Табиғи резервуарлар



Табиғи резервуар деп – мұнай мен газдың орын ауыстыруы және сақталуы мүмкін болатын мұнай мен газдың табиғи қоймасын айтады. Табиғи резервуарлардың коллектордан айырмашылығы табиғи резервуар коллекторлар мен жапқыштардан тұратын күрделі жүйе болып табылады. Табиғи резервуарлардың 3 түрі бар: (И.О.Брод бойынша)
1. қабаттық
2. массивті
3. бұрыс пішінді
Қабаттық табиғи резервуар жабыны мен табанынан өткізгіштігі нашар тау-жыныстарымен шектелген коллектор қабатынан тұрады.
Негізгі ерекшеліктері:
1. Қабат тәрізді коллекторлардың болуы.
2. Коллектор қабатының жабыны мен табанынан жапқыш тау жыныстарымен шектеледі.
3. Қабаттың созылым болуында біртекті коллекторлық қасиеттері.
4. Коллектор қабатының айтарлықтай қашықтықта жақсы сақталған аз ғана қалыңдығы.
5. Бірдей стратиграфиялық жасы.
Массивті табиғи резервуарлар жапқыш қабаты тек үстінен ғана жауып жатады.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Табиғи резервуарлар

Табиғи резервуар деп – мұнай мен газдың орын ауыстыруы және
сақталуы мүмкін болатын мұнай мен газдың табиғи қоймасын айтады.
Табиғи резервуарлардың коллектордан айырмашылығы табиғи резервуар
коллекторлар мен жапқыштардан тұратын күрделі жүйе болып табылады.
Табиғи резервуарлардың 3 түрі бар: (И.О.Брод бойынша)
1. қабаттық
2. массивті
3. бұрыс пішінді
Қабаттық табиғи резервуар жабыны мен табанынан өткізгіштігі
нашар тау-жыныстарымен шектелген коллектор қабатынан тұрады.
Негізгі ерекшеліктері:
1. Қабат тәрізді коллекторлардың болуы.
2. Коллектор қабатының жабыны мен табанынан жапқыш тау жыныстарымен
шектеледі.
3. Қабаттың созылым болуында біртекті коллекторлық қасиеттері.
4. Коллектор қабатының айтарлықтай қашықтықта жақсы сақталған аз
ғана қалыңдығы.
5. Бірдей стратиграфиялық жасы.
Массивті табиғи резервуарлар жапқыш қабаты тек үстінен ғана
жауып жатады.

Негізгі ерекшеліктері:
1. Массивті өткізгіш тау жыныстардан тұратын қалың
коллекторлардың болуы тиіс.
2. Коллектор массивтері біртекті немесе әртекті болуы мүмкін.
3. Массивті коллекторлардың айтарлықтай қалыңдығы, сондай-ақ риф
массивтерінің қалыңдығы 1000 метрден де жоғары болуы мүмкін.
4. Бұрыс пігшінді табиғи резервуарлар.
Негізгі ерекшеліктері:
1. Бұрыс пішінді коллекторларды өткізбейтін тау жыныстарымен жан-
жағынан шектеп немесе қоршап жатуы тиіс.
2. Коллекторлардың ауданы бойынша шектеулі ғана таралуымен аз
ғана қалыңдықта кездесуі.

Мұнай - газ тұтқыштары
Табиғи резервуар өздігінен барлық уақытта мұнай мен газға
толтырылуы емес. Мұнай мен газ кез келген табиғи резервуарда
жинақталуы үшін ондағы көмірсутектілердің коллектордан кетіп
қалыптасуына кедергі жасайтындай жағдай болуы керек, яғни мұнай мен
газ коллекторларының бойымен жағдайға қарай тұтқышқа келіп түсуі
керек. Сонда ғана мұнай-газ шоғыры түзілуі мүмкін.
Үйлесімсіздіктің пайда болу себептері:
1. Шөгінді түзуге ыңғайлы жағдайлардың бұзылуы.
2. Бұрын пайда болмаған шөгінділердің шайылуы.
3. Тектоникалық қозғалыстар әсерінен кейбір қабаттардың басқа
жаққа ауысып кетуі.
Алғашқы 2 стратиграфиялық үйлесімсіздік түрі, ал соңғысында
тектоникалық үйлесімсіздік пайда болады.
Стратиграфиялық үйлесімсіздіктер бұрын мөлшеріне қарай
параллельдік, бұрыштық және географиялық болып бөлінеді.
Параллельдік үйлесімсіздік жатқан қабаттарының арасындағы үзілістің
пайда болуымен байланысты жаралады (түзіледі).
Бұрыштық үйлесімсіздік көлбеулік бұрыштары әр түрлі 2 қабаттар
арасындағы үзілістерге байланысты пайда болды. Үйлесімсіздік бұрыш
00С-тан - 800С-қа дейін өзгереді.

Жер қыртысының негізгі құрылымдық элементтері.

Жер қыртысының ең ірі құрылымдық элементтері континенттер мен
мұхиттар болып табылады. Аталған құрылымдық элементтердің құрылысын
тек сейсмикалық әдіс арқылы ғана анықтауға болады. Бұл
құрылымдықтардың арасындағы негізгі айырмашылығы мұхитттардың
астында гранит қабатының болмауы және континенттермен салыстырылуда
стратиграфиялық үйлесімсіздік мұхиттарда базальтты қабат қалыңдығының
азаюы және Махарович шекарасының терең емес орны болып табылды.
Континенттер платформаларға жіктеледі, платформалардың құрылысы
шөгінді тасы мен іргетасынан тұрады. Платформалардың шөгінді тасы
метаморфталмаған (өзгермеген) тегістеу жататын аз қалыңдықтағы
шөгінді тау-жаныстарынан тұрады. Іргетас түзілімдері метаморфталған
интрузиялы денелермен (пілімдермен) тілімденген болып келеді. Осы 2
ерекшелік бойынша платформалардың құрылысы 2 этажды немесе ярусты
деп атайды.
Іргетасының жасына байланысты платформалар 2-ге бөлінеді: көне
және жас.
Көне платформалар көне архей мен ерте протерозойда пайда болған.
Жас платформалардың іргетасы палеозойлық кейде төменгі мезозой
түзілімдерінен тұрады.
Платформалар қалқандар мен плиталарға жіктеледі. Қалқан деп -
платформа іргетасының жер бетіне шыққан аумақты көтеріңкі бөліктерін
айтады. Қалқандардың құрылысында шөгінді тау жыныстары болмайды
немесе өте аз қалыңдықта болады. Ал шөгінді тау жыныстардан тұратын
ойыстау шетін плита деп аталады.
Платформаларда оң құрылымдарға антиклиза, күмбез, иінді ойыстар,
теріс құрылымдарға синеклизалар, ойпаңдар және т.б. бөлініп
шығады. Кейбір синеклизалардың іргетасына жақын 2 шеті тектоникалық
бұзылымдармен шектелген көмілген көне рифтерді аблокогендер деп
атайды. Аблокоген – жырық ор дегенді білдіреді.

1) Су қаныққан ұсақ, ірі түйірлі құмдардағы мұнай шоғыры түйірлі
құммен қоршалған.
2) Саз қабатының арасындағы құм линзасындағы мұнай шоғыры.

Мұнай – газ шоғырлары.
Мұнай – газ шоғыры деп - өндірістік мәні бар жан-жағынан өткізбейтін
тау жыныстары немесе су қаныққан тау жыныстарымен қоршалған кезекті
және өткізгіш тау жыныстардағы мұнай – газдардың жеке (бір) жиналуын
айтамыз. Мұнай – газ шоғырының пайда болуы үшін 3 түрлі жағдай
қажет:
1. Коллектордың болуы.
2. Жапқыштың болуы.
3. Тұтқыштың болуы.
Жер қыртысында өзінің морфологиялық құрылымдық типі, фазалық
жағдайы (көмірсутектердің жағдайы). Фазалық жағдайы бойынша әр түрлі
шоғырлар кездеседі. Барлау жұмыстарының бағытын реттеу мақсатында мұнай –
газ шоғырларының көптеген жіктемелері жасалынды. Кейбір жіктемелерде
мұнайдың физикалық-химиялық қасиеттері, ал кейбір жіктемелерде
көмірсутектердің фазалық жағдайында қарастырған. Сондай-ақ тұтқыш түрі
бойынша да мұнай шоғырларының жіктемесі де бар. Кейбір зерттеушілердің
пікірінше, тұтқыш түріне қарай бөлінетін мұнай шоғырларының
жіктемесі қазіргі кездегі барлау жұмыстарының талаптарына сай
келмейді деп есептейді. Осыған орай мұнай – газ шоғырларының
генетикалық жіктемесі ұсынылған. Мұндай жіктемелерде тұтқыштардың
пайда болуы жағдайларының принциптері қарастырған. Мұндай
жіктемелердің бірі- И.О.Брод жіктемесі (1945ж шыққан) және А.А.Бакиров
жіктемесі (1960 ж шыққан). Брод жіктемесінде шоғырларының тобы,
топшасы, типі және түрлері қарастырған жіктемесінің негізіне мына
критериилер жатады:
1. Табиғи резервуарлардың сипаты немесе типі (бұл бойынша шоғыр тобы
анықталады).
2. Тұтқыштардың пайда болу жағдайы, яғни генезисі (мұнымен шоғыр
топшасы анықталады).
3. Тұтқыштардың морфологиясы, яғни сыртқы түрі (бұл бойынша шоғыр
типі анықталады).
Табиғи резервуарлардың түрлері бойынша шоғырларының үш тобы бөлініп
шығады.
1. Қабаттық шоғырлар тобы.
2. Массивті шоғырлар тобы.
3. Бұрын пішінді шоғырлар тобы.

Қабаттық шоғырлар тобы.

Бұл топ шоғырлары тұтқыштарының пайда болу жағдайы бойынша
4 топшаға бөлінеді:
1. Қабаттық күмбезді (дөңесті).
2. Қабаттық тектоникалық экрандалған.
3. Қабаттық стратиграфиялық экрандалған.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай мен газдың табиғи резервуарлары мен коллекторлары
Коллектор жыныстар туралы түсінік
Резервуарларды құрастыру жұмыстары
Газгольдерлер мен резервуарларды құрастыруда қолданылатын материалдар және оларға қойылатын талаптар
Мұнай базасының топтастырылуы
Резервуарлар және газгольдерді құрастыру ерекшеліктері
Цилиндірлі резервуарлардын жабдықтары және жұмыс жасау прициптері
Автожанармай стансасына қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары
Сұйылтылған газдың газ толтырушы станцияларының технологиялық сұлбасы, құрылысы және жұмыс жасау принципі
Қалқымалы шатыры бар резервуарлар жабдықтарының ерекшеліктері
Пәндер