Математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту



КІРІСПЕ
1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАТЕМАТИКА КУРСЫН МОДУЛЬДІК.РЕЙТИНГТІК ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Математиканы модульдік.рейтингтік технологиямен оқытудың әдіснамалық аспектілері және оны қолданудың қазіргі кездегі жағдайы
1.2 Жоғары оқу орындарында математиканы модульдік.рейтингтік технологиямен оқытудың принциптері және олардың математиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптерімен байланысы
Зерттеудің көкейкестілігі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың, әр білім алушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетті [1, 13 бб.]. Ендеше, еліміз сенім артып отырған бүгінгі студент, ертеңгі мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамыту қажет.
Қазіргі кезде адамдық фактор өнеркәсіп үрдісінде ғана емес, өмірдің барлық саласында бірінші орында тұрғандықтан барлық құндылықтар мен жаңалық ашулар арасында алмасулар жүріп жатыр. Адами фактордың шексіз мүмкіншіліктерін пайдалану жолындағы талпыныстың адамға тоғысуы, А.А.Вербицкийдің айтуы бойынша, «...білім беру саласында жаңа ерекшеліктердің пісіп жетілуіне, адамдарда адамгершілік қасиеттің, мәдени байлықтарды иеленіп қана қоймай, оны дамытып, белгілі бір мақсатта қоғамның дамуы жолына құмарлық мәдениетті бойына сіңірген адамның қалыптасып келе жатқанының белгісі» [2, 7-8 бб.].
Дәстүрлі оқыту хабарламалық тұрғыда (іс-әрекеттік емес) теориялық білімді меңгеруге бағытталады. Сондықтан дәстүрлі оқытудағы хабарламалық үлгі мен теориялық білімді кәсіби іс-әрекетте қолдану қажеттігі арасында қайшылықтар туындайды. Г.Л. Ильиннің пікірінше, білім алушыға берілетін білім мен олардың дүние танымдары әлеуметтік негізде ұштаса жүргізілуі керек. Ғылыми білімнің әлеуметтік жағдаймен ұштасуы оқыту мәселесіне басқаша қарауды - іскерлікпен, прагматикалықпен, кейінге қалдырмай, дереу іске асыруды қалайды [3, 18-19 бб.].
Қазіргі жоғары оқу орнында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, студенттердің ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек (оның ішінде, жоғары математикаға да), өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология бірсыпыра ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Елімізде болып жатқан өзгерістер білім
жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы Жаңа әлемдегі - жаңа Қазақстан
атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ
мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттігін
айтып, Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы
білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек, - деді. Бұл
міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың, әр білім алушының білімі мен
қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау; он-лайн
тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу
жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика
мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін
атап көрсетті [1, 13 бб.]. Ендеше, еліміз сенім артып отырған бүгінгі
студент, ертеңгі мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-
парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс
үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан дамыту қажет.
Қазіргі кезде адамдық фактор өнеркәсіп үрдісінде ғана емес, өмірдің
барлық саласында бірінші орында тұрғандықтан барлық құндылықтар мен жаңалық
ашулар арасында алмасулар жүріп жатыр. Адами фактордың шексіз
мүмкіншіліктерін пайдалану жолындағы талпыныстың адамға тоғысуы,
А.А.Вербицкийдің айтуы бойынша, ...білім беру саласында жаңа
ерекшеліктердің пісіп жетілуіне, адамдарда адамгершілік қасиеттің, мәдени
байлықтарды иеленіп қана қоймай, оны дамытып, белгілі бір мақсатта қоғамның
дамуы жолына құмарлық мәдениетті бойына сіңірген адамның қалыптасып келе
жатқанының белгісі [2, 7-8 бб.].
Дәстүрлі оқыту хабарламалық тұрғыда (іс-әрекеттік емес) теориялық
білімді меңгеруге бағытталады. Сондықтан дәстүрлі оқытудағы хабарламалық
үлгі мен теориялық білімді кәсіби іс-әрекетте қолдану қажеттігі арасында
қайшылықтар туындайды. Г.Л. Ильиннің пікірінше, білім алушыға берілетін
білім мен олардың дүние танымдары әлеуметтік негізде ұштаса жүргізілуі
керек. Ғылыми білімнің әлеуметтік жағдаймен ұштасуы оқыту мәселесіне
басқаша қарауды - іскерлікпен, прагматикалықпен, кейінге қалдырмай, дереу
іске асыруды қалайды [3, 18-19 бб.].
Қазіргі жоғары оқу орнында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері
қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, студенттердің
ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік
қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру
әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне
жаңаша әдістер керек (оның ішінде, жоғары математикаға да), өйткені,
бүгінгі әлемдік өндірістік технология бірсыпыра ғылыми жетістіктерді
пайдалануда.
Педагогикалық әдебиеттер мен біліктілік тәжірибені теориялық талдаулар
көрсеткеніндей, жоғары мектептің дамуы - оқу үрдісін басқару мәселесіне
белсенді әрекет ету арқылы шешілуі мүмкін. Осы бағыттағы ізденістер жеке
даралық, әрекеттік педагогикалық технологияның пайда болуына негіз болды.
Бұл жаңа бағыт педагогикалық құрылымның тиімді түрін құрастырып, алға
қойылған оқыту мақсаттарына жету жолын қамтамасыз етеді. В.Ф.Башарин [4],
В.П.Беспалько [5], В.И.Боголюбов [6], Т.А.Ильина [7], М.И.Махмутов [8],
В.М.Монахов [9], Н.Ф.Талызина [10], Ф.Янушкевич [11], А.Е.Әбілқасымова [12-
15], Ә.К.Қағазбаева [16], Д.Рахымбек [17], A.M.Мүбәраков [18-19],
Ж.А.Қараев [20], Е.У.Медеуов [21] және тағы басқадай әдіскер ғалымдардың
зерттеулеріне талдау жасау, педагогикалық технологияның әртүрлі
теорияларының негіздеулері болатынын көрсетті. Мысалы, проблемалық оқыту
теориясы (С.И.Архангельский [22], A.M.Матюшкин [23], М.И.Махмутов [24] және
т.б.), бағдарламалық оқыту теориясы (А.Н.Ланда [25], Н.Ф.Талызина [26] және
т.б.) дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П.М.Эрдниев [27]), дамыта оқыту
(В.В.Давыдов [28], Л.В.Занков [29], Д.Б.Эльконин [30]), тұлғалы-іс-әрекетті
оқыту (И.С.Якиманская [31] және т.б.), дербес-саралап оқыту (Ю.К.Бабанский
[32], В.А.Гусев [33], Л.Я.Зорина [34] және т.б.), белсенді оқыту
(Н.В.Борисова [35], A.M.Смолкин [36], И.М.Сыроежин және А.А.Вербицкий [37]
және т.б.), ойын арқылы оқыту (Н.К. Ахметов және Ж.С.Хайдаров [38], Г.П.
Щедровицкий [39] :және т.б.), модульдік оқыту (Дж.Расселл [40],
М.Л.Гольдшмид [41], К.Я.Вазина [42], В.В.Карпов және М.Н.Катханов [43],
П.А.Юцявичене [44], Д.У.Байсалов [45], Б.Б.Досанова [46], М.М.Жанпейісова
[47] және тағы басқалары) енеді.
Кейбір зерттеушілер модульдік оқытуды жеке-даралық қатынасты жүзеге
асыру тәсілі ретінде қарайды (М.Д.Миронова [48]), жоғары оқу орындарында
шетел тілін модульдік оқытуға арнаған (В.Ю.Пасвянскене [49]), болашақ
инженерлердің білім мен іскерлігін дипломдық жұмыстарды модульдік жобалау
арқылы жүйелеу мәселесіне арнаған (М.Г. Тересявичене [50]), гуманитарлық
пәндерді модульдік оқытуда ұлттық мәдениет үлгілеріне сүйену мәселесі
қарастырылған (Л.А. Харисова [51]), кәсіби мектептердегі проблемалық-
модульдік оқытудың теориясы мен технологиясын зерттеуге арнаған
(М.А.Чошанов [52]), педагогикалық жоғары оқу орнында математик-студенттерді
әдістемелік дайындауда модульдік оқытуды пайдаланудың ғылыми-әдістемелік
негіздерін зерттеуге арнаған (Д.У.Байсалов [45]), Модульдік оқытудың
теориялық мәселелері [53], тәжірибе жүзінде көбіне АҚШ және Батыс Еуропа
университеттері мен техникалық жоғары оқу орындарында пайдаланылады [54],
Ал, Ресейде (М.А.Анденко [55], В.Ф.Башарин [56], Г.В.Лаврентьев [57] және
т.б.) модульдік оқытудың кәсіптік білім беру жүйесінде қолданылуы тарихи
түрде қалыптасқан.
Жоғары оқу орындарындағы оқыту технологиясының қалыптасқан теориясын
талдау, модульдік-рейтингтік оқытудың ерекше технология екенін көрсетеді,
яғни ол дидактикалық жүйеге тән барлық бөліктерді қамтып, оқу үрдісінің
барлық кезеңдерін, құрылымдық және оқыту мазмұнын жүйелі түрде жеткізуге,
модульдер мен модульдік бағдарламаларды жобалауды алгоритмдеуге, олар
арқылы оқу-танымдық іс-әрекетін циклдік және бағытты басқаруға мүмкіндік
береді.
Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың жұмыс іс-тәжірибелерін талдау,
жоғары оқу орындарында мамандарды дайындаудың бастапқы кезеңінде (әсіресе,
математикалық пәндерді оқытуда) бірталай қиындықтар кездесетініне
байланысты (жаңа ақпараттың өте көлемді болуы, жаңа ұғымдардың көптігі,
студенттер санының көп болуы) модульдік оқытудың қолданылмайтынын көрсетті.
Бірақ математикалық пәндердің (ойлылық, құрылымдық, жан-жақтылық)
өзіндік ерекшеліктерінің болуы, модульдік-рейтингтік технологиямен оқытуды
пайдаланудың қажеттігін дәлелдейді.
Қазіргі таңда математикалық пәндер циклінде модульдік-рейтингтік
технологиямен оқытуды ұйымдастыру мәселесі аз зерттелген болып қалуда,
мамандарды дайындаудың бастапқы кезеңінде модульдік-рейтингтік оқытуды
пайдаланудың дидактикалық ерекшеліктерінің толық анықталмаған,
математикалық пәндер үшін модуль мен модульдік бағдарламаларды құрудың
ережелері даярланбаған, модульдердің тым аздығы байқалады, модульдік-
рейтингтік оқыту құралдарын оқытудың белсенді әдістерімен үйлестіру
мүмкіндігі терең зерттелмеген, математикалық пәндер бойынша модульдік-
рейтингтік технологиямен оқытуды қолдану мен маманды түбегейлі дайындау
сапасының арасындағы тәуелділік туралы мәселе әлі тексерілмеген болып қалып
отыр.
Сонымен, жоғары оқу орындарында математика курсын модульдік-рейтинггік
технологиямен оқыту әдістемесін даярлаудың қажеттілігі мен осы мәселенің
ғылыми-теориялық негіздерінің аз зерттелуінің арасындағы белгілі дәрежедегі
объективті қарама-қайшылықтардың бар болуы қарастырылып отырған
мәселелердің көкейкестілігін айқындайды.
Оқыту теориялары мен тәжірибелерінің жаңа беталысына сай математиканы
модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту әдістемесін құрудың қажеттілігі
біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Жоғары оқу орындарында математика
курсын модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың әдістемелік
ерекшеліктері деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу мәселесі: модульдік оқытуды жүйе ретінде, оқыту үрдісі ретінде
геориялық тұрғыдан негіздеу және жоғары мектепте математика курсын
модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту әдістемесін даярлау.
Зерттеу мақсаты: жоғары оқу орындарында студенттерді математикаға
оқытудың тиімділігін арттыруға әсер ететін модульдік-рейтингтік
технологияның ғылыми-теориялық негіздерін даярлау және оны эксперименттік-
тәжірибе арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарындағы жаратылыстану мамандықтарының
студенттерін математикаға оқыту үрдісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында жаратылыстану мамандықтардағы
студенттерге математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту
әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер іргелі дайындық кезеңде (1 курс)
математиканы игеру үрдісі модульдік-рейтинттік технологияны пайдалану
арқылы жүзеге асырылса, онда студенттердің оқу материалын меңгерудің
деңгейі артады және олардың танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігі мен
дербестігі де көтеріледі, өйткені модульдік-рейтингтік оқыту модульдер мен
модульдік бағдарламалар арқылы студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін
циклдік және бағытты басқаруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің міндеттері. Зерттеудің мақсатына, пәніне және болжамына
сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді шешу керектігі айқындалды;
- жоғары оқу орындарында математиканы модульдік-рейтингтік
технологиямен оқытудың теориясы мен практикасын талдау;
- теориялық талдау негізінде жоғары оқу орындарында математика курсын
модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың әдіснамалық аспектілерін және
принциптерін айқындау;
- жоғары оқу орындарында модульдік-рейтингтік технологиямен оқытуды
пайдаланудың бүгінгі тәжірибесін талдау негізінде модульдік оқытуда оқу
үрдісін басқаруды және оқу материалын құрылымдауды, модульдік
бағдарламада математика мазмұнын құрастыру тәсілдерін анықтау;
- математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың әдістемесін
жасау және оқыту үрдісін дараландыру мен компьютерлендіру, математикаға
жаратылыстану мамандықтарындағы студенттерді оқыту тұрғысынан ұсынылған
әдістемені эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары білім беру саласын реформалау
міндетін тиімді шешу үшін, айтылған саладағы студенттерді математикаға
оқытудың әдістемелік жүйесіы жаңарту үрдісімен білім беру жүйесін
технологияландыруды ұштастыру идеясы.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері психологиялық-
педагогикалық ғылымдарды іргелілі зерттеулермен, дидактикалық және
математика әдістемесінің негіздерімен, білім берудегі жеке-даралық
теориялармен айқындалады. Зерттеу әдіснамасын құрастыруда біз дамыта оқыту
және ақыл-ой әрекеттерін сабақтастыра қалыптастыру теориясын жетекшілікке
алдық. Зерттеудің теориялық негізіне оқыту үрдісінің және педагогикалық
жүйенің құрылымы мен логикасы жөніндегі қазіргі түсініктер басшылыққа
алынды. Солардың ішінде, Қазақстан Республикасының тұрақты даму
тұжырымдамасы, ҚР Конституциясы, Білім туралы заңы, ҚР Президентінің
Қазақстан халқына Жолдауы, ҚР жоғары білім беру жүйесін дамыту
тұжырымдамасы.
Зерттеудің әдістері:
- психологиялық-педагогикалық, әдістемелік оқулықтар мен әдебиеттерді,
оқыту стандарттарын жүйелі талдау және онда көрініс тапқан ғылыми
мәліметтерді жалпылау, сондай-ақ модульдік-рейтингтік технологиямен оқытуды
негіздеу мақсатында оны теориялық тұрғыдан модельдеу;
- оқытушылар мен студенттердің, біліктілікті көтеру мамандарының оқу
үрдісіне байланысты іс-әрекеттерін эмпирикалық зерттеу (бақылау, анкеталық
сауалнама, рейтинг, дидактикалық тестілеу әдістері);
- математикалық статистика әдісі (корреляциялық және регрессиялық
талдау әдістері, бағалау, ғылыми болжамды дәлелдеу және тағы басқадай);
- математиканы оқыту деңгейін анықтауға байланысты диагностикалық
зерттеу, педагогикалық эксперимент жүргізу.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) — мазмұнды-іздену. Ресми құжаттар
зерттелді. Зерттеу мәселесінің жағдайы талданды, зерттеу міндеттері мен
зерттеу болжамы, ғылыми аппарат айқындалды. Зерттеудің әдіснамалық және
теориялық негіздері анықталды, модульдік-рейтингтік технологиямен оқытуды
қолдануға байланысты іс-тәжірибелер жинақталды.
Екінші кезеңде (2002-2004 жж.) - эксперименттік-тәжірибе жолы. Зерттеу
болжамын тексеру, зерттеу мәселесіне сай дәлелді педагогикалық фактілерін
жинау, классификациялау және талдау, модульдік-рейтингтік технологиямен
оқыту жөнінде жиналған педагогикалық мәліметтерді жинақтап жүйелеу,
салыстырып түсініктер беру, педагогикалық эксперимент жүргізу.
Үшінші кезеңде (2004-2006 жж.) - қорытынды-жалпылау. Эксперименттік-
тәжірибе жұмыстарының нәтижесін талдау және өңдеу, теориялық қағидаларды
нақтылау, зерттеудің негізгі нәтижелерін практикаға енгізу, практикалық
бағыттағы нұсқауларды даярлау.
Зерттеу базасы. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- жоғары оқу орындарында математиканы оқыту барысында студенттердің оқу-
танымдық іс-әрекеттерін дараландыруда модульдік-рейтингтік технологияның
таңдаулы екендігі көрсетіліп, теориялық тұрғыда дәлелденді, модульдік-
рейтингтік оқытуда студенттердің дербес іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіндігі
және компьютерді оқытудың құралы ретінде қолдану мүмкіндігі, оның
тиімділігі анықталды;
- жоғары оқу орындарында модульдік оқытуды пайдаланудың шетелдік және
отандық тәжірибелерін талдау негізінде, жоғары оқу орындарында математика
курсын модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың әдістемелік
ерекшеліктері және оқыту мазмұнын құрастыру тәсілдері анықталды;
- жоғары оқу орнында жаратылыстану мамандықтарының студенттеріне
математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту әдістемесі жасалынды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: модульдік-рейтингтік технологиямен
оқытудың принциптері мазмұнды түрде толықтырылып, нақтыланды және
математикалық пәндер бойынша модульдер мен модульдік бағдарламаларды
жобалау алгоритмі жасалынды, математиканы модульдік-рейтингтік
технологиямен оқуда білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару
жүйесінің негізі қаланды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: математикалық пәндерге лайықталған
модульдік оқытудың принциптерін іске асырудың ережелері тұжырымдалды, оқу-
әдістемелік материалдар (модульдер мен модульдік бағдарлама) және Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультетінің
студенттеріне математика пәнін оқытуда пайдалануға арналған нұсқаулар
жасалды. Сонымен қатар, құрамына дәстүрлі емес дәрістер, блиц-ойындар,
бақылаудың ойын түрлері, бағалаудың рейтингілік жүйесі, әртүрлі өздігінен
(оның ішінде модульмен және модульдік бағдарламамен) жұмыс істеу түрлері
тиісті болатын кешенді дидактикалық жүйе жобаланып, іс-тәжірибе жұмыстарына
енгізілді. Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқытушылары іс-
тәжірибелерінде және ғылыми ізденістерінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қaғидалар:
- жоғары оку орнындағы математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен
оқытудың принциптері мен ерекшеліктері және осыған байланысты математиканы
оқытудың мазмұнын құрастыру тәсілдері;
- жоғары оқу орнындағы студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін
дараландыруда, өздігінен жұмыс істеу белсенділігін қамтамасыз етуде және
оқытудың тиімділігін арттыруда компьютерлік құралдарды қолданып,
математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқытуды жобалау тәсілдері;
- жоғары оқу орындарында жаратылыстану мамандықтарының студенттеріне
математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі ғылыми аппаратқа, пәнді
оқыту әдістеріне, зерттеу нысанына және міндеттеріне сәйкестігімен; негізгі
бағыттың теориялық және әдіснамалық негізделуімен; алынған нәтижелерді
қайталап тексеруді пайдалана отырып, экспериментті кезең-кезеңімен өткізу,
оқыту барысына толық талдау жасау, әрбір тексерілер нәрсе бойынша
мәліметтерді толық бекіту, экспериментте неғұрлым көптеген студенттерді
қамту арқылы нәтижелерге сандық және сапалық талдау жүргізуге мүмкіндік
беретін мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістемесін пайдаланумен, сонымен
қатар С.Торайғыров атындағы ПМУ Алгебра және математикалық талдау
кафедрасының, кейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
Математика және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы ретіндегі
автордың іс-тәжірибелерімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру
эксперимент барысында жүзеге асырылды. Зерттеу нәтижелері халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияларында: Ш.Уалиханов атындағы КМУ Шоқан
тағылымы (Көкшетау - 2002, 2003, 2004, 2005 жж.), ҚарМТУ Ғылым және білім
- Қазақстан-2030 стратегиясының жетекші факторы (Қарағанды, 2002 ж.),
С.Торайғыров атындағы ПМУ Ержанов оқулары (Павлодар, 2004 ж.), ПАУ XXI
ғасырдағы ғылым және білім: Еуразия кеңістігінде даму динамикасы
(Павлодар, 2006 ж.), республикалық ғылыми конференцияларында: С.Торайғыров
атындағы ПМУ Сәтбаев оқулары (Павлодар - 2002, 2003, 2004, 2005 жж.), ПАУ
Қазіргі білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік және гуманитарлық
ғылымдардың мәселелері (Павлодар, 2004 ж.), ғылыми-педагогикалық
семинарларда (Павлодар - 2004, 2005, 2006 жж.), жалпы білім беретін
мұғалімдердің тамыз кеңестерінде баяндалды. Зерттеудің негізгі мәселелері
мен мәтижелері ПМПИ-ың математика және оқыту әдістемесі кафедрасындағы
ғылыми-әдістемелік семинарларында талқыланып, басылым көрген мақалаларда,
төрт оқу құралында, екі оқу-әдістемелік құралында, компьютерлік оқыту
бағдарламасында және әртүрлі журналдарда көрініс тапты.
Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, суреттер және
кестелермен қамтылған екі бөлімнен, әр бөлім қорытындылары мен
түйіндемеден, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен маңызы негізделген,
зерттеудің мақсаты мен міндеттері, нысаны және пәні анықталады, болжамы,
ғылыми жаңалығы, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы
тұжырымдалады, жүргізілген жұмыстың кезеңдері мен әдістері айқындалады,
қорғауға ұсынылатын қағидалар ерекшеленеді, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі
және зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге ендіру жолдары
көрсетілген.
Жоғары оқу орындарында математика курсын модульдік-рейтингтік
технологиямен оқытудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімде
математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың принциптері мен
әдіснамалық негіздері қарастырылды және психологиялық-педагогикалық,
әдістемелік әдебиетгерді, шетелдік және отандық оқу орындарының жұмыс
тәжірибелерін талдау негізінде жоғары оқу орындарында математиканы оқыту
мазмұнын модульдік бағдарламада құрастыру тәсілдері анықталған.
Жоғары оқу орындарында математика курсын модульдік-рейтингтік
технологиямен оқытудың әдістемесі атты екінші бөлімде жоғары оқу
орындарында математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың
әдістемесі мен ерекшеліктері сарапталып, модульдік оқытуды қолдану
негізінде математиканы оқыту үрдісін дараландыру және студенттің
дербестігін қамтамасыз ету жолдары, студенттердің белсенділігін арттыру
тәсілдері қарастырылды, сонымен бірге компьютерді оқыту құралы ретінде
қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.
Қорытындыда жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып, жинақты қорытынды
шығарылады, зерттеудің нәтижесінде алынған тұжырымдар мен эксперименттік
жұмыс нәтижелері бойынша ұсыныстар; зерттеу тақырыбы бойынша әдістемелік
нұсқау беріледі, осы мәселе төңірегіндегі кейінгі зерттеулерге бағыт-бағдар
көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі зерттеу кезінде талданған философиялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерді
қамтиды.
Қосымшада зерттеу барысында пайдаланылған материалдар берілген.

1 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА МАТЕМАТИКА КУРСЫН МОДУЛЬДІК-РЕЙТИНГТІК
ТЕХНОЛОГИЯМЕН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Математиканы модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың
әдіснамалық аспектілері және оны қолданудың қазіргі кездегі жағдайы
Қазіргі уақытта педагогикалық тәжірибенің алдында тұрған міндеттерді
тиімді шешуде оқытудың алғы шарттарын қалыптастырып, оның жаңа бағыттарын
анықтайтын жолдарының бірі модульдік-рейтингтік технологиямен оқыту болып
табылады.
Модульдік оқыту терминінің мағыналық мәні халықаралық Модуль
(латынша - modulus - өлшем, шама, мөлшер) сөзімен байланысқан, оның
мағыналарының біреуі - функционалды түйін.
Модульдік оқыту, өзінің алғашқы түрінде, өткен ғасырдың алпысыншы
жылдары пайда болып, ағылшын тілді елдерде жылдам таратыла бастады.
Модульдік оқыту екінші дүниежүзілік соғыстың соңында, қысқа кезеңге
қатысты кәсіптік оқыту жүйелерінің қажеттілігі тым шаршып тұрғаы уақытта,
әлеуметтік-экономикалық мұқтаждықтардың тым шиеленісіп кетуіне байланысты
дүниеге келді. Өнеркәсіптің міндеттері толық жете зерттеліп, олардың
теориялық және технологиялық қолдануының нұсқаулары және өнеркәсіптің
әртүрлі салаларындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар жасалды. Бұл
модульдік оқытудың бір түрі болса да, бұл атау білім беруге және кәсіптік
оқытуға бейімдендірілмеген болып табылады. Кейін, тек он жылдан аса
уақыттан соң ғана білім беру мен кәсіптік оқыту мамандарының беделділері
модуль негізінде техникалық және кәсіптік оқытуды жүйелендіру бағытына
ауысты.
Оқу курсы бойынша қозғалыстың дербес жолын таддау жағдайын
қалыптастыруға мүмкіндік беретін және мазмұны мен көлемі дидактикалық
мақсаттар мен білім алушылардың деңгейлік және кәсіптік саралауына тәуелді
түрленетін автономиялы ұйымдастырмалы-әдістемелік блоктармен (модульдер)
құралатын оқытудың мазмұны модульдік оқытудың мәні болады.
Модульдік оқытудың негізін салушы американдық зерттеуші Дж.Расселл
болып табылады. Modular instruction атты жұмысында (1974
ж.) автор модульді Оқу материалының негізгі бірлігін және оқушылар үшін
тағайындалған әрекеттерді қамтитын оқу пакеті. Оларды оқушы жекелей
қарқынмен орындай отырып, оқу материалын толығымен меңгере алады деп
анықтайды [40, 3 бб.].
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Дж. Расселлдің теориялық еңбектерін [40]
С.Курх [58], Г.Оуенс [59], Б.Гольдшмид және М.Л.Гольдшмид [41]
экспериментті түрде дамытты және АҚШ-тың жеке меншік институттарында,
техникалық колледждері мен бизнес-курстарында, Батыс Еуропалардың көптеген
колледждері мен университеттерінде табысты пайдаланылды.
Модульдік оқыту бұрынғы Кеңес одағына 80-ші жылдардың соңында зерттеуші
П.А. Юцявичене [60] және оның оқушыларының еңбектерінің арқасында енді.
Ресейде модульдік-рейтингтік оқытудың кәсіптік оқыту жүйесінде кең
таралуы тарихи себептерге байланысты болды. Бұл бағыт М.А.Анденконың [61],
К.Я.Вазинаның [42], В.В.Карповтың [43], Г.В.Лаврентьев және
Н.Б.Лаврентьеваның [57], М.А.Чошановтың [52] зерттеулерінде орын алады.
Бұл авторлар модульдік-рейтингтік оқытудық мақсатын, жеке оқу
бағдарламалары бойынша оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оқу
мазмұнынының өзгергіштігін қамтамасыз ету, тұлғаның жеке мұқтаждықтары мен
оның негізгі дайындық деңгейіне бейімделу жолымен осы тұлғаның дамуына аса
қолайлы жағдай жасау тұрғысынан көреді.
Модульдік-рейтингтік оқыту дидактикалық теориялардың динамикалық дамуын
өз бойына сіңіргені және олардың ерекшеліктерін өзіне жинақтағаны, мазмұнды
іріктеудің әртүрлі жолдарын, оқу үрдісін ұйымдастыру тәсілдерін аса ұтымды
түрде үйлестіруге мүмкіндік береді. Осының бәрі модульдік-рейтингтік
оқытудың сабақтастықпен дамитынын көрсетеді.
Расында да, модульдік-рейтингтік оқыту оқу үрдісін басқару тәсілдерін
бағдарламалық оқытудан алады. Сонымен бірге, ол көрнекі, тұтас
бағдарламаларды құруды және модульдің мазмұнындағы проблемалық тартуларды
проблемалық оқытудан үлгі алады. Модульдік-рейтингтік оқыту, жүзеге асуы
жекелей-саралап оқытуды ұйымдастырудың ерекше тәсілдерімен түсіндірілетін
бейімделгіш қасиетпен сипатталады. Ал, оқушылардың өзіндік жұмыстарының
үлкен үлестігі және модульдік оқытуға тән іскерлі қатынастың
жеткіліксіздігі, оқушылардың танымдылық іс-әрекетін жандандыруға, олардың
әуестілігін дамытуға және коммуникативті дағдыларды қалыптастыруға
мүмкіндік беретін, оқытудың белсенді әдістері мен дәстүрлі емес әдіс-
тәсілдерімен орнықты түрде толтырылады.
Модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың басқадай оқыту жүйелерінен
принциптік айырмашылығы келесіде:
1) оқытудың мазмұны, бір мезгілде ақпараттар қоры және оны меңгеру
бойынша әдістемелік нұсқау болып табылатын, аяқталған, өзіндік жинақтарда
(кешендерде), яғни модульдерде беріледі;
2) оқу үрдісіндегі ұстазбен оқушылардың өзара әрекеттестігі, тіпті,
басқа негізде жүзеге асырылады - модульдің көмегімен оқушылар әрбір
педагогикалық кездесуге дайындалуы өз күшімен жүзеге асады;
3) модульдік-рейтингтік оқытудың түп мәнісінің өзі, оқу үрдісінде
ұстазбен оқушылардың аралығында теңдікті, субъект-субъектілік қарым-
қатынастарды шарасыз сақтауды талап етеді.
Модульдік-рейтингтік технологиямен оқытуды теориялық талдау оның
төмендегідей ерекшеліктерін бөліп алуға мүмкіндік берді:
- модульдік-рейтингтік оқыту, дидактикалық жүйенің әрбір компонентін
міндетті түрде өңдеуді және оларды модульдік бағдарламамен
және модульдерде көрнекілікпен ұсынуды қамтамасыз етеді;
- модульдік-рейтингтік оқыту оқу мазмұнын дұрыс құрылымдауды,
теориялық материалдың дәйекті баяндалуын, оқу үрдісінің әдістемелік
материалдармен және оқыту үрдісіне түзету енгізіп отыруға мүмкіндік
беретін, игерілген білімге бақылау жасау және оны бағалау жүйесімен
қамтамасыз етеді;
- модульдік-рейтингтік оқыту оқытудың баламалы болуын, оқу үрдісінің
оқушылардың дербес жағдайы мен сауалына бейімделуін көздейді.
Модульдік-рейтингтік оқытудың мұндай айрықша ерекшеліктері оның жоғары
технологиялықтығын айқьшдауға мүмкіндік береді:
- оқыту мазмұнының құрылымдылығы;
- модульдік бағдарлама түрінде дидактикалық жүйенің
барлық -элементтерін (мақсаты, мазмұны, оқу үрдісін басқару
тәсілдері) анық бірізділікпен ұсынылуы;
- ұйымдастыру-әдістемелік құрылым бірлігінің баламалы болуы. Модульдік
оқытудың тәжірибелік және сараптамалық өңдеулері АҚШ-тың және Батыс
Еуропаның көптеген колледждері мен университеттерінде кең қолданылады және
бұрынғы социалистік елдердің педагогикалық жүйелерінде өрістеу алды.
Модульдік оқытуға байланысты қызығушылық ТМД елдерінде де көрініс алуда.
Оны салыстырмалы педагогика аймағындағы Н.Д.Никандров [62],
И.Б.Марцинковский [63], Л.А.Толкачева [64] және тағы басқадай Ресейдің
теоретиктері жағымды бағалайды.
Модульдік оқытудың Швеция мен Англияның орта білім жүйесінде қолдануын
В.П.Лапчинская [65], [66] қарастырады. АҚШ-ның орта және жоғары кәсіби
білім жүйесінде модульді пайдалануды Ю.К.Балашов және В.А.Рыжов [67],
Т.В.Васильева [68], В.Н.Волков [69], Н.И.Крюкова және С.Ф.Артюх [70] талдау
жасап жағымды бағалайды. Жеке авторлар, мысалы: В.Б.Закорюкин,
В.М.Панченко, Л.М.Твердин - модульдік тәсілді жоғары оқу орнының оқу
құралдарын құрастыруда [71], И.Прокопенко – мамандар мен жетекшілердің
біліктілігін арттыруды ұйымдастыруда [72], М.Г.Тересявичене – жоғары
техникалық оқу орындарында дипломдық жобалауда [50], В.Ю.Пасвянскене - шет
тілдерін оқытуда [49], В.М.Гареев, С.И.Куликов, Е.М.Дурко — арнайы
инженерлік пәндерді оқытуда [73], Д.У.Байсалов – педагогикалық жоғары оқу
орындарында математик-студенттерді әдістемелік дайындауда [45] модульдік
оқытуды пайдалануды ұсынады.
Барлығынан бұрын, модульдік-рейтингтік оқытудың анықтамасын нақтылау
қажет, өйткені бұл ұғымның әр басқа түрлері бар. Мысалы, оны Б.Гольдшмид
және М.Л.Гольдшмид модульге толығымен немесе жарым-жартылай негізделген
оқыту деп түсінеді [41, 2 бб.]. А.А.Гучински мұндай оқуды тек қана модульге
негізделген оқыту деп түсіндіріп [74], модульдік оқытудың түрлері мен
әдістерін қарастырмайды. Г.Оуенс [59] бойынша, модульдік оқыту тұйық оқу
кешенінде (модулінде) жүзеге асырылады, оның құрамына (тәжірибелік базалар
және тағы басқалары) ұстаздар, оқыту құралдары мен оқушылар енеді.
Г.Оуенстің пікірі бойынша, оқытудың әр текті мақсаттарымен сипатталатын
параллельді комплекстер, жоғары оқу орнының бір курсында немесе бір мектеп
аймағында бар болуы мүмкін. Біздің, ойымызша, модульдік оқытуға былайша
қарау өте дерексіз (абстрактылы) болады, бірақ оны дараландыруға да
мүмкіндік береді. Біз модульдік-рейтингтік оқытудың П.Юцявичене
тұжырымдаған анықтамасына сүйенеміз: Құрамына әрекеттердің мақсатты
бағдарламасы, ақпараттар қоры және қойылған дидактикалық мақсаттарға жету
үшін жасалған әдістемелік нұсқаулары енетін жекелей кешенді оқу
бағдарламасымен (модульдермен) оқушылардың толық жекелей немесе шамалы
жекелей өз бетімен жұмыс істей алатын оқытудың түрі. Мұндайда, ұстаздың
қызметі ақпараттандырушы-бақылаушыдан кеңесші-үйлестірушіге дейін
түрленеді [75, 5 бб.].
Модульдік-рейтингтік оқытудың мақсаттарын көптеген авторлар студенттер
үшін жекелей қарқынды, материалды меңгеруде өзінің әдісін таңдау, өзіндік
бақылауды жүзеге асыру және тағы басқадай жұмыстарға жағдай жасау деп
түсінеді. Модульдік-рейтингтік оқыту жауапкершіліктің, себептіліктің
дәрежесін арттырады, оқытудың әртүрлі кезеңдерінде өздігінен мақсаттарды
анықтау, оқытудың мазмұны мен көлемін, қарқынын таңдау мөлшерін қамтамасыз
ету мүмкіншіліктерін қалыптастырады. Модульдік-рейтингтік оқыту ұстазға
үлкен топтағы оқушылармен дербес тіл табуды жүзеге асыруға, игерудің дер
кезінде диагностикасын іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
модульдік-рейтингтік оқыту қарым-қатынастың сапасына және ұстазға пәндік
біліктілігін арттырып отыруына үлкен талаптар қояды, өйткені ұстаз
көрсетілген модульдік бағдарламаның барлық курсы бойынша кеңес беріп,
студенттермен оқыту үрдісінде кездесетін мәселелерді талқылайтын болады.
Модульдік-рейтингтік оқытудың негізгі құралы - модульдік бағдарлама
(module, modular instruction). Г.Оуенс [59] модульді, құрамына
үйретуші, үйренуші, оқу материалы және құралдары енетін, студентке жұмыстың
саласын анықтауға, өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруға, ұстазға дербес тіл
табуды іске асыруға, кері байланысты қамтамасыз етуге және тағы басқаларға
көмектесетін оқыту кешені деп ойлайды. Дж. Расселл [40], Б.Гольдшмид және
М.Л.Гольдшмид [41] және тағы басқалары өзара келісіммен модульді, өз
бетімен жұмыс істеуге арналған оқу пакеті деп санайды. Модуль, оқушылардың
әрекеттеріне тағайындалған оқу материалдарының тұйықталған жиынтығын
көрсетеді. Білім алушы материалды жекелей қарқынмен орындай отыра, керекті
материалды толығымен игеретін болады.
Модульдің мазмұны дидактикалық мақсаттардың негізінде қалыптастырылады.
Егер танымдылық мақсаттар қойылса, онда мәліметтер көзі танымдылық принцип
бойынша құрылады; оған үлкен дәрежеде АҚШ-тың және Батыс Еуропаның жоғары
оқу орындарындағы модульдік бағдарламаны құрушылар сүйенеді.
И.Б.Марцинковский АҚШ-тың университеттері мен колледждерінің педагогикалық
іс-тәжірибелерін талдай келе, мұнда модульдік оқытуды қолдану кейде оқу
пакеттері арқылы оқытумен теңестірілетінін атап айтады, бірақ әрдайым
топтық сабақтар мен өзіндік оқуды дұрыс ұйымдастыратынын алға ұстайды.
Модульдік оқытуда білімді меңгеру, оқу курстарын немесе оның бөлімдерін
игеруде студенттің дара қарқынмен таңдауына арналған оқу-әдістемелік
нұсқаулары бар дидактикалық материалдарды aлy арқылы жүзеге асырылады
[63, 141 бб.]. И.Прокопенко [72] модульдік бағдарламасының мазмұны басқадай
принцип бойынша құрылады: зерттеуші модульдік бағдарламаның оқу мазмұнын
әрекеттік тәсіл негізінде құрады. Бірақта автордың мәселені толық емес
түсінгені, оны шешуде айқын көрінеді, ал бұл оқушының іскерлігін алдын-ала
анықтайды және оқыту осы іскерлікті дамыту ретінде ұйымдастьтрылады деген
[72] технократикалық педагогиканың ерекшелігі. Л.А.Толкачеваның [64]
бағалауы бойынша осындай жүргізілмелі өнім, кәсіби бағыттылығымен
өзгешеленеді, бірақта оған алыс жоғары емес танырлық деңгей қажет болады,
яғни қандайда мөлшерде жүйеленген ойдың дамуы жасанды түрде шектеледі,
оқыту анықталған статистикалық жағдайларында іс-әрекет икемділіктерін
игеруге салды. Біздің ойымызша, модульдің мазмұндық жағы үзінді білімді алу
мүмкіндігі жойылған уақыттағы, өзгермелі жағдайларды кәсіби немесе
танымдылық іс-әрекеттер дамыған кездегі жүйелі білімге негізделуі тиіс.
Бір қатар авторлардың оқу пакеттеріне негіздеп ұсынған модульдері [40],
[41] жекелеп оқытудың негізін құрайды. Әрбір студентті оқыту үшін жасалған
дидактикалық материалдардың жиынтығы, ереже бойынша әр түрлі болып
құрастырылады және оларды әңгіме өткізу, тестілеу әдістері арқылы
кеңесшілер немесе оқытушылар анықтайды. Жиынтықтың құрамына дәстүрлі
оқулықтар, журналдар мен газеттердегі мақалалар, аудио- және
бейнекассеталар, эксперимент жұмыстарымен жобаларды орындау үшін арналған
әдістемелік нұсқаулар және тағы басқалары кіруі мүмкін. Кейбір оқу
кітапханаларында оқулықтың азырақ икемді материалына қосымша ретінде
пайдалануға болатын мерзімді баспасөз тігіндерінің арнайы жинақтарын
дайындау жүргізілуде. Кезекті модульдік жұмыстан кейін студенттің курс
бойынша алға басуын түзетуде оқытушыға көмектесетін тестілеу өткізіледі.
Модульдік оқытуға байланысты біздің елдегі зерттеулер бірнеше бағытта
жүргізіледі. Авторлар модульді, мәліметтердің біршама өзіндік бірлігі және
тағы басқалары енетін біртекті оқу блогы ретінде ұсынады [45], [71], [73].
Қазіргі уақытта модульдік оқыту, тек қана техникалық емес, гуманитарлық
жоғары оқу орындарын [76], сонымен қатар дипломнан кейінгі оқытуды қамтып
өрістеуде [77].
Модульдік оқытудың алғы шарттары В.М.Каган және И.А.Сычеников [78],
В.М.Каган және В.Я.Ламм [79] жұмыстарында негізделеді. Мұнда жоғары оқу
орнындағы оқытуды өндіріспеы және ғылыммен ықпалдастығының қажеттілігіне
ерекше көңіл аударылған. Зерттеушілердің ойынша, қойылған мақсатқа жоғары
оқу орнындағы оқытудың барлық кезеңдерінде оқитындардың өзін-өзі басқару
және басқарылмалы оқу іс-әрекеттері үшін жағдай туғызатын бірыңғай
әдістемелік жүйенің көмегімен немесе оқытушылар мен студенттердің іс-
әрекеттерінің сапасы мен өнімділігін арттыратын конспект-схемалардың
көмегімен жетуге болады. В.М.Гареев, С.И.Куликов, Е.М.Дурко [73] арнайы
профильдік пәндерді оқытудағы қиыншылықтарды көрсете отырып, оның шешімін
оқытудың әртүрлі түрлері мен формаларының ықпалдастығы ретінде ұсынып, оқу
курсының жалпы тақырыбына немесе көкейкесті ғылыми-техникалық мәселелерге
бағынған оқыту модулін құрудан іздейді.
Көптеген зерттеушілердің модульдік оқытуға байланысты мүдделері әр
түрлі мақсаттарға жетуге ұмтылумен байланысты болды. Біреулері (R.H.Hurst,
S.N.Postlethwait) оқушыларға қолайлы қарқынмен жұмыс істеу мүмкіндігін
беруге, нақты тұлға үшін қолайлы оқу әдісін таңдауға; екіншілері
(J.L.Klingstedt) — игеруде өзінің мүмкіншіліктерін анықтауда көмектесуге;
үшіншілері (В.Б. Закорюкин, В.М. Панченко, Л.М. Твердин [71] және тағы
басқалары) — оқытудың қалыптасқан бірлігінен оқытудың мазмұнын икемді етіп
құруға; төртіншілері (В.М.Гараев, С.И.Куликов, Е.М.Дурко [73], 11. Owens
[59]) - оқытудың әртүрлі түрлері мен формаларын біртұтас етуге; бесіншілері
(И.Прокопенко [72], П.А.Юцявичене, С.Лапейка) - білім алушыларды кәсіби іс-
әрекетке даярлығының жоғары деңгейіне жеткізуге тырысты.
Модульдік оқыту туралы ойдың тууын, S.N.Postlethwait оқу материалының
аздаған мөлшерін (бірлігін) дербес тақырып ретінде санап, сабақ
бағдарламасына емін-еркін ықпалдастыруға сәйкес [80], оқыту мазмұнының
тұжырымдама бірлігіне ұсыныс жасаған мезгілге апаруға болады [40].
Бастапқыда бұл бірліктерді S.N.Postlethwait микрокурстар, кейін
миникурстар деп атады. Олардың мазмұны мен көлемі дидактикалық
міндеттермен анықталды. Алғашқы миникурстар 1969 жылы Purdue
университетінде қолданылды. Оның көптеген түрлері: пакеттегі түсінік
(consept-o рас), оқу пакеті (instruc-o-pac), пакет (unipak),
игеру пакеті (LAP), жекелей оқу пакеті (JLP) [54, 3 бб.], АҚШ-тың
университеттерімен колледждерінде жылдам өрістеді.
Оқыту мазмұнының тұжырымдама бірлігін қолданып педагогикалық тәжірибені
талдап қорытудан кейін Модуль (module) және сәйкесінше, Модульдік
оқыту (modular instruction) жалпылама ұғымы тұжырымдалды. Модульдік
оқытуды бастаушылардың бірі J.D.Russell түсініктемесі бойынша, оқу
материалының бір тұжырымдамалық бірлігін қамтитын оқу пакеті модуль болып
табылады [40, 3 бб.]. Өзінің Модуль материалдардарын жоспарлау, құру,
пайдалану жэне бағалау бойынша нұсқаулар атты жұмысында [40], ол модульдік
оқытуды биологияны оқытуда (мысал ретінде нақтылы Мимикрия модулін
құруда) пайдалануды талдап жіктейді. В.Goldschmid және M.L.Goldschmid
мәліметтері бойынша, АҚШ-ның университеттерімен колледждерінде модульдік
оқыту инженерлік пәңдерді, химия, психология, педагогика, әлеуметтану,
лингвистика, ағылшын тілі және басқадай пәндерді оқып білу үшін қолданылады
екен [41].
Дидактикалық жүйелер, модульдік оқыту негізіндегі курстар Канадада [32]
Квебек университетінде (AINVEO жүйесі) құрылды. Халықаралық еңбек ұйымы
(ЮНЕСКО-ның құрамына кіретін) шеберлердің біліктілігін арттырудың модульдік
жүйесін құрды [81].
Кеңес одағында өңделген модульдік жүйелер төменгі және ортаңғы басқару
бөлімінің (ИПКРР және Литовск ССР-ың СНХ), дипломдық жобалаудың (Каунасс
политехникалық институты), ағылшын тілін оқытудың (Вильнюсс университеті)
жетекшілерін дайындауға арналды. Модульдік оқытудың элементтерін
И.М.Сеченов атындағы І-ші Москвалық медицина институтында құрылған бірыңғай
әдістемелік жүйесінен табуға болады.
Жоғарыда аталған жүйелердің кейбір белгілері бойынша ұқсастығы бар
болса да, олардың қатаң ерекшеліктерін белгілеу қажет. И.Б.Марцинковский
батыс зерттеушілерінің модульдік оқытуды оқу пакеттерінің көмегімен
оқытумен жиі ұқсастыратының байқады [63, 141 66.]. Сірә, бұл жерде
модульдік оқытудың негізінде құрылған дидактикалық жүйенің құрылымындағы
сансыз көп элементтерінің бірі болатын пакеттер әдісі пайдаланылса керек.
Модульдік жүйеде оқушылардың үзінді түрдегі білімді игеруде іске асырылатын
Модуль ұғымы, біздіңше таласты және батыс зерттеушілерінің түсініктерінше
өте тайыз болып табылады. Оқытудың мазмұнына ұсынған осындай амал,
педагогикалық жүйенің маңызды міндеттерінің бірі болатын іскерлікпен білім
жүйесін қалыптастыруды қиындатады.
Дегенмен, модульдік оқытуға нақтылы ұсыныстардың ерекшеліктеріне
қарамастан, модульдік оқыту бойынша В. Goldschmid және M.L.Goldschmid [41],
J.D.Russell [40] тәжірибелік өңдеулерінің диалектикалық аспектіде күмәнсіз
құлдылығы көрінеді.
Модульдік-рейтингтік оқытудың тәжірибесіне сүйене отырып, көптеген
авторлардың модульдік-рейтингтік технологиямен оқытудың ерекшеліктерін
(белгілерін) айқындағанын аңғардық:
Оқытуды жекелеу мүмкіншілігі. Пайдалану тәсілдеріне байланысты
модульдің мазмұны үлкен топты студенттердің әрбіреуіне жекеленген
әдістемелік амалды қолданып оқыту үшін немесе бір студентті дара оқыту үшін
арналуы мүмкін. Бір материалды баяндаудың әр түрлі жолдары ұсынылған
альтернативтік модульдер бар болуы мүмкін. J.D.Russell пікірінше,
альтернативтік модульдерді қолдану әрбір білім алушыға өзіне тән модульді
таңдауға және өзіне тән қарқынмен уақытында (соңғыны) оқып білуге мүмкіндік
береді. Оқушылар дербес қабілеттілігіне байланысты модульдің материалын
игерулері мүмкін. Күрделі оқу материалы бола қалған жағдайда, оны оқып
білуді қажеттілігінше бірнеше рет қайталауға болады. Нәтижесінде
J.D.Russell мынадай қорытындыға келеді: барлық білім алушылар оқу
материалын игере алады, өйткені баяу қарқынмен оқитындар жаңа материалға
өте жылдам көшуді қажеттенбейді.
Біздіңше, білім алушылардың альтернативтік модульдерді емін-еркін
таңдауы туралы және барлығы өзіне тән қарқынды емін-еркін таңдап, модульді
игеруі туралы J.D.Russell ережесі таласты пікір болып табылады.
Оқытушылардың педагогикалық үрдістегі белсенділік мәнін теріске
шығармай, біз альтернативті модульдерді емін-еркін таңдаудың абсолюттілігі
немқұрайсыз оқытуды көрсету үшін жағдай жасайды деп санаймыз. Сонымен
қатар біз, адам өзінің тезаурусы және оқу ынтасы бойынша оқыту мазмұнын
емін-еркін таңдауға, білім алушының альтернативті модульдерді емін-еркін
таңдауға дайын болу жағдайындағы оқытудың (нақты - дипломнан кейінгі білім
үрдісінде) қашықтау сатысында пайдалану мүмкіншіліктерін шығарып
тастамаймыз.
J.D.Russell қорытындысы тым күмәнді болып табылады: білім алушы кез
келген материалды табысты меңгере алады, барлық мәселе, тек, әрбір оқушыға
жекелеген қарқында материалды игеру мүмкіндігін беруде болады. Автор
меңгеру мүмкіндіктерінің нақты шектерімен анықталатын нақтылы мазмұнды
игеру шамасына назар аудармайды.
Оқу материалын меңгеру мүмкіндіктерін өте айқын анықтаған
Л.С.Выготскийдің [82] жеке тұлғаны дамыту теориясында, соған сәйкес оқу
материалын игеру бойынша тұлғаның екі деңгейлік мүмкіндігі бар делінген:
көкейкесті және потенциалды. Егер оқыту меңгерудің көкейкесті деңгейіне
бағытталған болса, онда ұсынылған тапсырмалар білім алушылар үшін өте жеңіл
болғаны және оны шешу үшін бар білім мен білік пайдаланылады, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Колледждегі математика курсына қатысты аталмыш проблема
Математиканы модульдік технологиямен оқыту
ОҚЫТУДЫҢ КАЗІРГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚЫТУ ҮРДІСШЕ ҚОЛДАНУ
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Жаңа ақпараттық технологияны мектеп геометрия курсында қолдану
Геометрия сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері
Бастауыш сыныптардағы математика сабақтары
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Математикалық дифференциацияны оқытуда модульдық технология мен рейтингтік бағалаудың элементтерін қолдану
Пәндер