Әлеуметтік құқықтың қағидалары



Жоспар

Кiрiспе

Әлеуметтік құқықтың қағидалары

1.Адамның негізгі құқықтары
1.1.Құқықтық айқындылық, кері күш және бекітілген құқықтар, заңды күту
1.2.Пропорционалдылық (сәйкестілік), теңдік, тыңдалу құқығы және т.б қағидалар

2.Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгiлерi.
2.1.Құқықтық қатынастар түрлері.
2.2.Құқықтық қатынастар субъектiлерi.

3. Құқықтық қатынас объектiлерi.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Құқықтың «жалпы принциптері» қандай негізде құқықтың қайнар көзі ретінде көрініс табады? Бұл сұраққа жауап беру үшін сот психологиясы мәселесіне көңіл бөлу керек. Бірде-бір құқықтық жүйеде заңдар немесе жазылған құқықтың басқа да қайнар көздері соттарда туындайтын барлық сұрақтарға жауып беру мүмкіндігі жоқ. Судьялар туындайтын мәселелерді шешу үшін, құқықтық нормаларды шығару керек. Соттағылар ашық норма шығарушылықты бүркемелеу үшін, құқықтың жалпы принциптеріне сүйенеді: идеяның негізі мынада – егер құқықтық норма ортақ келісімді қалыптастыратындай жалпы принципке сүйеніп жасалса, сот шешімінің тұрақты құқықтық негізі бар деп есептеледі.
Жалпы принциптердің бастауы не болып табылады? Олар әр түрлі қайнар көздерде табылады, бірақ соның ішінде ең маңыздылары – Қоғамдастықтарды құратын шарттар және мүше-мемлекеттердің құқықтық жүйелері. Бірінші жағдайда, Сот шарттар ережелерінін біреуі шартқа тікелей енгізілмеген жалпы принциптің көрінісі деп қаулы етеді. Сонымен, бұл ереже құқықтың жалпы принципі ретінде қолданылады. Оның мысалы – Қоғамдастықтың 7-бабына сәйкес шартты қолдану шеңберінде Қоғамдастық азаматтарын ұлт белгісі бойынша кез келген кемсітуге тыйым салу. Бұл сот пен шарттардың басқа ережелерімен бірге кез келген белгілер бойынша кемсіту жасасуға тыйым салатын, теңдіктің жалпы теориясын қалыптастыру үшін қолданылады.
Тағы бір мысал, Қоғамдастықтың 36-бабы қарастыратын ақшалай санкциялар мен кезеңде айыппұлға қарсы шағым-арыздарды қолдау ретінде мүдделі тарап сол шешім мен ұсыныстардың заңдылығына қарсы болды, ал ол сақталмаған жаңдайда бұл тарап айыпталады. Кейбір талапкерлер осы ережені айыппұл төлемдеріне қатысты емес, алымдарға қатысты қолданған. 36-баб қолдауға жатпады, бірақ сот бұл ережені жалпы принциптің жеке көрінісі, сондықтан да, жанама түрде кез келген құқықтық шараларды даулауға болады деп ұйғарды. Осы жалпы принцип қарастырылған істе қолданылып, өтініш білдірушіге шараны даулауға мүмкіндік береді. Бұл дәлелдеме екі сатыны талап етеді: біріншісі – индуктивтік, онда сот шарттың жеке ережесіне негізделе отырып, оны жалпы принципке байланыстырады. Ал, екіншісі – дедуктивтік, бұл жерде сот қарастырып отырған ңс бойынша шешімді жалпы принципті қолдана отырып қабылдайды. Сот осындай әрекет жасаса, оның шешімінің құқықтық негізі – шарт емес, жалпы принцип болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Жарикова.А.Ж. Әлеуметтік қорғау құқығы. Қарағанды, 2001
2.Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. Алматы «Білім», 2001
3.Хартли Т.С. Еуропа Қоғамдастығы құқығының негіздері
4.Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы, 1999 г.
5.Права человека в международных документах. “Ғылым”, 98.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кiрiспе

Әлеуметтік құқықтың қағидалары

1.Адамның негізгі құқықтары
1.1.Құқықтық айқындылық, кері күш және бекітілген құқықтар, заңды күту
1.2.Пропорционалдылық (сәйкестілік), теңдік, тыңдалу құқығы және т.б
қағидалар

2.Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгiлерi.
2.1.Құқықтық қатынастар түрлері.
2.2.Құқықтық қатынастар субъектiлерi.

3. Құқықтық қатынас объектiлерi.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Құқықтық жалпы принциптері

Құқықтың жалпы принциптері қандай негізде құқықтың қайнар көзі
ретінде көрініс табады? Бұл сұраққа жауап беру үшін сот психологиясы
мәселесіне көңіл бөлу керек. Бірде-бір құқықтық жүйеде заңдар немесе
жазылған құқықтың басқа да қайнар көздері соттарда туындайтын барлық
сұрақтарға жауып беру мүмкіндігі жоқ. Судьялар туындайтын мәселелерді шешу
үшін, құқықтық нормаларды шығару керек. Соттағылар ашық норма шығарушылықты
бүркемелеу үшін, құқықтың жалпы принциптеріне сүйенеді: идеяның негізі
мынада – егер құқықтық норма ортақ келісімді қалыптастыратындай жалпы
принципке сүйеніп жасалса, сот шешімінің тұрақты құқықтық негізі бар деп
есептеледі.
Жалпы принциптердің бастауы не болып табылады? Олар әр түрлі қайнар
көздерде табылады, бірақ соның ішінде ең маңыздылары – Қоғамдастықтарды
құратын шарттар және мүше-мемлекеттердің құқықтық жүйелері. Бірінші
жағдайда, Сот шарттар ережелерінін біреуі шартқа тікелей енгізілмеген жалпы
принциптің көрінісі деп қаулы етеді. Сонымен, бұл ереже құқықтың жалпы
принципі ретінде қолданылады. Оның мысалы – Қоғамдастықтың 7-бабына сәйкес
шартты қолдану шеңберінде Қоғамдастық азаматтарын ұлт белгісі бойынша кез
келген кемсітуге тыйым салу. Бұл сот пен шарттардың басқа ережелерімен
бірге кез келген белгілер бойынша кемсіту жасасуға тыйым салатын,
теңдіктің жалпы теориясын қалыптастыру үшін қолданылады.
Тағы бір мысал, Қоғамдастықтың 36-бабы қарастыратын ақшалай санкциялар
мен кезеңде айыппұлға қарсы шағым-арыздарды қолдау ретінде мүдделі тарап
сол шешім мен ұсыныстардың заңдылығына қарсы болды, ал ол сақталмаған
жаңдайда бұл тарап айыпталады. Кейбір талапкерлер осы ережені айыппұл
төлемдеріне қатысты емес, алымдарға қатысты қолданған. 36-баб қолдауға
жатпады, бірақ сот бұл ережені жалпы принциптің жеке көрінісі, сондықтан
да, жанама түрде кез келген құқықтық шараларды даулауға болады деп ұйғарды.
Осы жалпы принцип қарастырылған істе қолданылып, өтініш білдірушіге шараны
даулауға мүмкіндік береді. Бұл дәлелдеме екі сатыны талап етеді: біріншісі
– индуктивтік, онда сот шарттың жеке ережесіне негізделе отырып, оны жалпы
принципке байланыстырады. Ал, екіншісі – дедуктивтік, бұл жерде сот
қарастырып отырған ңс бойынша шешімді жалпы принципті қолдана отырып
қабылдайды. Сот осындай әрекет жасаса, оның шешімінің құқықтық негізі –
шарт емес, жалпы принцип болып табылады.
Егер сот шабыт туғызу үшін ұлттық құқыққа сүйенсе, жалпы принцип мүше-
мемлекеттердің құқықтық жүйелерімен қабылдануы қажетті емес. Ол мүше-
мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің көпшілігінде қабылданса, олардың даму
тенденцияларын бейнелесе жеткілікті. Принцип негізі қандай болса да, ол
сотпен ұлттық құқық емес, Қоғамдастық құқығының принципі ретінде
қолданылатыны жөнінде тағы бір ескеру қажет.
Құқықтың қайнар көзі ретінде жалпы принциптерге сүйенуді атау
шарттардың өзінде көрініс табады.
Сонымен, құқықтың жалпы принциптері - құқықтың тәуелсіз қайнар
көзі және Сот жоғарыда айтылған жағдайлар болмағанның өзінде, олардың
қолданытындығына ешбір күмән жоқ. Бірақ, Сотпен жаңа құқық
нормалары ұсынылған кезде ол әрқашанда жалпы принциптерге тікелей
сілтеме жасайды, ойламау керек. Кейде ол қайнар көзге еш
сілтеме жасамай-ақ, норманы бекіте алады немесе оны Қоғамдастық
құқықтық жүйесінің жалпы талаптарымен немесе саясатымен ақтай
алады. Бірақ, егер де бұндай нормаларға ресми қайнар көз керек
болса, ол әрқашан да не жазылған құқықты кең талқылау арқылы, не
жалпы принциптерге сілтеме жасасу арқылы табыла алады.
Сотпен қабылданған жалпы принциптер қандай? Бұл принциптердің
барлығын атап айту мүмкін емес, бірақ, олардың кейбіреулері, ең
маңыздылары, қазір қарастырылады.

1.Адамның негізгі құқықтары

Дүниежүзілік мағынасына қарамастан, адамның негізгі құқықтары енді
ғана Қоғамдастық құқығында маңызды орын алып отыр. Сотпен адамның
негізгі құқықтары тұжырымдамасын дайындау пайдакүнемдікті де
көздеді, сенімдерді де қамтыды. Бұл сауал тарихы мынадай:
Еуропалық қоғамдастық сотының ең маңызды мақсаттарының бірі –
Қоғамдастық құқығының тиімділігін қамту, ол болса, өз кезегінде, ЕҚ
Сотын қатал түрде жүзеге асырылатын Қоғамдастық құқығының ұлттық
құқыққа қарағанда үстемділігі доктринасына алып келді. Бұл доктрина,
негізінен, ұлттық соттармен де танылған, бірақ Қоғамдастықтың
құрылғанынан бастап, неміс заңгерлері келесі мәселеге күдік білдіре
бастады. Қоғамдастық құқығының, әсіресе, адам құқықтарына
байланысты, Германия Конституциясынан құқықтық күші жоғары болуы керек
пе? Германияда Қоғамдастық құқығының ұлттық құқықтан, соның ішінде
Федералды парламент заңдарынан, үстемделігін тануға қиындық болған
жоқ. Бірақ, барлық неміс заңдары, соның ішінде федералдық
заңдар да Конституцияға бағынышты заңдардың Конституцияға
сәйкестігі арнайы Федералдық конституциялық сот анықтайды. Ұлттық
заңдардың Конституцияға сәйкес болу қажеттігіне байланысты, кейбір
неміс заңгерлерінің Қоғамдастық құқығы ережелерін бұзған жағдайда
Германияда қолданыла алмайды деген көзқарасты қолдағаны
таңданарлық жай емес. Неміс заңгерлерінің негізгі заң, әсіресе,
адамның негізгі құқықтары тұжырымдамасын қатаң ұстануын Германияның
алыс емес тарихымен түсіндіруге болады.
Қоғамдастықтағы негізгі адам құқықтары тұжырымдамасының екінші
қайнар көзі – халықаралық шарттар. Егер Қоғамдастық шарасы мүше-
мемлекеттің қатысатын шартымен белгіленген адам құқығын бұзса, ол
мемлекет шартты бұзу қаупінен, осы шараны өз аумағында жүзеге
асырмауы мүмкін. Сондықтан да, алдында нәрселердің барлығы
шарттарға сәйкес қорғауға ие болатын құқықтарға да
қолданылады.
Осы күнге дейін қаралған адам құқықтары бойынша барлық істерде
ЕҚ Соты Қоғамдастыққа байланысты, оның шараларының жарамдылығы
жөніндегі шешімдерін талқылау немесе қабылдау мақсатында бағалап
келді. Қоғамдастағы адам құқықтары тұжырымдамасы мүше-мемлекеттер
үшін қаншалықты міндетті. Оның тікелей қолдануы ұзақ уақытқа
дейін танылған жоқ. Бірақ, қазіргі кезде кейбір жағдайларда
Қоғамдастық құқығы мүше-мемлекеттерден адам құқықтарын сақтауды талап
ететіні анықталып келе жатыр.
Осыған қатысты үш ереже бар. Бірінші және ең айқыны,
Қоғамдастықтың адам құқықтары тұжырымдамасы, Шарттардың ережелерін
немесе Қоғамдастықтың құқықтық нормаларын талқылау үшін
қолданылған кезде ол мүше-мемлекеттерге міндетті. Екіншісі, егер
осындай ереже жеке адамдарға құқық берсе, бірақ бұл құқықтар шектелуі
де мүмкін, мысалы, көпшілік тәртіпті қаматамасыз ету қажеттілігі
туған жағдайда. Осындай негіз бекітілген шектеулер Қоғамдастықтағы
адам құқықтары тұжырымдамасын бұзбауы керек. Үшіншісі, мүше-мемлекеттер
Қоғамдастықтың құқықтық нормаларын қолданған кеде. Мысалы, заң
қабылдау арқылы, олар Қоғамдастық құқығындағы талқылануға сәйкес адам
құқықтарын сақтауға міндетті. Осы ережелерге қосымша, Қоғамдастық
құқығының шеңберінде әрекет еткен жағдайда да, мүше-мемлекеттер үшін
Қоғамдастықтағы адам құқықтары тұжырымдамасы міндетті деген ЕҚ
Сотының ұйғарымы бар. Соттың қаулысы бойынша, егер ұлттық сотқа,
заңдардың негізгі құқықтарға сәйкестілігін қамтамасыз ету үшін
қажетті талқылаудың барлық элементерін беруі тиіс. Осы сынды
қанағаттандырмайтын ұлттық заңдарды ұлттық сот қолданбауы немесе
күшін жоюы тиіс деп жобалауға болады. Бұл Қоғамдастық құқығымен
белгіленген принциптерге сәйкес, ұлттық заңдарды қолдануға
болатын салаларға ғана қатысты болуы мүмкін. Басқа жағынан,
Қоғамдықтың құзыретіне жатпайтын салаларда, мүше-мемлекеттерге
Қоғамдастықтың адам құқықтары жөніндегі тұжырымдамасы міндетті емес.

1.1.Құқықтық айқындылық
Құқықтық айқындылық - кейде “құқықтық қауіпсіздік” деп те аталады.
Халықаралық сот таныған ең маңызды жалпы қағидалардың бірі. Бұл бір-
екі сөзбен түсіндіруге келмейтін кең тұжырымдма және оның желісі ретінде
болжамдылық болып табылады. Құқықтық айқындылықтың жалпы идеясы,
әрине, құқықтық жүйелердің көпшілігінде танылған және олардың ең
маңыздылары: жаңа қабылданған заңның кері күні болмауы, бекітілген
құқықтар және заңды үміт деп жіктеуге болады.
Кері күш және бекітілген құқықтар анықтамаларға тоқталар
болсақ, - “кері күш” - заңгерлер жиі пайдаланатын, бірақ,
терминнің, кем дегенде, екі тұжырымдаманы белгілеу үшін қолданылатыны
анықталады. Біріншісі, оның “шынайы кері күш” деп атауға болады,
әрекетке немесе мәмілеге жаңа құқықтық норманы оны жариялауға
дейін қолдануға байланысты. Екіншісі, оны “квази-кері күш” деп
аталады, жаңа құқықтық норманы аяқталу кезіндегі әрекетке немесе
мәмілеге қол қоюға байланысты айтылады.
Бекітілген құқықтар тұжырымдамасы - әдетте, кері күштің тағы да
бір қыры. Жалпы, бекітілген құқықтарды бұзатын ережен қатал түрде
қарастырсақ, кері күш болады: іс жүзінде шынайы кері күштің
болмысы мен құқықтық нормалардың белгісі - бекітілген құқықтарға
зиян келтіруі. Бұның мәселесі - екі күрделі сауалға қатысты: оның
мақсатында құқық деген ұғымды қалай түсінуге болады және қай
кезде осындай құқық бекітілген болып есептеледі.
Шынай кері күшке қатысты екі ереже қолданылады: біріншіс”,
талқылау кезінде нақты ереже болмаса, заңның кері күші жоқ деп
есептелінеді; екіншісі, кері күшке жалп тыйым салынады, бірақ, кей
жағдайларда рған рұқсат беруі мүмкін, егер шараның мақсатына басқа
жолмен жетуге болмайтын болса, бұл жағдайда осы шарамен қозғалатын
мүдде иелерінің заңды күтілімдері қамтамасыз етілуі тиіс.
Заңды күту принципі - ағылшын тілінде “заңды сенім қорғау” деп
аударылады, бірақ та бұл сөздің неміс және француз тілінде де баламасы
бар. Сондықтан да, қазіргі кезде “заңды күту” термині кең таралған.

Заңды күту мәселесін не құрайды? Бұл сұраққа жауап беру үшін
көптеген аспектілерді біліуіміз керек, біріншіден, ақылға
сыймаған жағдайда күту заңсыз, бұл кезде осындай жағдай болғанда
ақылды адам күтер ме еді деген сұраққа жауап беру керек, Істі
шешкенде, барлық жағдайларды есепке алу қажет.
Егер заңды күту принципі келтірілген зиянның орнын толтылу
туралы талап арыз үшін негіз ретінде қолданылса, арыз беруші заңды
деп табылатын күтумен қатар, осы күту есебі бойынша әрекет еткенін
және Соттың шара қабылдау нәтижесінде зиян шеккенін дәлелдеуіне
болады.

1.2.Пропорционалдылық және теңдік
Пропорционалдылық - герман құқығынан бастау алатын принцип.
Германия Конституциясының кейбір ережелері осы принципке негізделгенін
айта кету керек. Бұл қағиданың конституциялық қыры адамның
негізгі құқықтарына байланысты айтылған болатын.
Пропорционалдылық принципі бойынша, шараның мақсатына жету үшін
қоғамдық мүддеден шығатын бекітілген қажеттілік шегінен асатын
міндеттерді билік органдары азаматтарға жүктей алмайды. Егер,
белгіленген міндеттемелер ашық түрде мақсатқа пропорционалды емес
болса, шара жойылады.
Пропорционалдылық принципі алғаш реті Қоғамдастық құқығына
ЕуроҚауымдастық Сотымен енгізілсе, қазіргі кезде де ол Шарттарда
бекітілген. Пропорционалдылық экономикалық құқық аясында
айрықша маңызды, өйткені оған сай экономикалық мақсаттарға жету үшін
кәсіпкерлер алымдарды, салықтарды, тарифтер немесе баж салықтарын
төлеуге жиі міндеттеніп отырады.
Теңдік принципі - Шарттардың кейбір ережелерінде көрініс тапқан:
атап айтқанда, онда “ұлтына қарай”, “діни белгілері бойынша”
кемсітуге, “ауылшаруашылық саласында өндірушілер мен тұтынушылардың
арасындағы кемсітсуге” тыйым салады және “ер адамдар мен әйелдердің
тең еңбегіне бірдей ақы төлеу принципін қолдануды көздейді.
Мұнымен қоса, тыңдалу құқығы, кәсіптік артықшылық және
субсидиарлық қағидалары бар.
Тыңдалу құқығы бәсекелестікті шектейтін келісімдерге тыйым салу
мақсатында бекітіліп, сотта “қорғануға құқық” деген тұжырымдамамен
пайдаланылса, құқықтық кәсіпті артықшылық қағидасы – клиенттің
артықшылық құқығын пайдаланғысы келсе, ол құжаттардың мазмұнын ашпай,
қойылған талаптар қанағаттандырылғанын білдіретін жеткілікті ақпаратты
Комиссияға беру мүмкіндігіне негізделген.
Ал, субсидиарлылық принципті - басқа жалпы принциптерден ажырататын
бір қыры, ол Сотпен емес, Маастрихт шартымен дайындалған. Оның негізі
- сот тәжірибесі емес, Шарттар, бірақ, принциптің кең талқылануына
және оның басқа принциптерге тарабындығына, соның ішінлде
сәйкестілік принципіне байланысты оның Сотпен басқалар сияқты
талқылануы мүмкін.

2.Құқықтық қатынастардың түсінігі, белгiлерi.

Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-
қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа
себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс.
Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп,
жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың
бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы
қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде
дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның
экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан
адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта
отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық,
әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс - қатынастар
моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы
қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек
әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп,
басқарып отырады.
Құкықтық қатынастар — құқыққа байланысты, кұкық негізіндегі
қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән.
1) Құқықтық қатынас — бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда,
адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен
тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл
құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;
— құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқылы реттеліп отыратын
қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны,
субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің
түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске
асады, орындалады.
2) Құкықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма
әсер еткенде пайда болады. Құкықтық норма мен құкықтық қатынас арасында
бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген
құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да
қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықгық ұқсастық болған
жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға
қолданылады;
— қатынастың субъектілерінің екі жакты құқықтары мен міндеттерінің толық
көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең
келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
3) Құқықтық қатынас — бұл субъективтік құқықтар мен міндетгер аркылы
пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқықка ие болушы
соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міңдетгі
орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар түлға және міндеті бар
тұлға болады: адам, ұйым, мемлекет органы.
— субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық
қатынас жасайды.
4) Құқықтық қатынас — ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу
үшін қатысушылардын еркі қажет. Қейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін
тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал қейбір құқықтық қатынастар
тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы
орғанның еркі бойынша қозғалады).
— егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз
міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл
кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Құқық. Оның түсінігі және қағидалары
Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері
Құқық қағидалары.
Құқық ұғымы туралы
Заңды жауапкершілік
Қылмыстық құқық міндеттері
Құқықтың негізгі тарихи типтері, қағидалары (принциптері) және функциялары
Құқық функциялары
ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР
Пәндер