Ақындық даралық Ж. Әбдірашев, Т. Медетбек лирикалары негізінде



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім

I тарау
Ақындарымыздың поэзиясын зерттеу тану мәселесі ... ... ...4

II тарау
Лирикалық қаһарман әлемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

III тарау
Көркемдік шеберлік өрнектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі кезде сонау 70-жылдардың қарсаңында поэзия әлеміне құшағын айқара ашып Ж.Әбдірашев пен Т. Медетбек сияқты ірі ақындардың келгенін бүгінгі өлең сүйер қауымға таныстырып жатудың өзі артықтау. Дей тұрғанымен олардың шығармалары баспасөз беттерінде жарияланып, кітаптары шыққанымен зерттеу жұмыстары қолға алына қойған жоқ. Ақындарымыздың өлең өріміне қандай жаңалықтар әкелді?, дүниетанымы қандай? деген сұрақтар әдебиет сүйер қауымды толғандырары анық.
Ж.Әбдірашевтың "Соғыстан соң туғандар", "Дала сенің ұлыңмын", "Жар басындағы ой" атты лирикалары кімді де болса толғандырмай қоймайды. Ал Т.Медетбектің "36 градус", "Антенна", "Тынышыңды аламын дүние" атты өлеңдері философиялық тұрғыдан да, лирикалық сазды иірімдерімен де оқушысын сезім құшағында қалықтататынына ешкім шүбә келтіре алмайды. Зерттеліп отырған ақындарымыз поэзия әлемінде осы сияқты өлеңдермен және де т.б. жалынды жырларымен келер ұрпақты сусындатары айқын.
Зерттеу нысаны: Біз зерттеу нысаны кезінде ақындарымыздың шығармаларының ішіндегі тек лирикаларына ғана үңілдік.
Зерттеу мақсаты: "Қаптың ішіне инені салып қойсаң да, бәрібір тесіп шығады" демекші зерттеліп отырған ақындарымыз тегін емес екендігі белгілі. Әрине, біздің зерттеу объектіміз құр сөзбен желдіртіп мақтау емес, мейлінше ақын творчествосына шамамыздың жеткенінше терең үңілу. Біз зерттеу мәселемізде алдымызға мынадай мақсаттар қойдық:
- Көркемдік әлеміндегі өмір шындығы.
- Өлең өнеріне көзқарасы, өзіндік өлшем бағам байлауы.
- Зерттеліп отырған ақындарымыздың шығармасында көрінетін заман тынысы.
- Махаббат, көңіл-күй лирикасы, туған жер тақырыбы.
- Азаматтық әуен, әлеумет мәселесін жырлау.
- Ақындарымыздың стильдік ажыратылымы.
- Лирикалық қаһарман әлемі.
- Ақындарымыздың шығармашылығындағы Абай, Мағжан дәстүрі.
- Көркемдік шеберлік өрнектері.
- Лирикаға байланысты азын-аулақ анықтамалар.
- Ақындарымыздың шығармашылығына әдебиеттанушы ғалымдардың берген бағасы.
Міне осы сияқты ой тұжырымдарымызды еске ала отырып, зерттеу бағытымыздың мән-мағынасын аша кеткенді жөн көрдік.
Зерттеу тәсілдері: Біз зерттеу бағытымызда ақындарымыздың шығармаларын талдау арқылы жүргіздік. Сонымен қатар алдыңғы аға буын ақындардың шығармаларымен салыстыру арқылы көп нәтижеге жеткендігімізді айта кеткен жөн.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі кезде сонау 70-жылдардың қарсаңында
поэзия әлеміне құшағын айқара ашып Ж.Әбдірашев пен Т. Медетбек сияқты ірі
ақындардың келгенін бүгінгі өлең сүйер қауымға таныстырып жатудың өзі
артықтау. Дей тұрғанымен олардың шығармалары баспасөз беттерінде
жарияланып, кітаптары шыққанымен зерттеу жұмыстары қолға алына қойған жоқ.
Ақындарымыздың өлең өріміне қандай жаңалықтар әкелді?, дүниетанымы қандай?
деген сұрақтар әдебиет сүйер қауымды толғандырары анық.
Ж.Әбдірашевтың "Соғыстан соң туғандар", "Дала сенің ұлыңмын", "Жар
басындағы ой" атты лирикалары кімді де болса толғандырмай қоймайды. Ал
Т.Медетбектің "36 градус", "Антенна", "Тынышыңды аламын дүние" атты
өлеңдері философиялық тұрғыдан да, лирикалық сазды иірімдерімен де оқушысын
сезім құшағында қалықтататынына ешкім шүбә келтіре алмайды. Зерттеліп
отырған ақындарымыз поэзия әлемінде осы сияқты өлеңдермен және де т.б.
жалынды жырларымен келер ұрпақты сусындатары айқын.
Зерттеу нысаны: Біз зерттеу нысаны кезінде ақындарымыздың
шығармаларының ішіндегі тек лирикаларына ғана үңілдік.
Зерттеу мақсаты: "Қаптың ішіне инені салып қойсаң да, бәрібір тесіп
шығады" демекші зерттеліп отырған ақындарымыз тегін емес екендігі белгілі.
Әрине, біздің зерттеу объектіміз құр сөзбен желдіртіп мақтау емес, мейлінше
ақын творчествосына шамамыздың жеткенінше терең үңілу. Біз зерттеу
мәселемізде алдымызға мынадай мақсаттар қойдық:
- Көркемдік әлеміндегі өмір шындығы.
- Өлең өнеріне көзқарасы, өзіндік өлшем бағам байлауы.
- Зерттеліп отырған ақындарымыздың шығармасында көрінетін заман тынысы.
- Махаббат, көңіл-күй лирикасы, туған жер тақырыбы.
- Азаматтық әуен, әлеумет мәселесін жырлау.
- Ақындарымыздың стильдік ажыратылымы.
- Лирикалық қаһарман әлемі.
- Ақындарымыздың шығармашылығындағы Абай, Мағжан дәстүрі.
- Көркемдік шеберлік өрнектері.
- Лирикаға байланысты азын-аулақ анықтамалар.
- Ақындарымыздың шығармашылығына әдебиеттанушы ғалымдардың берген бағасы.
Міне осы сияқты ой тұжырымдарымызды еске ала отырып, зерттеу
бағытымыздың мән-мағынасын аша кеткенді жөн көрдік.
Зерттеу тәсілдері: Біз зерттеу бағытымызда ақындарымыздың шығармаларын
талдау арқылы жүргіздік. Сонымен қатар алдыңғы аға буын ақындардың
шығармаларымен салыстыру арқылы көп нәтижеге жеткендігімізді айта кеткен
жөн.
Зерттеудің жаңашылдығы: Ж.Әбдірашев пен Т.Медетбектің лирикалары алғаш
рет ғылыми жүйеде әдебиет теориясы арқылы қарастырылып отыр. Бұл бүгінгі
әдебиет үшін жаңалық болып табылады.

I-тарау

Шын талант өнердегі өзін емес, өзіндегі

өнерді қадірлейді.
З.Қабдолов.
Ақындарымыздың поэзиясын зерттеу, тану мәселесі.

Ақын тағдыры тым ауыр, тым қатал, тым нәзік. Бұл сөзді айту үшін де
үлкен сезім керек, ақындық жүрекпен сезіну керек. Ақындық ұлы ұғым. Ақын өз
заманының дүрбісі. Өмірдің көп қалтарыстарын, тіпті жүрегіне тікендей
қадалған, ар сүймейтін қылықтарды да ақын тағдыры көңіл көзімен көріп
үлгереді. Болмашы нәрсеге де бейтарап қарай алмайды. Ауыр құбылыс,әрине!
Әйтпесе даланың ерке ұлы Махамбетке де кері заман істерін істемеді ме.
60-жылдардың орта шенінде әдебиет әлеміне құшағын айқара ашып "құстың
қос қанатындай " тақырып бойынша Жарасқан Әбдірашев пен Темірхан
Медетбеков еркелей келген. Біз зерттеу кезеңінде ақындарымыздың
өмірбаянына, шығармаларына сәл болса да тоқталып өткенді жөн көрдік.
Жарасқан Әбдірашев 1948 жылы Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел
ауылында дүниеге келген. Сол кездегі "Лениншіл жас" газетінде, "Жалын"
журналында поэзия бойынша, сын бөлімінде қызметтер атқарған.
1969 жылы балаларға арналған "Бұл не", 1972 жылы "Саяхат", 1971 жылы
"Найзағайлы жаз", 1974 жылы "Соғыстан соң туғандар", 1975 жылы "Дала сенің
ұлыңмын", 1980 жылы "Перзент парызы", 1983 жылы "Досың болғым келеді", 1988
жылы"Сана соқпағы", 1989 жылы "Әзілің жарасса" кітаптарының авторы. Сонымен
қатар аударма жұмыстарымен айналысқан.
Ал Темірхан Медетбеков өмірбаянына келетін болсақ, ол 1945 жылы Шымкент
облысы, Түркістан ауданы, Амангелді атындағы колхозда туып өскен.
Қазақ студиясы теледидарында редактор болып, облыс газеті "Коммунистік
жол"-да корреспондент болып жұмыстар атқарған.
Шығармаларына келетін болсақ ,1975 жылы "Алыс шақырымдар" атты жыр
жинағы, 1977 жылы "Мәртебе", 1980 жылы "Әуедегі толқындар", 1998 жылы
"Тынышыңды алам, дүние" таңдамалы шығармалары сонымен қатар түркілік
сарындағы 2002 жылы шыққан тың дүниесі "Көк түріктер сарыны" атты өлеңдері
жарық көрген. 1, 155б
Орыстың данышпан сыншысы Белинский "Ақынды зертте дегеніміз оның
шығармасымен шұқшия оқу арқылы танысу ғана емес, сонымен бірге, оның
суреттегендерін өз басыңнан кешіре білу " дейді. 2,74б
Рас сөз. Бұған келісуге әбден болады. Өйткені бір адам тағдырымен
екінші адам тағдыры ұқсас келіп жатуы да ғажап емес. Өмірдегі күлу, сезіну,
қайғыру, сағыну сияқты адам табиғатына тән қасиеттерді сарабдал сыншы тап
басып айтқан. Мәселен:

Сезімдерім шарықтап жайлауында жарықтың,
Құшағында отырмын шұғылалы шабыттың.
Күмбір-күмбір үн шашып, менің мынау кеудеме
Асыл сөзі әлемнің
Қоңырауын қағып тұр.
Немесе:
Табиғаттың қарамай күзіне де, қысына,
Дәл үстінен өтсін деп бүкіл елдің тұсынан,
Қара түнді қақ жарып, жұлдыздардың астымен
Көгершін ғып сол сөзді
Құс жолымен ұшырам,-
дейді Темірхан ақын. 3,3б Дәл осы өлең ақын атаулының бәріне
қатысты емес пе? Әр ақынның өзінше жүрегінен сөз ұшырып, көңіліне медеу
тапқысы келетіні тағы бар. Бұл өмір шындығы, заңды құбылыс.
Темірхан Медетбеков пен Жарасқан Әбдірашев шығармашылығына ақын-
жазушылардың, ғалымдардың бірен-саран ой-пікірлері болмаса, олар туралы
зерттеу еңбектері әлі қолға алына қойған жоқ. Дегенмен әдебиет айдынында
өздеріне тән қолтаңбасы бар, сыншылар тарапынан да құлаққа жылы естілетін
азды-көпті лебіздердің бар екенін айта кеткеніміз жөн.
Жақсы өлеңнің жерде қалмайтыны ақиқат "Жүрекке жылы тиетін", көңілге
сағыныш ұялататын, адам рухын тебірентетін лирика кімді де болса
толғандырмай қоймайды. Әсіресе өлең сүйер қауым үшін тіпті ерекше.
Темірхан ақынның жалынды жырлары Фариза апамыздың ақын Ф.
Оңғарсынованы айтып отырмын да жүрек сүзгісінен қалыс қалмаған сияқты.
Темірхан туралы ақын Фариза Оңғарсынова сонау 80 жылдары былай деп баға
берген екен:
"Биыл Темірхан Медетбековтің жазушы баспасынан "Мәртебе" атты өлеңдер
жинағы жарық көрді.Алдыңғы ақындарға Темірханды тіпті де ұқсату мүмкін
емес. Бұл өзінше жазады. Өзінше пікір қорытады. Ақынның өлеңдері бүгінгі
күнмен қауышып, қабаттасып, араласып жатады. Темірханның өлеңдері
техникалық прогресс заманының төл дүниелеріндей туындалар. Мұның өзі
уақыттан бөлініп, саяқтанып ештеңенің дүниеге келмейтіндігінің айғағы,
бірден-бір жанды дәлелі десем артық айтқандық емес шығар. Қазіргі жастар
поэзиясынан талап етеріміз де осы емес пе. Бүгінгі күн проблемасы
дегеніміздің өзі осы. Дәуірмен тікелей тіл табысып жатқан Темірханның
ақындық, азаматтық әуенін біз осы ризашылықпен қабылдаймыз" 4,181б .
Немістің ұлы ақыны Гёте "Ешқашан қателеспейтін адамдар болады, өйткені
олар ештеңе істегісі келмейді,-" дейді. Әрине, Темірхан өлеңдерінің
кемшілік тұстары жайында ақын апамыз осы мақаласында сөз қозғаған. Бір
қызығы мақала барысында біздің зерттеу обьектіміздің негізі болып отырған
Жарасқан ақынымызға да өз пікірін білдірген екен. Ақын апамыз былай дейді:
"Жастық дегеніміз не? Жастық дегеніміз батылдық, жігерлілік,
шешімділік. Олай болса осы кезде жарқылдап тумаған өлеңдердің кейін тууы
қиын. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Ж. Әбдірашевтің "Дала, сенің ұлыңмын"
атты өлеңдер жинағы шықты. Поэзияны түсінетін қауым қуана қарсы алды.
Жарасқанды сәтті ізденістер арқылы жақсы білеміз. Осы жинағы арқылы ол
жақсы сөзді де, жаман сөзді де естіді. Отына жанды, суына түсті. Бірақ
негізінде ол өзінің кім екенін білді. Ақын екенін білді. Және поэзияны
ұғатын көкірекке мойындатты. “Дала, сенің ұлыңмында” ақын көп нәрсені
айтқысы келген, айтқан да. Сенімді де сөйлей алған. Әрине, біраз
қайталаушылық, өзін-өзі қайталаушылық секілді нәрселердің бар екені рас.
“Туған дала,
демейді ешкім нәмәртсің,
болсаң нәмәрт –
саған сенім неге артсын!
жақын түгіл,
жарылқайтын алысты
шүленсің сен,
Атымтайсың,
Жомартсың! ” –
деген шумақтағы шүленсің сен, атымтайсың, жомартсың сөздері даланың
мінезін, дархандығын, кеңдігін ашып тұр. Осындай айрандай ұйыған шумақтыр
арасынан:
“Туған дала,
әрі жас,
әрі қартсың.
Әрі батыр,
әрі ер,
әрі мәртсің.
Ән болсаң сен –
саз емес, ариясың!
Дән болсаң сен – жүз емес, миллиардсың!”–деген қайталаулар табылады.
Жомарт пен миллиард, атымтай мен мәрттің бұл жерде айырмашылығы жоқ деп
ойлаймын. Қайталау – ақын үшін ең қауіпті дос. Ол жауыңа айналған досыңнан
асқан қарам дұшпан болмайды” дейді. 4,180 б
Осы мақалада зерттеліп отырған ақындарымызға өзіне тән баға береді.
Поэзия әлемінде айтқан сөзде тұру, сөзіңнің дәлелін ісіңмен көрсету бар.
Өлең бір ғана сәттілік дүние емес. Өлеңнің ыстығына күйіп, суығына тоңу
бар. Әйтпесе жақсы ақын болып қалыптасуың да неғайбіл. Бұның ар жағында
еңбек жатыр.
Зерттеліп отырған ақындарымыздың екеуі де өз-өздеріне сенген, бір
сөзбен айтқанда өздерінің кім екенін білген ақындар.
Темірхан мен Жарасқан туралы бір мақаланың төңірегінде қалып қоюға
болмайды. Мәселен, Темірхан шығармаларын мемлекеттік сыйлыққа ұсынған кезде
ақын Әбу Сәрсенбайұлы мен Сайлаубек Жұмабекұлының “Егемен Қазақстан”
газетінде “Шынайы поэзияның шырылы” 5,3 б атты мақаласы жарық көрді.
Сондай-ақ Дәуітәлі Стамбекұлының “Арғымақ мінген ақын” 6,2 б, Тұрсынжан
Шапайдың Темірханның “Депрессия” 7,5 б деген өлеңіне талдау жүргізуі,
Ғарифолла Есімнің Темірханның 60-жылдық мерейтойы қарсаңында “Бекзада ақын”
8.5 б сияқты мақалалардың бар екені көңілге қуаныш ұялатады.
Ал Жарасқан жайында да біраз дүниелердің қамтылғанын айтуымыз орынды.
Жазушы Қалтай Мұхамеджанов “Ой түбінен шыққан сөз” деген азын-аулақ
Жарасқан хақында жылы пікірін білдіреді. Сонымен қатар академик З.Қабдолов
та Жарасқан өлеңдерін жылы жүрекпен оқитынын жасырмаған. Тағы бір айта
кететін жағдай: профессор Бақытжан Майтанов “Ақын кетіп барады” атты
мақаласында Жарасқан шығармашылығына біршама талдау жасаған. Әрине, біздің
мақсатымыз мақала ішінде не айтылды, не қамтылды, соның бәрін зерттеу
еңбегімізге көшіріп жазу емес, ақынның әдебиетте өз орны бар екенін
көрсету.
Жалпы айтқанда ақындарымыз өлең өріміне қандай жаңалықтар әкелді?, не
берді?, несімен ерекшеленеді? деген сияқты заңды сұрақтар туады. Бұл
сұрақтардың жауабын алдағы зерттеу бағытымыздан қарастырған жөн болар.

II-тарау
Лирикалық қаһарман әлемі

Лирика әдебиеттің үш тегінің бірі екені белгілі. Лирикада ақынның ішкі
толғанысы, жан тебіренісі, қуануы, қайғыруы сияқты күрделі құбылыстар
мейлінше кездесіп жатады. Ол бір сәтті болуы мүмкін. Кейде ақын өміріндегі
жазылмаған өлеңдер арқылы жүректе мәңгі сақталып қалуы да ғажап емес.
“Лирика сәл-сәл қарапайым болуы керек” – дейді немістің ұлы ақыны И.В.Гёте.
Осы пікірді әдебиеттанушы ғалым А.Байтұрсынұлы да қуаттайды. Ол “Толғау
лирика қысқа болуға тиіс. Көңіл күйінің көбі-ақ бір қалыпты ұзақ
тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзақ болмасқа
тиіс, ұзақ болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен
аспайды”. 9,384 б
Лирика туралы көптеген пікірлер айтылды, айтылып та жатыр. Бірақ біз
бұның бәріне тоқтала бермейміз. Осының ішінен “Лирикалық қаһарман”
мәселесіне кеңінен тоқталмақпыз.
Әдебиеттануда лирикалық қаһарман бейнесі кең, және ауқымды оқушысын
бірден ыстық сезімге баурап әкететіні айқын.
Академик З.Ахметов: “Лирикалық қаһарман” ақын бейнесінің оның
шығармаларынан жинақталған тұтас тұлға ретінде көрінуі. Лирикалық
қаһарманның басты ерекшелігін айқындайтын ақынның қоғамдық эстетикалық
мұраттары, идеалдары, өмір құбылыстарын, дәуірді, халық тағдырын өзінше
түсініп – сезінуі. Сөйтіп, лирикалық қаһарман деген ұғым ақынның көптеген
шығармаларында ой-сезім дүниесінің, мақсат-мұраттардың бірлік-тұтастығын
танытады. Кейбір шығармалар оның жан-дүниесін, бір қырынан, ой-
сезімдерінің, толғаныстарының белгілі бір кезеңін көрсететіні айқындала
түседі. Жекелеген шығармаларда лирикалық қаһарман бейнесі бір қырынан
көрінетініне табиғат лирикасының кейбір үлгілері мысал бола алады. Біз
бұлардан лирикалық қаһарманның табиғат сұлулығын қалай сезінетінін айқын
байқаймыз. Бұл айтылған пікірді табиғатты немесе махаббатты жырлайтын
шығармаларда лирикалық қаһарман үнемі бір жақты, тар көлемде көрінеді деп
түсіну дұрыс болмайды. Лирикалық шығармада көбіне-көп қоғамдық күрделі ой-
пікірлер, ақынның жеке адамға деген жылы сезімі, не болмаса назары түскен
табиғаттың бір көрінісін сезінуі – бәрі тығыз байланысып жатады” 10.134 б
дейді.
Осындай өлең өріміндегі парасатты тұлға бейнесінің көрінуі Темірхан
Медетбеков пен Жарасқан Әбдірәшев та да жиі ұшырасады.
Мәселен, Темірханның: “Тынышыңды алам, дүние”, “Соғысқа барып қайтқан
домбыра”, “Антитеза”, “Қырқыншы жылдар”, “Ақын жүрегіндегі жарылыс”, “Мың
тоғыз жүз отыз екі”, “36 градус” “Өлі тілдер”, “Ғылыми лаборатория”,
“Антенна”, “Асылбек+Айбаршын= махаббат” сияқты өлеңдері көңілге медеу
тұтатын, қазақ поэзиясының бірден-бір тіреуіші бола алатыны сөзсіз 11.
Ал Жарасқанның: “Уақытқа уәж”, “Ақын кетіп барады”, “Тыңда мені ”, “Жар
басындағы ой”, “Портфель”, “Ақын сыры”, “Дала сенің ұлыңмын”, “Балгер
қызбен әңгіме”, “Соғыстан соң туғандар”, “Менің арифметикам” т.б. өлеңдері
сәтті шыққан деуге болады 12.
Өлең-өмір қозғалысы. Күйбең тірлікке ақын тағдыры тұрақтап қалмайды,
әрқашан қоғамның көзін ашатын да сол болады.
Тынышыңды алам мен сенің,
Сенің де,
Сенің,
Сенің де –
Шығармай жырдің ел – селін
Тарқамас менің шерім де!

Кетуім үшін ұққызып
Ақтарып, төгіп барымды –
тынышыңды алам мен сенің
байлаулы жатқан бүк түсіп
үргізіп телефоныңды. 11
Темірхан ақынның осы өлеңі- азамматтық әуеннен туған жүрек дүрсілі.
Өлеңге деген адалдық. Ақынға тән басты жігерлік қасиеттердің бірі осы
өлеңде кеңінен тыныс табады. Сонымен қатар қазақ поэзиясында мүлде
кездеспейтін тың жаңалықтарды табамыз. Мысалы: “Байлаулы жатқан бүк түсіп”,
“Үргізіп телефоныңды” деген тіркестер Темірханға дейін кездеспеген шығар.
Біз білетін “Байлаулы ит” немесе “Байлаулы ат”, тағы не бар? Бұл ақынның
жемісі, даралығы, техникалық прогресс заманының өзінше түсініп, ұлттық
бояуларды өлеңіне сіңіре білуі. Бұндай сәттіліктер кез-келген ақынның
басына қона бермейтінін түсіну ләзім.
Миллион рет күніне
Қайғыға, мұңға түсірген
Тынышыңды алам, дүние,
Бір ғана өлең үшін мен. 11
Ақын бойына сыймай кететін, қан қысымы бетке шабатын өлеңдер алдыңғы
аға буында да кездесіп жатады. Мәселене, Мұқағали да:
Поэзия!
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім 13,343 б.
Төлеген де:
Ей, адамдар, айналайын туғандар,
Жалғыз минут тыңдаңдар!
Мен сендерге көп болды сыр шертпедім,
Қазір түгел көкірегім өрт менің! 14,106 б.
Көркемдік дегеніміз бір-бірін жалғастырып, толықтырып отыратын ұғым.
Біз оны Аристотельше еліктеу деп қабылдағанымыз дұрыс емес. Әрине,
Темірханға алдыңғы аталып отырған ақындардың әсері болды. Әйтпесе поэзияның
өркендеп, қалыптасуы да мүмкін емес еді. “Соғысқа барып қайтқан домбыра”
атты өлеңінде:
Елең етер шыққан әрбір дауысқа,
түскен талай тартыспенен қағысқа,
бір үйде мен домбырамен кездестім
барып қайтқан соғысқа.
Көрдік те оны арқаландық, құрсандық,
Қолымызға ап күйлер тартып, ән салдық.
...Сол домбыра денесінен тұрғандай
оқ – дәрінің исі аңқып 11
Соғыса кімнің болса да басына жақсылық әкелмегені мәлім. Кейінгі
ұрпақтың да жүрегінде соғыстың тауқыметі біте қойған жоқ. Қазақтың қара
домбырасы арқылы ақын соғыс жылдарындағы қасіретті көрсеткісі келеді.
Ол жыласа-
безілдеген, зар қаққан,
басар сені қасіретті салмақтар.
Мен білемін – домбырасын құшақтап –
Алатауын құшақтаған солдаттар.
Маңғыстауын құшақтаған солдаттар,
Қаратауын құшақтаған солдаттар,
Сарыарқасын құшақтаған солдаттар 11.
Домбыраның күйі арқылы соғыс ардагерлерінің туған жерге деген сағынышын
паш етеді.
Көрген талай қанға бөккен күн-айды,
Адамдардан тыныштықты сұрайды.
Әлі күнге сол домбыра ұстасаң
Аруанадай мойнын созып жылайды. 11
Ақын ойы тыныштықты қалайды. Бейбіт күннің қасиетін түсіну үшін өткенді
ұмытпау керек екенін ұрпақ санасына ұялатады.
Шын ақындар бір-біріне стильдік жағынан ұқсамауы заңды. Алайда бір
дәуірдің ақыны болғаннан соң мақсат-мұраттары, идеялары қабысып жататынын
ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені тарихи шындықтар ақын болмысынан алшақ
кете қоймасы анық. Біздің айтып отырғанымыз соғыс зардабын, соғыстың
ауыртпашылығын әр ақын өзінше түсініп, пайымдағандығында.
Мәселен, ұқсастыққа келетін болсақ Ж.Әбдірәшев пен Т.Медетбековтың ой-
мұраттары соғыс тақырыбы жағынан қабысып жатыр. Әрине, әр ақын өзінше
жырлап өзінше түсінетіні белгілі. Мысалы Жарасқанда:
Жау танкісі бәрімізді қоса атты
Тумай жатып көзімізден жас ақты!
Біз білеміз бейбіт күннің бағасын,
Таңнан тұрып термесек те масақты.

Сәби көңіл түсінгенін толғасын,
Қасіретке ортақтасу ол да сын!
Біз білеміз мүгедектер “мінезін”,
Денемізде жатпағанмен қорғасын. 12
Міне! – Көріп отырғанымыздай Гитлер салған ауыр жараның қасіреті
ақындардың, жалпы совет халқының жүрегіне жеңіл тимегенін көреміз. Екі ақын
да осы жағынан дәуір тынысын өзінше түсініп, бірін-бірі толықтыра түскен.
Бұл сол замандағы адамдардың бойындағы соғыстың қалып қойған сарқыншағы
еді. Оны ұмытып, жазбай аттап өту әсте мүмкін емес еді.
Ж.Әбдірәшевтің “Жар басындағы ой” атты өлеңі ерекше.
Қасқая шығып жарға тік,
Қарайлап тұрмын қай маңда.
Алдымда деуші ем бар бақыт,
Артымда қалып қойған ба?! 12
Сіз бақыттар еліндесіз. Философиялық ой, сезім эмоциясы, ақыл, парасат
осы өлеңде кеңінен тыныс алады. Өмір құбылыстары, өткен күн, балалық шақ,
жар сүю, әке болу, қаламдас достар тағысын тағы өмірдің мәнді көріністерін
көз алдыңа әкеліп береді. Арғы жағыңды шымырлатып, жүрегіңді жылата отырып,
қуантады.
Бағынан безген саялы
Еңсесін енді көтерді ой...
Балалық шағым баяғы
Бақытты шағым екен ғой! 12
Өмірдің әрбір кезеңін Жарасқан ақын бақыт деп ұғады. Бүгінгі күйбең
тірліктер, кешегі сағыныш сағаттары ақынды толғандырады. Балалық шақтың
қимас күндерін ақын көңілі шарқ ұрып сағынады. Әйткенмен өткен уақыт қайта
айналып келгені белгілі. Ақынмен бірге сен де ойланасың. Ойланбауға хақың
жоқ, ойландырады.
Қиялшылдардың бірі едім,
Қанағат қылмас барға онша
Алқынып асау жүрегім,
Асықтым жігіт болғанша

Созыппын ерте бекер қол,
Жандай-ақ мүлде жетпейтін.
Алғашқы мұңын әкелді ол
“Алғашқы махаббат” дейтін!... 12
Ақын уақыттың осынша тез зымырап өткеніне бір сәт болса да көңіл
аударады.
Әйткенмен:
Жо-жо-жоқ!
Керек жасымау
Қорқытша қобыз сарнатып...
Бар бақыттан да осынау –
бар ма екен сірә, зор бақыт 12
Бізде кейбір ақындар көбінесе сентиментальизмге бой алдырып жатады. Ал
Жарасқан ақында бұндай атымен жоқ. Бақыт ұғымы арқылы бүкіл өмірдің
кезеңдерін жік-жікке бөліп береді. Күрсіну бар, түңілу жоқ. Өмірді ақын
шексіз сүйеді. Алдыңғы асулардан зор үміт күтеді.
“Сіз өлеңді қалай жазасыз”? деп сұрағанда, Блок ақын “Әлдебір тылсым
күш құлағыма беймәлім бір әуенді сыбырлап, айтып тұрады, осы әуеннің
мазмұнына сай сөздерді үйлестіріп, жазып үлгеріп отырсаң болғаны” деп жауап
бермейтін бе еді.
Жарасқан ақынның “Жар басындағы ой” атты өлеңі де осындай тылсым
әуеннен туса керек.
Т.Медетбековтың өлеңдерінің ішіндегі өлеңі ол: “36 градус” болатын. Осы
өлеңі арқылы Темірхан поэзия әлемінен өзінің бақытын тапты. Жас Есенин
Блокқа келгенде өзінің 60 өлеңін әкелген. Блок соның ішінен сұрыптап тек
алтауын ғана таңдап алған екен. Осы алты өлең Есениннің поэзияда жалының
күдіреюіне септігін тигізді. Темірханның да поэзияға жолдама алуына осы
“төрт аяғын тең басқан”, “36 градус” өлеңі болатын.
Балада да,
Алпысқа келген қартта да,
Кедейде де жүретін ылғи от қармап,
Хандарда да отырған тажал тақтарда,
Қорқақта да жататын жалғыз бас бұғып,
Батырда да қайратын жүрген тасқа ұрып,
Ақында да кеудесін кескен жас тіліп, -
Мейлі олар сапарласын,
тауларды,
шөлді,
Теңізді.
Мейлі олардың тұрағы болсын
Құландар жортпас құла түз,
бірдей екен бәрінің де қызуы
36 градус. 11
Байыптап оқи бастасақ өлеңде үлкен жаңалық бар. Адамның бәрі бір хауа
Ана мен адам Атадан жаралған екенін ақын ұғымы ежіктеп береді. Адамның
табына байланысты 36 градус арқылы психологиялық параллелизм жасайды. 36
градус бұл жерде басты мақсат емес, ол адамнан адам мансапқорлығымен
аспайтынын көрсету.
Елу градус
қақаған боран Сібірде сыңсып соқпасын,
елу градус
шыжыған ыстық түстікте қаңсып қақтасын
дегенмен бірақ туасы
жатпайды екен өзгеріп
адамның температурасы. 11
Ақын түйсігі адамның озбырлығын елу градус арқылы бейнелейді. Бір
оқыған адамға осы өлең бірден түсінікті болмасы анық. Әдебиетшілер айтып
жүретін “тылсым реализмі” деген ұғым осы шығар бәлкім.
36 градустың қызуы
қайната алмас суыңды,
бу ете алмас көліңді,
балқыта алмас темірді,
тұтата алмас көмірді.
Дегенменен, бір тәуліктің ішінде
мың сан жылап,
мың сан рет тойлаған,
мың сан рет ашкөзденіп,
мың сан рет ойлаған
дүние жатыр аласұрып, аунақшып
36 градуста қайнаған. 11

36 градус бұл жерде-адам.Дүниенің негізі де,мәні де тіршілік
атаулының бәрі де бір адамға қызмет қылатынын ақын ойы терең
түсініп,оқырманға астарлап жеткізген.Терең философияға құрылған
өлеңдер,ақын Ж.Нажімеденов те де бар болатын.
Жұмыр жерде,
Мынау ұлы мекенде
болса ғана тамшы-мөлдір
аспан- ақ 15,116 б
Тек Жұмекенде халыққа түсінікті "Тамшы" сөзін адам табиғатымен
жырланса,Темірханда ол күрделеніп мейлінше тереңдей түседі.Тереңдігі- көп
көрменгенді,елден бұрын көру. 36 градустың өзін ақын оймен қандай ғажап
арқылы сап ете түскенінен таң –тамаша боласыз. Әрине,бұл үлкен
еңбектің,ізденістің жемісі болса керек.
Т.Медетбековтың "36 градусы"философияға құрылса,Ж.Әбдірашевтің
"Дала, сенің ұлыңмын"атты лирикасы қазақтың дархандылығын,кең пейілділігін
көрсетеді.
Туған дала,
Менсіз талай қамалдар
алыныпты ...
Сенің арың-
маған да ар.
Кешір мені,
Кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
Не амал бар? 12
Бүгінгі қоғамда өмір сүріп жүрген, тарихын білмейтін арам терлерге,
космополит болған ала өкпелерге айтарымыз- осы шумақ. Лирикада қазақ
даласының өткен-кеткені, бастан кешкені анық суреттеледі. Ақын бүгінгіге
сәл налығандай болады. Егер ақын зар-заманда туса да, ерлікпен өлетінін
жасырмайды. Осы өлеңді оқи отырып, көзіңе елін сатқан, тарихта болған озбыр
кейіпкерлер елестейді.
Өлеңнің идеясы патриоттық рухқа құрылған. Ақынның ішкі жан-дүниесі
лирикада айқын аңғарылады. Лирикалық қаһарман бейнесі анық танылады.
Білер де едің...
езбін бе бір,
ермін бе!...
Тігер ме едім байрағыңды Берлинге –
болған жоқпын қан майданда кешегі
болған жоқпын Қошқарбаевпен бірге. 12
Шын ақын үшін өлең жазбай кету тым ауыр екенін ол сезеді. Ақындық
қасиеті бар, бірақ ақын болмай кеткен жандар қаншалық. Жарасқан ақынның
алдынан қаншама қиындықтар тұрса да, өлең өмірім деп танығанын байқаймыз.
Ақыны жоқ елдің бақытты болғанын да көрген жоқпыз.
Қаным сенен,
Жаным сенен от алды,
сен деп білем,
анам,
әкем,
атамды!...
Мен бақытты боларыма сенбеймін
ең алдымен сен бермесең батаңды. 12
Туған жер алдында тағзым ету әр азаматтың парызы. Туған топырақтың
ақ батасын алмай, алысқа қанат қағып ұшуың да бекер. Соны сезген ақын:
Туған дала,
тынысымды кең алып,
көңіліммен көп іздедім даналық...
мүмкін емес –
менің тексіз болуым,
ұлы Абайды туған болсаң сен анық! 12
Ақын Абайға арқа сүйейді. Абай әр ақынның рухани әкесі. Абайды сүйе
отырып, ақын өзінің де тегін емес екенін дәлелдейді.
Туған дала,
тұрдым-ау бүгін де атып!...
Кешір!
Түсін!
Кінә жоқ ұлыңда түк!...
Қалай ғана шыдаймын –
көз алдымда
жатса біреу шындықты шырылдатып? 12
Ақын жаны өтірікке жаны қас. Қоғамды аждаһаша жұтқан ар атаулыдан
жұрдай тоғышарларға Махамбет көзімен қарайды. Бүкіл жауыздық біткеннің елге
жасаған қысастығын "бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" ұғымымен
қарастырады. Алты алаштың атынан аузы дуалы Едігеше сөз қозғайды. Ақын үшін
ел қамын ойлау парыз саналады.
Және бір сыр:
Жүргендер жоталанып,
Аярлықпен айқасқа жете барып,
безінді ме шындыққа болысудан –
өзіңді де құлдыққа сатары анық!... 12
Жарасқан өмір сүрген ортада, сәл болсада саясаттың құрығы жеңіл
болды дейміз. Жоқ, ешқандай да жеңілдігі жоқ. Тарихты бағамдасақ, Мағжан,
Сәкен, Бейімбет, Ахмет Байтұрсынов сияқты тұлғаларымыздың қылышынан қан
тамып тұрған кеңес үкіметінің солақай саясатынан мерт болғанын білеміз.
Алыптардың көз жасы, Жарасқан мен Темірхан сияқты ақындарымыздың намысын
оятпай қойған жоқ. Қайта бұл кез құлдық психологиядан арылып
ақтаңдақтарымыздың рухының күн бетіне шыққан кезі. Оның дәлелі 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасы.
Ж.Әбдірашевтың ішкі күрсінісі, толғанысы, тебіренісі осы өлеңде
азаматтық әуенмен көрінеді. Бұл ешкімге ұқсамайтын ақынның өз бейнесі.
"Махаббатсыз болашақ жоқ, махаббат адамның ұлы қуаты, ұлы сенімі"
дейді жазушы І.Есенберлин 16, 233 б. Махаббат тақырыбына қалам тербемеген
ақын - жазушы кемде-кем. Дегенмен, кім қалай жазды?, кім махаббатты қалай
түсінді? Мәселе сонда.
Темірханның "Асылбек + Айбаршын = Махаббат" атты өлеңі нәзік те,
сыршыл. Ақын екі жастың махаббатын арифметикалық амалдар арқылы
бейнелейді.
Түкпірінде жүректің үн жата ма, -
жарар ма екен мен жазған жыр батаға?
Ей, уақыт, қабылда, қабылдап ал –
Келді саған екі жас, бір махаббат. 11
Ақын көңілі жастарға тілеулес. Бұл өзі шалқар шабыттың, көңілді
кездердің сәтінде туса керек. Заманның қатал, жауыз сынақтары екі жастың
қосылуына кедергі жасамаса екен деп тілейді.
Ерте салып мезгілсіз әжім бетке,
Қолын жайып, көл ғылып жасын төккен.
Мақсатына жетпеген махаббат көп,
Жетсін енді Айбаршын, Асылбектер. 11
Қазақ халқындағы ғашықтық жайлы лиро-эпостық жырларда трагедиямен
аяқталған сәттер көптеп кездеседі. Мысалы: Қозы мен Баян, Қыз Жібек пен
Төлеген, Еңлік пен Кебек сияқты қосыла алмаған ғашықтар қаншалық. Ақын
көңілі екі ғашыққа солардың қасіретін бермеуін тілейді.
Ж.Әбдірашевтің "Менің арифметикам" атты өлеңі бүгінгі күнгі
жастардың аузынан түспеген махаббат лирикасы десе де болғандай.
О, махаббат,
сегіз әріп,
бір арман!...
О, бір арман,
Қырық қыздан құралған!
Тебіренсем,
толғасам,
бір қыз болып жолығасың сен қашан? 12
Құмарлық жырын біз теріс ұғынбауымыз керек. Махаббат дастанын Абай,
Мағжан т.б. ақындар да толғаған. Ақын қиялы бұл жерде тым биікте, аңсары
ауған сағыныш сезімінде тербеледі. Шәкәрімше:
Бақытсыз жүрегім жалындап жанып тұр,
Үмітті тілегім орынсыз қалып тұр.
Ақыл, қайрат, сабырдың бәрі кетіп,
Адасқан асығың мұңлы әнге салып тұр. 17, 29 б
Тек Шәкәрімнен ерекшелігі бойдақтығында. Үміт бар. Сабырлылық бұл жерде
екінші орынға шегеріледі.
Қылығың жүр,
шат үнің жүр бір қызда,
бұрымың жүр,
ақылың жүр бір қызда,
Келімің жүр
анарың жүр бір қызда,
ерінің жүр,
Жанарың жүр бір қызда!... 12
Оқи отырып сіз де бір тылсым күйге, саф алтындай таза сезімге ие
боласыз. Ақын сезімі ештеңені де бүгіп-қағып, әлде біреуше қысылып,
қымтырылмайды. Табиғат берген сезім күшін ақтарып салады. Өйткені
махаббаттың алдында дүниенің бас июі тиіс. Ақындарымыздың асқақ толғамдарын
ой елегінен өткізіп, сараптау үшін бірді-екілі шығармасы жеткіліксіз.
Дегенмен біз зерттеу бағытымызда ақындарымыздың біршама ой деңгейін, өмірді
қалай түсініп, шығармасына арқау еткенін азда болса аштық қой деп ойлаймыз.

Кейде махаббаттың алдында ақын тұлғасының биік парасатқа жетуі.
Махаббат лирикасымен қоғамға өзін мойындатуы және сүйген жүректі де өзімен
бірге алып жүретін өлеңдер қазақ поэзиясында көптеп кездеседі. Осындай
жалынды жырларды Ж.Әбдіралиев поэзиясынан жиі кездестіреміз. Жарасқанның
Тыңде мені, Қызғаныш сияқты өлеңдері кез-келген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАРАСҚАН ӘБДІРАШЕВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ
Жүрсін ерман поэзиясының көркемдік сипаты
Күләш Ахметованың лирикасындағы стиль және бейнелік мәселесі
Тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ поэзиясындағы отаншылдық рухтың жырлануы
Күләш Ахметованың поэзиясы мен поэтикасы
Ұлықбек Есдәулет поэзиясының поэтикасы
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Ақын поэзиясындағы ұлттық рух пен көркем шындық
Асқар Егеубай – публицист, аудармашы
Пәндер