамалдарының
бірталайынан арыла алмады. Назарбаев бұл кемшіліктердің қоғамдық дамуға
едәуір кедергі келтіретінін түсінді. Қоғамның ілгерішіл бөлігінің
көзқарастарын іске асыруға қол жеткізе алмағанын кейіннен Назарбаевтың өзі
айтады. Бұл саяси кезеңнің сипатынан туындаған жағдай еді. Еліміз
төуелсіздік пен егемендік жолына енді ғана қадам басқан болатын.
Мұндай жағдайда Назарбаев қарсы бағдар ұстанған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қайта құру” саясаты және Қазақстан
КСРО - дағы экономикалық саяси дағдарыс (ХХ ғасырдың 90 жылдары)
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
Қазақстан 2030 стратегиясы бағдарламасы бойынша саяси дамудың алғышарттары
Қазақстан жайлы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысындағы құқықтық жүйесі
Қазақстанның егемендік алуы және дамуы
Пәндер